АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Реферат. Патопсихалингвистика

Патопсихалингвистика

         Патопсихолингвистика – сөйлеу үрдістерінің қалыптасу кезіндегі патологиялық ауытқыларын зерттейді.

 

1 Эмоционалды толқу кезіндегі сөйлеу тілі

         Эмоционалды толқу күйі- адамның уақыты тығыз болған жағдайда маңызды шешім қабылдағанда, емтихан уақытында, басшымен сөйлескенде, жақын адаммен қарым-қатынасты анықтағанда пайда болады. Эмоционалды толқу кезінде адамның психологиялық күйі мен сөйлеу тілінің барлық компоненттері бұзылады.

         Э.Л. Носенконың зерттеулерінің нәтижесі көрсеткендей, эмоционалды толқуға келесі сипаттамалар тән:

         1) Адам толқып тұрған кезде қатты сөйлеуді немесе жай сөйлеуді. Сөйлегенде демалулар жиі болады және сөйлемдерді аяқтамайды.

         2) Үзілістер көп болады, үзіліс кезінде көптеген еріксіз дыбыстар шығарады (ээ, кх, мм, ух, гм). Бұл дыбыстар қалыпты күйдегі адамдармен салыстырғанда 50% көп.

         3) Сөйлеу тілінің грамматикалық жағыда өзгереді. Етістік пен бастауышты көп қолданады.

         4) Сөйлеу тілінің лексикалық жағы өте қарапайым болады, қысқартылған сөздерді көп қолданады.

         Бір сөзді немесе сқйлемді қайталайды (персеверация)

 

         Егер адамға эмоционалды толқу кезінде ассоциативті эксперимент жүргізсек, біз оның қалыпты күйде өткізген эксперименттің айырмашылығын көреміз. Егер қалыпты жағдайда адам бір сөзге баяндауышты қолданса, ал эмоционалды толқу күйінде бір сөзге зат есімдерді қолданада.ы

         Таңқаларлық бір жәй әртүрлі зерттеушілердің қабылдау жылдамдықтары әр түрлі болады. Мысалы: егер зерттелуші ынжық (тормоз) болса бұл адамдар сөйлемнің соңғы бөлігін жақсы есте сақтайды.

         Ал қозғыш типтегі адамдардың қабылдау реакциясы шапшаң және сөйлемнің басын жақсы есте сақтайды.

 

2 Сананың ауысу кезіндегі сөйлеу тілінің қалпы

         Соңғы уақытта сананың ауысуын зерттей бастады. Сананың ауысқан күйі әртүрлі жасанды жағдайлардың салдарынан болған ағзаның күйі (уыр температурада жұмыс істейтін адамдарда; судың астында, космоста, таудың шығуында) психофармакологияық терапиямен гипнозбен емделген адамдарда және алькогольмен есірткемен қолданатын адамдарда сааның өзгеруі байқалады.

         Д. Спивактің мәліметі бойынша бұндай адамдарды сөйлеу тілі өзгереді. Бұларда лексиконның төмендеуі, қателерді көп жібереді, бір сөзбен айтқанда,санасыз сөйлеуді, сөздерін бақылай алмайды.

 

3 Психопатия кезіндегі сөйлеу тілі

         Ауру адамға сөйлеу тілінің маңызы жоғалады, ол сөйлемдерді үзіп айтады.

         1994ж американдық статистик Ж.К. Ципор қалыпты адамның мәтіні мен ойлау қабілеті зақымдалған адамдардың мәтіндегі айырмашылық көрсетті. Психотриялық гингвистикада жүргізілген жұмыстары көрсеткендей адамның сөйлеу тілі кез келген психологиялық ақаулықтар пайда болғаннан бұзылады. Психопатия және шизофрения күйіндегі адамдардың сөйлеу тілі туралы жұмыстар көп (грек мидың ажырауы), ойдау сферасын және сөйлеуін бұзады, шизофренияның себептерінің бірі тұлғаның коммуникациясының бұзылуы мысалы: жанұядағы қарым-қатынастың бұзылуы.

