Жоспар
Кіріспе
Саяси жүйе туралы түсінік
Негізгі бөлім
а) Саяси жүйесінің құрылымы
б) Қоғамның сияси қызметі
в) Саяси өмір
Саяси жүйе туралы түсінік
Алғашқы қауымдық құрылыс кезеңінде барлық адам тең өмір сүрді. Басқарушылар мен бағынушылар деген мүлдем болған жоқ, себебі адамдардың өзі табиғат алдында әлсіз еді. Сондықтан тобырымен жүрді. Бірігіп аң аулады, тек тайпа-тайпа болып жүрудің арқасында ғана өздерінің қауіпсіздігін, күн көрісін қамтамасыз ете алды. Тапқан табыстары бәріне ортақ болды, артық өнім болған жоқ. Мұндай жағдайда еңбек құралдары, еңбек өнімдері ұжымға ғана тиісті еді. Мұндай ру-тайпаларды ақсақалдар басқарды. Ақсақалдар ұжым мәселелерін ортаға салып, реттеп, шешіп отырды.
Адамдар бірте-бірте тек табиғаттың бергенін тұтынып қана қоймай, енді сонымен қатар өздерінің қолдарынан келетін істермен айналыса бастады. Олар қолға түскен аңдарды өздері асырай бастады. Осыдан барып мал шаруашылығы өріс алды. Енді өздеріне қажетінше мал өсірді.
Дәннің жерге түсіп, қайыра өнім беретінін байқаған адамдар, қажетті өнімді өздері өсіретін болды. Нәтижесінде егін шаруашылығы дамыды. Құнарлы жерде жұмыс істейтіндердің өнімі өздеріне де, өзгелерге де жетті. Құнарсыз жерлердегі адамдар құнарлы жерлер иелеріне жалдануға мәжбүр болды. Қолға түскен адамдарды құлға айналдырды.
Артық өнім өмірге теңсіздік әкелді. Осылай құлиеленушілік құрылыс келді. Бұл қоғам құл иеленушілер мен құлдар, басқарушылар мен бағынушыларды тудырады. Үстем тапқа қоғамды бағындыру, таптар, жеке адамдар, тұлғалар мен қоғам, осы мемлекет пен басқа мемлекет арасындағы қатынастарды реттеу үшін құрал, қоғамның мәселелерін шешетін әлеуметтік топ қажет болды. Бұл топ төменгі топқа бақылау жүргізді. Енді күштеу, зорлау арқылы орындаттыратын анық заң ережелері, нормалары қалыптасты.
Билікті иеленушілер мен оған бағынушылардың рөлдері институционалдық қалыпқа түсті. Мемлекет, саяси партиялар, басқа да қоғамдық ұйымдар қалыптаса бастады. Олар белгілі бір таптың мүддесін қорғады. Осылардың барлығын бір сөзбен қоғамның саяси жүйесі деуге болады.
Қоғамның саяси жүйесі деп билік жүргізіп, қоғамда тұрақтылық пен тәртіпті қамтамасыз ететін, әлеуметтік топтар, таптар, ұлттар, мемлекеттер арасындағы саяси өзара қатынастарды реттейтін ұйым мен мекемелердің жиынтығын айтады.
Саяси жүйе теориясын XX ғасырдың 50 жылдарында Американың саясаттанушысы Давид Истон дүниеге әкелді. Оның ойынша саяси жүйе сыртқы ортамен «кіріс», «шығыс» принциптері арқылы байланысады.
Кірістің екі түрі бар. Олар: талаптар мен қолдау. Д.Истон, Г.Митчел, Г.Спиро, Г.Алмонд саяси жүйенің өзіндік мүмкіндіктерін көрсетті:
- Топтар мен жеке адамдардың іс-әрекетін басқаруға байланысты реттеу мүмкіндігі;
- Өзінің қызмет етуіне қажетті экономикалық және басқа қорларды табуға байланысты қысымдық мүмкіндігі;
- Қорларды, игіліктерді, қызметті, үздік белгілерді бөлу және қайта бөлу мүмкіндігі;
- Әлеуметтік ортаның талаптарына әрқашан жауап берерлік, өзгерген жағдайларға бейімдеушілік мүмкіндігі.
Қорыта келе саяси жүйе үстемдік етіп отырған қоғамды басқаратын аппарат болып саналады.
Саяси институттарға: мемлекет, саяси партиялар, кәсіподақтар, кооперативтер, жастар, әйелдер, т.с.с жатады.
