АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Реферат. Сақтандыру маркетингі.

Сақтандыру маркетингінің мәні және

міндеттері

 

Сақтандырудағы маркетинг — бұл өз аймағындағы, басқа да аймақтардағы және жалпы мемлекет бойынша сақтандыру қызметіне деген қалыптасқан сұраныс пен ұсынысты зерттеу, талдау және есепке алу бойынша, сондай-ақ белгілі бір бағыттағы сақтандыру қызметіне сұранысты қалыптастыру бойынша шаралар болып табылады.

Сақтандыру ұйымдары өзіндік маркетинг қызметтерін құрады немесе арнайы маркетингтік ұйымдарға немесе қызмет орындарына жүгінеді.

Сақтандыру маркетингінің міндеттері:

  • Сақтандыру нарығының жағдайын және нақты сақтандыру қызметтеріне (сақтандыру түрлеріне) сұраныстың перспективасын зерттеу.
  • Сақтандырушының жұмысын ұйымдастыруды арттыру және қолындағы мүмкіндіктерін жүзеге асыру резервтерін және жолдарын анықтау.
  • Сақтандыру қызметінің (сақтандыру түрлері) жаңа түрлерін әзірлеу.

 

Сақтандыру маркетингінің іскерлік стратегиясы және тактикасы:

  • Потенциалды сақтанушылардың (заңды және жеке тұлғалардың) қажеттіліктерін зерттеу.
  • Сақтандыру нарығында қалыптасқан   жағдайларды талдау.
  • Өз аймағының және жалпы мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік даму жағдайын және тенденцияларын зерттеу.
  • Бәсекелес сақтандырушылардың алдыңғы   қатарлы тәжирибесін талдау.
  • Жарнамалық іс-шаралардың тиімділік әсерін талдау;
  • Қалыптасқан нақты жағдайларда  өз  бетінше   сәтті әрекет ету мүмкіндіктерін бағалау.
  • Сақтандыру қызметтерін потенциалды   сақтанушыларға ұсынудың жаңа формаларын және каналдарын жасақтау.
  • Потенциалды сақтанушыларды ынталандыратын шараларды зерттеу мақсатында халық және шаруашылық субъектілері арасында сұрақнама жүргізу. Яғни, сақтандыру келісімін жасауға адамдарды итермелейтін факторлардың кешенін анықтау (экономиканың дамуы, өмір сүрудің әлеуметтік жағдайлары, демографиялық, ұлттық, кәсіби, жыныстық және т.б. ерекшеліктер, сақтандыру мүддесін психологиялық тұрғыдан қабылдау).

Сақтандырушының имиджін қалыптастыру. Маркетингтің басты бағдарының бірі — сақтандыру ұйымының өзіндік қайталанбас айрықша фирмалық стилін жасақтау болып табылады. Фирмалық стиль өзін барынша жарқын тұрғыдан көрсете білу, сақтандыру ұйымы және оның өнімдері туралы ақпаратты халықтың санасына сіңдіре білу әдістері мен шараларын қамтиды.

Фирмалық белгі (яғни бекітілген тәртіп бойынша тіркелген бейне) және логотип фирмалық стильдің құрамдас.

Жеке сақтандыру объектілері:

  • өмір;
  • денсаулық және еңбек қабілеті;
  • тұлғаның жеке басымен байланысты басқа да мүдделер.

Жеке сақтандыру қызметтері (функциялары):

  • еңбек қабілетінен (уақытша немесе тұрақты) айырылған, асыраушысы қаза болған, жеке табысының төмендеуіне  алып  келген  басқа  да  қолайсыз  жағдайларда (жұмысынан айырылу, зейнетке  шығу, ұрланған сәбиге сатып алу ақысын сұрау және т.с.с.)
    азаматтардың табыстарын қорғау және қол жеткізген игілік жағдайын сақтап қалу;
  • жинақтаушы — аннуитетті және өмірді сақтандырудың ұзақ мерзімді келісімшарты бойынша ақша қаражаттарының жинақталуы.

Жарнаманың  мәні  және  мақсаты.   Жарнама – бұл сақтандырушының қызметіне деген тұрақты сұранысты қалыптастыру мақсатында сақтандырудың жекелеген түрлері және нақты сақтандыру компаниясының негізгі сипаттамалары туралы ақпараттың эмоционалды көркемделген бейнесі болып табылады.

Кең мағынада жарнама жүйелі немесе мақсатты түрде жүзеге асырылатын бұқаралық-түсіндірме кешені болып табылады.

