Өзен кен орнының геологиясы
Өзен кен орындарында терең барлау бұрғылаумен қалыңдығы шамамен 3600 м шөгінді мезозойлық жыныстардың қабаты ашылған, оның құрылымында триас, юра, бор, полеоген, неоген және төрттік шөгінділері орын алады. Олардың былай белгіленуі скважина үлгітастарын зерттегенде алынған полионтологиялық мәліметтерге және Маңғыстаудың басқа аудандарының ұқсас шөгінділерімен салыстыруға негізделген. Бөлімдер, ярустар және подярустар арасындағы шекаралар шартты, негізінен электрокаратаж бойынша жүргізілген. Соңғы кезде микрофаунамен т.б. зерттеу арқасында қолда бар стратиграфиялық үлгілерді өзгертуге және анықтауға мүмкіндік туып отыр.
Өзен кен орының мұнай-газдылығы юра және кейде бор шөгінділерімен байланысты. Кен орнының геологиялық қимасында бор және юра шөгінділеріне қарасты 26 құмды горизонттары анықталған. І-ХІІ горизонттар (жоғарыдан төмен қарай) жасы бор – газды, ХІІІ-ХVIII горизонттар – жоғарғы және орта юра – кен орнының негізгі мұнай – газды қабаты, жеке күмбездерде төменгі юраның ХІХ-ХХІV горизонттары мұнай – газды.
Пермь – триас шөгінділері Өзен кен орнының ең кәрі жыныстары болып табылады.
Пермь – триас жүйесі
Жоғарғы пермь терең метаморфизм іздері бар күңгірт полимикталық құмтастармен және слаництермен көрінеді. Төменгі триас (Т) шөгінділері қоңыр аргилиттермен және орта түйіршікті құмтастармен орын алады. Бұл шөгінділерді оңтүстік Маңғыстаудағы қалыңдығы 440 м-ге жетеді, табанында шайылудың ізі бар.
Олен және орта триас жыныстары құмтастармен қышқылды туфтар қабатшалары бар қара және қара сұр аргелиттер, әктастар, алевролиттердің біртұтас, едәуір біртекті тобын құрайды. Бұл шөгінділер жалпы қалыңдығы 1500-1600 м болатын біртұтас оңтүстік Маңғыстау тобына бөлінген.
Юра жүйесі (J)
Юра жүйесі шөгінділерінде барлық 3 бөлімде кездеседі: төменгі, орта және жоғарғы, жалпы қалыңдығы 1300 м.
Төменгі бөлім (J1)
Қиманың төменгі юра бөлігі құмтастар, алевролиттер мен саздың араласуынан тұрады. Құмтастар сұр және ақшыл сұр, көбіне ұсақ және орта түйіршікті. Ірі түйіршікті түрлері қиыршық тас түйіршіктері қоспасымен бірге сирек те болса кездеседі. Кейде құмтастар ақшыл сұр алевролиттерге немесе сазды құмтастарға ауысады.
Құмтастар мен алевролиттер цементті сазды немесе сазды кремнийлі. Саздардың түсі сұр және күңгірт, кейде қоңыр. Олар әдетте аргилитке ұқсас және көмір тектес затпен байытылған. Құмтастар, алевролиттер мен саздардың алмасуы негізінен қиғаш қабатталады. Төменгі юраның жабынында сазды бүйрек тәрізді құрылым дамыған, оның қалыңдығы шайылу нәтижесінде күрт өзгерістерге ұшыраған. Төменгі юра шөгінділерінің қалыңдығы 120-130 м. Төменгі юра қимасында XXIV-XXV екі өнімді горизонт айқындалған.
Ортаңғы бөлім (J2)
Оңтүстік Маңғыстаудың орта юра шөгінділері мұнайгаздылығы жағынан ең ірісі. Сондықтан орта юраны бөлшектеп стратиграфиялық мүшелеу өнімді горизонттарға олардың корреляциясын айқындаумен тығыз байланысты. Орта юрада жалпы қалыңдығы 700 м, аален, байос және бат ярустары айқындалады.
