Жоспар
Кіріспе
- Сапаны басқару жүйесі
- Сапа менеджменті жүйесінің принциптері
- Сапа жүйесін енгізу. Сапа жүйесін енгізу кезінде туындайтын жағдайлар
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Өндірістің тиімділігінің жоғарлауының негізгі факторларының бірі өндірілетін өнім немесе көрсетілетін қызметтердің сапасын жоғарлату болып табылады. Өндірілетін өнімнің сапасын жоғарлату қазіргі уақытта ішкі және сыртқы нарықтарда олардың бәсекегеқабілеттілігінің шешуші шарты болып есептелінеді. Өнімнің бәсекегеқабілеттілігі көбінесе мемлекеттің беделін анықтайды және оның ұлттық байлығының көбеюіне шешуші фактор болып табылады. Өнімнің сапасы салыстырмалы қаптап кеткен нарық шарттары мен басым құндылық емес бәсекелестіктің шартарындағы өндірістің жұмыс істеуінің маңызды критериінің қатарына жатқызылады. Өнімнің техникалық деңгейі мен сапасын жоғарлату ғылыми – техникалық прогресстің дүмпулерін және жалпы өндіріс тиімділігінің өсуін анықтайды, экономиканың интенсифиациясына зор әсерін тигізеді, ұлттық тауарлардың бәсекеге қабілеттілігі мен мемлекет азаматтарының өмірлік деңгейіне зор әсерін тигізеді. Техникалық деңгейдің өсуі мен өндірілетін өнім сапасының өсуі қазіргі уақытта өндірістік дамыған елдерде өндіріс жұмыстарының сипаттық көзі болып табылады. Басым бағалық емес бәсекелестік шарттарында және нарықтардың қаптап кету шарттарында өнімнің жоғарғы сапасы табысқа жетудің басты факторы болып саналады. Өндірілетін өнім сапасын әр өндірістің қызметінің маңызды критерийлеріне қарастыруға болады.
Қазіргі кездегі нарқытық экономикада өнімді өндіру кезінде жоғары сапаға жету үшін пайдаланатын түрлі әдіс тәсілдер өз нәтижелерін көрсете бастады. Дамыған елдердің сапа саласындағы озық концепцияларының кейбіреулері қойылған мақсаттарға жетпей қалды. Қазақстан дамушы ел болғандықтан, көбінесе шетел тәжірибесіне сүйене отырып жұмыс жасайды. Шетел тәжірибесінің теріс жақтарын алмай, тек жақсы көрсеткіштер көрсеткен әдіс тәсілдерді аударамыз. Берілген курстық жұмыста жоғары сапалы өнім өндіру үшін өнеркәсіпке сапа менеджмент жүйесін енгізу, «сапаны басқару», «сапа менеджментінің жүйесі» ұғымдарына анықтама берілген. Сапаны басқару жүйесінің өнім өндірудегі артықшылықтары, ерекшеліктері, қолдану нысандары көрсетілген. Сапаны менеджмент жүйесінің принциптері, сапа жүйесін енгізу кезінде туындайтын жағдайлар көрсетіледі.
Сапа жүйесі және оның менеджментін дамыту
Сапа ол күрделі ұғым, оған түрлі анықтамалар берілуі мүмкін. Сапа бойынша Еуропалық ұйымдардың (СЕҰ) анықтамасы бойынша ол тұтынушылардың өнім туралы сәйкестік деңгейіне қойылатын талаптары. ИСО 8402 «Сапаны басқару және қамтамасыз ету. Сөздік» стандарты бойынша тұрақталынған және көзделінетін тұтынуды қанағаттандыру мүмкіншілгіне жататын объектінің мінездемесінің жиынтығын сапа деп атайды.
Кез келген өндіріс орынның негізгі мақсаты сапалы өнім шығару. Уақыт өткен сайын бұл бағыт алға қарай жылжи береді және арта түседі. Себебі бұл ғылыми техникалық прогресстің дамуымен, өндіріс қуатының жоғарғы қарқынмен өсуімен, сонымен қатар дүние жүзілік сауданың өркендеуімен түсіндіріледі.
Ал қазіргі уақытта өндіріс орындары дамыған елдер өзінің өнімін дүние жүзілік саудаға өткізуге таласуда. Егер кімнің шығарған өнімі сапалы және құны да жақсы болса, сол өнімге қызығушылық туады. Кімде кімнің өнімі жо,ары сапалы және құны тиянақты болса, сол ұтады.
Сапа санқилы және көпкритериалды ұғым. Сапаның критериалдық күйіне тұтынушылық, эргономикалық, эстетикалық, қажеттілік (эксплуатация) көрсеткіштері жатады.
Әрбір өндірілген заттың критерийі түрлі болуы мүмкін. Мысалы, жарық көзінің лампасын қарастырсақ, оның ең керектң критерийі функционалдығы болып табылады, себебі лампа өте анық жарық беруі керек. Екіншіден, эксплуатациялық критерийі энергия көзін аз жұмсап, көп жарық беру. Эстетикалық критерийіне аса көп көңіл бөлемес да болады.
