Жоспар
І Кіріспе
Саяси жүйе туралы түсінік
ІІ Негізгі бөлім
Қазақстан Республикасының саяси жүйесі
- Қазақстан Республикасының Үкіметі
- Қазақстан Республикасының Парламенті
а) Сенат
б) Мәжіліс
- Конституциялық Кеңес
- Орталық Сайлау Комиссиясы
- Негізгі саяси партиялар
Қортынды
ІІІ Қолданылған әдебиеттер
Қазақстан Республикасының саяси жүйесі
Жалпы күрделі құрамы бар, қызмет атқаруға, дамуға қабілеті бар тұтас құрылысты біз жүйе деп қарай аламыз.Сонда, жүйе – құрамында элементтері мен бөліктері өзара реттік ұйымдасқан, әрі бағытталған байланыста бола отырып, ажырамас тұтастық құрайтын, сол негізде қалыптасып іс-әрекет атқаратын, дамып отыратын құбылыс.
Қоғам да өз алдына жүйе. Қоғамдық жүйені түрлі әлеуметтік топтар, олардың мүдделерін бейнелеп отыратын институттар және олардың арасындағы байланыстар құрайды.
Саяси жүйе – қоғамды басқаруды, билікті жүргізуді, түрлі әлеуметтік топтардың арасындағы қарым-қатынастарды, мемлекет аралық істердіреттеуді іске асыра отырып, қоғам тұтастығын қамтамасыз ететін мемлекеттік және мемлекеттік емес әлеуметтік институттардың жиынтығы. Яғни, саяси жүйе, саяси өмір саласының тұтастығын, қызмет атқаруын басқа салалармен байланысын қамтиды.
Қазақстан – Республика Конституциясында бекітілген өзінің жеке және ерекше мемлекеттік формасы бойынша тәуелсіз мемлекет. Президент мемлекеттің саясатын анықтау құқығымен мемлекет басы болып табылады. Қазақстан Республикасының үкіметі атқарушы, заң шығарушы және сот үш өкімет тармағынан құралады. Президент осы үш тармақтың үшеуінің де қызметін еркін үйлестіру өкілеттігіне ие.
Сайып келгенде, Қазақстан өзінің басқару формасы бойынша Президентік республика болып табылады. Қазақстанның Үкіметі атқарушы тармақ өкіметін басқарады. Республиканың Жоғарғы заң шығарушы органы болып табылатын екі палаталы парламент заң шығарушы тармағының өкіметін басқарады.
Өкіметтің Соттық тармағы Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотымен басқарылатын жалпы юрисдикциясы бар соттар жүйесімен ұсынылады. Қазақстан Республикасының Конституциялық нормалары орындалуының бақылауы бойынша міндеттерді Конституциялық Кеңес орындайды. Республиканың Бас Прокуратурасы және Ішкі Істер Министрлігі тұсындағы құқық қорғау органдар жүйесі заң бойынша бақылау мен мемлекеттік тәртіпті іске асырады.
Қазақстан – әкімшілік-территориялық бірлік болып келетін аймақтарға бөлінген унитарлы мемлекет.
Қазақстан Республикасының Үкіметі
Конституцияға сай Республика үкіметі Қазақстан Республикасының атқарушы өкіметін жүзеге асырады, атқарушы органдардың жүйесін басқарады және олардың қызметінің басқаруын іске асырады.
Үкімет Премьер-Министрдің тағайындалғаннан кейінгі он күн мерзімде ұсынысы бойынша Президентпен құрылады және өзінің барлық қызметі мен іс-әрекеттерінде Президенттің алдында жауапты. Сонымен қатар, өзінің қызметінің бағдарламасы бойынша Парламенттің алдында жауапты болады.
Үкімет мүшелері Қазақстан Республикасының Президенті мен халқы алдында ант береді.
