АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Реферат. Шағын инновациялық кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау

Шағын инновациялық кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау

 

Біздің еліміздің болашағы –оның интелектуалды қоры, ғылым және инновация жетістіктерінде. Бұл сөздер Президент Н.Ә.Назарбаевтың халыққа арналған жолдауында айтылған болатын. Қазіргі таңда өкілеттілік пен ресурстарды тиімді пайдаланып, жоғарғы сапалы және ең соңғы ғылым жетістіктеріне сай техника мен технологияларды қолдана отырып экономиканы көркейтіп, халық өмірін жақсартуға қабілетті — шағын инновациялық кәсіпорындар болып табылады. Сондықтанда, ғылымға , ғылыми-техникалық және инновациялық саясатқа ерекше көңіл бөлінуі тиіс.

Инновация(жаңартпалар) дегеніміз — тауар мен қызметтердегі,  технология мен өндіріс факторларындағы қандай болмасын өзгерістер, жаңа өнімдер.

Көптеген экономикалық,әлеуметтік және саяси мәселелерді шешуге қабілетті болғандықтан  шағын инновациялық кәсіпкерліктің экономикадағы маңыздылығы зор. Себебі, өнімнің жаңа сапасы мен түрлеріне жаңашылдық енгізу арқылы инновациялық кәсіпорындар өз бәсекелестеріне қарағанда іскер топтың біріне айналып, екпінді оқшауланады.

Нарықтық экономикада өз алдына жүйелі түрде қызмет ететін шағын инновациялық кәсіпкерлік экономиканың даму қарқынын  жоғарғы деңгейге жеткізері анық

    Өткен ғасырдың соңғы он жылдығында Қазақстан ғылыми-техникалық потенциалы қиындықтар мен қақтығысын түбірімен өзгеріске ұшырады. Тек 1999 жылдан бастап қана ғылым жетістіктері мен инновацияларды игеру, ғылыми- өзгеріс тізбегін дамыту маңыздылығын мойындай бастадық. Нарықтық экономика тұсында ғылыми жаңалықтарды инновациялық компаниялар игеріп өндіріске енгізіп отыр. Бұл сатыда шағын инновациялық кәсіпкерлік айтарлықтай үлес қосады.

    Шағын кәссіпкерлік кез келген мемлекет экономикасының негізгі саласының бірі. Шағын және орта кәсіпкерлікке кез келген нарықтық экономикасы дамыған елдерде 10 кәсіпорынның 9-ы кіріп отырады. Егер Европа елдерінде әр мың тұрғынға шаққанда 45-50 шағын кәсіпорын болса, онда АҚШ-та ол көрсеткіш 75 кәсіпорын шамасында, ал Қазақстанда не бары 7-8 кәсіпорын ғана құрайды екен.

    Бұл кәсіпкерлік сферасында шағын инновациялық бизнес орын алып, мемлекет экономикасының дамуына көп әсерін етеді. Ол бір қатар артықшылықтарға ие:

         1.Шағын инновациялық кәсіпкерлік бір салада тоқтап қалмай экономиканың барлық сферасын қамтиды.

  1. Ірі фирмалар ғылыми зерттеулер мен тәжірибелерді жүргізу мүмкіншілігі әлде қайда көп болса да, күрделі басқару пирамидалары  себебінен инновациялық процесс баяау атқарылады.Сондай-ақ ірі фирмалар сыртқы орта әсеріне икемсіз болып келеді. Ал шағын инновациялық фирмалар сыртқы орта өзгерісіне тез икемделіп, жауап қайырып, процесс бағытын өзгертуге қабілетті.
  2. шағын фирмалар ірі компанияларға қарағанда ғылыми-техникалық зерттеулер нәтижелерін, инновацияларды өзгеріс пен өнеркәсіпке жылдамырақ енгізеді.

АҚШ Ұлттық ғылыми қорының зерттеулері бойынша ірі компанияларға қарағанда шағын фирмаларда 2.5 есе көп жаңалық ашады, өнеркәсіптегі инновациялардың 50%шағын кәсіпкерлік саласымен жасалған, ал соңғы өнееркәсіпке  енгізу процесі шағын кәсіпкерлікке 1 жылға  ертерек іске асырылады.

   Осы көрсетілген ерекшеліктердің  бәрі шағын инновациялық кәсіпкерлікті қолдау маңыздылығын ескертіп отыр. Дамыған елдерде шағын инновациялық кәсіпкерлікті мемлекет тарапынан қолдау жүйесі мынандай сұрақтарды қамтиды:

          Шағын инновациялық кәсіпорындар қызметін құқ және заңмен қамтамасыз ету;

          Кредиттік жеңілдіктер ұсыну, жеңілдетілген салық түрлерін енгізу;

          Шағын инновациялық фирмалар проекттерін тікелей бюджеттік қаржыландыру, жеке кәсіпкерлік саласының қаржысын бағыттау; 

    Информациялы-консультативті,маркетинг бойынша көмек беру,шағын фирмалар қызметін мамандармен қамтамасыз ету.

