АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Реферат. Шығыс сметаларының орындалу есебі

Жоспар:

 

  1. Кіріспе…………………………………………………………………3

II.Негізгі бөлім

2.1. Бюджеттің экономикалық мәні……………………………….4

2.2. Бюджеттің шығыстары………………………………………….8

2.3. Шығыс сметаларының орындалу есебі……………………13

III. Қорытынды бөлім……………………………………………………..17

  1. Қолданылған әдебиеттер тізімі……………………………….18

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Менің курстық жұмысысның тақырыбы: “Шығыс сметаларының орыфндалу есебі” деп аталады.

            Бұл курстық жұмысты жазу барысында бюджеттің экономикалық мәніне, бюджеттің шығыстарыына және  шығыс сметаларының орындалу есебіне байланысты мәселелерді қарастырғалы отырмын. Осы негізгі үш сала бойынша жаңа даму қарқынына еніп отырған әлеуметтік-экономикамыздағы бюджет шығыстарының жалпы алатын орны толық ашылмақ.

        Экономикамызды әлемдік деңгейге жеткізу үшін түрлі салаларға бюджеттен бөлінетін шығыс орындалуы есебін дұрыс әрі ұтымды ұйымдастырудың экономикалық мәні зор десек, сол шығыс сметларының орындалуы есебін бүгінгі атқарушы қаншалықты дәрежеде қолданып жүр. Осы туралы мәліметтерді сіздер курстық жұмысымның ішінен ала-аласыздар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.1. Бюджеттің экономикалық мәні

 

        Бюджет дегеніміз мемлекет заңымен немесе жергілікті өкілді органдардың өз міндеттерін қамтамасыз етуіне арналған және салықтар, алымдар , басқа да міндетті төлемдер, капиталды жүргізетін операциялардан алынатын кірістер, салыққа жатпайтын заң актілерінде көзделген өзге де түсімдер есебінен құралатын орталықтандырылан ақша қоры болып табылады. Осы орталықтандырылған ақша қорларын мемлекет жұмсайды, құрастырады және өндірістік және өндірістік емес салаларға бөледі, яғни экономикамыздағы ролі әлсіз салалармен құлдырау негізде тұрғпн бөліктерге ақшалай қаражаттарды бөле отырып, олардың жақсы дамуына жол ашады. Оған мысал ретінде еліміз егемендік алғаннан кейінгі жылдары талан-таражға түскен өндіріс орындарын жоғалтып алдық десек те болғандай, одан кейін елбасы орта және шағын бизнесті қолдау туралы шешім қабылдады. Осы шешіммен ғана орта және шағын бизнес дамып етек ала бастады.

        Мемлекеттік бюджет дегеніміз – Республикалық бюджет пен жергілікті бюджеттің арасындағы өзара өтеу операцияларының жиынтығы.

        Бүгінгі таңда монополиялық табысты тұрақтандыру үшін жұмсалады. Ол монополиялық өнім бағасын бақылай отырып, монополияға мемлекет тарапынан бөлінген субсидия, яғни қайтарымсыз төлем мен халық жеңілдіктері арқылы жүзеге асырылады.  “Бюджет жүйесі туралы” заңда жергілікті бюджеттердің республикалық бюджетке тәуелсіздігін көрсетеді.

        Жергілікті билік органдары өздерінде бар ақша қаражаттарының қандай көздерден алғандарына қарамастан жергілікті бюджеттің өздері жұмсауына құқылы. Жергілікті бюджет түсімдері мен жергілікті бюджет тапшылығын қаржыландыру есебінен қалыптасатын, Конституциямен, Заңмен және Қазақстан Республикасының Үкіметінің актілерімен жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін жергілікті атқарушы органдар белгілейтін жергілікті бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыруға арналған тиісті маслихаттың шешімімен бекітілетін әкімшілік-аумақтық бөліністердің ақша қорлары болып табылады.