1999 жылғы 13 қазан күні Президенттің қаулысы бойынша келесі Қазақстан Республикасы үкіметінің құрылысы анықталды:
- Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрлігі;
- Қазақстан Республикасының қорғаныс министрлігі;
- Қазақстан Республикасының ішкі істер министрлігі;
- Қазақстан Республикасының қаржы министрлігі;
- Қазақстан Республикасының юстиция министрлігі;
- Қазақстан Республикасының мәдениет министрлігі (2003 жылдың 13 қыркүйектен Президент Жарлығы);
- Қазақстан Республикасының ақпарат министрлігі;
- Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі;
- Қазақстан Республикасының ауылшаруашылық министрлігі;
- Қазақстан Республикасының көлік және коммуникация министрлігі;
- Қазақстан Республикасының еңбек және әлеуметтік қорғаныс министрлігі;
- Қазақстан Республикасының энергетика және минералдық ресурстар министрлігі (2000 жылдың 14 желтоқсаннан Президент Жарлығы);
- Қазақстан Республикасының өнеркәсіп және сауда министрлігі (2002 жылдың 28 тамыздан Президент Жарлығы);
- Қазақстан Республикасының экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі (2002 жылдың 28 тамыздан Президент Жарлығы);
- Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау министрлігі;
- Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрлігі (2001жылдың 21 қазаннан Президент Жарлығы);
- Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Канцеляриясын жүргізуші.
Қазақстан Республикасының Парламенті
1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясына сай Қазақстан Республикасының Парламенті заң шығарушы функцияларды іске асыратын Республиканың жоғарғы өкілетті органы болып табылады. Парламент тұрақты негізде жұмыс істейтін Сенат және Мәжіліс екі платасынан тұрады. Сенат депутаттарының өкілеттілік мерзімі – 6 жыл, ал Мәжіліс депутаттарының өкілеттілік мерзімі – 5 жыл. Парламенттің депутаты Қазақстан халқы алдында ант береді. Палаталар әр палатада жеті адамнан аспайтын тұрақты комитеттер құрайды.
Парламент депутаттары үкіметпен қатар, заң шығарушы инициативасының құқығына ие болады. Ол тек мәжілісте ғана күшке енеді.
Парламент: Президент ұсынысымен Конституцияға өзгерістер енгізеді, республикалық бюджетті бекітеді, Республиканың Премьер – Министрін Ұлттық Банктің Төрағасын тағайындауға рұқсат береді, бейбітшілік және соғыс сауалдарын шешеді, бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтауға байланысты халықаралық міндетті орындауға Республиканың Қарулы Күштерін қолдануға Республика Президентінің ұсынысын қабылдайды.
Сенат
Сенатты, барлық өкілді органдар депутаттардың біріккен отырысында, әр облыстан, республикалық маңызы бар қалалардан және Қазақстан Республикасының астанасынан екі адамнан сайланып отыратын депуттар құрайды. Жеті депутат сенаттың өкілеттік мерзіміне Республиканың Президентімен тағайындалады. Сенат депутаттарының өкілеттік мерзімі – 6 жыл. Сенатқа депутаттардың сайлануы жанама сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру түрінде іске асады. Сайланатын сенат депутаттарының жартысы әр екі жыл сайын қайта сайланып отырады.
Сенаттың депутаты ғ жылдан кем емес азаматтықта тұрған, 30 жасқа жеткен, жоғарғы білімді және бес жылдық стажы бар, Қазақстан Республикасы территориясының лайықты облысында, республикалық маңызы бар қаласында немесе республика астанасында 3 жылдан кем емес тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматы бола алады.
Сенаттың басқаруына:
Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынысы бойынша Жоғарғы Сот Төрағасын, коллегия төрағасын және Жоғарғы Сот судьяларын сайлау және қызметтен босату;
- Республика Президентінің Бас Прокурорды, Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің төрағасын тағайындауына келісім беру;
- Республиканың Бас Прокурорын, Жоғарғы Соттың Төрағасы мен судьяларын дербес праволығынан айыру;
- Жергілікті өкілді органдардың өкілеттілігін мерзімнен бұрын қысқарту;
- Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сот Кеңесінің құрамына екі депутатты жіберу;
- Республика Президентінің қызметтен босату жайындағы істі қарау және оның нәтижелерін палаталардың біріккен отырысында қарауына шығару;
Мәжіліс
Мәжіліс әкімшілік – территориялық бөлініс есебімен және бірдей халық саны есебімен құрылған бірмандаттық территориялық округ бойынша сайланатын 77 депутаттан тұрады. Соның ішіндегі 10 депутат партиялық тізімдер негізінде пропорционалдық өкілділік және біртұтас жалпы ұлттық сайлау округінің территориялық жүйесі арқылы сайланады.
