АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Реферат. Топырақ туралы жалпы мәлімет

                                             Кіріспе

            Бiздiң жерiмiздiң қойнауы тек қазына, байлық емес, ол қазiр түрлi улы газдар, күкiрттi сутегi және өзге де тiршiлiкке қауiптi химиялық қосылыстарға да «бай». Мұның барлығы адам денсаулығына керi әсерiн тигiзуде. Уланған топырақта өскен өсiмдiк, онымен қоректенген жануар айналып келгенде — адам азығы. Демек, адамзат өз өмiрiне қатерлi ортаны өзi жасап отыр.Елiмiзде жүргiзiлген экономикалық өзгерiстердiң барлығы экологиялық жағдайды қорғау саясатынсыз iске асты. Осыдан келiп, «Экономикадағы экологиялық жендеттiк синдромы» пайда болды. Кеңес Одағы тұсында «Бiз табиғаттан рақымшылық күтiп отырмаймыз. Оның бермегенiн тартып аламыз» деген солақай тұжырым жасалғаны белгiлi. Бұл адамзаттың қалыптасқан табиғи жағдайларға қарсы шығып, оны өзiне бағындыру әрекетiнiң бастауы болды. Мұның ақыры неге әкелгенi баршамызға аян.Ғылыми-техникалық жетiстiктерiмiз бiр жағынан мақтаныш болғанымен, оның да экологияға тигiзiп жатқан керi әсерi бар. Қырық жыл бойы Семейде ядролық қару сыналуы, әлi де Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшып жатқан зымырандардың айтарлықтай зардабы бар екенi баспасөз беттерiнде жиi айтылып жүр. Қазақстандағы экологиялық жағдайдың төмендiгiнiң бiр көрiнiсi — Арал теңiзiнiң тартылуы. Айдыны тартылған соң ғана «Арал тағдыры – адам тағдыры» деп көңiл аудара бастадық. Өткен жылдан берi Арал теңiзi мен Сырдария өзендерiнiң арналарын ретке келтiруде бiршама жұмыстар атқарылды. Бүгiнде олардың тiршiлiгi қайтадан жанданып келедi. Алайда, бұрынғы деңгейге жету үшiн әлi де көп уақыт қажет. Соңғы кезде бұл өңiрден экологиялық апатты аймақ мәртебесiн алып тастау туралы мәселе көтерiлген. «Арал апат аймағы мәртебесi әзiрге күшiнде қалады» деген материалда не жайында айтылатыны тақырыбынан–ақ белгiлi. Журналист теңiз проблемасын жалаң түрде баяндамай, бұл аймаққа бiр топ жауапты қызметтегi адамдардың келгенiн, «Арал экологиялық апат аймағынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы» заңның күшiнде қалатыны мен оның кемшiн тұстарын да атап өтедi. Автор жиi айтылатын Аралдың экологиялық жағдайын емес, аталған заңның әлi де жұмыс iстейтiнiне басты назар аударған.Теңiздiң тартылуы, жағадағы улы тұздардың ұшуы барша адамзатқа төнген қауiп. Оның зардабын қазақстан халқы ғана емес, көршi елдер де тарта бастады. Осыдан келiп бұл проблеманы шешу жолға қойылды. Экологиялық, экономикалық, әлеуметтiк факторларда жақсарту бағдарламалары қабылданды. Олардың нәтижесi ендi байқалып келедi.Жердiң тозуы мен шөлге айналуы қазiргi кездегi жаһандық экологиялық проблеманың бiрi болып саналады. Ғасырлар бойы қалыптасқан табиғи, экологиялық, әлеуметтiк жағдайларды ескермей жер пайдалану жүйелерiн күшпен енгiзудiң ақыры осыған әкелдi. Тың және тыңайған жерлердi игеру экологиялық – биологиялық тепе-теңдiктiң бұзылуына себеп болды. Сол жылдары Қостанай, Ақмола, Солтүстiк Қазақстан, Көкшетау және Павлодар облыстарында жыртылған жердiң көлемi 600 мың шаршы км. асқан. «Қазақстанның 26 млн. гектар тың жерi игерiлiп, соның салдарынан 8 млн. құнарлылығын жоғалтып, айналыстан шығарылды» (Назарбаев Н Көтерiлген тың – достық пен жасампаздықтың белгiсi // ЕҚ., 07.02.04). Осынша үлкен алқаптың соқаға тырналуынан келген зардаптың орны әлi толған жоқ. Кейiнгi жылдары түрлi техногендi факторлардың әсерi онсыз да құлдыраған жердiң жағдайына тiптен керi әсерiн тигiздi. Жер бүгiнгi таңда негiзгi табыс көзiне айналып отыр. Сондықтан, оны аяусыз пайдаланып, бойындағы бар нәрiн сатудамыз. Жыл сайын дақылдың бiр түрiн ғана егу, оның iшiнде көбiнесе пайдасы мол болғандықтан мақта өсiру, қажеттi мөлшерде тыңайтқыштар сеппеуiмiз де жердiң құнарлығын азайтуда.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

   1.Топырақ туралы жалпы  мәлімет

 

Топырақ — тірі және өлі табиғатқа тән бірнеше сипаты мен қасиеті бар та- биғи ерекше құрылым. Топырақ судың, ауаның және организмдердің ли- тосфераның жоғары қабаттарына әсер етуінен пайда болады және ол бір-бірімен байланысты қабаттардан тұрады.Топырақты топырақ түзуші фак- торлар қарым-қатысы нәтижесінде пайда болатын табиғи жеке дене деген көзқарасты 19 ғ-дың соңғы ширегінде топырақтану ғылымының негізін са- лушы В.B.Докучаев  ұсынды.Топырақ құнарлы болғандықтан,яғни өсімдікті сумен  және  қорекпен қамтамасыз ететіндіктен  биомасса  түзуге қатысады.    Топырақтың құнарлығы  оның құрамына,қасиетіне және түзуші факторлар- ға байланысты болады.Топырақ түзуші негізгі факторларға ауа- райы,топы- рақ түзуші тау жынысы,өсімдік және жануарлар дүниесі,белгілі бір аймақ- тың жер бедері мен геологиялық жасы ,сондай-ақ адамның шаруашылық әрекеті.Топырақтың физикалық қасиеттері – су,ауа өткізгіштігі,су ұсағыш- тығы,топырақ түзуші қабаттың құрамы мен құрылым ерекшелігіне байла- нысты.

Өсімдік тамыры топырақты қопсытады және түйіршік түрге келтіреді, топырақтан минералды элементтерді сіңіреді. Табиғи жағдайда минералды және органикалық заттар топыраққа шірігентамыр,түскен жапырақтан қосылады.Шөлді аймақта жылына 1га-ға 5-6центнер,арктикалық тундрада 10центнер,тропиктік ылғалды жапырақ ормандарда 250центнер тамыр, түседі.Жануарлар дүниесі тіршілігі әрекетінен органикалық заттардың ыдырауы жылдамдайды.Адамның шаруашылық әрекеті  топырақ түзуші  кейбір факторларға,мысалы:өсімдікке жер жырту,мелиорация,органикалық, минерал тыңайтқыштар қолдану әсер етіп, топырақ құралу процесінің бағытын тез өзгертеді.

