Тұлғаның дамуы
Жаңа туған нәресте адам деп аталғанымен, тұлға деген атқа көпке дейін ие бола алмайды. Өйткені, кісі болып, ержету үшін бала оңы мен солын, өзінің «менің» басқа «мендерден», яғни басқа адамдардан ажырата білуі тиіс. Сондықтан да нәресте ,сәби, бөбектерді кісі,тұлға деп айту қиын. Есейіп,ер жетіп, өз бетінше әрекет ете алатын адамды ғана кісі, не тұлға дейміз. Қандай да болмасын бір іспен айналысатын, азды-көпті өмір тәжірибәсі, білімі мен дағдысы, икемі, дүние танымы, сенімі мен талғам-мұраты, бағыт-бағдары бар адамды тұлға деуге болады. Мінез қабілеті бір сыдырғы қалыптасып үлгерген, өзінің іс-әрекетін тізгіндей білетін, өз бойындағы жаман-жақсы қылықтары үшін жауап бере алатын адамды да кісі, не тұлға деймиз. Тұлғаның түрлері сан алуан. Оның жақсы, озық, ерен, топжарған түрлерімен қатар жауыз, керітартпа, бұзық қасқай т.б толып өкілдері болады. Мәселен, бүкіл әлемді қан қақсатқан Гитлер адамзатқа қас жауыз тұлға.
Халық түсінігінде мінез-құлықтың әр түрлі жағымды жақтары ‘ «кісілік» ұғымының төңірегіне топтасады. Кісіліктің басты белгілері: ар- ұятты қастерлеп сақтау, намыстылык, мейірімділік пен қайырымдылық, ізеттілік, адамдық пен шыншылдык, ілтипаттылық пен кішіпейілділік. Қазақ дәстүріндегі үлкенді сыйлау, оның алдынан кесе өтпеу, оған міндетті түрде сәлем беру, үйге келгенде төрдең орын беріп, кісінің көңіл-күйіне қарап, орынсыз сөзге араласпау кісілікке жарасымды қасиеттер.
Сондықтан адамның жеке басының психологиясын ұғыну үшін ен алдымен оның әлеуметтік жағдайын,яғни оның қандай коғамның мүшесі, қандай таптың өкілі екендігін, нақтылы кәсібін, білімін, іс-тәжірибесін білуіміз қажет.
«Тұлға» (лат. personalitas) ұғымы жеке адамды белгілі бір қоғамның немесе қауымдастықтың мүшесі ретінде сипаттайтын, оның әлеуметтік маңызды нышандарының орнықты жүйесі мағынасында қолданылады. Мысалы, педагог оқушы-жасөспірімнің тұлғасы туралы; әлеуметтанушы жұмысшының тұлғасы туралы; криминалист қылмыскердің тұлғасы туралы; психиатр холериктің тұлғасы туралы айтқанда, олардың әрқайсысы, ең алдымен, адамды — оқушы-жасөспірім, жұмысшы, қылмыскер немесе холерик етіп тұрған, солар үшін тұрпатты және мәнді, оларды өзгелерден абстракциялап тұратын нышандарды меңзеп отыр деп түсіну керек.
Философияда тұлға — қоғам мүшесі ретіндегі, әлеуметтік даралық сапасындағы адам, қоғамдық қатынастардың жиынтығы айқындап тұратын биоәлеуметтік мәнділік, әлеуметтік өмірде болып жатқанның барлығын жинақтап, өз бойына сіңіріп алып жүрген адам.
«Тұлға» ұғымын «жеке адам» және «жеке тұлғалық» ұғымдарымен шатастыруға болмайды. Тұлғаның бірегейлігіне, қарапайым тілмен айтқанда, даралығына ешкім шек келтіре алмайды.
Адамдардың қоғамдық организм ретінде өмір сүруінің өзі олардың үнемі өзара әрекеттесулерін қажет етеді. Ол әрекеттесулер екі жақты болады. Қоғам жеке адамға әсерін тигізіп қана қоймайды, жеке адам да қоғамға сондай әсермен жауап беріп отырады. Адамның тұлға ретінде дамуына қажетті алғышарттардың бірі — оның табиғи қабілеттері болып табылады. Бұл, негізінен, қызмет объектісі болып табылатын адам өмір сүріп жатқан қоғамда іске асады. Жеке адам өзінің адам ретінде дамуына объективті жағдай бар қоғамда өмір сүрудің белгілі бір тарихи формасын табады.
Тұлға мәселесін философтар, тарихшылар, әлеуметтанушылар, өнертанушылар, экономистер, антропологтар зерттеу объектісі ретінде қарастырады. Педагогтар мен психологтар үшін тұлғаны қалыптастыру — ешқашан маңыздылығын жоғалтпайтын мәңгілік тақырып.Ғылымның әр саласы зерттеудің мәніне өзіндік ұстанымдармен келеді.Олардың жұмыстарының нәтижелері қоғамдық тәжірибемен өлшенеді.
Ғылыми әдебиеттерде тұлғаның оңдаған айқындамалары ұшырасады. Классикалык көркем әдебиетте тұлғаның түрлі әлеуметтік-тарйхи типтері, бірегей кейіпкерлер жасалған.Тұлғаны бейнелеуге арналған өнер туындылары да аз емес.
Тұлға негізі отбасында қаланады. Одан әрі тұлғаның қалыптасуы отбасы-балабақша, отбасы-мектеп одақтарының ықпалымен өтеді. Тұлғаның қалыптасуына адамның (баланың) бос уақытын өткізетін ортасының, ол жүрген ұжымның әсері мол.Өмірде баланың ресми тәрбие орындарынан төрі, кездейсоқ ортадан алған әсерлер жетегімен кететін жағдайлары да ұшырасады.
Тұлғаның қалыптасу шегін айқындау мүмкін емес. Ол үрдіс өмір бойы жүріп жатады. Егер адам жеке басының бақыты мен қоғамның мүддесі үшін белсенді әрекет ете бастаса, сол кезден бастап оның тұлға ретіндегі әрекетінің мәні мен мазмұны туралы айтуға болады
Материалистік ұстанымға сәйкес, адам — тарихи процестің субьектісі, Жердегі материалдық және рухани мәдениеттің дамуы (homo zapiens түрінің өкілі). Адам табиғатынан мәдениетті игеруге,қоғамға енуге, әлеуметтік жан, тулға болуға қабілетті.
Егер адам қоғамда өсіп, өмір сүрсе, оның әлеуметтену қабілеті дамиды. Егер оның өмірі қоғамнан тыс болса, онын әлеуметтену қабілеті өшеді. Адам — тек қоғамда ғана адам.
Әлеуметтену, әлеуметтік рольдерді орындау барысында адам өзін қоршаған ортадан бөле отырып, өзінің «жеке»өмір сүруі туралы санасын қалыптастырады, өз мінез-құлығъшың негізі, өзегі ретіндегі өзінің субьективтік «Менін» сезінеді. Ол сондай-ақ мәдени идеалға ие болып, оған сәйкес келуге ұмтылады.
Барлық адам белгілі бір жалпы, барлығына ортақ қасиеттерге ие. Сыртқы келбеттерінің айырмашылықтарына қарамастан, барлық адамдар биологиялық тұрғыда бір түрге жатады. Жалпы қасиеттер социумға енуге қабілетті мінез-құлықтың жоғары дәрежедегі икемділігі.
