Жоспары:
- Трансұлттық корпорациялар және олардың пайда болу себептері
- Трансұлттық корпорациялар қызметінің ерекшеліктері
- Трансұлттық корпорациялардың халықаралық экономикалық
қатынастардағы рөлі
- Қазақстан және халықаралық компаниялар.
Бiрiккен Ұлттар Ұйымы эқспертгерiнiң пiқipi бойынша трансұлттық қорпорациялар дуниежүзiлiк экономиканың бiрегей қозғаушы қүші болып есептеледi. 90-жылдардың ортасында дүние жузiнде 40 мыңнан астам қорпорациялар қызмет атқарған. Олардың бақылауындағы шетелдiк еншiлес қасiпорындардың (дочерине предприятия) саны 250 мыңдай болды. Бұл санның соңғы еқi онжылдықта өсу қарқыны 5 есеге жеттi.
Ең ipi 100 халықаралық қомпаниялардың жалпы мүлiгi құнының 40% шетелдерде орналасқан.
Трансұлттық, қорпорациялардың негiзгi 6өлiгi АҚШ-та, Еуропалық Одақ елдерiнде және Жапонияда тiрқелген. Трансұлттық қорпораңиялар дуниежузiлiк өнеркәсiп өнiмдерiн өндiрудiң 40 процентiн, халықаралық сауданың 50 процентiн өз бақылауында ұстайды.
Трансұлттық қорпораңиялардың жыл сайынғы өндipic қөлемi 10 трлн. доллардан асады. Бұл қорпораңияларда 73 млн. адам жұмыс iстейдi. Мүның өзi дуниежүзiлiк шаруашылықта қамтылған жумысшы қүшiнiң (ауыл шаруашылығын қоспағанда) әpбip оныншысы деген сез.
Бiрiккен Ұлтгар Ұйымының анықтамасы бойынша жылдық айналымы 100 млн. доллардан асатын жане кем дегенде 6 елде филиалы бар фирмалар қорпорация деп аталады. Қейiнгі жылдары бұл түсiнiк бiраз пысықталып, ендiгi уақытта фирманың халықаралық дәрежесiнiң қөрсеткшi ретiнде оның өнiмдерiнiң басқа елдерде сатылған қөлемiнiң процентi алынатын болып жүр. Мысалы, осы қөрсеткiш бойынша Швейцарияның „НЭСТЛЕ» фирмасы (98%) алдыңғы орындардың бipiн алады.
Бiрiккен Ұлттар Ұйымының методологиясы халықаралық қорпорацияны оның активтерiнiң құрылымы арқылы да анықтауға мүмкіндік бередi, Дуние жузiнде шетелдiқ ақтивтерi ең мол трансұлттық қорпорацияларға ағылшын-голланд қонцернi „РОЯЛ-ДАТЧ ШЕЛЛ» жане АҚШ-тың „ФОРД», „ДЖЕНЕРАЛ МОТОРС», „ЭКСОН», „ИБМ» фирмалары жатады. Халықаралық монополиялар туралы анықтамаларда: қөпұлттық қорпорациялар, интернационалдық қорпорациялар, трансұлттық қомпаниялар, әлемдiк қомпанялар т. с. с. атауларды қездестiруге болады. Алайда, олардың
тупкi мән-мағынасы қарайлас.
Сонымен, трансұлттық қорпорациялар дегенiміз — шетелде ақтивтерi (құнды заттары ) бар ұлттық монополиялар. Олардың өндiрiстiк және сауда-өткiзу қызметгерi ұлттық шекарадан тыс елдерде уйымдастырылады.
Трансұлттық қорпорациялардың шаруашылық жургiзу құқықтары шетелдерде филиалдар, еншiлес қомпаниялар ұйымдастыру жане iскерлiк белсендiлiктi қүшейту арқылы жузеге асады. Еншiлес қомпаниялар (дочерние қомпании) өндірістік және дайын өнімді өткізу, ғылыми-зерттеу жумыстары, тұтынушыларға қызмет қөрсету мәселелерiнде дербес шешiмдер қабылдайды. Тұтас алғанда олар бiрiктiрiлген ipi өндiрiстiк-өткiзу қешендерi. Оларда бар акционерлік капиталға меншік құқығы құрылтайшы елдің өкілдеріне ғана тарайды. Сонымен бірге филиалдар мен сыбағалас компаниялар жергілікті капиталдың басым қатысуымен аралас кәсіпорындар құруы да мүмкін.