    Дүниежүзілік тәжірибеге қарайтын болсақ, шағын инновациялық кәсіпкерлік қызметіне және дамуына ең қолайлы жағдай ғылыми технологиялық орталықтарда-инкубаторларда, технополистерде  ұйымдастырылады екен.Бұл ұйымдар шағын инновациялық кәсіпорындарды бір”шатыр астында” бір қалада шоғырландырып, оларға ғылыми-техникалық зерттеу лабораторияларын, өндіріс-тәжірибелік цехтарын және жалға бөлмелер ұсынады.Бұл жерде мемлекеттік қаржы,коммерциялық банктер және венчуралы қорлар қаржылары шоғырланады. Әдетте ғылыми парктер мынандай жерлерде орналасады:

               Жоғарғы оқу орындары, университеттер бар жерде;

                Мемлекет тарапынан қолдау,салық жеңілдіктерін алуға мүмкіншілік бар жерлерде;

                 Өндіріс зонналарын, жер учаскелерін, лабораториялар жалға алуға мүмкіндік бар жерлерде;

                 Автокөлік, темір жол магистралдарына және шикізат көздеріне жақын жерлерде.  

Нарықтық экономикада қолданылып жүрген инновациялық технопарктер мен шағын кәсіпкерліктің алғаш пайда болған жерлері жөнінде мынандай мәліметтерді айта кету керек:

     Қазір дүниежүзінде 400-ге жуық ірі технопарктер бар, олардың жартысы АҚШ-та орналасқан.

     Алғашқы ғылыми парк 40-50 жылдар тұсында АҚШ-та Стенфордс университетінің іргесінде қалыптасқан.сол кезде осы ғылыми орталықтардан өз бастауларын алған кәсіпорындар ірі компанияларға айналған. Дүние жүзіне әйгілі технополистер Колифорниядағы”Селиконования долина ”зонасында ”Хьюлетт-паккард”, ”Тексас инструмент”, ”Кремнивеая долина” технополисінде ’’Локхид’,”Эр-эмси’’, т.б. көптеген фирмалар өз бастауларын алып, көркейген.

     Европа континентінде инновациялық технопаркті құрылымдар 70 жылдардың басынан дами бастады.

     Алдымен Ұлы Британияда, онан кейін Францияда, Германияда. Қазір Францияда ‘техникалық регионалды комплекстерді дамыту’бойынша мемлекеттік қызмет бар. Франциядағы ең ірі  технопарктер-‘София-Антиполис’болса, Жапонияда мемлекеттік программалар негізінде 20-ға жуық технополистер қалыптасқан, оның ішінде ең ірісі Цуруба.

    Осындай инновациялық тәсілмен экономикасы дамыған елдердің экономикалық өрлеу себебін түсінген дамушы елдер яғни, Бразилия,Индия,Қытай мемлекеттерінде 80-ші жылдардан бастап қолданылды.

 

  Ал Қазақстанда  болса  1990 жылдың аяғында ғана пайда болды.Нақты айта кетсек ӘЛ-Фараби атындағы ҚазМҚУ тұсындағы технопарк , Қарағандымемлекеттік университетіндегі технопарк және Алматыда»Ұлттық ғылыми –технологиялық парк».

  Ғылыми технологиялық орталықтардың қызмет көрсету деңгейінің кеңеюі, өспелілігіне байланысты оларды былайша тізіп көрсетуге болады :инкубаторлар, технологиялық парктер, технополистер, ғылым және технология аймақтары.

   Инкубатор-инновациялық қызметтің көптеген түрлерін ұсынушы комплекс, ол бір немесе бірнеше ғимарат алып тұрады,ал шағын инновациялық фирмалар осы ғимарат ішінен белгілі бір территорияларды жалға алып қызметін бастайды, инкубациялы период 2-3 жыл, осы мерзімнен кейін фирмалар өз бетінше қызмет жасау үшін бұл шығып кетеді.Инкубаторда жаңа қалыптасқан фирмаларға (бухгалтерлік, маркетингтік бизнес-жоспар жасау, өнімге жарнама, маркетингтік талдау жасау), компьютер, басқа да құрал жабдықтарды жалға ұсыну сияқты көмектер көрсетіледі. Бұл ғылыми-өндірістік құрылымның негізгі мақсаты –шағын инновацияық фирмаларды ғылыми идеядан практикаға жеткізу, бәсеке күресіне төтеп бере алатын кәсіпорын дәрежесіне жеткізу. Ол кәсіпорындар инкубаторлардан шыққан соң технопарктер де немесе басқа да өнеркәсіптік орталарда қызмет етуге қабілетті болады.

