АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Реферат. Радиоактивтілік

 

 

 

 

Жоспар:

 

 

    I.Кіріспе (Радиоактивтіліктің ашылу тарихынан)                    3-5                            

  1. Негізгі бөлім
  2. Радиацияның әсері, пайдалы және зиян жақтары. 7-11
  3. Халықаралық радиациядан қорғау ұйымдар. 12
  4. Радицияның ағзаға түсу жолдары және

         әсерлері.                                                                                 13-15

  1. Қазақстандағы радиоактивті ластану проблемасы. 19-22

 Қорытынды.                                                                                   23-24    Пайдаланған           әдебиеттер.                                                           25

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Кіріспе.

 

     Радиоактивтілік – адам өміріндегі маңызды орын алатын үлкен ғылым жаңалығы болып табылады. Ал бұл құбылыстың ғылымдағы маңызды қаншалықты зор болса, оның ағзаға, табиғат пен қоршаған ортаға, жер бетіндегі  барлық тіршілік иелеріне келтіретін зиянының да бар екенін ұмытпау керек.

    Немістің атақты оқымыстысы Вильям Конрад Рентген физика институтының және Вюрцбург Университетінің физика кафедрасын басқарып жүрген кезінде өте тамаша жаңалықтың иесі болды. Ол бұл кезде елу жаста болатын. Оның тәжірибе жүргізетін зертханасы өзі тұрған бөлменің төменгі қабатына орналасқан болатын. 1895 жылдың 8-қарашасында тәжірибе ұзаққа созылып, әдеттегіден кеш аяқталды. Бөлменің шамын сөндіргенде қараңғы үйдің ішінде плптина-синеродистый барий кристалынан бөлініп шыққан жасыл түсті сәулені көрді. Оның сәулелену себебін білу үшін жан-жағына қараса, криталға жақын тұрған қара қағазбен оралған жоғары кернеу тогымен жұмыс істейтін Круксова трупкасын сөндіруді ұмытып кеткен екен. Трупканы сөндірісімен, сәулелену жоқ болып кетті, ал жаққанда сәулелену қайта шыға бастаған. Ол осы күні үйіне бармастан, тәжірбиемен шұғылдану үстінде болды.

    Рентгенге кенет «трупкадан ток өткенде мұнда бұдан бұрын белгісіз сәулелену пайда болды» деген ой келді. Ол бұл сәулелену «X сәулелері» деп атады. Кейінен оны ашқан оқымыстының құрметіне оның атымен «Рентген сәулелері» делінді.

     Рентген өз еңбегін 1895 ж. 28-желтоқсанда өзқолының сәулелену арқылы түсірген суретін қосып Вюрцбургтің физика-медициналық қоғамының басшысына табыс етті.

     Барлық заттардан өте алатын   «Рентген сәулелері» ашылғандығы туралы Лондон телеграфымен дүние жүзіне хабарланды. Адамзаттың бүкіл зиялы қауымы бұл жаңалықты ең маңызды хабар деп қабылдады.

     Ғылымда физика саласынан көрнекті табысы үшін 1901 жылы 10-желтоқсанда  Рентгенге  Нобель сыйлығы табыс етілді.

     Париждегі жаратылыс тарихы музейінің профессоры Анри Беккерель рентген сәулелерінің табиғи құбылысын зерттегісі келген талапкер оқымысты әр түрлі минералды заттардың күн жарығынан сәуле шығаруын зерттеді. Ол бұл бақылауын қайталамақ болды. Фотография пластинкасын жарық өтпейтін қара қағазбен жақсылап орап, үстіне крест тәрізді уранның тұзын салып, столдың суырмасына салып қойды. Екі күн өткеннен күн ашылған соң ол тәжірибесін қайталамақ болып, фотопластинканы столдың суырмасынан алады. Пластинканы шығарғанда уран тұзының крест тәрізді ізі тура түскенін көрді. Бұл байқаудың Беккерель уранның тұзы жарық түскенде және жарық жоқ қараңғы жерде, күннің сәулесіне байланыссыз көзге көрінбейтін « уран сәулелерін» өздігінен үздіксіз шығарып тұрады деп қорытынды жасады.

