РЫНОКТЫҚ ҚҰРЫЛЫМДАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІҢ РОЛІ.
Өтпелі кезең экономикасындағы мемлекеттің ролін жаңаша ойластыру қажет. Бұл кезде мемлекеттің экономикалық сфераларға тікелей араласуы кеміп, бірте-бірте жанама реттеумен алмастыратыны айқын. Расында, әрбір кәсіпорынға жоспар белгілеп берудің қажеттігі жоқ. Мекемелер мен кәсіпорын ұжымдарының өкілдіктерін кеңейтіп, оларға дербестік берген, мемлекет өзіне тән іс – дамудың стратегиясын анықтаумен шұғылдануға мол мүмкіндік алатыны тәжірибеден белгілі.
Қысқаша айтқанда, рыноктық экономика жағдайдағы мемлекттің рөлі әкімшілдік-әміршілдік жүйедегі жағдайдан мүлдем басқаша болуы тиіс. Азаматтер, жеке кәсіпкерлер немесе еңбек ұжымдары шешім қабылда процесінде дербестік пен жауапкершілікті өз мойнына алып, «бәрін» мемлекет органдарына мойынсұнудан арылуы қажет. Мемлекет рөлінің күшейюі оның жаңа заңдаржасап барлық азаматтарды бірдей, тең жағдайлы мүмкіндіктердің алдына қоюынан көрінеді. Мұның өзі демократиялық мемлекеттің дамуы мен кемелденуінің кепілі.
Осы негізде, мемлекет қоғамға пайдалы, іс-әрекеттерді жүргізу үшін өзінің әр түрлі функцияларын пайдаланады. Олардың ішінен заң шығару, кәсіпкерлік пен халықаралық байланыстарды нығайту функцияларын атап айтуға болады.
РЫНОКҚА ӨТУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ САЯСАТ ПЕН ЭКОНОМИКА.
Рынокқа өту процесіне жоғары серпін беру үшін қандай да негізгі шараларды орынлдау керек ? Білетініміз, бұл жол жеңіл емес, өтпелі кезеңнің ауырпатылқтарын жеңу де оңайға түспейді.Реформалар үшін терең ойластырылған және ғылыми негізделген іс-әрекеттің өте қажеттілігін, оған шешімділік пен табандылықтың керектігін өткен жылдар тәжірибесі көрсетті. Өтпелі кезеңде пайда болатын жаңа заңдар, ең алдымен осы уақытта дейінгі қоғам жинақтаған жақсы тәжирибені, нақты бекіген, өміршең қатынастарды (адамдар, ұйымдар, мекемелер арасында) қорытындылау қажет, содан кейін ғана жаңа қатынастарды орнықтыра бастацу керек. Өтпелі кезеңді бастан көшіре отырып, белгілі нақыл сөзді естен шығармау маңызды: «Қирату (бұзу, жаңадан жасау емес)».
Экономикалық көзқарас тұрғысынан рынокқа өту ең алдымен меншік қатынастарына байланысты және осы негізде жаңа кәсіперлік құоылымдарды дамыту мәселесін шешуді қажет етеді. Меншіктің дәстүрлі формаларымен қатар (мемлекеттік, кооперативтік) жеке меншік те іс жүзінде орнығуы тиіс. Жеке меншік туралы пікірталастар мен қорытуларға, ізгі ойлармен ғана тойтарыс беріп қоймай, жеке меншік негізінде дамыған, гүлденген елдер тәжірибесіне де сүйену керек.
«Меншік » түсінігіне қбьективті ақиқат тұрғысынан қарау адамдардың іс-әректін жаңаша бағалауға мүмкіндік береді. Өйткені, меншік – адамның жеке қасиеттерінің материалданған көрінісі, меншікті пайдалану арқылы ол қоғамға тартылып, басқа меншік иелерімен қатынасқа түседі. Міне, осы жерде әлеуметтік байланыстардың игі әсері ретінде дәстүрлі өнегелік қалыптасып, бекиді. Тіпті меншікті иелену адамдар арасындағы қатынастарға шынайылық пен әділеттілік сипатын береді. Жеке меншік басқа меншік түрлерінің өмір сүруін шектемейді, қайта барлық меншік түрлері өзара бәсекеге түсу арқылы өздерінің тиімділігін іс жүзінде дәлелдейді.
Нарықтың мәні, қызметі мен құрылымы. Нарық – тауарлы –ақша қатынасының түрі ретінде
В.И.Ленин нарық мәселесіне ерекше мән берген. ХІХ-шы ғ-ң 90-шы жылдарында көптеген еңбектер шығарды. Оның ішінде «Нарық жайлы әңгімелесу» реферат және «Каптиализмнің Россияда дамуы» ғылыми еңбегін айтуға болады. Бұл еңбектерінде В.И.Ленин нарықтың мәні мен ролі жайлы жазды. «Нарық» ұғымын – Лениннің айтуынша – қоғамдық еңбекті бөлу ұғымынан алшақ қарауға болмайды».
«Нарық» — белгілі жүйе әрі айырбас нәтижесі мен жағдайына немесе өндіріс факторына қарай өндірістік қатынастарды қысқарту,шаруашылық субъектілерін байланыстырушы ұйым».
«Нарық – тауар айырбасының аясы, сатушы мен сатып алушылар арасындағы белгілі экономикалық қатаынастар жүйесінің сипаттамасы».
«Нарық – сатушы мен сатып алушы арасындағы тауарды өткеру жайлы қатынастар жүйесін көрсетеді».
Осы көзқарастың әрқайсысында жеткілікті аргумент келтірілген және нарықтық қатынастардың объективті нақтылығын көрсетеді , бірақ мәселенің тек бір жағын ашады. Осы анықтамалардағы ортақ піікр:нарықты өндірістің емес, айырбас саласының категориясы ретінде қарап, нарықтық қатынастардың субъектісіне сатушы, сатып алушы және тұтынушылар жатқызылады. Тауар өатынасының дамыған түрі мен сауда делдалының болған кезіндегі оның нәрсе,сатушы мен сатып алушы нарықтық қатынаста мүлде әртүрлі субъекті болып табылады. Белгілі жағдайдың бірі тауар – ақша, нарық байланыстары сату – сатып алу аспектісімен ғана шектелмейді.
Бастау айырбас пен айналыс аясының қатынасынан басталмайды, ол өндірістік қатынастан басталады және өнім сол жерде өндіріліп, экоеомикалық байланыстар туындайды. Сөйтіп өндірілген өнім қай кезде тауар болып, қандай нақты түрде тауарлы – ақшф қатынасы болатындығы айқындалады.
«Нарық – өзін-өзі реттеуші ұдайы өндіріс жүйесі, тек қатаң бәсекелестік ортада барлық элемент пен буындар төлем қабілеттілігі бар сұраным мен ұсыныстың тұрақты әсерінде болады»
Қазіргі нарық күрделі жүйені құрап, ол көптеген саладан және табиғаты әртүрлі функционалдық жүйелер тобынан тұрып, өндіруші мен тұтынушы арасындағы шаруашылық байланыстарын құрайды.
Нарық – күрделі жүйе, оның құрылымын әртүрлі белгілермен классификациялауға болады. Елдегі барлық нарықты былай жіктейміз:ішкі (ұлттық) нарық, еларалық,аймақтық, біріккен нарық және ішкі (республикалық, облыстық, облысаралық) нарық, әлемдік нарық.
Әлемдік нарық жеке елдің ішкі нарығымен байланысты. Ол байланыстар өндірістік кооперация мен интеграция, сыртқы сауда, тауар айырбастау операциясымен жүзеге асып отырады. Қазіргі уақытта нарықтар арасындағы байланыстар ұлғаюда. Шығыс Еуропа мен Еуропаның экономикалық қауымдастық (ЕЭҚ) елдері арасында және дүниежізілік нарық қалыптасуда.