Көп ұлтты корпорациялар дегеніміз — өндірістік және ғылыми техникалық негізде бірқатар мемлекеттердің ұлттық компанияларын біріктіруші халықаралық корпорациялар. Мұндай компаниялардың қатарына, мысалы, ағылшын-голланд концерні «РОЯЛ-ДАТЧ ШЕЛЛ», машина жасау мен электрондық инженерлікке маманданған Швейцария-Швед компаниясы «АВВ» т.с.с. жатады. Еуропадағы көп ұлттық қатарына ағылшын-голланд концерні «Юнилевер» де кіреді.
Халықаралық құқық бойынша көпұлттық корпорациялардың айрықша белгілеріне: 1) көпұлттық акционерлік капиталдың бар болуы; 2)көпұлттық басқару орталығының жұмыс істеуі; 3) шетел филиалдары әкімшілігіне жергілікті мамндардың тартылуы жатады.
Трансұлттық және көпұлттық корпорацияларға әлемдік корпорацияларды да қосуға болады.
Әлемдік корпорациялар қазіргі дүниежүзілік қаржы капиталының бірегей қуатын көрсетеді. Олар 80- жылдары пайда болып, үнемі өсу жолында. Әлемдік деңгейге барынша серпінді ұмтылатын салаларға химиялық, электротехникалық, электрондық, мұнай өндіру, автокөлік, ақпараттық, банк және и.б. салалар
жатады.
Трансұлттық корпорациялардың пайда болуының басты себебі, ең маңызды және жалпыға ортақ себеп өндіргіш күштердің дамуы негізінде ұлттық шекарадан шығуы мүмкін болған өндіріс пен капиталдың интернационалдануы.
Өндіріс пен капиталдың интернационалдануы шетелдерде бөлімшелері бар аса ірі компаниялардың құрылуы , ұлттық корпорациялардың трансұлттық корпорацияларға айналуы, олардың шаруашлық байланыстарының нығаюы негізінде жүзеге асады.
Дуниежүзiлiк шаруашылықта жүрiп жатқан объективтi экономикалық процестердiң нәтижесiнде пайда болған трансұлттық қорпорациялардың өзiне тән бiрқатар ерекшеліктер бар.
Трансұлттық корпорациялар халықаралық еңбек бөлінісіне белсенді қатысушы ретінде оның дамуына қолайлы жағдайлар туғызады.
Трансұлттық корпорациялар капиталдардың қозғалысы, әдетте, сол корпорациялар орналасқан елдегі жүріп жатқан процестерден дербес, тәуелсіз. Трансұлттық корпорациялар халықааралық өндірістер жүйесін қалыптастырады. Олар дүние жүзінің көптеген елдерінде филиалдар, сыбағалас компаниялар, бөлімшелер ашуға негізделген.
Трансұлттық корпорациялар көптеген инвестициялар мен жоғары дәрежелі маман кадрларды қажет ететін жоғары технологиялық және ғылыми сыйымды өндіріс салаларына сыналай кіріп, оларды өзіне бағындыра бастады. Осы қезде трансұлттық корпорациялардың жекелеген салаларды монополизациялауға ұмтылысы тенденциясы байқалады.
80-жылдардың орта тұсында капиталистiк елдердiң өнеркасiп өнiмiнiң төрттен үшi 2 мындай қуатгы корпорациялардың күшiмен өндiрiлген. Солардың iшiнде бiрнеше жүздеген корпорациялар өнiмнің ең маңызды турлерiнiң 50%-тен 80 процентке дейiнгi үлесiн өндiрген.
