Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
Т.Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық Университеті
«Бухгалтерлік есеп және аудит» кафедрасы
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Шаруашылық операциялардың құжатталуы және олардың бағалануы
Тексерген:Джолдыбаева С.
Орындаған: Тулеуова И.
Тобы: АЖ 204.
Алматы 2008 ж
Мазмұны
- Бухгалтерлік құжаттар және олардың атқаратын қызметі….3
- Шаруашылық операциялары құжаттарының жіктелуі……….5
- Құжат айналымы және бағалау……………………………………………..7
- Бухгалтерлік құжаттар және олардың атқаратын қызметі
Бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізу үшін кәсіпорындарда күнделікті орындалып отыратын барлық операциялардың міндетті түрде үздіксіз құжаттарға жазылып отыратындығы бухгалтерін есептің басқа ғылымдардан ерекше екендігін алдыңғы тарауларда айтып өткенбіз.
Бухгалтерлік құжат деп кәсіпорындар мен ұйымдарда орындалған операцияларды дәлелдейтін және алдағы уақытта орындалатын жұмыстар мен атқарылатын қызметтерге құқық беретін жазбаша куәлікті атауға болады.
Жалпы кәсіпорындағы атқарылып жатқан жұмыстың, орындалған тапсырманың үздіксіз, белгілі бір тәртіппен, арнайы үлгідегі қағаздарға жазылып және оған тиісті адамдардың қолдарының қойылуы құжаттау деп аталады. Сондықтан да құжаттау бухгалтерлік есептің негізі болып табылады. Себебі осы құжаттар арқылы ғана кез келген уақытта кәсіпорын бойынша орындалған жұмыстың, атқарылатын қызметің қай мерзімде жасалғанын және оған қандай мөлшерде шығын жұмсалатынын дәлелдеуге болады.
Құжат кәсіпорындағы орындалған шаруашылық операцияларына сәйкес үздіксіз толтырылып, олардың мазмұнын толық ашып көрсетеді және ол бухгалтерлік есептің негізі болып табылады.
Бухгалтерлік құжат кәсіпорындағы шаруашылық операциялардың орындалғанын растайтын немесе оны орындауға заңды түрде беретін жазбаша куәлік.
Орындалған шаруашылық операцияларын бастапқы құжатқа түсіруді бухгалтерлік есеп теориясында алғашқы есеп сатысы деп атайды.
Кәсіпорында жүргізілетін шаруашылық құбылыстардың әр түрлі болу себебінен бастапқы құжаттардың нысаны бірдей болмайды. Шаруашылық құбылыстары түгелдей бастапқы құжатпен құжатталуы тиіс. Әрбір бастапқы құжатта орындалған шаруашылық операциясының мазмұны жазылып және беллгілі бір көрсеткіштер түсіріледі. Құжат көрсеткіштерін деректемелер деп атайды. Олар міндетті және толықтырушы болып бөлінеді. Міндетті деректемелер бухгалтерлік құжаттарды заңды құқықпен қамтамасыз етеді.
Міндетті деректемеге ( реквизитке) жататындар:
Құжаттың аты, нысанының коды;
Құжаттың толтырылған уақыты ( күні, айы және жылы );
Құжатты толтырған заңды немесе жеке тұлғаның аты жөні;
Шаруашылық операцияның мазмұны;
Шаруашылық операцияның өлшемі ( натуралдық немесе ақшлай );
Шаруашылық операцияның жүргізілуіне және соған сәйкес құжаттарды толтыруға жауапты адамдардың аты- жөні;
Жауапты атқарушының қолы;
Қосымша деректемелер шаруашылық операция көрінісінің ерекшеліктерімен және құжаттардың тағайындалуымен анықталады. Әр түрлі талаптарға байланысты бастапқы құжатта келесідей қосымша деректемелер болуы керек: құжаттың реттік нөмері, шаруашылық операцияны орындау үшін негіз болатын құжаттар және тағы басқалары.