Мемлекет — саяси жүйенің негізгі бөлігі. Ол қоғамда белгілі бір тәртіпті орнатады, оны басқарады, экономикалық және әлеуметтік құрылымын қорғайды. Ол үшін мемлекеттің арнайы аппараты, еріксіз көндіретін күштеу, зорлау органдары (әскер, сот, полиция, т.с.с.) болады. Солардың көмегімен ол адамдардың жүріс-тұрысын, іс-әрекетін реттейді. Мемлекет қоғам атынан оның ішкі, сыртқы саясатын атқара алады.
Саяси партиялар — мемлекеттік билікті іске асыруға саяси жүйені, қоғамдық пікірді, саяси сана мен мәдениетті қалыптастыруға ат салысады.
Саяси қатынастар- оған топтардың, этникалық бірлестіктердің, тұлғалар мен қоғамның, азамат пен мемлекеттің арасындағы қатынастар кіреді.
Саяси ережелер — саяси жүйенің ережелік негізін құрайды. Мұның ең бастысы Конституция. Басқа да мемлекеттік заңдар, нормативтік актілер жатады.
Саяси мәдениет — адамдардың іс-әрекетіне, олардың ұйымдарына әсер етеді.
Қорыта келе саяси жүйенің басты міндеті — қазына, байлықты бөлу саласына бақылау орнату, қоғамдың өмірдің барлық саласына бағыт беріп, ықпал жасау.
Қоғамның саяси жүйесінің қызметтері
- Мемлекеттік ұйымдардың, т.б. сол сияқты әлеуметтік топтардың мүдделерін үйлесімді жүргізу шараларын белгілеп іске асырады;
- Рухани-идеологиялық қызмет атқарады, халық бұқарасының саяси ой-санасың қалыптастырып реттейді және жетілдіреді;
- Қоғамдың саяси құрылысты нығайтады, оның ішкі және сыртқы қауіпсіздігін қамтамасыз етеді;
- Түрлі әлеуметтік топтардың қоғамдағы орны мен мүдделеріне сай материалдық рухани игіліктерді анықтау және бөлу;
- Қоғамдық әлеуметтік топтардың мақсатын, міндеті мен бағдарламасын орындауға бағытталған қызметін ұйымдастыру;
- Қоғамдың дамудың жолдары мен міндетін анықтау, оның қызметінің нақты бағдарламасын жасап іске асыру;
- Белгілі бір әлеуметтік топтың немесе көпшілік халықтың саяси билігін қамтамасыз ету. Ол биліктің тәртіпке келтірілген, ережелерде, қалыптарда бекітілген, яғни институционалданған түрі, Оның қызметі конституцияға негізделген жалпыға міндетті заңдар шығару және заңдар арқылы тәртіп орнату болып саналады.
Саяси өмір
Саяси өмір. Қоғам өмірі қоғамдық көріністердің барлық түрі арасындағы адамдардың арасындағы қоғамдық қатынастардың әр түрлілігі болып табылды. Ол байланыстар өздерінің жеке мүддесі үшін өзара байланыс жасау, бірге қимылдауды керек етеді. Олардың бәрі өндіріс процесінде көрінеді. Қоғамдық өмір әр түрлі қоғамдық байланыстардың, ең алдымен экономнкалық және саяси, әлеуметтік және рухани өмірдің қалыптасуына жеткізеді. Қоғамдық өмірдің бір саласы саяси өмір.
Саяси өмір саяси қатынастарды, саяси қызметті түзеді. Кез келген саяси қызметтің мақсаты өзінің өмірлік мүддесін қорғау үшін адамдардың өкімет билігін алу және пайдалануы болып табылады. Мемлекеттік өкімет саяси мүдденің басты мәселесі, сондықтан ол бағыттағы іс саяси қызметтің маңызды мәні, басты ерекшеліктері, саяси өмірдің басты негізі болып табылады.
Саяси өмір саяси байланыстың қарапайым, негізгі формасы. Саяси қатынас дегеніміз саяси субъект. Ол қатынастар саяси мүдделермен өлшенеді. Осыған орай олар адамдардың, таптардың, топтардың, партиялардың арасындағы қатынастар мен мүдделерге байланысты болады. Осыған байланысты саяси шаралар белгіленеді. Мысалы, осы күнгі тәуелсіз мемлекеттердің саяси бейнесі әр түрлі саяси күштердің көрінісі, сондықтан олардың саяси мүдделері де әртүрлі. Әр түрлі партиялар саяси блоктарға, одақтарға бірігеді. Олар солшыл, оңшыл, демократиялық т.б. блоктар. Олардың блоктарға бірігуі, блоктарда орын ауыстыруы, одан шығуы саяси жағдайларға байланысты.
