Мұхаммед Пайғамбар адамзаттың ардақ тұтар тұлғасы
І.Кіріспе бөлім
Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) адамзат үшін ұлы тұлға.
ІІ.негізгі бөлім
1.Пайғамбарымыздың адамзатқа үлгі болған істері мен адамгершілік қасиеттері.
2.Пайғамбарымызды құрмет тұтып,дәріптеу біздің парызымыз.
ІІІ.Қорытынды бөлім
Болашақ ұрпаққа айтар сөзім.
Құрметті Мұсылман қауым!
Құдіреті күшті Аллаһ Тағаланың жаратқанының ішіндегі кереметі Өзінің Елшісі,әрі соңғы Пайғамбары Мұхаммед (с.ғ.с) екені баршаға мәлім.Сонымен қатар,Пайғамбарымызға ең жоғары мәртебе бергені шынайы мұсылмандардың барлығына құпия емес.
Пайғамбардың сахабалары мен олардың ізбасарлары оны құрмет тұтып: «Салла Аллаһу алейһи уә саллам»-деп салауат айтулары және бұл сөздердің шынайы мұсылмандардың жүрегіне қуаныш ұялатып,оның дауысын естуге ынтықтыруы,сүйіктілерінің жүзін көру жан-тәндері мен ұмтылысы Пайғамбардың ұлылығының белгісі.
Аллаһ Тағаламыз Пайғамбарымызға асыл қасиет,жайлы мінез-құлық, жүректілік, адамгершілік, құрмет тұтарлықтай болмыс берген.
Адамзаттың ақыр заманға дейін Аллаһтың ақ жолынан тайып кетпес үшін Пайғамбарымыз ізінен екі түрлі мұра қалдарған екен.Оның бірі-Аллаһ Тағаламыздың қасиетті Құраны болса,екіншісі -өзі жазған хадистері болса керек. Пайғамбарымыздың хадистері өте көп, әрі әрбір хадисі ақыл-кеңес,түсінікке толы және Құдай дінімен байланысты әртүрлі анықтама беріп кеткен. Елшісінің ешбір хадисі Құдайдың қасиетті Құранының жазуларына қайшы келмейді.Хадистерді жақсы білетін мұсылмандар оның қадір қасиетін мадақтап,оның адамгершілігі туралы уағыз айтып, халыққа жеткізуге өте көп көңіл бөлген және бөлуде.
Аллаһ Тағаламыз Өз Елшісін адамзат жүрегіне Құдайға деген сенімді ұялатып, зорлық-зомбылықтан құтқарылуға,қараңғылықтың соңындағы жарықты көруге жіберген.Ол адамдарды осы қасіреттерден құтқарылу жолын көрсетіп, шел басқан көздерін, саңырау болған құлақтарын ашқан.
Ал енді Пайғамбарымыздың хадистері туралы сөз қозғайтын болсам,қазіргі заманда адамдар арасында ушығып бара жатқан, жақсылығынан жамандығы артылып, достығынан қастығының басымдығы ащы болса да шындық..Осы сияқты адамның ішкі дүниесі мен сыртқы қоршаған дүниесінде болатын жайттар туралы көптеп жазған.Және де хадистерінің ең бастысы имандылық,Аллаһқа сенушілік.Жоғарыда жазған мәселелерге байланысты жазған хадистері туралы айтып кеткім келеді.
Достыққа байланысты айтылған хадистеріне тоқтала кететін болсақ:
«Аллаһ Тағалаға сенуден кейінгі тамаша нәрсе адамдармен достықта өмір сүру болып табылады. »
« Әңгіме үстінде жаман адаммен серік болу,иіс су,иіс май бұйымдарын сатушы мен пешін тері жағып қыздырған ұстаның жанында отырғанмен пара-пар:иіс су,иіс май сатушыдан бір нәрселер аласың да хош иіске бөленесің, ал ұстадан жиіркенішті иіс жұқтырасың не болмаса киіміңді күйдіресің. »
«Аллаһтың жүзі үшін бірін-бірі сүйген жандар ақырет күні Аллаһ Тағаланың шапағатына ие болады.»
Бірінің мағынасы «Достыққа тек қана еңбек сүйгіштік,өзара сыйластық, біріне-бірі қол ұшын беру,өзара қамқорлық жасау арқылы ғана жетуге болады»-дегенді білдіреді.
Жамандық пен жақсылыққа байланысты хадистері де өте көп және адамның санасын оятарлықтай әсер береді.
«Қайырымдылықты мейірімді жандардан үйрен,сондайлармен қатар өмір сүр. Қайырымдылықты қатыгез,мейрімсіз жандардан іздеме, өйткені олар –Аллаһ Тағаланың қаһарына ұшырығандар.
