Педагогикалық шеберлік
Жоспар
- Педагогикалық шеберлікті мәдениетпен ұштастыру
- Педагогтың кәсіби біліктілігінің көрсеткіші
- Жаңашыл педагогтардың әдістері
Педагогтің білім мен ақпаратты тасымалдаушы ғана болуы бүгінгі күнде жеткіліксіз. Ендеше бүгінгі мұғалім жоғары педагогикалық және психололық мәдениетті меңгеруі міндетті.
Психологиялық мәдениетке адамның психологиялық саулығы мен өзін-өзі және басқа адамды тануы, өзін-өзі ұстау және карым-қатынас жасау мәдениеті жатады. Психологиялық құзырлылыққа педагогикалық іс-әрекеттің кәсіби міндетті шешуге қажетті психологиялық білімі мен іскерлік кешені кіреді. Ал адамның өзін-өзі таныта білу іскерлігі қоғамда аса маңызды.
Мұғалімдер шеберлігін арттыру мәселесі қай кезде болсын педагогика ғылымында алдыңғы орында тұрғандығы белгілі. Оны зерттеушілер еңбектерінен айқын аңғаруға болады. Мәселен, мұғалім қызметі формалары мен түрлі әдіс-тәсілі С.Гусев, П.Груздев, С.Иванов, А.Моиссев, М.Рубинштейіннің, педагогикалық іс-әрекетттің ғылыми негіздері Н.Александров, В.Ильин, И.Огородников, А. Пискунов, Н.Кузьмина және т.б. зерттеулерінде кеңірек орын алған.
Қазіргі таңда да осы мәселе төңірегінде зерттеу жұмыстары қызу жүргізілуде (О.Абдуллина, Б.Айтмамбетова, В.Сластенин А.Щербаков, Н.Хмель және басқалар).
Педагогикалық іс-әрекет мәнін ашуда біз, ең алдымен мұғалімнің кәсіби іс-әрекеті мен жалпы іс-әрекет мәселесіне назар аударғанымыз жөн. Бұл іс-әрекеттің жалпы теориясы М.Демин, Н.Гордеева, Б.Зинченко, Г.Батищев, М.Каган, А.Леонтьев, т.б. ғалымдардың еңбектерінде қарастырылады.
Дүниені танудың алғашқы түрі ғылыммен көрсетілсе, екіншісі мәдениетпен анықтайды. Білім беру жүйесінің маңызды мәселесі ретінде көптеген ғалымдар болашақ мұғалімдердің мәдениеттанымдық дайындығын алға тартады. Өйткені, педагогака ғылым мен мәдениетті негіз ретінде алып қарастырады, себебі, арнайы зерттеулер мамандардың жоғары дәрежедегі іс-әрекетін, біріншіден, оның мәдениеттілігіне байланысты деп санайды.
Екіншіден, оқу үрдісі тек арнайы кәсіптік білім алу емес, қазіргі мәдениетке сай өмір сүруіне, тәрбиеленуіне байланысты болады дейді ғалымдар пікірінше.
Үшіншіден, қазіргі маман — ол ойлау жүйесі жетілген, қоғам мәселесіне байланысты өз пікірі бар, қарым-қатынас жасай алатын мәдениеті тұлға.
Төртіншіден, көптеген ғалымдар адамның рухани сезімін қалыптастыру үшін қазіргі әлем мен отандық мәдениетке бейімделу керек деп есептейді.
Бесіншіден, болашақ мұғалімдерді дайындау мақсатында алдымен мәденит-танымдық дайындығын көтеру үшін «жалпы мәдеииет деген не?» деген сұраққа жауап іздеуіміз керек. Қазіргі ғылымда нақтылы мәдениеттің анықтамасы қалыптасқан жоқ. Себебі, мәдениет жан-жақты қарастыруды керек ететін ілім. Ал философияда бірнеше пікір қалыптасқан. А.3дравомыслов, А.Ядов, О.Дробницкий мәдениет тұлғаның іс-әрекетін қалыптастыратын әмбебап механизм деген анықтама берсе, мәдениет — материалдық және рухаии құндылықтар жиынтығы деген пікірді В.Пираринов, Ю.Ефимов, И.Громов, ААрнольдов, Н.Чавчавадзе, т.б. білдірген. Ал мәдениет — қоғамдық өмірдің әлеуметтік және рухани ортасында тұлғаның шығармадылық қырын көрсетеді деген ойды В.Библер, Н.Злобин, АЛеонтьев, И.Ильясова айтып жүр. Э.Маркаряннің пікірінше, мәдениетті жасайтын күш. Белгілі американ психолог-гумаиисі А.Маслоу «мәдениет біздің психологиялық және биологиялық табиғатымызға өте жақын, сондықтан оқытудың негізі ретінде қарау керек » дейді.