Қазіргі ішкі нарық — түгел алып қарағанда елдің ұлттық нарығы:өндіріс құрал-жабдығы нарығы, тұтыну нарығы, капитал нарығы, ғылыми-техникалық идея нарығы, бағалы қағаздар нарығы, жұмышы күші нарығы енеді. Ішкі нарықта белгілі түрде экономикалық қатынастар дамып, жағдай мен нәтижелерді сату – сатып алу немесе өндіріс факторы арқылы жүргізіледі. Бұл қатаынастар тауар-ақша түрінде байқалып, ішкі нарық қызметінің жағдайын ақша мен тауар айналымының бар болуын көрсетеді.
Экономикалық айырбастаудың ерекше түрі және жағдайымен байланыстырылып, тереңдеген еңбек бөлінісіне қарай топтасқан елден құралған нарығы – еларалық біріккен нарық дейміз. Нарықтық қатынастардың жетілу деңгейі тұрғысынан нарықты былай жіктейміз:дамыған нарық, қалыптасқан нарық және әртүрлі дәрежедегі бәсекені шектеу нарықтары (монополиялық, олигополиялық, монополиялық бәсеке).
Бәсекелестік сипат пен деңгейі тұрғысынан былай жіктейміз:
- Мемлекеттік нарық – бір субъектінің бағаны анықтауымен сипатталады, алайда сол тауарды шығаратын басқа да субъектілер болуы мүмкін. Олардың өндірістегі үлесі аса көп емес, сондықтан монополиялық бағаны өзгертуге шамасы келмейді;
- Олигополиялық нарықта азғана сатушылар іс-әрекет жасап, олардың әрқайсысы тауар бағасына әсер етуі мүмкін;
- Мнополиялық бәсеке нарығы – еркін нарық (бәскелестер көп болады) тетігі мен өндіріс облысындағы монополияны кең жіктелген өніммен сабақтастығы. Бұл шағын кәсіпорынның өзінде ле бағаны кең өрісте вариациялауға көмектесіп, нарықта өтімдік жағдайда болуға итермелейді.
«Сатушы нарығы» және « сатып алушы нарығы» болып та жіктеледі.«Сатушы нарығы» деп сатушы көп билікке ие болып, субъекті белсенділігін сатып алушы жүзеге асырған нарықты айтамыз. Нарықтың мұндай күйде болуы өндірушілер монополиясының еркін нарықта сипат алумен түсіндіріледі. « Сатып алушы нарығы» деп сатып алушылар көп билікке ие болып, нарықтың субъекті «белсенділігін » сатушылар жүзеге асырған нарықты айтамыз.
Атқарылып жатқан заңдылықтарға сай көзқараспен нарықты былай жіктейміз: ресми және ресми емес.
Нарықты ірі тауар топтарына қарай – азық-түлік және азық-түліктік емес тауарлар, жекелеген тауарлар нарығы болып жіктеледі. Тауар топтарындағы нарыққа мыналар жатады:нан-бәлішке өндірунарығы, ұн және тары нарығы, макарон өндіру нарығы және т.б. Киім нарығында мынаны жіктеп қараймыз:тігін, тоқыма тауарлар, бас киім мен шүлке-нәски өндірісі нарығын қандай жағдай болмасын ішкі нарығын біреу-ақ. Олардың барлық сегменттерінің дамуы мен қызмет жасау бір-бірімен байланыста және бір-біріне тәуелді. Сондай-ақ ол тұйық емес, себебі сыртқы нарықпен тығыз байланысты.
Адамзат қызметінің аясына байланысты жалпы ұлттық ішкі нарықты шарты жағдайда бірнеше түрге бөлуге болады.
Адамзат қызметінің әрбір аясы ұлттық нарықтық жекелеген элементін қалыптастырып, нақты өмірде біркелкі тұтастықты байқатады. Олар өзара бір-бірімен байланысты және бір-біріне тәуелді. Мысалы, өндірістік сала және материалдық емес игіліктер мен қызмет көрсету салалары – өндіріс құрал-жабдығы, тұтыну тауарлары мен қызмет жасау, жұмыс күші нарықтарын қалыптастырады.
Нарықтың ролі өте-мөте жалпы түрде оның қызметі арқылы ашыла түседі.
Нарық қызметінің көп түрлерінің ішіндегі ерекшесі реттеуші роль атқаруы болып табылады. Ол ұдайы өндіріс процесін тиімді әрі үздіксіз қамтамасыз етеді. Нарықтың реттеуші ролін әкімшілік басқарудың ауыстыруы экономикалық жүйенің түрінің өзгеруіне алып келіп, сүйкессіздікке, тапшылықтың тууына, адамның экономикалық өсудегі қозғаушы күшін ролін жоюға алып барады.
Нарықтың келесі қызметі – ақпараттық. Тауар бағасы мен қызмет көрсету, банктегі депозит мен несиеге проценттік өсімнің призма арқылы тұрақты өзгеруі нарықты экономиканың барометріне әрі айнасына айнплдырады. Нарық өндіріске қатысушыларға қоғамдық қажетті өндіріс шығындары жайлы жедел объективті ақпарат береді. Сондай-ақ, әрқайсысы сатылатын әрі сатып алынатын тауар мен қызмет көрсетудің қоғамдық қажетті сапасы мен ассортименті туралы да нарық хабар жеткізеді.
Нарықтық механизм «санациялық» қызметті де атқарады. Бәсекенің көмегімен ол қоғамдық өндірісті тиімсіз бірыңғай шаруашылықтан тазалп, үміт артатындардың дамуына ыңғайлы жағдай жасайды.
Біздің нарық терең монополияланған. Нарықтағы барлық тауардың 50-70% солардың өндірген құраса, онда кәсіпорын қызметі монополияланған саналады. Сондықтан нарықтық ортаны қалыпқа келтіру үшін бәсекелестер әлемін жасау қажет. Бұл нарықтық қатынастардың табиғи күй-жайы. Осы жағдайда тауар өндірушілер марапатталып, кәсіпкер өндіріспен байланысады және өнімді шығаруға қызыға түсіп, қызметке белсенді кіріседі.
Нарықтың қажеттілеу қызметтеріне – тауардың қоғамдық маңызын мойындау, еңбектң материалдық ынталандыру экономикалық тұрғыдан қамтамасыз ету және басқаларын жатқызамыз.
Нарықтық экономиканың субъектілері және инфрақұрылымы
Нарықтық экономиканың негізгі шаруашылық субъектілеріне үй шаруашылығын, фирма мен үкіметті жатқызамыз. Бұл субъектілер бір-бірімен ресурс нарығында, қаржы мен тұтыну нарығында өзара іс-әрекет жасап, шығыс пен кірісті айналым жасайды. Мұның өзі кестелік түрде көрсетілген.
Үй шарушылығы материалдық және адами ресурстарды өткере отырып, оларды фирмаларға нарық ресурстары арқылы ұсынады. Соңғылары тауар өндірісіне қажеті сұраным ресурстарын талап етеді. Сұраным мен ұсыныстың өзара іс-әрекетті әрбір ресурс түріне нарықтық бағаны белгілейді. Үй шаруашылығы тұтыну нарығында тауарға сұраным жасай отырып,ресурстарды сатудан алынған табысты қажетті өнім мен қызмет жасауға жұмсайды. Ал, фирмалар өз өнімін өткере отырып, ақшалай табыс алады.
Үй шаруашылығы тапқан табыстың барлығын өнім сатып алуға жұмсамайды, белгілі бөлігін жинайды және ресерстар мен салықты төлеуге жұмсайды.