Құжаттың нысандары келесі есеп бөлімдері бойынша топтасады:
Ауыл шаруашылық өнім мен шикізат;
Еңбек және еңбекақы;
Негізгі құралдар мен материалдық емес активтер;
Материалдар;
Кем бағалы және тез тозғыш заттар;
Капиталдық құрылыстағы жұмыс;
Құрылыс материалдар мен механизмдердің жұмысы;
Автокөліктегі жұмыс;
Түгендеу нәтижелері;
Кассалық операциялар;
Сауда операциялары;
Құжаттар дер кезінде, яғни операцияның орындау барысында толтырылуы керек. Егер бұл айтылған уақытта оларды толтыруға мүмкіндік болмаған жағдайда құжаттар операция аяқталмаған сәтте толтырылады. Уақытында толтырылмаған құжат кәсіпорын меншігінің сақталуын бақылауды қиындатады және ол операцияның бухгалтерлік есепшотына кешіктіріліп жазылуына әкеліп соқтырады. Осы себептен ұйымның бухгалтерлік қорытынды есебін жасау мерзімі кешіктірілуі мүмкін.
Құжаттардағы жазбалар сиямен, шарикті қаламсаппен, жазба машинасымен және басқа да олардың архивте көрсетілген уақыт мерзіміне дейін сақталуын қамтамасыз ететін заттармен толтырылады. Құжаттағы жазбалар анық және дұрыс көрсетілуі тиіс. Құжатты толтырған адам тиісті жеріне өзінің қолын анық етіп қоюға тиіс. Кәсіпорындар мен ұйымдардағы алғашқы есеп құжаттарына қолдарын қоятын адамдарды ұйым басшысы бас бухгалтердің келісімімен тағайындайды.
Ақша операциялары бойынша толтырылған құжаттар және есеп айырысу құжаттары, сонымен қатар кәсіпорынның қаржылық несиелік міндеттерін куәландыратын құжаттар бас бухгалтердің қолынсыз заңсыз болып саналып, оны орындау жүзеге асырылмайды. Егер кейбір операцияларды орындау барысында кәсіпорын басшысы мен бас бухгалтердің көзқарастары әр түрлі болған жағдайда оларға толтырылатын құжаттар кәсіпорын басшысының жазбаша өкілі бойынша толтырылады. Соған сәйкес бұл операция үшін барлық жауапкершілікті кәсіпорынның басшысы өз мойынына алады.
Алғашқы құжаттарды толтырғанда жасаған қателерді келесі жолдармен түзетуге болады: дұрыс емес тексті соманы оқылатындай етіп түзу сызықпен сызады да оның жанына дұрыс жазба жазады. Бұл құжатқа түзету енгізілгені жазылып және уақыты көрсетіліп құжат толтырушы өз қолына қояды.
Кассалық банктік құжаттарға түзету енгізуге болмайды. Егер аталған құжаттарды толтыру барысында қате жіберілген жағдайда оларды қайта толтыру қажет.
Бухгалтерлік есепте пайдаланылатын алғашқы құжаттардың басқадай түрлерін түзету енгізу тек қана шаруашылық операцияларына қатысушылардың келісімімен жүргізіліп және олар өздерінің келісім беретіндігін растап, түзету енгізілген уақытты көрсетіп қолдарын қояды.
- Шаруашылық операция құжаттарының жіктелуі
Есептеу үдерісінде (процесінде) ыңғайлы және дүрыс болуы үшін құжаттар келесі ерекшеліктері бойынша жіктеледі: мақсаты бойынша, құрастырылған орнына байланысты, көрсету тәсілі және операция мазмұнының көлемі бойынша.
Мақсаты бойынша құжаттар үкімдік, атқарушылық, бухгалтерлік толтыру және құрамдастырылған болып бөлінеді. Үкім құжаттарына – шаруашылық операцияларды жүргізуі туралы бұйрықтар мен өкімдер жатады. Мысалы, жұмысшыларға сыйақы беру туралы бұйрық, тауарларды алуға берілген сенімхат және тағы басқалары. Бұл құжаттардың шаруашылық операциялардың аяқталуына дейін күші болады. Оған міндетті түрде операцияны орындауға бұйрық беретін жауапты адамдардың қолы қойылуы керек. Үкім құжаттарының негізінде есепте жазу көрсетілмейді, себебі шаруашылық операциясын орындау үкім шығарылғаннан кейін ғана орындалады.