      Сонымен, рентген және уран сәулелерін ашу кездейсоқ болған жаңалықтар еді. Мұндай жағдайда кездейсоқтық «жаңалықты ашуға дайындығы мол ой иесіне көмектеседі» деп Луи Пастер айтқан болатын.

      Атақты поляк оқымыстысы Мария Склодовская – Кюри уранның өздігінен үздіксіз сәуле шығаруын зерттеді. Солардың бірі – 1898 ж. шілде  айында полоний элементін ашты. Дәл осы желтоқсан айында радий элементі ашылды. Осыған байланысты құбылысты Мария Склодовская – Кюри радиоактивтілік деп атады.

      Радиоактивтілік – кейбір минералды элементтердің атом ядросының өздігінен ыдырап, гамма-квантын және ядролық бөлшектерін бөліп отыру қабілеті.

      1903 жылы физикадан Нобель сыйлығы Пьер мен Мария Кюри – 10 сыйлық ғылыми мекемелер, академия ғылыми қоғамдардың мүшесіне сыйлаған оқымысты.

      1935 жылы Марияның қызы Ирен Кюри екеуі жасанды изотоптарды ашқан үшін Нобель атындағы сыйлыққа ие болды.

       Радий элементінің үздіксіз жылу шығарып тұратынын байқап, оқымыстылар ең алғаш рет 1903 жылы атом энергиясының бар екенін тапты. Сөтіп, атом – энергия бұлағы екені дәлелденіп, зерттеулер арта түсті.

 

 

 

  1. Радиацияның әсері, пайдалы және зиян жақтары.

 

    Радиацияны – радиоактивті заттар немесе арнайы құрастырылған құрылғылар тұрғызады. Ал, радиацияның өзі, ағзаға әсер ете отырып, онда радиоактивті заттарды өндірмейді және оны радиацияның жаңа көзіне айналдырмайды. Осылайша, адам рентгендік флюрографиялық тексерілуден кейін радиоактивті болмайды.

     Айта кететін жайт, рентгендік пленка немесе сурет те радиоактивті сәуле шығармайды. Бұл тұжырымға ағзаға радиоактивті препораттар (мысалы, қалқанша безін (изитовидная железа) радиоизотопты тексеру ) әдейiлеп енгізген жағдайда ғана бағынбайды. Алайда бұл түрдегі препараттар олардың радиоактивтілігін ыдырау есебінен тез жоғалтатындай етіп таңдап алынады.

     Радиациялық сәулелену ағзаның гинетикалық  жағдайына пайдалы және зиянды әсерін тигізеді.

Пайдалы әсері.

  • Рентген және күлгін сәулелер химиялық заттар әсері арқылы антибиотиктер түзетін саңырауқұлақтар табиғи қасиетін өзгерту үшін зерттеулер жүргізу.
  • Тіршілік ету жағдайында антибиотиктер сонымен қатар В12 дәруменін түзетін микроорганизмдердің жоғары активті штампаларын шығару және тағы басқалар.
  • Сәулелену әсерінен пайда болған тұқым қуалау қасиетін жібек құрттарының өнімін, сапасын арттыру үшін сақтап, өндірісте кең пайдалану.
  • Жануарлар мен өсімдіктер тұқымын жақсартуда және өнімін өсіруде сәулелену қолданылады (мыс, радиациялық селекция тәсілі).
  • Адам өміріне қажет, маңызды ферменттер, органикалық қышқылдар, саңырау құлақтарды және микробтарды сәулелендіру үшін алады.

 

Зиянды әсері.