     Технопарк — ғылыми-техникалық,территриалды комплекс, негізгі мақсаты шағын бизнес фирмаларының қызмет етуіне тиімді, ыңғайлы жағдай қалыптастыру. Олар жоғарғы оқу орындары, зерттеу орталықтары, лабораториялар тұсында қалыптасады. Оның құрамына:зерттеу орталықтары, инкубаторлар, инновациялық орталықтар, маркетинг т.б. орталықтар енеді. Технопарк шағын инновациялық кәсіпорындарға қажетті бухгалтерлік, аудиторлық, консалтингті, маркетигті қызметтер ұсынылып отыр.

       Технополис – жеке қала негізінде құрылған ғылыми-өндірістік құрылым. Негізгі құрылыми- технопарктер,  инкубаторлар,   ғылыми   орталықтар мен университеттер.

   Ғылым және технология  аймақтары ірі оқу орындары, ірі өндіріс кәсіпорындары шоғырланған,территриясында шектелмеген ғылыми өнім өндіруге маманданған аймақ.

    Технополистер мен ғылыми технология аймақтары инновациялық фирмалар қызмет ететін “қаржы оазисіне” айналды.Мұнда мемлекеттік, коммерциялық банктер, өнеркәсіптік корпорациялар,венчурлықорлар, қайларымдылық қорларының капиталдары шоғырланады, оның үстіне мемлекеттік жеңілдетілген салықтар , кредиттер қосылады.

     Бұл ұйымдардың тағы бір артықшылығы ғылыми- техналық кадрлардың бір жерде шоғырлануы:негізгі лабораториялар, университеттер, консалтинг фирмалары. Осының арқасында компаниялар инновациялық процесс үшін тез арада уақытша проектті топтар құруға мүмкіндік алады.

Сондай-ақ ең негізгі артықшылығы инновациялық процесс нәтижесінің тез арада өнеркәсіпке енуі. Өйткені технополистер ғылыми- техникалық процессті жүргізуші өнеркәсіптер орналасқан жерлерде қызмет етеді, мысалы”Селиконовая долина”электронды өнеркәсіп кәсіпорындары шоғырланған,Цуруба электроника және робототехника бағыттарында қызмет атқарады.

  Сонымен,дүниежүзілік тәжірибе көрсетуіне қарағанда, шағын инновациялық кәсіпкерлікті қолдау мемлекеттік  ғылыми- техналық саясаттың басты бағыты.

    Біздің елде шағын инновациялық кәсіпкерлікті қолдау бойынша нақты заңдары негіз жоқ, бұл сала шағын кәсіпкерлік бойынша заңдар мен проекттер бойынша реттелініп келеді, ал барлық дамыған елдерде  бұл бизнес түрін мемлекет тарапынан белсенді қолдану ұйымдастырылған. Бұл елдерде шағын кәсіпкерлікті мемлекет тарапынан қолдау жүйесі мынандай негізгі элементтерді қамтиды:

Шағын иновациялық кәсіпкерлік қызметін құқықпен, заңмен қамтамассыз ету; шағын иновациялық бизнесті жеңілдетілген салық- пен және кредитпен қамту жүйесі. Мысалы, АҚШ-та кіші бизнесті жеңілдетілген кредитпен қаржыландыру бойынша заң (<<Small Business Investment Companies>> ) 1958 жылдан бері қолданылып келеді; осы заң негізінде 1958 жылдан 1990 жылға дейінгі мерзімде 55000 шағын фирмалар қаржыландырылған. SBIS программасы көптеген   шағын инновациялық компаниялардың функцияларын атқарып, дамуына жағдай жасайды, оған мысал атақты <<Интел>, <<Эппл>>, <<Федерал экспресс>>, <<Крэй Рисчер>> және тағы да басқалар.

Ғылыми –техникалық саясаттың басты бағыты – шағын инновациялық фирмалардың қызметін тікелей қаржыландыру. Мысалы, АҚШ-та шағын фирмалардың ғылыми-техникалық, инновациялық қызметтерін мемлекет тарапынан қаржыландыру бойынша заң бар; Осы заңға байланысты шағын фирмалардың инновациялық қызметі үшін федералды министерстволар өз бюджеттерінен 1%қаржы көлемінде жіберіп отырулары тиіс.