Өндірісте өнімнің сапасына аса көп көңіл бөлінеді. Оларлдың өлшемі ретінде сапа көрсеткіші маңызды рөл атқарады. Метрологияның сапаны өлшеуге арналған квалиметрия деп аталатын бөлімі бар. Өнімнің сапа көрсеткіштерінің негізгі мынадай түрлерін атауға болады:
- өнімнің тағайындалу көрсеткіші – бұл өнімнің тағайындалу функциясы мен қолдану саласы;
- сенімділік көрсеткіштері – бұл бас тартпай жұмыс істеу, ұзаққа шыдау және сақталыну;
- шикізатты, материалды, энергияны және еңбек ресурстарын үнемді пайдалану көрсеткіштері;
- эргономикалық көрсеткіштер «адам-өнім» жүйесін сипаттайды, адамның өндірістегі және тұрмыстағы гигиеналық, антропометриялық, физиологиялық және психологиялық қасиеттерін кешенді түрде есепке алу;
- эстетикалық көрсеткіштер – форманың рационалдығы, композицияның бүтіндігі және жасалыну деңгейін көрсетеді;
- технологиялық көрсеткіш — өнімнің қасиеті мен құрамын және құрылымын, өнімнің берілген сапасының қайта қалпына келуі мен пайдалануын сипаттайды;
- тасымалдану көрсеткіші өнімнің кеңістікте орын ауыстыру қасиетін, тасымалдануын сипаттайды;
- стандарттау және унификациялау көрсеткіші, демек өнімнің стандартты және унификациялы бөлшектермен қанығу дәрежесі;
- патенттік құқықтық көрсеткіш техникалық шешімдердің жаңалануы, олардың патенттік қорғалуы және өнімді шет елдерге сату мүмкіндігін сипаттайды;
- экологиялық көрсеткіш өнімнің қоршаған ортаға тигізетін зиянды әсерін сипаттайды;
- қауіпсіздік көрсеткіштері өнімді пайдалану кезіндегі қызмет көрсету қызметкерлеріне қауіпсіздігін сипаттайды;
- интегралды сапа көрсеткіші өнімді пайдаланудағы қорытынды және қосынды тиімділік көрсеткіші.
Сонымен, сапа көпөлшемді шама болып табылады. Сапаға сандық баға беру үшін квалиметрия пәні пайдаланылады. Оның негізгі міндеттері бұл өнімнің сапасына керекті көрсеткігтер номенклатурасын анықтау, оның оптималдық шамасын, сонымен бірге сапа бағасының сандық түрінің әдістемесін даярлау, уақытқа байланысты сапаның өзгеру есебінің әдістемесін жасау.
Өнім сапасын басқару.
Кез келген басқарудың мәні басқару шешімдерін ойлап табып, оларды қолдануға негізделеді. Өнім сапасын басқару кезінде басқару объектілері болып өнімді жасаудың өндірістік және өндіріске дейінгі кезеңдерінде соынмен қатар өндірістен кейінгі кезеңдерінде жүргізілетін және ұйымдастырылатын өнім сапасына тәуелді болатын үрдістер болып табылады. Басқару шешімдерін шығару басқару бағдарламасымен тапсырылған басқарылатын үрдістің оның сипаттамаларымен\ біздің жағдайда өндірілетін, шығарылатын немесе тұтынылатын өнім сапасының сипаттамаларымен\ фактілік жағдайы туралы ақпараттарды салыстыруға негізделіп жүргізіледі.
Өнімнің сапа көрсеткіштері мен параметрлері мәнін регламенттейтін норматтивтік құжаттар \ әзірлеу үшін техникалық тапсырыстар, стандарттар, техникалық шарттар, сызбалар, жеткізу шарттары\. Әзірлеу үрдісі, өндіріс, өнімді эксплуатациялау немесе тұтыну талаптарын белгілейтін техникалық құжаттарды өнім сапасын басөару бағдарламасы ретінде қарастырған жөн. Басқару бағдарламасының талаптары сақталуына немесе осы талаптардың жіберілетін ауытқуларына байланысты басқарылатын әсерлер сәйкестігіне басқарылатын үрдістің жағдайының сақталуына немесе осы жағдайды түзетуге бағытталуы тиіс.
Сапа жүйесі
Сапа жүйесінің алты сатысы бар:
- маркетинг
- жобалау
- өндіріс
- айналым
- тұтыну
- утилизация
Бөлек сатылар этап пен үрдістерге бөлінеді. ИСО 9000-2000 халықаралық стандартында «Өнімнің өміршеңдік циклының типтік этаптары» деп аталады. Бұл моделді бұрын «Сапа ілгегі» деп атаған. Ол он екі этаптан тұрады:
- маркетинг
- жобалау және техникалық талаптарды құрастыру
- материалды техникалық жабдықтау
- өндіріс үрдістерін құрастыру және жабдықтау
- өндіріс
- сынақ жүргізуді бақылау
- қораптау және сақтау
- өнімді тарату және сату
- эксплуатация мен монтаж
- техникалық көмек және қызмет көрсету
- сатудан кейінгі қызмет
- пайдаланудан кейінгі утилизация
СЖ негізгі эементтері болып ресурстар, ұйымдастырушылық құрылым, әдістеме және үрдістер.
Қор әр өндірісті басқару үшін біріншіден персонал, екіншіден қаржы.