Сонымен бірге адам — биоәлеуметтік тіршілік иесі:ол-табиғаттың бөлігі және әлеуметтік индивид, нақты қоғам мүшесі. «Адам»ұғымы биолоғиялық және әлеуметтік мәндердің бірлігі, бұл адамның әлеуметтік мәнінде табиғи негіздер жатқанымен, оны табиғаттың өзге бөліктерінен ерекшелендіреді. Әлеуметтік мәннің қалыптасуы, әлеуметтену процесі ондағы биологиялық бастамалардың жойылып кетуін білдірмейді, қоғам қажеттілігіне сәйкес биологиялық сапаларының әлеуметтікке айналуын білдіреді. Егер бұл процесс табысты өтсе, біз жеке тұлға туралы айтамыз. Жеке тұлғаның қасиеттерін түзу нерв әрекеттерінің, темпераментінің, нейродинамикалық, құрылымдық-биохимиялық процестер типінің ерекшеліктеріне байланысты болатынын ескерту қажет.Барлық тұлғалардың өзінің биологиялық, психологиялық сипаттамалары (эмоциялары, интелектісі, әдеттері, мінез-құлық стилі, құндылық бағдарлары және т.т болады. Бұл сипаттамалар әрбір тұлғаға жеке мінез береді.
Жеке тұлға — әлеуметтік сапалар жиынтығы бар адами индивид.Мұндай сапалары аз болған сайын, ол тұлғалық қасиеті де аз. Оны өз ішінднгі тұлға деп атауға болады, өйткені оның тұлғалық қасиеттері оның әрекеттерінен, қылықтарынан және басқа адамдарға қарым-қатынасынан көрінеді. Адамның қылықтары арқылы оның ішкі әлемі, адамгершілік және басқа қасиеттері (жағымды, жағымсыз) туралы пікір түюге болады.
Бұл мәселемен айналысатын ғалымдар «күнделікті маңызды роль атқаратын кейбір мінез-құлық үлгілері инстинкті болуы мүмкін», әйтсе де адамның барлық мінез-құлығын инстинктермен түсіндіруте болмайды, өйткені мұндай реакцияларды көбіне сыртқа жібере алмайды, бірақ туа біткен бейімділіктердің болатынын жоққа шығару қате болар еді дейді (Шибутани Т. Әлеуметтік психология М, 1989,448-бет.)
Оның үстінде, балалық шақта қалыптасқан сезімдер үлгісі бүкіл ересек өмірі бойымен өтетін үрдіс екендігін жоққа шығуға болмайды.Мысалы, кейбіреулер барлық беделді тұлғаларға -мұғалімге, полицияға, шеберлерге және т.б. — көбінесе өз ата-аналарына жасамайтын ілтипат жасайды. Кейбіреулер өз өмірі бойында ата-анасына деген жеке көрушілігін басқаларға аударады.
Әлеуметтік психологтар бәрінен де маңыздысы сезімді өз басьшан өткізеді. Мен — тұжырымдамасын адам әлеуметтік матрица ішінде жасайды, ол өзін өзіне басқалардың (яғни айналадағы жақьш адамдар) қалай қарағанына қарай бағалайды.
Өз құндылығын сезіну адамның өзіне тең санайтын адамының
махаббаты мен құрметіне байланысты.Педагогикалық және психологиялық практиканың көрсеткеніндей, кейбір ата-аналар өз балалары «жақсы» және олардың талаптарына жауап бергенде ғана оларды сүйкімді.Кейбір ата-аналар балаларьш өздері қол жеткізе алмаған ұмтылыстарын жүзеге асырушы деп таниды да, бала кезден бастап баласы ешқандай қызықпаса да, мансапқа жетуге дайындай бастайды.Мұндай балалар көптеген артықшылықтарға ие болады, бірақ олар сәтсіздікке де ұшырап, ұжданы алдында азап шегіп өзін ешнәрсеге қажетсіз деп санайды.
Адам өте жас болып және алда күтіп тұрған табыстар мен сәтсіздіктерге байланысты өзгермесе, оның өзіндік адамгершілік сезімі қалыптасады. Өзін сүйкімсіз деп санайтындардың басқаларды сүюі де қиын. Өзіндік адамгершілігі төмен деңгейдегі адам құрметтеу мен махаббатқа мұқтаж, бірақ ол өзін-өзі қорғау үшін пайда әкелетін нысаннан басқа біреуді сүюге қабілетсіздігін ойлайды.
Зерттеушілер жеке тұлға құрылымы төмендегідей компоненттерден тұратындығын көрсетеді:
Бірінші компонент — әр түрлі қасиеттер, өзара әсерлесетін қажеттіліктер мен мүдделер, идеялар, практикалық мақсаттар жүйесі енетін жеке тулғаның бағыттылығы. Бұлардың ішінде біреуі жетекші мәнге ие, ал қалғаңдары тірек болу ролін атқарады. Мысалы, танымдық қажеттіліктердің жетекші рольге ие болуы интеллектуалды әрекеттердің белсеңділігін арттырады.
Екінші компонент — табысқа жетуде жеке тұлғаның мүмкіндіктері, оның қабілеттері. Қабілеттер өзара байланысты және бір-біріне әсер етеді. Мысалы, А.С.Пушкин өзін тарихшы, талантты суретші ретіңде көрсете білсе де, оның ақыңдық дарыны басым.
Үшінші компонент —мінез, яғни адамның әлеуметтік ортадағы мінез- құлығының стилі.Мінез — адамның рухани өмірінің мазмұны мен формасының бірлігінен тұратын күрделі синтетикалық білім беру. Мінез жеке тұлғаны бүтіндей көрсете алмаса да, қасиеттер, бағыттылық пен еріктер, интеллектуалды және эмоционалды сапалар, темпераменттерден (мысалы, сангвиник, холерик және т.б) көрінетін тилологиялық ерекшеліктердің күрделі жүйесін білдіреді. Мінездер жүйесінен жетекші қасиеттерді де көруге болады. Оған, бірінші кезекте, моральдік (адамдарға деген қайырымдылық не рақымсыздық, айналасындағыларға деген жауапкершілік, қарапайымдылық және т.б), екінші кезекте ерік сапалары (табандылық, өжеттік, сабырлылық және т.б) жатады, олар белгілі бір мінез-құлық стилі мен практикалық міндеттерді шешу тәсілдерін шешеді.
Мінез дегеніміз оған тән мінез-құлыққа алып келетін тұрақты жоғары дәрежедегі дербес жеке тұлғаның ерекшеліктерінін жиынтығы (белгілі бір өмір суру жағдайлары мен шарттарында).
Сапалардың, мінездердің салыстырмалы түрдеіі тұрақты жүйесі бола отырып, бүкіл өмір жолы процесінде қалыптасып, дамиды. Мінез қоғамдық мінез құрылымында, яғни басқа тұлғаларға, өз-өзіне, ісіне қатысты көрінеді. Мінезді өзгермейтін статикалық сапалар жиынтығы ретінде қарауға болмайды. Мінез икемді және оны тәрбиелеуге болады.
Басқаларына сүйенетін төртінші компонент, әдетте «Мен» ұғымын білдіретін басқару жүйесі болып табылады.
«Мен» — жеке тұлғанын өзін тануы жөніндегі білім беру, ол өз-өзіне бақылау жасау және әрекеттер мен қылықтарды реттеу, өмірді жоспарлау.
Жеке тұлғанын шындық өмірмен байланысы психикалық процестерді қамтамасыз етеді, ол арқылы жеке тұлғаның қасиеті қалыптасады. Қалыптасқан қасиетгер ез кезегінде процесс ағымына әсер етеді. Жеке тұлғаның психикалық өмірінің құрылымы күрделі, көп қырлы және қозғалыста болады.Оның барлық компоненттері өзара байланысты және өзара шарттас.
Жеке тұлғаның дамуына байланысты оның құрылымында да өзгерістер болады. Сонымен бірге әрбір тұлғаның құрылымы шартты түрде тұрақты. Онда адамды адам ретінде сипаттайтын, одан өмір жағдайларында белгілі әрекеттерді күтуге болатын қасиеттердің типтік жиынтығы болады. Соған сәйкес, әр адам тұрақты және өзгергіш қасиеттер жиынтығы және осындай икемділік қана адамның өзімен өзі болуын қамтамасыз етеді, жағдайға сәйкес икемділік танытып, тиісті өмір сүруге мүмкіндік береді.