        Жергілікті бюджет дегеніміз – бұл ұлттық табысты аумақтық тұрғыда қайта бөлуге мүмкіндік жасайтын және билік пен басқарудың  жергілікті органдардың қаржы базасын жасауды қамтамасыз ететін экономикалық қатынастардың жиынтығы. Жергілікті бюджеттерді қалыптастыру мен пайдалану өндіріс пен айырбасқа қатысушылар арасындағы, атап айтқанда: кәсіпорындар мен мемлекет арасындағы, меншіктің барлық нысандарындағы макроэкономиканың өндірістік және өндірістік емес салаларының кәсіпорындары, ұйымдары мен мекемелері арасындағы бюджет жүйесінің буындары арасындағы мемлекет пен халық арасындағы қоғамдық өнім құнының қозғалысын білдіреді. Жергілікті бюджеттердің экономикалық мәні олардың арналымында көрінеді. Билік пен басқарудың жергілікті ргандардың ақша қорларын қалыптастыру; бұл қорларды жергілікті деңгейдегі инфрақұрылым салалары мен халық арасында қайта бөлу; Сөйтіп жергілікті органдардың сан қырлы қызметінің негізгі қаржы базасы бола отырып, олардың экономикалық дербестігін нығайтады; шаруашылық қызметін жандандырады; аумақтық экономикалық жағдайды кеңейтуге, қаржы ресурстарының резервтерін ашып, пайдалануға мүмкіндік жасайды.

        Жергілікті бюджеттерді жергілікті деңгейдегі экономикалық және әлеуметтік міндеттерді жүзеге асыруда елеулі роль атқарады.

        Қазақстан Республикасының жергілікті бюджетінің құрамы облыстық бюджеттерді, қалалардың, аудандардың бюджеттерін қамтиді. Қазіргі кезде Қазақстандағы жергілікті бюджеттер кірістері мен шығыстары бойынша мемлекеттік бюджеттің қаражаттары көлемінің 50% арлығын құрайды. Олар мемлекеттік бюджеттің құрамды бөлігі болып есептелінбейді, республикалық бюджеттен бірге қоғамның мемлекеттік бюджеттерінің қаражаттарының көлемінің жиынтығын құрайды. Республикалық бюджет дегеніміз – Қазақстан республикасының Заңымен бекітілетін, түсімдер мен бюджет тапшылығын қаржыландыру ( профицитті пайдалану) есебінен қалыптастыратын және өзін қазақстан Республикасының Конституциясымен заң актілері жүктеген міндеттерді жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін республикалық бюджет бағдарламаларын қаржыландыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры. Ал, бюджет профициті дегеніміз – ол бюджетке келіп түсетін кірістер мен ресми трансферттердің және бұрын бюджетпне берілген несиелер бойынша негізгі борышты өтеудің жалпы сомасының жалпы шығыстар көлемімен және қайтарымды негізде бөлінетін несиелерден асып түсуі бекітілетін бюджет профицитінің мөлшері ұлттық валютамен немесе жалпы ішкі өнімге процентісі есептелінеді.

        Республикалық бюджет бағдарламаларында Қазақстан Республикасынң Укіметі әзірлейтін және республикалық бюджетпен қаржыланатын жалпы мемлекеттік маңызы бар бағдарламалар көрметіледі. Қазақстан республикасында мемлекеттік бюджетті құрайтын республикалық бюджеттер мен жергілікті бюджеттер дербес жұмыс істейді. Қаржы жылына арналған Республикалық бюджет Қазақстан Республикасының заңымен, жергілікті бюджеттер – маслихаттардың шешімімен бекітіледі.

        Қаржы жылы – күнтізбелік жылдық 1-қаңтарынан басталып, 31-желтоқсанында аяқталынатын тұрақты бюджеттік есепке алу кезеңі қаржы жылы есепті кезеңі қамтылмайды. Есепті кезең – жаңа қаржы жылына еңбейтін кезең, бұл кезеңде өткен қаржы жылында бекітілетін қаржыландырумен қамтамасыз етілмеген бюджеттік шығыстар бойынша қорытынды операциялар жүргізіледі. Есепті кезеңнің ұзақтығы ағымдағы жылдың 1-сәуірінен кешіктірмей аяқталатын мерзіммен Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігі белгілейді. Барлық деңгейдегі бюджеттерді қалыптастыру, бекіту және олардың атқарылуын есепке алу ұлттық валютамен жүзеге асырылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2. Бюджеттің шығыстар

 

 Мемлекетттің орталықтандырылған ақша қорын қалыатастырумен және пайдаланумен байланысты болып келетін бюджеттің жұмыс жасауы ерекше экономикалық нысандар бюджеттің кірістері шығыстары арқылы болып табылады. Шығыстар – орталықтандырылған ресурстарды немесе ақша қорларын жалпымемлекеттік қажеттіліктерге сәйкес бөледі.