Әдістеме әр өндірісте өзінің әдістері болу керек. Үрдістерді қалай жүргізетінін көрсетеді.
Ұйымдастырушылық құрылым өндірістегі құықтар мен міндеттерді белгілеу, персоналды дайындау, өндірісті ұйымдастыру.
Үрдіс кіретін элементтерді (шикізат, материал) шығатын дайын өнімге келістіру.
Сапа жүйесінің барлық элементтерін үш топқа бөлуге болады.
- жүйенің барлық элементтерін ұйымдастырушы өндіріс анықтайды және бекітеді:
- сапа саласындағы саясат;
- ұйымдастырушылық құрылым және жұмыспен ұйымдастырылу;
- СЖ бағалау;
- Оқыту.
- Сатыларды анықтау үшін СЖ спецификалық элементтері
- келесімдерді тексеру;
- өнімнің өміршеңдік циклының түрлі сатыларында сапаны қамтамасыщдандыру (жобалау, материалды дайындау, өндіру, пайдалану);
- Бірнеше фазаларды қамтитын СЖ элементтері. Жалпы фирмалық проблемаларға жататын (құжаттаманы бақылау, статистикалық әдістерді пайдалану, құжаттау)
Өнімге, қызметке өатысты сұрақтар сақтау, қораптау, тасымалдау, өткізу өлшеу құралдарын бақылау және жалпы бақылау. Өнімді ақаулы бірліктеріне көзқарасы сапаны бақылау.
ҚР СТ 9001-2001 стандартында сапа жүйесіне қойылатын талаптар «Сапа менеджмент жүйесі» құру үшін ұйымның стратегиялық шешімін қажет етеді. Осы үрдістерді енгізу үшін сапа жөніндегі жетекшілікті қарастырады. Басшылықтың жауаптылығы, міндеттері (СМЖ маңыздылығын қарастыру) сапа саласындағы саясатты әзірлеу, мақсаттарды қарастыру, басшылық тарапынан талдау жүргізу, қажетті ресуртармен қамтамасыз ету, тұтынушы қарай бейімделу.
Жауаптылық өкілеттік бұл жоғары басшылықты қамтамасыздандыру керек. Басшылық өкілдері СМ үрдістерін әзірлеу, енгізу және жұмыс қалпында ұстауды қамтамасыз ету. СМЖ қызметі жақсарту қажеті туралы жоғары басшылықтар есептеп ұсынады. Барлық ұйым бойынша тұтынушы талаптарын түсінуді таратуды қамтамасыз ету талап етіледі. Басшылық тарапынан талдау жоғарға басшылық жоспарланған аралық арқылы үнемді жарамдылығын, тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында ұйымның СМЖ талдау керек. Талдау үшін кіріс деректер (аудит нәтижелері, тұтынушының кері байланысы, өнім сәйкестігі үрдісі, қызмет, ескертетін және түзететін әрекеттер, алдыңғы талдаудан шығатын кейінгі әрекет, СЖне әсер ететін өзгерістер, жақсарту жөніндегі ұсыныс). Ұйымдарды ресурстармен қамтамасыз ету үшін жұмысты орындайтын сапасына әсер ететін қызметкерлер алынған білім, дайындық, әдет және тәжірибе негізінде болу керек.
Ұйым өнімнің талаптарына сәйкестігіне жеткізуге қажетті инфрақұрылымды анықтау, қамтамасыз ету және жұмыс қалпында ұстау керек (бұл ғимараттар, жұмыс орны, еңбек құралдары, өндіріс үрдістері үшін жабдықтар, қамтамасыз ету қызметкері).
Өнімнің өміршеңдік кезеңі мен үрдістерін жоспарлау СМЖ талаптармен сәйкестендірілуі керек. Өнімге қажетті верификация (растау) және валидтеу (бекіту), мониторинг, бақылау және сынау жөніндегі қажетті әрекеттерді, сондай ақ өнімді бақылаудың критерийлері. Тұтынушымен байланыс үрдістерді ұйым өнімге қатысты талаптарды талдау керек. Бұл талдау ұйымдармен тұтынушыға өнімді жеткізуді қабылдауға дейін жүргізу керек.
Өнімнің өміршеңдік кезеңдерін үрдістік жоспарлау. Бұл үшін СМЖ үрдістеріне талаптарлдың сәйкестендірілуі керек. Ұйым тиімді байланысты және жауаптылықты нақты таратуды қамтамасыз ету мақсатында жобалау және әзірлеумен айналысатын түрлі топтардың өзара әрекетін басқару керек.
Өнім сапасын басқару жүйесі
Өнім сапасын басқару жүйесі өнім сапасын басқару мақсаттарын қамтамасыз ету бойынша бір бірімен байланысты ұйымдық, техникалық экономикалық және әлеуметтік шаралар жиынтығын қарастыруы тиіс. Өнім сапасын басқару жүйесі адамдар ұжымын, техникалық құралдар, материалдық қаражаттарды және мәліметтерді қамтиды. Ғылыми зерттеу немесе жобалау конструкторлық ұйымдарды, өндірістік, жөндеулік және басқа да эксплуатациялық кәсіпорындар сұрақтарына жүйелі ықпал өнім сапасын басқару жүйесін кәсіпорындар мен ұйымдарды басқарудың тәуелсіз бөлігін емес, бөлінбейтін бөлігі ретінде қарастыруды талап етеді. Сондықтан бөлек ұйым деңгейінде өнім сапасын басқару берілген өнім көлемін өндіруді басқарудан тәуелсіз жүргізілмейді.
