МАЗМҰНЫ
Ресейдің негізгі әлеуметтік – экономикалық көрсеткіштері—— 3 – 5
Қаржы жүйесі және оның буындары———————————- 5 – 8
Ресейдің бюджет жүйесі мен бюджет құрылымы—————— 8 – 10
Ресейдің салық жүйесі————————————————— 10 — 11
Қолданылған әдебиеттер тізімі—————————————— 11- 12
1.1. Ресейдің негізгі әлеуметтік – экономикалық көрсеткіштері
Ресей Федерациясының соңғы жылдарда макроэкономикалық көрсеткіштеріне қысқаша шолу жасайтын болсақ, нақты 2002 жылғы қаржылық көрсеткіштері төмендегідей болады:
Халық саны – 145,2 млн адам.
Жұмыссыздар саны – 6153 мың адам.
Халықтың ақшалай табыстары (орташа жан басына шаққанда бір айға) – 3949,8 рубль.
Экономика саласында еңбекпен қамтылғандардың жылдық орташа саны – 65359 мың адам.
Жалпы ішкі өнімі
Жалпы ішкі өнімі (ЖІӨ) – 10863,4 млрд рубль
Жалпы ішкі өнімі жан басына шаққанда – 75497,0 рубль
Өнеркәсіптік өнім көлемі – 6867,9 млрд рубль
Негізгі капиталға күрделі салымдар – 1758,7 млн рубль
Бюджет табыстары – 3519,2 млрд рубль
Бюджет шығындары – 3422,2 млрд рубль
Экспорт – 106154,3 млн доллар
Импорт – 461230 млн доллар
Ал күрделі салымдар мәселесі бойынша Ресей бірнеше ірі дамыған мемлекеттермен тығызбайланысты. Төмендегі кестедегі көрсеткіштер арқылы 2001 – 2002 жылдар аралығындағы Ресейге салынған күрделі салымдар мен инвестор мемлекеттері көрсетілген.
Ресейге құйылған шет елдік күрделі салымдар көлемі
|
2001 |
2002 |
||
АҚШ–ң млн долл.
|
%
|
АҚШ–ң млн долл.
|
%
|
|
Барлық күрделі салымда |
14258
|
100 |
19780
|
100
|
Германия |
1237
|
8,7
|
4001
|
20,2
|
Кипр |
2331
|
16,3
|
2327
|
11,8
|
Ұлыбритания |
1553 |
10,9 |
2271 |
11,5 |
Швейцария |
1341 |
9,4 |
1349 |
6,8 |
Франция |
1201 |
8,4 |
1184 |
6,0 |
Нидерланды |
1249 |
8,8 |
1168 |
5,9 |
АҚШ |
1604 |
11,2 |
1133 |
5,7 |
Жапония |
408 |
2,9 |
441 |
2,2 |
Австрия |
423 |
3,0 |
376 |
1,9 |
Швеция |
72 |
0,5 |
139 |
0,7 |
Басқа да елдер |
2839 |
19,9 |
5391 |
27,3 |
Ал ендігі жерде осы шетелдік күрделі салымдардың экономика саласындағы таралған бағыттары төмендегідей жағдайда.
Ресейдегі шетелдік күрделі салымдардың экономика салаларына бөлінуі
|
2001 |
2002 |
||
АҚШ–ң млн долл |
% |
АҚШ–ң млн долл.
|
%
|
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
Барлық күрделі салымдар |
142548 |
100 |
19780 |
100 |
Өнеркәсіп |
5662 |
39,7 |
7332 |
37,1 |
Ауыл шаруашылығы |
50 |
0,4 |
34 |
0,2 |
Құрылыс |
95 |
0,7 |
126 |
0,6 |
Транспорт |
758 |
5,3 |
174 |
0,9 |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
Байланыс |
501 |
3,5 |
436 |
2,2 |
Сауда және қоғамдық тамақтану |
5290 |
37,1 |
8800 |
44,5 |
Нарық қызметін қамтамассыз ететін жалпы коммерциялық сала |
792 |
5,6 |
1355 |
6,9 |
Қаржы, несие, сақтандыру, зейнетақымен қамтамассыз ету |
127 |
0,0 |
130 |
0,7 |
Тұрғын – үй шаруашылығы |
25 |
0,2 |
24 |
0,1 |
Басқа да салалар |
958 |
6,6 |
1369 |
6,8 |
Жоғарыдағы кестеден байқайтынымыз күрделі салымдардың ауқымды көлемі өнеркәсіп және сауда мен қоғамдық тамақтандыру салаларына бағытталады. Жалпы Ресей Федерациясының қаржы жағдайын байқау үшін келесі бір кестемен танысқан жөн. Аталмыш кестеден мемлекет деңгейіндегі табыстар мен шығыстардың ара қатынасын, көлемін, деңгейін, түрлерін көруге болады.
