АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Реферат. Салыстырмалы-тарихи тіл білімі

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі

Орталық Азия Университеті

Гуманитарлық факультет

 

 

 

 

 

 

 

Реферат

Салыстырмалы-тарихи тіл білімі

 

 

 

 

 

 

 

                                                     Орындаған: Болатбекова Р.

                                                     Қабылдаған: Оспанғазиева Н.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы  2006

             

                      

 

Жоспар

 

 

Кіріспе

 

Негізгі бөлім

  1. Франц Бопп
  2. Расмус Раск
  3. Якоб Гримм
  4. А.Х. Востоков

 

Қорытынды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

         Тіл білімі дамуының жаңа дәуірі тілді дамып, өзгеріп отыратын тарихи құбылыс деп танудан, оны зерттеуге салыстырмалы-тарихи әдісті қолданудан басталады. Тіл туралы ғылым тарихында үлкен бет бұрыс болған бұл жайт XIX ғасырдың алғашқы он жылдығында орын тебе бастады.

Жаңа әдістің қалыптасуы – ежелгі заманнан басталатын лингвистикалық ой-пікір дамуының заңды, табиғи нәтижесі. XVIII ғасырдың соңғы жартысы мен  XIX ғасырдың алғашқы жартысында лингвистиканың даму қарқыны, бағыты жаңа зерттеу әдісінің қажеттігін айқын көрсетті.

Өткен ғасырдың бас кезінде әр елде салыстырмалы тарихи әдіс негізінде жазылған бірнеше еңбек жарық көрді.

1816 жілі неміс ғалымы Франц Бопптың санскрит тіліндегі етістіктердің жіктелу жүйесін грек, латын, парсы, герман тілдеріндегі етістіктердің жіктелу жүйесімен салыстыра зерттеген еңбегі шықты. Онда аталған тілдердің туыстастығы дәлелденді. Ол бұл тілдерден жинаған материалдарын, иран, славян, балтық бойы халықтары, армян тілдері фактілерімен толықтыра келіп, 1883-1849 жылдар арасында «Үнді-европа тілдерінің салыстырмалы грамматикасын» жазды.

Ғалымдардың айтуына қарағанда, Бопптың бұл еңбегіне үнді лингвистикасының, әсіресе Панини еңбегінің әсері тигені болуы керек, Панини сияқты Бопп та, негізгі зерттеу объектісі етіп морфологияны алады да, фонетиканы соған тәуелді жағдайда қарайды, синтаксис саласы тіпті сөз болмайды.

Тіл білімі тарихында Бопп салыстырмалы-тарихи тіл білімінің негізгі салушы деп саналады. Бопп еңбектері шынында да, зерттеу ісіне салыстыру әдісін қолдану арқылы тілдер туыстастығын айқындауға болатындығын көрсетті.

Осы үнді-европа семьясына жататын тілдерден жиналған орасан мол фактілерді бір-біріне салыстыра зерттеу арқылы олардың туыстастығын, бастапқы күйін, шыққан төркінін ашпақ болады. Екіншіден, европа тілдері грамматикасына тән флективті құрылыстың тарихи сырын жан жақты айқындауды көздейді. Ф. Бопп еңбектері салыстырмалы-тарихи тіл білімінің дамуына ықпалын тигізді.

Франц Бопп (1791-1867) Майнц қаласында туған. Гимназияда оқып жүрген кезінде-ақ санскрит, парсы, араб, көне еврей тілдерін оқып үйренген. 1829 жылдан академик. Оның ең басты еңбегі «Снскрит, зенд, армян, грек, латын, литва, көне славян, гот, неміс тілдерінің салыстырмалы грамматикасы». Бұл еңбек үш томнан тұрады: 1833-1852 жылдары бірінші рет, 1856-1861 жылдарда жөнделіп екінші рет, 1868-1870 жылдары үшінші рет басылды.

Салыстырмалы-тарихи әдісті қалыптастырушылардың екіншісі Дания ғалымы Расмус Раск. Ол өзінің 1818 жылы басылып шыққан «Исланд тілінің шығу тарихи жайлы» еңбегінде тілдер туыстастығын білдіретін негізгі белгілер не екендігін жан-жақты көрсетеді. Ол тілдердің сөздік жағынан бір-біріне ұқсастығы тіл туыстастығының кепілі бола алмайды, бір тілден екінші тілге сөз ауыса береді, тіл туыстастығының белгісі – олардың грамматикалық жағынан ұқсас болуы, грамматикалық формалар бір тілден екінші тілге ауыспайды,- деп дұрыс қорытынды шығарды. Тілдер туыстастығының екінші бір кепілі – дыбыстар алмасуындағы заңдылықтар мен негізгі сөздік қордың ұқсастығы – дегенді Раск бірінші болып көрсетті.

