АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Реферат. Сақтар

Сақтар

Б.э.д. 1 мыңжылдықта Қазақстан және Орта Азияны мекендеген сақ тайпалары темірден заттар жасауды меңгерді. Олар қуатты тайпалық одақтар құрған. Сақтардың тайпалық одақтары массагеттер, исседондар, аландар, каспийшілер, сарматтардан тұрған. Оларды гректер скифтер деп атаған. Ол туралы грек тарихшысы Геродот өзінің «Тарих» деген еңбегінде, 5 томында, географ Страбон «Географиясында» жазып қалдырған. Парсы патшасы Дарийдің Накширустамдағы /Персопольға жақын/ тас жазуларында сақтарды үш топқа бөліп көрсеткен.: парадария (теңіздің арғы бетіндегі сақтар-европалық скифтер немесе Арал теңізі, Сырдарияның арғы жағындағылар), хаомаварга (хаома сусынын жасайтын сақтар-Ферғана жерін мекендевшілер), тиграхауд сақтар (шошақ бөрікті сақтар-Сырдарияның орта аймағы және Жетісуды мекендевшілер).

Сақ әулетінің негізін қалаушы Алып Ер Тоңға (Афрасиаб) деген дерек бар. Сақтар көк тәңіріне табынды. Оларды матриархаттық ел билеу дәстүрі сақталған. Мысалы, Зарина, Томирис.

Сақтардың саяси тарихы. Парсылардың патшасы Кир, Мидия патшасы Крезбен б.з.б. 558-529 жж. соғысқанда, сақтармен одақтасқан. Кейін Кир сақтарды, массагеттерді өзіне бағындаруды ұйғарды. Кир сөйтіп, Сақ жеріне басып кірді. Алайда парсылар сақтарды жеңдік деген кезде, сақ жауынгерлері тұтқиылдан бас салады. Кир де, әскерлері де өлтіріледі. Томирис туралы аңыз осы кезде шықты

Кирдің Орта Азиядағы басқыншылық жорықтарын 1 Дарий /б.з.б. 521-486 жж/ жалғастырды. Парсылар сақтарды аз уақыт бағындырады. Б.з.б. 6 ғ. соңы 5 ғ. басында (500-449 жж) ежелгі Шығыстағы грек-парсы соғысында сақ тайпалары парсылар жағында болды. Б.з.б. 490 жылғы грек-парсы әскерінің Марафон жерінде болған соғысында сақтар парсылармен бірге гректерге қарсы соғысты

Б.з.б. 4-ғ. 30-ж. Александр Македонскийдің грек әскерлері соңғы Ахеменид, 3 Дарий Кодоманның армиясын талқандап, Орта Азияға басып кіреді. Олар Маракандты (Самарқанд) алып, Сырдарияға келеді. Сыр бойына бекіну үшін, Шеткі Александр деген қала салады. Алайда гректер жеңгенімен , ыстық табиғатқа шыдамаулары, Александрдың аурып қалуы гректерді Самарқанға шегінуге мәжбүр етті. Александр б.з.б.323 ж. сүзектен өлді. Оның ала-құла империясы ыдырап кетті.

Археологиялық ескерткіштері. Бұлар қорымдар, жартастағы суреттер, сақ бұйымдарының көмбелері.

Орталық Қазақстан. Бұл жерден Тасмола мәдениеті (б.з.д. 7-3 ғғ.) ашылды. Зерттеуді археологтар Ә.Марғұлан, М.Қадырбаев жүргізді. Бұл обалардың ерекшелігі — оларда тас жалы, «мұрты» болады. Бірнеше варианттардан тұрады. Негізгі обаға жанаса немесе оның шығыс бетінде, иек астында кіші оба тұрады, одан шығысқа қарай доғаша иіліп, ені 1,5-2 м, ал ұзындығы 2-200 м дейін кейде одан ұзыныда болады, екі жал кетеді. Үлкен обаға үйілген төбе астында жерден қазылған қабырда өлген кісінің мәйіті жатады, ал кіші қорғанда үйінді астындағы қабырға ат пен ағаш ыдыс-аяқтар қойылады.