Атқарушылық (растайтын) құжаттар – шаруашылық операциялардың орындалғанын көрсетеді (растайды). Бұл құжаттарға тауарлық-материалдық қорларды алу үшін толтырылған құжат (накладной), кассалық кіріс ету және кассалық шығыс ету ордерлері және тағы басқаларын жатқызуға болады. Құжаттардың бұл түрі операция жасалған сәтте толтырылып және оған жауапты адамдар қолдарын қояды. Сонымен бірге орындалған операцияларды бухгалтерлік есеп шотында жазып көрсетуге негіз болып табылатын және оны растайтын құжаттардың түрі.
Бухгалтерлік толтырылған құжаттар – ұйымның бухгалтериясы жасаған әр түрлі анықтамалар, бухгалтерлік есеп шоттары бойынша орындалатын операцияларға негіз болатын кәсіпорынның бухгалтері толтырған есеп айырысулар. Оларға негізгі құралдар, материалдық емес активтер, материалдар, әлеуметтік сақтандыру аударымдары, еңбек ақы төлемдері және тағы басқа бухгалтерия толтырған құжаттар жатқызылады.
Біріктірілген құжаттарының құрамына бірнеше функцияны қатар атқаратын барлық құжаттар кіреді. Мысалы: кассирге орындауға берілген кассалық шығыс ету ордері оны орындағанша үкімдік болып есептелінсе, кассир ақшаны алушыға бергеннен кейін атқарушылық болып есептеледі. Біріктірілген құжаттардың бухгалтерлік есепте қолданылуы өте ыңғайлы, ол құжаттың өңделуін жеңілдетеді және құжаттың санын қысқартады.
Толтырылатын (құрастырылатын) орнына байланысты құжаттар ішкі және сыртқы болып бөлінеді.
Ішкі құжаттар дегеніміз белгілі бір кәсіпорында толтырылып (құрастырылып) оның ішінде жүргізілетін құжаттар болып табылады. Құжаттардың бұндай түрі арқылы қандайда бір кәсіпорынның ішкі операциялары құжатталады. Ондай құжаттардың қатарына тауарлық-материалдық құндылықтардың ішкі қозғалысы барысында толтырылатын құжаттарды (накладнойларды), жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы және басқа да төлемдерді төлеуге арналған төлем тізімдемелерін (ведомостарын), есеп айырысуға тиісті тұлғаларға толтырылатын аванстық есептерді және тағы да басқа құжаттарды жатқызуға болады.
Сыртқы құжаттарға – кәсіпорынға басқа ұйымдардан келіп түскен немесе ұйымның басқаларға түрлі операциялар бойынша жіберген құжаттарын жатқызамыз. Олардың қатарына жабдықтаушы кәсіпорындардан келіп түскен тауарлы-материалдық қорлар бойынша толтырылған шот фактураларды, сенім хаттарды және тағы да басқа құжаттарды жатқызуға болады.
Операцияның көрініс алу тәсіліне байланысты бухгалтерлік құжаттарды алғашқы (бастапқы) және жиынтық (сводные) құжаттар деп екіге бөліп қарастырады. Алғашқы құжаттардың өзі олардың толтырылатын операцияларының мазмұнына қарай бір рет қолданылатын және жинақталған деп аталатын екі түрге бөлінеді.
Бір рет қолданылатын құжат арқылы бір ғана операция құжатталады немесе ондай құжат орындалған операцияның соңында ғана толтырылады. Мысалы: тауарды босату үшін толтырылатын накладнойлар.
Жинақталған құжаттарда белгілі бір мерзім аралығында орындалған біртектес операциялар жазылады. Мысалы: акционерлік қоғамнан бір күнге босатылған өнімге шектеулі-заботлық картасы толтырылады.