Жеке тұлғаның «құрылымы» күрделі. Неғұрлым қарапайым тұлғалық қасиеттер — жеке тұлғаның мәртебесі (статус). Көбінесе жеке тұлға мәртебесі жеке тұлға қасиеті құрылымындағы бастапқы сәт болып есептеледі де, ол көбінесе адамның мінез-құлығын, оның әлеуметтік ролін анықтайды.
Осылайша, «жеке тұлға» ұғымы адамға өз әрекеттерінен өрінетін әлеуметтік-маңызды сапаларын, қасиеттерін, әлеуметтік ағын бейнелейді (мысалы, адалдык, бір беткейлік, парасаттылық, ұқыптылық, білімділік және т.б.).
Жеке тұлғаның құрылысына биологиялық та, рухани да, әлеуметгік те, психикалық та әлементтер енеді. Бұл жеке тұлғаның барлық әлементтері құрылымдануы керек.Яғни олар бір-біріне қарсы келмей, бір-бірін толықтыруы, бір-біріне бағынуы, үндесуі керек. Егер мұндай үндесу болса, бұл басқа адамдармен әлеуметтік қарым-қатынасқа түсуге қабілетгі, салауатты, қалыпты жеке тұлға. Егер ол болмаса, онда ол ұйымдаспаған болып есептеледі, мұның өзі әлеуметтік байланыстар мен басқа да әмірлік қиындықтарды асқындыра түседі.
Адамның мәні қоғаммен бірге өзгереді және дамиды.Оның қоғамға енуі, қосылуы әртүрлі әлеуметтік қауымдасулар, жіктер топтар арқылы өтеді және осыған байланысты сан алуан әлеуметтік жүйелерге енгізіледі.Бұл жүйелер адамға ықпалын тигізеді.Бірақ адамның дүниетанымының өзгешелігі табиғи ерекшілікіердің негізінде қалыптасады. Адам өзіне ғана тән ұстанымдар мен құндылықтардың ойлау таптаурындары мен жүріс-тұрыстың қалыптарының сүйіспеншіліктер ме жек көрушіліктерінің, мақсаттары мен ниеттерінің, нанымдары мен теріс түсініктерінің кешенін, жиынтығын иеленеді. Бұл адамның балалық шақтан бастал қандай әлеуметтік ортада, отбасында, көшеде, мектепте т.т. өніп өскенін бейнелейтін жағдайларды көрсетеді. Әлеуметтік ортаның өзгеруіне бейімделу ағымында адамның үнемі өзгеріп, дамуына әсері тиеді.
Әлеуметтену жеке адамды қоғамның әлеуметтік маңызды ерекшеліктері мен әлеуметгік қатынастарының тұлғада айқын тұғасқан жүйесі ретінде түсіндіреді. Адамның қоғамға ену үдерісі, оның әлеуметтік байланыстарға қосылуы және әр гүрлі әлеумегтік қауымдасуларға интеграциллануы (біріктірілуі, тұтастыққа кірігуі) барысында даралықтың әлеуметтілігі қалыптасады.Биологиялық тірлік иесі рөлнде адамның әлеуметпк тіршілік жаратылысына айналуынын бүкіл үдерісі әлеуметтендіру деп аталады.Әлеуметтк кеністік биологиялық, табиғи жағдайлар сияқты аламның ішкі негізіне сай лайықты қасиеттер мен белгілерді қалыптастырады.
Әлеуметтену ұлымы пәлсапалық, психологиялық және әлеуметтанулық ғылымдарда жалпы мағынада дара тұлғаның, оның мәнінін жасалуы мен дамуы, қоғамның және әр түрлі әлеуметтік топтардын жасап шыққан мөлшерлерін, құндылықтарын, түсініктерін, таптаурындарын, дәстүрлерін игеру үдерісін бейнелейді.Әлеуметану — көп қырлы күрделі үдеріс.Ол биологиялық алғышарттармен қатар жеке адамның тікелей әлеуметтік ортамен өзара тығыз әсерлестігін де білдіреді. Әлеуметтену ағымында тәжірибелік қызмет, өсу арқылы өмірге қажетті дағдылары мен ептіліктері қалыптасады, ал олар қоғамдық қатынастарға, алеуметтік болмысқа икемделуімен сіңісуін жеңілдеттді.Нәтижесінде жеке адамның даралығы жасалынады
Жеке адамның даралануы, жекеленуі — ол оның қоғамдық өз қызметін атқаруды тиімді орында үшін қажетті әлеуметтік талаптардын, құндылықты мөлшерлік ұйғарымдардын, жекелік және іскке қасиеттерді, белгілі әрекеттерді күтулердің қосарлануының, үдерісі мен нәтижесі. Сөйтіп, құндылықты қазыналарды игеру барысында және онын қорытындысында жеке адамдардың мінез-құлқының ішкі әлеуметтік реттеуі жүйесі қалыптасадыұл жүйе меңгеріліген әлеуметтік реттеуіштер арқылы әлеуметтік талаптардан туындайтын үлгіге сай келетін тұлғаның жүріс-тұрысын қамтамасыз етеді.
Әлеуметтендіру адам мен ортаның байланыстар тұрпатына ғана емес,осы қоғамның даму дәрежесіне де тәуелді, үздіксіз, үнемі өтіп жататын үдеріс. Әлеуметтену өзіне, бір жағынан қоғамда қабылданған түсініктер, мәдени құндылықтар жүйесіне адамды тарту, қатыстыру мақсатында әлеуметгік жағдайлардың, әр түрлі әлеуметтік институттардың мақсатты бағыттағы оған жасайтын ықпалын қосады. Екінші жағынан, адамның өзінің әлеуметтену, қалыптасу үдерісі барысында жасайтын қызметі кіреді. Адам әлеуметтік ортада әрекет етіп оны өзгертеді, жетілдіреді және сол, бір мезгілде өзінің мәнін де өзгертеді, өзінің жаңа сапалары мен қасиеттерін қалыптастырады.Сондықтан адам әлеуметтену үдерісінде сыртқы дүниеге және өзінің ішкі, рухани дүниесіне ықпал ететін объект пен субъект ретінде шығады.
Осыдан келіп әлеуметтенуді адамның өзі тұратын қоғамнын мәдени жүйесін ұғыну деп қарайды. Ең алдымен,жалпыға маңызды жеке адамның әлеуметтік кейпін белгілейтін және оның қоғамдық пен жеке тұлғалық өзін-өзі көрсетуге мүмкіндік туғызатын мәдени жүйесін құратын ұжымдық мөлшерлерді меңгереді.Ұжымдық жүріс-тұрыс мөлшерлерін кісінің игеру дәрежесі жоғары болуы соншалық, олар енді тұлғаның ажырағысыз бөлігіне айналады әне гүптін түбінде онын барлық қылықтарын еріксіз, өздігінен әрі андаусыз бағыттап тұрады.
Әлеуметтену тұлғаның әлеумеітік қасиеттерін қалыптастыру үдерісі ретінде танылады. Әлеуметтену үдерісі, ең алдымен осы субъекі құрамында болатын немесе өзіне-өзі таңдап алатын әлеуметтік топтармен өзін ұқсастырудан білінеді. Адам өмір бойы жағырапиялық немесе тарихи негізі бар топтардың, отбасынын таптың, ауыл мен аймақтың,ұлыс пен ұлттың құрамына табиғи енгізіледі.Адам бір уақытта үш бірдей ұйымдастыру үдерісіне биологиялық жаратылыс, даралық ерекшелік және белгілі әлеуметтік топтың мүшесі ретінде қатыстырылады.