Фирмалар өндіріс ресурстарын біріктіреді және қозғалысқа келтіріп, өнім шығарады, қызмет көрсетеді және осы тауарды ұсынады. Оларды нарықта сату фмрманың ақшалай табысын қалыптастырады. Үй шаруашылығы сияқты фирмалар да алынған табысты ресурстарды төлеуге толық жұмсайды. Фирмалар үй шаруашылығындай қажетті салықтарды төлейді, инвестицияны жүзеге асырады және т.б.
Өндіріс шығындары Ақшалай табыстар
Ресурстар нарығы |
Ресурстар ресурстар (еңбек, капитал,
Жер,кәсіпшілік)
салықтар салықтар
Мемлекеттің қыз трансферлік
мет көрсетуі төлемдер
Мемлкет-ң тауарлар мен
сатып алуы қызмет көрсету
ҮКІМЕТ |
Фирмалар |
Үй шаруашылығы |
төлемдер ресурстарды
төлеу
Қаржы нарығы |
жинақ қоры жинақ қоры
несиелер несиелер
Тұтыну нарығы |
тауарлар мен қызмет көрсету тауарлар мен қызмет көрсету
ақшалай табыс тұтынушы шығындары
Табыс пен шығындардың айналуы үкіметке кәдімгідей әсер етеді және ол елді мемлекеттің басқару қызметін жүзеге асырып, экономиканы әр деңгейде – жалпы мемлекеттен аймаққа дейін – реттеп отырады.
Үкімет фирмалардан салық алып, жеке кәсіпорындарға дотация, субсидия береді және кәсіпкерлерден қажеті ресурстарды сатып алады. Үкімет жұмысымен қамтамасыз ету саясатын жүргізді және инфляция деңгейіне, ұлттық өнімнің қозғалысы мен құрылымына әсер етіп, табыстарды үлестіреді. Салықтан түскен ақшалай қаржыны шоғырландырып, үкімет жалақыны, трансферлік төлемдерді төлейді. Құқықтық негізде қамтамасыз етіп, экономиканы тиімді дамыту үшін мемлекеттік қызмет көрсетуді ұсынады. Демек, табыс пен шығындардың шеңбер айналымы үнемі қозғалыста болып, теңгеріледі. Түпкі есепте өндірістің жалпы көлемін байқатып, тұрғындардың жұмыстылығы мен табысы көрсетіледі.
Нарықтық инфрақұрылым
Аукциондар |
Консультациялық-делдалдық Фирмалар |
Биржа мен брокерлік конторлар |
Бизнестің коммерциялық орталықтары |
Банктер |
Сақтандыру және аудиторлық Компаниялар |
Коммерциялық орталықтар және сақтандыру қорлары |
Жарнамалық-ақпараттық қызметтер |
Мемлекеттік резервтік және сақтандыру қорлары |
Сладтық, элеваторлық, тоңазытқыштық және транспорттық шаруашылық |
Баға мен сстандартты бақылаушы мемлекеттік инспекция |
Сауда үйлері |
Мемлекеттік салық инспекциясы |
Маркетингтік зерттеу орталықтары |
Бағалы қағаздарды бақылау инспекциясы |
Көтерме сауда орталықтары |
Құқық қорғау органдары |
Кадрларды дайындау орталықтары |
Лизингтік компаниялар |
Жәрмеңкелер |
Кеден қызметтері |
Өндірушілердің әртүрлі ассоциациясы |
Тұтынушыны қорғайтын қоғам |
және басқалары |
Нарықтық экономиканың қажетті элементтерінің бірі болып инфрақұрылым жатады.
Инфрақұрылым – бұл институттар жиынтығынан тұрады және оның мән-мағынасы нарықтың дамуы мен қыщмет жасауы үшін қалыпты жағдай қалыптастыратын қызмет көрсетеді.
Нарықтың инфрақұрылымының элементіне – тауарлық, қор биржасы, еңбек биржасы, делдалдық және маркетингтік қызметтер, ақпараттық жүйелер, коммерциялық банктер, көтерме сауда орталықтары, аукциондар,жәрмеңкелер және т.б. жатады.
Нарықтық экономикадағы мемлекеттің экономикалық қызметі
Мемлекет пен нарықтың өзара қатынасы наырқтық қоғамда маңызды мәселелердің бірі, себебі бұл экономикалық жүйеде мемлекет ерекше қызметтерді атқарады. Шаруашылық байланыстарын интернационализациялау мемлекеттің экономиканы реттеудегі ролін күшейтуге объективті жағдайлар жасайды. Экономиканы мемлекеттік реттеу жүйесі ұзаққа сызылған эволюцияның жемісі, бұл істі жүзеге асыруда оны реттеудің экономикалық механизмдері өзгеріп отырды. Мемлекеттің экономиканы реттеу түрлері мен тәсілдерін жасауда дүниежүзілік экономикалық дағдарыстар, әсіресе 1929-1933жылғы «ұлы депрессия» аталған әлемдік экономикалық дағдарыс ерекше роль атқарды. Бұл жағдайда мемлекет өзіне бірқатар қызметті алуға мәжбүр болды, сөйтіп нарықтық экономикаға мемлекеттің араласуының оңтайланған шекараларын іздеді.
Кез келген елдің экономикалық жүйесіндегі мемлекеттің ролі оның қызметер арқылы байқалады. Экономикалық қызметтің түрлері өте көп, сондықтан оны топтап, негізгі блоктарға біріктіру қажет:
Біріншіден, нарық жағдайында мемлекет мына қызметтерді өз мойнына алады:стратегиялық, экономикалық, құрылымдық, техникалық, әлеуметтік, демографиялық болжау мен жоспарлауды. Экономиканы реттеудің тікелей және жанама қызметін де атқарады. Осы аталған нәрселердің барлығының қызметін тек қана мемлекет өткеруі мүмкін;
Екіншіден, мемлекет иығына мемлекеттік кәсіпкерлік қызметі жатады. Ол қоғамға қажет мемлекттік кәсіпорын мен өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымды жасайды. Олар: темір жол мен жалпыұлттық шоссе жолдары, көпір, каналдар, газ бен мұнай құбырлары, байланыс, аурухана, мектеп т.б. объектілер;
Үшіншіден, нарықтық жүйе қалыпты қызметін қамтамасыз ету. Сатып алушы мен кәсіпкер мүдделерін қорғау, стандарт қызметін құру, өнім сапасы мен салмағын өлшеу, бәсекені қолдай отырып, нарықтық экономикада монополизмнің болуына барынша күрес жүргізу, ол үшін белгілі құқықтық база жасалады. Мемлекет бұл жағдайда өзіне қоғамдық әрбір қызметін алғаны жөн;
Төтіншіден, мемлекет дағдарысқа қарсы саясатты жасау мен өткеру қызметін атқаруды бюджет саясатының көмегімен ұлттық табысты үлестіру арқылы жүргізеді. Тұрғындардың толық жұмыспен қамтамасыз етілуін қолдап, экономиканы тұрақтандыру қызметін жүзеге асырады;
Бесіншіден, мемлекет тұрғындарды әлеуметтік қорғау жұмытарын өзіне алады. Оларға – оқушылар, студенттер, зейнеткерлер, мүгедектер мен көп балалы отбасын жатқызамыз. Өскелең ұрпақты тәрбиелеуді де өз қызметі санайды.
Нарықты реттеу тәсілдері
Нарықты реттеу тәсілдері – бұл мемлекет пен мекемелердің ұдайы өндіріс процесінде мақсаты бағыт беру әдісін айтамыз. Ол нарықтық механизм қызметіне қалыпты жағдайы қамтамасыз етуге әсер етеді. Реттеудің мұндай элементтері алғашқы рет бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде пайда болды. Тек екінші дүниежүзілік соғыстан соң, мемлекеттің экономиканы реттеу өнеркәсібі дамыған елдерде жалпы құбылысқа айналды.