Бухгалтерлік құжаттар |
мақсаты бойынша |
құрастырылған орнына байланысты |
көрсету тәсіліне байланысы |
операция мазмұнының көлемі бойынша |
|
Бір реттік |
||||
үкімдік |
|
Ішкі |
|
Алғашқы |
|
|
жинақталған |
||||
атқарушылық
|
|
сыртқы |
|
жиынтық |
бухгалтерлік |
құрамдас |
- Құжат айналымы және бағалау
Жұмыс кезінде бухгалтерлер түрлі құжаттармен жұмыс жасайды: нормативтік құқықтық, ұйымдастырушылық өкімгерлік, ақпараттық анықтамалық, есеп айырылсу ақша құжаттары және басқада алғашқы есептік құжаттар. Олар ұйымның шаруашылық қызметін айқындайды. Бухгалтерлік қызметтің сапасы құжат айналымының ұйымдастыруына байланысты. Кәсіпорындар мен ұйымдарда құжаттар бірнеше кезеңнен өтеді. Олар : жасалу немесе толтыру, есепке алыну, тексерілу немесе өңделу, бухгалтерлік есепте операцияларды айқындау, мұрағатқа өткізу, және таңы да басқа кезеңдер. Сонымен құжат айналымы дегеніміз кәсіпорындағы құжаттардың қозғалысы немесе басқаша түрде олардың жасалуына, яғни толтырылуына бастап олардың қызметінің аяқталуы және мұрағатқа өткізілу кезеңін айтады. Құжат айналымының ережесі және есептік ақпараттың өңделу технологиясы кәсіпорынның қабылдаған есептік саясатында көрсетіліп бекітіледі.
Құжат айналымының басқару механизмін дайындау, кәсіпорындағы бухгалтерлік есептің үдерісінде негізгі буын болып табылады. Құжат айналымын ұйымдастыру арқылы бухгалтерлік қызметтің тұрақтылығы, құжаттың қозғалысы мен өңделуінің жолдары және оперативтілігі ұйымдық шешімдерді қабылдаудың уақыттылығы қамтамассыз етіледі.
Құжат айналымын басқарудың жүйесін кәсіпорында келесі кезеңдерді қамтиды:
- Бухгалтерлік қызмет туралы ережені дайындау;
- Бухгалтерияның және кәсіпорындағы есепке қатысы бар басқа қызметкерлердің лауазымдық қызмет нұсқаулығын;
- Кәсіпорындағы құжат айналымының кестесін құру;
- Есепті ақпаратты өңдеу технологиясын құру;
- Істің номенклатурасын құру және құжатты ағымдағы сақтау тәртібі;
- Құжаттың бағалы сараптамасын және істің ұзақ сақтауға дайындау.
Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кез-келген кәсіпорынның басшысы есептік жұмыстың көлеміне байланысты мынадай жұмысты жүргізе алады:
- бухгалтерлік қызметті құрылымдық бөлімше ретінде құру;
- қызметкерлер құрамына бухгалтер лауазымын енгізу;
- шарттық негізінде бухгалтерлік есептің жүргізілуін мамандандырылған ұйымға немесе бухгалтер маманына беру;
- кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп жұмысын өзі жүргізу.
Кәсіпорындар мен ұйымдарда бухгалтерлік есеп жұмысының көлемі көп болған жағдайда бірнеше қызметкерлері бар бөлек құрылымдық бөлімше ретінде бухгалтерлік қызмет құрылады. Осыған сәйкес, кәсіпорында бухгалтерлік қызмет туралы ереже және қызметкерлердің лауазымды қызмет нұсқаулығын реттемелеу қызметі қарастырылуы қажет. Бухгалтерлік қызмет туралы ережені белгіленген заңға сәйкес ұйымның бас бухгалтері басқа мүдделі лауазымды адамдармен келісе отырып әзірлейді және оны тек қана кәсіпорын басшысы бекітеді. Ереже бөлімшенің мәртебесін оның басқару жүйесіндегі орнын және оның ішкі ұйымын анықтайды. Ереженің мәтіні әдетте келесі бөлімшелерді қамтиды:
- жалпы ережелер;
- негізгі міндеттер;
- қызметтер;
- құқықтар мен міндеттемелер;
- жауапкершілік;
- өзара қарым-қатынас;
- жұмыстың ұйымдастырылуы.
Кәсіпорындағы бухгалтерлік қызмет туралы ереженің қолданылу мерзімі шектелмейді. Ереженің мәтініне бөлек өзгерістер енгізу кәсіпорын басшысының бұйрығына сәйкес орындалады. Бұл ережемен және оған енгізілетін өзгерістер мен ұйымдардағы бухгалтерияның барлық қызметкерлері міндетті түрде таныстырылып отыруы тиіс.
Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп құжаттары мен құжат айналымы кестесін құруды кәсіпорынның бас бухгалтері ұйымдастырады. Құжат айналымын кестесі кәсіпорын басшысының бұйрығымен бекітіледі. Кесте немес тәсім (схема) құру тексеру және талдау жөніндегі жұмыстар тізбесі түрінде рәсімделуі мүмкін. Оларда барлық құрылымдық бөлімшелер мен орындаушылардың өзара байланысы және жұмыстың орындалу мерзімі көрсетілуі керек. Кәсіпорынның есепке қатысы бар қызметкерлері өздерінің саласына қатысты құжаттарды құжат айналымы кестесіне сәйкес жасайды және ұсынады. Ол үшін әрбір орындаушыға кестеден көшірмесі беріледі. Көшірмеде орындаушының саласына қатысты құжаттар аталып, олардың орындалу мерзімі жазылады. Осы кестенің сақталуын ұйымның бас бухгалтері қадағалап отыруға тиіс. Сонымен қатар кәсіпорынның бас бухгалтері кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп жұмысының дұрыс және уақытылы жүргізілуіне жауапты болып табылады. Құжаттар кестеде көрсетілген уақытта бухгалтерияға өткізілуі тиіс. Құжаттарды қабылдау кезінде бухгалтер құжаттардың белгілі талаптарға сай дұрыс рәсімделуін тексеру керек. Ережеге сай рәсімделмеген құжаттар жауапты адамға, яғни оны жасаған адамға қайта өңдеу үшін қайтарылуы қажет.
Бухгалтер құжатты қабылдау барысында ең біріншіден мазмұны бойынша тексереді, яғни жүргізілген жұмыстардың заңдылығын анықтайды. Олардың нормативтік актілері мен қолданылып жүрген нұсқауларға қайшы келмейтіндігін қадағалайды. Содан кейін оның деректемелерінің толық толтырылуының тиісті лауазымды адамдардың қол таңбаларының болуын соммалардың нақты көрсетілуі мен операциялардың құрылымын тексереді. Бұдан кейін бухгалтер арифметикалық тексеру жүргізеді, яғни құжаттарды тақсалаудың дұрыстығын тексереді. Ол тауарлық-материалдық қорлардың көлемін оның бағасына көбейту арқылы орындалады. Тексеріп болғаннан кейін бухгалтер құжаттарды өңдейді, өңдеу құжат бойынша әр операцияны есептейтін шоттарды анықтауға негізделген. Керек болған жағдайда бір текті құжаттарды топтастырады, содан кейін бухгалтерлік есеп шоттарында жазу жүргізеді. Кәсіпорын бухгалтериясында құжаттар белгілі-бір ұқсастықтарына, операциялардың түріне қарай топталып бөлек папкаларға тігіледі. Папкаларда құжаттың номері, орындалған уақыты, жинақтамалы шоттың шифрі және олардың саны көрсетіледі. Папкаларға тігілген құжаттар архивке өткізіледі. Бухгалтерлік алғашқы құжаттардың папкаға тігіліп, номірленуі сақтаудың тәртібіне және қажет болған құжатты іздестіру кезінде жылдам орындауды қамтамассыз етуге арналған. Сақтау мерзімдері әр түрлі құжаттар бірге орналастырылмайды. Номенклатурасындағы істердің бас тақырыптары құжаттардың маңыздылығы және олардың өзара байланысына қарай белгілі бір жүйелікпен орналастырылуы қажет.
Ведомстволық архивтердің қызметінің негізгі ережелеріне сәйкес уақытша сақталатын істер жеңілдетілген рәсімдеуге жатқызылуы мүмкін: құжат тігілген папка іс парақтарының номерлері көрсетілмеуі мүмкін; олар сараптаманың жүргізілу кезеңінде бухгалтерлік есептің 1983жылдың 29шілдедегі №105 құжаттары мен құжат айналымы деп аталатын ережесіне сәйкес түптелуі қажет.