       Топырақ қатты,сұйық,газ және тірі бөліктен тұрады.Бұлардың арақа- тынасы әр түрлі топыраққа ғана емес тіпті бір топырақ қабаттарында да әр
 түрлі болады.Топырақтың жоғарғы қабатынан төменгі қабатына қарай органикалық заттар мен тірі организмдер азая түседі,топырақтың қатты бөлігінде минерал заттар басым болады.Алғашқы минералдар(кварц,слюда, дала шпаты т.б.) тау жыныстары сынықтарымен бірге ірі үгілу,нәтижесінде пайда болатын соңғы минералдар (гидрослюда,монтмориллонит ,каолонит т.б.)ұнтақ қосындылар түзеді.Топырақ борпылдақтығы осы қатты бөлік фракциясына байланысты болады.Топырақтың негізгі массасы – әдетте мөлшері 1мм-ден кем ұсақ топырақ.Топырақтың түйіршікті құрамы ондағы түйіршік ьөлщеріне қарай анықталып,түйіршікті құрамдарға топталынады. СССР-де түйіршік мөлшеріне қарай топырақ мынадай топқа бөлінеді.

   Түйіршік мөлшері,мм                           Аты

         >3                                                          Тас

           3 – 1                                                   Қиыршық тас

           1 – 0,5                                                 Ірі құм

           0,5 – 0,25                                            Орташа құм

            0,25 – 0,05                                         Ұсақ құм

           0,05 – 0,01                                            Ірі тозаң

            0,01 – 0,005                                        Орташа тозаң

            0,005 – 0,001                                       Ұсақ тозаң

          0,001 – 0,0005                                      Ірі тұнба

          0,0005 – 0,0001                                    Ұсақ тұнба

     <  0,0001                                                  Коллоидтар

    Топырақтың қатты бөлігінің минерал құрамында Si,Al,Fe,K,N,Mg,Ca,P,S,

 аз болса микроэлементтер – Cu,Mo,I,B,F,Pb т.б.болады.Топырақтың қатты бөлігі құрамы органикалық заттар және бұның негізгі бөлігі (80 – 90%) – күрделі құрамды қарашірік.Органикалық заттар клетчатка,шайыр,май,илік заттар т.б. өсімдік,жануарлар,микроб тектес қалдықтар қосындылары және         

бұлардың ыдырау процесінде пайда болған аралық заттарболады. Топырақ- тағы органикалық зат ыдырағанда ондағы азот өсімдікке сіңімді түрге айна- лады.

      Топырақтың сұйық бөлігі – топырық ерітіндісі  топырақтағы өсімдікті

 Сумен және қоректік элементтермен қамтамасыз етеді. Сұйық бөлікте ион- дар,молекулалар,коллоидтар не бұданірілеу бөліктер болады,кейде суспен- зияға айналады.Топырақтың газ бөлігі не топырақ ауасы су толмаған қуыс- тар да болады. Құрамында N2 ,O2 ,CO2, органикалық қосылыстар т.б.бола-

тын  топырақ ауасының мөлшері,құрамы топырақта өтіп жататын көптеген  биохимиялық,биологиялық процестерге байланысты әр түрлі болады.Бұл микроорганизмдермен өсімдік тамырының жыл,тәулікте газ бөлу дәреже- сіне байланысты өзгеріп отырады.Топырақ ауасы мен атмосфералық ауа алмасуы топырақтағы CO2-ның атмосфераға және O2-ның топыраққа диф-

фузиясы арқылы жүреді.

        Топырақтың тірі бөлігі топырақ микроорганизмдерінің (бактериялар,саңырауқұлақтар,актиномицеттер,балдырлар т.б.) және омыр- тқасыздың көптеген тобы – қарапайымдар,құрттар,молюскілер, насекомдар және олардың личинкалары,топырақ арасында тіршілік ететін омыртқалы- лардан тұрады.(Топырақ фаунасы).

         Топырақты В.ВДокучаев 10 типке бөлген,қазіргі класификация бо- йынша 100-ден астам типке бөлінеді.Типтер тип тармағына,туыс,түр, тар- мағына,разрядқа бөлініп класс,қатар,формация,генерация,тұқымдасы, ас- сосиация т.б. топталынады. Топырақтың жер жүзілік біртекті классифи- кациясы әлі құрылмаған.Топырақ – адамға тіршілік ортасын құратын та- биғи компоненттердің бірі.Топырақты дұрыс пайдаланбаудан топырақта өтіп жататын процестербұзылады.Топырақ эрозияға ұшырайды,  сортаң- данады,батпақтанады.

          Топырақты «топырақтану» ғылымы зерттейді.Мұның ғылыми негізін В.В.Докучаев салды,одан әрі П.А.Костычев,Н.М.Сибирцев,В.Р.Вильямс, К.К.Гедроцц,Л.И.Прасолов,С.С.Неуструев дамытты.Қазақстанда1945жылы «Қазақстан ССР Ғылым Академиясының Топырақтану институты құры- лып,институт Қазақстан топырағының кіші және орта масштабты картасын жасады,жер суландыру, әр түрлі топырақты жерді тиімді пайдалану әдіс- терін табу мақсатында ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуде,бұл салада А.И.Безсонов,А.В.Мухля,В.М.Боровский,А.М.Дурасов,Ө.Оспанов,Ш.М.Шолтырев,Т.Т.Тазабеков т.б.  топырақ зерттеушілерелеулі үлес қосуда.[1] 

 

                      

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Топырақ экологиясы

    Қазақстанның барлық жер көлемі 2724,9 мың км2. Жер қорымыздың көлемі өте үлкен болғанымен оның сапасы соңғы жылдары күрт нашарлап отыр. Жерді дұрыс пайдаланбау салдарынан топырақ деградацияға ұшырап, құнарсыздану, шөлге айналу процестері күшейе түсуде. Соңғы мәліметтер бойынша республика жерінің 180 млн. га немесе 60 % шөлге айналған. Барлық жердің 235 млн. га  жазық жерлер, 185 млн. га жайылым және 34 млн. га таулы аймақтар алып жатыр.  

      Жоғарыда аталған 235 млн. га құнарлы жердің 180 млн. га жері жарамсыз жерлерге ұшырап, оның 30 млн. га топырақ эрозиясы, 60 млн. га тұздану, 10 млн. га химиялық және радиактивті заттармен  ластанған Республиканың 30 млн.га жерлерін өнеркәсіп, көлік, байланыс, елді мекендер алып жатыр.

Солтүстік облыстарда тың игеру науқанына байланысты және бірегей бидай дақылын егу топырақ қарашірігінің 25-30 % жоғалтты.

Батыс Қазақстан аймағында мүнай-газ өнеркәсібінің қарқындап дамуы 1000 га астам жерді қамтыса, топырақтың техногенді бүлінуі 2,5 млн. га, ал тозған жайылым 3 млн га жерді алып жатыр. Сол сияқты Азғыр мен Тайсойған сынақ полигондарының игілігіне 1,4 млн. га жер бұйырған. Оның үстіне Каспий теңізінің көтерілуі болашақта осы аймақтың шамамен 2,8 млн. га жерін су басады деп болжам жасалуда.

Экологиялық қиын жағдай Орталық Қазақстан жерлерін де қамтып отыр. Мұнда жердің техногенді бүлінуі, өнеркәсіптік қалдықтарымен ластану, ауыр металдардың жинақталуы, радиактивті элементтердің және ракета-ғарыштық қоқыстардың (Бетпақ дала) шоғырлануы тұрақты жағдайға айналған.

