Мазмұны
І.Кіріспе………………………………………………………………………………………………..3
ІІ.Негізгі бөлім
1.1Тектоникалық көлдер……………………………………………………..5
1.2Мұздық көлдер типі………………………………………………………6
2.1Балқаш көлі……………………………………………………………..7
2.2 Арал теңізі………………………………………………………………14
ІІІ.Қорытынды………………………………………………………….….16
Әдебиеттер…………………………………………………………………..17
Ф-ОБ-ОО1/024
Кіріспе.
Қазакстанның кең-байтақ аумағында көлдер көп. Мұңда ірілі-ұсақты 48 мыңнан астам көл бар. Олардың ішінде Каспий теңізі, Арал теңізі және Балқаш, Зайсан, Алакөл сияқты ірі көлдерден басқа, көбі (94%) — көлемі 1 км2-ден кем шағын көлдер. Көлдердің барлығы дерлік — ағынсыз тұйық көлдер.
Көбінің суы тұзды, соңдықтан тұңба тұзды болады, олардан тұз өндіріледі. Қазақстанда ауданы 100 км2-ден астам 21 көл бар. Олар республикадағы көлдердің бүкіл ауданының 60%-ын алып жатыр. Қазақстан көлдері аумақ бойынша біркелкі тарамаған. Климаттық жағдайларға байланысты көлдердің саны солтүстіктен оңтүстіке қарай кемиді. Мысалы, Солтүсгік Қазақстанда 21580 көл бар (еліміздегі көддің 45%-ы). Ал Орталық және Оңтүстік Қазақстан аумағында 17550 көл (36%) кездеседі. Алып жатқан ауданы жағынаы солтүстік көлдерінің үлесі бүкіл көлдердің 35%-ын, ал орталық және оңтүстік көлдершің үлесі 10%-ын кұрайды.
Көлдер табиғат зоналарының бәрінде де бар, бірақ жылу мен ылғал тепе-теңдігіне байланысты олардың орналасуы, саны және суының сапасы зоналыққа бағынады. Ылғалы мол аудандарда көл көбірек және суы тұщырақ болады. Құрғақ климатты аудандарда көлдер аз, су деңгейі төмен әрі ағынсыз, көбісі тартылып қалады, тұзды. Мысалы, орманды дала зонасында ауданы 1 км2-ден астам 740 көл бар, олардың ішінде тұщы көлдер тұзды көддерден 6 есе көп. Оңтүстікке қарай тұщы көлдер азайып, тұзды көлдер көбейе түседі. Дала зонасының сондай 1875 көлінің тұщылары тұзды көлдерден 4 есе, шөлейт зонасының 216 көлінің тұщылары 1,3 есе көп болады. Шөл зонасының 142 көлінің дені тұзды келеді.
Жазықтағы көлдердің көпшілігі теңіз деңгейінен 100-350 м биіктіктегі неоген және антропоген шөгінді жыныстарының үстінде орналасқан. Көлдердің орналасуында байқалатын тағы бір ерекшелік –
Ф-ОБ-ОО1/024
олардың топ-топ болып шоғырлануы. Каспий маңы ойпаты, Тұран ойпаты және Батыс Сібір жазықтарында, сондай-ақ аласа таулы Сарыарқада және оңтүстік-шығыс таулы аймақтарда да кеп. Қазақстан көлдерінің тағы бір ерекшелігі -жасының әр түрлі болуы. Көлдер әр кезеңде паңда болған. Орманды дала, дала зоналарының кеддері біртіндеп шөгінді жыныстарға толып, оларда өсімдіктер қаптап өсуде. Шөлейт, шөл зоналарыньщ көддері тұз тез байланатын көлдерге айналады. Мұнан әрі ол көлдер сорға айналады. Сөйтіп, олардың көпшілігі жойылудың әр түрлі дәрежесіне жеткен. Қазақстанның биік таулы аймақтары көлдерінің шығу тегі жас көлдерге жатады. Олардың өздері де біркелкі таралмаған, негізінен, 1400-2800 м биіктік аралығында орналасқан. Олардың саны жоғары және төмен қарай кеми түседі. 1400 м-ден төменде су эрозиясының қарқынды болуы көдцердің пайда болуына мүмкіндік бермейді.