Жеке адамның осындай қатыстылығы, тиістілігі әлеуметтік топтың өткені мен қазіргі тәжірибесін және болашақ жоспарын бйнелейтін топтық еұндылықтар мен мөлшерлсрді мойындау және дербес түйсіну арқылы көрінеді. Осы жағдайда кісінің білім деңгейі және оның жеке мәртебесі анықталады. Егер жеке тұлғаның даралық қасиеттерінің көрінулері жемісті болғаны көзделсе, онда қоғамның мәдени мұраларының неғұрлым көп бөлігін және күнделікті көп тараған түсініктерді және сезімдерді меңгеруі керек. Сөйтіп әлеуметтену ағымында жеке адамға қоғамның мәдени жетістіктерін неғұрлым көбірек өз бойына дарытып, сіңіріп алу мақсаты тұрады. Осының негізінде ғана дара адамның жасампаздық әлеуеті көбейтіледі, оның әлеуметтік қызметінің шығармашылық кепілі жасалынады.
Осылайша, егер әлеуметтендіру процесі табысты жүрсе, онда ол: адамның мәдениетке қол жеткізуін, өзі жататын қоғамдағы әлеуметтік нормалар мен құндылықтарын өмір бойы игеруін қамтамасыз етеді.
Қазіргі социологияда жеке тұлға типологиясын құндылық бағыттылығына байланысты бөлу кеңінен тарауда.
Дәстүрлі бағыттағылардың борыш, тәртіп, заң тыңдау, сол сияқты дербестік, тіл табысқыштық, өзін жүзеге асыру сияқты қасиеттері неғұрлым төмен.
Идеалистердің, керісінше, дәстүрлі нормаларға, тәуелсіздік және беделге бой ұсынбау, қанлай жағдайға болмасын, өзін дамытуға деген сындарлы көқарасы айқын байқалалы.
Жеке тұлғның фрустрирланғын (сөбе сөз қиындықта қалған) типі үшін өзін-өзі төмен бағалаушылық, жабырқаушылық, тұнжырау, өмір ағымынан өзін лақтырып тастағандай сипат тән болады.
Реаяистерде борыш пен жауапкершілік сезімін дамыту арқылы өзін жүзеге асыруға,өзіндік тәртіп пен өзін бақылауы басым салауатты скептицизмге ұмтылу басым болады.
Гедонистикалық (грек. һеdone — рахаттану) материалистер алдымен «осында және қазір» ләззат алуға бағытталады және бұл өмір рахатын алуға деген құштарлығы тұтынушылық тілегін қанағаттандыру формасына ие.
Социологияда жеке тұлғаның модалді, идеалды, базисті типтері бар. Жеке тұлғаның модальді типі — осы қоғамда шынайы орын алғандар.
Жеке тұлғаның идеалды типі нақты жағдайларға байланысты болмайды. Жеке тұлғаның бұл типі болашаққа тілек сияқты. Мысалы, К. Маркета жан-жақты және үйлесімді дамыған тұлға.
Жеке тұлғаның базисті типі қоғамдық дамудың казіргі кезеңдегі қажеітіліктеріне жақсы үлгіде жауап беретіндер.
Басқаша айтқанда, жеке тұлғанын әлеуметтік типі қоғамдық жүйенің аламның құндылық бағыттарына және олар арқылы нақты мінез-құлыққа әсер етуіне қарай бейнелену.
Осылайша «әлеуметтендіру» ұғымы жалпы мағынада алғанда адами индивидтің әлеуметтік қалыптасу процесін, оның әлеуметтік табиғатын қалыптастыру мен дамуын білдіреді.
Әлеуметтену — индивидтің нақты қоғамға, әлеуметтік топқа тән құндылықтарды, нормаларды, мінез-құлық үлгілерін игеріп, тұлғаға айналу процесі. Әлеуметтану бастапқы балалық шақ, бозбалалық кезең, жастық шақ) және екінші (егде жас) болып бөлінеді.Социология ғылымы «ұрының баласы — қашанда ұры, ал текті ата-анадан тек бейкүнә әрі тәртіпті бала туалы» деген сыңаржақ тәмсілмен келісе алмайды. Өйткені адам анасынан бірден мәдениетті болып тумайды, тәрбиелеу, білім алу және қоғамды ғұмыр кешу процестерінде ғана қалыптасады.Әлеум мәдени қасиеттер мен құнды лықтарды мұралау өзгеше, биол емес әдіппен, яки ұрпақтан ұрпаққа тарау тетігі арқылы әлеумет, жүйесімен жүзеге асады;әрбір индивид, әр жаңа ұрпақ өздері туып, өмір сүріп жатқан әлеуметтік жүйенің мәдени мұрасын игерудің өзіне тән ерекше жолынан айнымай жүріп өтеді.Осынау маңызды процесті ғылымда «индивиттің әлеуметтенуі»деп атайды.
Әлеумет – тура мәнінде,жарық дүниеге келген, адамзат мәдениетін игеруге бағдарланған адам баласын дамытып, өзінің тұлғалық психологиялық ерекше қасиеттерін, сондай – ақ қоғамдық өмірге араласуына мүмкіндік беретін әлеуметтік тұрпаттық, әлеуметтік маңызды қасиеттерді, білім мен білікті бойына жинақтаған тең құқылы тұлғаға айналдыру жолы.Сондықтан әлеуметтану дегеніміз – индивидтің әлеуметтік ортамен диалектикалық әрекетесу процесі, оның барысында, бір жағынан – адам бойындағы табиғи, психологиялық өскін жетіліп, өркендей түседі, екінші жағына қоғам тұлғаны тәрбиелеу, білім беру мәдениетке ұмтылдыру арқылы оған тұлға тән әлеумет мәні мол қасиеттерді сіңіреді.
Көпшілік зерттеушілердің пікірінше, адамның әлеуметтенуі белсенді түрде өтетін процесс болғандықтан, ол бүкіл өмір бойына созылмайды. Ол тек ауытқымалы мінез-құлық нормаларының жиыны тұрақты орнығу үшін, әлеуметтік ой-пікірлері мен дүниеге көзқарасы және т.б. қалыптасу үшін, әлеуметтік ой-пікірлері мен дүниеге көзқарасы және т.б. қалыптасу үшін қажетті болатын мерзімге ғана, яғни адамның жеке басының адамдық кейпінің қалыптасуына керекті уақытбойына созылады.Ол, орта есеппен алғанда, 23-25 жасқа дейінгі мерзім, Ал ересек, яғни әлеуметтеніп үлгірген адамдардың бір әлеуметтік жағдайлардан басқаларына ауысуына байланысты жана рухани байланыстар мен ауытқымалы мінез-құлық нормаларын меңгеруіне келсек, мұны әлеуметтену емес, әлеуметтік бейімделу деген дұрыс сияқты. Мәселен, бұрын партия-совет жұмысында немесе мұғалім болып жүрген кейбір адамдар қазір молда болып немесе бизнеспен айналысып жүр, яғни жаңа жағдайға бейімделіп, пайда табумен айналысуда. Бұл әрине әлеуметтену процесіне жатпайды.
Адамның әлеуметтену процесін әдетте үш кезенге бөледі: а) бастапқы әлеуметтену немесе баланың әлеуметтенуі; ә) аралық әлеуметтену немесе жасөспірімнің әлеуметтенуі; б) орнықты немесе біржола әлеуметтену. Бірінші кезең, негізінен, семьяда және балалар бақшасында тәрбиедену кезеңімен, екінші кезеңі 17-18 жасқа дейінгі орта мектептегі оку-тәрбие кезеңімен сәйкес Келеді. Ал үшіншісі жасөспірім шақтан ересек шаққа өту кезеңін, яғни 17-18 жас пен 23-25 жастар арасынан қамтиды, Бұдан кейін әлеуметтенген, қалыптасып біткен адамның әрі қарай дамуы мен бейімделуі басталады. Демек, казіргі заманғы адамның әлеуметтену дәуірі, негізінен, оқу арқылы білім мен тәрбие алу кезеңіне сәйкес келеді.