Кейбір аймақтарда топырақтың тозуы, бүлінуі және шөлге айналуы Ертіс, Әмудария мен Сырдария өзендерінің су бассейнінің азаюы, Арал теңізінің тартылуымен тікелей байланысты болып отыр. Мәселен, Оңтүстік Қазақстанда Арал аймағының экологиясына байланысты 2 млн. га жер шөлейттеніп кеткен және Жаңадария өңіріндегі 3 мың га қара сексеуіл орманы біржола жойылу үстінде. Арал өңірі мен Сырдария өзенінің аңғары бойынша топырақтың химилық улы заттармен және радионуклидпен ластануы жылдам жүруде.

Балқаш — Алакөл және Шу — Мойынқұм аймақтарындағы өзгерістер, Іле өзеніне Қапшағай су қоймасының салынып, судың жасанды реттелуі табиғатқа көп зардаптар әкелді. Су деңгейінің 1,5-2,0 метрге төмендеуі Іле атырабы бойынша топырақтың құрғап, бүлініп, сорланып, тозып кетуіне жол берді. Әсіресе, Іле — Балқаш бассейіні жер жаннаты аталған Жетісу өңіріне экологиялық апатты да ала келді. Іле бойындағы ит түмсығы өтпейтін тоғай, тораңғы орманы, Шарын өзенінің қайталанбас сұлу табиғаты мен каньондары тозып, жағалаудағы шұрайлы жайылымдар күлазыған сары далаға, шөлге айналып бара жатыр. Ендігі жерде Іле суының 10-15 процентін Қытай халық республикасының алуы бұл өңірдің табиғатын тұл етері анық.

Қазақстандағы егістікке пайдаланатын жерлердің де экологиялық жағдайы нашар. Ол республика бойынша 26610,7 мың га жерді алып жатыр.

      Соңғы жылдары байқалып отырған әлемдік климаттың езгеруі Қазақстанның шөл, шөлейтті белдемдеріне әсерін тигізіп,ондағы егіс алқаптарының сапасын төмендетіп жіберді. Бұл жерлерде топырақтың құнарсыздануы, бүлінуі және шөлге айналуы прогрессивті түрде жүруде. Оның үстіне топырақты қорғаудың агротехникалық шаралары, қар тоқтату, органикалық және минералды тыңайтқыштар беру, гербицидтер мен пестицидтерді колданбаудан арам шөптердің қаулап өсуі, шегіртке тәрізді зиянкестердің шексіз көбеюіне жол беріліп, жердің сапасын төмендетті. Мәселен, 1996 жылы егістіктерге 1 млн.т минералдық және 33,2 млн.т органикалық тыңайтқыш берілсе, бұл көрсеткіштер 1998-2001 жылдары 16 мың тоннаға қысқарған. Топырақтану институтының мәліметі бойынша Қазақстанның құнарлы топырағы өзінің қарашірігінің 19-22 % жоғалтқан. Мүның өзі болашақта жер ресурстарының сапасы жақсармайтынын аңғартады.

      Топырақтың ауыр металдармен және радионуклидтермен ластануы барлық аймақтарды қамтып отыр. Әсіресе, Қазақстан бойынша ірі өнеркәсіптер, кен орындары, қазба байлықтарды өндіру, соғыс -өндірістік қалдықтарды сақтау және оларды көму аймағында ерекше жылдам жүруде. Республика жерінде химиялық қалдықтар 2,3 млрд. т жетсе, ал 529 объектіде радиактивті қалдықтар сакталған. Өнеркәсіптерден шығарылған химиялық заттар Шығыс Қазақстан бойынша жылына 5 млн.т жетіп отырғаны тіркелген. Республика бойынша ластану деңгейІ Бетпақ дала, Балқаш өңірі, Мұғалжар, Ертіс өңірі, Маңғыстау, Каспий маңы ойпаты, Іле Алатауы жазықтарында тым жоғары. Сырдария, Шу, Талас, Жайық өзендеріндегі жерлер қорғасын, фтор, бор, мыс, пестицидтер және нитраттармен ластанған.

Өскемен, Риддер, Зырян қалалары маңындағы жерлерде корғасынның мөлшері 100 РЗШ, кадмий, мырыш 8-14 РЗШ, мыс 10 РЗШ-қа жеткен.

Павлодар, Екібастүз, Қаратау, Тараз т.б. өнеркәсіп орындары аймағы геохимиялық ауытқуларға және уытты заттармен ластануға ұшыраған. Семей өңірінін радиактивті заттармен ластануы өте жоғары. Осы жерлерде шоғырланған 154 өнеркәсіп орындарынан жылына 294 мың т улы зат қоршаған ортаға шығарылады. Мәселен, мыс 100 РЗШ, қор-ғасын 100 РЗШ, мырыш 300 РЗШ, хром 100 РЗШ, кобальт 50 РЗШ никель 50 РЗШ, т.б. ауыр металдардың шекті мөлшерінің тіркелгені Семей қаласы бойынша жарияланған әдебиеттерде келтіріледі.

Соңғы мәліметтер бойынша Қазақстан аумағында ядролык қарулар сыналған жерлердің көлемі Ақтөбе облысында — 4207,5; Атырау -1635,3; Шығыс Қазақстан -11,1; Жамбыл — 2576,1; Жезқазған -4900; Батыс Қазақстан — 1558,8; Орталық Қазақстан — 1,9,6; Маңғыстау -21,4; Павлодар — 717,0; Оңтүстік Қазакстан — 8,1; Семей — 941,2 мың га

 

 

 

 

   1-кесте

Топырақтың ауыр металдармен ластануының    қалалар мен аймақтар бойынша көрсеткіші

.

Аймақ  немесе елді мекен

 Ластағыш заттар

    РЗШ

   Себептері

Орталық немесе Батыс Қазақстан

фтор,бром,темір,

қорғасын,нитрат,

пестецид

       100

өндіріс орындарының химиялық заттармен ластануы

Теміртау қаласы

 Сынап

       8-14      

өндіріс орындарының қалдықтармен ластануы

Екібастұз

темір,хром,никель,

қорғасын

    2

өндіріс орындарының қалдықтармен ластануы

Тараз

қорғасын,фтор

       21     

өндіріс орындарының қалдықтармен ластануы

Ақтөбе

Хром,никель,

канаадий

   100-50     

өндіріс орындарының химиялық заттармен ластануы

Шымкент

Қорғасын,мырыш,

Темір

    15

өндіріс орындарының химиялық заттармен ластануы

Жезқазған

Қорғасын,мырыш,

Темір

     15

өндіріс орындарының химиялық заттармен ластануы

Семей

цезий,кобальт,

европия,стронций

     50

ядролық жарылыс нәтижесі

 

жерлерді қамтыған. Осы жерлерде 50 жыл бойы (1949-1996) бұрынғы Кеңес үкіметі соғыс ведомстволары 503 ядролық сынақ жасап, Қазақстанның шұрайлы жерінің 20 млн. га жарамсыз етті.

 Батыс Қазақстан аймағында 1966-1979 жылдар аралығында 24 ядролық қару сыналған, олар Маңғыстау облысында — 3, Батыс Қазакстанда -4 және Атырауда — 17 рет жасалған. Соның ішінде ең ірісі Азғыр полигоны ғана 6,1 мың.га жерді алып жатыр. Зерттеулердің нәтижслері бойынша Нарын,Азғыр құмдарында радиактивті элементтер: кадмий — 80-120, стронций — 150, қорғасын — 80 және нитрат — 8,8 есе шекті мөлшердсн көбейіп кеткен.

Үстірт платасында 1968-1970 жылдары жер асты ядролық сынағы жасалған. Осы жерлердің бәрінде де суға, топырақ пен өсімдік және жан-жануарлар дүниесіне бұрын соңды болмаған залалдар келді.