Бюджеттің шығыстар бөлігі функцияналдық топтарының шығыстарын қаржыландыруға жұмсалады. Халықаралық стандартқа сәйкес келетін жаңа бюджеттік сыныптама шығыстарда функцияналдық, экономикалық, ведомстволық сыныптама қарастырылған.

Функцияналдық сыныптама қызмет түрлерінің, шараларының және бюджет қатынастары қалыптасувшылардың кең көлемді сипаттамасы болып табылады.

Шығыстардың экономикалық сыныптамасы оларды экономикалық белгілері бойынша төрт бөлімге бөледі: санат, сынып, ішкі сынып, ерекшелік. Санат мыналарды қамтиды: ағымдағы шығыстар, күрделі шығыстар, несие беру, қаржыландыру. Сынып, ішкі сынып және ерекшелік арналымы мен сипатын нақтылайды. Ведомстволық сыныптама бойынша шығыстардың атқарылуы мен бюджеттік неиселендіруі әкімшілер бойынша бюджет бағдарламаларын топтастыруды білдіреді. Бюджеттің шығыстары – бұл бекітілген бюджет қайтарылмайтын негізде бөлінетін қаражаттар.

Республикалық бюджеттің шығыстары Республикалық бюджеттің қаражаттары:

  • жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер көрсетеді;
  • қорғаныс қабілетін қамтамасыз етеді;
  • қауіпсіздікті қамтамасыз етеді;
  • республикалық деңгейдегі жалпы орта, орта кәсіктік және қосымша білімді;
  • республикалық деңгейдегі азаматтарға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін;
  • Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерін;
  • Мәдениет, спорт және ақпарат саласындағы қызметтерді;
  • Республикалық деңгейдегі өнеркәсіп;
  • Көлік және құрылыс объектілері саласындағы бағдарламалар;
  • Жобалау-іздестіру жұмыстары;
  • Республикалық маңызы бар жол жүрісін пайдалануды, салуды, жаңғыртуды;
  • Үкіметтік борышқа қызмет көрсету жөніндегі шығыстар;
  • Жергілікті бюджеттерге республикалық бюджеттен берілген ресми тарнсферттерді;
  • Басқа республикалық бағдарламаларды қаржыландыруға;

Сондай-ақ жоғарыда аталған қызмет түрлерін жүзеге асыратын республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшіліктерін, олардың аумақтық бөлімшелерін және мемлекеттік бағыныстағы мекемелерді ұстауға арналған шығыстар да республикалық бюджеттен қаржыландырылады.

Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшіліктерін ұстауға арналған шығыстар Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерімен бекітілетін штат саны лимиті мен Үкіметінің актілерімен бекітілген мемлекеттік органдардың топтары бойынша бір қызметтерге жұмсалатын ағымдағы шығыстардың нормативтерін негізге ала отырып белгіленеді, және олрады республикалық бюджеттен басқа, өзге де қаржыландыру көздері есебінен ұстауға жол берілмейді. Республикалық бюджеттен шығыстар мен несиелердің жекелеген бағыттары бойынша тиісті қаржы жылына арналған респулбликалық бюджет туралы заңдағыдан басқа, өзге де нормативтік құқықтық актілерде шығыстар мен несиелендірудің ең аз, шекті немесе тіркелген мөлшерін белгілеуге жол берілмейді.Экономка және әлеуметтік-мәдени шараларды қаржыландыру шығыстарының едәуір бөлігі төменгі бюджеттерге субвенциялар нысанында беріледі. Несие берудің нысаны тәртібі мен шарттарын Үкімет белгілейді.

Жалпы мемлекеттік мәні бар шараларды қаржыландыруды қажетті ақша қаражаттармен қамтамасыз ететін республикалық бюджет елдің экономикалық процессін реттеуде аса маңызды роль атқарады. Сонымен бірге республикалық бюджеттің жоғары маңыздылығы жергілікті бюджеттердің ролін төмен түсірмейді. Осылар биліктің жергілікті органдардың өздерінің функцияларын орындауын қажетті қаржы ресурстарымен қамтамасыз етеді, халықтың тұрмыстық-әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандыруға, тиісті аймақтық азаматтарының материалдық және мәдени  дәрежесіне айтарлықтай ықпал етеді.