  • Табиғи сәулелену, кейбір химиялық құрылымдар және сыртқы ортаның температурасы тұқым қуалау қасиетінің құрылымына әсер ету нәтижесінде ұрпақтарға таралатын табиғи мутацияға келтіреді.
  • Табиғи сәулелену, кейбір химиялық құрылымдар және сыртқы ортаның температурасы және ядролық сынақ әсерлерінен өмір сүру ортасына қарай ұрпақтарда 500-ден астам түрлі аурулар пайда болғандығы анықталады. Солардың ішінде, мысалы ергежейлілік, гемофолия, дальтонизм, заттардың алмасуынан болатын ауру түрлері, ұрпақтардың дене және ой еңбегіне сонымен қатар тіршілік етуге қабілеті әлсірейді, өмір сүру мерзімі қысқарады және т.б.
  • Иондық сәулелену немесе химиялық заттар әсерінен болған мутация рецессивті сипатталады, бірақ адамда доминантты мутация кездеседі және ол тым жақын уақытта ұрпақта байқалады.

Иондаушы радиацияның тірі ағзаға әсері әлемдік ғылымды радиоактивтіліктің ашылып, қолданыла бастауының алғашқы қадамдарынан қызықтырған. Бұл кездей соқтық емес, себебі басынан бастап зерттеушілер радиоактивтіліктің зиянды әсерімен кезікті.

     Сонымен, 1895 жылы  Рентгеннің көмекшісі В. Груббе рентгендік сәулелермен жұмыс істеу үстінде қолын күйдірді, ал радиоактивтілікті ашқан Француз ғалымы А. Беккерель радийдің сәулеленуінен қатты тері күйігін алды.

     Радиацияның адамға әсерін клиникалық зерттеулер 40 жыл бойы жүргізілуде, бірақ радиацияның адам мен қршаған ортаға әсері жайында шынайы ақпарат тұрғындарға жетпейді. Радиация шынымен де өте қауіпті. Ол үлкен дозаларда рак ауруын қоздырып, генетикалық ауруларды тудыруы мүмкін. Зерттеушілер бойынша Хиросима мен Нагасакиде лейкоздың жоғары қаупі 5 жыл өткеннен кейін барып бірақ байқалған. Бұл аурудың салдары тек 25 – 30 жылдан кейін ғанажойылған. өлім жағдайлары тек сәулеленудің өте үлкен дозаларынан кейін ғана байқалды. Хиросима мен Нагасакида II Дүние жүзілік соғыста тасталған ядролық қарудың жарылуы нәтижесінде сол жердегі тұрғындардың денсаулығына үлкен нұқсан келді.

     Сондай-ақ 1995 ж. Шығыс Қазақстан облысының орталық бөлігінде жүргізілген аэрограмма, спехтографикалық суреттер жер бетіндегі цезий – 137 активтілігі 65-100 мкм/сағ. болғанын көрсетті.

     Бұрын жүргізілген ядролық жарылыстар табиғи сулардың, тек ядролық полигон зонасында ғана емес, оған жақын жатқан териториялардың да қалыптасуына теріс әсер етті.

     XX ғасырдың ортасында ядролық қаруды Қазақстанда сынау адамдар өміріне улкен зияндар тигізді. Көптеген адамдардың өмірі қиылып, балалар мүгедек болып өмірге келді.

     Саясаттың құрбанына айналған жер-анаға тиген зардап әлі күнге дейін сыр беруде. Сондықтанда радиоактивті заттарды қолдану кезінде де үлкен сақтықпен қарап, оларды тек бейбіт мақсатта пайдалану қажет.

     Радиация көзінен уақытпен, арақашықтықпен, сондай-ақ затпен қорғанады.

Уақытпен қорғану дегенімізрадиация маңында неғұрлым аз уақыт өткізсе, қабылданатын сәуленің дозасы соғұрлым аз болады.

Ара қашықтықпен қорғанусәулелену арақашықтықтың артуының квадратына кері пропорционал болады. Егер 1 метр арақашықтықта дозиметр 1000 мкР/сағ болса, 5 метр қашықтықта 40мкР/сағ шамасын көрсетеді.

Затпен қорғануадам мен радиация көзінің арасында неғұрлым көп және тығыз заттың болуы. Бұл зат радиацияның белгілі бір бөлігін жұтады.