Батыс және солтүстік Қазақстан. Еділ мен Жайық арасындағы аймақтан қорымдардың көп шоғырланған жері — Үлкен және Кіші өзеннің бойлары, Қамыс-Самар көлдерінің өңірлері, Елек, Шаған, Ембі жағалаулары. Обалардың көбінде үйінділері бар, ал олардың аса үлкендері орлармен қоршалған. Тас үйінділері немесе топырақ пен уақ тастар араластырылған үйінділері бар обалар сирек кездеседі. Қабырлар шығыстан батысқа қарай ыңғайлай қазылады, ал өлгендер молаларда емес, обалар үйінділері астындағы арнайы дайындалған алаңдарға қойылады.

Шығыс Қазақстан. Алтай аясынан, Шыңғыстау мен Тарбағатай бөктерлерінен кездеседі. Үлкен патша обалары бар. Ол Шілікті алқабында шоғырланған. Бұл өңірдің мәдениеті үш кезеңнен тұрады. Мәйемір кезеңі (б.з.д. 7-6 ғғ), берел кезеңі (б.з.д. 5-4 ғғ.), құлажүргін кезеңі (б.з.д. 3-1 ғғ.). Мәйемір кезеңінің соңында салт кісіні атымен бірге қоятын қабырлар пайда болады.

Жетісу мен оңтүстік Қазақстан. Бұл сақ тайпалары мекендеген аса көлемді аймақ: тиграхаудтар — Жетісуда, ал массагеттер Арал өңірі мен Сыр бойында. іле алқабында Бесшатыр, Есік, Түрген, Кеген, Алексеев обалары осы алқаптан табылды.

Жетісудағы сақ мәдениеті екі кезеңді: ерте кезеңі (б.з.д. 8-6 ғғ) және кейінгі кезең (б.з.д. 5-3 ғғ.). Соңғы кезеңдегі патша обасына Бесшатыр қорымы мен Есік обасы жатады. Бесшатыр қорымы Іле өзенінің оң жағалауындағы Шылбыр деген жерде, ол 31 обадан тұрады. Қорымның барша обалары екі топқа бөлінеді, үлкен обалар — диаметрі 45 м-105 м-ге дейін. Биіктігі 6-18 м. Салынған уақыты б.з.д. 5 ғ.

Есік обасы Алматының шығысында 50 км жерде. 1969-1970 жж. зерттелінді. Іле Алатауы баурайында. Обаның диаметрі 60, биіктігі 6 м. Топырақ үйіндісінің астында екі қабыр — орталықтағы және бүйірдегісі бар. Орталық қабыр тоналған. Бүйірдегісі аман жетті. Жерленген 18 жасар ханзада. Ол киіндіріліп, қару-жарақ таққан күйінде жерленген. Ыдыс-аяқтар, бүйіріне 26 таңбадан тұратын екі жол сөз жазылған күміс тостаған жатыр. Өліктің басына биік былғары қалпақ-дулыға кигізілген, оның сыртына алтын бұтақтарына құстар қонған, сирек ағашты тау бейнеленген. Дулығаның төбесіне тәж ретінде титімдей арқар бейнесін қойған. Марқұмның мойнына ұшы барыс бастарымен безендірілген алтын өңіржиек салынған, құлағына бирюзадан салпыншағы бар сырға тағылыпты. Екі саусағында алтын жүзіктері бар. Белбевінің оң жағына қызыл түсті ағаш қынапты, ұзын сессер ілініпті. Семсер темірден, оралмалы-орам бедері бар сабы имектев. Сол жағына ақинақ-қанжар ілінген. Есік обасының салынған кезі б.з.д. 6 ғ. деп есептеледі. Оны зерттеген археолог К.Ақышев (Курган Иссык. М., 1973г).

Арал өңірі сақтары мәдениеті Тегіскен, Ұйғарақ, Оңтүстік Тегіскен қорымдары.

Шаруашылығы мен қоғамы. Мал шаруашылығымен де егін өсірумен де айналысқан. Жылқы өсірген. Екі тұқымы болғаны анықталды. Оның біреуі басы үлкен, аяғы жуан, денесі шомбал, жатаған жылқы, ал екіншісі шоқтығы биік бойшаң, сымбатты жылқы, оны қарулы жауынгерлер мінетін болған. Қой бағумен де айналысқан. Сақтарда маңдай алды дөңестев ірі қойлар көп тараған. Олар қазақтың кәзіргі құйрықты қойлары тұқымына жақын болған. Түйе шаруашылығы да кең дамыды. Ал сиырдың көшпелі тіршілікке бейімделген мұндай тұқымының өзгеден айырмасы — өнімділігі төмен, тірілей салмағы аз, жемшөпті көп талғамайтын. Суықта сыр бермейтін, жүні қалың, тебін малы болды.