        Республика аумағында ірі ракеталық полигондар Атырау облысының «Тайсойған», Балқаш көлі маңында «Ташкен — 4» және «Байқоныр» ғарыш айлағында орналасқан. Бұл жерлерде топырақ беті өте қауіпті улы гептил жанармайы мен және ракета «қоқыстарымен» ластанған. Гептил өте улы зат болғандықтан адамдардың өкпе-тыныс жолдарына, жүйке жүйесіне әсер етіп, бүйрек, бауыр мүшелерін зақымдайтыны анықталған. Сол сияқты ракета, космос корабльдерінің ұшуы «қышқыл жауындар» жаудырып қоршаған ортаның тірі комплексінің 3-50 % биомассасын жойып жіберді. Мәселен, 1988-1991 жылдар аралығында тек қана Тайсойған полигонында ғана 24000 ракета барлығы 30 мын тонна жанармай жаққан. 1994 ж. 5 шілде мен  27 қазанда апатқа ұшыраған «Протон» ракета тасығышы Қарағанды облысының жеріне гептилен уын шашып орасан зор қауіп төндірді. Оның зардабы әлі белгісіз болып отыр.

       Қазіргі кезде Қазақстан жерінің 33,6 млн. га жері соғыс полигон-дарының кесірінен бүлінгені анықталды. Сол сияқты республика аймағында барлығы 16 млрд. тонна радиактивті қалдық жинақталған. Ол қалдықтар Ақмола облысының — 800 га, Жамбыл облысының -190 га, Жезқазған облысыньң — 25 га, Қызылорда облысының — 3,0, Оңтүстік Қазақстан облысының — 2 гектар жерін алып жатыр. Нәтижесінде, бүгінгі таңда Қазакстанда радиациялық апат аймақтары мен ондағы қазіргі қалыптасқан жағдайларды келтірілген фактілер арқылы көруге болады.

               Қазақстанның құрғақ климаты жағдайында радионуклидтер топырақта баяу қозғалып, ұзақ сақталып, экожүйелерді бүлдіреді. Осылайша топырақ негізгі ластану көзі ретінде радионуклидтерді өсімдіктерге одан жан-жануарларға, адамға жеткізіп отырады. Ал, адам баласы өз кезегінде генетикалық, соматикалық, онкологиялық ауруларға ұшырап, зардап шегеді. Қазірдің өзінде Қазақстанда 2,6 млн. адам мутагенез ауруымен есепте түр. Атырау облысында 32 мың адам анемия, сүйек рагі, тубуркулез, жүйке ауруларымен ауырып зардап шегуде.

Жоғарыда келтірілген тарихи және шынайы фактілер Қазақстаннын қасиетті топырағы, ауасы мен су ресурстарының каншалықты зардап шегіп келгенін дүние жүзінін адамзат қоғамы соңғы жылдары ғана біліп отыр. Ендігі жерде Қазақтын ұлан-ғайыр аумағы өзінің жаралы денесін сауықтыра отырып болашақ ұрпақтарының салауатты өмір сүруін қамтамасыз етуге бел байлап, өркениетті елдер қатарына қосылатын күн алыс емес екеніне кәміл сенеміз.[2]                 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.Топырақ эрозиясы және онымен күресу   жолдары

 

Топырақ эрозиясы (грек тілінен аударғанда — «бұзамын» деген мағынаны білдіреді) дегеніміз, оның  су  немесе жердің әсерінен бұзылуы.

      Су және жел немесе дефляция эрозиясын бөліп көрсетуге болады. Топырақты бұзатын күш ретінде біріншісінде — ағатын су, ал екіншісінде ауаның қозғалысы болып табылады.

      Эрозия ауаның интенсивті қызметіне дейін де болған. Қатты заттардың беттік сулармен мұхитқа шайылып келуі, ауада үнемі топырақ шаңының болуы бұл кұбылыстың болуын дәлелдейді.  Белгілі мәліметтер бойынша сары топырақ пен шабындық  саздақ топырақтар — жел эрозиясының өнімдерінің ауадан тұнуының нәтижесінде түзілген.

        Адамның  қызметі  нәтижесінде  эрозиялық  процестердің жыл- дамдығы бірнеше рет артып кеткен. Мысалы, соңғы 50 жылда мұхитқа шайылып келген эрозиялық өнімдер шамамен 8 есе артқан. Сонымен қатар, жел эрозиясында да топырақтың көп бөлігі бұзылады. Бұл кезде топырақпен бірге енгізілетін тыңайтқыштардан 1,5-2 есе артық өсім-  діктерге қажетті заттар табиғи өсімдіктер жабыны бұзылғанда орын алады. Біріншіден, өсімдіктер топырақты тамырла- рымен бекітіп тұрады.  Екіншіден,  өсімдіктердің  жер  бетіндегі бөліктері су және әсіресе, ауа ағыстарының күшін арттырады. Өсімдік жабыны одан біршама ара қашықтьқтағы топырақты да қорғайды. Олардың шекаралас кеңістікке әсері айтарлықтай болады. Топырақ қорғайтын және егістік қорғайтын орман өсіру осыған негізделген.

           Су және жел эрозиясы барлық жерлерде орын алады. Жел эрозиясының интенсивтілігі желдің жылдамдығы мен ұзақтығына, кеңістіктің ашықтығына (ағашты өсімдіктердің болуы, рельеф) және топырақтың жағдайына тікелей тәуелді. Ұқсас жағдайларда эрозияға жеңіл топырақтар (құмды жәно құмдақ) көп ұшырайды. Эрозияны топырақтың құрғақтығы, гумусқа кедейлігі күшейтеді.

Аталған   факторлар   далаларда,   шөлейттер   мен   шөлдерде, әсіресе,  құмды  топырақ  грунттары  таралған жерлерде болады.

 Бұрынғы   ССРО-ның   территориясында   жел   эрозиясы («шаңды дауыл») 60—70-жылдарда кеңінен  таралған   еді.  Әсіресе,   тың   жерлерді   игеру   кезеңінде жыртылған жеңіл топырақтар зақымданған. Олар  іс жүзінде шамамен 6—7 млн. га жерде жойылған.

 Жел эрозиясының ерекше түрі құрғатылған жерлерге, әсіресе,  шымтезекті  жерлерге  тән.  Бұл  топы рақтар материалдың байланысының  төмен  болуымен сипатталады.   Мұндай   эрозиялық   процестер   («қара дауылдар») Украина мен Белоруссия террито- риясында байқалқан.

Су эрозиясы, әсіресе, топырақтары интенсивті өңделетін, ашық кеңістіктерде, жауын-шашын мөлшері жоғары болатын аудандарда басым болады.

Су эрозиясы орманды дала зонасында басым. Сонымен қатар, дала және орманды зоналарда да кеңінен таралған.

Топырақты өңдеуден  басқа эрозиялық процестердің  болуына,  әсіресе таулы  аудандарда,  үлкен  територияда   орманды   кесу,   өсімдік жабынын  жою,  мал жаю, туризм және т.б. әсер етеді.

Антропогенді   эрозияның   ерекше   түріне   ирригацияның, яғни топыраққа көп мөлшерде су массасының берілуіне байланысты эрозия жатады. Бұл су сіңіп үлгермейді де, топырақ бетімен ағады. Ирригациялық эрозия кезінде бір уақытта эрозия да,топырақтың сортаңдануы да жүреді..