Өзінің осы тұжырымына сүйене отырып, Раск көптеген европалық тілдер фактілерін бір-біріне салыстыра зерттеді, бірақ Раск Бопп сияқты салыстырып отырған тілдердің түпкі төркінін, бастапқы күйін ашуды көздеген жоқ. Ол, негізінде, скандинавия халық тілдерінің европалық тілдермен туыстастығын айқындауды мақсат етті. Скандинавия филологиясының негізін салды. Ф. Бопп еңбегінде жете ескерілмеген фонетика мәселелері, дыбыс құбылыстарының заңдылықтары Раск еңдегінде едәуір кең көлемде қойылды.

Расмус Кристиан Раск (1787-1832) Копенгаген университетінде оқыған, 1823 жылдан бастап осы университеттің профессоры. Ол 20-шақты тілді білген, испан, итальян, француз, көне ағылшын, швед, т.б. тілдердің грамматикасын жазған. Расктің тілдер фактілерін салыстырудан туған ең көрнекті еңбегі «Ежелгі солтүстік тілдері және неміс исланд тілдерінің шығуы туралы зерттеулер» деп аталады. Бұл еңбегінде автор гот тілдерінің латын, грек тілдерімен туыстастығын дәлелдейді.

Салыстырмалы-тарихи тіл білімінің тағы бір көрнекті өкілі – неміс ғалымы Якоб Гримм. Бұл ғалымның төрт томнан тұратын «Неміс грамммтикасы» атты еңбегінің бірінші кітабы 1819 жылы

басылады. Мұнда автор неміс тілінің қалыптасу, даму жолдарын оның құрамындағы әр түрлі диалектілерді бір-біріне салыстыру, неміс тілін герман тіліне жататын басқа тілдермен қатар қоя қарау арқылы айқындайды.

Гримм зінің еңбектерінде тілдің, тілдік элементтердің даму тарихын зерттеуге баса көңіл бөледі. Тіл тарихын зерттеуге талпыну XVII-XVIII ғасырларда да болған, бірақ ол кезде тіл фактідері храналогиялық жолмен салыстырылмай, бір-бірінен мейлінше алшақ жатқан дәуірлерге тән фактілер қалай болса солай салыстырылса, тілдік құбылыстарды түсіндіруде, көбінесе, ойдан шығарылған жорамалдарға сүйенсе, Гримм оның орнына тарихи салыстырудың баспалдақты, хронологиялық  жолын енгізіп, қалыптастырды. Сөйтіп, тілдегі өзгеріс құбылыстардың қай-қайсысы да оның бірте-бірте дамуының табиғи нәтижесі екенін дәлелдеді. Тілдік құбылыстарды зерттейтін – тіл тарихы ғылымының лингвистика ғылымының құрамында болуы қажеттілігіне көз жеткізді.

Гримм тіл тарихының қоғам тарихымен байланыстылығын, тілдің қоғам тарихын зерттеуде орасан зор роль атқаратындығын баса айтты. Тіл дамуындағы заңдылық дегенді Гримм сөйлеудегі дыбыстардың өзгеру заңдылығы деп түсіндірді. Дыбыс құбылыстарының заңдылығын айқындауда Гримм Раск еңбегіне де сүйенді. Бұл саладағы Гримм ашқан заңдылық XIX ғасыр лингвистикасының елеулі табысы болды. Ол тілдің дыбыстық жүйесін зерттеуге бетбұрыс жасады. Сөйтіп, ттіл ғылымында фонетиканың өз алдына жеке бір сала болып қалыптасуына игі әсерін тигізді.

Ф. Бопп еңбектері сияқты, Гримм еңбектері де салыстырмалы-тарихи тіл білімін зор беделге ие етіп, оның даму бағытына елеулі ықпал жасады. Ф. Энгельс Гриммді герман тілі салыстырмалы грамматикасының негізін салушы деп жоғары бағалады.