Егіншілік пен суару. Қыстау маңындағы егін сақтарды астықпен қамтамасыз еткен. Олар тары, арпа, бидай еккен. Оңтүстік Сырдарья алқабында сақтардың Шірік Рабат, Бәбіш-молла, Баланды секілді қоңыстарында табылған.

Кәсіптері мен сауда. Сақ тайпалары арасында металл өндіру және оны өндеу, әсіресе қола құюға байланысты кәсіпшіліктері дамыған. Темір мен мыс, қалайы мен қорғасын, алтын мен күміс өндіру жоғары дәрежеде дамыған. Мәселен, Имантау кен орнында 3 млн. Пұт мыс рудасы, ал Жезқазған мен Успенскден 10 мың және 26 мың пұт руда өндірілген, сонда сол руданың көбісі сақтар заманында өндірілгені анықталды.

Сақ зергерлері қоладан қанжарлар, оқ жебелері мен сүңгі ұштарын, аттың қайыс әбзелдерін, әшекейлер мен айна, қазандар мен құрбандық ыдыстарын жасаған.

Сауда. Еуразия далаларын сақтар билеген кезде Батыс пен шығысты, Жерорта теңізі мен Қытайды байланыстырған халықаралық өтпелі сауда басталады. Б.з.д. 1 мыңжылдықтың орта кезінде дала жолы пайда болады. Геродот жазуына қарағанда, дала жолы Қаратеңіз өңірімен жүріп, Дон жағалауына сосын Оңтүстік Орал өңіріндегі савроматтар жерінен Ертіс бойына, одан әрі Алтайдағы аргиппейлер еліне жеткен, содан әрі Моңғолия мен Қытайға қарай кететін болған. Осы жолдың бір бөлігі Қазақстан жерімен өтті.

Сақтар қоғамы. Сақ қоғамында халықтың үш тобы болды деген болжам бар. Ол рим тарихшысы Квинт Курций Руф айтқан аңызға сүйеніп айтылады. Бұлар жауынгерлер — сүңгі мен оқ ( «ратайштар-арбада тұрғандар»), абыздар — құрбандық табағы және айрықша бас киімі бар, қауымшыл сақтар, яғни «сегізаяқтар» (соқаға жегетін екі өгізі барлар). Осы үш жіктің өзіне тән дәстүрлі түсі болған. Жауынгерлерге -қызыл, сары-қызыл; абыздарға-ақ; қауымшылдарға-сары мен көк түстер. Сондай-ақ көсемдер мен патшалар да болды. Олар әскери жіктердің өкілдері болды. Гректер оларды басилевс -патша деп атаған. Патшаның белгісі жебелі садақ.

Өнері мен мифологиясы. Сақтар аң стилін Алдыңғы Азия мен Иранға жорық жасаған кезінде қабылдаған. Бұл өнер б.д,д. 7-6 ғасырда қалыптасқан. Аң стилі дегеніміз түрлі жануарлардың бейнелерін ыдыс-аяққа, киімге, тұрмыс заттарына, түрлі әшекейлерге, қару-жараққа салған. Сақтар күнге, найзағайға, жел-дауылға табынған. Сақтар мифологиясында сәйгүлік ат күнмен, отпен байланысты болған. Дүниені жаратқан көк тәңірісі Митра, жердікі Варуна, жер астыныкі Индира секілді құдайлар болған.

К.Алимгазинов, Г.Жугенбаева

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Туркі қағанаты

Түркі қағанаты.Түркі қағанаттың саяси-әскери бірлестік ретінде қалыптасқан мекені — Жетісу. Жетісу мен Шығыс Қазақстан жужан мемлекеттің шет аймақтары болатын. Осы аймақтарда орналысқан тайпалар — теле — 492 ж. жужаньдарға қарсы шығып, тәуелсіздік мемлекет құрады. Дегенмен де, 516 ж. жужаньдар жаңа құрылған мемлекетті тағы да өздеріне бағындырады. 545 ж. теле тайпаның Ашина руы жужаньдарға қарсы қүресті басқарады. 551 ж. ашина руының батыры Бумын, Қытаймен бірігіп, жужань мемлекетінің талқандайды.