Сонымен қатар, тамшылы эрозия да болады. Ол топырақтың структурасының су тамшыларының әсерінен тығыздану, су ерігіштігінің төмендеуінен болады. Нәтижеде ол эрозияның басқа түрлерінің жылдам жүруіне жағдай жасайды.

 

Эрозиямен күресу жолдары:

   1.Айтарлықтай   үлкен   территорияда   өсімдіктер
жабынын жоюға әкелетін табиғи экожүйелерге тигі-
зетін  әсерді  шектеу.  Бұл  әсіресе  орманды   пайдала-
нуға қатысты.

    2.Жайылымдарда   эрозиялық   процестер   көбінесе
шектен тыс мал жаюмен байланысты. Үлкен терри-
торияда шөптесін өсімдіктер жабынының зақымдануы
кезінде,   әсіресе   топырағы   жеңіл   жерлерде   су   эро-
зиясы   және   жел   эрозиясының   да   болуы   мүмкін.
Таулы   аудандарда   шөптесін   өсімдіктердің   болмашы
зақымдануының   өзінде   (мысалы,   жалғыз  аяқ   жол)
су   эрозиясының   пйда   болу   ошағы   орын   алады.
Мұндай     қолайсыз     құбылыстарды  болдырмаудың
негізгі  жолы   мал   жаю   ережелерін   сақтау   және
рекреациялық қысымды төмендету болып табылады.

    3.Егістік жерлерді қорғау шаралары:

  • ауыспалы егістіктерді   дұрыс  жүргізу,   соның
    ішінде отамалы дақылдар;
  • (жүгері, картоп ) топырақты тамырлары   бар   шөптер   ңосиасымен   алмасып
    келуі қажет;
  • жиектік жыртуды жүргізу (рельефтік горизонт-
    тарымен);
  • өңдеуден оңай бұзылатьш құмды және құмдақ
    топырақтарды шығару;
  • шағын егістік   танаптарын   табиғи   ландшафт-
    тармен кезектестіру;
  • танап қорғайтын орман белдеулерін жасау;
  • топырақтың құрылым түзілуіне мүмкіндік ту-
    ғызатын,  органикалың   тыңайтқыштарды   топы-
    раққа енгізу;
  • топыраққа жасалатын қысымды кемітетін тех-
    никаны пайдалану.

Топырақты соқасыз өңдеу жұмыстарьша ерекше көңіл бөлу қажет. Агротехниканың бұл жаңа әдісі қазір кеңінен пайдаланыльш келеді. Аталған әдіс аудармай жырту арқылы топырақты қопсытуға негізделген. Бүл әдісті қолданғанда топырақтың табиғи қүрылысы сақталады. Тұрақтылығы мен құнарлығы бұзылмайды. Әдістің технологиялың кемшілігі — арам-шөптердің көп болуына әкеледі. Аудармай жырту әдісін қолданғанда барлық агротехникалың шаралардың кезегі мен мерзімдерін қатаң сақтау қажет.

Бірқатар жағдайларда топырақ эрозиясының салдарымен күресуге тура келеді. Су эрозиясынан қорғау мақсатында агротехникалық (орман отырғызу, шөптер егу) шаралармен қатар, инженерлік іс-шаралар (су ағысын ұстап қалуға арналған шұңқырлар салу, көлбеу жерлерді өңдеу, онда көпжылдық шөптесін өсімдіктерді егу) жүргізіледі. Химиялық заттарды (әр түрлі полимерлер) топырақ бетіне енгізуді көпжылдық шөптермен, бұталар мен ағаштарды отырғызумен үйлестіре жүргізу қажет.

         Суармалы егістіктердің дүние жүзіндегі ауданы шамамен 250 млн. га-ға жуық. Ирригациялық эрозиямен қатар суармалы топырақтар екінші реттік сортаңдануға   ұшырайды.   Оның   мәні   —   танаптағы топырақ суды сіңіріп, содан соң булану мен өсімдікке транспирацияға қажетті судан артық су келп түседі. Бұл су біртіндеп жер асты грунт суларына дейін жетіп, оның деңгейшің көтерілуіне әкеледі. Мөлшерсіз, ретсіз суару кезінде құысқа уақыт аралығында (бірнеше жыл) жақындап, интенсивті түрде булана бастайды. Суда еріген тұздар топырақ бетінде жиналады. Мұндай сортаңдану екінші ретті деп аталады. Ал бірінші ретті сортаңдану (сор) ретінде адамның  әсерінсіз пайда болатын табиғи сортаңдану процесін атайды. Екінші ретті сортаңдану тек қүрғақ аудандарға тән. Солтүстікте шектен тыс суару топырақтың батпақтануына әкеліп соқтырады.

Адамзат қоғамының дамуының экологиялың дағдарыстарының бірі дамыған өркениеттің өзінің мүмкіндіктерін топырақтың сортаңдануы нәтижесінде жоғалтқаны белгілі. Мысалы, Ніл аңғарында қазір де суармалы жерлердің 70%-ы сортақданған. Ғалымдардың болжамы бойынша ертедегі Вавилон өркениеті топырақтың екінші ретті сортақдануынан жойылған. Қазір дүние жүзінде суармалы 250 млн. га жерлер-дің 50-60 млн.га-ға жу- ғы екінші ретті сортаңдануға, шамамен 25% ұшыраған.

Суарудың жетілдірілген технологияларын қолданумен қатар, жер асты суларының деңгейінің көтерілуіне байланысты грунт суларын сорып алу арқылы сортаңданумен күресуге болады. Топырақты шаю арқылы да сортаңданумен күресуге болады. Бірақ, бұл кезде де міндетгі түрде грунт суларын алып кету керек. Кейбір жағдайда химиялың әдістер де жақсы нәтиже береді. Мысалы, топырақ бетінде жиналған зиянды тұздарды нейтралдау үшін гипстеу жүргізіледі. Бірақ бұл әдістер қымбат және антиэкологиялық.

     Жер ресурстарына зиян келтіретін (эрозия мен суарудан соң) үшінші үлкен фактор  — бұл жердің азуы. Оның орын алу себептері — өніммен қоректік заттардың әкетілуі. Гумустың жойылуы, су режимінің және басқа да қасиеттерінің топырақтың азуынық нәтижесінде, олардың құнарлыгы жойылып шөлге айналады.

Топыраққа өніммен бірге әкетілетін қоректік заттарды қайтарудың анағұрлым экологиялық әдістеріне органикалық тыңайтқыштарды (көң, компост және т.б.) енгізу, шөп себу, пар жүйесі арқылы топырақты тынықтыру жатады. Топырақтың азуы ең алдымен органикалық заттың (гумус) кемуімен байланысты. Белгілі мәліметтерге қарағанда соңғы 70-80 жылда (әсіресе жерді интенсивті өңдеу әдістері мен минералдық тыңайтңыштарды қолданудың артуына байланысты) орманның сұр топырақтарының құрамында гумус мөлшері 3,5-4,0%-дан, 2—3%-га дейін кеміген. Әсіресе қара топырақтардың гумусың жоғалтуы айтарлықтай. В.В. Докучаев қара топырақтардың ғасырлар бойы сарқылмайтын байлық екендігін айта келіп, оны мұнайдан да, көмірден де, темірден де және алтын кендерден де қымбат деген.

Топырақтардың құнарлығының жойылуы оларды интексивті өңдеуге, ауыр ауыл шаруашылық құралдарымен өңдеу нәтижесінде тығыздануы, ластануға, ең алдымен қышқылдық жауындар мен қьшқылдық тыңайтқыштарды енгізуге байланысты болып отыр.