Салғырттықтың методологиясына негізден шаруашылық жүйесінен бұрынғы Одақтың бас тартуы, экономиканы реттеу тәсілінің мағынасын түбегейлі өзгертеді. Себебі нарықтың құрылуы жаңа өндірістік қатынастарға көшуді байқатады: халық шаруашылығын басқарудың вертикальды құрылымынан бас тарту, оны горизонтальды құрылыммен ауыстыру. Нарық мемлекетпен, кәсіпорын, тауар өндірушілермен де реттелуі әбден мүмкін.
Демек, реттеуші субъектілеріне байланысты реттеу тәсілін шартты түрде былай классификациялаймыз: мемлекеттік және мемлекеттік емес , ол нарықтық тепе-теңдікке әсер ету әдісіне қарай – тікелей және жанама.
Реттеудің тікелей тәсілі экономикалық процестің өзіне және оның параметріне өктемділеу әсер етумен байланысты. Әдетте, олар белгілі объектіге бағытталып, адрестік сипатқа ие болады.
Нарықты тікелей реттеу тәсіліне жиынтық сұраным төлем қабілеттілігінің қалыптасуы үшін және халық шаруашылығы тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін орталықтан қолданатын әдістер жатады. Бұл жерде әңгіме жалпы мемлекеттің дұрыс әлеуметтік атмосфера жасауды қолдану тәсілі жайлы болып отыр. Ол нарық қызметінің тиімді жүзеге асуына ықпал жасайды. Бұл жағынан бәсекені дамыту үшін экономиканы тым монополиялау шараларына қатысты болса, екінші жағынан – төлем қабілеттілігі жағдайын сақтау үшін тұрғындарды әлеуметтік қорғау саясатын жүргізеді.
Реттеудің жанама тәсілі негізінен адрессіз болғанмен, бірақ барлық шаруашылық субъектілеріне міндетті болады. Олар экономикалық қызметтің жағдайы мен нәтижесіне әсер етумен байланыстырылады. Тікелей және жанама тәсілдер арасындағы шекара шартты түрде ғана. Нақты өмірде олар аралысып кеткен және меншік типі мен объектіге әсер етуіне байланысты жіктелген күйде, әртүрлі тармақтарда қолданылады.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, мемлекеттік реттеудің шаралар жүйесі мен түолері әрбір елде өте көп түрлі болып келеді. Бұл жүйенің өзінің ерекшілігі бар. Мемелекеттік реттеудің – ең маңызды инструментіне мыналар жатады:
Фискальдық саясат;
Несие –ақша саясаты;
Баға мен табысы реттеу саясаты;
Әлеуметтік саясат;
Қысқа мерзімді реттеу;
Ұзақ мерзімді реттеу;
Аймақты реттеу.
1.Фискальдық саясат. Ол мемлекеттік бюджетпен байланысты қаржыны реттеуді қамтиді. Ең алдымен оған мемлекеттік сатып алуды ұлғайту мен қысқарту, күрделі қаржы бағдарламасы , әлеуметтік төлемдер,бюджеттен жекелеген сала мен кәсіпорын (фирма) үшін дотация мен субсидиялар, салық шаралары жатады.
Фискальдық саясаттың ең маңызды бөлігі салықты реттеу болып табылады. Ежелден салыққа қатысты белгілі нәрсе, ол экономикада екі жақты роль атқарады. Бір жағынан – мемлекеттің табысын қалыптастырса, екінші жағынан тұтынушы мен өндірушіге ынталандырушылық әсер етеді. Салықтың жоғары болу жалпы ұлттық өнім көлемін азайтады. Сондай-ақ, салықтың төмен болу мемлекеттің табысын азайтады. Сондықтан нақты жағдайды ескере отырып, салық ставкасының дұрыс шекарасын анықтау мәселесі көлденең тартылады. Салықты реттеудің ең кең тараған түрлері мыналар болып табылады:
а) кейбір экономикалық процестерді ынталандыру мен шектеу мақсатында салық ставкасын өзгерту.мемлекет экономиканы көтеруді ынталандыру үшін кейбір жекелеген сала мен территорияға (Арал өңірі), табиғатты келеңсіз ауданға,ерікн экономикалық аймаққа арнайы салық салудың жеңілдеген режимін белгілейді.
Кәсіпорынның қызметі ең маңызды мәселені шешуге арналса, жергілікті дейгейдегі мемлекеттік органдар өз шама-шырқына қарай оны ынталандыра алады. Төлеушілердің негізгі массасына жанама салық пен табыс салығы ставкасын көтеру жеке тұтыну тауарларына сұранымды шектеу үшін жасалады. Пайдаға салық ставкасының өзгеру қорлану процесіне әсер ету үшін жасалады: салық ставкасының ең төмен кезінде күрделі қаржы өседі, ал ең жоғарғы инвестициялау аса пайдасыз;
ә) ставканы өзгертпеуді сақтай отырып, салық төлемі ережесін өзгерту. Мысалы, бұған негізгі қор амортизацияның мүмкін болатын мерзімін өзгертуді жатқызамыз. Амортизация мерзімін қысқарту амортизациялық төлемдерді ұлғайтуға мүмкіндік жасайды және сол салық ставкасы жағдайында ресурстардың қорлануын ұлғайтады;
б) салық жеңілдіктерін алып тастау немесе өндіру. Сала жеңілдіктерін белгілеу капиталдың, салаарлық қойылуын реттейді.
Салықты реттеуді тиімділігі қайшылықты тенденциямен шектеледі. Егер конъюктура күрделі қаржы үшін ыңғайсыз болса, онда салық ставкасының төмендеуі ынталандыруға аса қауқарсыз болу мүмкін.
- Несие ақша саясаты. Бұл тәсілде халық шаруашылығы мәселелерін шешуде ынталандырушы роль атқарады. Мемлекет нақты салық және аймақтық мәселерді шешу үшін арнайы мемлекеттік бағдарлама негізінде мақсаттық жеңіл несиелер береді. Ол арнайы бюджеттен тыс даму құруы мүмкін несиені реттеудің төмендегідей түрлері жиі қолданылады:
а) экономикалық банктің есептеу ставкасының өзгеруі. Есептеу ставка – банктің вексельді сатып алғандағы банк алымын қарыз процентінің мөлшері дейміз немесе жеке тұлға мен мекемелерінің қысқа мерзімді міндеттемелері. Эмиссиялық банк коммерциялық банктің векселін ғана ескереді. Есептеу сиавкасының төмендеуі мен көтерілу жеке коммерциялық банктердің әртүрлі қарыздар ставкасын қайта қарау үшін сигнал болып табылады. Несиенің қымбаттау несиелік және иневестициялық белсенділікті шектеу үшін қолданылады, ал несиенің арзандау – іскерлік белсенділікті ынталандыру үшін қажет.
ә) эмиссиондық банктегі міндетті минимальды салымның көтерілуі. Коммерциялық банктердің эмиссиондық банктегі депозиттері қолдануға рұқсат етілмейтін ерікті салымдардан тұрады. Міндетті салымдарды ұлғайта отырып, ұлттық банк жеке банктердің несие ресурстарын шектейді. Ал, олардың мөлшерін кеміте отырып, несие экспансиясына мүмкіндік жасайды;
б) «ашық нарықтағы операция». Мемлекет бар пәрменімен облигацияны сатады немесе сатып алады. Бірінші жағдайды жеке несие жүйесінен қарыз капиталының ресурстары алынып, ұдайы өндірісті қиындатады. Екінші жағдайда қосымша қаржы несие жүйесіне құйылып, ұдайы өндірісті ынталандырады.
Сондай-ақ банк-несие мекемелері қызметтерін реттеудің әртүрлі басқада түрлері қолданылады.
3.Баға мен табыстарды реттеу саясаты. Фискальды және несие саясаты тәсілдері көбінесе баға мен табыстарды реттеуде тиімсіз құрал болып қалады.Сондықтан мемлекет көбірек иікелей құралға жүгінеді.