Аален. Жоғарғы бөлім (J3)
Жоғарғы юра бөлімінде негізінен теңіз шөгінділері мен жануарлар қалдықтары түрінде кездесетін келловей, оксфорд және кембридж ярустары ерекше.
Бор жүйесі (К)
Бор жүйесінің шөгінділері жоғарғы юра шөгінділерінің шайылған бетінде орналасады және төменгі, жоғарғы бөлімдері мен барлық ярустарымен орын алған. Методологиялық және генетикалық белгілері бойынша бор шөгінділері үш бөлікке бөлінеді: төменгі терриген – карбонаттық, ортаңғы терриген (альб, сеноман) және жоғарғы карбонат ярустары. Төменгі бөлікке ХІІ горизонт, ал ортаңғы және жоғарғы бөліктерге І, ІІ, ІІІ, IV, V, V, VI, VII, VIII, IX, X және ХІ газды горизонттар жатады. Бор шөгінділерінің қалыңдығы 1100 м шамасында. Бор шөгінділерінің өнімді қалыңдығы алевролит және саз қабаттары мен будақтарының біртекті астарласуы ретінде көрінеді.
Кайназой тобы (Kz)
Кайнозой тобында палеоген және неоген жыныстары орын алған. Палеоген шөгінділеріне мергель-әктас жыныстары мен саздардың бірқалыпты қабаты жатады. Палеоген шөгінділерінің қалыңдығы 150-170 м. Неоген жүйесі тортон және сармат ярустарымен көрінеді. Тортон ярусының қалыңдығы 19-25 м, сармат ярусы — 80-90 м.
Палеоген жүйесі (Р)
Палеоген шөгінділеріне эоцен және олигоцен бөлімдері жатады. Эоцен бөлімі саз қабатшалары араласқан мергель және әктастар түрінде. Олигоцен бөлімі сұр және ақшыл сұр түстес саздардың бірқалыпты қабаты түрінде. Палеогеннің қалыңдығы 150-170 м.
Неоген жүйесі (N)
Неоген шөгінділері тортон және сармат ярустарының шөгінділері түрінде кездеседі. Тортон ярусына саздар, мергелдер, құмтастар мен әктастар қабатшалары кіреді. Сармат ярусы әктастар, мергелдер мен саздардың астарласуынан тұрады. Неоген жүйесінің жалпы қалыңдығы 115 м-ге жетеді.
Төрттік жүйесі (Q)
Төрттік жүйе эмовиаль-демовиаль текті құмдар, саздар, суглиноктармен көрінеді.
Шөгінділер қалыңдығы 5-7 м.
Өзен кен орнының экологиясы
Игерудегі аудан күрт континетальды климатымен, жауын-шашынның аз мөлшерімен, суық, желді қысымен және құрғақ, ыстық жазымен сипатталады. Қыста температура – 400С, ал жазда +400С-ге дейін. Жылдамдығы 15 м/с желдер мен ауаның 35% ылғалдылығы сипатты. Атмосфералық жауын-шашын аз. Олардың ең көп мөлшері сәуір мен қыркүйек айларына келеді, және 63-58 мм шамасында.
Мұнайдың негізгі элементтері көміртегі мен сутегі. Мұнайдың қауіптілігі мен зиндылығы оның құрамындағы ауыр және жеңіл көмірсутектердің фракцияларына байланысты. Жолаушы газдың 75,5% -і метан, 20,4%-і этан, 1,96% — і пропан, 0,4%-і бутан және 0,1% -і көмірқықыл газ, азот және т.б. инертті газдар. Метан, этан, пропан, бутан улы емес газдар қатарына жатады. Олармен аз мөлшерде тыныс алу адам организміне кері әсерін тигізбейді.