2002 жылдан бастап елдің бюджеттік бағдарламалардың ағымдағы және даму бағдарламаларына бөлінуіне байланысты мемлекетік бюджеттің шығыс бөлігін де ағымдағы шығыстардың бюджеті және ағымдағы шығыстардың бюджеті және даму бюджеті етіп бөлу практикасы қолданылады. Даму бюджетіне инвестициялық және инновациялық қызметті қаржылардыруғав жұмсалатын қаржылар және ұдайы өндіріспен байланысты басқа да шығыстар қамтылады. Ағымдағы бюджетте пайдаланып отырған нормалардан және әлеуметтік қамтамасыз етудің қалыптасқан деңгеінен туындайтын барлық шығыстарды шоғырландыру қарастырылған. Ол түгелдей бюджетке шоғырланатын халықтың ақша қорланымдары мен түсіидерінің өсуі есебінен баланстанған. Даму  бюджетінде ұлғаймалы ұдайы өндірістің қажеттілігімен, жаңа әлеуметтік – экономикалық шараларды орталықтандырылған қаржыландырумен байланысты шығыстарды біріктіру көзделген.

        Жергілікті бюджеттердің экономикалық мәні олардың орналымында көрінеді.

  • билікпен басқарудың жергілікті органдарының ақша қорларын қалыптастыру;
  • бұл қорларды жергілікті деңгейдегі инфрақұрылым салалары мен халықтың арасында қайта бөлу;

 

Жергілікті бюджет қаражаттарының шығыстары:

Жергілікті бюбджет қаражаты:

  • мектепке дейінгі, жалпы бастауыш, жалпы негізгі, орта, қосымша орта, және кәсіптік орта білім беруді,
  • әскери қызметке тіркеу және шақыру жөніндегі шараларды;
  • жергілікті деңгейдегі төтенше жағдайлар бойынша жұмыстарды:
  • жергілікті деңгейдегі құқық қорғау қызметін;
  • халыққа тегін медициналық қызмет көрсетудің кепілді көлемін;
  • жергілікті деңгейдегі арнаулы медициналық бағдарламаларды ;
  • маслихаттық шешімдеріәне сәйкес әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы әлеуметтік бәсірелі көмек көрсетуді;
  • жұмыспен қамту бағдарламасын;
  • тұрғын үй бағдарламасын;
  • мәдени ойын-сауық бағдарламаларын;
  • өнеркәсіп пен құрылыс объектілерін;
  • қоршаған ортаны қорғауды;
  • жобалау-іздестіру жұмыстарын;
  • елді –мекенді кеңейтуді, қала жолдары мен көшелерінің құрылыстарын;
  • жергілікті бюджеттерден республикалық берілетін ресмитрансферттерді;
  • арнайы экономикалық аймақтарды қамту жөніндегі бағдарламаларды қаржыландыруға жұмсалады.

Осы жоғарыда айтылған қызмет түрлерін жүзеге асыратын жергілікті бағдарламалардың әкімшілері мен оларға бағынысты мемлекеттік мекемелерді ұстауға арналған шығыстар да

Жергілікті бюджеттен қаржыландырылады.

Жергілікті бюджеттердің сыртқы экономикалық қызметпен байланысты және ұлттық

Валютаның айырбас бағанының жоспарланған өзгерісіне сәйкес белгіленген қаражатты ұлттық валютаның бөлінген кезіндегі ресми айырбас бағамы бойынша жұмсалады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

         2.3 Шығыс сметаларының орындалу есебі.

 

        Республикалық және жергілікті бюджеттердің есебінен ұсталатын ұйымдар, сондай-ақ жекелеген ұйымдардың жанындағы орталықтандырылған бухгалтериялар және бюджеттен тыс қаражаттар бойынша шығыс сметасын орындау есебін «Республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаттары ұсталатын ұйымдардағы бухгалтерлік есеп жөніндегі нұсқаулық» бойынша жүзеге асырады.