Көптеген жерлер өсімдік өнімін алуға байланысты емес мақсаттарда пайдаланылады. Оны әр түрлі құрылыстар, ғимараттар салуға, қала территориясы, жолдар, аэродромдар, қалдықтарды сақтау, пайдалы қазбаларды өндіру, су қоймаларын салу және басқа да мақсатта қолданады. Аталған жерлер кейін де өсімдік өнімін алуға пайдалануға жарамсыз болып қалады. Қазір дүние жүзі бойьшша осындай мақсатты пайдаланудан   алынған   жерлердің   ауданы   шамамен әр адамға шаққанда 0,1 га құрайды.

Жерді аталған мақсатта пайдалануды болдырмау мүмкін емес. Бірақ ол мүмкіндігінше ысырапсыз болуы керек. Мұндай жерлерге құнарлылығы төмен территорияларды алу керек.

Мұнай мек басқа да иайдалы қазбаларды өндіру кезінде жерлер көп зақымданады. Ғалымдардьщ есептеулері бойынша қазіргі кездегі мұнай өндіру әдістерін қолдану шамамен жерлердің  2%-ын жоғалтуга экеліп соқтыруы мүмкін. Жер ресурстарының мәселелерінің ішінде жер өңдеудің химизациясы маңызды орын алады. Оларга минералдың тыіңайтқыштар мен зиянкес ағзалармен күресте қолданылатын препараттар (пестицидтер) жатады.[3]

 

 

  1. Топырақ экологиясының шешiмi туралы

Соңғы кездерi бұқаралық ақпарат құралдары нашарлап бара жатқан экологиялық ахуал туралы жиi айтуда. Бұл бiр ғана Қазақстан емес, бүкiл әлем елдерi назарын аударып отырған күрделi проблемаға айналды.Бiздiң жерiмiздiң қойнауы тек қазына, байлық емес, ол қазiр түрлi улы газдар, күкiрттi сутегi және өзге де тiршiлiкке қауiптi химиялық қосылыстарға да «бай». Мұның барлығы адам денсаулығына керi әсерiн тигiзуде. Уланған топырақта өскен өсiмдiк, онымен қоректенген жануар айналып келгенде — адам азығы. Демек, адамзат өз өмiрiне қатерлi ортаны өзi жасап отыр.

Елiмiзде жүргiзiлген экономикалық өзгерiстердiң барлығы экологиялық жағдайды қорғау саясатынсыз iске асты. Осыдан келiп, «Экономикадағы экологиялық жендеттiк синдромы» пайда болды. Кеңес Одағы тұсында «Бiз табиғаттан рақымшылық күтiп отырмаймыз. Оның бермегенiн тартып аламыз» деген солақай тұжырым жасалғаны белгiлi. Бұл адамзаттың қалыптасқан табиғи жағдайларға қарсы шығып, оны өзiне бағындыру әрекетiнiң бастауы болды. Мұның ақыры неге әкелгенi баршамызға аян.

Ғылыми-техникалық жетiстiктерiмiз бiр жағынан мақтаныш болғанымен, оның да экологияға тигiзiп жатқан керi әсерi бар. Қырық жыл бойы Семейде ядролық қару сыналуы, әлi де Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшып жатқан зымырандардың айтарлықтай зардабы бар екенi баспасөз беттерiнде жиi айтылып жүр. Қазақстандағы экологиялық жағдайдың төмендiгiнiң бiр көрiнiсi — Арал теңiзiнiң тартылуы. Айдыны тартылған соң ғана «Арал тағдыры – адам тағдыры» деп көңiл аудара бастадық. Өткен жылдан берi Арал теңiзi мен Сырдария өзендерiнiң арналарын ретке келтiруде бiршама жұмыстар атқарылды. Бүгiнде олардың тiршiлiгi қайтадан жанданып келедi. Алайда, бұрынғы деңгейге жету үшiн әлi де көп уақыт қажет. Соңғы кезде бұл өңiрден экологиялық апатты аймақ мәртебесiн алып тастау туралы мәселе көтерiлген. «Арал апат аймағы мәртебесi әзiрге күшiнде қалады» деген материалда не жайында айтылатыны тақырыбынан–ақ белгiлi. Журналист теңiз проблемасын жалаң түрде баяндамай, бұл аймаққа бiр топ жауапты қызметтегi адамдардың келгенiн, «Арал экологиялық апат аймағынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы» заңның күшiнде қалатыны мен оның кемшiн тұстарын да атап өтедi. Автор жиi айтылатын Аралдың экологиялық жағдайын емес, аталған заңның әлi де жұмыс iстейтiнiне басты назар аударған.

Теңiздiң тартылуы, жағадағы улы тұздардың ұшуы барша адамзатқа төнген қауiп. Оның зардабын қазақстан халқы ғана емес, көршi елдер де тарта бастады. Осыдан келiп бұл проблеманы шешу жолға қойылды. Экологиялық, экономикалық, әлеуметтiк факторларда жақсарту бағдарламалары қабылданды. Олардың нәтижесi ендi байқалып келедi.

Автор материалында делегацияның Аралға келген сапарынан бастап, жасаған қорытындысына дейiн түгел баяндауы әрi оны қарапайым тiлмен көпшiлiкке жеткiзе бiлуi материалдың сапасын арттырған. Оқырман аталған заңның әлi де күшiнде екенiн бiлiп қоймай, облыстың жалпы жағдайымен де таныс болады. Оған дәлел «Оңтүстiк Торғай ойпатынан табиғи газ өткiзiп, Қызылорда қаласын көгiлдiр отынмен қамтамасыз ету осы өмiрге көп жеңiлдiктер әкелдi» деген ойы. (Пiрназар С. Арал апат аймағы мәртебесi өз күшiнде қалады. // ЕҚ., 27.02.04). Журналист айтар ойын, келтiрер деректерiн бәрiн бiр-бiрiне сабақтастырып берген. Егер автор тек Аралдың экологиялық жағдайын ғана жазса, ол ешкiмдi қызықтырмас едi. Себебi, бұл туралы жиi айтылып та, жазылып та жүр. Ал бұл жерде әлеуметтiк проблемаларды жазу арқылы оқырманның қызығушылығын туғызған.