- Әлеуметтік саясат өзіне табысты индексациялау, төаенгі өмір сүру деңгейін бекітуді қоса отырып, қоғамдағы кедей топқа көмек көрсету бағдарламасын жүзеге асыруға күш салады. Оларды қарқынды инфляция салдарынан қорғауға көмектеседі. Әлеуметтік саясат мынандай салаларды қамтиды: білім, медицина, мәдениет, көп балалыларға көмектесу, тұрғыдардың жұмыспен қамтылуы.
5.Сыртқы экономикалық реттеуге мыналар енді:мемлекеттің сауда саясаты, валюталық курсты басқару, сыртқы сауда тарифтер жүйесі, квота, лицензия. Осы мақсатқа мемлекет баға мен табыстың өсуіне максимальды шектеуді белгілеп, кейде оның уақытша ұлғаюын тоқтатады. Себебі кез келген баға мен жалақыны көтеру мемлекеттік органдардың алдын ала санкциясын алуы қажет. Табыс көзінің пайда, дивидент ж.т.б. түрлеріне тікелей шектеу жүргізілмейді.
- Әкімшілік реттеу әртүрлі бақылау шараларын жүзеге асырады. Олар арнайы кейбір оқшауланған салаларға байланысты қолданылады. Мысалы, қоғамдық, қолдану салаларын реттеу, қор биржасы мен несие банк мекемелеріне әкімшілік бақылау, жеке бәсекелестіктің ережесін сақтауды бақылау. Мұнда жұмыс күші нарығын реттеу қызметі,нақтыласақ – жұмыстылық мекемесі.
7.Қысқа мерзімді реттеу ұдайы өндіріске сондай мақсатпен әсер етеді, себебі бірнеше айдың ішінде нәтиже алуы керек. Алдына қойған мақсаты экономикалық циклдық ағымдағы фазасының іс-әрекетін өзгертуге әрекет өзгертуге әрекет жасау. Мысалы, экономикалық дағдарыстың ауқымын бәсеңдетіп шектеу, қозғалыс фазасының жүзеге асуын тездету , өнеркәсіп өрлеу фазасын тоқтата тұру немесе соза тұру және т.б. осы себептерге байланысты қысқа мерзімді реттеуді көбінесе конъюктуралық немесе антициклдық саясат деп атайды.
Нарыққа өту кезінде қысқа мерзімді реттеудің, басты мақсаты — бағаның тым қарқынды өсуімен күресу, инфляцияны тоқтатуға күш салу болады.қысқа мерзімді реттеудің бұл бағыты дефляциялық саясат деп аталады.
НАРЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫМДАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІҢ РОЛІ
Өтпелі кезең экономикасындағы мемлекеттің ролін жаңаша ойластыру қажет. Бұл кезде мемлекеттің экономикалық сфераларға тікелей араласуы кеміп, бірте-бірте жанама реттеумен алмастырылатыны айқын. Расында, әрбір кәсіпорынға жоспар белгілеп берудің қажеттілігі жоқ. Мекемелер мен кәсіпорын ұжымдарының өкілдіктерін кеңейтіп, оларға дербестік берген, мемлекет өзіне тән іс – дамудың стратегиясын анықтаумен шұғылдануға мол мүмкіндік алатыны тәжірибеден белгілі.
Қысқаша айтқанда, нарықтық экономика жағдайындағы мемлекеттің ролі әкімшілдік –әміршілдік жүйедегі жағдайдан мүлдем басқаша болуы тиіс. Азаматтар, жеке кәсіпкерлер немесе еңбек ұжымдары шешім қабылдау процесінде дербестік пен жауапкершілікті өз мойнына алып, «бәрін» мемлекет органдарына мойынсұнудан арылуы қажет. Мемлекет ролінің күшеюі оның жаңа заңдар жасап барлық азаматтарды бірдей, тең жағдайлы мүмкіндіктердің алдына қоюынан көрінеді. Мұның өзі демократиялық мемлекеттің дамуы мен кемелденуінің кепілі.
Осы негізде, мемлекет қоғамға пайдалы, іс-әрекеттерді жүргізу үшін өзінің әртүрлі функцияларын пайдаланады. Олардың ішінен заң шығару, кәсіпкерлік пен халықаралық байланыстарды нығайту функцияларын атап айтуға болады.
МЕМЛЕКЕТ ПЕН ЗАҢ ШЫҒАРУШЫ БИЛІК
Мемлекеттің заң шығарушылық функциясы қоғамның қалыпты өмір сүруіне көмектесіп, заңдардың баптарымен жұмыс істеу механизмін жасап шығаруды қалыптастырады. Бұл көрер көзге жеңіл іс емес, өйткені заңдарды жасайтын, қабылдайтын және орындайтын адамдар өздерінің көзқарастарын көптеген позициялар бойынша өзгерту тиіс. Сонымен қатар қоғам өмірінде кездесетін өзгерістерге байланысты заңдарда мүмкін болатын тенденцияларды алдын-ала болжай білу қажеттілігін ескерту қажет. Оған қоса бар деп айту психологиясынан неғұрлым тезірек арылу жөн болар еді. Тиянақты жасалған заңдар нарықтың күшті реттеушісі. Олар нарықтағы «ойын тәртібін» белгілеп, жабайы нарықты өркениетті нарыққа айналдырады.
Қалыпты жұмыс істейтін нарықтық шаруашылық құқытық реттеу жұмыстарына мыналар жатады:
- Монополияға қарсы (антитрестік) заңдар;
- Меншік туралы заңдар(әсіресе шетел инвестициялары туралы) ;
- Шарттар мен келісімдер, міндеттемелер туралы заңдар;
- Тұтынушыны қорғау мен оның алдындағы жауапкершілік туралы заңдар;
- Салық салу заңдары;
- Еңбек және халықтың кедей топтарын әлеуметтік қорғау туралы заңдар;
- Табиғатты қорғау туралы заңдар (өндірістік іс-әрекетпен байланысты).
Монополияға қарсы күрес пен меншік туралы заңдарға толығырақ тоқталайық. Қалыпты нарықтық экономикада барлық кәсіпорындар әрдайым бір-бірімен бәсекелік күрес жағдайында болады.сондықтан өтпелі кезеңде бәсекенің пайда болуына қажетті алғышарттарды жасау қажет. Біріншіден, кәсіпкерге жаңа фирмалар ашуға мүмкіндік беретіе және оларды ынталандыратын жаңа заңдар жасалуы керек. Екіншіден, кәсіпорындарды жекешелендіру процесінде бәсекелі нарықтарды қалыптастыруды алдын-ала болжау мүмкіндіктерін қарастыру қажет. Үшіншіден, елдің ішкі нарығы шетел кәсіпкерлері үшін ашық болуы тиіс. Төртіншіден, бәсекені ынталандыратын және монополиялар мен баға жөнінде өзара, құпия келісімдерге тыйым салатын заңдар шығуы қажет.
Қазақстанда шыққан жаңа қоғам дамуының қазіргі кезеңінің ерекшеліктеріне біршама сәйкес келеді. Оларға елдің, халықтың еңбек потенциалының қайта өрлеуіне қажетті элементтер енгізілген. Мысалы, «Қазақстан Республикасындағы меншік туралы заңдар» оның бұрынғы нұсқасына қарағанда,меншіктің барлық түрлерінің теңдігі жарияланып, олардың қалыпты дамуына негіз қаланып отыр. Республиканың жаңа конституциясында да бұған мән берілген.