Адамдар арасындасы саяси байланыстардың екінші бір формасы — саяси бірлестіктер. Бұл өте күрделі мәселе. Өйткені бірлестіктердің қалыптасуы қоғамда адамдардың әлеуметтік тұтастығының қалыптасуына байланысты болып келеді. Осы тұтастық адамдардың саяси мүдделерінің тұтастығына жеткізеді. Бұл жағдай саяси бірлестіктерге топтасуды қажет етеді. Ондай бірлестіктер екі формада керінеді. Бірінші формасы — бір жерде тұрушы, ортақ шаруашылық және этникалық өмір сүруші адамдардың саяси бірлестігі. Мұндай саяси бірлестік мемлекет. Екінші формасы — сол мемлекет шеңберіндегі адамдардың таптық, әлеуметтік мүдделеріне байланысты саяси бірлестіктер: Оның ең ірі көрінісі партия болып табылады. Бірлестіктердің екі формасының да өздерінің құрылымдары болады, өздерінің тәртібін белгілеп, оған бағынады. Олардың барлығы саяси ұйымдар.
Мемлекет саяси ұйым есебінде өз қарамағындағы адамдардың мүддесін қорғайды, ол үшін адамдардың арасындағы қатынастарды құқықтық нормалар негізінде реттейді, кернк уақытында күште жұмсайды. Ал мемлекетті өкімет билігіне жеткен таптар, партиялар басқарады, өз мүддесіне сәйкестендіреді, қоғамның даму бағытын белгілейді. Осы сияқты қимыл жасайтын-партиялар және одақтар. Партиялар мен одақтар басты саяси мүддені жүзеге асыру үшін адамдарды бірыңғай саяси күшке біріктіреді. Біздің демократияландыруға бет алған елімізде саяси құрылымды жетілдіру процесі өте қарқынды түрде жүріп жатыр. Мемлекетті қайта құрумен қатар әр түрлі жаңа партиялар, одақтар, қозғалыстар құрылып, дамып келеді. Олардың арасында саяси мүдделерге сай қатынастар қалыптасуда.
Адамдарың арасындағы саяси байланыстардың ең күрделі формасы қоғамның саяси жүйесі болып табылады. Тарихи жағдайға байланысты бізде бір партия мемлекеттік өкімет билігін қолына алды. Өкіметке ие бола алмаған басқа партиялар өздерінің мүдделерін басқа жолдармен қорғайды. Олар Конституцкялық құқықтарды, парламенттік трибунаны, бұқаралық ақпарат құралдарын пайдаланып, қоғамдық пікірлер арқылы үстем партияға әсер етеді, оның саясатын сынайды, қоғамды дамыту, басқа елдермен қарым-қатынас т.б. мәселелер жөнінде өзінің көзқарасын жариялайды. Ондай партияларды оппозициялық партия деп атайды. Осылардың барлығы саяси жүйені құрайды. Үстем партия мен мемлекет қатынасы саяси жүйені құрайтын күш болады, барлық басқа күштердің арақатынасы саяси жүйенің құрамды бөлігі ғана. Бұл өте күрделі қатынас. Кеңес қоғамының өмірінде жаңа партиялардың пайда болуы саяси өмірді жаңа мазмұнмен толықтырды және күрделілендірді. КОКП-қа қарсы оппозиция, оның жұмысын қиындатты, оның дағдарысқа ұшырауына, тарап кетуіне жеткізді.
Жоғарыда саяси қатынастардың үш формасы баяндалды. Соның ішіндегі ең бастысы саяси жүйе. Оның сипатты белгілерін анықтау керек. Оның белгілері демократия, бір немесе көппартиялылық жүйе, барлық партиялардың тең құқығы, саяси мүдделерді парламенттік жолмен ретту, тағы басқалары.
Саяси өмір саяси процестерді туғызады. Саяси процестер қоғамның саяси жүйесінің қалыптасуы, өзгеруі, қайта құрылуы және өмір сүруінің әлеуметтік субъектілері — жеке адам, топ, тап арқылы жүретін қызметтің жиынтығы. Саяси процестердің әлеуметтік-таптық мазмұны экономикалық базис, мемлекеттің тұрпаты, таптар күштерінің ара салмағына байланысты болады.