Якоб Гримм (1785-1863) Ганау қаласында туған. Кассель қаласындағы лицейде, кейін Марбург университетінің заң факультетінде оқыған. Ол Геттинген, кейініректе Берлин университеттерінің профессоры болған. Оның негізгі лингвистикалық еңбегі төрт томнан тұратын «Неміс тілі грамматикасы». Мұнда бүкіл герман тілдерін бір-біріне тарихи тұрғыда салыстыра зерттейді.  Бұл еңбек салыстырмалы-тарихи тіл білімінің теориялық жағынан да, практикалық жағынан да, ілгері дамуына зор еңбегін тигізді.

Салыстырмалы әдісті тіл білімінің зерттеу әдісіне айналдыруда славян тілдерінің маманы А.Х. Востаковтың да еңбегі бар. Ол1820 жылы жарияланған «Славян тілдері жөніндегі пікірлер» дейтін кітабында славян тілдері фактілерін, әсіресе олардың дыбыстық жақтарын бір-біріне салыстыра зерттеу арқылы олардың арасындағыұқсастық өзгешеліктерді көрсетті.

Александр Христофорович Востаков (1781-1864) Петербург көркемөнер академиясын бітірген. Жас кезінен фольклорлық шығармалар бастырумен шұғылданған. Лингвистикалық еңбектері ішіндегі ең көрнектілері: «Славян тілдері жөніндегі пікірлер», «Орыс тілі грамматикасы», «Шіркеулік славян тілі сөздігі» дейтін еңбектері. Айтылғандардың біріншісінде Востаков славян тілдерінің өзара жақындық дәрежесін ашуға тырысады.

Салыстырмалы-тарихи тіл білімінің негізін салушылардың жолын ұстанған басқа да ғалымдар болды. Олар салыстырмалы тарихи әдіспен үнді-европа семьясына жататын тілдерді жекелеп, топтап зерттей отырып, олардың арасындағы бірлік пен өзгешеліктерді, бір-біріне жақындық  дәрежелерін айқындады. 1836-1845 жылдар ішінде Ф. Дицтің «Роман тілдері грамматикасы», 1852 жылы Ф. Миклошичаның «Славян тілдерінің салыстырмалы грамматикасы», 1853 жылы И. Цейстің «Кельт грамматикасы», 1858 жылы Ф. И. Буслаевтің «Литва тілін зерттеуге жетекші» атты еңбектері жарияланды. Бұл еңбектер салыстырмалы тарихи тіл білімінің өрісін кеңейте түсті. Осылардың нәтижесінде «Үнді-европалық тіл білімі» немесе «Үндіевропейстика» деп аталатын ғылым қалыптасты.

Салыстырмалы тарихи тіл білімінің жетістіктері марксизм классиктерінің назарына ілікті. Олар тілдің әлеуметтік, философиялық  жақтарымен қатар, тіл зерттеу ғылымында салыстыру әдісінің өте тиімді екенін жақсы білді.

Тіл мәселелерімен, солардың ішінде салыстырмалы тарихи әдіспен  де Ф. Энгельс көбірек айналысқан. К. Маркс Энгельсті салыстырмалы тіл білімінің маманы деп санап, бұл салада одан консультация алып отырған Ф. Энгельс салыстырмалы-тарихи әдістің тіл туралы ғылымның күшті қарқынмен дамуына қолайлы болғандығын айта отырып, бұл саладағы Ф. Бопп, Я. Гримм, Ф. Диц еңбектеріне жақсы баға берген. Ол Я. Гриммді герман тілдері салыстырмалы грамматикасының негізін салушы данышпан ғалым деп бағалайды.

Сонымен, айтылғандарды жинақтай, нақтылай, толықтыра түссек салыстырмалы-тарихи әдіс бойыншатуыстас тілдер фактілері бір-біріне салыстырыла зерттеледі. Мұндай салыстыруда екі түрлі мақсат көзделеді. Олар: салыстырылып отырған тілдер фактілері дамуының жалпы заңдылығын, олардың арасындағы туыстастықты ашу, тіл я тілдер тарихын айқындауға қажетті мәліметтер табу.

 Зерттеу тәсілі – фактілерді салыстыру, көздейтін мақсаты – олардың тарихын ашу болғандықтан әдіс – «Салыстырмалы-тарихи тіл білімі» немесе латын тілінен алынған термин бойынша компаративистика делінеді.