Меншік туралы заңның негізгі идеялары мен қағидаларының дамуы мен қамтамасыз етілуіне Қазақстанның «Кәсіпорындар мен кәсіпкерлік іс-әрекет туралы» заңы да қызмет ете бастады. Бұл заң кәсіпкерлік-адамның іс-әрекетінің бір түрі деген түсінікті қайта жаңғыртады. Заң, меншік түрлерінің теңдігін айрықша атады. Заң кәсіпорындарға жоспарлау, өндіріс процессі,өнімді өткізу, баға белгілеу, финанс ресурстарының қалыптастыру мен сыртқы экономикалық қатынастарына байланысты іс-әрекеттеріне толық бостандық берді. Кәсіпорындарды тіркеу тәртібі жеңілдетіліп, енді рұқсат етілуден тіркеу тәртібі жеңілдетіліп, енді рұқсат етілуден тіркеу лікке айналады. Дегенмен, өтпелі кезеңде кәсіпорындардың іс-әрекеттер түрлерінің меншіктің жаңа нысандары негізінде өзгеруі, заңдарда көрсетілгендей жедел,мүлтіксіз өтіп жатқан жоқ. Алдымыздағы бірнеше жылда мемлекеттік сектор мен экономиканың жаңа құрылымдары арасындағы арақатынастың үлкен өзгерісі бола қоймас. Бірақ, бұл реформа барысын күрт жақсартуға болмайды деген сөз емес. Қайта мемлекеттің өндірістік кооперативтерді немесе мемлекеттік кәсіпорындарды тікелей қолдау тәжірибесіне сүйеніп, нарықтық экономиканы ынталандару әдістері (жалақы қорына шектеуді алып тастау, несиелеу жеңілдіктері мен жауапкершілікітің бір уақытта өсуі және т.б.) пайдаланылса, жетістікке жетуге толық мүмкіншілік бар.
Бәсекелікті қалыптастыру шараларынан басқа, мемлекет экономиканы монополиясыздандыруды да заңдастырып, оны жүзеге асыруда нақты іс-әрекет ету керек. Монополиялардың басты кемшілігі жоғары баға тағайындауда ғана емес, бағаны жоғарлату үшін өндірісті қықартуға жол беруінде.
Бұрынға Кеңес Одағы территориясында 46 мың өндіріс кәсіпорындары, 3 мың көтерме сауда кәсіпорындары,бірнеше жүз құрылыс трестері,жалпы алғанда, 50 мыңға тарта кәсіпорын орналасқан, ал,АҚШ-та сол кезеңде 3,5млн. астам немесе 70 есе көп ұқсас профильді кәсіпорындар болған. Демек, монополиясыздандыру мен жекешелендіру процесінде біздің республикада да мыңдаған жаңа кәсіпорындар құрылатындығын айтуға болады.
Қазіргі ірі монополиялардың көптеген ұсақ кәсіпорындарға бөліну мүмкіндігі және олардың өндіріс пен басқару тиімділігіне тигізетін әсерін есепке алуымыз керек пе? Енді ірі мемлекеттің кәсіпорындарды процесінен қаша алмаймыз, — мейлінше аз шығын мен барынша жоғары пайда анықтайтын болады,ал бәсекелік күрес бәрін де өз орнына қояды. Ескеретін нәрсе монополиясыздандыруға қатты қызығып,ол процесті жеке мақсат ретінде алға қоюдың қажеті жоқ. Кейбір жағдайларда монополиялардың болу өзін де ақтауы да мүмкін. Біріншіден, осы ірі өндірушіге басқа елде бар күшті бәсекелес қарсы тұрса, бөлшектеу оны әлсіретеді. Екіншіден, ірі кәсіпорынды сақтап қалу таза өндірістік-технологиялық себептерге байланысты болуы мүмкін (байланыс жүйелері,металлургия ,энергетика т.б.) Үшіншіден, «табиғи монополист» деп аталатын монополиялар көлік ,байланыс немесе басқа өндірістік және өндірістік емес инфроқұрылым салаларына сақталуы мүмкін. Соған қарамастан монополияларға қарсы заңдар ең кемінде үш негізгі мәселені шешуі керек: біріншіден,шағын және орта кәсіпорындарды ұйымдастыратын кәсіпкерлікті қарқынды дамытуға ат салысу,екіншіден, жаңа монополиялардың пайда болуын шектеу, үшіншіден, жекелеген кәсіпорындар арасында рынок аумағын бөлісуге бағытталған әрекеттердің жасалуын болдырмауы қажет. Бұл талаптар шаруашылық жүргізу жүйесінің болжамды мақсаты, меншіктің бір түрінен екіншісіне өтуінің бағдарламасы түсінікті және тиянақты болғанда ғана жүзеге асады. Адамдар реформалардың мақсатын түсініп қана қоймай, нақты және мүмкін болар өзгерістерден жеке мүдделеріне сай, материалдық артықшылықтарды айқын көруі қажет.
Мемлекет пен атқарушы үкімет. Әкімшілдік –әміршілдік жүйе тиянақты жазылған қарарлар, инструкциялар, бұйрықтар түріндегі тапсырмалар алуға үйренген нақты орындаушыны қалыптастырады. Ал қазір болса, өтпелі кезең үшін қажеттігі мол жаңа заңдар мен заңға толықтырма актілер, нұсқаулар мен бұйрықтар пайда болуда, жаңа мазмұнды орындау әдістері ерекше рыноктық сипатты құжаттарды игеру елеулі қиыншылықтар туғызуда. Тіпті, осы құжаттарды орындау белсенділігі мен қажетті түзетулерді енгізу бастамалары көбінесе болашаққа сілтеніп немесе төмен тұрған басқару деңгейлеріне жіберу орын алып отыр.
Рыноктық заңдардың мазмұндарын бұзбай қысқа мерзімде жүзеге асыру үшін, нормативті-методикалық материалдардың жинағын және сонымен қатар реформаны жүргізудің технологиясы мен қатаң кестесін жасау қажеттілігі туындайды. Ол үшін орындаушылардың құқықтары мен міндеттері белгіленіп, мүдделері мен жауапкершілігі анықталуы тиіс. Нормативтік құжаттардың жоқтығы реформаның алғашқы кезеңінде оны жүргізудің ең үлкен және бай елдің экономикасының тығырыққа тіреліп, орасан зор саяси-экономикалық дағдарысқа ұшырап, көптеген жеке мемлекеттерге бөлініп кетуінің өзі де сондықтан емес пе?
Қалыпты нарықтық экономиканы ескі нарықтық емес құрылмдар негізінде жасауға болмайтыны, өтпелі кезеңде мемлекеттің экономикалық ролі түбірімен өзгеретінін ешқашан естен шығаруға болмайды. Қоғамда «орташалар табын» (средний класс) пәрменді,жүйелі, мақсатты түрде қалыптастырудың орныныа бұрынғы КСРО-да «мемлекеттік рынокты» модифиациялау жүріп жатты. Сатушы мен сатып алушы ретінде мемлекеттік-монополиялық кәсіпорындар бәз-баяғы қалпында сақталды. Мұның өзі кәсіпорындарды мемлекеттік тапсырыстарды сақтап қалуға, дотациялар алу үшін дербестігін шкетеуге мәжбүр етті. Мемлекет ресурстардың тапшылығына қарамастан, бәріне көмектесу тәжірибесін жалғастыруда. Өз кезегінде, ресурстар кемістігі фискальдық алымдарды көбейтіп, онсыз да әлсіреген өндірушілердің дағдарысын тереңдете түседі. Мұндай реттеудің пайдасынан зияны көп. Тоқырауға ұшыраған қоғамда мемлекеттің ролі өте маңызда. Сондықтан, өтпелі кезеңнің қиыншылықтарын басынан өткерген елдердің тәжірибесін талдап, үйрену де пайдалы. Дамыған елдерде министрліктер көбінесе өндіріс құрал-жабдығының иесі ( билеу құқығы ) болмай, оған тек өзінің басқару шешімдері арқылы ғана әсер етеді. Біздің жағдайымызда, керісінше, министрліктер меншік иесі де ,билеуші де, басқарушы да болып келді.