1.2. Қаржы жүйесі және оның буындары
Қаржы өзінің экономикалық табиғаты жағынан және жалпы принципалды бірлігі жағынан біртұтас. Алайда, қоғамның сан – алуан қажеттеріне қызмет ететіндігіне байланысты қаржы бірқатар салалардан тұрады. Нәтижесінде өз ықпалымен бүкіл экономиканы қамтиды. Қаржы қатынастарының саласы мен буындары өзара тығыз байланысты болады және елдің бірыңғай қаржы жүйесін құрады.
Қаржы жүйесі – бұл мемлекет пен кәсіпорынның орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша қорларын құру және пайдалану пройесіндегі қаржы қатыныстарының оқшауланған, бірақ өзара байланысқан әртүрлі салалары мен буындарының, сондай – ақ оларды ұйымдастыратын қаржы органдарының жиынтығы.
Ресей Федерациясының қаржы жүйесі қаржы қатынастарының біршама дербес мына салаларынан тұрады:
- мемлекеттік бюджет;
- сақтандыру қорлары;
- қор нарығы;
- мемлекеттік несие;
- шаруашылық жүргізушілердің субъектілерінің қаржыларына;
- бюджеттен тыс қорлар.
Жоғарыда келтірілген қаржы қатынастарын екі жүйеге бөледі. Шаруашылық жүргізу субъектілердің қаржылары орталықтандырылмаған қаржыларға жатады және микродеңгейдегі экономикамен әлеуметтік қатынастарды реттеу мен көтермелеу үшін пайдаланылады, ал жалпы мемлекеттікке орталықтандырылған қаржылар жатады және макродеңгейдегі экономика мен әлеуметтік қатынастарды реттеу үшін пайдаланылады.
Қаржы жүйесін буындарға бөлу себебі: әр буынның міндетіне байланысты және де орталықтандырылған және де орталықтандырылмаған ақша қорын қалыптастырумен байланысты. Жалпы мемлекеттік орталықтандырылған ақша қорларының ресурсы ұлттық пайданы бөлу және қайта бөлу арқылы құрылады.
Экономикалық — әлеуметтік дамудағы мемлекеттің маңызды рөлі, оның қол астындағы мөлшерлі көлемдегі қаржылық зесурстардың орталықтандвруына әкеледі. Бюджеттік және бюджеттен тыс қорлар мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік жағдайын қамтамассыз етеді.
Ақша қорларының басқа да формаларын пайдалану қаржы жүйесінің несиелік және сақтандыру салалары арқылы жүзеге асырылады. Орталықтандырылмаған ақша қорлары кәсіпорынның өздерінің жинақтарынан және ақша пайдасынан құрылады.
Жалпы мемлекеттік қаржылар халық шаруашылығының дамуын қамтамассыз ету, қаржы ресурстарын экономика салаларымен елдің аймақтарында қайта бөлуде маңызды роль атқарады. Жалпы мемлекеттік қаржылар кәсіпорының қаржыларымен тығыз байланысты.
Бір жағынан, бюджет пайдасының басты көзі ұлттыұ пайда болса, екінші жағынан, өндірісті көтермелеу үшін кәсшпорынның өзінің қаржыларымен ғана емес, жалпы мемлекеттік ақша қорларын банк несиелерін тарту арқылы дамытады. Кәсіпорынның өзінің жарғылық қоры жетіспеген жағдайда акционер негізінде басқа фирманың қаражаттарын тарту арқылы дамытуға болады.
Қаржы жүйесі арқылы орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша, жинақ қорларына мемлекеттік несиенің, салықтардың, мемлекеттік бюджеттің шығындары арқылы ықпалын тигізеді.
Мемлекеттік бюджет – қаржы жүйесінің басты саласы. Ол мемлекеттің де басты саласы. Ол мемлекеттің басты кірістері мен шығыстарын біріктіреді.
Ресей Федерациясының негізіг қаржы жоспары мемлекеттік бюджет болып табылады. Бюджет арқылы барлық меншік нысандарының, шаруашылық жүргізуші субъектерінің қаражаттары және ішінара халықтың табысы жұмылдырылады. Мемлекеттік бюджет арқылы мемлекет экономиканы, әлеуметтік-мәдени шараларды қаржыландыруға, елдің қорғаныс қабілетін нығайтуға, мемлекеттік басқару органдарын ұстауға және басқаларға бағытталады. Жалпы мемлекеттік қаржының бірден-бір саласы бюджеттен тыс қорлар болып табылады.