Бұл трансұлттық корпорациялар негiзiнен өндiрiстiк және инновациялық (жаңалықтар) ауыртпалықтарды да көтередi.
Дүние жузiндеri қуатты 500 трансұлттық корпорациялардың
85-i шетелдiк инвестициялардың 70% өз қарауында ұстайды. Осы орасан зор компаниялар электроника мен химия өндipici өнiмдерiнiң 80%, фармацевтиканың 95% , машина жасау енiмiнiң 76% өндіріп, өткiзедi.
Батыс экономистерiнiң болжамы бойынша 2000 жылға дейiн дүниежузiлiк шаруашылықта 600-ге жуық трансұлттық корпорациялардың үстемдiгi орнайды. Сонымен 6ipre 300 корпорация дуниежүзiлiк жиьнтық өнiмнiң 35 процентiне иелiк етiп, өз eндipici мен қызмет көрсету түрлерiн едәуiр диверсификациялауды жүзеге асырады. Диверсификация — шаруашылық қызметiн жаңа әрекет өpiciнe тарату. Мысалы, Швециялық „Вольво» автомобиль концернi казiрдiң өзiнде тек кана автомобиль жасап отырган жок. Бұл трансұлттык корпораңияның Швецияның өзiнде 30-дан астам әр турлi пiшiндегi еншiлес компаниялары жұмыс iстейдi. Ал шетелдерде бұл корпорацияның катерлер үшiн мотор, авиақозғағыштар т. б. жасайтын ондаган филиалдары бар.
Өз кезегiнде АҚШ-тағы 500 ең ipi трансұлттық корпорациялардың әрқаисысының орта есеппен 11 салада өз кәсiпорындары бар, ал орасан зорларының З0-дан 50-ге дейiнгi салаларда сыбағалас касiпорындары жұмыс iстейдi. Ұлыбританияның 100 жетекшi өнеркәсiп фирмаларының 96-сы көп салалы фирмалар. Мұндай фирмалардың саны Алманияда — 78, Франңияда — 84, Италияда — 90. Трансұлттық корпорациялардың кұрамына кiретiн кәсiпорындардың саны мен мәнi алға қойған экономикалык максаттарға сәйкес аныкталады.
Қуатты өндiрiстiк базасы бар трансұлттық корпорациялардың сауда-өндiрiстiк саясаты тиiмдiлiгi жоғары өндiрiс пен тауар рыногын қалыптастыруға бағытталған.
Трансұлттық корпорациялар халыкаралық аренада күрделi каржы мен ғылыми-зерттеу жұмыстарына байланысты икемдi динамикалық саясатты жузеге асырады. Халыкаралық корпорациялардың пайда болуын және дамуын көрсететiн мысал ретiнде өз қарауында тұрмыстық электротехника мен өнеркәсiптiк жа6дықтардың дүниежүзiлiк рыногынің 25 процентiн қамтитын „Электролюкс» трансұлттық корпорациясының әрекетiн келтiруге
болады.
1912 жьлы екi швед компаниясының 6ipiryiнeн пайда болған „Электролюкс» 20-жылдардың аяғында-ақ өзiнiгң өндіpiciн Австралия мен Жаңа Зеландияда ұйымдастырып үлгердi. Соңғы онжылдықта „Электролюкс» AҚШ-тың — «Уайт Консолидейтед», Италиядағы ең ipi электр тауарларын өндiруші –«Занусси» жане Алманиядағы негiзгi электр тауарларын өндiрушi – «АЭГ», компанияларын иемдендi.
Аталған үш фирманы қосып алғаннан соң „Электролюкс» ез саласында дүние жүзiндегi жетекшi трансұлттық корпорацияға айналды.Қaзipri кезде оның 75 елде тұрмыстық электротехниканы өндiретiн, өткiзетiн және қызмет көрсететiн дамыған жүйесi ырғақты жұмыс iстеп тұр. 90-жылдардың ортасында аталған трансұлтгық корпорацияның касiпорындарында 110 мыңнан астам адам еңбек етiп, жылдық айналымы 10 млрд. долларга жетті.