Сапалы өнім алу үшін бірнеше түрлі міндеттерді орындау қажет:
— өнімнің жұмыс жобасы қазіргі замандағы ғылыми, техника және дизайнның ең соңғы талаптарына сәйкес келуі керек;
— өнімді өндіру технологиясы, қазіргі кездегі қолданылып жүрген материалдар мен сонымен қатар ғылым мен техниканың жаңа жетістіктерін қолдануды қарастыру;
— қазіргі кездегі жаңа технологиялық қондырғыларды пайдалану;
— жаңа қондырғылармен жұмыс істеу үшін қызметкерлерді оқыту;
Бұның бәрі объективті түрде сапалы өнім алу үшін керек. Бірақ бұл ұзақ және тұрақты, бәсекелестікке сәйкес сапалы өнім алуға жетіспейді. Бұған өндірістің субъективті факторлары зор әсерін тигізеді. Атап айтқанда, жұмыскерлерлің өз жұмыстарына көзқарасы, өндіріс орын басшыларының атқаратын міндеті, жұмысшылар арасындағы қарым қатынастар. Бұл объективті және субъективті факторлардың екеуі, оларлың өзара әсері, бір біріне байланыстылығы сапа жүйесін қамтамасыздандыруға себеп болады.
Сапа жүйесін дамыту жолында үлкен жұмыстар істелініп жатыр. Сапа жүйесін бір деңгейге келтіру үшін көптеген елдердің ғалымдары қызмет етіп келеді. Ең бірінші сапаны басқару негізі Тейлор жүйесі болып табылды. Бұл өндіріс үрдіснің бірнеше вариантты екенін көрсететін және оны бақылауға аса көңіл бөлетін ғылыми басқару концепциясы. Бұл жүйе сапаның жоғарғы және төменгі шектерін тексеру құралдарын енгізді, қате жасалынған өнімге айыппұл салу жүйесін енгізді, жұмыстың сапасын арттыру формасының әр түрін қолданды. Тейлор жүйесі жалпы басқару мен сапаны басқаруды біріктірді.
20 жылдардан бастап 80 жылдарға дейін жалпы басқару мен сапаны басқару алшақтай бастады. КСРО кезінде сапа жүйесін қамтамасыздандыру, өндірісте әкімшілік құқықтық жүйеде жүргізілді. Бұл жағдайда өндіріс орындары мемлекеттік илан бойынша бір біріне байланысты болды. Әр кәсіпорын өзіне берілген өзі жауап беретін тапсырманы ғана орындайды. Барлық кәсіпорын алдын ала көп жылға мемлекеттік жоспарды алып, оның сапасын арттыруға ешқандай көңіл бөлген жоқ. Өнімнің сапасы ең соңғы циклында техникалық нормаға сәйкестілігі тексеріледі.
Ескі сапаны бағалау жүйесінің ең негізгі қателіктері:
- ревизорлық аппараттардың көптігін керек ету. Ревизорлар тексеріс кезінде өндіріс орнында істейтін қызметкерлердің жұмысына кері әсер етеді;
- Қайтарымды байланыс нашар. Қызметкерлер жіберген қателікті жоюға түсінікпен қарайды. Кей жағдайда жіберілген қателікке өзінің де үлесі барын біліп, жоғары тұрған бастықтардан сескенеді де оны юасырып құтылуға тырысады;
- Капиталды қаржылардың өте төмен болуы. Осындай керксіз жағдайлар экономикасы жоғары дамыған кейбір мемлекетерде де кездеседі. 1980 жылдан бастап басқарудың ғылыми техникалық әдістемелік менеджментін пайдаланылатын сапаны басқару жүйесі пайда бола бастады. Жалпы менеджмен пен сапа менеджменті бір біріне кездесіп тарихи қозғалыс басталды.
Сапа менеджмент жүйесінің принциптері
Сапа менеджмент жүйесі сегіз принциптен тұрады.