1929-1933 жылдардағы әлемдік жойқын құрылымдық дағдарыс мемлекеттік реттеу деңгейі төмен экономиканың өмір сүру шектерін көрсетті. Сол кезде үкімет басына келген АҚШ-тың президенті Ф.Д.Рузвельт ғалымдардың алдына Америка экономикасын әлемдік дағдарыстың салдарынан кепілді қорғайтын механизмді жасау міндетін қойды. Сол жылдар Дж.М.Кейнс жасаған капиталистік экономиканы мемлекеттік реттеу теориясы мемлекеттің рыноктық құрылымдардағы қайшылықтарды бәсеңдеткіш ролін айқындап берді.
МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ДАҒДАРЫСҚА ҚАРСЫ ШАРАЛАР
Дағдарысқа қарсы шаралардың әлемдік тәжірибе жинақтаған бірінші кезекте, мемлекеттің тікелей араласуымен атқарылатын түрлеріне мыналар жатады:
- Өндіріс және қызмет көрсету салаларының ішінен ең маңызды бағыттарды таңдау және оларға тікелей мемлекеттік қолдау көрсету;
- Толық экономикалық дербестікке ұмтылатын шаруашылықтарды тікелей қаржыландырудан бас тарту және оларды бірінші кезекте сауықтыру мақсатында салықты азайту т.с.с. жеңілдіктер беру;
- Жергілікті орындарға жаңа экономикалық құрылымдарыды (биржа, коммерциялық банк, сауда үйлері, акционерлік қоғамдар мен серіктестіктер, фермерлік шаруашылықтар т.б. ), қолдау үшін кеңейтілген өкілдіктер мен мүмкіндіктер беру;
- Территорияда жиналған салықтың бір бөлігін нақты іс-қызмет түрлерін ынталандыруға беруді заңдастыратын жүйе жасау;
- Қалыпты кәсіпкерлік іс-қызметті қамтамасыз ету үшін заңдылықты қорғау мемкемелерін түгел жұмылдыру;
- Жаңа, бәсекелі өндірістерді қалыптастыру үшін оларға ұйымдық және қаржылай көмектесу;
- Еңбек рыногының жағдайын тиянақты түрде зерртеу және еңбекпен қамтамасыз етудің тиімді саясатын жасау.
Мемлекет заңдары өздігінен өмір сүрмейді, олар қоғам дамуы деңгейінің көрінісі болып табылады. Саяси және экономикалық егемендікке ие болған Қазақстан үшін жаңа заңдар қабылдап, оны қоғамдық дамудың бар саласында басшылыққа алу уақыт талабы.
МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПКЕРЛІК
Мемлекеттің кәсіпкерлік іс-қызметіне оның толық не жартылай қатысуымен атқарылатын экономикалық іс-әрекеттердің әртүрлі нысандары кіреді. Олардың арасынан, мемлекеттік меншікті, жекелеген кәсіпорындар қызметіне мемлекет капиталының қатысуын, мемлекет мүддесін жүзеге асырудың басқа да формалары мен тәсілдерін бөліп көрсетуге болады.
Қазақстанда мемлекеттің үлесін 30-40%-ке төмендету көзделіп, көптеген мемлекеттік кәсіпорындардың акционерлік негізге көшуі жобалануда. Мемлекетке жалпыұлттық мәндегі кәсіпорындар тиесілі болады ( темір жол, электроэнергия, өңдеуші және жекелеген дайындаушы өндіріс салалары және т.б.). Мемлекеттік сектордың басты міндеті өте жоғары пайда табу емес, негізінен өз кәсіпорындарының тиімділігін барынша жоғары дәрежеде сақтау және мемлекеттік емес сектордың тиімді жұмыс атқаруының жалпы бағыттарын белгілеу мен жеке капитал игере алмайтын өндіріс орындарының іс-қызметін қалыптастыру. Бұрынғы КСРО-дағы және Шығыс Еуропа, Қытай т.б. елдердегі социалистік экономиканың салыстырмалы төмен тиімділігі мемлекет секторының болуынан емес, оның толық мемлекеттендірілу себептеріне байланысты болған. Қоғам мен жеке мүдделердің табиғи қайшылықтары бұрынғы социалистік елдерде мемлекет тарапынан өз шешімін таппады.
Бұл елдерде экономиканың жеке секторын дамыту мақсатында әртүрлі әсер ету формалары мен әдістерін қолдаудың орнына жалпымемлекеттік экономикалық мүдделерді сыңаржақ әсірелеу басым болды. Мұның өзі азаматтардың жеке мүдделерін елемей, тіпті оларды басып-жаншу арқылы мемлекет иелігіндегі материалдық және рухани игіліктерді бейжай (пассивті) тұтынушыларға айналдырды.
Сондықтан, өтпелі кезең үшін ең маңызды міндеттердің бірі отандық және шетелдік тәжірибені зерттеп, ұлттық гүлденудің негізі болатын, жеке меншік сектордың үдемелі дамуын қаматамасыз ететін мемлекеттік ықпал ету механизмін жасау қажет.
Мемлекеттік капиталдың қатысуы ең алдымен акционерлік қоғамдарға байланысты қарастырылуы тиіс. Ал акционерлік қоғамдар болса, беймемлекеттендіру процесі барысында немесе әртүрлі меншік формаларындағы кәсіпорындардың өз еркімен бірігу жолымен пайда болады.
Осындай жағдайларда ғана мемлекеттік кәсіпкерлікті қалыптасқан өндірісте ғана емес, сонымен қатар жаңа құрылымдарды қолдау шараларымен де үлестіруге болады.
Шетелдік инвестициялар мен мемлекеттік реттеу
Шетелдік инвестицияларды тарту ісі мемлекеттен нақты қолдау табуы тиіс. Инвестициялық қаржыларды ел экономикасына қатыстыру әртүрлі нысанда жүзеге асырлуы мүмкін,оған шетел банктері мен халықаралық ұйымдардан қарыз алудан бастап,кәсіпорындарды тікелей шетел инвесторларының меншігіне сатуға дейінгі әрекеттер жатады. Мұның өтпелі формасы ретінде бірлескен кәсіпорындар ұйымастырылуы да мүмкін. Шетел капиталын ұлттық экономикаға тарту өте пайдалы процесс. Біріншіден, шетелдік инвестициялар елдің өндірістік базасын жедел жаңартуға және оның өндірістік мүмкіндіктерін арттыруға көмектеседі. Екіншіден, шетел фирмалары жаңа өндіріс орындарын ашумен қатар, капиталистік бәсекелік күресте шыңдалған еңбек пен өндірісті ұйымдастыру тәжірибесін ала келеді.
Біздің экономикаға ірі инвестицияларды келтіру үшін бірнеше шарттарды орындау қажет. Біріншіден,мемлекет шетелдік инвестицияларға қауіпсіздік кепілдігін беруі қажет. Екіншіден,мемлекет шетел инвесторларына пайданы тұрақты валютаға ауыстырып әкетуіне жағдай жасау керек. Шетелдік инвестициялар қоғамдық санада әлі де болса елді кіріптар етудің, оны шикізат шылауына айналдыру мақсатындағы экономикалық интервенцияның құралы ретінде көрініп отыр.
Ал әлемдік тәжірибе болса, дамыған рыноктық экономикалардың шетелдік инвестицияларды молынан сіңіріп алып жатқанын көрсетеді,ХХ ғасырдың соңына қарай шетелдіктер АҚШ-та жалпы сомасы 329 млрд.доллар. тең өндірістік қорларды иемденді. Бұл соманы көзге елестету үшін Австралия сияқты дамыған елдің жалпыұлттық өнімнің құнымен тең десек те жеткілікті. Бұл, әрине, қарапайым американдықтарды мазасыздандыруда, бірақ Америка бизнесмендері 80%-тік шетел капиталының ел экономикасына құйылуын белсенді түрде қолдайды және үкімет тарапынан да бұл жағдай толық қолдау табуда.