Мәжіліс депутаттарының өкілеттілік мерзімі – 5 жыл. Депутаттардың сайлануы жалпы, тең және тура сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру түрінде іске асады.
Мәжіліс депутаты болып жасы жиырмаға жеткен республика азаматы бола алады.
Мәжілістің ерекше басқаруына:
- Заң жобаларын қарауға қабылдау және талқылау;
- Парламентпен қабылданған заңдарға, Президенттің қарсылығы бойынша, ұсыныстар дайындау;
- Президенттің ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Орталық Сайлау Комиссиясының төрағасын, оның орынбасарын, секретарін және мүшелерін қызметтікке тағайындау немесе одан босату;
- Республика Президентінің кезекті сайлануын жариялау;
- Маманданған Юстиция Коллегиясының құрамына екі депутатты жіберу;
- Республика Президентінің мемлекеттік опасыздық жасаужағдайында оған қарсы айын тағу жатады.
Қазақстан Республикасының Қонституциялық Кеңесі
Қазақстан Республикасының Конституциясына сай 1995 жылы тамыз айында құрылды.
Қазақстан Республикасының Қонституциялық Кеңесі өкілеттілік мерзімдері алты жылға дейін созылатын жеті мүшеден құралады. Өздерінің құқықтары бойынша Конституциялық Кеңестің өкілеттілік мерзімдер шексіз мүшелері республиканың экс-Президенттері бола алады. Конституциялық Кеңестің Төрағасы Республика Президентімен тағайындалады. Дауыстардың тең екіге бөлінген жағдайында оның шешімі ақырғы болып саналады. Конституциялық Кеңестің екі мүшесі Республика Президентімен, екі мүшесі Сенат Төрағасымен, екеуі Мәжіліс Төрағасымен тағайындалады. Қалған жартысы әр үш жыл сайын жаңарып тұрады. Конституциялық Кеңестің Төрағасының және мүшесінің қызметі депутаттық мандатпен сай бола алмайды, яғни олар ғылыми не өнеркәсіптік істен басқа төленетін коммерциялық не кәсіпкерлік қызметтермен айналыса алмайды.
Конституциялық Кеңестің ұйымдасуы мен қызметі конституциялық заңмен реттеледі. Конституциялық Кеңес Қазақстан Республикасының Президенті, Сенат Төрағасы, Мәжіліс Төрағасы, Парламен депутаттарының жалпы санының бестен бір бөлігінен кем емес депутаттардың, Премьер-Министрдің сұрауы бойынша:
- Республика Президентінің, Парламент депутаттарының сайлануының және республикалық референдумның дұрыс өткендігі жайындағы сұрақты шешеді;
- Президенттің қол қойғанға дейін, Парламентпен қабылданған заңдардың Республика Конституциясына сай болуын қарайды;
- Республиканың халықаралық келісімдерінің бекіту мерзіміне дейін олардың Республика Конституциясына сай болуын қарайды;
- Конституциялық нормаларға ресми түсініктемелерді береді;
- Орнатылған конституциялық процедураларды сақтау жайындағы қорытындыны береді;
Орталық Сайлау Комиссиясы
Орталық Сайлау Комиссиясы тұрақты қызмет ететін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады. Сайлау жүйесінің демократиялық принциптерінің іске асырылуын қолдайды және сайлаушылардың еркін өз қалауы бойынша сайлау мүмкіндігімен қамтамасыз етеді. Отралық Сайлау Комиссиясы Республиканың сайлау жүйесінің органдарын басқарады.