Бұл айтылғаннан адамға білім беру және оны әлеуметтендіру бір нәрсе екен деген ұғым тумайды.Адамды ғылыми білімдермен қаруландыру әлеуметтендірудің тек негізі ғана, себебі әлеуметтендіру ұғымының мазмұны мен көлемі білім беру процесінен әлдеқайда кең жатыр. Олай болса, адамды әлеуметтендіру деген не, ол ұғымнын мазмұны қандай?
Бұл ұғымға түрлі әдебиетте түрліше анықтама беріледі. XIX ғасырдын аяғы мен XX ғасырдын басында пайда болған «әлеуметтендіру» термині адамнын әлеуметтік табиғатының немесе мінез-құлқының дамуын белгілеу үшін қолданылады. Казіргі кезде Батыс елдерінде, оның ішінде АҚШ-та социологтар бұл терминді тар мағынада сыңаржақ қолданады: жеке индивидтің группалық нормаларды қабыл алу жолы, оқыту процесі, қоғамдық нормаларға іс жүзінде үйрету процесі мағынасында ғана қолданылады. Осы тұрғыдан алғанда, олар әлеуметтік ортаға бейімделе білген баланы «әлеуметтенген бала» деп, ал бейімделе алмаған баланы «әлеуметтенбеген» деп сипаттайды. Қысқасы, олардын барлығы, сайып келгенде, «әлеуметтендіру» ұғымын адамның өз мінез-құлық системасына жоғары топтар (билеушілер) тағайындаған ережелерді пассивті түрде енгізіп, қабыл алу мағынасында түсінеді.
Әлеуметтендірудің марксистік ұғымы адамның бүкіл рухани өмір прогресін білдіреді. Адам мінез-құлықтың, мәдениеттің дайын үлгілерін жай қабылдап қана қоймайды, оларға деген өз қатынасын білдіреді, оларды не мақұлдап, не терістеп, белсенді түрде әрекет етеді, сөйтіп ол өзін қоғамдық қатынастардың тек объектісі ғана емес, оларды өзгертетін жаң, субъекті, ретінде де көрсетеді.
Жас ұрпақты әлеуметтендірудің марксистік ғылыми теориясы жас ұрпақты тәрбиелеу процесі мен оқыту арқылы білім беру процесін бірлікте қарастырады, өйткені қазіргі заманғы ғылыми-техникалық прогресс оқыту процесінің білім беру, оқыту арқылы адамды дамыту міндетімен бірге, сондай-ақ тәрбиелеу міндетіне де жоғары талаптар қойып отыр. Қазіргі заманғы окыту мен тәрбиелеу дегеніміз жас адам тұлғасын қалыптастыру үшін оған жоспарлы да мақсатты түрде әсер ету — оның еңбекке деген білігі мен қабілетін дамыту, болашақ кәсіпті еркін таңдай білу, қысқасы, оның бойында еңбек сүйгіштік қасиетті қалыптастыру деген сөз, ал бұл соңғы дүниеге ғылыми-материалистік көзқарасты, берік сенімді қалыптастырумен ұштасып жатыр. Ал табиғат пен қоғам жайлы ғылым негіздерін терең де жан-жақты меңгермейінше ғылыми көзқарасты қалыптастыру да, жасампаздықпен енбек ету де мүмкін емес.
Жас адамның творчестволық қабілеттерін белгілі бір идеялық мазмұн бағытында тәрбиелейтін оқыту системасы сонымен қатар дүниеге көзқарасты дұрыс қалыптастырудың шарты болады. Ғылыми көзқарасты қалыптастыру процесі неғұрлым дәлелділікке, оның мазмұнының ақитқаттығына деген сен імге негізділсе, ол соғұрлым берік болады.Олай болса, дүниеге ғылыми көзқарастың негізін ішкі сенімге айналдырған білімдер құрады. Дүниені өзгертуге бағытталған жасампаз да белсенді іс-әрекет үшін даму зандылықтарын дұрыс түсіну әлі жеткілісіз, сонымен қатар берік сенімі мен ерік қайраты бар адамдар қажет. Олай болса, ғылым ашқан теориялық қағидалар мен заңдылықтарды жас адам өздігінше «қайта ашып», саналы түрде ұғынуы, оларды қорғай білуді және іске асыруды үйренуі тиіс.
Сенімге айналған ғылыми білім ғана адамға жол көрсететін «жетекші», өздігінше бір рухани «ақылшы» болады. Білімдер мінез-қүлық факторы ретінде сенімге айналады. Ал бұл бүкіл қоғамдық қатынастардың және рухани мәдениеттің әсері арқылы қалыптасады. Ол — адамның білім мен негізгі әлеумегтік дағды-іскерліктерді меңгеру кезеңінде, яғни әлеуметтену процесінде қалыптасады. Берік сенімнің болуы — адамның кемелденгенінің, әлеуметтенгенінін белгісі, рухани дербестігінің көрінісі.
Терең мазмұнды кәсіптік білімі бар адам өзінің іс-әркетінде жауапты шешім қабылдаудан қорықпайды, өйткені ол өз білімінін ақиқаттығына кәміл сенеді. Ондай білімі жоқ адам әдетте жалтақшылдық, батылсыздық көрсетіп, басқа біреудің айтқанымен жүруге тырысады. Сондықтан адамның білімі күнделікті өмірде қолдану тауып, практикамен тығыз байланыстырылғанда ғана, мінез-құлықтың нормасына айналғанда ғана адамнын құнды қасиетіне айналады.
Мысал үшін орыс ұшқышы М.П.Девятаевтың «Тозақтан кашып шығу» деген кітабында баяндалған, 1941-1945 жылдары Отан соғысында көрсеткен батырлык ісін келтірсе де болады. Ол фашистердің тұткынында жүріп, жаудын самолетін пайдалана білудің аркасында өзімен коса жолдастарын да концлагерь азабынан кұтқарды. Егер оның терең соғыс-техникалық білімі болмаса, фашистік концлагерьден қашып құтыла алмас еді, ткені ол ерлікті жасау үшін дұшпанға деген өшпенділік пен анға деген ыстықсезім әлі жеткіліксіз.
Демек, жас ұрпақты әлеуметтендірудін басты саласының бірі -еңбекке, еңбек сүйгіштікті тек сәз жүзінде ғана тәрбиелеу емес,оны іспен қалыптастыру. Басқаша айтқанда, жас ұрпақты белгілі бір кәсіптерге үйретіп, іскер етіп тәрбиелеу, яғни кәсіптендіру оны әлеуметтендірудің басты бір шарты болып табылады.
Білім беру мен тәрбие берудің бірлігін оқыту деп айтамыз. Оқытудың кәсіптендіру міндетінін мәнін түсіну үшін, онын ғылыммен арақатынасын анықтап алған жөн.
Казіргі ғылыми-техникалық прогресс тұсында ғылым қоғамның тікелей өндіргіш күшіне айналды. Бұл айналыстын жолы мынадай: ғылым ашқан жаналықтар тез арада өндіріс техникасы мен технологиясына айналады, ал сол техникада жұмыс істейтін адамда да осындай білім болуы тиіс, онсыз адам техникада жұмыс істеуге жарамайды, яғни жаңа техникаға енгізілген ғылыми білім адамға да енгізілуі тиіс, Бұл процесті мынадай схемамен көрсетуге болады: ғылым — өндіріс техникасы — адам.