Жарнаманы ұйымдастыру және жүзеге асыру формалары мен әдістері. Жарнаманы және басқа бұқаралық-түсіндірме шараларды (әңгімелесу, «дөңгелек үстел», кездесулер және т.б.) ұйымдастыруда сақтандырушылардың түрлі топтарының мүдделері, бірінші кезекте табысы төмен халықтың  сұраныстары,  ауа-райы  және  климаттық жағдайлар, жекелеген аймақтардың ұлттық ерекшеліктері мен экономикалық даму деңгейі, басқа да факторлар ескерілуі тиіс. Осы факторлар арқылы аталған сақтандырушының қызметіне деген қажеттіліктер қалыптасады.

Ұйымдастыру формасы бойынша сақтандыру жарнамасы жеке және ұжымдық болуы мүмкін. Бірінші жағдайда жарнамадағы ақпарат жекелеген тұлғаның (мысалға кәсіпорын басшысының) санасында қалыптасуды көздейді, ал екінші жағдайда — қызметіне, жасына, жынысына және т.с.с. белгілеріне қарай адамдардың белгілі бір топтарына (студенттерге, жүргізушілерге, зейнеткерлерге және т.с.с.) бағытталады.

Жүзеге асыру формасына қарай жарнамалардың келесідей түрлері болады: баспа (плакаттар, буклеттер, күнтізбелер және т.б.), киножарнама, радиожарнама, теледидарлық жарнама, бұқаралық ақпарат құралдарын қолдану арқылы жүргізілетін жарнама.

Сақтандырудағы адал бәсекелестіктің негізгі принциптері

  • Қаржылық есеп берудің негізгі формаларын жариялау (баланс, кіріс және шығыс туралы есеп, меншікті капиталдың қозғалысы, ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп).
  • Сақтандырушының қаржылық жағдайы, оның кадрларының біліктілігі және т.б. туралы ақпараттың объективтілігі.
  • Тек қана ғылыми негізделген (актуариймен бекітілген) сақтандыру тарифтерін қолдану.
  • Сақтанушыға сақтандырушының тек өзі орындай алатын сақтандыру қызметтері мен міндеттерін ғана ұсыну.
  • Сақтанушылардың алдында басқа   сақтандырушыларды алалайтын, дискриминациялық ақпараттарды таратпау.
  • Сақтандыру заңнамасының принциптері мен талаптарын қатаң сақтау.

Сақтандыру тәуекелдері:

  • сақтандыру мерзімінің соңына, белгілі бір жасқа немесе оқиғаға дейін өмір сүру;
  • сақтанушының немесе сақтандырылған тұлғаның қайтыс болуы;
  • денсаулығынан немесе еңбек қабілетінен айырылу;
  • табыстан айырылу.

Жеке сақтандырудың жіктелімі өмірді сақтандыру:

  • аралас;
  • қайтыс болған жағдайда;
  • жасына жетуді;
  • балаларды;
  • үйленуді;
  • басқалар.

Аннуитетті сақтандыру:

  • ренталарды;
  • зейнетақыларды;
  • табыстарды;
  • басқалар.

Денсаулық пен еңбек қабілетін сақтандыру:

  • қолайсыз жағдайлардан;
  • уақытша еңбек қабілетсіздігінен;
  • мүгедектіктен;
  • медициналық;
  • басқалар.

Өмірді аралас сақтандыру бойынша сақтанушылар мен сақтандырылған түлғалардың контингенті:

  • кәмелеттік жаска толған тұлғалармен ғана сақтандыру келісімшарты жасалады;
  • сақтандырушы сақтанушының азаматтығына,  денсаулығына және жасына байланысты шектеулер қоюы мүмкін;
  • сақтандырушы мен сақтандырылған тұлға әрқашан бір тұлға болып табылады, себебі ешкім өзінен басқа тұлғаны сақтандыра алмайды.

Сақтандыру жағдайлары:

  • сақтандыру мерзімі біткенге дейін өмір сүру;
  • қолайсыз жағдайларға байланысты денсаулығы мен еңбек қабілетінен айырылу;
  • сақтандыру келісімшартының әрекет етіп түрған кезінде сақтанушының қайтыс болуы.

Сақтандыру сомасы:

  • сақтандыру сомасы әдетте 10000 теңгеге еселенген шексіз сомада орнатылады (мысалы: 100000, 110000, 120000 теңге);
  • жасына жетуіне, еңбек қабілетінен немесе денсаулығынан айырылуына байланысты сақтанушы сақтандыру сомасын алушы ретінде қарастырылады (ол әрі сақтандырылған түлға болып табылады);
  • сақтанушы қайтыс болған жағдайда заңнамаға сәйкес сақтандыру сомасын оның мүрагерлері алуына болады.