Отралық Сайлау Комиссиясының басты қызметтері болып:
- Сайлау жайлы Қазақстан Республикасының заң шығарылуының іске асырылуын қамтамасыз ету;
- Сайлау бойынша сайлау комиссиясының қызметін басқару;
- Қазақстан Республикасы азаматтарының және Республиканың территориясында тіркелген қоғамдық бірліктердің сайлау құқығын қамтамасыз ету;
- Сайлаудың дайындығын ұйымдастыру және өткізуді бақылау;
Орталық Сайлау Комиссиясы төраға, төраға орынбасары, секретарі және төрт мүшесі бар құрамнан құралады. Комиссияның арнайы құрамы Қазақстан Республикасының ұсынысы бойынша Парламентпен сайланады. Және де оның құрамына өзгертулер Республика Президентінің ұсынысы бойынша Парламентпен енгізіледі.
Қазақстан Республикасының негізгі саяси партиялары мен
қоғамдық бірлестіктері
Қазақстан Республикасының Конституциясы констициялық құрылымды өзгеруге және республика біртұтастығын, қауіпсіздігін бұзуға бағытталған ұйымдардан басқа партиялар мен ағымдарға кепілдік береді. Заңмен қарастырылмаған әскери ұйымдардың құрылуына жол берілмейді. Қоғамдық бірігімдердің іс-әрекеттеріне мемлекеттің заңсыз араласуына рұқсат берілмейді.
2002 жылы 15 мамырда Н. Ә. Назарбаев «Саяси Партиялар» жайлы Қазақстан Республикасының заңына қол қойды. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында келесі партиялар тіркелді:
- Қазақстанның Аграрлық Партиясы;
- Қазақстанның Азаматтық Партиясы;
- «Ауыл» Шаруашылық әлеуметтік-демократиялық партиясы;
- Қазақстанның Коммунистік партиясы;
- Қазақстанның Патриоттар партиясы;
- «Отан» Республикалық саяси партиясы;
- «Асар» Республикалық саяси партиясы;
- «Ақ Жол» Қазақстанның демократиялық партиясы;
- «Руханият» партиясы;
- «ДВК» партиясы;
- Қазақстанның демократиялық партиясы;
- Қазақстаның коммунистік халықтық партиясы.
Халықаралық және аймақтық қатынастар
Өзінің тәуелсіздігін жарияғанан кейін Қазақстан ресми түрде 100 аса мемлекетпен танылды. Қазіргі кезде Қазақстан республикасы келесі мемлекеттермен дипломатиялық қатынастар орнатты: Австралия, Афганистан, Армения, Австрия, Канада, Қытай, Куба, Египет, Франция, Грузия, Германия, Ұлыбритания, Венгрия, Үндістан, Индонезия, Иран, Италия, Испания, Жапония, Израиль, Қырғыстан, Кувейт, Ливия, Мексика, Монғолия, БАЭ, Оман, Пакистан, Палестина, Румыния, Ватикан, Солтүстік Корея, Швейцария, Швеция, Тәджікстан, Турция, Ресей, АҚШ, Өзбекстан, Украина, Финляндия және басқада мемлекеттер.
Қазақстан көптеген халықаралық ұйымдардың мүшесі болып келеді. Оның ішінде Біріккен Ұлттар Ұйымы, Еуропалық қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы, Халықаралық Волюталық Фонды, Дүниежүзілік Банк, Азиялық Даму Банкі, Ислам Конференция Ұйымы және тағы басқа. 1995 жылы Қазақстан «Бейбітшілік үшін серіктестік» деген НАТО бағдаламасына қосылды.
Мемлекеттік басқарудың мәні мен ерекшеліктері
Мемлекеттік биліктің түсініктемесі және мәні. Мемлекеттік басқару — мемлекеттік биліктің жұмыс істеп тұратын тетігі ретінде. Мемлекеттік басқарудағы жалпылық пен ерекшелік. Басқару адамдарды бірігіп қызмет етуге қалыптастыратын айрылмас белгісі ретінде. Мақсатқа бағытталған сипаттама және арнайы міндеттерді шешу басқарудың маңызды белгілерінің бірі. Мемлекеттік басқарудың нормативтік мақсаты. Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі Стратегиялық бағдарламасында белгіленген стратегиялық мақсат пен мемлекеттік басқарудың басымдылығы. Стратегиялық мақсат, міндеттердің және басқару қызметі мазмұнының тиісті мемлекеттік басқару салаларымен (түрлерімен) өзара байланыстары.