О,Әли!Жақсылықты Аллаһ жаратты және соған сәйкес ізгі адамдарды да жаратты. Олардың бойына жақсылықты сүюді,жақсылықты жасауды сүю қасиетін жаратты. Жақсылық жасауға ниетті жандарды соларға қосты. Аллаһ Тағала жаңбырдың көмегімен қаңсыған,кепкен жерге жан бітіргендей, ізгі адамдардың көмегімен жақсылық аңсаған жандарды да тірілтеді. Бұл фәниде кімде-кім адамдардың мұң-мұқтажын арқалап күн кешсе, ақырет күні ізгі адамдар санатына қосылмақ,
«Жақсылық дегеніміз — Алланы көз алдарыңызда ұстай жүріп атқарған істеріңіз. Аллаһты сен көрмесең де,Ол сені көріп тұр.»
Осындай хадистерді оқи, тыңдай отырып,біз Пайғамбарымызды құрмет тұту парызымыз екенін түсінеміз.
Пайғамбарды құрметтеу Құдіретті де Ұлы Аллаһқа бас июдің,оған неғұрлым жақындаудағы әрекеттердің бірі болып табылады. Аллаһтың өзінің құлынан күтетін ғибадаты оның ұлы кітабы Құранда үкімі берілген әрі өзінің ардақты Пайғамбары арқылы бекітілген құлшылық амалдары болып табылады. Ал енді Аллаһ үшін жасалатын барлық амалдардың шынайы көрінісі мен олардың жүзеге асырылуы бұл-Аллаһтан басқа Тәңірдің жоқтығының, бас иіп,таңзым ету ұлы Аллаһқа ғана тән екендігінің айғағы.Пайғамбардың ізіне еріп,оның ізбасары болу — оның Аллаһтың елшісі екенінің дәлелі, өйткені бұл ақиқаттығы ажырамас бір бөлігі болып табылады. Бұл келтірілген дәлелдің мағынасы Пайғамбардың Аллаһтың Елшісі екендігінің бұлжымас дәлелі. Демек ол не бұйырса соны орындау керек,оның айтқандарына сеніп,тыйым салған нәрселерінен аулақ болып,шариат заңына сәйкес Аллаһқа құлшылық ету міндет!Оған жоғарғы дәрежеде құрмет көрсетудің негізгі түйіні міне, осында жатыр. Егер адам баласы пайғамбардың айтқандарына мән бермей күмән келтіріп,шариатқа қарама-қайшы келетін іс жасап,оған бағынбаса,оның дінін өз бетінше жаңалық енгізіп,оның құлшылық жасамаса,онда Пайғамбарды құрмет тұту жәйлі сөздің болу мүмкін емес нәрсе емес пе? Міне,осы үшін Аллаһ Тағала шариат заңымен өзіне бас имегендерге қаһарын төге былай деген:
«Немесе дін тұрғысынан Аллаһ бұйырмаған нәрсені оларға шариат қылатын ортақтары бар ма? Егер Аллаһтың шешімі бекіген болмаса еді, әрине араларында іс бітер еді. Күдіксіз залымдар үшін күйзелтуші азап бар».
«Біздің шариат заңына сәйкес келетін іс жасамағандардың әрекеттері ешқашан қабыл болмайды»-деген Пайғамбар.
Әрі қарай құлшылық жасау адамның жүрегімен,сөзімен және де басқа дене мүшелерімен жүзеге асады.Пайғамбарымызға шын көңілмен құрмет көрсету,оны өзінен де балаларынан да,ата-анасынан жа және бүкіл адамзат баласынан артық жақсы көру арқылы дәнәмәз көкке өрлеп,мәртебесі жоғарылай береді және де сүйіспеншіліксіз оны құрметтеу мүмкән емес.Тек қана Пайғамбардың жағдайын және оның қасиеттерін жақсы біліп,жете ұғыну арқылы ғана оған деген осындай сүйіспеншілік сезіміне жетеміз.Осындай,кіршіксіз,таза сүйіспеншілік адам жүрегіне орын алған болса ол адамда құрметтеу белгісі өзінің ажырамас бір қасиеті болып қалады.Бұған Пайғамбардың болмысына сай оны құрмет тұту жатады.Пайғамбарды өте жаұсы мадақтап,керемет құрметтеген Ұлы Аллаһ Тағаланың бұйрығымен оны құрмет тұтып,оған салауат айтудың қажеттігіне Аллаһтың айтқан мына сөзері дәлел болады:
«Расында Аллаһ Пайғамбарға рахмет етеді.Және періштелер салауат айтады.Әй мүміндер!Оған салауат және ықыласпен сәлем келтіріңдер.»Бұл сөздер оның құлы әрі Елшісінің қауымда алатынорнының өте биік екендігіне дәлел болады.Өйткені ол оны ең жақын періштелерінің көзәнше мадақтап,ал періштелер ол үшін Аллаһқа жалбарынып,құлшылық қылады.