Бүгiнде Арал теңiзiнiң арнасы көтерiлiп келедi. Алайда, бұл Қазақстанның экологиялық проблемасы шешiлдi деген сөз емес. Көптеген өзен, көлдердiң тартылып, орны сорға айналуда. Соның бiрi Балқаш көлi… Табиғатта барлығы бiр – бiрiне байланыста. Сондықтан, өзендердiң тартылуы, жердiң жағдайына әсер етпей қоймайды. Ал қазiргi таңда жердiң ахуалы қандай екенi түсiнiктi. Оның құнарлығы төмендеп, топырақтың жел және су эррозиясына ұшырап, ылғалдылығы жойылып, орнын тұз басуда. Ғалымдар 18 см құнарлы қабат жасау үшiн табиғатқа жетi мың жыл уақыт керек екенiн дәлелдедi. Бiз болсақ түрлi жұмыстар жүргiзiп, санаулы жылда оны бар нәрiнен айырдық. Ендi осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында жұмыс iстелуде. Соның бiрi Бүкiләлемдiк Банкпен бiрлесе отырып, 2003 жылы «Қуаң жерлердi басқару» жобасының қабылдануы. Осы жобаның аясында жердi органикалық, минералдық тыңайтқыштармен байытып, шығымдылығын арттыру жұмыстары жүргiзiлуде.Жердiң тозуы мен шөлге айналуы қазiргi кездегi жаһандық экологиялық проблеманың бiрi болып саналады. Ғасырлар бойы қалыптасқан табиғи, экологиялық, әлеуметтiк жағдайларды ескермей жер пайдалану жүйелерiн күшпен енгiзудiң ақыры осыған әкелдi. Тың және тыңайған жерлердi игеру экологиялық – биологиялық тепе-теңдiктiң бұзылуына себеп болды. Сол жылдары Қостанай, Ақмола, Солтүстiк Қазақстан, Көкшетау және Павлодар облыстарында жыртылған жердiң көлемi 600 мың шаршы км. асқан. «Қазақстанның 26 млн. гектар тың жерi игерiлiп, соның салдарынан 8 млн. құнарлылығын жоғалтып, айналыстан шығарылды» (Назарбаев Н Көтерiлген тың – достық пен жасампаздықтың белгiсi // ЕҚ., 07.02.04). Осынша үлкен алқаптың соқаға тырналуынан келген зардаптың орны әлi толған жоқ. Кейiнгi жылдары түрлi техногендi факторлардың әсерi онсыз да құлдыраған жердiң жағдайына тiптен керi әсерiн тигiздi.

Жер бүгiнгi таңда негiзгi табыс көзiне айналып отыр. Сондықтан, оны аяусыз пайдаланып, бойындағы бар нәрiн сатудамыз. Жыл сайын дақылдың бiр түрiн ғана егу, оның iшiнде көбiнесе пайдасы мол болғандықтан мақта өсiру, қажеттi мөлшерде тыңайтқыштар сеппеуiмiз де жердiң құнарлығын азайтуда.[4]

         Баспасөз беттерiнде жердiң экологиялық проблемасын көтерген жарияланымдарда осы туралы да айтылған. Соның бiрi «Егемен Қазақстан» газетiнiң 2004 жылғы 10 наурыздағы санында басылған «Ауылды дамытуға қажеттi қызмет» деген мақала. Мұнда автор ауыспалы егiс жүйесiн енгiзудi, сол арқылы мал азығы дақылдарын ұдайы егiп отыруды ұсынады. Сөйтiп, «мал басын өсiру, оны асылдандыру жұмыстары нақты нәтижелер берер едi» дейдi. Ауыспалы егiс жүйесiне көшу — әлемдiк тәжiрибеде пайдалылығын көрсеткен әдiс. Тыңайған жер келесi маусымда мол түсiм беретiнi бәрiмiзге ақиқат. Ендеше автордың ұсынысы өте орынды.Сонымен қатар мақала авторы жаппай мақта екпей, бұршақ тұқымдас дақылдарға көшу қажеттiгiн айтады. Бұл да орынды айтылған пiкiр. Себебi, бұршақ егуден «жерлерде құнарлылық артып, табиғи азот тынайтқышы молая түседi» (Осы материалдан). Автор агроном, яғни осы саланың маманы болғандықтан оған жердiң жағдайы мен оны қалпына келтiру жолдары мәлiм. Мақаланың тартымды шығуына бұл да ықпал еткен. Оқырманға берер мағлұмат, кеңесi мол. Тек тақырыбы мақаланың мазмұнын аша алмаған. Автор «Ауылды дамытуға қажеттi қызмет» — фермерлер үшiн арнайы дайындық курстарын ашу керек екенiне қысқаша ғана тоқталған. Ал басты назарды жердiң қазiргi ахуалына, оны шешудiң жолдарына аударған. Мақалда айтылар идея, ой құнды. Мұнда айтылатын ауыспалы егiстiкке көшу жердiң тыңайуына ықпал ететiн бiрден-бiр фактор. Адам қолы араласпаған жағдайда жер табиғи түрде тыңайып, құнарлылығы артады. Шаруа ойдағыдай етiп өнiм алу үшiн әртүрлi химиялық қосылыстарды пайдаланатыны анық. Ал олар бiржағынан пайдасы болса, екiншi жағынан зиянды.

