ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯЛАР МЕН МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
Шетелдік инвестицияларды тарту ісі мемлекеттен нақты қолдау табуы тиіс. Инвестициялық қаржыларды ел экономикасына қатыстыру әр түрлі нысанда жүзеге асы-рылуы мүмкін, оған шетел банктері мен халықаралық үйымдардан қарыз алудан бастап, кәсіпорындарды тікелей шетел инвесторларының меншігіне сатуға дейінгі әрекеттер жатады. Мүның өтпелі формасы ретінде бірлескен кәсіпорындар үйымдастырылуы да мүмкін. Шетел капита-лын үлттық экономикаға тарту өте пайдалы процесс. Біріншіден, шетелдік инвестициялар еддің өндірістік база-сын жедел жаңартуға және оның өндірістік мүмкіндіктерін арттыруға көмектеседі. Екіншіден, шетел фирмалары жаңа өндіріс орындарын ашумен қатар, капиталистік бәсекелік күресте шыңдалған еңбек пен еңдірісті үйымдастыру тәжірибесін ала келеді.
Біздің экономикаға ірі инвестицияларды келтіру үшін бірнеше шарттарды орындау қажет. Біріншіден, мемлекет шетелдік инвестицияларға кауіпсіздік кепілдігін беруі қажет. Екіншіден, мемлекет шетел инвесторларына пайда-ны түрақты валютаға ауыстырып әкетуіне жағдай жасауы керек. Шетелдік инвестициялар қоғамдық санада әлі де болса елді кіріптар етудің, оны шикізат шылауына айнал-дыру мақсатындағы экономикалық интервенцияның қүралы ретінде көрініп отыр.
Ал әлемдік тәжірибе болса, дамыған рыноктық эконо-микалардың шетелдік инвестицияларды молынан сіңіріп алып жатқанын көрсетеді. Мысалы, XX гасырдың соңына қарай шетелдіктер АҚШ-та жалпы сомасы 329 млрд. долл. тең өндірістік қорларды иемденді. Бүл соманы көзге елес-тету үшін Австралия сияқты дамыған елдің жалпыүлттық өнімінің қүнымен тең десек те жеткілікті. Бүл, әрине, қарапайым американдықтарды мазасыздандыруда, бірақ Америка бизнесмендері 80%-тік шетел капиталының елэкономикасына қүйылуын белсенді түрде қолдайды және үкімет тарапынан да бүл жағдай толық колдау табуда.
Республикаға шетел инвестицияларын тартудың қағидалары
Экономиканы тиімді басқару жүйесіне шет елдердің капиталын саналы тарту жатады. Өтпелі кезеңнің тарихи ерекшеліктерінің бірі шетел инвестицияларын тарту мен пайдаланудың оңтайлы жолын табу болып табылады.
«Әрине кез келген стратегияның құндылығы түпкі ойында емес, сәтті жузеге асырылуында». Ал біздің жағ-дайымызда сәттілік көбінде шетел инвестицияларын белсенді тарту мен инвесторларға саяси кепілдер беруді болжайды. Өкінішке орай, жақын болашақта ішкі ресурстарға сенуге болмайды.
Шетел капиталы ақша қаражатының жай массасы ретінде ғана қажет емес, жаңа әлемдік ғылыми-техникалық жеті-стіктер, технологиялар енетін маңызды арна ретінде қажет.
Олар ірі коммерциялық өміршең инвестициялау негізінде ұлттық шаруашылық субъектілерінің дамыған тауарлық қаты-настарға бейімделу дәрежесін арттыруға, олардың өндірістік қызметін ұтымды етуге мүмкіндік туғызады.
Жаңа қазіргі өндірістік қуаттылықтарды құру үшін Қазақстанға ең алдымен, тікелей өндіруші капитал импорты қажет, бұл шетел инвестицияларын республикаға тарту бағ-дарламаларын құруды талап етеді. Бұл процесс барысында кнвестициялық жобалардың мақсатқа лайыктылығын көрсететін, белгілі бір қағидаларды жетекшшікке алу қажет.