Ал жабық кеңістіктегі радиацияның негізгі көзі радонға келсек, бөлмені күнделікті желдетіп отыру олардың дозасының азаюына септігін тигізеді. Одан басқа, үйдегі жөндеу жұмыстары мен құрылысқа келсек, радиацияның қауісіздік материалдарын пайдаланған дұрыс. Адам ағзасы сәулелену өрісіне қорғансыз болып табылады. Сондықтан зиянды иондаушылар, яғни ағзаның сәулеленуге деген қорғанысын арттырып, сәуле ауруының ауырлық деңгейін төмендететін дерлікпрепараттар қолданылады. Бұл препараттар адам ағзасына сәулеленуден бұрын енгізіліп, сәулелену кезінде ағзада болса, олардың емдік қасиеті арта түседі. Мысалы, йод қалқанша безінде жиналатындығы белгілі. Сол себептен, егер радиоактивті йод-131 ағзаға түсу қаупі бар болса, онда ағзаға тұрақты йод немесе калий иодидін енгізеді.қалқанша безінде жинала отырып, йодтың радиоактивті емес түрөзгерістері онда йод 131 радиоактивті элементінің жинақталуына кедергі жасайды.

Стронций – 137 элементінен қорғану үшін құрамында кальций бар азық —   түлік өнімдерін тұтыну крек. Олар асбұршақ, сүт, орамжапырақ және т.б.

РС – 1 препараты тез әсер ететін радиопротектор болып табылады. Қорғау эфектісі 40-60 минуттан кейін байқалады да 4-6 сағатқа дейін сақталады. Б -190 препараты өте тез әсер ететін препарат. Оның әсері 5-15 минуттан кейін басталып, 1 сағатқа дейін созылады.РДД – 77 ұзақ уақыт әсер ететін продиопротектор. Оның қорғау әсері екі тәуліктен кейін байқалып, 10-12 тәулікке дейін сақталады.

     Сондай-ақ ағзаны радиациядан қорғайтын жеміс жидектерi де бар. Бұл сары өрік, жүзім, алмұрт, итмұрын, алма және т.б. Құрамында радинуклейдтер аз болатын өнімдерге рафинадталған өсімдік майы, крахмал, қант, қарақат жатады.

     Ең алдымен өнімдердің радиация деңгейін және оларды радинуклейдтерді жинақтау қабілетін білу қажет. Тіпті, ішкі өнімдерді қарапайым механикалық өңдеу олардың құрамындағы  радинуклейдтер мөлшерін 20-дан 60%-ке дейін төмендетеді. өнімдердің радиоактивті ластануының мөлшері 4 кБк/кг (л) немесе 8*10^-7 Кл/кг(л)-ден аспауы тиіс. Азық өнімдерінің радиоактивті ластануы байқалса дереу қалалық санитарлық – эпидемиологиялық қызмет орындарына хабарлау қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Халықаралық радиациядан қорғау ұйымдар.

 

     XX ғасырдың 20-жылдарының аяғында радиациядан қорғау жөніндегі халықаралық комиссия (МКРЗ) құрылған болатын. 50-жылдардың басынан бастап әлемдік қауымдастық иондаушы сәулелердің адам ағзасына, қоршаған ортаға әсері мәселесіне көңіл бөле бастады. Бұл Хиросима мен Нагосакидегі бомбалау, сонымен қатар ядролық қаруды сынаудың радиоактивті материалдардың бүкіл жер шарына таралуына әкеліп соғуына байланысты еді.

     Радиоактивті жауындардың биологиялық объектілерге әсері бойынша жеткіліксіз болғандықтан, 1995 ж. БҰҰ – ның бас ассамблейясы атомдық радиацияның әсері жөніндегі ғылыми комитет құрды. Оның негізгі қызметі әлемдік масштабта сәулелену дозасын, әсері мен салдарын бағалау еді. МА ГАТЭ – нің қызметінің негізгі бағыттарының бірі – атом станцияларының қауіпсіздігі туралы мәселе болып табылады.

