АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Реферат. ӨЛІМ, ӨЛІМНЕН КЕЙІНГІ ӨЗГЕРІСТЕР

ӨЛІМ, ӨЛІМНЕН КЕЙІНГІ ӨЗГЕРІСТЕР

 

 

 

Жоспар:

 

1.Кіріспе.  

Өлім туралы түсінік. Өлім белгілері және өлімнен кейінгі өзгерістер.

2.Негізгі бөлім.

  1. Өлімнің түрлерінің даму сатылары.

2.Өлім үрдістері.

3.Үрдістердің ерекшеліктері және белгілері.

3.Қорытынды.  Адам өмірінің ұзақтығы, өлім   тудыратын патологиялық аурулардың себебтері.

 

Өлім организдегі тіршіліктің толық тоқтауы. Табиги және патологиялық өлім түрлері болады. Өлу заңдылықтарын, оның себептерін және өлімнен кейінгі өзгерістерді зерттейтін ілімді танатология деп атайды. Адам өлімін бүкіл организмнің өлуі деп қарауы керек. Бірақ, әр түрлі зерттеулер арқылы кейбір ағзалардың, тіндердің өз тіршілігін организм өлгеннен кейін де біраз уақытқа дейін сақтай алатыны анықталған. Осыған байланысты өлген адам ағзаларын, тіндерін трансплантация үшін пайдалану мүмкіншілігі туды. Қазіргі кезде бүйректерді, жүректі өлген адамнан ауру адамға көшіріп отырғызу практикада кең қолданыс алған. Кейінгі уақытта тек жеке ағзаларды ғана емес, ағзалар кешенін көшіріп отырғызу мүмкіншіліктері бар.  Ағзаларды трансплантацияға дайындамастан бұрын кенеттен қайтыс болған адамның анық өлгеніне көз жеткізу керек. Бұл жағдайда өлім жөніндегі қорытындыны әдетте сот медицинасының сарапшылары береді. Бірақ та өлім белгілерін білу, өлім себептерін анықтау барлық дәрігерлер үшін, әсіресе, патолгоанатомдар  үшін аса қажет.

 

 

Өлу үрдісі өте күрделі болып, бірнеше сатылардан тұрады. Оларға: жанталасу күйі, жанталас (агоноя) және клиникалық өлім түсініктері кіреді. Өлімнің әрбір сатысының ұзақтығы әр түрлі, мысалы, агония бірнеше минуттан бірнеше сағатқа немесе тәулікке созылуы мүмкін. Клиникалық өлім әдетте 5-6 минуттан соң биологиялық өлімге өтеді. Бұл кезде орталық нерв жүйесінде, кейінірек басқа ағзаларда қайтымсыз өзгерістер дамиды. Осы кезден бастап қана  организмді мәйіт деп атауға болады.

       Өлімнің себептеріне қарай табиғи (физиологиялық), зорлық-зомбылық нәтижесінде және ауруға байланысты түрлерін ажыратады. Табиғи өлім адам әбден қартайып, ағза қызметтерінің бірте-бірте әлсіреп барып, тоқтауымен , тозуымен байланысты. Зорлық-зомбылық нәтижесіндегі өлімді сот медицинасы зерттейді. Әр түрлі аурулар салдарынан өлу себептерін негізінен патологоанатомдар тексереді.Ауру асқынып кеткенде, мысалы, миға қан құйылғанда, жүрек инфарктынде, өкпе артериясының тромбоэмболиясында адам кенеттен, кейде бірнеше минуттар ішінде де өліп кетуі мүмкін. Ал көптеген созылмалы арулар нәтижесінде пайда болатын өлімді дәрігерлер клиника жағдайында бақылап, оларды өлімнен алып қалу үшін реанимация (латынша –қайта тірілту)  шараларын кеңінен қолданады.    Биологиялық өлімнен кейін біршама уақыттан соң өлімнің морфологиялық белгілері және өлімнен кейінгі өзгерістер дамиды. Бұл өзгерістерді анық білу және зерттеу, кейбір жағдайда кездесетін жалған өлімді анықтауда аса қажет. Сол үшін мәйітті клиникада кемінде екі сағат сақтап, өлімнің алғашқы белгілері байқалғанда ғана патологиялық анатомия бөлімдеріне көшіреді.

     Өлімнің алғашқы бөлімдеріне:1) мәйіттің сууы; 2) мәйіттің сіресіп қалуы; 3) мәйіттің кебуі; 4) қанның қайта бөлінуі; 5) мәйіт дақтары кіреді.