         Шизофриниктің сөйлеу тілі абстрактілі, эхолалия, вербигерация – мағынасыз бір сөзді айқалап айтады.

         Ойлау қабілетінің кезектілігі жоқ және үзінді, жазған мәтіні түсініксіз. Бұл адамдар кейде дұрыс (саналы) сөйлеуді, кейді ойға симайтын сөздерді айтады.

         Голлюцинация кезінде сөйлеу тілі мағынасыз болады.

         Маниякальді – депрессивті психоз кезіндегі сөйлеу тілінің қалпы туралы еңбектер көп.

         Мания грек – есуастық. Психиатрияда екі мағынасы бар. 1) психикалық күйі шамадан тыс көңілді, зейіні тұрақсыз. 2) паталогиялық ұмтылу, құмарлық (графомания, клептомания).

         Гипоманиакалды тұлғаның сөзі ым-шиарамен жүреді. Сөйлемдерді көбінесе аяқталмайды, өсйлемдер тек бастауыш пен баяндауыштан тұрады және мағынасыз. Маниакальды тұрақсыздық фазада сөйлеу ырғағы көтеріліп, ымдап (жест) сөйлейді.

         Депресия кезінде емделушінің сөйлеуінде үзілістер жиі және көп болады, әсіресе диалогта. Интонациясы төмен, көп сөйлемейді, сөйлемдерді қысқа, бірақ грамматикалық жағы дұрыс бұл ойлау қабілетінің бұзылмағанын айтады.

         Депрессияның соңғы фазасы мүлдем қарым-қатынастан бастарту (мутизм).

         Параноялық психопатия кезінде өзі жәйлі көп айтады, сөздер арасында байланыс болмайды.

         Эпилепсиясен ауыратын адамдардың сөйлеу тілі мен ойлау әрекеттерінің ерекшеліктері – маңыздыдан маңызсызды айыра алмайды, олар көп сөйлейді, қайталағанды қайта қайталайды, ойларын аяқтамайды, орынсыз қанатты сөздер мен мақалдарды айтады,сөйлеу тілінде логикалық байланыс жоқ, дөрекі сөздерді көп қолданады. Эпилепсия кезінде – эхолалия, персеверация, агромматизм, парафазия болады.

         Истероидтың сөйлеу тілі (өтірік) жалған және ымдармен, мимикамен жүреді, орынсыз қатты күледі. Жоғарыда айтылып кеткен ауруларға байланысты мәтіндер түрлерін атап өтуге болады.

         Ашық (светлый) – параноиялық, қою түс (темный) эпилепті, көңілді – маникальді, көңілсіз – депрессивті, әдемі – истероидті қиын, күрделі – шизоидті, аралас түрі бар – маникальді-депрессивті.

 

4 Әртүрлі аурулар кезіндегі сөйлеу тілі

         Соңғы уақытта психолингвистикада өзекті болып Альцгейлер аурумен ауратын адамдардың сөйлеу тілінің жағдайы, өйткені Альцгеймер аурумен ауратын адамдардың саны өсуде. Олар сөйлемдегі бір сөзді қайталайды, бірдей интонациямен айтады. Зерттеулердің нәтижесі көресткендей бұл адамдарда лингвистикалық жағы бұзылмаған (абстрактілі, ұзақ сөздерді түсінеді) есте сақтауы бұзылған.

         Паркисон аурумен ауыратын адамдардың дем алуы бұзылған, сөйлеу тілінің артикуляциясын бұзады. Сөйлегенде үзілістерді көп жасайды. Просодикасы бұзылған. Автоэхолалия байқалады (өзі айтқан сөздерді, буындарды қайталайды).

         Сөзге деген есте сақтау қабілеті жоқ, сөйлегенде өзіне сенімсіз, кейде мутизм болады.

         Қабылдаудың бұзылуы (АDD) сөйлеу тілінің мазмұнын ұзақ уақыт сақтай алмайды. Бұл зерттеулер емдеу үшін қажет.

 

5 Сөйлеу тілінің физиологиялық орталығы

         Сөйлеу тілі адамға интелектің көмегімен ғана пайда болмайды, сөйлеу тілі екі орталықтың Брок және Верник әсерімен пайда болады.