Көлдердегі су деңгейі судың кірісі мен шығысының арақатынасына байланысты. Оларда су балансы жыл ішінде айтарлықтай өзгеріп тұратындықтан, деңгейі жиі ауыткуға ұшырайды. Қазақстан көлдері көпшілігшің деңгейі көктемгі қар еріген кезде көтеріледі. Жаз бойы олардың деңгейі баяу төмендейді, бірақ нөсер жаңбырлар әсерінен аз уақытта қайта көтеріледі. Кейде су деңгейінің шұғыл езгеретіні соншалық, тіпті кейбір тайыз көддер мезгіл-мезгіл кеуіп қалады. XX ғасырда Қазақстанда ең аз сулы кезең 1936-1940 жылдары бодды. Сол жыддары Солтүстік Қазақстан көлдерінің 70%-ы құрғап қадды.
Қазақстан көлдері қазаншұңқырларының пайда болуына қарай бірнеше типке бөлінеді.
Ф-ОБ-ОО1/024
І.Қазақстан көлдері
1.1Тектоникалық көлдер
Тектоникалық көлдер жер қыртысының қозғалуы нәтижесінде қалыптасады. Төмен түскен ойыстар мен жарықтарда көл қазаншұңқырлары пайда болып, суға толады да, көддер түзіледі. Мұңдай көддер таулы аудаңдарға тән. Қазақстанның оңтүстік-шығыс таулары мен Сары-аркада көбірек таралған. Зайсан, Марқакөл, Қарасор, Теңіз-Қорғалжың тобы, Көкшетау тобы, бұрынғы тектоникалық бөген Есік көлі т.б. су айдындары осы топқа жатады.
Реликті (қалдың) көлдер ертеде пайда болған алғашқыі жазықтарға, оның ішінде Каспий маңы ойпатына тән. Сонымен қатар Тұран ойпатының Торғай қолатындағы, Балқаш-Алакөл ойысындағы кейбір көлдер қалдық көлдерге жатады. Қазақстанның басты қалдық көлдері -Каспий мен Арал теңіздері. Бұлар жер қыртысының майысқан бөлігінде тектоникалық көлдер болып қалыптасты. Қалдық көлдер ежелгі Тетис теңізінің геологиялық тарихымен тығыз байланысты. Мезозой эрасының ортасында Оңтүстік Еуропа мен Азия бойында ендік бағытта Тетис теңізі созылып жатты. Ол батысында Қара теңіз бен Жерорта теңзін қамтыған Атлант мұхитымен, шығысында Тынық мұхитпен жалғасып тұрған. Неоген дәуірін-де күрделі тектоникалық қозғалыстың нәтижесінде Тетис алдымен Тынық мұхиттан бөлініп, кейіннен Атлант мүхитынан ажырады. Осыдайша, біртұтас Тетис теңізінің қалдықтарынан Каспий теңізі мен Арал теңізі қалыптасты. Бөгендердің көбі Орталық, Оңтүстік және Шығыс Қазақстанда шоғырланған: Бұқтырма, Қапшағай, Шардара, Самарқан, Бөген, Ақкөл, Молодежное, Шерубай-Нұра, Кеңгір, Өскемен т.б. Осы аймақтың 20 бөгенінің су айдыны (акваториясы) 8,7 мың км2-ді (барлық бөгендердің 87%-ы) кұрайды, ал су көлемі 86 км2-ден (барлық бөгендердің 95%-ы) артық.Бөгендердің шаруашылықмаңызы зор.
Ф-ОБ-ОО1/024
1.2Мұздық көлдер типі
Мұздық көлдер типі биік тауларда, ежелгі мұз басқан аудандарда кездеседі. Оларға мореналықкөлдер жатады. Іле Алатауындағы Үлкен Алматы өзенінің бастауы Үлкен Алматы көлі, Жоңғар Алатауының солтүстік беткейіндегі Лепсі өзені бастау алатын Жасыл көл және т.б. мұздық көлдері жатады.
Кар көлдері биік тауларда кар сызығы маңында аяздық үгілу нәтижесінде пайда болған шұңғымаларда таралған. Кар ойыстарының пішіні көбінесе дөңгелек болып келеді, олар суға толғанда, қар көддері кұралады. Мұндай көлдер өте көп, бірақ олардың көлемі шағын болады.