Мұнай кәсіпшілігінің электролендіруінің жоғары деңгейі мен электр жабдықтары пайдаланудың ауыр жағдайлары қызмет ететін адамдардың электрден қауіпсіздендірілуіне аса мұқият көңіл бөлуді талап етеді. Электр тогының адамға әсер етуінің ерекшеліктері болып қауіптің жоғары ықтималдылығы табылады. Қабат қысымын көтеру жөніндегі жұмыстардың негізгі бөлігі ашық аспан астында жүргізілетіндіктен жұмысшыларға климат кері әсерін тигізеді.
Скважина туралы түсінік
Скважина дегеніміз — жер қыртысында арнайы бұрғылау аспаптарының көмегімен қазылатын диаметрі тереңдігінен бірнеше есе кіші цилиндр формалы тау-кен құрылыс орны.
Скважинаның басталатын жері сағасы (1), цилиндр беті, қабырғасы немесе оңпаны (2), ең төменгі шеті түбі (4) деп аталады. Сағасына түбіне дейінгі оқпан бойынша ара қашықтық скважина ұзындығы, ал скважина өсі проекциясының тіке аралығы деп аталады. Скважиналарды тіке және көлбеу бұрғылайды. Олардың диаметрі аралықтан аралыққа кішірейтіп отырады.
а, б – тіке скважиналар; в – көлбейте бағытталған; 1- сағасы; 2 – қабырға (оқпан); 3 — өсі; 4 – түбі, 5 — керн
Мұнай және газ скважиналарының бастапқы диаметрі 900 мм-ден аспаса, ал соңғы диаметрі 165 мм –ден төмен болмайды. Скважиналарды түбіндегі тау жыныстарын тұтастай (кернсіз) немесе оның шет жағын ғана талқандау (керн алу) арқылы тереңдетеді. Скважиналарды, бұрғылау қондырғыларының көмегімен құрлықта, теңізде бұрғылайды. Теңізде бұрғылау жағдайында бұрғылау қондырғылары эстакадаларға, арнайы іргетастарға, қалқымалы платформаларға немесе кемелерге орнатылады.
Скважиналарды бұрғылау тәсілдері
Бұрғылау тісілдері тау жыныстарын бұзушы аспаптарын скважинаны бұрғылау кезіндегі тау жыныстарына әсеріне қарай төмендегідей бөлуге болады: механикалық теориялық, физиохимиялық, электржалыдық т.б.
Механикалық бұрғылау тәсілінде тау жыныстарын бұзу қол күшін немесе қозғалшақтарды қолдану арқылы іске асырылады. Механикалық бұрғылау тәсілі 50 жылдан астам уақыттан бері мұнайгаз өнеркәсіп саласында қолданылмайды. Дегенмен пайдалы қазбаларды барлау инженерлік-геологиялық іздеу жұмыстарында қолданылып жүр. Ол тек арқандысоққыма бұрғылау тәсіліне қолданылып жүр.
Айналмалы бұрғылау. Мұнай, газ скважиналарын бұрғылауда тек айналмалы бұрғылау тәсілі қолданылады. Бұл тәсіл бойынша скважина оқпаны үздіксіз айналатын қашаумен бұрғыланады. Тау жыныстарының ұсақталған бөлшектері жер бетіне жуу сұйығының ағынымен көтеріледі.
Мұнай газ скважиналардың топталуы.
Мұнай газ кен орындарында геологиялық зерттеу, іздеу, барлау және пайдалану мақсатымен бұрғыланатын барлық скважиналар төмендегідей топтарға бөлінеді:
- Тіректік скважиналар. Ірі аймақтардың геологиялық құрылымы мен гидрогеологиялық жағдайларын зерттеу, мұнай және газ жиналатын шөгінді тау жыныстары жинақтарын таралу заңдылықтарын анықтау үшін қазылады.
