Психологиялық эксперимент жүргізу кезеңдері
Эксперимент – психологиядағы негізгі зерттеу әдісі болып табылады. Эксперименттің (зертханалық зерттеудін) қолданыла бастағанына бір ғасырдам астам уақыт өтті. Эксперименттің басқа әдістерден маңызды артықшылығы-зерттеушіннің керекті құбылыстардың көрініс беруін тосып отырмай, оны өзі туғызатындығында. Эксперименттің зертханалық және табиғи эксперимент деп екі түрге бөлінеді.
Зерттеу алдында тұрған міндеттеріне байланысты және зерртеу кезеңіне байланысты экспериментті жүргізудің келесі кезеңдері анықталған:
I.кезеңде зертеуші өз пәні бойынша бұрын жзазылған әдебиеттерге шолу жасап,қай тақырып бойынша озат тәжіриеден алынған оқу тәрбие үлгілері бар екенін анықтап,оларды қолданады,егер білім сапасы котерілмесе,онда оқушының қандай жеке тұлғалық сапаларын өзгерту керектігін анықтап,іс-шараларды жоспарын жасайды.
II.кезең Экспериментке дайындық
Бұл кезеңдегі зерттеушінің міндеттері:
1.Экспериментке қатысатын оқушылардың санын анықтау.
2.Эксперимент өтетін мектепті,сыныпты таңдап алу.
3.Эксперименттің кезеңдерін белгілеу
4.Оқушылармен әңгімелесу.
5.Сынып туралы пән мұғалімдерінің пікірін білу.
6.Жаңа әдістеменің жарамдылығын білу үшін зертханалық эксперимент өткізу.
7.Оқушылардың үлгерімінде және тәртібінде болған оң өзгерістерді айтуға негіз болатын өлшемдерді белгілеу.
III.кезең Экспериментті өткізу
Эксперимент өтетін сынып оқушылардың бастапқы деңгейін білу үшін пән мұғалімінің сабағын бакқылау,оқушылардың іс-әрекетін,реакцияларын күнделікке жазу,кемшіліктерін анықтау,өз қорытындыларының шындыққа сәйкестігін білу үшін мұғаліммен әңгімелесу,мұғалімнен балалар туралы ақпарат алу,т.б. жұмыстар жүреді.Оқушылардың белгілі бір сапасын:зейінділігін,есте сақтау қабілетін,тәртібін,т.б.қалыптастыру үшін шаралар жүйесін жоспарлап,мұғалімдер семинарына қатысу,жаңа технологиялар бойынша сабақ беру,не тәрбиелік іс шара өткізу,оқушылардың білім деңгейлерін,тәртібін,сабаққа қатысын,т.б.бақылау өткізу.
IV.кезең.Эксперименттің нәтижелері мен гиптезасын салыстыру.
Эксперимент оның нәтижелерін талдаумен аяқөталады.Талдау кезінде гипотезаның дұрыс және қате жерлері айтылады.Ол үшін зерттеуші өзінің жетістігін эксперименттің басындағы оқушылардың деңгейімен салыстырады.Егер нәтиже бұрынғыдан да төмендесе,онда эксперименттің пайдасының жоқ болғаны.Ал оқушылаердың 80-90% деңгейі жоғары болса,онда эксперименттің пайдасы бар.
Оқушылардың кемшілігінің 10-20% жеке жұмыстар арқылы жоюға болады.
Экспериментке кеткен уақыт рұқсат етілген нормаларға сәйкес болса,онда эксперимент дұрыс.Нәтижелерді талдаудың маңызды элементі-ғылымға,тәжірибеге кеңес беріп,қорытындыларды қай жерлерде қолдануға болатындығын айту.
Әрбір эксперименттің мақсаты-зерттелетін тақырыптың сипаты мен мазмұнына,ал мерзімі-мақсатына байланысты.
Эксперимент басқа ғылыми-зерттеу әдістеріне қарғанда жақсы нәтиже береді.Бірақ,эксперименттің барысында ғылымиматериалдарды толықтырып жинақтау үшін бақылау,әңгіме,құжаттармен танысу сияқты зерттеу әдістері де қолданылады.Сонымен бірге,зерттеу барысында техникалық құралдардың да кеңінен пайдаланғаны жөн.
Айқындау экспериментті зерттеуші объектінің қалыптасқан тәжірбиедегі мінездемелерін анықтауға, зерттелінетін қасиеттердің көрніс беру деңгейін бағалауға арналған;
Пилотажды зерттеу (немесе байқап көру) эксперименті, онның алдында тұрған міндетті, эксперименттің қаншалықты жақсы дайындалғанын, тақырыптың дұрыс анықталғанның, зерттеу үшін анықталған әдістерді апробациядан өткізу, жиналған материалдарды талдау үшін пайдаланылатын шкалаларды және математикалық-статистикалық өңдеу жолдарын нақтылау. Пилотажды зерттеу барысанда қанша адамдарды қамтып, қай бағыттағы зерттеу жұмыстарын тереңірек жүргізу қажет екендігін дәлірек анықталады. Сонымен қатар зерттелуніші топ, байқау топ құрамы, немесе көрсеткіштердің өзгергенін немен салыстырып бағалау жолдары нақтыланылады.