Суффозиялықнемесе борпылдақ жыныстардың шөгуі салдарынан пайда болған көлдер. Оларды дала табақшалары деп те атайды. Түбі тегіс ойыстар суға толып, шағын көлдерге айналады. Қазақстанның солтүстігінде, Батыс Сібір жазығында мұндай көлдер өте көп.
Ескі арна көлдері — Қазақстан өзендерінің ирелендеп ағу нәтижесінде негізгі арнадан бөлініп қалған көлдер. Өзен жайылмаларында орналасады.
Бөгендер Қазақстан аумағында жер беті ағындарын реттеу мақсатында өзен арналарын бөгеу арқылы жасалады. Егер көлемі кіші ойыстарды бөгейтін болса, оларды тоған деп атайды. Бөгендер, негізінен, халықтың қажетін өтеу үшін жасалады. Бөгендер су айдынының алып жатқан ауданына қарай төртке бөлінеді:
- 50 км2-ге дейін — кіші,
- 250км2-гедейін-орта,
- 1000км2-гедейін-ірі,
- оданүлкендері-асаірібөгендер.
Қазақстанда қазір 4 мындай бөген мен тоған бар. Алып жатқан ауданы 10 мың км2. Оларда 90 км3 тұщы су жиналған. Республикада 2 өте ірі, 1 ірі және 6 орта бөген бар, қалғандары — кіші бөгендер
Ф-ОБ-ОО1/024
2.1Балқаш көлі
Ф-ОБ-ОО1/024
2.2 Арал теңізі
Арал теңізі — Қазақстанның оңтүстігінде орналасқан көлемі жағынан екінші көл. Арал теңізі Тұран ойпатының тектоникалық қазаншүңқырында дүниежүзілік мұхит деңгейінен 53 м биікте орналасқан. Жалпы ауданы 64,5 мың шаршы шақырым. Ең ұзын жері 428 шақырым, ал қалған жағалаулары көбінесе ойпаты жазық, құмды болып келеді.
Арал теңізі ерте заманнан бері көптеген саяхатшылар мен ғалымдардың назарын аударған. Арал туралы алғашқы деректер ежелгі гректердің еңбектерінде кездеседі. Птолемей көлдің географиялық орнын дұрыс анықтаған. Арал теңізінің табиғатын жан-жақты зерттеуде орыс ғалымдары көп еңбек сіңірді. Академик Л.С. Берг 1908 ж. Арал теңізі деген үлкен еңбек жазған. Арал теңізі Түран жазығының төмен қарай майысқан жерінде пайда болған. Түбі тегіс, түнба шөгінділі.
Арал теңізі орналасқан аймақтың климаты қатаң континентті, құрғақ. Орташа жылдық жауын-шашын мөлшері 100 мм. Жылдық булану мөлшері түскен жауын-шашыннан бірнеше есе көп. Теңіз бетіндегі ауаның температурасы: жаздағы орташа мөлшері +24°, +26°, қыста —7°, —13°-қа дейін жетеді. Қыста түгелдей мұз қатады. Суының тұздылығы 14%©, бірақ теңіз суының азаюына байланысты тұздылығы артып келеді.
Арал теңізінің табиғи байлықтары. Көлде балықтың 30-дан аса түрі кездеседі., Кәсіптік маңызы бар бекіре, сазан, қаяз, шабақ, ақмарқа ауланады. Таяу уақытқа дейін Аралдан балықшылар жылына 200 мың. т. балық аулап келген. Аралға құятын екі өзен — Әмудария мен Сырдария суының көбіне ауыл шаруашылығына пайдалану салдарынан теңіз тартылып, құрып кету қаупіне ұшырады.