Құқықтық реттеу – мемлекеттік басқарудың арнайы белгілері. Мемлекеттік басқарудың ұйымдастырушылық мәні. Ұйымдастыру және басқару ұғымдарының өзара байланыстары. Мемлекеттік басқарудың заңды-билік сипаттамасы – мемлекеттік биліктің жұмыс істеуін қамтамасыз етіп тұратын тетігі ретінде. Мемлекеттік басқарудың тетіктері: мазмұны және құрылымы. Мемлекеттік басқару тетіктерінің құқықтық жанамасы: нормативтік құқықтық негізі; басқарудағы құқықтық қатынас; тараптардың субъективтік құқықтары мен заңды міндеттерін жүзеге асыратын актілер. Олардың жалпы сипаттамасы.
Мемлекеттік басқарудың қағидалары
Мемлекеттік басқару қағидаларының теориялық және тәжрибелік маңызы. Басқару қағидаларын олардың мәні, байланыс сипаты және басқару тәжрибелеріне қарай сыныптау. Қазақстан Республикасының констиутциялық қағидалары және олардың әлеуметтік қызметі (ҚР Конституциясының 2 б., 1 т.).
Мемлекеттік басқарудың негізгі қағидалары: мемлекеттік билік пен басқарудың біртұтастығы; заңдылық; азаматтардың құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің мемлекет мүддесі алдында басымдылығы; азаматтардың мемлекет ісін басқаруға қатысу теңдіктері; қоғамдық пікірді есептеу және мемлекетті басқарудағы жариялылық; аумақтық-салалық; мемлекеттік басқаруды орталықтандыру және орталықсыздандырудағы үйлесімділік; халықаралық қауымдастық. Олардың сипаттамасы.
Мемлекеттік басқарудың салалық қағидалары, олардың ерекшеліктері. Мемлекеттік басқарудағы констиутциялық (негізгі) және салалық қағидалардың өзара байланыстары мен өзара әрекеттері. Мемлекеттік органдарды ұйымдастырушылық-техникалық қағида бойынша құрастыру: салалық; функциональдық; салалық-функциональдық. Олардың ерекшеліктері.
Мемлекеттік басқарудың ұйымдастырушылық құрылымы
Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі Стратегиялық бағдарламасында белгіленген мемлекеттік басқарудың жүйелілігі туралы. Мемлекеттік басқарудың ұйымдастырушылық құрылымын құрудың объективтік және субъективтік факторлары. Мемлекеттік органдарды сыныптаудың негіздері. Мемлекет аппараттарының ұйымдастырушылық құрылымдарының әлеуметтік-экономикалық, саяси, республиканың дамуынан, әкімшілік-аумақтық құрылымынан, аумаққа қызмет көрсету шеңберінен, халқының санынан және басқа да жағдайлардан тәуелділігі.
Мемлекеттік биліктің біртұтастығы мен түрлерінің өзгешеліктері — мемлекеттік аппараттың жүйесін құрудың негізі. Заң шығарушылық, атқарушы және сот билік тармақтары органдарының құрылымы. Мемлекеттік бақылау-қадағалау органдары.
Әлеуметтік жүйе мемлекеттік басқарудың объектісі ретінде
Әлеуметтік жүйе және оның элементтерінің құрылымы. Адам – әлеуметтік жүйенің негізгі элементі. Мемлекеттік ісін басқарудағы азаматтардың құқықтық субъектіліктері. Азаматтардың мемлекет ісін басқаруға қатысуға заңдық кепілі. Азаматтардың бірлесуге қатысты ұйымдастырушылық-құқықтық нысандары, олардың құқықтық мәртебесі. Халықты әкімшілік-аумақтық және өндіріс қағидалары арқылы бөлу — әлеуметтік жүйені құрылымдаудың негізі.
Қоғамдық тіршіліктің негізгі аялары (экономикалық, әлеуметтік, әкімшілік-саяси). Мемлекеттік басқарудағы салалық және функциональдық бастама. Мемлекеттік басқарудағы объект (әлеуметтік жүйе және оның құрамының элементтері) және субъктілердің (мемлекеттік аппарат) өзара байланыстары. Мемлекеттік басқару жүйесінің сыртқы ортасы.