     Өз елімізге келсек, Қазақстан Республикасында ядролық және радиациялық қауіпсіздіктің мемлекеттік инфрақұрылымы құрылған. Радиациялық қауіпсіздік мәселелерімен Атом энергиясы жөніндегі комитет,

Денсаулық сақтау министірлігі, Төтенше жағдайлар агенттігі сияқты құзырлы органдар айналысады.

 

 

  1. Радицияның ағзаға түсу жолдары және әсерлерi

 

     Адам организмі радиация көзіне емес, радиацияға жауап береді. Радиоактивті заттар болып табылатын радиация көздері ішек жолдары арқылы сумен және тамақпен бірге, өкпе арқылы тыныс алу кезінде, аз мөлшерде тері арқылы, сонымен қатар медициналық радиоизотопты диагностика кезінде адам организміне түсе алады.

     Бұл жағдайда ішкі сәулелену пайда болады. Радиация жануарлар мен өсімдіктерде де үлкен өзгерістер туғызады. әр организмнің радиосезімталдығы әр түрлі. Табиғатта радиосезімталдық бактерияларда байқалады. Осыдан көп жылдар бұрын Сахарада «Франция» атом бомбасы жарылғанда бүкіл жәндіктер, жануарлар арасында сарышаян радиациямен әсерленбеген. Сарышаяндар гамма сәулелердің жүз мың рентген күші бар жерде аман-сау тіршілігін сақтап, өмір сүре берген. Ал адамға оның 700 рентген сәулесі қатерлі, неліктен сарышаяндардың радиосезімталдығының жоқ екендігі құпия, оны зерттейтін мәселелердің бірі екеніне оқымыстылар көңіл бөлуде. Бұл мәселені зерттеп, шешу адамға радиацияның қаіпті әсерінен сақтау үшін көмектесетін жаңа заттар шығаруға көмектесер еді. Ал, радиоактивтіліктің адам ағзасына әсері жайлы сөз қозғасақ, радиацияның адамға әсерін сәулелену деп атайды. Бұл жердің негізін радиация энергиясының ағза жасушаларына берілуі құрайды. Сәулелену зат алмасуының бұзылуына, инфекциялық аруларға, майкөз, әр түрлі ісік аурулары, сәулелік күю сәуле ауруына әкеліп соқтырады.

      Сәулеленудің зардаптары бөліну үстіндегі жасушаларға қатты әсер етеді. Сондықтан ол үлкен адамдардан гөрі жас балалар үшін қауіптірек. Адамдардың денсаулығына химиялық және шойын өндіру өнеркәсіптерінің үлкен нұқсан келтіретінін есте ұстау қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                                1 – сурет.

Радонның түрлі көздерінің  сәулелену қуаты.                                                                                                                  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Радиоактивтілік түрлері және радиоактивті ластану.

 

     Радиоактивтіліктің екі түрі бар:

1) табиғи;  2) техногенді;

     Табиғи радиоактивтілік  миллиардтаған жылдар бойы өмір сүріп келеді және ол барлық жерде кездеседі. Иондаушы сәулелер жер бетінде тіршілік пайда болғанға дейінгі кезеңде және тіпті жердің өзі пайда болмай тұрып-ақ пайда болган. Радиоактивті материалдар жер пайда болған кезден бастап, оның құрамында болған. Кез келген адамда белгілі бір мөлшерде радиоактив болады. Адам денесі тканьдерінде табиғи радиоактивтіліктің көзі рубидий – 87, калий – 40 болып табылады. Қазіргі адам өз уақытының 80%-ін жабық кеңістікте, яғни үйде не кеңседе өткізеді де,радиацияның негізгі дозасын сол жерде қабылдайды. Құрылыстар мен ғимараттар сыртқы сәулеленуден сақтағанмен, олар салынған құрылыс материалында табиғи радиоактивтілік  болады. Адамның ионды сәулеленуіне радон және оның ыдырау өнімдері әсер етеді.