Сонымен, мәдениет деген не? Мәдениет пен өркениттіліктің өзара байланысы қандай? Мәдениет — адам әрекетінің, саналы қызметінің көрінісі. Олай болса, сол әрекеттің қызмет нәтижелері де мәдениет дәрежесін паш етеді. Мәдениет адамсыз жаралмайды. Адамның дамуы мәдениетке тікелей байланысты.
Мәдениетті түсіну үшін тарихи дәуірді білу, сол қоғамдагы өндірістік катынастардың қандай болғанын анықтау, өмір салты мен рухани дүниесі қандай ерекшеліктермен анықталатынын ажырата білу қажет. Ендеше мәдениетті адамның іс-әрекетін оның қоғамдағы қызметінен бөліп алып қарау мүмкін емес.
Б.Ананьев «өмірде әрбір индивидке қажетті ойын, оқу, еңбек әрекеттері» десе. Ә.Алдамұратов «Іс-әрекет деп адамның белгілі бір мұқтаждығын қанағаттандыруға арналған белсенді қылықтары» дейді. Сондай-ақ, оқу үрдісін әрекет тұрғысынан зерттеушілер де (П.Гальперин, Ф.Талызина, А.Маркова, Г.Щукина, т.б.) оқу әрекетінің жоғары деңгейде ұйымдастырылып, көздеген нәтижеге жетуі тек қана оқу мотивтерінің дұрыс тәрбиеленуімен байланысты болатынын тұжырымдайды.
Оқу әрекетін дұрыс қалыптастыру үшін оның өзіне тән ерекшеліктері мен құрылымын, оқушыны дамытудағы атқаратын қызметін білу керек. Оқу әрекетінің өзге әрекет түрлерінен ең басты өзгешелігі: оқушының үнемі «жаңа дүниеге енуімен», әрбір жаңа әрекеттің бөліктерін игерумен, әрдайым оның бірінен екіншісіне ауысып отыруымен байланысты.
Маманның кәсіби-тұлғалық дамуы деңгейінің бес негізгі критерийі бар: руханилық, кәсіби-біліктілік, кәсіби әрекетке операциялық-технологиялық дайындығы шығармашылық белсенділік және бейімделу қабілеттілігі. Рухани көрсеткіштер мына төмендегілер:
— кәсіби-әрекетке саналы қызығу;
— қарым-қатынас жасай білу, айналасындағылармен араласу;
— адамдарды түсіне білуі;
— адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру (ар-намыс, борыш, жауапкершілік);
— сөзі мен ісі арасындағы байланыс;
— рухани құндылықтарды бағалау. Кәсіби-біліктілігінің көрсеткішіне жататындар:
— болжам жасау қабілеттілігі (жұмысын жоспарлау, қиындықтарының алдын алу, т.б);
— әрекетінің жетістігі;
— әрекетінің саналы деңгейі ғылыми негізде жұмыс жасау);
— стратегиялық, тактикалық міндеттерін белгілеу;
— кәсіби әрекетте түрлі әдістемелерді қолдана білу шеберлігі;
— күрделі кәсіби міндеттерді шеше білу;
— әрекеттің мақсаттылық деңгейі;
— түрлі әдістемелер мен технологиялармен жұмыс істей білу;
зерттеу жүргізе білу дағдысы;
- студенттің тілін дамыту;
— ұйымдастыру қабілеті.
Шығармашылық белсенділік көрсеткішіне мыналар жатады:
— кәсіби әрекетте шығармашылық элементтерін қолдану;
— шығармашылық материалының күрделі деңгейі;
— өз шығармашылығын балаларға үйрете білу;
— балалардың шығармашылық қабілетін дамыта білу.
Кәсіби әрекеттер жасау адамның біліктілігін кеңейтеді. Мұғалімнің өзін және әрекетін типтік құбылыс ретінде қарастыруға болады. Қызметіндегі ролін жоғары бағалап, өзін соның бір бөлігімін деп сезінетін адамдар өте жиі кездеседі. Олар бар міндетін өз мойынына жүктеп, біртұтас, бөліп қарауға болмайтын үрдіс ретінде қабылдайды. Мысалы, оқытушы кәсіби иәтижеге жету үшін пәнді күшейту негізінде белгілі бір күш жұмсап, оқушыларға бақылау жүргізу қажет. Ол өзін «Бағалаушы» және «Сот» рөлінде көрсетіп, «Білімдар» имиджін әрқашан қорғауы керек. Бұл әдіс әр мұғалімге сәйкес келе бермеуі де мүмкіи. Бірақ ол өз имиджін қорғай алуы тиіс.