Бұл қағидалар:
— экономикалық мақсатқа сәйкестілік ол сол немесе басқа әлеумеуттік-экономикалық мәселелерді, инвестиция тапшылығын, ішкі резервтер мен мүмкіндіктердің шектеулігін, шетел инвесторлары қатысуымен болатын ин-вестициялық жобалар шарттарының тартымдылығын шешудің тығыз қажеттлігінен туындай отырып анықталады;
— әлеуметтік экономикалық тиімділік кез келген нысанда шетел инвестицияларын тартудың бірден-бір шарты, Бұл кағида: шетел компанияларының қатысуымен болатын жобалардың жоғары табыстылығы мен пайдалылығы, карыз бен несие беру шарттарының тиімділігі, жаңа жұмыс орындарын құру мен тұрғын халықтың жұмысбастылығын арттыруды пайымдайды;
— экономикалық -экологиялык кауіпсіздік егемендік
қауіпсіздігінің қағидасы. республиканың табиғи байлықтарын айқындықпен пайдалануға, қоршаған ортаны ластауға, елден тысқары капиталды заңсыз шығаруға, артта қалған технологиялар мен техниканы қолдануға, отандық тауар өндірушілсрді нарықтан бәсекелестікке қарсы тәсілдермен ығыстыруға жол беретін жобаларды жүзеге асыруға мүмкшдік бермеуі тиіс. Бұл кағиданы қолдану ұлттық ресурстардың жекелеген түрлеріне (мысалы, жер) шетел капиталының еркін кіруін шектеу қажет;
— шетел инвестицияларын тарту барысында өзара тиімділік қагидасы. Бірде бір мемлекет, бірде бір кәсіп-кер өзіне пайдасыз болатын серіктестікке кірмейді, республика экономикасын инвестицияламайды;
— экономикаға шетел инвестицияларына басымдылықтысалу қағидасы. Бұл Қазақстанда жүргізіліп жатқан кұрылымдық пен инвестициялық саясатқа сәйкес оларды
ең мәртебелі объектілерге бағыттауды білдіреді. Сон-дықтан Республикада 2000 жылға дейінгі кезеңге тікелей отандық пен шетел инвестицияларын тарту үшін ең маңызды өндірістердін тізімі бекітілген.
Бұл қағиданың енді бір жағының мәні мынада: ел белгілі бір елдердің, олардың компанияларының, фирмаларының инвестицияларына олардың экономикалық жағдайын, әлемдік экономикалық жүйедегі орыны, экономиканың нақты сфералары мен салаларындағы жетекші жағдайын және басқа да сипаттамаларын ескере отырып, басымдылықтар беруі тиіс;
— Республика үшін маңызды қағида болып, барынша аз коммерциялық тәуекел қағидасы табылады. Оны жүзеге асырудын негізі осы процесті басқарудың толық құқылы органдарын, кәсіпорындарын жеткілікті хабар-дарлылығын қамтамасыз ету болып табылады;
— ең соңындй, шетел инвестицияларын тартудың әлемдік тәжірибесін барынша ескеру қағидасы маңызды рөл атқарады. Әрбір елдің өзіне ғана тән көптеген ерікшеліктері бар: экономикалык, технологиялық, қаржылық және басқа да потенциалдарының жекелеген аспектілерінің жетілгендігінен немесе қалуымен ерекшеленеді.
Аталған қағидалар инвестиция тартуды басқарудың тәжірибелік негізін құрайды. Оларды тарту елдің экономикасын жалпы алғанда және өтпелі кезеңде реформалауда басты сәт болып табылады, әсіресе, ол халық шаруашылы-ғын реконструкциялау, құрылымын өзгерту, жаңаландыру мақсаттарына қызмет етеді.
Сонымен қатар елде бұл процесті басқару барысында оның дамуының стратегиясын анықтаушы және тартымды күші бар бірқатар глобалды факторларды ескеру кажет, Мұн-да ең бірнші, республиканьщ куатты потенциалы туралы сөз болуы тиіс. Біздің мемлекетіміз мұнай, газ, көмір мен уран рудаларының әлемдік қорын жетекші иеленушілерінің бірі болып табылады. Осы салаларды дамыту мен оларды бас-қарудың тиімділігін арттыру мемлекеттің ерекше назар ауда-руын таяап етеді. Республиканың жер қойнауынан алынатын шикізаттың потенциалды құндылығы — 8,7 триллион долларға бағаланады. Минералды шикізат кешенінде; реформалауға сәйкес заңдар, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану мен жер қойнауын қорғауды басқару мен реттеу қағидаларының негізінде жүргізіледі.
Келесі фактор, Қазақстанда ауыл шаруашылық өнімдерін өндірудің қуатты әлеуетінің болуы мен оларды ең алдымен, дәнді дақылдарды Орта Азия нарығына экспорттау мүмкіндіктері болып табылады.
Үшіншіден, Қазақстан дамуының ұзак мерзімді стратегиясының басымдықтарының бірі көлік инфрақұрылымын дамыту болып табылуда. Бұл мұнай құбырларын, магистрал ды трассалар, темір жолдар, теңіз және өзен терминалдары, әуежайлар құрылысы. Баскдша айтқанда бұл дамыған байланыс торабын құру.
Төртіншіден, адам ресурстарына капитал салу. Қазак станның тұрғын халқының білім алу деңгейінің жетіктігі әрқашан оның интеллектуалдык әлеуетінің айрықша белгісі болатын. Бұл фактор республиканың бәсекелестікке қабілеттілігінің импульсивті негізін көрсетеді. Кадр әлеуетін қалыптастыру мен жеке тұлғаны дамытуға бағытталынған инвестициялар ең тиімді инвестициялар болып табылатындығы бұрыннан есептеліп келуде.
Инвестициялық қызметті басқаруда жоғарыда келтірілген қағидаларды тиімді және саналы қолдану, сондай-ак, елдің потенциалды мүмкіндіктерін барынша ескеру, шетелдік және отандық инвестициялар үшін де қолайлы, тартымды атмосфера жасайды.
Шетелдік инвестицияларды тартудың нысандары мен бағыттары
Шетел инвестицияларын тартудың тарту арналары мен нысандары бар.
