Жоспар
- Кіріспе
- Негізгі бөлім
А. Жел және су эрозиялары
Б. Топырақты эрозиядан қорғау
В. Топырақтың ластануы
- Қорытынды
- Пайдаланылған әдебиеттер
Литосфера(грекше lithos – тас ,sphair шар) – жердің қабығы,құрамы силикатты,қалыңдығы
30-80км болтын жер шарының сыртқы қатты тас қабықшасы.Литосферада тірі организмдер 3км дейінгі тереңдікте тіршілік етеді.
Топырақ. Жер бетінде Күннің энергиясы заттардың екі айналымы атмосфера циркуляциясында
Байқалатын үлкен немесе геологиялық заттардың топырақ өсімдіктер,микроорганизмдер мен жануарлар арасындағы айналымы – немесе биологиялық айналымды туғызады.Екі айналым д а бір-бірімен тығыз байланысты.
Топырақтың табиғи ландшафтар мен экожүйелердегі маңызы зор оны жекеленген экожүй деп қарастыруға болады.
Топырақтану ғылымның негізін салушылардың бірі В.В Докучаев 20 ғасырдың басында топырақты өзіне тән өзара байланыстары,тіршілік ету заңдылықтары мен өзін-өзі реттеуге қабілетті табиғи – тарихи дене деп қарастырады,топырақтың планетаның тарихымен,тау жыныстарымен,климатымен,өсімдіктеріменжәне ландшафтымен тығыз байланысты болатынын атап көрсеткен.
Тау жыныстарының топыраққа айналу процесінің аса бір маңызды және жалпы құбылысы құрлықтың бүкіл бетін жауып жатқан гумустық қабаттың түзілуі болды.Бұл қабат топырақтың ең бір белсенді бөлігі болып саналады.Топыраққа ең алғаш рет М.В.Ломоносов ғылыми анықтама берді,ол:топырақ түзілу процесі құнрлылық түзіле жүретін өсімдіктер мен тау жыныстарының арасындағы ұзақ өзара қарым-қатынас деп көрсетті.
Топырақ ресурстары – Жер бетіндегі тіршілікке қажетті ең маңызды алғы шарттардың бірі болып табылады.Алайда оның шын мәніндегі маңызы мен рөлін өз дәрежесінде бағалай алмаймыз.топырақ биосфераның компаненттерінің бірі ретінде адам,жануарлар мен өсімдіктер үшін биохимиялық орта болып саналады, ол энергетикалық сиымдылығы жоғары, топырақ биотасы мен адамдар арасындағы тікелей және жанама әсерлерді тепе- теңдікте сақтап тұра алатын өзіндегі тазару процестерінің механизмдерінің аса маңызды резерві болып табылады.адамдарға азық- түлік пен жануарларға қщректі өндіру үшін қажетті жағдайлар тек топырақ арқылы ғана жасалынады.топырақтың табиғи дене ретіндегі негізгі функциясы – атмосфералық жауын – шашынды жинақтау мен субалансын реттеу, өсімдіктерге қажеттік қоректік элементтерді жинақтау, жер асты суларын түзу мен тазалығын қамтамасыз ету,ластаушы заттарды тасымалдау.
Топырақ – сыртқы орта жағдайлары.жылу,су ,ауа мен микроорганизмдердің біріккен әсерінен қалыптасқан жердің беткі құнарлы қабаты.Топырақ түзгіш факторларға сол сияқты рельеф пен адамның іс- әрекеті де жатады.тірі организмдер топырақтың негізгі қасиеті құнарлылығының қалыптасуына жағдай жасайды.
Топырақтың құнарлылығы – оның өсімдіктерді оларға қажетті қоректіэлементтерімен,суменжәне ауамен қамтамасыз ету қабілеті.Ол топырақ түзілу процесі барысында және адамның топыраққа әсер етуі нәтежесінде қалыптасады.Ол бүкіл адам баласының тіршілігінің көзі болып табылатын аса маңызды байлық, ауылшаруашылық дақылдарының өнімінің, ауылшаруашылық дақылдары өндірісінің негізі .