Дыбыс тілі жалпы адамзаттық құбылыс болғандықтан, онда бір-біріне ұқсастық болмай қоймайды. Оның себептері көп. ұқсастық бір тілдің екінші біреуіне тигізген әсерінен, тілдік тұлғалардың, әсіресе сөздердің бір тілден екіншісіне ауысуынан болуы мүмкін. Мысалы, орыс тілінен қолданылатын колпак, алтын, баба, бак, бар, оба деген сөздер бірлі жарым дыбыстық өзгешеліктермен көптеген түркі, олардың ішінде қазақ тілінде де кездеседі. Бірақ соңғыларда басқа мағынада жұмсалады.

Жоғарыда айтылған кездейсоқ ұқсастық дейтіндеріміз – осылар. Мұндай тіларалық омонимдер олардың туыстастығының көрсеткіші бола алмайды. Сондай-ақ, қазақ тіліне де орыс тілінен және орыс тілі арқылы басқа тілдерден ауысқан: база, телефон, радио, демократия, студент, кафедра тәрізді сөздер бар.  Бұлар – қазақ бір-бірімен ешқандай туыстық жақындықтары жоқ көптеген тілдерде кездесетін ортақ сөздер. Жоғарыда айтылған, тіл қарым-қатынасы арқылы пайда болатын ұқсастық, бірлік дейтіндер, міне осылар. Бұлар да тілдер туыстастығына кепіл бола алмайды. Тілдер туыстастығының төркіндестігінің негізгі кепілі – сөз тудырушы, сөз өзгертуші формалардың бірлігі, ұқсастығы және негізгі сөздік қор мен дыбыс заңдарындағы жақындық.

Сондықтан тілдер туыстастығын айқындау үшін кездейсоқ ұқсастықты алмай, тілдердің фонологиялық, морфологиялық, синтаксистік жүйелеріндегі ұқсастықтысалыстырған жөн.

 Тілдер туыстастығын тек осылардағы бірлік пен төркіндестік қана аша алады. Бірақ, туыстас тілдер фактілерін салыстырғанда, олардың бір-бірімен ешқандай жақындығы, бірлігі жоқ фактілерін немесе бір-бірінен ешқандай өзгешелігі жоқ фактілерін салыстыруға болмайды. Мысалы, қазақ тіліндегі сөйлем, үтір, нүкте деген сөздердің мағынасы ұйғыр тілінде жүмлә, пәш, чекит деген сөздермен беріледі. Ал, енді қазақ тіліндегі  пай, ат, зиян, қызыл, қызғылт, қымыз, ақ деген сөздер башқұрт тілінде де дәл осы қазақ тіліндегідей дыбыстық құрылымда айтылады.

Салыстыру үшін алынатын материалдар, жактілер тарихи жағынан салыстырып отырған тілдерге ортақ, о баста бір негізден тарағанмен, кейін өзгерістерге ұшыраған, дифференциацияланған болуы керек. Мысалы, қазақ тілінде тас, тұз, баға, болат, балта, мүйіз, табан, жақсы, жат деген сөздердің ойрот тілінде таш, тұс, баа, болот, малта, мұұс, таман, дьат болып айтылуын, немесе қазақ тілінде қосымша д, т. дыбыстарынан басталып қосылатын: біздер, тілектестік, мендік, атты дегендердің қарақалпақ тілінде: бізлер, тілеклестік, менлік, атлы болып л дыбысымен  ауысатындығын алуға болады. Салыстыру арқылы бұл фактілердің бастапқы  түрін де, қай тілде қалай және неліктен өзгеріске ұшырағандығында табуға болады.

Салыстырмалы-тарихи методтың тіл туралы ғылымды қалыптастыруда, дамытуда ерекше мәні болатындығын, оның лингвистикалық ой-пікір дамуындағы жаңа дәуірдің басы болғандығын  ешкім де бекер дей алмайды. Бірақ соған қарамастан  ғылымның кейінгі замандардағы дамуы бұл әдістің бірсыпыра осал жақтарының да барлығын айқындап берді.

Сондықтан да сөз болып отырған әдістің де, оны қолданушылардың да әлсіз жақтарын батыл сынға алып, зерттейдің жаңа амал-тәсілдерін іздеген ағымдар, лингвистикалық мектептер өткен ғасырдың өзінде-ақ құрылды. Олардың салыстырмалы-тарихи әдіс адресіне айтқан сындары алуан түрлі. Солардың ішінде жоққа шығара алмайтын бірнеше қағида бар.