Бюджеттен тыс қорлар – федеративтік және жергілікті үкіметтің қаржылары.
1995 жылы жалпы бюджеттен тыс қорлардың пайдасы 90,5 трлн. немесе мемлекеттік бюджеттің 63% құрады.
Қоғамның сан алуан қажеттерін үздіксіз қанағаттандырып отыру мақсатында мемлекет өзінің шығындарын жабуға шаруашылық құрылымдар мен халықтың қаражаттарын тартуы мүмкін. Оны алудың басты әдісі мемлекеттік несие болып табылады, ол жалпы мемлекеттік қаржылардың басты буындарының бірі. Жеке және заңды тұлға, кәіспорындар мен ұйымдар несиегерлер болып келеді. Қаржы нарығында облигация және де т.б. құнды қағаздарды сату арқылы қосымша қаржы ресурстарын тарта алады. Мемлекеттік қарыз ішкі және сыртқы болады.
Ресей Федерациясының ішкі қарызы ұзақ мерзімді міндеттемені білдіреді. Яғни, Ресей Федерациясынан алынған несие, мемлекеттік қарыз ұзақ мерзімді міндеттеме болып табылады.
1.3. Ресейдің бюджет жүйесі мен бюджет құрылымы
Қандай мемлекетте болмасын, оның қаржы жүйесінде басты орынға ие – мемлекеттік бюджет.
Ресей Федерациясының жаңа Бюджет заңы бюджет туралы анықтаманы төмендегідей береді:
Мемлекет өз қызметі мен міндеттерін жүзеге асыру мақсатында қолданылатын ақша қаражаттары қорларын қалыптастыру мен жұмсау деп таниды. Мемлекеттің құрылымның түріне қарай мемлекеттің қаржы жағдайы, ақша ресурстары жалпы әлеуметтік-экономикалық жағдаймен тікелей байланысты болады.
Мемлекет қаржыларын модернизациялаудың басты бағыты болғаны – дамыған социализмнен қалыптасып қалған бірыңғай мемлекеттік бюджеттің өз бетінше үш жеке дербес бөліктерге бөлінуі:
федералды бюджет;
федерация субъектіліерінің бюджеті;
жергілікті бюджеттер.
Сондай-ақ, бюджеттің басты табыс көзі ретіндегі салықтар жүйесі де қолға алынды, сыртқы сауда мен валюта қатынастарына монополияны болдырмау, өнеркәсіптерді мемлекет меншігін алу сияқты маңызды қадамдардың бәрінің нәтижесі Ресей Федерациясының бюджет жүйесі мен құрылымын принципалды түрде өзгертті.
Осылайша бүгінде Ресей Федерациясының бюджет жүйесі жоғарыда аталып кеткендей, үш деңгейлі:
Бірінші деңгей – Ресей Федерациясының федералды бюджеті мен мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар бюджетті;
Екінші деңгейі – Ресей Федерациясының субъектілер бюджеті және аумақтық мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар бюджеттері;
Үшінші деңгей – жергілікті бюджеттер (29 мыңға жуық қалалық, аудандық, поселкелік және ауылдық бюджеттер)
Ескере кететін бір жәйт, Ресей Федерациясының БК –сі қабылданғанға дейін бюджеттен тыс қорлар қаржы жүйесінің элементі болып саналып, бюджет жүйесінің құрамына кірмейтін.
Ресей Федерациясының бюджет заңдылығы бойынша осы бюджеттер жиынтығы – жиынтық немесе құрама бюджет деп аталады.
Федералды бюджет – федералды жиналыс арқылы бекштшлген иеилекеттің басты қаржы жоспары. Федералды бюджет ұлттық табыс пен ЖІӨ — ді қайта бөлудің басты құрамы болып саналады, ол арқылы елді экономикалық дамытуды реттеу мен мемлекеттің әлеуметтік саясатын жүзеге асыруға қажетті қаржы ресурстары жұмылдырылады.
Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар – федералды бюджеттен тыс қалыптасқан және қолданылатын ақша қаражаттарының қорлары. Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар азаматтардың мынандай конституциялық құқықтарын, яғни зейтетақымен қамтамасыз ету, әлеуметтік сақтандыру, жұмыссыздық жағдайында әлеуметтік қамсыздандыру, денсаулықты қорғау және медициналық көмек көрсету сияқты құқықтарын жүзеге асыру үшін бағытталған және олар қатаң мақсатты түрде жұмсалады.
Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар, негізінен, міндетте аударымдар есебінен құралады.
Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар бюджетінің орындалуы Ресей Федерациясының федералды қазыналығымен жүзеге асырылады.
Ресей Федерациясының Бюджет Кодексіне сәйкес мемлекеттік тыс қорлар қатарына мыналар кіреді:
- Ресей Федерациясының зейнетақы қоры;
- Ресей Федерациясының әлеуметтік сақтандыру қоры;
- Федералды міндетті медициналық сақтандыру қоры;
- Ресей Федерациясының халықты еңбекпен қамту қоры;
Және сондай – ақ мақсатты федералды бюджеттік қорларда:
- Ресей Федерациясының жол қоры;
- Ресей Федерациясының экономиқалық қоры;
- Мемлекеттік қылмысқа қарсы күрес қоры;
- Минералды шикізат базасын ұлғайту қоры;
- Ресей Федерациясының шекара қызметін дамыту қоры;
- Ресей Федерациясының атом энергиясы министрлігінің қоры;
- Ресей Федерациясының кеден жүйесін дамыту қоры;
Ал, мемлекеттік салық қызметінің федералды қоры жаңа заңдылық бойынша мемелекеттік бюджеттен тыс қорлар құрамына кірмейді. Оған себеп, бүгінгі таңда көптеген мақсатты қорлардың қаражаттары бюджетке жинақталып, ал қорлардың өздері өз дербестіктерін жоғалтуда.
Ресей Федерациясының бюджеттен тыс қорлары жүцесіндегі реформалау екі бағытта жүріп жатыр: кейбір бюджеттен тыс қорларөз дербестіктерін жоғалтып, РФ құрамына кіруде.
Осылайша мемлекет қолындағы қалып ресурстарын орталықтандыру процесі қызу қарқымен жалғасуда.
1.4. Ресейдің салық жүйесі
Қазіргі кезде Ресейдің салық жүйесінің қалыптасу кезеңі 1991 жылдың желтоқсанында Заңнан бастау алады.
Ресей Федерациясының салық жүйесі мемлекеттің Конституциясымен қадағаланады. Барлық салықтар мен алымдарды Ресей Федерациясы Салықтар мен алымдар жөніндегі министірлік қадағалайды;
Ресей Федерациясы Салық Кодексінде қалыптасқан салық жүйесінің негізгі қағидалары:
Салық төлеуші болып табылатын әрбір тұлға салық заңнамасымен бекітілген салықтарды төлеуге міндетті.
Салықтар саяси, идеологиялық, этникалық, конфессионалдық және т.б. осындай критерийлер негізінде қолданыла алмайды.
Ресей Федерациясы салық жүйесін бұзатын салықтарды енгізуге болмайды.
Салық мөлшерлемелерін, яғни дифференциалданған мөлшерлемелерді көтеруге, немесе салықтар енгізуге рұқсат етілмейді.
Салық салу объектісі болып салық төлеушінің жеке тұлғаға төлеген әр түрлі нысандағы төлемдері, марапаттары саналады.
Біртұтас әлеуметтік салықтардан:
а) уақытша еңбекке жарамсыздығына, жүктілігіне, босануына, жұмыссыздығына байланысты төленетін мемлекеттік жәрдемақылар;
ә) бір жолға материалдық көмек;
б) шаруа қожалығы мүшелерінің табысы – 5 жылға дейін
в) табыс мөлшері салық кезеңінде 2000 руб-ден аспаса;
г) табыс мөлшері салық кезеңінде 100000 руб-ге дейін болатын 1, 2, 3, топтағы мүгедектер;
д) ғылым, білім саласының мамандары босатылады.
Салық аванстық төлем түрінде прогрессивтік шкаламен анықталады. Аванстық төлем түрінде прогрессивтік есепті айдан кейінгі айдың 15-не дейін жасалуы керек. Салық декларациясы есепті жылдан кейінгі жылдың 30 наурызына тапсырылуы қажет.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
- Налоги и налогооблажение: Уч. Пос. / Под ред. И.Г. Русаковой, В.А. Кашина М . 1999
- Шет мемлекет салықтары. Ермекбаев Б.Ж., Арзаева М.Ж. А. – 2004
- Шет мемлекеттердің экономикалық тарихы. В.И. Голубовича. – Минск, 2003.
- Шет мемлекеттер қаржылары. М.Н. Нәдіров Д.Б. Қалыбекова – 2006.
- Ақша Несие Банк . Ғ.С. Сейтқасымов