Пайғамбарға құрмет көрсетудің ерекшелігі мынада: «Оны жиі еске алып,оны көруге деген талпыныс,оның қасиеттерін,ғажайып істері мен ерекшеліктерін тізбелеп,пайғамбарлығының дәлелдерін келтіру және де адамдарды оның сүннетімен таныстырып,оларды оған үйрету.Оның адамдарды тура жолға түсуге шақырғандағы басынан өткізген хикаяларын қай жерде,қандай жағдайда жасағанын,оның өмірбаяны мен әскери жорықтарын өлең түрінде не болмаса жазбаша әңгіме түрінде мадақ ету.Бұнымен айналысу бақытына бәрінен артық ие болғандар мұхаддистер және оның сүннетін жүзеге асырушылар.»
Пайғамбарға деген кіршіксіз,пәк сезімнің әсері және де оның өзіне тән қасиеттері мен орыны жайлы ой түйіні,оның дәрежесінің ұлылығын сезіну,адам жүрегіне оған көмектесу және оны құрметтеу сезімдерінің ұялауы,оған деген сүйіспеншіліктің әсерінен.Демек,оның шариат заңымен жүріп тұрып,бұйрығын бұлжытпай орындап,оған лайықты құрмет көрсету керек.Пайғамбарға шын көңілмен құрмет етудің дәлелі,ол-ең алғашқы мұсылмандар қалай түсінген болса Құран мен сүннетте дәл сол күйіде айтылған,оның өзімен бірге алып келген шариат заңын құрмет ету боп табылады.Мұндай жағдайға жету үшін шариат заңына сәйкес жүріп-тұрып,іштей де,сырттай да оған бағынышты болып,жеке немесе ұйымдық өмірде кездесетін барлық сұрақтарға жауапты осы шариат заңына жүгіне отырып табу керек.Өйткені ақиқатсыз дін мәртебесінің болуы мүмкін емес.Осыған байланысты Аллаһ Тағала былай деген:
Олар: «Аллаһқа,Пайғамбарға иман келтірдік,бой ұсындық» дейді де,сосын одан кейін олардан бір бөлімі жалтарады.
Пайғамбарды құрметтеудің бір белгісі оның отбасы мүшелеріне деген адамдардың зор ілтипатының болуы және оның қаншалықты жақын екенін ұғыну,олардың діні және олардың құқықтарының сақталуы.Бұл адамдар жер бетіндегі ең текті отбасынан болып саналады,ал оның таза,пәк әйелдері мұсылмандардың аналары.Аллаһ Тағала айтқан: «Үйлеріңде отырыңдвр,кәдімгі надандық дәуірінше ашылмаңдар.Сондай-ақ намазды орындап,зекет беріп,Аллаһқа,Пайғамбарға бағыныңдар.Әй,Пайғамбардың үй-іші!Шын мәнінде Аллаһ сендерден арамдықты аулақ қылып,өздеріңді тап-таза қылуды қалайды.»
Пайғамбарға құрмет ету дегеніміз,ол-оның қаласы Мәдинаның тәелсіздігін сақтау болып табылады.Өйткені ол оның қоныс аударған және де жеңістерге жеткен жері,оның көмекшілері-аңсарлардың тұрған жері,оның дінінің аяғынан тік тұрған және оның жерленген жері.Бұл қалада Қағбадан кейінгі ұлы мешіт-оның мешіті бар.Мәдинаны құрмет тұтудағы мақсатымыз,ол қалаға келушілердің де бұл қаланы киелі орын есебінде құрметтеуі үшін.
Бұл Пайғамбардың қаласы екенін қала тұрғындары естерінен шығармай соған байланысты өздерін осы қалаға лайық ұстаулары қажет.Өйткені Мәдина Аллаһ пен Оның Елшісінің алдында биік мәртебеге ие қала.Бұл қалада тек қана игі істер жасау қажет,ал бұл қалада күнә жасау-ол осы қаланың мәртебесіне сай өте ауыр күнә болып саналады.
Ал енді,шығармамның шарықтау шегіне жеткенде баршаға айтар сөзім,адам адам болу үшін ең алдымен иман керек.Иман деген төрт әріптен тұратын қысқа сөз болғанымен мағынасы өте тереңде жатыр.
Иманды адам адал еңбегімен,таза жүрегімен,дұрыс іс істейтін,зорлық –зомбылықтан жат,Құдай деген адам. Адамды қорғайтын үш құрсау болады екен.Олардың бірі-діні,екіншісі-ділі,ал үшіншісі-тілі болып табылады.Егерде осы үш құрсаудың біреуі болса да үзілсе, адам жолдан тайып,иманынан да,адамгершілігінен де, басқаша айтқанда барлығынан айрылады деген сөз.Сондықтан болашақ жастарға айтарым,осы үш құрсауларың ,имандарың берік болсын.Себебі, барлығымыз мұсылман атанғанымызбен уақыттың өтуімен,өз дініміз туралы,дініміздің қалай пайда болған тарихы туралы бейхабар болып келе жатқанымыз судай таза шындық.Сол үшін мұсылман деген атымызға лайық болайық және де қайда жүрсекте аузымыздан кәлимамыз түспесін ағайын!