            Осы орайда мына деректерге сүйенсек: «1993—2002 жылдары егiстiк жерлерде жүргiзiлген мониторинг нәтижесiнде солтүстiктiң қара топырақты, орманды–далалық өңiрiнде топырақ құрамындағы қарашiрiк 8 пайызға, азот қышқылы 5 пайызға азайғаны анықталған. Оңтүстiк аймақтың қара топырағындағы қарашiрiк те 10- 14 пайызға азайған» (Әлiпбаев С. Жерұйықты iздеген ел оны таппай қоймайды. // ЕҚ., 30.07.03). Осы сандардан топырақ құрамының қаншалықты азып-тозғанын бiлуге болады. Соңғы жылдары бұл көрсеткiш төмендемесе, жоғарыламағандығы анық. «Жал Алаш» газетiнiң 2004 жылғы № 36 санында жарық көрген Қ. Данабаевтың «Әкiм әлем жұртшылығын қалай алдамақшы болды» деген материалын айтпай кету әбестiк. Журналист деректерге сүйене отырып, Қызылорда облысының экологиялық жағдайын жақсы көрсете бiлген. Тiлшi келтiрген деректерге қарасақ аудандардан алынған әр кг топырақтан 10 грамм тұз шығатынын байқаймыз. Оның салдарынан қарашiрiкке айналуы тиiс өсiмдiк сабақтары мен тамырлары минералды зат күйiнде қалады екен. Ол «Қазiр облыстағы топырақ биокарбонат пен натрий карбонаттарының салдарынан сiлтiленiп, сақарланып отыр. Сiлтiнiң өсiмдiк топырағын күйдiретiнiн көзiмiз көрдi» дейдi. Осыдан – ақ облыстағы экологиялық жағдайдың қандай дәрежеде екенiн шамалауға болады. Журналист Байқоңыр ғарыш айлағының зиянын, облыста өз-өзiне қол жұмсаушылардың көбейiп бара жатқанын, түрлi аурулар көбейгенiн, тiптi экологиялық жағдайдың нашарлығы оқушылардың сабақ үлгерiмiнiң төмендеуiне әкеп отырғандығын айтады. Мақала екi бөлiмнен тұрады. Олар: «Жалға жерiмiздi емес, денсаулығымызды берiп отырмыз» және «Апат зардабы ақыл-ойға да әсер етедi» деп аталады. Бiр проблеманы осылайша екi бөлiмге бөлу арқылы оны жан-жақты ашып көрсете бiлген. Автор, «Қызылорда сушаруашылығы» кәсiпорнының «облыста 104 мың гектар суармалы жер қанағаттанғысыз жағдайда, оның 28 мың гектары тұзданып, батпақтанды» деген дерегiн келтiрген. Осындай ресми деректердi пайдалану арқылы оқырманға неғұрлым мол мағлұмат беруге тырысқан. Мақалада экологиялық проблема өзектi көтерiлген. Мұнда облыс әкiмi С. Нұрғисаевтың бiресе «Шетелдiк инвесторлар апат аймағы атынан қорқып, қашады дегенiн», сосын «инвестиция көлемi 1999 жылы 10063 млн. теңге болса, 2003 жылы 42691 млн. жеттi» деген сөздерi де келтiрген. Өз сөзiн өзi жоққа шығарған облыс әкiмi журналистiң сынына ұшыраған. Мақалада қозғалатын тағы бiр экологиялық проблема – Арал теңiзi туралы. Одан апат аймағы мәртебесiн алып тастап, әлем алдында экологиялық проблема ауыздықталды деген түсiнiк қалыптастырудың қажетi қанша екенi айтылған.Бүгiнде нарық талабына бейiмдене алмайтын, аз ғана тұрғыны бар, шалғайда орналасқан көптеген елдi мекендер «Болашағы жоқ ауылдар» санатына қосылған. Соның бiрi – Азғыр ауылы. «Егемен Қазақстан» газетiнiң тiлшiсi осы ауылдың қазiргi экологиялық — әлеуметтiк ахуалын сөз етедi. Материал газеттiң 2004 жылғы сәуiрдегi санында басылған. Ол «Болашағы жоқ ауыл» деп аталады. Осының бiрi «Егемен Қазақстан» газетiнiң 2004 жылғы сәуiрдегi санында жарық көрген «Болашағы жоқ ауыл» деп аталады. 12 сынақ алаңы бар ауылдың проблемаларына тоқтала келе, тiлшi «бұл мәселе ауылды қолдау жылында шешiмiн тапса», — деген ойын айтады. Үкiметтiң «Болашағы жоқ ауылдар» бағдарламасы бойынша Азғыр елдi мекенi өзге жерге көшiрiлуi қажет. Бiрақ оның нақты қай аймақ әрi қашан екенi белгiсiз. Елбасының адамдардың қалыпты өмiр сүруiне қолайлы жағдай жасау туралы Үкiметке берген тапсырмасы iске аспай отырғандығы да материалда аталып өтiледi. Ауылдың экологиялық жағдайы туралы айтқанда, өткен жылғы мамандар зерттеу жүргiзiп, қабылдаған актiнi сол күйiнде әрi майлы қарiппен берген, оқырман назары бiрден осы сөздерге аударылады. Әрбiр сынақ алаңына сипаттама берiп, ондағы радиоактивтiк қалдықтардың мөлшерi анықталған бұл актiден ол жердiң қаншалықты қауiптi екенiн бiлуге болады. «Сынақ алаңдарындағы радияцияның мөлшерi 25—30 микроренген / сағаттан аспау қажет. Ал № 2 алаңда дизометр тiлi 2500 мкр./сағат көрсеткенiне куә болғанбыз» деп жазған. Демек, радиацианың мөлшерi белгiленген межеден 10 еседей асып кеткен. Осындай қатерлi аймақта тiршiлiк етiп жатқан адамдардың денсаулығы, жай-күйi қандай екенi айтпаса да түсiнiктi. Уланған топырақ, ластанған ауа, талапқа сай емес ауыз судың адам ағзасына ғана емес, қоршаған ортаға тигiзiп отырған зардабы бүгiнгi күнге дейiн толыққанды зерттелмеген. Себебi, журналистiң айтуынша, сынақ алаңдарының гидрогеологиялық картасы Ресейде.Жоғарыда аталған актiнi автор түпнұсқа күйiнде беруi де мақаланың мазмұнын аша түскен. Мамандардың қорытынды пiкiрiне сүйене отырып жазылған мақала өз деңгейiнде шыққан. Тақырыбы «Болашағы жоқ ауыл» деген сөздер iрi және майлы шрифтпен басылған да, оның төменгi жағына «Азғыр елдi мекенi тұрғындары экологиялық ахуалдың нашарлығынан қоныс аударуға мәжбүр. Бiрақ мәселе әзiр шешiлер емес» деген сөздер жазылған. Мұны оқыған соң не туралы жазылғанын бiрден бiлуге болады.Мақалада айтылатын «Азғыр елдi мекенiндегi және «Капустин Яр» әскери полигондарында 1966 – 1979 жылдары жер астында кем дегенде 17 ядролық жарылыс өткiзiлген. Мұны дәлелдейтiн ғылыми деректер бар.Азғыр ауылының экологиялық жағдайы алаңдатарлық мәселе. Радиацияның мөлшерi шамадан тыс артып кеткен жерде әлi де тұрмыс құрып отырған адамдарға назар аударылмай отырғандығы түсiнiксiз. Баспасөз беттерiнде келтiрiлген деректерге сүйенсек, қазiр Қазақстанда 287 млн. 197 мың тонна радиоактивтiк қалдықтар бар екен. Бұл өте жоғарғы көрсеткiш болып табылады.Кеңес Одағы тұсында Қазақстан жерiнде жасалған сынақ алаңы жалғыз бұл емес. Арал теңiзiнiң нақ ортасында орналасқан Возрождение аралында қырық жыл уақыт бойы бактериялогиялық қаруларды сынайтын жасырын полигон болғаны бүгiнде белгiлi болды. Түрлi ауруларды қоздырғыштары сыналған бұл жерде вирустар топырақ қорында 50 жылға дейiн сақталады екен. Елiмздiң экологиясын сипаттайтын тағы бiр материал «Жас Алаш» газетiнiң 2004 жылғы № 44 санында басылған. Ол «Сасықкөл. Сапасыз су, мүңкiген иiс және шарасыз хал» деп аталады. Журналист мұнда тыйым салынған Сасықкөл суымен сол маңның тұрғындары көкөнiс суарып, шомылатындықтарын жазған. Журналист ауыл тұрғындарының қалалық, аудандық санитарлық эпидемиалогиялық қадағалау басқармаларының басшылары мен, «Су — Ресурстары — Маркетинг» ЖШС директорымен де хабарласып, олардың түсiнiктемесiн берген. Мәселен, қалалық санэпидемиялық қадағалау басқармасының бастығы «Жерасты суы 70 метр тереңдiкте жатыр, оған жерге сiңген сасық су сiңуi мүмкiн емес» дегенi, ал шын мәнiнде ауылдағы құдықтан 9-12 метр тереңдiкте су шығатынын айта отырып, жауапты адамдардың немқұрайлылығын ашық көрсеткен. Таза ауа жұтып жүргендер жағдайдың қаншалықты қиын екендiгiне мән бермейтiндiктерi сыналып, «Ауа жұтқанда да адамды алалау керек пе?» деп мақаласын аяқтаған. Газет тiлшiсi проблеманы жақсы көтерген. Сасықкөл маңындағы Бөзжар аулының таза сусыз отырғандары, тыйым салынған суды пайдаланып жүргендiктерi мақалада көрiнiс тапқан. Тақырыбы оқырман назарын бiрден өзiне аударады. «Экология» рубрикасымен берiлген бұл материал да елiмiздiң экологиялық жағдайдың нашарлығын сөз етедi. Жалпы, бұл тақырыпты көтерген материалдар «Жас Алаш» газетiнде «Экология», ал «Егемен Қазақстан» басылымында «Экология» немесе «Толғандырар тақырып» деген рубрикамен берiледi. Расында да бұл бүгiнгi таңда толғандырар тақырыптың бiрiне айналып отыр. Күн санап құлдырап бара жатқан экологиялық ахуал бәрiмiздiң алаңдаушылығымызды туғызуда. Сондықтан бұл жөнiнде 5 маусым – Дүниежүзiлiк қоршаған ортаны қорғау күнiнде ғана емес, әрқашан жадымызда ұстағанымыз жөн. Адам – қоғам – биосфера арасындағы қарым – қатынастарды үйлестiре отырып, табиғат ресурстарын пайдалану қажеттiгi туғалы қашан. Ол үшiн адамдардың экологиялық мәдениетiн көтеру және қоғамды, экономиканы экологияландыру керек.[5]