        Бюджет және бюджеттен тыс қаражаттар бойынша шығыстар сметасын орындаудың бухгалтерлік есебі осы нұсқаулыққа көзделген шоттар жоспары бойынша біртұтас баланс негізінде жүргізіледі.

Бухгалтерлік қызмет басшылары өз жұмысында Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 26-желтоқсанындағы №2732 Заң күші бар Жарлығын, белгіленген тәртіпте бекітілген бухгалтерлік есеп және есеп беру (бухгалтерлік қызмет) басқармалары (бөлімдері) туралы ережелерді, және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік – құқықтық актілерін басшылыққа алады. Бюджеттік ұйымдардағы бухгалтерлік есеп Қазақстан Республикасы Заңдарының сақталуына, шығыс сметаларының орындалу барысында, кәсіпорындармен, ұйымдармен және тұлғалармен есеп айырысудың жай-күйіне, ақшалай қаражаттармен материалдық құндылықтардың сақталуына бақылау жасау үшін мемлекеттік органдарды қажетті ақпараттармен қамтуы тиіс;

        Шығыс сметаларын орындаудың бухгалтерлік есебі «Республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаттары есебінен ұсталатын ұйымдардағы бухгалтерлік есеп жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес бухгалтерлік есептің мемориалдық – ордерлік нысаны бойынша жүзеге асырылады. Есепті орталықтандырған кезде қызмет көрсетуші ұйымдардың басшыларына лимиттерге иелік ету құқығы қалдырылады, атап айтқанда: тауарларды жеткізіп беруге  және қазметтер көрсетуге келісім-шарттар, орындалған жұмыстарға еңбек келісімін жасасу, белгіленген тәртіпте шаруашылық және т.б. мұқтаждықтарға аванстар алуға және өз қызметкерлеріне аванстар беруге рұқсат ету, бюджеттік қаржы беру шегіне бөлінген лимиттердің есебінен шығыстарды төлеуге рұқсат ету; белгіленген нормаларға сәйкес ұйымдардың мұқтаждығына арнап материалды , тамақ өнімдерін және басқа да материалдық құндылықтарды жұмсау, есеп беретін адамдардың аванстық есебін түгендеу және т.б. бойынша құжаттарды бекіту. Орталықтандырылған бухгалтерия қызмет көрсететін ұйымдардың басшыларына осы ұйымдардың басшыларымен келісілген орталық бухгалтерияның бас бухгалтері белгілеген мерзімде шығыстар сметасының орындалуы туралы оларға қажетті мәліметтерді табыс етеді. Ұйымдар бюджеттік мақсаттарға сәйкес сметаларда көзделген бюджеттік сыныптаманың (бағдарлама, кіші бағдарлама, өзгешелік,) коды бойынша шығыстарды жүзеге асырады.

        Бухгалтерлік қызметтің міндеттеріне мыналар кіреді:

  • осы жекелеген нұсқауларға сәйкес бухгалтерлік есепті дұрыс ұйымдасыруды қамтамасыз ету;
  • құжаттарды уақтылы және дұрыс рәсімдеуге және жасасқан операциялардың заңдылығына алдын – ала бақылау жасауды жүзеге асыру;
  • есепті дербес жүргізетін бюджеттік ұйымдарға ашық лимиттерді дер кезінде хабарлау, сондай-ақ шығыс сметаларын орындауына және бухгалтерлік есепті дұрыс жүргізуіне бақылау жасау;
  • арнайы қаржылар сметасы бойынша кірістер мен шығыстарды есепке алу және бюджеттен тыс басқа да қаржылар бойынша операцияларды есепке алу;
  • бюджеттік ұйымдардың , жұмысшылары мен қызметшілеріне жалақыны, студенттерге, тыңдаушыларға, аспиранттарға және оқушыларға стипендиялар есептеу және мерзімінде төлеу;
  • ұйымдармен, жекелеген тұлғалармен сметаларды орындау үстінде пайда болатын есеп айырысулар мен материалдық құндылықтарды түгендеуді жүргізуге қатысу, түгендеудің нәтижелерін уақтылы және дұрыс анықтау және оларды есепте бейнелеу;
  • есеп – есептеу жұмыстарын компъютерлеу;
  • белгіленген мерзімде бухгалтерлік есеп беруді жасау және табыс ету;
  • ұйым басшысымен (штатта экономикалық қызметтің қызметкері болмаған жағдайда) шығыстар сметасын және соған байланысты есептеулерді жасау және келісу;
  • активтердің, бағасы арзан және тез тозатын заттардың құндылықтардың сақталу және пайдалану жерлерінде сақталуына бақылау жасауды жүзеге асыру;
  • есеп саясаты жөніндегі құжаттарды есеп деректерін машиналық өңдеу бағдарламасын, оларға қатысты есептеулерді, басқа да құжаттардысақтау, сондай-ақ белгіленген тәртіпте оларды архивке түсіру;