- Тұтынушыға бағытталу. Әр өнеркәсіптің алға озуы өндірілген өнім немесе қызмет көлеміне байланысты. Бұның өзі өнімнің, қызметтің тұтынушының ойлағанынан толығымен шығуына тәуелді. Тұтынушы күткені тек өнім сапасы ғана емес, сонымен қатар оның бағасымен, жеткізу шартымен, мезгілімен және сатудан кейінгі қызметіне де байланысты. Сондықтан да тұтынушының түрлі талаптары мен ойлағанынан шығуына бағаланады. Ал бұл өнімдерді таңдау кезінде тұтынушыға шешімдерді кезінде өте маңызды. Тұтынушының және қызығушылық танытқан басқа да жақтардың (акционерлер, жеткізушілер) талаптарына өнеркәсіптің барлық жұмысшылары тұтынушы қажеттіліктері мен ойлағанын білу керек. Тұтынушының қанағаттануын белгілі бір тәсілмен өлшеп бағалау қажет. Ал сапа жүйесі қажетті жағдайда түзетуші әрекет механизмін құрау керек. «Сатып алушының талабы әр қашан да дұрыс» бәрімізге белгілі лозунгы, бірақ оған ешқашан шынайы көңіл бөлінбеген. Қазіргі таңда жетістікке жеткіміз келген жағдайда жаңа өнімдер өндірер алдында тұтынушалырдан не сатып алғылары келгентінін анықтап, қазіргі техника мен технологияны жетуге тырысып тұтынушы қажет ететін өнімдерге максималды ұқсастыра отырып өндіруге кіріседі. Енді өнеркәсіптің негізгі бағыты маректингтік зерттеумен нарықты талдап анализдеуге бағытталған. Өндірісті жүзеге асырған соң біз кім, қашан және қандай бағаға өнімді сатып алатынын нақты білеміз, әйтпесе өлшемсіз қалу мүмкіншілігі бар.
- Басшылықтың қолбасшылығы (басшы рөлі). Еі лдымен басшы өз мысалынмен сапаны таныстырып түсіндіруі керек. Принципті жүзеге асырудың бір түрі бұл өнерәсіп басшылығымен сапа бойынша сұрақтардың ұзақ мерзімді әлеуметтік және өнеркәсіптік миссиясы ЖК осы әлеуметтерләң өлшенетін мақсат пен мәнге, сонымен қатар өндіруші мен функционалды өзгертулерді бөлімшелерді тарату, өзгерту және трансформациялау. Басшының мақсаты жұмыс істеуді қауіпсіздендіру, жұмыскерлерге сенімділік туғызу, адамдардың қосқан үлестерін қолдау және марапаттау, шынайы және ашық қатынасты қолдау. Мұндай қарым қатынас жұмыскерлердің шығармашылық мүмкіншіліктерінің кеңеюіне және сапа сұрақтарын тиімді шешуге мүмкіндік береді. Басшылық әрдайым жұмысшыларды оқытып, мамандарды өсіріп отыруы керек. Басшы сапаны өндіру ісінде көшбасшы болып, ішкі ортаны жасап, оны әрдайым тұрақтандыруы қажет. Сонымен бірге көшбасшы қасиеті басқа міндеттермен бәрге делегирлеу керек. Қол басшы бола алмайтын және болғысы келмейтін басшы ұйымды қираушылыққа әкеледі. Бірақ қолбасшылық пен билікті шатастырмау керек. Әдетте, билік күшті білдіреді, ал күш энергия мен уақытты қажет етеді, қарсылыққа алып келеді; ал қолбасшы күшті қолданбайтын және қарсылықты жеңе алатын адам. Кейбір жағдайда мұндай принциптер анықтамасы алгоритм туралы анықтамаға жақын келеді. Бұл қазіргі кезедгі ақпараттық техниканың енгізілуімен байланысты, ал ол басқаша тәсілмен анықталмайды. Алайда үрдісті алгоритм түрінде көрсететін артықшалаға оның көрнекті болуында, яғни оны жүзеге асырушы адам оны тез қабылдап алады.
- Басқаруды жүйелі қарастыру. Бұл принцип алдындағы принциптермен тығыз байланысты және сапа жүйесін бір бірімен байланысқан үрдістерден тұратындаған растайды. Осыны білудің арқасында жүйені жобалау анағұрлым тиімді жүреді. Жүйені қарастыру өлшеу және бағалау арқылы оның әрдайым жақсарып отыруына әкеледі. Осы принцип барлық принциптердің байланыстарын бір жүйеге әкеледі. Жүйелі қарастыру өнеркәсіптегі жұмыскерлердің барлық аспектілерінің үйлесімділігін талап етеді. Ол үшін ең алдымен өнеркәсіп миссиясы менеджменті және оның стратегиялық мақсатымен сапа концепция аумағындағы міндеттерді ұштастыру керек. Жылдам жобалау механизмі және жоспарды әр орындаушыға жеткізуді ұйымдастыру. Үрдісті жобалауды ұйымдастыру өнеркәсіптегі жұмысты бағалау мәселесімен тығыз байланысты. Көп жылдар бойы сапаны бағалауда қаржылық жұмытар қолданылады. Бұл ең алдымен иеленушіге, инвесторларға, акционерлерге маңызды. Ал соңғы жылдарда клиенттердің қанағаттануы секілді бағалау критерийлері қосылды. Негізгі пайдасы: қаржыны тиімді пайдалану арқасында шығындарды төмендету, жүйелі қарастырудың арқасында өндірістегі жұмыстардың үздіксіз жақсарып отыруы, өнеркәсіп тиімділігі туралы қызығушылық танытушы жақтардың сенімділігі.