Трансұлттық корпорациялардың дуниежүзiлiк рыноктағы әрекетiнiң бiрнеше нысаны бар. Бұл нысандар келiсiмшарт қатынастарына негiзделедi. Олардың қатарына: 1) лицензиялау; 2) франчайзинг; 3) баскару келiсiм-шарттары; 4) техникалық және маркетигтiк қызмет көрсету; 5) кәсiпорындар толық iске қосып беру; 6) бiрлескен кәсiпорындар кұру жане жекелеген операңияларды жүзеге асыру жатады. Практика жүзiнде трансұлтгық корпорациялардың қызметтерi нысандарының ара жiгiн ашып көрсету киын, ceбeбi олар 6ip-бiрiмен тығыз байланысты. Бұл нысандардың ерекшелiгi — олар трансұлтrык корпорациялардың өзара қатынастарында да жиi қолданылады, демек, орталыққа ұмтылар тенденцияларының күшеюiн көрсетедi.
Лицензня дегенiмiз — белгiлi уақытқа лицензия алушы лицензия берушiге өзара келiсiлген ақысын төлеп пайдаланылатын кұқық, заңды келiсiм-шарт. Лицензия беру трансұлттык корпорацияның құрамындағы фирмалар арасында да, технологияны сыртқы арналар арқылы беруде де қолданылады.
Лицензиялық келiсiмнiң ерекше түрiне франчайзинг жатады.
Франчайзинг дегенiмiз — ұзақ мерзiмдi лиңензиялық келісiм. Мұнда франчайзер клиентке алдын ала келiсiлген құқық бередi. Ондай құқықтарға фирманың атын, сауда маркасын пайдалану,
техникалық, көмек керсету, жұмысшы күшiнің мамандығын көтеру т. б. жатады
Соңғы жылдары трансұлттық, корпорациялардың әрекетiнде бacқapy мен маркетигтiк кызмет көрсету түрi кеңiнен тарап келедi. Баскару жөнiндегi келiсiм кәсiп-орындарды тiкелей басқару кұқын басқа кәсiпорынға ақысын төлеу арқылы берудi заңдастырады. Келiсiм бойынша басқарушылардың атқаратын кызметтерiне өндiрiстi басқару, соның iшiнде кәсiпорынның техникалық және инженерлiк деңгейi үшін жауапкершiлiк, кадрларды баскару, атап айтқанда, шетелдiк жұмысшыларды қабылдау мен жұмыстан шығару, жергiлiктi жұмысшы күшін оқыту, техинка мен шикiзатты сатып алу т. б. қызметтер жатады.
Техникалық көмек көрету келiсiмдерiне сәйкес трансұлттық корпорациялар фирма кызметiнiң жекелеген саласы үшін техинкалық, жәрдем көрсетедi. Мұндай келiсiмдер көбiнесе машиналар мен жабдықтарды жөндеу, „ноу-хауды» тиiмдi пайдалану жөнiндегi кеңес, апаттардың
алдын алу сияқты қызметтердi камтиды.
Зауыттарды толық, iске косу келiсiмдерi де кең қолданыс табуда. Бұл жағдайда трансұлттык, корпорациялар қызметінің барлық, түрiн атқару жауапкершiлiгiн өз мойнына алады.
Трансұлттық корпорациялардың халықаралық, рынокты жаулап алуының ең жаңа нысандарының 6ipi шетелдерде арнайы инвестициялық, компаниялар кұру нысаны. Бұл құрылымдардың басты мiндетi еңшiлес және серiктес кәсiпорындарды инвестициялау аркылы трансұлттык корпорациялардың өнiмдерiн аймактық, рыноктарға жеткiзiп, өткiзудi ынталандыру. Бұл әдiстi, мысалы алкогольсiз сусындарды сататын „Пепси-кола» және Кока-кола» сиякты халыкаралық компаниялар кеңiнен колданады.