Мәйіттің сууы өлгеннен соң организдегі зат алмасу үрдісінің тоқтауына байланысты. Дене жылуы бірте-бірте азайып, айналадағы температурадан 0,5-1 С төменірек дәрежеге дейін түседі. Орташа есеппен мәйіт температурасы сағатына 1С төмендейтіні анықталған. Бірақ кейбір ауруларда (сіріспе,сепсис, бөртпелі сүзек) мәйіт температурасы бірнеше сағатқа дейін бұрынғыданда жоғары болуы мүмкін.  Мәйіттің сіресіп қалуы дене бұлшықеттерінің қатайып, тартылып қалуына байланысты. Бұл өзгерістердің негізіндегі биохимилық үрдістер жатады. Тірі организмдегі бұлшықеттердің белгілі бір тонуста тұруы аденозинүшфосфат қышқылының бұлшықеттермен байланысты болуымен түсіндіріледі. Өлгеннен соң АҮФ-тың бір  бөлігі бұлшықеттерден бөлініп шығып, оладың 2-4 сағат бойында босап қалуына себеп болады. АҮФ-тың бірте-бірте жойылуына байланысты және сол жерде сүт қышқылының, кальциидің жиналып қалуы себепті бұлшықеттер қайтадан тартылып, сіресіп қалады.  Мәйіттің сіресуі жақ, бет, мойын бұлшықеттерінен басталып, бүкіл денеге тарайды, бір тәуліктен кейін барып олар қайтадан босай бастайды. Мәйіттің сіресуін жасанды түрде жою үшін біраз күш жұмсау керек. Мәйіттің сіресу күші көптеген себептерге байланысты. Дене жаттықтыруымен шұғылданатын адамдарда, кейбір науқастарда (холера, сіреспе ауруларында,стрихнинмен уланғанда) ол жақсы байқалса, ал кәрі кісілерде,жас балаларда,сепсистен кейін сіреспе күші өте әлсіз болады. Мәйіттің кебуі- өлгеннен кейін денедегі сұйықтықтардың құрғап және буланып кетуінің нәтижесі. Бұл үрдіс өлгеннен соң бірнеше сағаттан соң басталып, терінің шырышты қабықтардың кеуіп қалуына алып келеді. Көздің мөлдір қабығы күңгірттеніп, ақшыл қабығы өзінің реңін жоғалтып, сарғыш-сұр түсті болады. Еріннің шырышты қабығы, терінің жұқа жерлері қатып,бүрісіп, қоңыр-қызыл түс алады.  Қанның қайта бөлінуі. Өлгеннен соң артерия қан тамырының қысқару нәтижесінде қан көк тамырларына өтеді және өзінің салмағына байланысты дененің төменде жайғасқан бөліктерінде жинала бастайды. Жүректегі және ірі көк тамырларындағы қан ұйып қалады. Егер жанталас дәуірі ұзаққа созылған болса, қан ұйындылары ақшыл-сары түске кіріп, оның құрамы негізінен фибрин жіпшелерінен тұрады, ал ауру тез қайтыс болғанда ұйынды құрамында барлық  қанэлементтері болғаны үшін оның түсі қызыл болады. Кейбір жағдайларда, мысалы, ауру тұншығып өлгенде(асфиксия) қан тіпті ұйымай сұйық күйінде қалады.  Осы ұйындылардың түсі өлу механизмін анықтаушы марфологиялық белгілердің бірі болып есептеледі.

     Мәйіттің дақтары өлгеннен соң 2-4 сағаттан кейін пайда болады. Олар мәйіттің төменгі бөліктерінде көкала-қызыл немесе қоңыр-күлгін түсте көрінеді. Қолмен басқанда олардың реңі ақтандақтанып барып аз ғана уақыттан соң өз реңіне  қайта кіреді. Бұл белгі мәйіт дақтарын тірі кезіндегі қанталаулардан ажыратуға жәрдем береді. Мәіт дақтарының келіп шығуы қанның қайта бөліну механизімімен түсіндіріледі. Қан өз ауырлық күшімен дененің төменгі жатқан бөліктеріне жиналады. Мәйіттің өз салмағы түсіп тұрған жерлерде мәйіт дақтары болмайды. Жалпы  мәйіт дақтарының орны аурудың өлер кезде қалай жатқандығына байланысты. Бірінші тәуліктің екінші жартысында қандағы эритроциттер гемолизге ұшырап, плазма қан тамырларынан шыға бастайды. Осы плазманың айналадағы тіндерге сіңу үрдісін имбибиция деп атайды. Бұл кезде мәйіт дақтарыбір жерге орнығып, қолмен басып көргенде өз реңін өзгертпейді. Өлімнің кейбір белгілеріне аутолиз және шіру үрдістері кіреді. Аутолиз үрдісі гидролиздеуші ферметтер белсенділігінің күшеюімен байланысты. Сол үшін аутолиз ферменттер көп болған ағзалардан басталады. Ұйқы безінде, бүйрекүсті безінде бауырда аутолиз үрдісі басқа ағзаларға қарағанда күштірек көрінеді. Асқазан-ішек жолында өзін-өзі қорыту құрамында пепсин,трипсин және басқа ферменттер бар асқазан-ішек сөлінің әсерінде өтеді.

    Мәйіттің шіруі осы аутолиз үрдістерінің күшеюімен және оған шіріту бактерияларының әсерінің қосылуымен түсіндіріледі. Шіру үрдісінің жылдамдығы қоршаған ортаның температурасына байланысты. Өлгеннен соң шіріту бактериялар тез көбейіп, өздерінен гидролиздеуші ферменттер бөліп шығарады,нәтижеде органикалық заттардың бәрі ыдырай бастайды. Сонымен қатар тінде жағымсыз иіс пайда болып, олар сарғыш-жасыл т үске кіреді. Бұл өзгерістер тінде күкірт сутегі және басқа газдардың пайда болуына байланысты. Күкіртті  сутек гемолизге ұшыраған эритроциттермен қосылып темір сульфатын түзелі. Газ түзуші бактериялар өте көбейіп кеткенде газ бүкіл денеге тарап, мәйіт эмфиземасы пайда болады. Адам өмірінің ұзақтығы ғалымдардың болжауы бойынша 160-180 жас, бірақ көптеген себептерге байланысты бұл жасқа жекелеген адамдар ғана жетіп отыр. Қоршаған ортаның ластану барысында экологиялық жағдайларға байланысты көптеген аурулардын таралу жолымен адам жасы шектелінген.

 

 

 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

1) Жауғашты Ахметов  « Патологиялық анатомия»  1-том; 

2) Әділман Нұрмұхамбетұлы «Патофизиология»