     Радон бұл  радиоактивті инертті газдың негізгі көзі – жер қыртысы. Іргетастағы, қабырғадағы жарықтар мен сызаттар арқылы радон бөлмелерге енеді және ұзақ мерзімге дейін сақталады. Радонның жабық бөлмедегі тағы бір көзі-бұл құрылыс материалдарының өзі болып табылады. Бұл құрылыс материалдарының құрамында табиғи радинуклиттер болады. Сондай – ақ радон үйлерге су арқылы да жеткізілуі мүмкін (әсіресе су артезиандық скважиналардан алынатын болса). Радон табиғи газдың жану прцесінде және тағы басқа жағдайларда пайда болуы мүмкін. Радон ауадан 7,5 есе ауыр. Осының нәтижесінде радонның концентрациясы биік үйлердің жоғарғы қабатында төменгі қабатқа қарағанда әлде қайда аз болады. Радонмен сәулеленудің негізгі дозасын адам жабық, желдетілмейтін орында отырып қабылдайды.  Бөлмені күнделікті желдете отырып, радон концентрациясын бірнеше есеге азайтуға болады.

Техногенді радиоактивтілік – адамның іс-әрекетінің нәтижесінде  пайда болады. Табиғи радинуклидтердің қайта бөлініп, концентрациялануы пайда болатын саналы шаруашылық іс-әрекет процесінде табиғи радиациялық фонның өзгеруіне әкеліп соғады. Бұған тас көмірдің, мұнайдың, газдың және т.б. жанғыш пайдалы қазбалардың, фосфат тыңайтқыштарының, кен өндірілуі мен өңделуінің де кең әсері бар. Адамзаттық авияция сияқты транспорт түрі өз жолаушыларын ғарыштық сәулелердің жоғары әсеріне ұшыратады.

      Әрине, сонымен бірге ядролық қаруды сынау, атом энергетикасының кәсіпорындары мен өнеркәсіп орындары бұған өте үлкен үлес қосуда. Радиоактивті көздердің таралуы мүмкін екендігі сөзсіз; бұл-авариялар, радиоактивті заттардың шашырап, шашылуы және тағы басқалар. Қуанышқа орай бұндай оқиғалар жиі болмайды. XX ғасырдың екінші жартысынан бері биосфераның радиоактивті ластануы шапшаңдай түсті. Онда радиоактивтік заттардың таралуы жыл сайын артып отыр. Географиялық қабықтың сан милион жылдар бойына тұрақты қалыпта болып келген радиоактивтік фон деңгейі көтеріле бастады. Бұл процестің келешектегі барлық зардаптарын болжап білу қиын.

       Радиоактивтілік ластайтын заттарды тарататын негізгі көздер әзірге ядролық жарылыстар болып отыр. Осы жарылыстардың салдарынан 1945-жылдан бері атмофераға түрлі рдиоактивті изотоптар, оның ішінде ұзақ уақыт сақталатын радиоактивті заттар тарала бастады. Олар атмосферадан топыраққа, беткі және грунт суларына, мұхиттар мен теңіздерге, тірі организмдерге түседі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Қазақстандағы радиоактивті ластану проблемасы.

 

    Өнеркәсіптік, тұрмыстық қалдықтарды залалсыздандыру, көму және утилизация – қазіргі заманғы өте толғандыратын проблемалардың бірі. БҰҰ –ның қоршаған ортаны қорғау жөніндегі материалдарында ( Рио-де-Жанейроның 1992 жылғы және Йосенбург 2002ж) басқа ғаламдық проблемелармен қатар қалдықтарды бақылау мәселелерінің қарастырылуы-осының дәлелі.

      Өнеркәсіп кешені минералды шикізатты өндіру мен өңдеуге бағытталғандықтан, қатты өнеркәсіп қалдықтарының жиналып, көбеюі алаңдатады. Республикамызда оның мөлшері 19 млрд. тоннадан астам. Улы қалдықтарды қоса алғандағы, өнеркәсіп қалдықтары бүгінгі күнге дейін экологиялық нормалар мен талаптардың бұзылуымен сақталады. Осының нәтижесіндегі еліміздің ашық және жер асты су көздеріне қатты ластану қауіпі төнуде: Ақтөбе облысында – алты валентті хром, Жамбыл обл. – фтор және фосфор, Шығыс қазақстан облысында – ауыр металдардың тұздарымен,әсіресе  Қарағанды, Шығыс қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстарындағы түсті металлургия қалдықтарымен ластану   үлкен қатер туғызып отыр.