Сақтандыру мерзімі. Сақтандыру мерзімін әдетте сақтанушы таңдайды, мысалға 3, 5, 10, 15, 20 жыл. Алайда сақтандыру мерзімі сақтанушының белгілі бір жасқа жету шеңберінен аса алмайды (мысалға, сақтанушы 55 жаста болса, ол үшін сақтандыру мерзімі 75 жасқа дейінгі уақытты қамтиды).

Сақтандыру мерзімі әдетте алғашқы (немесе бір жолғы) сақтандыру жарнасы (сыйақысы) төленген айдың 1-ші күнінен басталады және сақтандыру келісімінде көрсетілген жылдан кейін сол айдың 1-ші күні бітеді. Алайда сақтандыру келісімі өз күшіне алғашқы (немесе бір жолғы) сақтандыру жарнасын төлеген күннен бастап енеді.

Айлық сақтандыру жарнасы (төлемі) сақтандыру тарифін сақтандыру сомасының жүз теңгесіне көбейту арқылы есептеледі.

Сақтандыру жарналары келісімде көрсетілген уақыттарда төленеді — ай сайын, тоқсан сайын немесе бүкіл сақтандыру мерзіміне бірден қолма-қол немесе қолма-қолсыз формада төленеді.

Сақтандырудың басқа да шарттары. Кезекті сақтандыру жарнасы төленбеген жағдайда келісімшарттарына сәйкес сақтандыру келісімі дереу немесе белгілі бір мерзімнен кейін (мысалға, үш айдан кейін) тоқтатылады. Тоқтатылған келісім қарызды өтеу және кезекті жарнаны төлеу немесе өтелмеген қарыз мерзіміне сақтандыру мерзімін ұзарту арқылы қайта қалпына келтірілуі мүмкін. Егер тоқтатылған келісім қалпына келтірілмейтін болса, онда сақтанушыға сатып алу сомасы төленеді (сатып аяу сомасы аталған келісім бойынша есептелген және жинақталған жарналардың резервіне тең).

Жарналар резерві сақтандырушының міндеттемелері (сақтандыру сомасын төлеу бойынша) және сақтанушы міндеттемелері (сақтандыру жарналарын төлеу бойынша) мөлшерлерінің айырмасына тең болады. Жарналар резерві актуарий бекіткен әдістеме бойынша есептеледі. Мысалы: Сақтандыру келісімі 5 жылға жасалған. Сақтандыру сомасы (сақтандырушының міндеттемесі) 100000 теңгені құрайды. Сақтандыру жарнасы ай сайынғы 1600 теңгеге тең. Бес жыл ішінде сақтанушы 96000 теңге жарна (1600*12*5) төлеуге міндетті. Жиырма айдан кейін сақтанушы жарналар төлеуді тоқтатты, демек 32000 жарнаны төлеп үлгерді, ал 64000 жарнаны төлеп үлгермеді (96000-32000). Бұл жағдайда сатып алу сомасы 36000 теңгені құрайды (100000-64000).

Келісім әрекет етіп тұрған уақытта сақтандыру сомасының мөлшері сақтанушының өтініші бойынша көбеюі немесе азаюы мүмкін. Бұл жағдайда, сәйкесінше, сақтандыру жарналары да қайта есептелетін болады.

Сақтанушы әр түрлі мерзімге бір немесе бірнеше сақтандырушымен бірнеше сақтандыру келісімдерін жасай алады.

Сақтандыру келісімінде сақтанушының мүддесі үшін қосымша шарттар қарастырылуы мүмкін. Мысалға, төленген жарналар мөлшерінде сақтанушыға пайызсыз несиелер беру, бонустар төлеу, сақтандыру сомасын инфляция деңгейіне сәйкес индекстеу және т.с.с.

 

 

 

 

Кіріспе:

 

1.Сақтандырудағы маркетинг

2.Сақтандыру маркетингінің іскерлік стратегиясы және тактикасы

3.Сақтандырушының имиджін қалыптастыру

4.Сақтандыру принциптері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер:

 

1.Қаржы және несие айналымы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы қаржы – экономикалық және құқықтық колледжі

 

 

 

 

 

 

Реферат

 

Тақырыбы: Сақтандыру маркетингі

 

 

 

 

 

Орындаған: Молдаш Бақыт

Тексерген:

 

 

 

Алматы 2008 ж.