Зерттеу нәтижесін бағалау үшін зерттеумен қамтылған диапазондағы зерттелунішілердің көрсеткіштерін салыстырмалы түрде бағалау (рейтинг) шкаласы анықталып, ол шкалада неше көрсеткіш (фактор, тип, коэфицент, немесе басқа бағлау жолдары) нақты анықталады.
Пилотаждық эксперимент оң нәтиже көрсетсе, эксперименттің негізгі кезеңі жүргізіледі. Негізгі эксперимент барысында гипотезаның барлық баптарын дәлелдейтін материалдар жинақталады. Жиналған мәліметтер ретке келтіріліп, сыныптастырылып, олар кесте, график, диаграмма, циклограммаға түсіріліп, олардың әрқайсысына түсіндіру мәтіні беріледі. Егер эксперимент нәтижесі сандық емес, сапалық көрсеткіштермен сипатталатын болса, олр жүйеге келтіріліп, сыныптастырылып, логикалық тұжырымдама жасалады. Эксперимент нәтижесі бойынша ұсыныстар жасалынады.
Экспериментті жүргізу логикасы.
Эксперименталдық зерттеу барысында ғылыми білімдер ашылады немесе анықталған ғылыми білімдер жүйеге келтіріледі. Ғылым – объективті ақитқа жетуге, заңдылықтарды бейнелеуге және алдын ала болжауға арналған, жүйелі түрде құралған білімнің жоғары формасы. Осы заманғы ғылымның тууы ғылыми зерттеудің, эксперименттің практикаға енгізілуіні байланысты. Осы заманғы ғылымның тууы ғылыми зерттеудің, эксперименттің нәтижелерін тәжірбиеге енгізілуіне байланысты болып отыр.
Ғылыми білімді талдап, ретке келтіруге логикалық Формальдық пайданылады. Логика дегеніміз дұрыс ойлау, ой жүгірту. (Ежелгі логика үш құрамды бөліктен тұрған:(онтологиялық-объективті болмыс заттарының бірізділігін, байланыстынылығын көрсететін, гносеологикалық таным процессінің бірізділігі, логиканың нақты өзі – дәлелдеу немесе жоққа шығару).
Зерттеу барысында логиканың формальдық және диалектикалық тқрлері кеңінен пайдалыналанады.
Диалектикалық логика элементтерін пайдалана отрып психикалық қасиеттердің барлығы бәр-біріне тәуелді байланыста екенін ескере отырып зерттеу жүргізіледі.
Формальдық немесе математикалық логиканың элементтерін барлық ғылыми зерттеуде кеңінен пайдаланылады. Формальдық жүйе келесі элементтерден тұрады:
1.Формальдық тіл: қасиеттерді қандай көрсеткіштермен бағалаймыз және ол көрсеткіштерді қалай атаймыз,бұлардың барлығы эксперименттің формальдық тілі болып табылады.
2.Зерттеу нәтижесінің дәлелдігін көрсететін формулалар, графикте және басқа көрсеткіштер.
3.Шкалаларды анықтау (формальмальды түрде шартты түрде қандай көрсеткіштерді норма, ал қандай көрсеткіштерді ауқу деп есесптейміз).
Формальдық логика аппаратын қолданудың практикалық пайдасы зор. Қазіргі кезде оны пайдаланбайтын ешбір ғылы салаласы жоқ. Мұндай зерттеу адамның кейбір іс-әрекет функциясын мащинаға жуктеуді жүзеге асыру үшін де қажет. Бірақ та формальды логиканың ғылыми білімді зерттеудегі ролін асара бағалап, оны ғылымның бірден-бір логикалық негізі деуге болмайды. Ол ғылымды белгілі бір бағыттағана қарайды. Білім жүйесі ретінде ғылымға талдау жасағанда формальды логика тұрғысынан шешілмейтін басқа философиялық мәселелер туындайды. Олар объективтік шындыққа қатысы, оның генезисі, ақиқаттығы және т.б. Мұндай мәселелер танымың логикасы мен теориясы болып табылатын диалектика тұрғысынан қарағанда ғана тоглық шешімін табады. Диалектиканың заңдары мен категориялары – адам танымы мен практикасының қортынды жиынтығы. Ол адам ойының ақитқа, жаңа ғылыми жетістіктерге қараі дамуын бағыттап, реттейтін логикалық форма – ғылыми ойдың қағидалары (ережелер, анықтамалар). Мысалы, жеке тұлға анықтамасы:
1.Жеке адам құрылғысын зерттеу эксперименталдық психолгиядағы өзекті мәселелердің бірі болып есептеледі. Сондықтан XIX ғасырдың аяғынан бастап бұл мәселе жан-жақты зерттелуде. АҚШ ғалымы Олпорт 1949 жылы жеке адамға берілген анықтамаларды жүйеге келтіріп, 50 анықтамасы бар екненін көрсеткен. Ол өз анықтамысын берген:
Жеке адам – инивидтің ішіндегі мотивацияларын жүйеге келтірген, динамикалы, сыртқы ортаменқарым қатынасы ерекше ұйымдастырылған жүйе деп анақтатаған.