- Әрдайым жақсарту. Үздіксіз және әрдайым жақсарту өнеркәсіптің мақсаттарының бірі. Әр өнеркәсіпте ақаулардың белгілі бір дәрежесі, мөлшері болады. Осы мөлшерді төмендету мақсаты әрдайым жетілдірумен жақсартуға әкеледі. Бұл принципті жүзеге асыру үшін өнеркәсіптегі әр жұмысты, өнімді , үрдісті және жүйені толығымен әрдайым жақсартып отыруды қалыптастыру. Әдетте мұндайға тез және көп көлемді шаралармен қол жеткізіледі. Оған әрдайым бірге біртіндеп жетеді. Осылайша Жапондық автокөлік фирмалары Америка нарығына енді. Олар үрдістерді жүйелі жақсарта отырып біртіндеп бағаны төмендетуге мүмкіншілік алды. Ол табыстың арқасында төмендетілген жоқ, өз бағасымен кемшіліктердің тез өсуіне байланысты мұндай бағалардың төмендеуі нарықтағы топтардың кеңеюіне әкелді. Ал бұл өзара бағалардың төмендеуіне себеп болды. әр жақсарту адамнан басталады. Оның жетілуінен, алған білімінен, икемділігінен және жеке қасиеттерінен.
- Факторларға негізделіп шешім қабылдау әдісі. Бұл принцип сезгіштік негізінде алдындағы тәжірибеге негізгі шешім қабылдау болып келеді. Егер шешім ақпаратты талдауға негізделсе, солғұрлым тиімді болады. Принципті жүзеге асыру ең алдымен сенімді мәліметтерді жинау және өлшеу, кейін келе оны талдау болып келеді. Ешқашан тәжірибе мен сезгіштік мәніне шешім өабылдауда қарсы келмеу керек, бірақ факт тәжірибе мен сезгіштікке негізделіп сауатты аргументтер балансын қамтамсыздандыру қажет. әр адам қызметі көп мәліметтерді қалыптастырумен бірге жүреді. Олар кейде өзімен өзі, ал кейде мақсатты түрде жиналады. Бірақ әрдайым факторларды сезіну және шешім қабылдаукездерде бұл мәліметтерді ақпаратты ауыстыру қажеттілігі туындайды. әрқашан көрсеткіштер туралы сұрақ туындайды. Осының негізінде шешім қабылданады. Бұған қаржы экономикалық қызметтер, клиенттің қанағаттану көрсеткіштері негізінде бизнес үрдісінің сипаты жұмыскерлерді өсіру мен оқыту мүмкіншіліктері. Қол жеткізген көрсеткіштерді барлық дәрежеге әр жұмысшы орнына жеткізу өте маңызды. Бұны Бенч маркетинг қолдану мүмкін. Яғни, өз жұмыстарын үздіктермен салыстыру, әдетте, нарықтағы үздік деп танылған бақталастарды таңдайды. Онда өнеркәсіп жұмысына өнімнің бөлек көрсеткіштері бойынша. Өнеркәсіп жұмысында ерекше орынды метрология атқарады. өнеркәсіп өлшемдерінің тиісті сапасын жүзеге келтіру керек. Объективті мәліметтерді жинау үшін және оларға объективті шешім қабылдау, оларға Исикава сызбасын, бақылау карталарын, Паретто диаграмасын, шашырау диаграмасын, корреляция диаграмасын, сапаны бақылау картасы, гистограмма беріледі. Сонымен қатар өнеркәсібі дамыған елдерде жаңа әдістер кең қолданылады, мысалы, алты сигма. Негізгі пайдалар: фактілі негізгі шешім қабылдау тиімді емес басқарушылық шешімдерді шешудің болмауы, шешімдердің негізделуін қамтамасыздандыру.
- Жеткізушімен тиімді қатынас орнату. Ұйымдар мен жеткізушілердің бір бірімен байланысы анық бір біріне тиімді қатынас екі жаққа да жақсы мүмкінщіліктерді қамтамасыздандыру. Үрдісті жүзеге асыру негізінде жеткізушімен идентификацияны нақты және ашық байланыстармен ара қатынас ұйымдастыру. Алдағы жоспарлау мен мәліметті алмастыруды талап етеді. Сапа жүйесінің жеткізушінің жақсаруымен жетістігін өабылдануы бойынша ынталандыру механизмі болу керек. Сонда ғана жеткізілген өнімді басқару мүмкіндігі туады. Жеткізуші мен түтынушы арасындағы жаңа байланыстар түрі пайда болады. «Бірге істейміз, бірге ұтамыз». Негізгі пайдалары: өзгеріп отыратын нарыққа бірге икемделу мүмкіндігі, екі жаққа да маңыздарды жоғарлату мүмкіндігін жасау.
Жоғарыда аталған принциптер сапаны басқару бойынша әрдайым жетілдіріп отыруы керек. Бұл үрдісте әлі де түтынушы басты болып келеді. Олар талаптарын фирма қаншалықты қанағаттандыру арқылы оның жетістігі тәуелді. Екінші орынға тауарды жасайтын адамдар қойылған. Сондықтан оларды оқытуға, марапаттауға және тұтынушыны қанағаттандыру үрдісіне қызметкерлердің белсенді қатысуына көп көңіл бөлінген. Үрдістің бағыты ішкі қызметтің жұмысы мен сыртқы тұтынушы нұсқасы бойынша қаралады. Жеткізуші мен серіктестік ИСО 9000 сериялы стандарттарына сәйкес сапа жүйесін құраушының сапасына әсер етеді.