Топырақ ешнәрсеге айырбасталмайтын табиғи ресурс.Қазіргі таңда,ғылым әлі күнге дейін табиғи топырақтың орнын баса алмайтын жасанды материал таба алған жоқ.Өсімдіктерді топырақсыз өсірудің кез келген әдісі топырақтың рөлін дәл өз мәнінде орындай алмайды.Сондықтан адамзат қоғамы алдында тұрған және әлі де маңызды болып қала беретін аса маңызды проблема тапырақтың топырақ түзілу процесіндегі өздігінен қлпына келу қабілетін сақтап қалуға барынша жағдай жасау.
Топырақтың деградациялануының (лат.- төмендеу ) негізгі факторлары:эрозия, минералдық тыңайтқыштар мен пестицидтерді шамадан тыс көп қолдану т.с.с
Топырақтың қорғау мен бақылау объектісі ретінде қоршаған ортаның басқа объектілермен салыстырғанда бірқатар өз ерекшеліктері бар.ең алдымен топырақ атмосфералық ауа мен жер бетілік суларға қарағанда әлдеқайда қозғалыссыз орта, соған байланыты басқа орталарға тән аса қуатты табиғи өздігінен тазарту қасиеті жоқ.топыраққа түскен антропогендік ластаушылар онда жинақталып, көбейе береді.
Топырақ өте күрделі организм сияқты үнемі өсу, даму және өзгеру стінде болады.Онда үздіксіз түзілу және бұзылу процестері жүріп жатады.Су,жел,антропогендік факторлардың топырақ пен оның қабаттарын бұзу,беткі құнарлы қабатының сумен шайылу,желмен ұшу құбылыстары эрозия деп аталады.
Эрозияя – термині латынның erodere – бұзу деген сөзінен алынған.Эрозия дегеніміз – топырақ жабынының су,не желмен шайылуы,бұзылуы.Бұл кезде топырақтың ең құнарлы қабаты бұзылады:топырақ түзілу процесінің жүру жылдамдығы шамамен 0,5-0,2 см/100 жыл болғанда қалыңдығы шамамен 18см болаты осы қабаттың табиғи жолмен түзілуіне 1400-7000 жыл қажет болған болар еді,бұл қабаттың жойылуы кейде 20-30 жыл,тіпті кейде бір ғана қатты жауған жаңбыр,не шаңды дауыл нәтижесінде болуы мүмкін.
Эрозиялық процестердің байқалу сипатына қарай қалыптыне геологиялық және жылдам,не антропогендік эрозияболып бөлінеді.
Қалыпты эрозия – орманды жерлер мен шөптесін өсімдіктердің топырағында жүреді.Ол өте жай байқалып,Нәтижесінде бұзылған топырақ қабаты топырақ түзілу процестерінің нәтижесінде бір жылда қайта қалпына келе алады.
Жылдам эрозия –табиғи өсімдіктер дүниесі жойылып біткен,топырақтың табии ерекшеліктері ескерусіз пайдаланылған территорияларда байқалып,бұл эрозия өте тез жүреді.
Кең таралған эрозиялардың түрлері:жазықтық,сызықтық дефляция,ирригациялық,өндірістік,абразия жайылымдық.
Жазықтық эрозия –тау беткейлеріндегі жоғары гаризонттағы топырақтардың жаңбыр,еріген қар суларымен шайылуы.
Сызықтық эрозия – тау беткейлері топырақтарының жаңбыр,еріген қар суларының әсерінен терең жыралар мен жылғалар түзіп шайылуы.
Жел эрозиясы,не дефляция – топырақтың жоғары құрғақ,құнарлы қабатының бөлшектерінің желмен ұшуы.