Мемлекеттік басқарудың мазмұны
Мемлекеттік басқарудағы саясат пен мақсат. Қазақстан Республикасында басқару мақсатын сыныптау. Мемлекеттік басқарудың функциональдық құрылымы. Мемлекеттің функцияларының, басқару функцияларының және мемлекеттік органдардың функцияларының өзара байланыстары.
Басқару функциялары: ұйымдастыру (басқарудың жүйесі мен үрдістерін), жоспарлау (болжамалар және бағдарламалар жасау), кадрлармен қамтамасыз ету, реттеу, бақылау. Олардың сипаттамасы.
Мемлекеттік басқарудың тәсілдері: мәні және сынып. Тәсілдердің жалпы сипаттамасы: әкімшілік-құқықтық, экономикалық және идеологиялық (адамгершіліктік) әсер ету. Мемлекеттік басқарудың нысандары.
Мемлекеттік тұрғыда шығарылатын шешім
Басқару шешімінің түсініктемесі және белгілері. Мемлекеттік тұрғыда шығарылатын шешімдердің ерекшеліктері. Басқару шешімін қабылдаудың негізі. Нормативтік құқықтық актілерді сыныптау. Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын даярлау және келістіру тәртіптері. Нормативтік құқықтық актінің реквизиттері, құрылымы және мәтінін белгілі бір тәртіппен жазу. Нормативтік құқықтық актілерді қабылдау және жариялау тәртіптері.
Орталық атқарушы органдардың нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу.
Басқару шешімін жүзеге асыру. Қабылданған шешімнің орындалуына бақылау жасау. Орындалған шешімге баға (нәтижесі) беру.
Әкімшілік түрде орындау тәртіптері
Әкімшілік тәртіптер: түсінігі және басқару қызметіне қатыстылығы. Басқару үрдісі және оның сатылары. Жеке құқықтық актілер: түсінігі, реквизиттері және орындалуы. Бақылау және оның түрлері. Жеке құқықтық актілердің орындалуына ішкі аппараттық және сыртқы бақылау жасаудың ерекшеліктері.
Басқару қатынастары және оларды сыныптау. Мемлекеттік-басқарушылық қатынастардың субъектілері. Басқару қатынастарын құқықтық реттеу. Басқару қатынастарының туындау, өзгеру және тоқтатылу негіздері.
Мемлекеттік басқаруды қамтамасыз ету
Мемлекеттік басқаруды ақпаратпен қамтамасыз ету. Басқару ақпараттарының бастамалары. Құқықтық ақпарат. Басқару ақпараттарына қойылатын талаптар. Басқару ақпараттарын ұйымдастыру жұмыстарын жүргізу. Мемлекеттік басқаруда заңдылықты және тәртіпті қамтамасыз ету. Заңдылық және мемлекеттік билікті ұйымдастыру. Заңдылық және мемлекеттік органның құзіреті. Заңдылық және әкімшілік тәртіптер.
Мемлекеттік басқарудағы бақылау және қадағалау. Тәртіп — қоғамдық үрдістерді тиімді түрде мемлекеттік басқарудың объективтік қажеттілік жағдайы. Мемлекеттік тәртіптің мәні және талаптары. Мемлекеттік тәртіптің түрлері. Мемлекеттік тәртіпті бұзудың алдын алу және анықталлған кемшіліктерді жою тәсілдері. Мемлекеттік басқаруды ғылыми негізде қамтамасыз ету. Мемлекеттік басқарудың тиімділігін ғылыми негізде талдау тәсілдері.
Мемлекеттік қызметтің түсініктемесі және ерекшеліктері
Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі Стратегиялық бағдарламасына сәйкес республикада әлеуметтік-экономиканы және саяси міндеттерді шеше алатын, сондай-ақ бүгінгі күні мемлекеттің функцияларын жүзеге асыра алатын жаңа тұрпатты шенеуніктер даярлау.