Сапа менеджмент жүйесіне жалпы талаптар ҚР СТ ИСО 9001-2001
Ұйымның сапа менеджмент жүйесін (СМЖ) әзірлеуі, құжаттауы, енгізуі, жұмысшы жағдайында ұстауы және осы стандарттың талаптарына сәйкес оның нәтижелілігін ұдайы жақсартып отыру керек.
Ұйым:
- СМЖне қажетті үрдістерді және олардың барлық ұйымдарда қолданылуын анықтау;
- Осы үрдістің тізбектілігін және өзара әрекетін бекітуі;
- Жұмыстың, сондай ақ үрдістердің тиімділігін арттыруға қажетті критерийлер мен әдістерді анықтауы;
- Жұмыстарды демеу және осы үрдістерді бақылау үшін қажетті ресурстар мен ақпараттардың болуын қамтамасыз ету;
- Осы үрдістерді бақылауы, өлшеуі және талдуы;
- Жоспарланған нәтижеге жету және осы үрдістерді ұдайы жақсарту үшін қажетті шараларды қабылдауы керек.
Ұйым осы үрдістерді осы стандартың талаптарына сәйкес басқаруы керек. Егер ұйым өнімнің талаптарға сәйкестігіне әсер ететін сыртқы ұйымдарға қандай үрдістердің орындауын беруді шешсе, ол осы үрдістерге өз тарапынан бақылауды қамтамасыз етуі керек. Оларды басқару СМЖде анықталуы керек.
Сапа жүйесін енгізу
Сапа жүйесін енгізу және оны өндіріс орнына аса керектігін жоғарыдағы басшылықтың сапа жүйесін қолдану мәселесін күнделікті түсіндіріп отыру қажет. Бұл сапа жүйесін мейлінше түсіндірмей мүмкін емес. Ал басшылық жұмысының көп болуына байланысты жұмысшылармен кездесу өте аз. Сол себепті де өзінің жетістіктерін арттыру үшін мамандықтарын арттыратын институттарға барып отыруы керек.
Сапа жүйесін енгізу сапаға басшылық жасаудан басталады. Бұл жағдайда мазмұнын бөлшектеп зерттеудің қажеті жоқ, себебі сапа жүйесінің аудиторы сапаға басшылықтың бар екенін және оның жаңадан алынған ИСО стандарттарына (ИСО 9001, ИСО 9002, ИСО 9004) сәйкес келу келмейтінін текмереді.
Сапаға басшылықтың негізгі пайдаланылатын жері сапа жүйесінің жалпы жазбаша түрі немесе оны жасаушы жүйелік түрі болып табылады.
Сапаға басшылық – мазмұны өндіріс орынның толық мағлұматын беретін, оның сенімді карточкасы болатын бас құжат. Сапаға басшылық сапа жүйесін енгізу кезінде тұрақты сұраныс материалдардың қызметін атқарады, сонмен қатар оның жұмыс күйн сақтап және жаңаландырып отырады. Ал өте үлкен мекемлерде сапаға басшылықтың лауазымды саты түрі қолданылуы мүмкін.:
— сапаға жалпы басшылық;
— әр түрлі бөлімшелерге сапалық басшылық;
— өндіріс орындағы әр түрлі жобалауға материалды техникалық үйірмелерге байланысты функцияларға сапалы басшылық жасау.
ИСО 10013 «Басшылықтың сапаны жобалаудағы көрсеткіштері» сәйкес құрамына төмендегідей бөлімшелердің кіруін ұсынады:
- аты және қолдану аумағы;
- ұйым туралы кіріспе бөлім және сапаға басышылықтың өзі;
- сапа саласындағы саясат;
- ұйымды дәріптеу, жауапкершілігі мен мүмкіншілігі;
- анықтау;
- қосымша ақпараттың жалғасы.
ИСО 9001 стандарты бойынша сапа жүйесі мынандай элементтерден тұруы керек. Оның әр «Сапаға жалпы жетекшілік және сапаны қамтамасыз етуге арналған стандарттар» төрт бөліктен тұрады:
- ИСО 9000-1 «Таңдап алу және қолдану жөнінен жетекші сілтемелер»
- ИСО 9000-2 стандарты ИСО 9001, 9002, 9003 стандарттарын қолдану жөнінен жалпы
- ИСО 9000-3 стандарты «Бағдарламалық қамтамасыздандыруды әзірлеуге, қызмет көрсетуде ИСО 9001 стандартын қолдану туралы жетекші сілтемелер»
- ИСО 9000-4 стандарты «Сенімділікті қамтамасыздандыру бағдарламасы туралы сілтеме»
Сапа жүйесін өркендету және енгізу кезіндегі туындайтын жағдайлар
Сапа жүйесін ендіру кезінде объективті және субъективті түрінде кездесетін жағдайлар туындауы мүмкін. Өндіріс пен тұрмыста ең көп кездесетін түрлері төменде келтірілген:
- Өндіріс орынның басшысы, ол күнделікті жұмыс және жаңа келісім шарттар мен жоспарды орындаумен айналысады. Ал сапа жүйесін жасаумен басқа бөлім қызметкерлері айналысады, бірақ олар оған мән бермейді. Мұндай жағдайда көптеген жағдайда көптеген қағаздар жазылады да, іс жүзінде сапа жүйесін енгізу барлық жұмысшылардың міндеті екенін түсіндіру керек. Ол тұрақты және күнделікті өткізіліп тұруы керек.