      Еліміздің территориясындағы уранды өндіру мен өңдеудің нәтижесінде пайда болған болған радиоактивті қалдықтардың төндіретін қауіпі де аз емес: олардың 100-ден астам көмілген жерлерінде 50 млн. тоннаға жуық қалдық бар. Оларды зиянсыздандыру үшін өте үлкен қаржы жұмсалады. өкінішке орай, бұндай қаржыны мемлекет қазынасынан алу мүмкін емес.

      Республикамызда  13 млн. тоннадан астам қатты тұрмыс қалдықтары өңделмей және жағымсыз санитарлық эпидемологиялық жағдайдың қалыптасуына себеп болып тұр.

      Үстіміздегі жылдың ақпан айында шетелдік радиоактивті қалдықтарды Қазақстан Республикасы территориясына көшiру туралы заң талқыға түсті. Мәліметтер бойынша еліміздің территориясын толығымен тазалап шығу үшін 1 млрд. 110млн. доллар каржы қажет екен, ал жерімізге шет мемлекеттердің радиоактивті қалдықтарын көму 20-30 млрд.  доллар пайда әкеледі деген пікір бар. Алайда бүгінгі таңдағы экономикалық жағдайда 10-15 жылға бағдарланып отырған бұл жобаның тікелей  және қосымша шығындарын қалай есептеуге болады? Бұл заңды қабылдай отырып біз ұзақ мерзімді саяси және экономикалық жауапкершілікті өзімізге аламыз. Ал бұл жауапкершілікті тек біздің замандастарымыз ғана емес, келер ұрпақ, тіпті олардан кейінгі буында орындауға мәжбүр болады. Парламент бұл жобаны қабылдай отырып, бүгінгі буынды ғана емес, келешек ұрпақты да  қауіпті бизнестің тұтқынына  түсірер еді. Бұл заңды қабылдау арқылы еліміз өз территориясын « радиоактивті қалдықтар моласына » айналдырған ең бірінші мемлекет болар еді.

     Радиоактивті қалдықтарды еліміздің территориясына көшу табиғи су көздерін ластап, ауыз су проблемасын туғызып, жер қыртысына үлкен нұқсан келтірмек еді. Семей полигонының нәтижесін көзбен көре отырып, ядролық қарудың зардаптарын біле тұра және радиоактивті қалдықтардың адамдардың денсаулығына әсері жайлы мәліметтен хабардар бола отырып, радиоактивті қалдықтарды көшiруге келісім беру – келешек алдындағы үлкен қылмыс болар еді.  Аталған заңның қабылданбауы белгісіздікке басылған қате қадамнан аман алып қалды.

     Қазіргі кезде дүние жүзіндегі барлық ядролық қаруларды сынауға қарсы «Невада – Семей –Моруруа – Лабнор – Жаңа жер» халықаралық одағы құрылды.Бұларға қосымша Қазақстандағы экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында қоғамдық негізде «Елім – ай» халықаралық экологиялық қоры және «Эко – Қазақстан» экологиялық ассоциациясы  құрылды.

     Қазіргі кезде Қазақстанның көптеген өңірі экологиялық апатты аймақ деп аталады. Соның бірі Семей полигоны болып табылады. Бұл 18 мың км аймақты алып жатыр. Бұл өңірде 1949 жылдан 1989 жыл аралығында бұл жерде 510 рет ядролық жарылыс болып, сынақтар өткізілген. Осындай жойқын әрекеттерден Семей аймағының табиғаты мен халқы өте ауыр зардап шегуде. Мұндай сынақ аймақтары Қазақстанның 34 нүктесінде болғандығы да белгілі болып отыр.