Мемлекеттік қызмет азаматтардың кәсіби қызметтерінің бір түрі. Мемлекеттік қызметтің қоғамдық еңбекті ұйымдастырудағы атқаратын рөлі және алатын орны. Мемлекеттік қызметтің арнайы белгілері: мемлекеттің міндеттері мен функциялары арасындағы байланыс, мемлекеттің (мемлекеттік органның) атынан әрекет жасайтын басқару функциясын жүзеге асыру, атқарушы-жарлықшы сипаттамасы, мемлекеттік-биліктік өкілеттігі, ұйымдастырушылық-құқықтық нысанда белгіленуі, әкімшілік қызметшілердің саяси бейтараптылықты ұстауы. Олардың сипаттамасы. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік қызметтің түсінігі.
Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық жағдайлары
Мемлекеттік органдардың қызметкерлер құрамы және штаттары. Мемлекеттік лауазым. Мемлекеттік қызметшінің түсінігі. Мемлекеттік қызметшілерді саяси және әкімшілік деп бөлу, олардың біртұтастығы және бір бірінен айырмашылықтары. Лауазымды тұлға, оның қызметтік-құқықтық сипаттамасы және мәндік белгілері. Мемлекеттік қызметшілердің санаттары, олардың сипаттамасы. Мемлекеттік лауазымдарды тиісті санаттарға жатқызу тәртіптері. Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық жағдайлары және олардың элементтері. Мемлекеттік қызметшілердің жалпы және арнайы құқықтық жағдайлары, олардың біртұтастығы мен бір бірінен айырмашылықтары. Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық субъектіліктерінің сипаттамасы. Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық субъектіліктерінің жалпы өлшемдері: жасы, еркі, әлеуметтік жағдайы. Мемлекеттік қызметке кіруге байланысты мемлекеттік қызметшінің құқықтық субъектіліктеріне шектеу қою.
Мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыру кепілдіктері олардың құқықтық жағдайларының айырылмас элементтері. Мемлекеттік қызметшілердің заңдық кепілдіктерінің сипаттамасы: мақсаттарына, мазмұны мен субъективтік құқықтары және міндеттерін қамтамасыз ету тәсілдеріне қарай.
Мемлекеттік қызметке кіру
Азаматтардың мемлекеттік қызметке кіруге және мемлекет ісін басқаруға конституциялық құқықтары. Мемлекеттік қызметшілерді іріктеу және орналастырудың жалпы сипаттамасы. Азаматтардың мемлекеттік саяси қызметке кіру ерекшеліктері. Азаматтардың мемлекеттік әкімшілік қызметке кіру құқықтары. Мемлекеттік қызметке кіретін тұлғаларға қойылатын талаптар (азаматтықтары, жастары, біліктіліктері), олардың ерекшеліктері. Мемлекеттік қызметке кіруге қабылдамаудың заңды негіздері. Мемлекеттік қызмет аясындағы шектеулер мен тиым салу. Мемлекеттік әкімшілік қызметке кіруге қойылатын сынақ.
Мемлекеттік лауазымға орналасудың ұйымдастырушылық-құқықтық нысандары мен тәсілдері. Мемлекеттік лауазымға тағайындау арқылы қабылданатын тұлғалар. Лауазымға тағайындау ерекшеліктері. Мемлекеттік қызметтегі бос лауазымдарға конкурстан өту арқылы орналасу. Лауазымға тағайындау, конкурстан өту мемлекеттік-қызметтік қатынастың туындауына заңды айғақ ретінде. Мемлекеттік қызметке кіруді ресімдеу тәртібі.
Мемлекеттік қызметті өткеру
Мемлекеттік органдардың жұмысын ұйымдастырудың жалпы негіздері. Мемлекеттік органдардың ішкі тәртіп (режим) жұмысының түсінігі және оның элементтері. Мемлекеттік органдардың жұмыс режимдерін құқықтық реттеу. Мемлекеттік органның жұмысын жоспарлау. Дербес жаршылық қызметі. Алқалы мемлекеттік органдардың қызметі. Мемлекеттік органдардағы лауазымдық нұсқаулар және ережелер. Мемлекеттік қызметшілердің құзіреттерінің түсінігі. Қызметтік функциялар және оларды құқықтық ресімдеу. Мемлекеттік қызметшілердің өкілеттіліктері. Мемлекеттік лауазымдардың біліктілік сипаттамалары. Қолданылатын заңдарға сәйкес мемлекеттік қызметшілердің құқықтары. Мемлекеттік қызметшілердің негізгі міндеттері.