- Параметрлік скважиналар. Төмен тереңдіктерде тау жыныстарының геологиялық құрылысын зерттеу және перспективалық кен орындарын анықтап, оларды геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу мақсатымен қазылады. Сонымен қатар, тау жыныстары тілиесінің геологиялық-геофизикалық сипаттамаларынан сейсмикалық, геофизикалық зерттеулер қорытындысын анықтайтын мәліметтер алу үшін.
- Құрылымдық скважиналар. Тіректік, парметрлік скважиналарды бұрғылау барысында анықталған құрылымдарды мұқият зерттеу және осы құрылымдарда іздеу-барлау жұмыстары жобаларын дайындау мақсатымен қазылады. Құрылымдық бұрғылау және геофизикалық зерттеу нәтижелері тау жыныстарының орналасу ерекшеліктерін, физикалық қасиеттерін анықтау үшін және құрылымдық картасын тұрғызу үшін қолданылады.
- Іздеу скважиналарын, геологиялық іздеу жұмыстары, мәліметтері бойынша дайындалған кен орындарының мұнайгаздылығын анықтау үшін немесе жаңа мұнай газ қорларын ашу үшін қазады. Іздеу скважиналарын бұрғылау барысында тау жыныстары үлгілерін, су, газ, мұнай сынамаларын алу арқылы кен орнының геологиялық тілиесі мұқият зерттеледі.
- Барлама скважиналары. Өдірістік мұнайгаздылығы анықталған кен орындарында, мұнай, газ өнімдерінің қорын есептеу, кен орнын пайдалануға дайындау мақсатымен қазылады.
- Пайдалану скважиналары толық барланған және пайдалануға дайындалған кен орындарында мұнай, газ өнімдерін өндіру үшін қазылады. Бұл скважиналар қатарына осы кен орындарында пайдалану тікелей қолданылатын бағалау, бақылау, қабатқа сұйық, газ айдаушы скважиналар да жатады.
Бағалау скважиналары қабаттың жұмыс режимін, өнім өндірілетін участке көрсеткішін, пайдалану схемасын анықтау үшін қазылады.
Бақылау скважиналарын кен орнының игеру режимін үзбей қадағалап отыру үшін қолданылады.
Өнімді қабат қысымын түсірмей, оған су, газ айдап белгілі бір шамада ұстап тұру үшін айдамалау скважиналары қолданылады.
- Арнайы скважиналар өндірістік су қалдықтарын жинау, жер асты газ қоймаларын дайындау, ашық мұнай, газ фонтандарын тоқтату, техникалық су қорларын барлау және пайдалану үшін қазылады.
Скважиналарды бұрғылау мұнай, газ өндірісінен басқа да өнеркәсіп салдарынада кеңінен қолданылады.
Тау-кен және көмір өнеркәсібінде скважиналарды пайдалы қазбаларды іздеу, балау, кен орнынан суларды айдау, жер асты өрттерін сөндіру, шахталарды жеделдету, пайдалы қазбаларды пайдалану мақсатымен бұрғылайды.
Химия өнеркәсібінде скважиналар көмегімен құрамында әр-түрлі тұздар, бром, йод және басқа да химиялық заттар кездесетін минерал суларды алады.
Медицина саласында скважиналарды шипалы суларды алу үшін қолданылады.
Қорытынды
Менің жазда өткізген практикам, өміріме деген көптеген өзгерістер алып келді.
Сондықтан мен бұл жұмысты жасағанда көптеген ізденістер мен қарастырулар нәтижесінде білмеген көптеген нәрселерге көз аштым. Сонымен бірге бұл практика оқу процесінде алған білімімді одан әрі тереңдетіп оқуыма итермеледі. Бұл жұмыстың арқасында жұмыс қорым кеңіді және де осыдан алған білімімді инженер болған кезімде мақсатты түрде қолдану қабілеттілігім артты деп есептеймін.