Ең алдымен, салыстырмалы-тарихи әдісті қолданушылар тілдің өткенін зерттеуге, болған-болмағаны беймәлім жорамалдан туған ата тіл дегенді табуға баса назар аударды. Сөйтіп, тілдің қазіргі күйін, оның жүйелік, құрылымдық сипаттарын айқындауға жете мән бермеді. Екіншіден, бұл әдіс тілдің лексикасын, семантикасы мен синтаксисін зерттеуде айтарлықтай жеміс бере алмады. Үшіншіден, туыстас тілдердің өздерінің де бір-біріне ұқсас келмейтін фактілері ескерусіз қалды.

Анықталып, түп төркіні табылды деген тілдік элементтердің көпшілігінің қай тарихи кезеңге жататынын және қай тілде солай болғанын  тап басып айту мүмкін болмады. Төртіншіден, бұл әдіс бірнеше тілдер фактілеріне сүйеніп қана қорытынды жасады, тілдердің басым көпшілігі, әсіресе, қандай тілдермен туыстығы белгісіз тілдер зерттеуден шет қалды. Бесіншіден, туыстас тілдер фактілерін салыстыруда ол фактілердің хронологиялық жақтарына жете мән берілмейді, көп жағдайда өзара жалғаспайтын. Бір-бірнен алшақ жатқан дәуірлер фактілері салыстырылады. Алтыншыдан. Тілдік фактілерді салыстырғанда, сол тілдердің иесі болып табылатынқауым тарихына жете мән берілмеді. Тіл тарихы қоғам тарихына, материалдық мәдениет тарихына жеткілікті шамада ұштастырылмады.

Ең ақырында салыстырмалы-тарихи әдіс тіл біліміндегі бірден-бір әдіс деп есептеліп, оның аты ғылым атына (салыстырмалы-тарихи тіл біліміне) айналды. Бұл ол көтере алмайтын жүк еді. Бірақ салыстырмалы-тарихи тіл білімі мен оның зерттеу әдісі – салыстырмалы-тарихи әдіс тепе-тең емес. Салыстырмалы-тарихи тіл білім – туыстас тілдерді зерттейтін, туыстық жақындықтарына оларды түрлі семьяға, топқа жіктейтін, олардың тарихын, тараған аймақтарын, айқындайтын ғылым. Бұл ғылым мен ол қолданатын әдістің проблемалары бір  емес. Алдыңғының өрісі әдіске қарағанда әлдеқайда кең.

Тәл білімінің дамуына байланысты туған жаңа талаптарға сай емес. Осындай олқылықтар зерттеудің жаңа амал-тәсілдеріне көшуге мәжбүр етті. Бірақ бұдан салыстырмалы-тарихи әдіс қолданудан біржола шығып қалған, қажетсіз тәсіл екен деп ойлап қалуға болмайды. Ол тіл білімінің даму тарихында елеулі роль атқарған, орынды пайдалана білсе, әлі де берері көп, қазір де зерттеудің басты бір тәсілі ретінде қолданылып жүрген әдіс.

Кеңес тіл білімі салыстырмалы-тарихи әдісті мансұқ етпейді. Қайта оның барлық жетістіктерін, пайдалы жақтарын сарқа пайдалана отырып, жетпей жатқан жерлерін жеткізіп, толықтырады.

Кеңес тіл білімі тілдің тек өткен тарихына ғана емес, оның қазіргі күйіне де ерекше мән береді. Салыстырмалы-тарихи әдісті қолданғанда, салыстырылытын тілдік фактілердің хронологиялық жүйеде болуы ескеріледі және тіл тарихын қоғам тарихымен, қоғамның материалдық  мәдениеті тарихымен байланыстыра қарайды.

Тіл тарихын зерттеуде жергілікті тіл ерекшеліктер, тіл біліміне байланысы бар тарих, археология, этнография сияқты ғылымдар табыстарында ұмыт қалдырмайды. Сонымен бірге салыстырмалы-тарихи әдісті тіл білімінің бірден-бір әдісі деп емес , зерттеудің әр түрлі тәсілдерінің бірі деп қарайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер

  1. Қордабаев Жалны тіл білімі Алматы 1987ж.
  2. Аханов Тіл білімінің негіздері  Алматы  1985ж.
  3. Қасенов А. Тіл бідімі Алматы 1986ж.
  4. Қасенов Тіл біліміне кіріспе Алматы 1990ж.
  5. С. Қирабаев Тіл білімінің теориялық және практикалық мәселелері Алматы  1992ж.