Рыноктық қатынастардың қалыптасу ерекшеліктері
Қоғамдық өзгерістер қажеттілігі айтпаса да түсінікті. Ол үшін түбірлі экономикалық реформалар мен эксперименттер жүргізу уақыт талабы. Сондықтан әлеуметтік экономикалық жағдайды күрт жақсарту үшін ұйымдастыру мен басқарудың жаңа тәсілі қажет. Шынында, егер өте үлкен елде, табиғи және еңбек ресурстарының өте зор қоры мен жоғары интеллектуалды потенциалы болып, бірақ керекті нәтижелері болмас, оның себебін қоғамдық жүйенің өзінен іздеу керек. Осылайша объективті жағдайлардың, адамдар санасына ықпалы өте үлкен болғандықтан, өмір сүріп отырған қоғамдық жүйені өзгертуге қолайлы мүмкіндіктер туды.
Өтпелі кезеңнің негізгі мәселелері мен сипаты. Рыноктық құрылымды қалыптастыру
Бұрынғы КСРО-да 1985 жылы басталған қайта құру, әкімшілдік-әміршілдік жүйеден рыноктық экономикаға көшудің өтпелі кезеңінің бастамасы болды. Осы кезең ішінде радикалды саяси және экономикалық реформалар жасалды, жаңа дүниетаным қалыптаса бастады. Көп партиялы саяси жүйе қалыптасуды, сөз бостандығы, баспасөз, митинг, шеру жасау бостандығы мен басқа да демократиялық қоғамға тән құбылыстар қоғамдық өмірімізде орын алуда. Экономика саласында негізгі мәселе меншікті мемлекет иелігінен алып жекешелендіру жұмыстары қолға алынды. Соның нәтижесінде, мемлекеттік кәсіпорындармен қатар, кооперативтік, жалгерлік, акционерлік қоғамдар мен серіктестіктер, жекелеген кәсіпкерлер пайда бола бастады. Алайда өтпелі кезең көптеген күтпеген қиындықтарға әкеп тіреді. Соңғы 10 жыл ішінде дағдарыс одан әрі тереңдей түсуде. Дағдарыс экономика мен басқару, қоғамның саяси өміріне , ұлтаралық қатынастарға, мәдениет пен қоғамдық мораль, өмірдің барлық салалары мен жақтарына ықпал етіп отыр. Дағдарыс экономика бір бүйірден қысса, экологиялық жағдай халықтың денсаулығы мен әлеуметтік тұрмысын одан әрі қарай тереңдетіп жүргізу үшін ірі мемлекттік шаралар кешенін барлық салалар бойынша жасап, іске асыру қажет.
Өтпелі кезеңде қандай негізгі мәселелер шешілуі керек? Бұл – жекешелендіру, макроэкономикалық тұрақтандыру, кәсіпкерлікке ынталандыру, шекараларды импорт үшін ашу. Ең негізгісі – халықтың тұрмысы төмен топтарын қорғауға бағытталған әлеуметтік саясат ұстану. Рыноктық құрылымдарды қалыптастыру. Рынок қоғам дамуының өзіндік мақсаты емес, тек қана құралы.
Елімізде рынокты дамытуға байланысты мақсат-мүдделеріміз қандай?
Бірінші мақсат – тауарлар мен қызмет көрсету рыногын дамыту. Мұнда өндірістік тауарлар, қызмет көрсетумен қатар, өндірістік емес мәні бар тауарлар және қызмет көрсету туралы да әңгіме болады. Бір жағынан қарағанда, мұндай рынок жаңалық емес. Бірақ нағыз рынок — жай сатып алу мен сату ғана емес, ол – тауар өндіру мен қызмет көрсетуде – таңдау мүмкіндігі. Соңғысы тек қана өндірістік күштердің жоғары даму деңгейінде ғана орын алады, әрі адамның табиғатына сәйкес, оның кең ауқымды қажеттіліктерін есепке алғанда ғана нәтижелі болады. Таңдау мәселесін шешу – тауарлар мен қызмет көрсету рыногын қалыптастыруға қажетті жағдайларды жасау керек. Бұл шарттар қажет, бірақ жеткілікті емес. Өйткені таңдау мәселесі абсолютті емес. Тауарлар мен қызмет көрсету түрі арасынан адам өзіне керекті тауарды таңдау үшін білімі мен мәдениет деңгейі болу керек, әртүрлі ақпараттарға, жарнамаларға зер салып отыруға тиіс, ал бұл адамның маңызды қасиеттерінің бірі – таңдай білу талғамын қалыптастырады. Басқаша айтқанда, рыноктық қатынастардың дамуы қоғамның әлеуметтік инфрақұрылымы деңгейіне де тікелей байланысты.
Екінші мақсат – финанс-қаржы рыногын қалыптастыру. Әңгіме, бұрын болмысымызға таныс емес, ерекше бағалы қағаздар рыногы туралы болып отыр. Батыс елдеріндегі маңызды орын алып отырған осындай бағалы қағаз рыногының мәніне, сол елдердің тәжірибесіне сүйенбей баға беру қиын. Негізінде финанс рыногы – бұл рынок құрылымының биік деңгейі, оны реттеп әрі қалыпқа келтірудің күрделі де нәзік механизмі. Өтпелі кезең осындай рыноктықалыптастыру және сынақтан өткізу үшін керек, өйткені акция, облигация мен басқадай бағалы қағаздарсызрыноктық экономиканың болуы мүмкін де емес. Бағалы қағаздардың шығарылуы мен еркін айналысқа жіберілуі, оның иелерінің капитал иесі екенін куәландырып,олардың табысқа құқығын көрсету – зауыт, фабрикаларға, материалдық иеліктерге мемлекеттік меншік монополиясын жоюдың қажетті шарттары. Басқаша айтқанда, бағалы қағаз иесі қосымша табыс көздеріне ие болып қана қоймай, меншік иесі де болып табылады. Бұл әлеуметтік шиеленісті күрт төмендетіп қана қоймай, қоғамдағы әртүрлі топтарының жақындастырылыуына себеп болады. Сондай-ақ бағалы қағаздар тауар эквиваленті ретінде ақшаны қамтамасыз етуде қосымша қызмет атқарады.
Үшінші мақсат – жұмы күші еңбек рыногын қалыптастыру мен оны реттеу. Біздің жағдайымызда, бұл ең қиын және өте нәзік мәселе. Шыныда, ондаған жылдар бойы бұрынғы КСРО-да еңбек рыногы жоқ және болуы мүмкін емес деп уағыздалып келген еді, өйткені жұмыс күші өндіріс құралдарынан бөліп қаралмады, енді еңбек рыногын құру сөзсіз қажет болды. Бұл мәселе жақын болашақта өте актуальды болмақ. Еңбекпен қамтамасыз ету саласы мен жалпы рынок қатынастарын жете бағаламау, жұмыссыздықтың әлеуметтік құрылымы негіздерін жан-жақты зерттемеу, нарық жағдайында еңбекпен қамтамасыз етудің мемлекеттік саясаты өлшемдерінің болмауы елді қиын жағдайға әкеп тіреді.
Сонымен нарықтық экономика – әртүрлі талғам мен таңдау экономикасы. Нарықтық экономикаға апаратын жол бірдей емес. Нарыққа қай жол апарады? Бұл сұрақтың жауабы нарыққа апаратын және экономикалық қадамдардың өзара әрекеттесуінен көрінеді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
- «Жалпы экономикалық теория» Шеденов Ө.Қ.Ақтөбе – 2004ж,301-308 беттер.
- «Экономикалық теори негіздері» Әубәкіров 307-315 беттер