Ал адам ол білімді негізінен оқу системасы арқылы адады, олай болса әлгі схемадағы «адамның» орңына «оқыту системасын» қояйық. Сонда мынадай схема шығады: «ғылым — өндіріс техникасы — оқыту». Сөйтіп, ғылым, өндіріс техникасы және адам арасындағы бұл өзара байланыс орта және жоғары оку орындарына адамды кәсіптендіру міндетін жүктейді: оқу орындары жас ұрпақты өз дәуіріне сәйкес ғылыми біліммен қаруландыруы тиіс.
Әндіріс техникасы мен технологиясы неғұрлым жетіліп, күрделіленген сайын оларды жасайтын және пайдаланатын еңбекшілердің білім дәрежесі де соғұрлым жоғары болуы тиіс. Еңбекшілердің білім дәрежесінің жоғары болуы қазіргі ғылыми-техникалық прогрестің әрі салдары, әрі шешуші бір факторы болып отыр. Осы тұрғыдан алғанда, білім беру, оқыту жүйесі ғылыми-техникалық революциянын құрамында ғылым мен өндірісті байланыстырушы аралық элемент болып табылады: ғылым — оқыту — өндіріс.
Бұл схемадан көретініміз: енбекші халыкты ғылыми біліммен қаруландыратын оқыту системасы ғылымның тікелей өндіргіш күшке айналуының маңызды бір факторына айналды, яғни қазіргі кезде ғылым қоғамның тікелей өндіргіш күшіне тек техника, технология арқылы ғана емес, оқыту системасы арқылы да айналады. Демек, оқыту системасы қазіргі жағдайда адамды, әсіресе жас ұрпақты мамандандырудың, маман жұмысшы әзірлеудің құралына айналды.
Еңбектін өндіру күші түрлі факторлармен, оның ішінде, Маркстің сөзімен айтканда, «жұмысшы өнерінің орташа денгейімен»(К.Маркс. Капитал. I т. 56бет),яғни оның мамандық деңгейімен де анықталады, ал техника дамыған сайын мамандыктың деңгейі жалпы білім дәрежесіне тәуелді бола түседі. Мәселен, бұдан бір ғасыр бұрын капиталистік өнеркәсіп революииясы бастауыш мектеп көлемінде оқу, жазу, санауды өзіне сәйкес білім негізі ретіндеталап еткен болса,ал одан кейінгі техникалық прогресс 7-8 жылдық білімді талан ететін болды. Егер өнеркәсіптік революциядан бастап XX ғасырдың 30 жылдарына дейін бастауыш білім жалпыға бірдей міндетті талап болған болса, ал одан кейін, әсіресе 50 жылдардан бастап барлық дамыған капиталистік елдерде білім беру системасы орта білімге көше бастады. Кейбір американдық экономист-социологтардың есептеуінше, І930жылы 8жылдық білім кәсіптердің 58процентін меңгеру үшін жеткілікті болған болса, 1970 жылы ол кәсіптердің тек 6 проиентін ғана меңгеруге жарамды болып қалды. Ал орта және ортадан жоғары білімді талап ететін жұмыстардың үлесі осы уақыт ішінде 10 проценттен 68 процентке дейін жетті (Е.И.Мирская, Э.М.Мирский. «Наука, технология, обшество». «Вопросы философии», журн., №5, 1970).
Білім беру жұмысшы күшін қайта қалпына келтірудің қажетті шарты болып табылады. Мәселен, мектепте бірнеше жыл оқымаған адам, зерттеулерге қарағанда, қазіргі кездегі мамандықтарды меңгеру қабілетінен айырылады. Ал оқу орындарында жақсы ғылыми даярлық алу — өндірістік мамандықтарды игерудің сенімді кепілі болып табылады.
Жалпы білімнің дәрежесі жұмыстар мен кәсіптердің жаңа түрлерін тез меңгеруге тікелей әсерін тигізеді. Мәселен, жалпы білімдік даярлықтың әрбір класы (6-8 кластар аралығында) кәсіптердің жаңа түрін меңгеруді, орта есеппен, 50 проиентке жылдамдатады.
Демек, жалпы отра білім жас ұрпақтың болашак өндірістік кәсіптенуінің негізі болыпта былады, ал бұл жалпы орта мектепке жастарға қазіргі ғылым мен техниканың талаптарына сәйкес терең мазмунды білім беру міндетін жүктейді.
Жоғары және орта арнаулы оқу орындары өндірісті кәсібі бар жұмысшылармен — мамандармен тікелей қамтамасыз етеді, ал жалпы білім беретін орта мектеп барлық мамандық иелері үшін болшақ кәсіптік даярлықтың негізін салып береді.Сонымен, педагогикалық тұрғыдан алғанда, жас ұрпақты әлеуметтендіру ұғымы мынадай құрамдас бөліктерден тұрады екен: а/ жас ұрпаққа жаратылыстану және қоғамдық ғылымдардың негіздерінен және мәдениет байлықтарынан терең білім беру; ә/ осы білімдердің негізінде оларды белгілі бір практикалық қызметтер саласынан тиісті іскерліктермен және дағдылармен қаруландыру; б/оларда белгілі бір мінез-құлықтар мен қоғамды міндеттердін нормаларын, ой-пікірлер мен ғылым көзқарастарды қалыптастыру және, ақыр соңында; в/ есейіп, ақыл-ойы толысып әлеуметтенген жас адамға қайнаған әлеуметтік өмірге жолдама беру, өйткені адамның әлеуметтік кейпіне тән адамдық қасиеттер мектеп бітіргеннен кейінгі қоғамдық-әлеуметтік, саяси және мәдени өмірге, жасампаз енбекке араласу барысында бір жола қалыптасады. Сол себепті кейбір жеке жағдайларда әлеуметтену процесі 30 жасқа дейін созылып кетуі де мүмкін.
XIX ғасырдың аяғына дейін жас ұрпақты кәсіптендіру және әлеуметтендіру процестер( негізінен, семья арқылы, енбек процестеріне тікелей араласу барысында сол айналадағы әеуметтік ортада ғана жүзеге асып келген болса, ал XX ғасырдың басынан бері, әсіресе ғылыми-техникалық революция басталған 50-жылдардан бері қарай,оқу-тәрбие мекемелерінің рөлі барған сайын артып келеді, өйткені қазіргі кезде қоғамдық өндіріс пен әлеуметтік әмірге араласу үшін әрбір адам көп жылдар бойы алдын ала оқу-тәрбие системасының «өңдеуінен» өтіп, болашақ қоғамдық-әлеуметгік қатынастарға әзірленуі қажет:
Жағдайдың бұлайша өзгерреніне қарамастан қазіргі заманғы Батыс социологтары мен педагогтарының бір тобы білім беру системасын сыңаржақ қарастырып, оны түрліше әлеуметтік-экономикалық және саяси құрылыстан тәуелсіз дербес мекеме түрінде түсіндірсе, Ф.Кумбс, Т.Парсонс, Ф.Драккер сиякты енді бір социологтар тобы, керісінше, оның рөлін абсолюттендіріп көрсетеді.
Мұны дұрысырақ ұғыну үшін адамды әлеуметтендірудің буржуазиялық концепцияларын қарастырып көрген жөн. Мұндай кониепциялар алуан түрлі, бірақ олар адамнын мәнін және оны әлеуметтендіруді, жалпы адғанда, не объективтік-идеалистік, не субъективтік-идеалистік тұрғыдан түсіндіреді. Біріншісі негізінен адам өмірінің рухани жағын асыра бағалап, оны діни онтология тұрғысынан, аллатағаланың өмірімен түсіндіреді.