Ирригациялық эрозия – суармалы нгін шаруашылығымен айналысатын аудандарда байқалып,топыраққа көп мөлшердегі су массасының берілуіне байланысты болады..Бұл су топыраққа сіңіп үлгірмейді де, топырақ бетіменағады.Су жіберілетін егістік жер аз ана болса да тегіс болмаса топырақтың қарашірігі сумен бірге төменгеқарай жуылып,ағып кетеді.Ирригациялық эрозия кезінде бір уақытта эрозия да,топырақтың сортаңдануы да жүреді.
Өндірістік эрозия — пайдалы қазбаларды өндіру кезінде,әсіресе,ашық әдіспен өндіруде,тұрғын үй,өндіріс орындарының құрылысын,жолдар,газ және мұнай құбырларын салу кезінде байқалады.
Абразия кезінде(өзендер, басқа да су көздерінің жағалауларының құлауы)жыртылатын және мал жайылатын жерлердің ауданы кемиді.
Шамадан тыс көп мал жаю кезінде жайылымдық эрозия байқалады.
Механикалық эрозия – ауылшаруашылық техникаларың ауыртүрлерін топырақтың өздігінен қалпына келу қабілетін ескермей пайдаланған жағдайларда қалыптасады.Бұл кезде топырақтың структурасы бұзылады,физикалық қасиеттері нашарлап,топырақ түзілу процесінің негізгі агенті –биологиялық белсенділігі әлсірейді.Мысалы,АҚШ –да топырақтың тығыздалуы мен бұзылуы жыл сайын 1 млрд доллар шығын әкеледі.
Жерорта теңізінің жағалауларына орналасқан елдердің топырақтары қатты бұзылған. Пиреней түбегінің шөлді сиссарлары мен Солтүстік Африканыңшөл далалары, Австралия;Канада,Индия, Пакистан мен Қытайдың бірқатар жерлері эрозияға ұшыраған.
Эрозия адамдардың тиімсіз тіршілік әрекеттері, жер ресурстарын дұрыс пайдаланбауы, кейбір шаруашылықтарда нашар агротехниканы қолдану нәтижесінде жүреді
Егіс далалары,әсіресе, жылына екі рет өнім жинайтын аудандарда ауыр техникалардың әсерінен топырақ тығыздалып,ауылшаруашылық дақылдарының өнімі төмендейді.Бұл зардаптарды болдырмаудың тиімді жолы – топырақтыминималды өңдеу,топырақ өңдеуші және басқа да машиналардың өнімділігін олардың алатын ауқымын ұлғайту арқылы арттыру.
Топырақтың эрозиясымен күресу – егін шаруашылығы негізгі мәселелердің бірі.
Эрозияға қарсы күрес шараларының ең негізгілерінің бірі шаруашылық ұйымдастыру жұмыстары.Бұл – территорияны дұрыс ұйымдастыру.Шаруашылықтарда жерлерді су және жел эрозиясына ұшырау деңгейлеріне байланысты топырақ –эрозиялық жоспарлар жасалынып, топырақтарға сәйкес эрозияға қарсы іс – шараларын жүргізеді.
Агротехникалық шараларға сол сияқты топырақты аударып емес, тек қана қопсыту ,эрозияға ұшыраған жерлерде желге төзімді қабаттардыжасау да жатады.Дефляцияға ұшыраған топырақтарда көп жылдық шөптерді өсіру арқылы ауспалы егісті қолдану өте тиімдіболып саналады.
Эрозияға қарсы күрес шараларының ішінде орман-милиорация жұмыстарын жүргізу де үлкен роль атқарады.Топырақты ұрғақшылық пеныстық желдермен ,эрозиядан сақтауда ормандар егудің өте қолайлы екендігін көрнекті ғалымдар А.Болотов,В.Докучаев,Н.Сибирцев т.с.с үнемі атап көрсеткен.
Эрозиямен күресу жолдары:
1.Айтарлықтай үлкен территорияларда өсімдіктердің жабынын жоюға әкелетін табиғи экожүелерге тигізетін әсерді шектеу.бұл әсіресе орманды пайдалануға қатысты.