Шетел капиталы 3 арна бойынша түседі:
— экпорттық несиелер: инвестициялык және тауарлык;
— дамуға ресми көмек: қаржылық және техникалық;
— инвестициялар: тікелей және портфельдік.
Кредитор (несие беруші) елден тауарларды немесе қызметтерді сатып алу шарты бар экспорттық несиелер.
Инвестициялық несиелер технологияны, жабдықты және бас-қаны жеткізіп беру мақсатымен, ал тауарлық несие — дайын тұтыну тауарларын жеткізіп беру шартымен беріледі.
Дамытуға ресми көмек мемлекетке өкімет аралық дең-гейде көрсетіледі. Мұнда техникалық көмек дегенде әр түрлі салаларда қызмет көрсету: оқыту, кеңес беру, жұмысты ұйымдастыру мен оқыту барысында қолданатын жабдық кіреді.
Инвестициялар республика экономикасына шетел капит-алының ағымы ретінде түсіндіріледі. Олардың 2 нысаны бар:
— тікелей;
— портфельдік.
Олардың біріншісі, кәсіпкердің өзіне тәуекел ала отырып, республика экономикасына шетел капиталын салуы, ал екіншісі, фиктивті капиталға акциялар мен басқа да құнды қағаздарға қаржы-каражат салу.
Алушы ел үшін тікелей инвестициялардың басқа ны-сандармен салыстырғанда бірталай артықшылықтары бар. Біріншіден, олардың кейбір нысандары алатын жаққа ескір-ген технологиялар мен техника әкелу мүмкіндігіне жол бермейді; екіншіден, олар елдің сыртқы қарызын құру және өсірумен байланысты емес; үшіншіден, олар ең бастысы, тауарлар мен қызмет көрсетулер өндіруге, өндірісті ұйым-дастыру мен басқарудың, маркетингтің, ноу-хаудың алдыңғы қатарлы әдістеріне бағытталынады. Соңында олар республика экономикасының әлімдік интеграциясына, халықаралық эко-номикалық қатынастардың дамуына тікелей ықпалын көр-сетеді.
Барлық сфералар мен салаларда қолданатын тікелей ин-вестициялардың ең таралған нысаны бірлескен кәсіпорындар (БК) болып табылады. Қабылдаушы жақтың табысы өнімнің өз үлесінен, роялтиден (нақты тұрақты төлемдер; марапаттау болып табылады) және шетел серіктесінің табысына салығынан кұралады.
Тікелей шетел инвестициясының нысанын өнім бөлінісі мен өзгерістерде кеңінен колданылуы мүмкін, ішкі нарыққа жұмыс істейтін салалар мен өндірістерде біршамашектелген, бұл теңгенің толық айырбастылығынын жоқты-гымен байланысты.
Республикада шетел кәсіпорындарын құру сияқты тікелей инвестициялардың басқа да нысандары бар. Ең алдымен, жекешелендіруге қатысу арқылы әрекеттегі кәсіпорындарды сатып алу немесе жаңаларын салу. Сондай-ақ, шетел инвес-тицияларының нысаны кепілденген ақшалай сыйлық үшін жұмыстың жекелеген түрлерін (темір жолдар, өткізгіш құбырлар салу (трубопровод) геологиялык барлау және бас-қа) шетел мердігерлері жүзеге асыратьш, техникалык, қызмет көрсетулер туралы келісім, басқару келісім шарттары (өнді-рісті ағымдық басқару) бола алады.
Бұрын айтылғандай, тікелей инвестицияларды тарту үшін тартымды жағдайлар жасау бойынша жедел шаралар респу-бликада кабылдануда, бұл олардың көбеюі үшін шынайы мүмкіндіктер береді.
Қазақстан Республикасы Президентшің түжырымдауынша халқьшың жан басына шаққандағы тікелей шетел инвес-тицияларын тарту деңгейі бойынша Орталык және Шығыс Еуропа елдерінің, сондай-ақ ТМД-ның алғашқы бестігше се-ншді түрде кіреді.
Шетел инвестицияларын тартудың басқа нысандары шетел компанияларына республика кәсіпорындарының акция-ларын сату, шетел мемлекеттері жеке компаниялар беретін инвестициялык қарыздар мен несиелер бола алады.
Ең бірінші кезекте, шетел инвестицияларыньщ негізгі бағыттары капитал сыйымдылығы жоғары салалар мен өзге-рістер, ең бастысы мемлекеттік сектор аркылы экспортқа бейшделген Ірі кәсіпорындар болып табылады. Республика экономикасына шетелдік капитал салымдарының непзгі бағыттарының бірі шағын мен орта кәсіпкерлік сферасы болып табылады. Мұнда салалар инвестициялар басымды-лықты объектілерге әндірістер мен аймақтарға бағытталынуы тиіс. Бұл басымдықтар республикада ресми түрде белгіленген.
Жоспар
І. Кіріспе
Республикаға шетел инвестицияларын тартудың қағидалары.
ІІ. Негізгі бөлім
а) Шетел инвестицияларды тартудың нысандары мен бағыттары .
б) Шет елдік инвестициялар мен мемлекеттік реттеу.
ІІІ. Қортынды