XX ғасырдың 70-80 жылдарынан бастап адамды меттендірудің прагматизм, экзистенциализм сияқты субъективтік-идеалистік философиялар тұрғысынан түсіндіретін соииологиялық бағыттары кеңінен тарады. Бұлар адамнын табиғатын нетаза психологиялық тұрғыдан, немесе «техникалық», «технологиялық детерменизм» тұрғысынан түсіндіріп, қазіргі адамның табиғаты мүлдем өзгергенін дәлелдеуге тырысады. Бұл теориялар қазіргі заманғы адам қарабасының қамын ғана ойлайтын, таптық-әлеуметтік мүдде дегенді білмейтін, мүмкіндігінше мол пайда тауып, қымбатты жақсы заттарды мол тұтынуды ғана ойлайтын, соған талпынатын «жаңа» адам дег түсіндіреді; яғни қазіргі адам — «тұтынушы адам». Бұл сияқты бұрмаланған, ғылымға жат концепциялар қазіргі заманғы буржуазиялық оқу-тәрбие системасының теориялық және методологиялық негізін құрады.
Оқу-тәрбие жүйесінің жас ұрпақты әлеуметтендіру міндетін субъективтік-идеалистік тұрғыдан түсіндіретін концепциялардың кең тараған түрлерінің бірі — американдық прагматизм педагогикасы. Бұл педагогиканын теориясы мен практикасын егжей-тегжейлі белгілеп берген философ-педагог Д.Дьюидің пікірінше, тәрбиенің басты мақсаты баланың өз тәжірибесін ұдайы еске алып, оның жеке басынын мүддесі мен үмітін қанағаттандыру болуы тиіс. Прагматистер адам психикасының әлеуметтік табиғатын мойындамайды, тәрбиеленушінін санасын, ойы мен еркін бағаламайды, тәрбиелеу ісін тұқым қуалаушылықтың фаталистік занына бағынатын пассивтік процесс деп қарастырады. Мәселен, А.Комбс деген прагматистің пікірінше, әрбір бала «байқап көру және қателесу» әдісін қолдана отырып, сыртқы ортаға бейімделудің ең дұрыс жолын өздігінше табуы тиіс.
Демек, прагматизм баланы өмірдің мәніне қарабастың қамы, пайдакүнемдік тұрғысынан қарауға үйретеді, адамды жастайынан-ақ дарашылдыққа, байлыққа талпынуға, қулық-сұмдыққа тәрбиелейді. Итальян мектебінің 11-12 жасар оқушыларына арналған әдебиеттік оқу хрестоматиясында, мәселен, бір американдық бала жайлы мынадай әңгімені оку ұсынылған: үй маңындағы бақшаның топырағын қопсытсаң, бес доллар берем дейді анасы баласына. Бірақ өзі колына күрек ұстағысы келмеген бала бір айланы ойлап табады. Ол бақшаны теңдей төрт бөлікке бөледі де өзінін бірнеше жолдасын шақырып алып: «әрқайсың бір-бір бөліктен алыңдар да жарыса қаза беріңдер. Бірінші болып бітіргеніңе бір доллар берем» — дейді. Сөйтіп бала қолына күрек ұстамай-ақанасы берген бес доллардын төртеуін өз қадтасына садып алады.
Әңгіменін соңындағы ескертуде мынадай «моральдық ақыл-кеңес» берілген: «Адалдық ережелеріне қайшы келмейтін ептілік мадақтарлық нәрсе. Бұл бала қу, бірақ арсыз емес. Сондықтан біз оны кішкентай бизнес меннің үлгісі ретінде мысалға келтіріп отырмыз» (Ә.Х.Тұрғынбаев. Ғылы.ми-техникалық революция және білім беру. Алматы, 1975, «Мектеп», 225-6.). Шынын айту керек, жас ұрпақты әлеуметтендірудің мұндай прагматистік жолдары біздің елдің мектептерінде де орын алып келеді.
Баланың жеке басының тәжірибесін асыра бағалау прагматистерді мектепте жүйелі түрде ғылыми білім берудін маңызы мен рөлін төмендетуге әкеліп соқтырады. «Баланың өз дамуына», «іспен оқыту» теорияларына негізделген прагматизм педагогикасының басты принципі — «оқу пәнінің нақты мазмұнын оқушынын әуестенуіне қарай аңықтау» көпшілікке арналған американдық мектептерде (бұлардан басқа тағы да қалталыларға арналған ақы төлейтін арнаулы мектептер бар) оқу пәндерінің көпшілігін оқушының өзіне тандататын «селективтік спстема» деген кеңінен тараған.
Батыс елдер мектебінің шегіне жеткен дарашылдық принципі экзистенциалистік теорияға негізделген оқу-тәрбие системасынан айрықша көрініс табады. Бұл принцип бойынша адамның негізгі қасиеттері мен сапалары әзбетінше дамиды, оған сырттан әсер етуге әрекет жасаудың зияннан басқа пайдасы жоқ, сондыктан мектептегі тәрбие әрбір адамның жеке басынын «өзбетінше жетілуі және өзін-өзі көрсете білуі» үшін ғана жағдайлар жасауы тиіс. Экзистенциализмнің кез келген ғылыми білімге теріс қарауы оқу пәндерінің мазмұнына теріс қарауға әкеп соғады: оқушылардың өзі өзін, өзінің ішкі рухани дүниесін дұрыс тануына көмектесетін білімдер ғана оқудың негізін қүруы тиіс, басқадай білімдердің пайдасы жоқ. «Жер Күнді айналама ма, немесе, керісінше, Күн Жерді айнала ма? — оның бәрі бір, ол бос сөз» — дейді А.Камю деген экзистенциалист.
Буржуазия социологтары мен педагогтары мектепттің саяси-идеологиялық таптық міндетін бүркемелеп келген «мектеп — саясаттан тыс» деген бұрынғы жалған ұранын лақтырып тастап, соңғы кезде мектептің жас ұрпақты саяси жағынан әлеуметтендіру мүмкіндігін пайдалануға күш салуда. Мәселен, Г.Алмонд және С.Верба деген буржуазия социологтары Батыс Европадағы бес басты капиталистік елде жүргізген социологиялық зерттеулерін қорытындылай келе, терен білім беруді дұрыс жолға кою «саяси мүдденің және саяси әрекеттің» жоғары дәрежеде болуына игі әсерін тигізеді деген тұжырым жасады.
Саяси әлеуметтендірудің негізгі міндетін американдық социолог Т.Парсонс өзінің «Школьный класс как социальная система» деген кітабында айқын сипаттап берді. Автордын лікірінше, мектептің жастарды саяси жағынан әлеуметтендіру қызметінің мәні сол, ол балалардың «бүкіл қоғам» көлеміндегі саяси мәселелерді және сондай-ақ қоғамның ішкі құрылысындағы ерекше саяси міндеттер мен рольдерді дұрыс бағдарлай білу қабілетін дамытуы тиіс. Ол саяси мәселедер. әринс, буржуазия қоғамының таптық мүдделерінен туып отырған мәселелер.
Буржуазия педагогтары мен социологтары жас ұрпақты саяси жағынан әлеуметтендіруді мүмкіндігінше ерте бастауды, атап айтқанда, бастауыш мектепте-ақ бастауды ұсынады, өйткені айтқанына иландыру, идеологиялық қысым жасау сиякты арнаулы педагогикалық әдістердің көмегімен саяси тәрбие беру бастауыш кластар жасында оңай болады: бастауыш мектепте оқу жылдары адамның негізгі саяси бағдарларының жақсы дамитын кезеңі болып табылады. Сол себепті бастауыш мектепте окушылардың белгілі бір саяси мәселелерге деген сезімдік-эмоииялық қатынасын оятуға баса назар аударылады.