Белгілі ағылшын психологі Эверст Шостромның ойынша «Қазіргі заманда адам өзінің шексіз әдіс-тәсілдерінің нәтижесінде өзін шығармашылық жағынан және тілші көрсете алады. Бірақ, өткенді тежеп, болашақты қауіпсіздендіруге әлі мүмкіншілік аз деген ой айтқан. Демек, әр адам белгілі дәрежеде манипулятор бола алады. Алайда, ізгіліктік психологияда маниуляторлыққа қарсы да әлеует бар. Мұны А.Маслоу, кейінірек К.Гольдштейн «Өзін-өзі актуалдандыру» деп бекіткен. Мұғалімнің кәсіби манипуляторлықты қолдануы психологияда қорғану тәсілі делінеді. Ол ой-тілегін, ұсынысын еркін білдіруге, дамуына, өмірдің әдемілігі мен сан түрлілігін толығымен сезінуіне шек қояды. Психологтердің көпшілігі “өзін бағыттай бақылай алған адам — өзгере алу еркіндігі дамыған, сәтсіз кезеңді мерекеге айналдыра алатын адам» дейді. Еркіндіктің және озін актуалдандырудың алғашқы қадамы — өз әрекеттерін саналы түрде түсіне білу. Адам өмірге келе сала тәртіптеуші, амал табушы қасиетке ие болмайды, ол қасисттерді кәсіби орта, көпшілік шыңдайды.
Ф. Перлздің айтуынша, адамның өзін және қоршаған ортасын қорғауына қайшылықтарға жиі кездеседі. Мұнда өзіне және өзгеге деген сенімсіздік мәселесі туады. Баланы қатал бақылап, сан қайтара тексеру шектен тыс болған жағдайда өзіне деген сенімсіздік күшейеді. Ондай адам өзінен беделі жоғары адамнан қолдау іздейді.
Екінші себепті анықтаған Э.Фромм адамға тән қасиет — махаббат деп есептейді. Адам өзін-өзі сүйе білмесе, ол өзгені сүйе де, түсіне де алмайды. Өзін сүюі -өзінің әлсіз жақтарын, кемшілігіне дұрыс көзқараспен қарауы. Біз қиял қуып, қызылға қызығу салдарынан өзімізді де, өзгені де түсінбеушілікке тап болуымыз ықтимал. Осыған ұшыраған мұғалім үмітсіз болады әрі шәкіртін де дұрыс баули алмайды.
Үшіншісі, экзистенциялды мәселе — ол жалғыздықтан қорқу- Дж.Буженталь мұндай жағдайда адам өзін өмірдегі ең әлсіз, ең жалғыз адамдай сезінеді дегенді айтады.
Төртінші себебі — қиындықтан қорқу. Бұл мәселені Э.Берн, Дж.Хейли, В. Глассер шығармаларында көп көңіл бөлінген. Қиындықтан қашқан кез келген адам еш әрекет қолданбай, шешімге келе алмай, тәжірибе жасап көруге тырыспай-ақ үнсіз жүре беруге бар.
Бесіншісі — манипуляция. «Бұл әдіс логикасыз әрекеттер » дейді Альберт Элллис. Оған беделін студенттер алдында түсіргісі келмейтін оқьпушы мысал бола алады. Бірақ, барлық студенттер көзқарасы бірдей болуы мүмкін емес. Дегенмен сыйластық өзара қайтарымымен болса, онда осы нәтижеге жеткен оқытушының ісі әлде қайда жемісті болады.
Ақылдылыққа, сабырлылыққа еңбектенбей қол жеткізу мүмкін емес. Өзін актуалдандыру үшін адам, ең алдымен, «Мен» және оның барлық қасиетін талдап, бағалай алуы қажет.
Жаңашыл педагогтердің әдістері тәжірибелік және теориялық педагогикада қаншалықты сенімді әрі маңызды болғанымсн, әлі де жете түсінікті емес, елестету қиын. Зерттеулердің нәтижесі арқылы педагогикалық шеберлік пен ғылими заңдылықтарды және алдыңғы қатарлы педагогтердің тәжірибелерін қолдану бірегей екенін көруге болады. Педагогикалык шеберлік не деген сауалға көптеген авторлар жауапты жемісті нәтижеге жеткен педагогтердің еңбектерінен іздейді.