     Қазақстанда атом энергиясын халық игілігі үшін пайдалану мақсатында игілікті істер жүргізілуде. 1963 ж.  Ақтау қаласында теңіз суын тұщыландыру мақсатында арнайы атом энергиясын пайдаланатын қондырғы салынды. Ол қондырғы  «54 – 350» деп аталады (жылдам нейтрондар). Онда тәулігіне 120-150 мың текше метр теңіз суын тұщыландырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                Қорытынды.

 

     Дұрыс экологиялық сананың  экономикалық қажеттіліктердің ықпалына түспеуі адам мен табиғат арасындағы гармониялық, жер шарындағы өркениеттің стратегиялық бағыты болып табылады.

     Бұл проблеманың өзіне тән бірқатар ерекшеліктері бар және олар табиғатты қорғаудың жекелеген басқа міндеттерінен мүлдем өзгеше. Біріншіден, ол тұңғыш рет осыдан тек 30 жыл бұрын туды. Ал табиғатты қорғаудың барлық басқа проблемалары (суды, ауаны, жерді, орманды, жануарлар әлемін, т.б. қорғау)  қайсібір дәрежеде б.ғ. әлде қайда бұрын алып келген. Екіншіден, радиоактивтілік ластану географиялық қабықтың барлық сфераларына және оның барлық компоненттеріне тікелей әсер етеді. Мұның өзі радиоактивтік фонның қалындауына қарсы күресті ерекше қиындатады және күрделендіре түседі. Үшіншіден, антропогендік радиацияның биосфераға ықпалының деңгейі шұғыл қарқынмен өсіп келеді. Осының бәрі биосфераны радиоактивтік ластанудан қорғау жөніндегі арнаулы шаралар қолдануға мәжбүр етеді. 

     Радиоактивтілік – адам өміріндегі маңызды орын алатын үлкен ғылым жаңалығы болып табылады. Ал бұл құбылыстың ғылымдағы маңызды қаншалықты зор болса, оның ағзаға, табиғат пен қоршаған ортаға, жер бетіндегі  барлық тіршілік иелеріне келтіретін зиянының да бар екенін ұмытпау керек.

     Радиоактивті ластану бүкіл адамзатты толғандыратын, бүгінгі таңдағы өте өте өзекті мәселелердің бірі. Ол – жеке аймақтың ғана емес, планетааралық масштабтағы проблема. Сондықтанда тұрғындарды қорғау жөніндегі мемлекеттік шаралар ластану дәрежесін есепке ала отырып, бүкіл аумақтарды қамти отырып жүргізілуі қажет.

     Әрине, біздің қоғамымыз ұлы державаларды ядролық қаруды сынауды тоқтатуға мәжбүр ете алмас па. Бірақ, халықтың радиациялық проблемаларды шешуге белсенділік таныту біздің қолымызда.

     Радиациялық сәулелену – шегі жоқ, ұлтқа,дініне, жас ерекшелігіне қарамастан барлығына бірдей зиян келтіретін құбылыс әрқашан білінбей әсер етеді және жылдар бойы организмде жиналып ең соңғы сәтте көрінеді. Ал бұл сәтте шаралар қолдануға өте кеш болуы мүмкін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     Пайдаланған әдебиеттер.

 

 

  1. Темірбеков Ж. «Радиацияның адам ағзасына әсері» «Ақиқат» — 2002 — № 12.
  2. Гриходько Н. «Безопасность жизнедеятельности»  Алматы 1999ж.
  3. Сагимбаев Г.К. «Экология и экономика»  «Радиационная обстановка в Казакстане»   Алматы  1997ж  «Қаржы – қаражат».
  4. Радиоактивное згрязнение «экология и устойчивое развитие» Алматы 2002 ж. LEM.
  5. «Алматы ақшамы» — 2003 ж. 19-сәуір. «Ақша қымбат, денсаулық арзан болғаны ма?»
  6. Экология ел  тағдыры.  Егемен  қазақстан

         2003  жыл 12          наурыз

  1. Жақсыбеков Ә.

         Экологиялық  мәдениет  пен  өркениет.

         Атамекен  2000  жыл,  26  шілде.