Ж.Пиаже эксперименталдық психологияда қолданылатын анықтамасын ұсынған. Оның ілімі бойынша жеке адам дегеніміз – тек сол адамды сипаттайтын психологиялық көрсеткіштердің сапалық белгілер жиынтығы. К.Платонов «жеке адам – сана иесі» деп қысқа тұжырымдама жасаған.
Ришар Мейли бұл анықтамаларда жеке адам құрлысы көрсетілмеген деп, анықтамада жекелік қасиеттердің түбірі көрсетілуі керек деп тапқан.
2.Бұл анықтамалардың ішінде тек Платонов нағыз адамдық қасиеттердің ортақ көрсеткішін тауып, оны сана деп отыр. Басқа зерттеушілер әр адам тек өзіне тән өте терең жекелік көрсеткіштермен мнезделінетінін анықтайды.
Диалектикалық логика тұрғысынан ғана ғылыми таным процессін дұрыс түсініп, ғылымның даму заңдылықтарын айқындау,ғымлыми-зерттеу әдістерінің ролі мен міндетін анықтау мүмкін.Диалектика білімді жалпы таным дамуының бір кезеңі ретінде қарастырады.Жеке адамның анықтамасында ең үлкен пікір талас тудыратын мәселе екекндігін келкесі қағидаға байланысты:табиғи және әлеуметтік факторлардың қайсысы адамдық белгі береді?
Сонда жеке адам формуласы:
Жеке адам = әлеуметтік + жекелік
Немесе жеке адам = жекелік + әлеуметтік
Жеке адамтермині кең мағынада қолданғанда оған сипаттама беру үшін келесі үш аспектісіне ерекше көңіл аудару керектігін Пиаже көрсеткен олар:
I.Мотивация – адамның іс әрекетінде және мінез құлқында тұрақты көрініс беруге түрткі болатын, оған бағыт беретін, белсеңділігін қамтамасыз ететін түрткілер мен себептер.
II.Темперамент – психикалық адам табиғатына (генотипіне) байланысты барлық психикалық процесстерінің динамикасының көрсеткіштері.
III.Қабілеттік – адамның білім мен іскерлікті тез меңгеріп, оны іс-әректті ұймдастыруға тиімді қолдануы.
Осы үш жекелік психиклық қасиет жеке адамның психикасының үш аспектісі болып есептеледі.Өйткені бұл қасиеттер жек адамның ең тұрақты,құрамды бөліктері болып табылады.Ұзақ уақыт жүргізілген лонгитюд талдау барысыында дәлелденген.
Ең тұрақты-психикалық процестер динамикасы да тұрақты.Өйткені ол анатомиялық-физиологиялық қасиеттерімен,ерекшеліктерімен байланысты.Сондықтан темперамент адамның реактивтігінің көрсеткіші,экстроверсия-интроверсия онша өзгермейтін қасиет жатады.Ал мотивация мен қабілеттілік әлеуметтік ортаның ерекшіліктеріне байланысты өзгеріп тұрады.
Формальды логика дайын қалыптасқан білімді оның түп нұсқасының негізінен айырып алып қарайтын болса,диалектикалық логика керісінше білімнің қайнар көзін,даму бағытын,оның түп нұсқасы мен негізін,табиғатын айқындайды.
Бұл ерекшіліктер жеке адам туралы теорияларда орын алған.Ол теориялар келесі:
1.Психодинамикалық теория.
2.Социодинамикалық теория.
3.Гуманистік теория.
Бұл теориялардың барлығы жеке адам деген ұғымды кең мағынада қолданғанда ол темперамент,қабілеттілік және мотивация деген психикалық қасиеттердің басын қосады.Бұл үш корсеткіш жеке адамды сипаттайтын үш аспект болып есептеледі.
Адамның іс-әрекетінің қай түрін алып қарасақта ол үш құрамды бөліктен тұрады:
1.Іс-әрекеті орындау жылдамдығы,динамикасы,қайталанудыцң жиілігі және қарқындылығы.Бұл-темперамент көрсеткіштері.
2.Іс-әрекеті ұйымдастыруға қолданған құрал-жабдықтар және іс-әрекетті ұйымдастыру механизмі.Бұл -қабілеттіліктің көрсеткіші.
3.Іс-әрекеттің мақсаты мен пайда болу себебі,оның мәні мен маңызын аныықтау.Бұл-мотивация көрсеткіштері.
Осы үш аспект бір-бірімен тығыз байланысты және детерменизм ұстанымы бойынша жеке адамның негізін құрайтын тұрақтылықпен байланысты.Басқа психскалық қасиеттер құбылмалы және көп көріністе болатындықтан жеке адамның жан-дүниесінің құрылысы ретінде осы үш аспект қарастырылады.Осы үш аспектіні эксперименталдық зерттеуде негізгі көрсеткіштер ретінде жан-жақты зерттелінеді.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1.Нұрмұхамбетова Т.Р «Тәжірибелік Психология» III-том Шымкент
2008 ж
2.Намазбаева Ж.И «Психология» Алматы 2005 ж