Қазіргі заманда оқыту мен тәрбиелеу теориясы мынадай жалпы ғылыми және жалпы әдіснамалық ұстанымдарға негізделеді: ғылымилық адамгершілік, диалектикалық теория мен жүйелілік, саналылық, қол жетерлік тәжірибелердің байланысы. Осы тәжірибелердің тексерілген ұстанымдық талдауына сүйенсек, оқытушы мен тәрбиелеу, қарым-қатынас пен жекелену педагогикалық шеберліктің білімін және басқа да заңдылықтар мен сабақтастығындағы ерекше қасиет. Бірақ бұл заңдылықтар өздігінен шеберлікке ие болу жолдарын көрсетпейді және оның негізгі мінездемесі болып табылмайды. Толық жауап алу үшін психологиялық-педагогикалық теориялар мен тәжірибелер жетістіктеріне терең талдау қажет. Б.Скиннердің айтуынша, «Үйрету технологиясы — психология жетістіктерін педагогикада қолдану». Оқытудағы жаңа технологияның нығаюы тұлғалық қызметтің педагогикалық ықпал етуімен тығыз байланысты. Мұндай ықпал ету белгілі мағынада әрекетшіл және өзіндік парадигмаларды педагогикалық психологияда теңестіреді.
Өмір педагогиканың алдына ұстанымдық жаңа мәселелерді ұсынады. Фрейдтың шәкірттері Вильгельм Рейх, кейінірек Фредерик Перлз адам ішкі
жан дүниесіндегі қайшылықтарды жеңіп шығуы қиындықтан құтылудағы, өзгеруге тырысуындағы үрдіс болып табылады деп тұжырымдаған. Адам қиындыққа ұшыраса не қауіп төнсе уайымға беріледі. Яғни төнген қатерді аса әсірелеп, күшейтіп жеткізу адамның қорғану әрекеттеріне шек қояды.
Мұғалімнің өзін-өзі актуалдандыруындағы әрекеті өз талабы мен әлеуеттік мүмкіншілігіне негізделген. Өйткені, ол өзін дамыту, тәжірибелерін кеңейту арқылы өз білімін көтеріп, білгенін өзгеге сіңіреді. Осы тұрғыдап алғанда, тұлғалық өсу заңдылығы өзін-өзі актуалдандыру және қорғау, манипуляциялау қасиеттерін дамытудың балама жолдарын ұсынады:
— адекватты қабылдауға тырысу, құштар болу;
— өз бойыңа табиғилық, өзгергіштік қасиеттер дамыту;
— өзіңді де, өзгені де сынаусыз қабылдай алу, философиялық көзқарас пен қалжыңды таразылай білу;
— мүмкіншілігіне еркін жүруге, өз ойыңа және сезіміңе сенімді болуға, өзіңнің алдыңда адал болып, әр нәрсеге жауапкершілікпен қарай білуге тырысу керек;
— өз шығармашылық қасиеттеріңді дамытып, мұқтаждығың мен қалауыңа мұқият болу қажет;
— күресе білу, жинақылық, амал таба білу сияқты қорғану қасиеттерін танып білу, сезіну;
— өзгемен бірлесе алу, оның өзіндік құқығын сыйлау, яғни өзіңді тең санау қасиеттерін дамыту.
Педагогикалық білім беруде оқыту мен тәрбиелеу технологиясына руханилылық қосылмаса, онда күйреуге ұшырайды. Педагогикалық мәдениеттің прагматикалық және руханилылық бөліктерінің арасында органикалық байланыс бар. Педагогикалық еңбек адамның мәдениетті жасау мен дамытуда өз үлесін қосуына тікелей байланысты болады.
Педагогтің жеке-дара мәдениеті — тұлға әлемі. Мұғалім мәдениеті өзін-өзі жетілдіру үшін педагогикалық еңбектің мақсатын және оларға жету тәсілдерін еркін таңдауға мүмкіндік беретін кәсіби іс-әрекет пен өзіндік сана-сезім негізінде қаланады, іс-әрскетін кәсіби және интеллектуалды тәжірибесін меңгеру жағдайында туындайды.
Кәсіби мәдениет — еңбек нәтижссі мен адамзаттың жалпы мәдениетінің өнімі. Тұлғалық мәдениет дегеніміз, әлеуметтік іс-әрекеттің әр түрлі формалары арқылы әлеуметтік шараларды ережеге сәйкес өзін-өзі жүзеге асыруы, ал білім беру жүйесінде педагогтің қызметтік мәртебесіне барабар. Мұғалім-кәсіпкердің әлеуетті құндылығы осы мәдениеттің кірігуі мен тұтастығын қамтамасыз етеді. Мәдениет өзін-өзі реттеу негізінде әлеуметтік-кәсіби ортада қалыптасып дамиды.
Пайдаланылған әдебиеттер
- С.Қалиев., Ш.Майғаранова., Г.Нысанбаева., А.Бейсенбаева “Оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамытудың педагогикалық негіздері” Алматы “Білім” 2001 221 -бет.
- С.Ш.Әбенбаев “Сынып жетекшісі” Алматы “Дарын” 2004 204 -бет.
- З.А. “Психологические основы профессионального обучения. Москва 1985
- Е.И.Машбиц “Психологические основы управления учебной деятельности. Киев 1987 224-бет.