2жайылымдарда эрозиялық процестер көбінесе шектен тыс мал жаюмен байланысты.Үлкен территорияларды шөптесін өсімдіктер жабының зақымдануы кезінде, әсіресе, топырағы жеңіл жерлерде су және жел эрозиясы болуы мүмкін.Таулы аудандарда шөптесін өсімдіктердің болмашы зақымдануының өзінде су эрозиясының пайда болу ошағы орын алады.Мұндай қолайсыз құбылыстардыболдырмаудыңнегізгі жолы – мал жаю ережелерін сақтау мен рекреациялық қысымды төмендету болып саналады.
3.Егістік жерлерді қорғау шаралары:
А уыспалы егістерді дұрыс пайдалану
Б топырақтың бекітетін тамырлары бар шөптер қоспасы мен алмастыру
В танап қорғайтын орман белдеулерін жасау
Г топырақтың құрылымын түзуге мүмкіндік туғызатын органикалық тыңайтқыштарды пайдалану
Д топыраққа әсер ететін қысымды кемітетін техниканы пайдалану
Топырақтың тұздануы деп – натрии, кальци,магнии тұздарының топырақтаөсімдіктердің өсуі мен дамуына зиянды әсер ететін концентрацияда жинақталуын айтады.Бұл құбылыс әсіресе Египет,Индия т.б құрғақшылық климатты аймақтарда белең алып отыр. Жыл сайын Жер шарында тұзданудан 200-300 мың га суармалы жер қатардан шығады.Бүкіл әлемде қазіргі таңда 20-25 млн га жер тұзданып, өнім беру қабілетінен айырылған.Бұл жағдайда, әсіресе орта азия мен Закавказье елдерінің топырақтарында көбірек байалып отыр.
Жер ресурстарына үлкен зиян клтіретін бір фактор – жердің азуы.Оның орын алу себептері — өніммен бірге қоректік заттардың топырақтан әкетілуі.гумустың жойылуы,су режимінің және басқа да қасиеттерінің топырақтың азуының нәтижесінде,құнарлылығы жойылып,шөлге айналады.
Өніммен бірге әкелетінін қоректік заттарды топыраққа қайтарудың ең тиімді әдісі органикалық тыңайтқыштарды қолдану,шөп себу,пар жүйсі арқылы топырақты тынықтыру.Топырақтың азуы ең алдымен органикалық заттардың, оның ішінде негізгісі – қарашіріктің кемуімен байланысты.
Топырақ құнарлылығының жойылуы топырақты интенсивті өңдеуге, ауыр ауылшарушылық техникаларды қолдану нәтижесінде топырақтың тығыздануы,ластануға, ең алдымен «қышқыл жаңбырлар» мен минералдық тыңайтқыштарды тиімсіз пайдалануға байланысты туындап отыр.
Қазіргі кезде ғалымдар мен мамандар бұзылған жерлерді қайта қалпына үшін оларды қалпына келтіріп,олардыуыл және орман- шаруашылықтарынақайтарудыңжолдарын іздестіруде.
Кіріспе
Топырақ ресурстары – жер бетіндегі тіршілікке қажетті маызды алғы шарттардың бірі болып табылады.Топыақтың табиғи дне ретіндегі негізгі функциясы – атмосфералық жауын-шашынды жинақтау мен су балансынреттеу,өсімдіктерге қажетті қоректік элементтерді жинақтау,жер асты суларын түзу ме тазалығын қамтамасыз ету,ластаушы заттарды тасымалдау.
Қорытынды
Топырақ – барлық элементтердің аккумуляторы.ол оларды өзінде жинақтап,сумен шайылып кетуден сақтайды.Өзінің қалыптасқан зат алмасу процесі бар,тұрақты динамикалық жүйе болғандықтан топырақ табиғи факторлар әсеріне қарсы тұра алады.Бірақ антропогендік факторлардың ұзақ уақытқа созылатын әсеріне сезімтал келеді.Топырақтың құнарлылығы адам іс- әрекетіне де байланысты