- Сапа жүйесін енгізу бұл үлкен жұмыс және бір күнде шешіліп кәсіпорынның барлық кемшіліктерін жоя салады деу өте қате. Сапа жүйесін күнделікті өмірде қолдана білу керек, сол себепті де оны күн сайын оқып үйрену керек. Бұл уақытты жөн керек ететін және нәтижесін бірден бірге салатын іс емес.
- Сапа жүйесін қолданбай жатып одан ештеңе деп есептеуге болмайды;
- Сапа жүйесін өндіріске ендіру үшін оған қаражат керек, ол әр уақытта жетіспейді. Ал ақша жоқ болса, ендірудің қажеті де жоқ.
- Жұмыскерлердің консервативті көңіл күйі: ол жұмысты жаман үстеп жатқан жоқпыз, өнім берудеміз, оны сатып алып жатыр, несіне өзгертеміз, одан да бұрыңғы күйде қалдырайық;
- Жұмысшылардың өндіріс орындағы кейбір мәселелерді басшылыға айтуға және ол нәрсе іске аспай қалса сөзін алу мүмкіндігі туыуынан қорқады. Оны және басқа жағдайлар сапа жүйесін өндіріске енгізуге өте үлкен кедергі жасайды. Бұл жұмысшылардың жұмыстың ескі түріне ыңғайланып қалғанын және жаңадан енгізілген жаңалық өндіріске қиындау енетінін көрсетеді. Бірақ та, сапа жүйесін өндіріске енгізу бұл уақыттың өзгеруі, өмірдің алға дамуы, адам өмірі соны талап етеді.
Қорытынды
Өндірістің тиімділігінің жоғарлауының негізгі факторларының бірі өндірілетін өнім немесе көрсетілетін қызметтердің сапасын жоғарлату болып табылады. Өндірілетін өнімнің сапасын жоғарлату қазіргі уақытта ішкі және сыртқы нарықтарда олардың бәсекегеқабілеттілігінің шешуші шарты болып есептелінеді. Өнімнің бәсекегеқабілеттілігі көбінесе мемлекеттің беделін анықтайды және оның ұлттық байлығының көбеюіне шешуші фактор болып табылады. Өнімнің сапасы салыстырмалы қаптап кеткен нарық шарттары мен басым құндылық емес бәсекелестіктің шартарындағы өндірістің жұмыс істеуінің маңызды критериінің қатарына жатқызылады. Өнімнің техникалық деңгейі мен сапасын жоғарлату ғылыми – техникалық прогресстің дүмпулерін және жалпы өндіріс тиімділігінің өсуін анықтайды, экономиканың интенсифиациясына зор әсерін тигізеді, ұлттық тауарлардың бәсекеге қабілеттілігі мен мемлекет азаматтарының өмірлік деңгейіне зор әсерін тигізеді. Техникалық деңгейдің өсуі мен өндірілетін өнім сапасының өсуі қазіргі уақытта өндірістік дамыған елдерде өндіріс жұмыстарының сипаттық көзі болып табылады. Басым бағалық емес бәсекелестік шарттарында және нарықтардың қаптап кету шарттарында өнімнің жоғарғы сапасы табысқа жетудің басты факторы болып саналады. Өндірілетін өнім сапасын әр өндірістің қызметінің маңызды критерийлеріне қарастыруға болады.
Қазіргі кездегі нарқытық экономикада өнімді өндіру кезінде жоғары сапаға жету үшін пайдаланатын түрлі әдіс тәсілдер өз нәтижелерін көрсете бастады. Дамыған елдердің сапа саласындағы озық концепцияларының кейбіреулері қойылған мақсаттарға жетпей қалды. Қазақстан дамушы ел болғандықтан, көбінесе шетел тәжірибесіне сүйене отырып жұмыс жасайды. Шетел тәжірибесінің теріс жақтарын алмай, тек жақсы көрсеткіштер көрсеткен әдіс тәсілдерді аударамыз.
Пайдаланылған әдебиеттер
- Лапидус В.А. «Всеобщее качество в российских компаниях», Тиография Новости, 2000, Москва
- Каланова Ш.М. Тотальный менеджмент качества в высшем образовании, Астана, Фолиант, 2006
- Основы стандартизации, метролгии, сертификации и менеджмента качества, Уч. Пособие, Алматы, Казахстанская ассоциация маркетинга, 2003
- Гличев А.В. Очерки по экономике и организации управления качеством продукции. // Стандарты и качество. — 1995.-№4.- с. 50.
- Гличев А.В. Полная схема механизма управления качеством продукции. // Стандарты и качество. — 1995.-№5.- с.53.
- Гличев А.В. Современное представление о механизме управления качеством продукции. // Стандарты и качество. — 1995.- №3.
- Высокие технологии. Организация внедрения системы менеджмента качества на предприятии. Л.Д.Подлипаев и др. Европейская Академия информатизации. Гелиос АРВ, 2003;
- Восемь принципов менеджмента качества; Метод руководства для пользователя. Алматы, Қазақ Университеті,