Ал біз неден бастауымыз керек? Жаңа сапаға ие өнімдер мен технологияларды жасауға қабілетті ғылыми жаңалықтар мен инновациялық идеяларға ие ғалымдар мен кәсіпкерлердің өз бизнестерін ұйымдастыруға көмек беру керек.

Біріншіден, Қазақстанға шағын инновациялық бизнесті мемлекеттік қолдаудың нақты жүйесі болуы керек. Осы жүйе арқылы экономиканы жаңалықтармен қамтамассыз етіп,оны ескірген және шет елдік экологиялық таза емес техника мен технологиялардан қорғау. Алдымен инновациялық кәсіпкерлікті құқпен қамтамассыз ету керек, яғни <<ғылыми – техникалық және инновациялық кәсіпкерлікті қолдау туралы>>, <<шағын инновациялық фирмаларды қалыптастырушы инкубаторлар мен технопарктер туралы >> заңдар қабылдау.

Екіншіден, тез арада инкубатор, технопарк сияқты ұйымдарды қалыптастыру керек. Олар инновациялық идеяларды маркетингтік талдаудан өткізіп, өнімнің қаншалықты бәсекеге қабілеттілігін анықтап, ол өнімді өндіруге қаржы, өндіруші іздестіріп рынокқа жеткізуі тиіс. Мемлекет осы ұйымдарды қалыптастыру мәселесін шешуді өз қармағына алуы керек.

Үшіншіден, егер инновацияның авторы болса, университеттегі жұмысынан кетпей, осы идеяны өндіріске жеткізу мақсатымен шағын кәсіпорын немесе консультативтік фирма ашуға мүмкіндік алса. Басқа кәсіпкерлер мен ғалымдарды, халықты хабардар ету мақсатымен инновациялық өнімдер жәрменкелерін ұйымдастырып тұру қажет.

Бүкіл қиындықтарға қарамастан Қазақстанда инновациялық идеяларды өмірге енгізетін зерттеушілерді қолдайтын бюро қызмет атқарады, сондай-ақ инновациялар мен жаңалықтар және технологиялар дамыту орны құрылады. Сондай-ақ ғылым және ғылыми –техникалық саясат концепциясының проекті <<ғылым туралы>> заң және мемлекеттік   инновациялық даму бағдарламасының    проекттерін талқылаған.

1998 жылы “Экономикалық реформа” қоры қолдауымен ең жақсы үш бизнес-инкубатор ашуға сайыс жарияланған болатын.Нәтижесінде 2000 жылдың қазан айында   үш бизнес-инкубатор  проекттері таңдалынып алынады :”Лига  предпринимателей Казахстана” ассоциациясы, “НПО Сот БИ  “ және ”Бизнес -инкубатор ”. Бұл бизнес-инкубаторлардың  қызметін бастауына ”Сорос – Казахстана” қоры атынан 258 469 доллар көлемінде қаржы бөлінген. Бұл инкубаторлар Польша және Турция елдерінің тәжірибесі негізінде құрылған.  

Шағын  инновациялық кәсіпкерлерлік қашан кемелденіп, ел экономикасына  қандай жағдайда үлес қосады?

Шағын инновациялық кәсіпкерлерліктің саны көбейіп, инфрақұрылымының дамуы мен мемлекет тарапынан қолдау тапқанда ғана шағын бизнес алдында өз міндеттерін жүзеге асырып,  экономиканың дамуына  үлес қосары анық.

Қорыта келгенде, “қазақстан саяси тұрлаулы мемлекет болып табылады”- деп ел басы Н.Ә.Назарбаев “Қазақстан — 2030” бағдарламасында Отанымызды ерекше бағалаған соған сәйкес республикамызда қазіргі таңда шаруашылықтың қай-қайсысына болмасын өз өндірісін дамытып, ұтқырлы болуына жайма шуақ жол ашқан.

Біздің департаменттің Президентіміздің “Қазақстан — 2030” стратегиясын жүзеге асыру жөнінде алға қойған міндеттері, атқарылып жатқан істері дәулеті тасыған, саяси тұрақты, тәуелсіздігі кемел Қазақстанды қалыптастыруға, өтпелі кезеңді сәтті аяқтап, дамудың даңғыл жолына түсу мақсатына қызмет етеді.

Шағын  инновациялық кәсіпкерлерлік ел экономикасына ауадай қажеттілігі бүгінде дау туғызбайды, сондықтанда оларды пәрменді жаңашылдық идеялардың қайнар көзі деп есептейміз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

 

1.Қаржы-қаражат   (научно-практический журнал)

 

2.Хабаршы вестник журналы

 

  1. Н.Ә.Назарбаев”Қазақстан-2030” (үміт жаршысы)

 

4.Экономический газет