Сонымен, түркі тілдес тайпаларының ішіннен шыққан теле тайпа Жетісуда мемлекетінің негізін құрып, көрші мекендерді өзіне бағындыру үшін саясат жүргізеді.

1 мыңжылдықта Евразияның аймағында этникалық өзгерістер болады. Түркі тілдес тайпалар басымдық алды. «Түрік» атауының тұңғыш рет аталуы қытай шежірелерінде кездеседі және ол 542 жылға жатады. Қытайлар түріктерді сюнну-ғұндар деп атаған. Ерте Түркі мемлекеті -Түркі қағанаты 552 жылы құрылды. Оның негізін салған — Бумын қаған 553 жылы қайтыс болады. Оның мұрагері — Қара-Ыстық-хан — билігі бір жылға толмай, қайтыс болады. Мұқан-қаған (553-572) билік құрған жылдарда Түркі қағанаты Орта Азияда саяси үстемдікке ие болады. Олар Маньчжуриядағы қидандарды, Енисейдегі қырғыздарды бағындырады, бұларға Солтүстік Қытай алым-салық төлеп тұрады. 563-567жж. эфталит патшалыпын басып алады. Міне, осыдан кейін олардың жері Каспий теңізінен Солтүстік Индияға дейін және Шығыс Түркістанға дейін созылып жатқан.

Түркілер Орта Азияны жаулап алғаннан кейін Жерорта теңізіне дейін баратын Жібек жолына иелік етті. Олар өздерінің жаулап алу жорықтарын жүргізуде Иранға қарсы Византиямен одақтасты, 571 жылы түріктердің әскери қолбасшысы Естеми Солтүстік Кавказды басып алады, сөйтіп Керчь түбегіне (Боспорға) шықты. Оның баласы Түріксанф Керчьті басып алып, 576 жылы Қырымға шабуыл жасады. Бірақ Естеми өлгеннен кейін 582-593 жылдары билік үшін қырқыс басталды. Өзара қырқыс пен әлеуметтік қайшылықтар қағанатты қатты әлсіретті. Күшейіп алған Иран 588 ж. Герат түбінде түріктерді жеңіп шығады. Византия 590 жылы Боспорды қайтадан жаулап алады. Өзара қырқыстар, әлеуметтік қарама-қайшылықтар қағанатты әлсіретіп, оның 603 жылы Шығыс және Батыс түркі қағанаттарына бөлінуіне әкелді. Шығыс Түркістаннан Амударияға, Еділ өңірі мен Терістік Кавказ далаларына дейінгі жер Қағанат қарауына көшеді.

Түркі мемлекетінің басында — қаған тұратын, оның оң қолы (көмекшісі) — «ягбу» титулымен аталатын. 568 ж. бастап Түркі қағанаты 4 болысқа бөлінетін. Қағанның ордасы (ставкасы) — Алтайда болған. Халық 3 әлеуметтік топқа бөлінген — бектер, қара-будундар (жалпы халық), татылар (құлдар). Түріктерге бағынатын тайпалырдың барлығы — оғыз деп аталатын.

581 ж. Қытайда Чжов династияның орнына Суй династия келгеннен кейін, жаңа патша түріктермен барлық сауда қарым-қаныстарды үзді. Енді Қытайдан жібек маталары Орта Азияға келмейтің болғандықтан, түрік қағандарының Ұлы Жибек жолындағы ролі азаюға бастады. Тобо-хан қайтыс болғаннан кейін, түркі қағанатта өзара қырқыс басталады. Суй династияның патшалары осы ішкі өзгерістерді сезіп, түркі қағанатты ыдыратуға, әлсіретуге тырысады. Осы саясаттың нәтижесінде, 602-603 жж. қарай, түркі қағанаты екіге бөлініп кетеді.

604 ж. Батыс Түркі қағанатының қағаны болып Таман сайланды. Ал Шығыс Түркі қағанатының қағаны болып Жанғар.