Жыл сайын кәсіпорынның сараптау комиссиясы белгілеген сақтау мерзімінің өтуіне байланысты жабылуға жататын құжаттар мен іс қағаздарын белгілеп,оларға тиісті актілер толтырылады. 1967 жылдың 3 желтоқсанында бұрынғы КСРО-дағы бас мұрағат басқармасының жарлығымен мемлекеттік комитеттер, министрліктері, ведомствалар мен басқа да мекемелер, ұйымдар және кәсіпорындардың шаруашылық қызметі барысында толтыратын типтік құжаттарының тізімі, сондай-ақ оларды сақтау мерзімі бекітілген болатын. Жалпы құжаттарды сақтау мерзімі құжаттарын мемлекеттік мұрағатқа тапсырмайтын ұйымдар үшін белгіленген. Мұндай мемлекеттік мұрағаттарға құжаттарын тапсырмайтын ұйымдар өз іс құжаттарын мұрағат орындарымен келіспей жоя алады. Кәсіпорындағы жоюға іріктеліп алынған құжаттарға акт жасалып, жойылатын құжаттар мен шикізаттарды қайта өңдеумен айналысатын кәсіпорынға өңдеуге беріледі. Құжаттарды жоюға берген уақытта қабылдау-өткізу накладнойлары толтырылады. Кәсіпорындағы негізгі бухгалтерлік құжаттарды сақтау мерзімі олардың түрлеріне қарай әртүрлі болып белгіленген. Кәсіпорынның бухгалтерлік баланстары мен оған қосымшаларға, түсініктеме хаттарға:
- жылдық – 10 жыл;
- айлық, тоқсандық – 3 жыл;
- Шаруашылық операцияларының жасалу фактісін бекітетін және бухгалтерлік жазуларға негіз болып табылған алғашқы құжаттар мен оларға қосымшаларға 5 жыл;
- Түгендеу карточкалары мен негізгі құралдар есебінің кітаптары негізгі құралдарды есептен шығарғаннан кейін 3 жыл;
- Ақшалар мен тауарлық- материалдық қорларды алуға берілетін сенімхаттарға 3 жыл. Есептік тіркелімге (решистрге) 5 жыл;
- қосалғы және бақылау кітаптарына (кассалық кіріс ету немесе кассалық шығыс ету ордерлері, сенімхаттар, төлем тапсырмалар) журналдарға карточкаларға, касса кітаптарына, айналым тізімдемелеріне 5 жыл;
- депоненттелген еңбекақы есебінің кітаптарына атқару парақтарын тіркеу журналына 5 жыл;
- қорларға еңбекақы лимиттеріне және оларды бақылау есебі туралы мәліметтерге артық шығындар бойынша есеп айырысулар, және еңбекақы бойынша қарыздар туралы, еңбекақыдан ұсталатын ұсталымдар, кезекті еңбек демалысына берілетін жалақы мен жәрдемақы туралы мәліметтерге 5 жыл;
- түгендеу құжаттарына актілер салыстыру тізімдемелері 3 жыл;
- атқарупарақтарына қажет болған уақыт барысында, бірақ 5-дан артық емес;
- оқу демалыстарын төлеуге салықтар бойынша жеңілдіктер алуға бухгалтерияға берілетін анықтамалар және тағы басқалары қажет болғанша, бірақ 3-дан артық емес;
- дебиторлық борыштар кеш шығу, шығындар, ұрланулар бойынша құжаттар қажет болғанша, бірақ 5- дан артық емес;
- ғимараттардың, үйлердің, мемлекет қарауындағы архитектура ескерткіштерінен өзге және жабдықтардың төл құжаттары негізгі құралдарды есептен шығарғаннан кейін 3 жыл сақталады;
- кәсіпорынның қаржы шаруашылық қызметтің құжаттық тексеру актілері, оларға қосымша құжаттар 5 жыл;
- кассаны, салық салудың дұрыстығын тексеру актілері және тағы басөаларына 5 жыл;
- келісім шарттар, шарттар (шаруашылық операциялық, еңбек және басқалар) келісім шарттың және шарттың қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін 5 жыл сақталады;
- келісім шарттар тізілімдері (реестрлері) 3 жыл;
- материалдық жауапкершілік туралы келісім шарттар материалдық жауапты тұлға жұмыстан босатылғаннан кейін 5 жыл сақталады;
- материалдық жауапты тұлғалар қол таңбаларының үлгілері қажет болғанша.
Ұйымның қызметкерлеріне еңбекақы төлеумен байланысты құжаттарды сақтау ерекше маңызды болып табылады. Ұйымдар қызметкерлері мен жұмысшылардың дербес шоттарын сақту мерзімі мына формула бойынша анықталады:
75-В (жыл)
мұндағы: В – тұлғалардың дербес шотты жүргізуді тоқтатқан сәттегі жас мөлшері.