         Француз Поль Брок 1861ж адамның миында сөйлеу тілінің орталығын ашты (кейінірек Брока орталығы артында орналасқан) солақайларда – оң жақта.

          Егер Брок орталығы зақымдалса адам сөзді түсінеді, бірақ сөйлемде сөздерді құрай алмайды.

         Екінші орталық сол жақ жартышардың самай жақта орналасқан. Бұл орталықты 1874ж. нем. ғалымы К. Верник ашты. Верник орталығы зақымдалса басқа адамадардың сөздерін түсінбейді (қабылдамайды). Екі орталық өзара және басқа орталықтармен байланысты қимылдау орталығы (Брок), есту орталығы (Верник)

 

6 Сөйлеу тілінің бұзылыстары

         Сөйлеу тілінің бұзылыстары психикалық, функциялардың жетілмеуінен немесе күрделі органикалық ауықтқулардың себебінен пайда болады.

         Бас миының зақымдануынан сөйлеу тілінің толық немесе жартылай жойылуын А фазия деп атайды. А фазияның көп түрі бар:

         Акустико- гростикалық сенсорлы афазия. Сенсорлы афазияны ең алғаш рет нем. психиаторы вернек сипаттады. Афазияның бұл түрінің ерекшелігі естіген сөзді қабылдау түсінігі бұзылады.

         Акустико- мнестикалық афазия самай миының орталық және артқы тұсындағы бөліктерінің зақымдануынан пайда болады (Лурия А.Р., Цветков Л.С.).

         Естіген сөзін жадында сақтауының бұзылуы афазияның бсақа түрлерінде де байқалады, бірақ бұл кемістік тек акустико-мнестикалық афазияның ғана негізгі ақаулығы.

         Семантикалық афазия басшының жартышарының артқы төбе аймағындағы сөйлеу тілі жөнінен үстемділік (доминантты) орталықтарының зақымдануынан пайда болады. Бір сөздің орнына бүкіл сөйлемді айтады. Ия әдгі жазатын сол қанатты, мақал-мәтелдерді мүлдем түсінбейді.

         Афферентті моторлы афазия – күрделі буындардың құрамын таңдаудың қиындығы, дауыссыз дыбыстарды түсіріп қалдырады. Төн, жаз, мал – т-он, ж-аз, м-ал

         Эфферентті моторлы афазия – орталық ми тамырларының сол жағындағы тармақтарының зақымдалуынан пайда болады. Сөйлеу мүшелерінің бір әрекеттен екінші әрекетке ауысуына мүмкіндік болмауының салдарынан персеверация болады.

         Динамикалық афазия – сөзді қиналып айтатындығы, емін-еркін сөйлеуге мүмкіндігі жоқ. Жеке дыбыстар дұрыс айталыда, бірақ сөйлеу тілінің қызмет қатынасы бұзылады. Сөйлеуінде мәнерлігі жоқ. Динамикалық афазияда оқуымен жазуы сақталған, сөйлеуін қалпына келтіру мақсатында қолданылады.

 

  1. Сөйлеу тілінің ақаулықтары

         Аламия – (грек жоқ, сөйлеймін) Бас ми қабығының сөйлеу тілі аймағындағы іштен немесе баланың жас кезінде болатын органикалық зақымданудың салдарынан сөйлеу тілінің әкетілмей қалуы немесе барлық жүйенің толық амымауынан болатын кемістік. Оның екі түрі бар: моторлы, сенсорлы.

         1) Моторлы аламия – орталық бөліктің органикалық бұзылуының нәтижесінде пайда болады.

         Моторлы аламияға шалдыққан баланың шаршағыштығы ұлғайып, жұмыс істеу қабілеті төмен; сөздерді түсінеді бірақ сөйлей алмайды.

         2) Сенсорлы аламия – бас миының сол жақ жартысының самай аймағының зақымдалуынан болады.