Жұмыс стилі және қызмет этикасы. Мемлекеттік қызметшілерді аттестациядан өткізудің мақсаты және міндеттері. Мемлекеттік қызметшілерді аттестациядан өткізу тәртібі және жағдайлары. Аттестациядан өтуге жатпайтын лауазымды тұлғалар. Аттестациядан өтуге байланысты туындаған дауларды шешу. Аттестация және мемлекеттік қызметте жоғарылау. Мемлекеттік қызметшілерді лауазым міндеттерін мінсіз таза және айрықша маңызы бар тапсырманы орындағаны үшін марапаттау нысандары және түрлері. Мемлекеттік қызметшілердің жауаптылықтары. Мемлекеттік қызметшілердің жауаптылықтарының түсінігі, түрлері және жауаптылыққа тарту жағдайлары.
Мемлекеттік қызметті тоқтату
Мемлекеттік қызметті тоқтату негіздерінің сыныптары. Мемлекеттік қызметті тоқтату негіздерінің жалпы сипаттамасы. Мемлекеттік-қызметтік қатынасты жақтардың еркіне байланысты емес (мемлекеттік қызметшіні әскери қызметке шақыру; соттың шешімі заңдық күшіне енген; лауазымды тұлғаның қайтыс болуы және т.б.) жағдайларына қарай тоқтату.
Мемлекеттік қызмет жақтардың өзара келісімдерімен, мемлекеттік қызметшінің бастамасымен, мемлекеттік қызметшіні мемлекеттік лауазымға тағайындаған мемлекеттік органның (жоғары лауазымды тұлғаның) бастамасымен, сондай-ақ заң актілерінде белгіленген басқа да негіздерде тоқтатылады.
Мемлекеттік қызметті тоқтатудың қосымша (арнайы) негіздері. Мемлекеттік әкімшілік қызметшілермен мемлекеттік қызметті тоқтату негіздері. Қолданылатын заңдарға сәйкес мемлекеттік қызметшінің отставкаға кетуінің түсінігі. Отставкаға құқығы бар лауазымды тұлғалар. Отставкаға шығуға өтініш беру тәртібі және оны қарау мерзімдері. Отставкаға кетудің тәртібі және негізі. Мемлекеттік қызметшілерді жұмыстан босату тәртіптері. Еңбек дауларын қарау тәртіптері (заңсыз жұмыстан босатқан жағдайларда). Заңсыз жұмыстан босатудан сот арқылы қорғау (жүгіну мерзімі; бұрынғы лауазымына қайта қою; материалдық және моральдық шығындарды өтеу).
Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызмет реформасын жүргізу
Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі Стратегиялық бағдарламасы Қазақстанда нарықтық экономика үшін оңтайлы болатын мемлекеттік қызмет пен басқару құрылымының осы заманғы, тиімді жүйесін жасау таяу жылдарда шешілуі тиіс стратегиялық міндет ретінде. Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызмет және кадр саясатын қайта қараудың концептуальді негізі. Республикадағы мемлекеттік кадр саясатының басты мақсаты, қағидалары және басымдылығы.
Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызметті және кадр саясатын қайта қарау негізгі кезеңдері және дәрежесі. Мемлекеттік қызметті және кадр саясатын қайта қарауды жүзеге асыру тетіктері (нормативтік-құқықтық; ұйымдастырушылық; қаржылық; материалдық-техникалық; идеологиялық және т.б.). Мемлекеттік қызметті қайта қарауды құқықтық тұрғыда қамтамасыз ету. Мемлекеттік қызмет туралы заңдарды кодификациялау мәселелері.
Қолданылған әдебиеттер:
- Қазақстан саяси энциклопедиясы
- Қазақстанның үкіметтік сайты — www.government.kz