Өнеркасiбi дамыған елдердiгң сырткы экономикалық байланыстарының мән-магынасын солардың трансұлттық, корпорацияларының шетелдердегi шаруашылық қызметтеpi көрсетедi. Егер трансұлттық корпорациялардың шетелдегi өндiрiс көлемiн сол елдiң экспортының көлемiмен салыстыратын болсақ, онда 80-жылдары олардың арасалмағы AҚШ-та 4,1 : 1; Жапонияда 2,1 : 1 болды. Бұл елдердiң экспортының өзiнде ұлттық
компаниялардың шетелдегi филиалдарына жеткiзетiн өнiмдерi мен қызмет түрлерiнiң үлесi өте мол. Мысалы, 80-жылдардың екiншi жартысында АҚШ-та iшкi фирмалық саудаға экспорттың 20% шоғырланды, Жапонияда бұл көрсеткiш 29%-ке, Алманияда 28 %-ке жеттi.
Трансұлттық корпорациялардың шетелдегi жиынтық инвестициялары қазiрдiң өзiнде сыртқы сауда айналымын басып озды және олардың карқыны уақыт өткен сайын жеделдеп келедi. Трансұлттық корпорациялар дүние
жүзiлiк жеке меншiк сектордың өндiргiш капиталының үштен бiрiн және шетелдiк тiкелей инвестициялардың 90% өз бақылауында ұстап тұр.
Трансұлтгық, корпорациялардың салалық құрылымы да едәуiр кең. Олардың 60% өндipic сферасында, 37% қызмет көрсетуде, 3% қазбалы байлық шығару мен ауыл шаруашылығында жұмыс iстейдi. Қызмет көрсету мен жоғары технологиялық өндiрiсте де инвестициялардың көбею тенденциясы анық байқала бастады. Керiсiнше, қазбалы байлық шығару мен ауыл шаруашылығына тартылатын инвестициялардың үлесi азайды.
Бiрiккен ұлттар ұйымының мәлiметтерiне қараганда трансұлттык корпорациялардың басты салаларына электроника, мүнай өңдеу, химия жане автомобиль жасау кешендерi жатады.
Трансұлттық корпорациялардың аймақтык-салалық қурылымын талдап көрсек, онда курделi қаржылардың басым 6өлiгiнiң өңдеушi және ұқсатушы өнеркасiп салаларына бағытталғанын көремiз.
Трансұлттық корпорациялардың экономикасы артта қалған елдерге байланысты инвестициялык саясаты өзiнше бөлек. Халыкаралық компаниялардың қаражаттары бұл елдердің қазбалы 6айлық шығарушы салаларына карай бейiмделген, ал шын мәнiнде трансұлттық корпорациялар экономикасының дамуы кенжелеп қалган елдерге тауар экспортын еселеп көбейтуге ұмтылады. Бұл жағдайда өз тауарларын дамушы елдер рыногінда өткiзу үшін трансұлттық корпорациялар өзара қатаң бәсекелiк күреске түседi.
Трансұлттық корпорациялар халыкаралық экономикалық байланыстарда қандай бip елдiң болмасын экономикалық тағдырына
әсер ете алатын негiзгi кушке айналып отыр. Олардың белсендi өндiрiстiк, инвестициялық және сауда саясатының өндiрiс пен бөлудi реттейтiн ықпалды халықаралық фактор екендiгiнде ешкiмнiң күмәнi болмаса керек. Бiрiккен Ұлттар Ұйымы сарапшыларының талдауы бойынша, трансұлттық корпорациялар дуниежүзiлiк экономикалық интеграция қозғалысына өзiнiң игi әсерiн тигiзедi. Олар мемлекет меншiгiндегi салаларға да сұқтанып, оған кipiгy мүмкiндiктерiн қарастырады. Трансұлттық корпорациялардың мұндаи ұмтылыстары дуниежүзiлiк экономиканың толық және тугел интеграциялануын қадағалауға қызығушылық емес, осы процестiң шеңберi мен шектерiнде мейлiнше мол пайдаға кенелуге деген ұмтылыс. Медальдың екi жағы бар дегендей, трансұлттык, корпорациялардың дуниежузiлiк шаруашылық жүйесiне тигiзетiн игi әсерiмен қатар халықаралық экономикалық қатынастарға терiс ықпалы да баршылық.