Батыс түркі қағанаты (603-704 жж.). Батыс Түркі қағанатының Қағанаттың этникалық саяси өзегі «он тайпа» (он оқ будун) болды, олар Қаратау баурайынан Жоңғарияға дейінгі аралықта жатқан ежелгі үйсін жерін жайлайды. Шу өзенінің шығыс жағында дулының бес тайпасы, ал оның батыс жағында бес тайпалы нушебилер (басқаша он-шадпыт) жайлады. Суяб қаласы (Қырғыстанның Тоқмақ қаласы маңында) ел астанасы болды, ал қағанның жазғы ордасы Мың бұлақ (Түркістан қаласы жанында) еді. 610-618 жж. Жегуй қаған мен оның інісі Түн жабғы қаған (618-630 жж.) билеген кезде қағанат күшейді. Мемлекет шекерасы Үндістанның солтүстік-батысына дейін жылжыды.

Қағанат шаруашылықтың көшпелі және жартылай көшпелі, отырықшы-егіншілік әдісімен де айналысты. Елдің халқы түркілер де, соғдылар да сауда-саттықпен, мал бағумен, қолөнермен, егіншілікпен қатар айналысты. Қағанаттағы бірінші тұлға — жердің қожасы, әскери билеуші — қаған болды. Қағанаттағы жоғары лауазымдар — жабғы, шад, елтебер, қаған әулетіне ғана лайық атақтар болды. Сот қызметтерін бұйырықтар мен тархандар атқарды. Қағанаттың негізгі халқы — мал өсіретін ерікті ұсақ қауым мүшелері болған, оларды «қара будун»(қара халық) деп атаған. Әлеуметтік жағынан тайпалар — ақ сүйек және вассал (бағынышты) тайпалар болып бөлінген. Бағыныштылар алым-салық төледі. Соғыс тұтқындары құлға айналды.

Жібек жолы бойында үстемдік орнату үшін мемлекеттердің арасында жие соғыс болып тұрған. Сауда жолы үшін талас 7 ғ. 20-ж. барлық ортағасырлық мемлекеттерді екі коалиция бөлді. Бұлар — бір жағынан — Батыс Түркі қағанаты, Византия, Қытай, екінші жақтан — Шығыс Түркі қағанаты, Иран және Ауар (Авар) қағанаты. Екі коалицияның арасындағы шайқас, мемлекеттерді әлсіретіп, ешқайсына да жеңіс әкелген жоқ. Дегенмен де, осы соғыстардың нәтижесінде, дулы тайпалары (он оқ будун тайпа бірлігіне кірген тайпаның бірі), 630 ж. түркі қағанаттің патшасың өлтіріп, оның орнына дулының арасынан шыққан Сібір-ханды таққа отырғызады. Осы кезден басталған, дулы мен он-шадпы тайпаларының арасындағы билікке күрес ұзаққа созылады. Сонымен, қарауындағы халықты ұстап тұруға, бағындыруға Батыс түркі қағанаттың орталық үкіметінің шамасы жетпейтін болғандықтан, Батыс Түркі қағанаты өзінің саяси және әскери күшін жоғалтуға мәжбүр болды. Осыны қытайдағы Тан империсы пайдаланып, Батыс Түркі қағанатқа қарсы соғыс жариялайды. Өзара (640-648, 656-657, 658-659 жж.) соғыстар, қырқыстар Жетісуға қытай әскерінің баса-көктеп кіруіне әкеп соқты. Олар өздері қалаған адамдарын Батыс Түркі қағанатын билетуге тырысты. Барлық Батыс Түркі қағанаттың аймақтары екі губернаторлыққа бөлінді. Жаулап алынған жерлерде қаған орынбасарлары — тудундар алым-салықтың алынуын қадағалады.

679 ж. қытай саясатына қарсы Монголия мен Жетісуда шамамен бір уақытта көтерілістер болады. Монголиядағы көтерілісінің нәтижесі — Шығыс түркі қағанатың қайта орнату. Ал Жетісудағы көтерілісті қытай әскері күшпен басады. Енді барлық шаманы Шығыс Түркі қағанатың қайта бағындыруға салған кезде, Жетісудағы түркеш тайпалары халықты басқарып, 699 ж. (басқа деректер бойынша — 704 ж.) Батыс Түркі қанағатын қайта тәуелсіз мемлекет ретінде орнатады. Сонымен, қарсы тынымсыз соғыстардың нәтижесінде түргештер күшейіп, Жетісуда саяси жетекші күш болып шығады.