         Өздеріне айтылған сөздердіі мүлдем түсінбейді. Дисфония немесе афания (грек – жақ, дыбыс) дауысқа шамадан тыс салмақ түсуден, қатты қобалжудан болады. 8-10 жаста жиі болады.

         Ринолалия – сөйлеу аппаратының анатомо-физиологиялық ақаулығының салдарынан дауыстың әуезділігі мен дыбыстың дұрыс айтылуының бұзылуы. Сөйлеп тұрған уақытта дыбыстардың айтылуы мен дауыс мұраннан шығады.

         Тұтығу (логоневроз) – сөйлеу тілі ішіндегі ең ауыр түі. Сөйлеу кезіндегі сөйлеу мүлешерінің (ерін, тіл, таңдай), жұтқыншақ, диафрагма бұлшық ерттерінің дірілдеп тартылуы. Тұтығудың екі түрі бар: клоникалық – дыбыс немесе буынды қайталайды.(м-м-мысық) тоникалық – сөз басында немесе ортасында ұзық үзіліс жасайды (кі-та-б)

         Брадилалия – шамадан тыс асықпай сөйлеу

         Тахилилия – шамадан тыс тез сөйлеу

         Дезартрия – сөйлеу мүшелерінің инервациясының жеткіліксіздігіне байланысты сөйлеу тілінің дыбыстардың айтылу кемістігі. Сол ауруына шалдыққан балаларда жиі кездеседі.

         Дислалия – (грек – бұзылу, сөйлеу) Есту қабілеті дұрыс және сөйлеу тілі аппаратының инервациясы сақталған қалпында сөйлеу тіліндегі дыбыстарының айтылуының бұзылуы. Көбінесе ысқырлық [С], [З], [Ц], ызық [Ш], [Ж], [Ч], [Щ] және санорлы [Р], [Л] дыбыстары бұзылады. Есту қабілеті төмен балалардың сөйлеу тілі.

         Балалардың сөйлеу тілінің дамуына оның толық жетілуіне есті қабілеті шешуші қызмет атқарады. Есту қабілетінің тағы бір үлкен қызметі, ол естудің жәрдемімен өзінің сөйлеу тілін бақылап қана қоймай оны айналасындағылардың сөйлеу тілімен салыстыруға да мүмкіндігі болады.

         Сөйлеу тілінің ауытқуларын зерттеп және алдын алатын арнайы педагогиканың бір саласы логопедия (грек – сөз, тәрбиелеу)

 

8 Саңырау  — мылқаулардың сөйлеу тілі

         Сөйлеу тілі әрекетінің нейролингвистикалық және патологиялық зерттеулер жүргізілді. Бұл зерттеулерді мылқауларға, саңыраумылқауларға, көр және саңыраумылқауларға жүргізілді.

         Мылқаулық – сөйлеу тілінің мүлдем жоқ болуы.

         Сауыраумылқаулық – сөйлеу тілімен есту қабілетінің жоқ болуы.

         Көр және саңыраумылқаулық – көру және есту қабілеттерінің бұзылу салдарынан сөйлеу тілінің бұзылуы.

         Көру және есту қабілеті ерте жаста бұзылса бұл тек сөйлеу тілінің ақаулығына ғана емес сонымен ақыл ойының дамуына әсер етеді. арнайы оқу арқылы біз адамдаңдың сөйлеу тілін түсінумен, қоғамда өзін ұстауын үйретеміз. Ең алғаш мылқаулармен ым-ишара арқылы қарым-қатынасқа түседі.

         Ымдап сөйлеу – мимика және қол арқылы  жүзеге асырылады, бұл зат пен әрекетті білдіреді. Ым – ишара аймақ бойынша бөлінеді.

         Дактильді сөйлеу – транслитерация. Кез келген тілдегі сөздерді әріппен белгілеу. Есту қабілеті зақымдалғандар ауызша сөйлеу тілін еріннің қимылынан оқи алады. Ал көру қабілеті зақымдалғандар Брайль шрифін қолданады. психолингвистика әртүрлі ауытқулардың салдарынан сөйлеу тілінің бұзылыстарын емдеуге, алдын алуға көмектеседі.