Мамандардың көрсетуi бойынша трансұлттық корпорациялардың ұлттық экономикаға терiс әсерлерiне мыналар жатады:
1) өз кызметiне кедергі 6оларлық жекелеген елдiң дербес экономикалық саясатына қарсы әрекеттер жасауы;
2) мемлекеттiк зандарды бұзуы. Мысалы, трансферттiк бағалар төңiрегiнде айлакер саясат жургiзу арқылы трансұлттық корпорациялардың әр түрлi елдерде қызмет ететiн сыбағалас компаниялары салық төлеуден қашқақтау мақсатында ұлттық заңдардан айналып өтiп, өз табыстарын бip елден екiншi елге ауыстырумен шұғылданады.
3) монопольдi бағалар белгiлеу, дамушы елдердiң мүдделерiне қысымшылық жасау.
Тұтас алғанда, трансұлтгық корпорациялар дүние жүзiлiк шаруашылык, жүйесiнде тұрақты да курделi дамып келе жатқан, ерекшелiктерi мол заңды тұлга. Олардың ic тәжiрибесiн әрдайым қадағалап, талдап отыру қажет, сонымен қатар халықаралық бақылаудан да шығармаған абзал.
Батыс Еуропа елдерiнiң, Жапонияның және „Жаңа индустриялды елдердiң» екiншi дуниежүзiлiк соғыстан кейiнгi экономикалық тарихын алып қарастырсақ, онда мынадай тұжырым жасауға болар едi. Егер ұлттық капиталдың өзi қуатты қаржы-
өнеркәсiп топтары болып қайта құрылған болса, олар трансұлттық корпорациялармен бәсекелiк күреске төтеп берер едi.
Қаржы-өнеркәсiп топтарының белсендi сыртқы экономикалық саясат жүргiзу мүмкiндiгi бар екендiгiн ТМД елдерiнде құрылған қаржы-өнеркәсiп топтарының алғашқы қадамдары көрсетiп отыр.
Мысалы, Ресейдiң „Көз микрохирургиясы», „ЛУКойл», ,АВТОВАЗ», „Газпром» сиякты алғашқы трансұлттық корпорацияларының көптеген елдерде, соның ішiнде Қазакстанда өз бөлiмшелерi, филиалдары бар. Қазакстандағы жекешелендiру процесi жеткiлiктi қуаты бар жаңа типтi ұйымдық-шаруашылық құрылымдардың пайда болуымен катар жүрiп келедi. Оларға мемлекеттiк, аралас және жеке меншiк корпорациялар мен концерндер жатады. Шетелдiк компаниялардың 1995-1996 жылдардағы Қазақстандағы iс-тәжiрибесi олардың ел экономикасы үшiн бiр қатар нәтижелi жұмыстар iстегенiн көрсетедi. Бұл халыкаралық компаниялардың қатарына американдық „Шеврон», италияндық „Аджип», Жапонияның „Джапан хромик», Оңтүстiк Кореянын „Самсунг», бiрiккен „ИспатКармет» т. с. с. дуние жузiне 6eлriлi фирмалар жатады.
Қазакстандық трансұлттық корпорацияларды калыптастырудың басты 6ip бағытына ТМД елдерi шеңберiнде халықаралық Каржы-өнеркасiп топтарын кұруды жатқызуға болады. Тәжiрибе көрсетiп отырғандай, трансұлттық каржы-өнеркәсiп топтарын қалыптастыру ici екi кезеңнен тұрады. Бipiншi кезеңде Казақстандық қаржы-өнеркәсiп тобы кұрылады да, екiншi кезенде оның құрамы достастық елдерiнiң кәсiпорындары мен қаржы несие ниституттарын кiргiзу арқылы кеңейедi.
Қолданылған әдебиеттер:
- Халықаралық экономика қатынастары – Майдан- Әли Байсігіров Алматы-1998ж
- Халқаралық экономика қатынастары – Мамыров, Мадиярова
Алматы – 1998ж