Бухгалтерлік есепті тізімдемелерге жазу үшін операциялардың жасалған фактісін белгілейтін құжаттар негіз болып табылады.

Бастапқы құжаттар – операциялар іске асырылған сәтте, егер мұның мүмкіндігі болмаса тікелей операцияның аяқталуы бойынша жасалуға тиіс.

        Құжаттардың уақытында және тиісті сапада жасалуы, олардың бухгалтерлік есепте көрсету үшін белгіленетін қажетті мерзімде тапсырылуы, құжаттарға қамтылған деректердің шынайылығы үшін осы құжаттарды жасаған және оған қол қойған тұлғалар жауап береді. Бастапқы құжаттардағы жазбалар ұзақ уақыт бойында олардағы жазулардың сақталуын қамтамасыз ететін құралдар мен ғана жүргізілуге тиіс. Жазбаларды есеп тізбелерінде көрсету үшін шаруашылық операцияларының жасалған фактісін растайтын, дұрыс рәсімделген бастапқы құжаттар негіз болады.

        Бастапқы құжаттардың заңды күшке ие болу үшін мынадай реквизиттері болуы керек:

Құжаттың атауы (үлгісі), үлгінің коды, жасалған уақыты, шаруашылық операциясының мазмұны, сапалық және құндық көріністердің өлшемдері; операцияларды жасау және олардың рәсімделуінің дұрыстығы және лауазымды тұлғаның атауы; және қойылған қолдар, олардың талдамасы.

Бастапқы құжаттарда – мәтін бөлігінде де, сандық деректер де де тазартуға және келісілмеген түзетулерге жол берілмейді.

Ақшалар мен материалдық құндылықтардың сақталуы үшін жауапты тұлғалармен толық жеке материалдық жауапкершілік туралы белгіленген тәртіппен жазбаша шарт жасалады.

 

 

 

 

Қорытынды

 

Осы курстық жұмыста енгізілген мәліметтерді қорыта келгенде, әр түрлі деңгейдегі бюджеттерден бөлінетін шығыс сметаларының орындалу есебін дұрыс ұйымдастырған жағдайда экономикамыздың даму қарқыны үдей түсетіндігі толық көрсетіледі. Сонымен қатар осы курстық жұмысқа енгізетін өз ұсынысым болып,  бюджеттен белгіленген қаржылардың әлі де болса толық адрестілігі көрсетілмеген. Яғни бюджет щығыстары бөлінген, бағытталған нақты салаларға толық әрі уақтылы жеткізілмейді.

Осындай себептерге байланысты бюджеттен 2004 жылға ауыл шаруашылығын ауыз сумен қамту шарасына арналаған қомақты соманың 3/2- бөлігі жұмсалмай қалған. Бұл орайдан шығыс сметаларының дұрыс құрастырылмағандығын көреміз. Яғни адрестілік жетіспейді.

        Кез-келегн елдің экономикасында бұндай жетіспеушіліктер кездесіп тұрады десек, біздің еліміз үшін бұндай шаралар тиімсіз деп санаймын.

        Содықтан алддағы уақытта осындай қателіктерді жоя отырып, экономикамыздың дами түсетіндігіне сенімім мол.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

 

  1. Қазақстан Республикасының “Бюджет жүйесі туралы” Заңы, 1999 жыл сәуір.
  2. “Бюджетный учет” Андреев А.
  3. “Бухгалтерский учет в бюджетных организациях” Москва, 2001 год, “Финансы и стастика”
  4. “Государственный бюджет” К.К.Ильясов,  Алматы  1994

Қазақстан Республикасының  Бюджет Кодексі.