Еңбекақы төлеу бойынша есеп айырысу тізімдемелері 5 жыл сақталуы тиіс, ал дербес шоты болмаған жағдайда 75 жыл.
Зейнетақы мен мемлекеттік жәрдемақы алушылардың дербес шоттары зейнетақы мен жәрдемақы төлеу тоқтатылғаннан кейін 5 жыл бойы сақталады. 1 жылғы жәрдемақы төлеуге арналған дербес шоттар 1 жыл.
Бухгалтерлік есептің басқа ғылымдардан ерекшелігі онда ақшалай өлшем кеңінен қолданылады. Бұл өз кезегінде кәсіпорындардың активтері мен қорлану көздері туралы ақпараттарының жинақы түрде, яғни белгілі бір эканомикалық талдау жасауға ыңғайлы болуын қамтамассыз етеді. Жалпы бухгалтерлік есеп жүйесінде барлық объектілер тек қана ақшалай өлшемде көрсетіледі.
Бағалау – объектілер есебінің ақшалай көрінісі. Ол бухгалтерлік есеп беруге шығындарды есептеу арқылы жүзеге асырылады.
Жалпы бағалау мынадай жолдармен жүргізіледі:
- ұйымның сатып алған мүліктері, оны сатып алуға жұмсалған шығындардың қосындысы бойынша бағаланады;
- басқа заңды немесе жеке тұлғалардың ақысыз, тегін берген мүліктері сол кіріске алынған уақыттағы нарықтық құны бойынша бағаланады;
- ұйымның өз өндірісінде өндіріліп, кіріске алынған мүліктері сол өнімді өңдіруге кеткен шығындардың құнына сәйкес бағаланады.
Нақты өндірістік шығындардың құрамына мынадай шығындар жатады:
- мүлікті кіріске алу барысында жұмсалған шығын;
- коммерциялық несиені алғаны үшін төленетін пайыз соммасы;
- үстеме баға үстеме;
- делдлға төленетін ақы;
- кедендік баж салықтары;
- тасымалдауға және сақтау үшін кететін шығындар.
Басқалардан ақысыз, тегін, қайтарымсыз алынған мүліктің нарықтық бағасы сол мүлікті кіріске алынған күнгі баға негізінде құрылады. Ол баға туралы мәміметтер сарапшылық жолмен расталып және оған сәйкес құжаттар болуы қажет.
Өңдіріліп шығарылатын өнімнің құны сол өнімді өндіруге кеткен нақты шығындардан тұрады. Ал бұл шығындардың құрамы өндіріс үдерісінде пайдаланылатын негізгі құралдардың амортизациясы, материалдар, жанармай, энергия, еңбек ресурстары және басқа да өнімді өндіруге кететін шығындардан құралады. Ұйымдағы дайын өнімдер бухгалтерлік есеп шоттарында және баланста нақты өзіндік немесе нормативтік құнымен есептеледі.
Кәсіпорындар өздері сатып алған тауарларды бухгалтерлік есеп шоттарында, олардың сатылып алынған құны бойынша, ал баланста нақты өзіндік құнымен көрсетеді.
Материалдық ресурстар (шикізат, негізгі және көмекші материалдар, жанармай, сатып алынатын жартылай фабрикаттар, қосалқы бөлшектер т.б.) бухгалтерлік баланста нақты құнымен есептелінеді. Ал материалдық ресурстардың нақты құны оларды кіріске алуға кететін нақты шығындарымен анықталады.
Пайдаланылған әдебиеттер
- Әбдіманапов Ә.Ә., Бухгалтерлік есеп теориясы және принциптері. Алматы: 2001ж.
- Байдаулетов М.Б. Бухгалтерлік есеп теориясы. Алматы: 2000ж.
- Кеулімжаев К.К., Құдайбергенов Н.А., Бухгалтерлік есеп теориясы және негіздері. Алматы: 2006ж.
- Укашев Б.Е., Әжібаева З.Н., Бухгалтерлік есеп теориясы. Алматы: 1999ж.
- Назарова В.Л., Шаруашылық субъектілерінің бухгалтерлік есебі Алматы: 2005ж.