Теңіздің солтүстігіндегі Барсакелмес аралында Барсакелмес қорығы ұыймдастырылып, онда бөкен, қүлан, жайра, қырғауыл, т.б. аң, құс түрлері
Ф-ОБ-ОО1/024
қорғалып келген еді. Қазір теңіз деңгейінің төмен түсуіне байланысты олар басқа жаққа көшірілді. Арал теңізі мен Арал маңындағы жерлердің экологиллық жағдайының нашарлауы адамдардың шаруашылық қызметінің нәтижесінен болып отыр. Сырдария мен Әмудария өзендерінің аңғарларында суармалы егіс көлемінің молаюы мен суару ережесін дұрыс сақтамағандықтан, егістік жерлер сортаңданып, өзен режимі бүзылып, Арал теңізінің деңгейін 14,7 метрге төмендетуге әкеп соқтырды. Көлдің 26 мың шаршы шақырым су табаны құрғап, орнына 2 мың гектарға жететін тұзды сортаң шөл пайда болды. Арал теңізінің көлта-банынан көтерілген тұздышаң жүздеген мың шаршы шақырымға тарады. Қазір мамандардың есептеуіне қарағанда кепкен көлтабанының 1 шаршы шақырым жерінен 8000 т-ға жуық тұзды шаң көтеріліп, қоршаған ортаға көп зиянын тигізіп отыр. Шөккен тұз топырақтың құнарлылығын азайтып, егіс өнімін төмендетіп, ішетін ауыз су сапасын нашарлатып, жергілікті халықтың денсаулығына көп зиянын тигізуде.Атмосфераға зиянды заттардың шамадан тыс таралуы климатқа әсерін тигізіп отыр. Арал маңында атмосфера ғана емес, жергілікті су мен топырақ та ластанған. Маман дәрігерлердің жүргізген бақылаулары бойынша Арал маңындағы ауылдарда жас балалар өлімі, үлкен адамдар арасында сырқаттану басым. Әсіресе тыныс алу мүшелері мен жүйке, сезім, қан айналысы жүйесі аурулары жиі кездеседі. Жұқпалы аурулар сары ауру), қатерлі ісік, туа біткен ауытқулар соңғы кезде көптеп кездесіп отыр. Арал маңының экологиялық жағдайының нашарлауы ол жерде туыпөскен халықтың әлеуметтік жағдғдайына зиянды әсерін көп тигізуде. Көптеген адамдар басқа жаққа көшуде. Қазір Арал теңізінің әкологиялық жағдайы тек Қазақстан халқы мен елбасыларын ғана алаңдатып отырған арналған бірнеше Халықаралық конференциялар өтіп, Аралға қалай көмектесу жолдары іздестірілуде.
Ф-ОБ-ОО1/024
Қорытынды
Ғылыми-зерттеу материалдарын талдай келе мүзқүрсану ауданының мөлшері тау өзендері алаптарының таудан шыға беріс алңымына дейінгі ауданының 0,1…2%-нен (Шарын, Шамалған өз.) 26%-не (Талғар ез.) дейін бөлігін алады екен. Балқаш көлінің су жинау алабының қазіргі заман мүзңүрсануының жалпы ауданы 3653,3 км2 болса, ал оның 1638,5 км2-і (44,5%) Қазаңстан аумағында жатса, 2014,8 км2-і (55 /о) — Шығыс Түркістанда орналасқан (1-кесте).
Карастырылып отырған таулы аумақтың мұздың белдемінен түсетін ағынды, оның жыл сайын жаңарып отыратын су ресурсының айтарлықтай бөлігін құрайды. Мұздың ағындысын есептеу өте күрделі мәселе, сондықтан да «мұздың ағынды» аталымы жөнінде бірқатар кезқарас қалыптасқан.
Мұздықтарда жинақталған мұз ресурсын және мұздық ағындысын анықтау материалдарын қорытындылаудың нәтижесін жоғарғы кестеден көре аласыз.
Біз кестеден алаптағы мұздыңтарда жинақталған жалпы су ресурсы 163,3 км3-ге тең екенін көреміз. Ал, «таза» мұздың ағынды немесе мұз бен қардың беттік абляциясының нәтижесінде қалыптасқан ағындының (бір жылда) мөлшері 3,544 км3-ге тең, яғни Балқаш алабының ағынды қалыптасу белдемінде пайда болатын жалпы ағындының 14,5 процентін құрайды.
Әдебиеттер
- Соседов И. С. и др. Методика территориальных водно-балаисовых обобщений в горах.- Алматы: Наука КазССР, 1976..
- Соседов И. С. и др. Водный баланс и водные ресурсы северного склона Джунгарского Алатау. Алматы: Наука КазССР, 1984..
- Токмагамбетов Г. А. Ледники Заилийского Алатау — Алматы: Наука КазССР 1976..
- Мачерет Ю. Я., Черкасов П. А., Боброва Л. И. Толщина объем леднивДжунгар-
скогоАлатауподаннымаэрорадиозондироеания. — МГИ, 1988. С. 59-71.