Сөйтіп, буржуазиялық мектептердегі тәрбиелеу системасында оқушыларды саяси жағынан әлеуметтендіру басты бір орын алады. Сондықтан да адамды әлеуметтендірудің саяси жағы қазіргі кезде көптеген батыс елдеріндегі, сондай-ақ бізде де, соииологтардың, педагогтар мен психологтардың зерттеу жұмыстарынын негізгі тақырыбына айналды, өйткеиі, олардың пікірінше, капиталистік қоғамды қорғап, «мәңгі-баки»сақтаудың басты бір жолы — «саяси сенімді азаматтар» тәрбиелеу, яғни қоғам өмірін өзгертуге әрекет жасайтын белсенді күрескерлср даярламай., буржуазиялық тұрмыс тәртіптерін оңай қабылдайтын, соны қалайтын, соны қорғайтын адамдар қалыптастыру болып табылады.
Адамдардың қоғамдық қарым қатынастағы жеке тұлғаның қарым – қатынас негізінде біріккен қызмет процессінде интериаризация – экстериарихация механизмі жатыр.
Баланың жеке тұлға ретінде дамуында өзге адамдармен қарым – қатынасы маңызды.
Интериоризация түсінігінде үш әр түрлі бұрышты (жақты) болу қажет.
Бірінші жақ деп жеке тұлғалықты атауға болады. Бұл жақтың ашылуы Л.С.Выготскийдің мәдени дамуындағы негізгі генетикалық заңдылығын көрсетуге мүмкіндік береді. Баланың ұжымдық қызметінен жекелікке оның қызметінің өзіндік психологиялық формасына Л.С.Выготскийдің жұмысында (еңбегінде) сыртқы қоғамдық әңгіме «әңгіме өзгелер үшін, ал ішкі әңгіме өзі үшін» деген қорытынды жатыр. Егер зерттеуші бұл жақты ашуды мақсат етсе, Л.С.Выготский ұсынған зерттеу бағытын қоғамдық қарым – қатынас қызметінің процесіне алып келеді. Бұндлай зерттеулер бар. В.В.Абраменконың зерттеуінде мектепке дейіңгі балалардың біріккен қызметі барысында тұратын жаман қарым – қатынасты көрсетеді. Басында біріккен қызмет баланың жаман қылығын толғымен анықтайды. Кейін ол қылығы өзгенің жетістігі мен жеңілісіне уайымдауда байқалады.
Онтогенезде бұл жақтылықтар ауысып тұрады. Егер балаларда жат қылық қарым – қатынасты тудырса, ол үлкендерде ол жақтылық нақты бір қызметте таңдау жасатады. Бұл дилалектика қарым – қатынас қызмет арасының дамуында креғарлықты мойындайды.
Екінші жақ түсінігі «интериоризация». Бізден Мен дегенге өту ол интилизация терминіне жақын. Бұл жақты меңгеруге жеке тұлғаның өзін түсіну қиындығы қарастырылады. Бұны иллюстрациялау үшін С.Л.Рубенштейннің бақылауына үңілгенде байқауға болады. Екі жасар баланың өзін үшінші жақта атауы (Пети, Ваня өзге адамдар атағандай) тек бірінші жақта, «мен» дегенде бала өзіндік Менді түсінеді. Бұл аспектіні меңгеру өз зерттеушілерін әлі күтуде.
Үшінші жақ ол көбірек зерттелген – бұл сапаның ішкі жоспарының өндірісі секілді (П.Л.Гальперин, В.В.Давыдов, Н.Ф.Талызина). бұл сыртқы материалды ішкі идеялдығы тікелей механикалық түрде ауыстыру. Бұл А.Н.Леонтьевтің жалпы психологиялық теориясына сай келеді, ішкі және сыртқы қызмет бір деген. Бірақ бірлік мысалы ой мен сөз бір дегенге Выготский келісе алмайды. Механикалық түрде сырттан ішке ауысуда бірнеше ерекшеліктерді көрсетейік. Қоғамдық сөз өзгелер үшін деген өзім үшін дегенге ауыстыру ішкі сөзді грамматикалық және сематикалық құрылысын өзгертеді. Бұны түсіндіру үшін Л.С.Выготскийдің идеясын басты етіп қою керек. Адамдардың өзара араласуы Л.Л.Бахтин бойынша диалогты, болып келеді.
Аналогты өзгерістер үшін сөзде болады, сонымен басты критерші – А.С.Выготский жазғандай сөйлесіп жатқан адамдардың мотивінде фокусировка жасау: «қарсыласының мотивін түсінбестен ойын түсіну, не үшін ойы айтылатынын, бұл толық түсініспеушілік». Психологиялық қорытындыда солай біз соңына дейін тек соңғы ой айтылып болғанда оның мотивациясын айтамыз. Адамның ішкі сөзінде санамен немесе санасыз деңгейде қарсыласының мотивін біледі, өйткені оның өзіндік Мені алдыңғы орынға қойылады. Интенациялық болады: фрагменттік предикативтік міне осындай шығады, ішкі сөзде көзді соңына дейін айтудың қажеті жоқ. Трамвай аялдамасындай келе жатыр немесе көпше түрде сіз түсінесізбе деу жеткілікті. Бұданда терең өзгерістер ішкі сөздің симантикалық ішкі сөзге мынадай ерекшеліктер тән мағынаның бірігуі, идеолатикалық, агглютинация, сематикалық бірлік, идиомантизм сыртқы сөзге аударылмайды – бұл жеке тұлғаның өзіндік интимизация даму индикаторы. Сыртқы диалогты сөзде бұның аналогы болып әр топтағы ішкі диалектілер табылады (болады). Осы арқылы олар өз тобындағыны табады.
Сематикалық бірліктің агглютинациясы – бұл сөздердің табысуы, олардың мағынасын өзгертетін сөздер. Мысалы «Айболит», Майдадыр тағы бір ерекшелігі – мағынасынан мазмұнының басты болуы мысалы «Құмырсқа мен шегіртке» және соңғысы мағынаның бір біріне әсері мысалы Гогольдің «Мертвеге душа» (Өлі әруақ). Бұл ерекшеліктер адамдардың диалогында сыртқы және ішкі болып кездесе береді – мағыналы қарым – қатынас.
Сонымен зерттеушілердің алдында үш жақ – жекелік, интилизация және сананың ішкі жоспарын жүзеге асыру жатыр. Бұл аспектілерді ескермей интерифизацияның психологиясының сөйлесу механизміне енуі екі талай (т.е мүмкін емес).
Бірақ бұл механизмге тереңірек үңілсек практикалық тұрғыда өзінің әсер ету сферасын өшіріп тастайды. Квазипсихологиялық және интерпсихологиялық деңгейде жеке тұлғаны «барлығы үшін рөл және топ үшін рөл» жүйесінде ол фактілермен қарама қайшылыққа келеді, зерттеуші енді өмірлік жолын зерттемек болғанда кереғарлық пайда болады. Ол жерде жеке тұлға тек субъект ретінде дамып қана қоймай өз тағдырының басшысы болып келеді.
Жеке тұлғаны меңгеруде тарихи эволюцияның негізі болып өзгеріп жатқан әлемдегі өзгерген адамның даму заңдылығының әсері болып табылады.
Белгілі дәрежеде жеке тұлғаға тарихи – эволюцияның кредасы болып әйгілі жауынгер Жюлл Верна капитан – Немо – Mobile in Mobiles деп кеме астында жазған хаты дәлел бола алады.
Тарихи – қоғамдық өмірде жеке тұлғаның даму көзі бола тұра жаңа дүниеге келген жеке тұлғаға сценарий (жазады) (ұсынады) оны нақты бір тәртіпке тартаотырп. Бұл тәртіптің қаталдығы тарихи – қоғамдық өмірде ондайда бір қызметті таңдаумен байланысты.
Адам тарихындағы мәдениетті екі полюске бөлуге болады – пайдалы полюс және лайықты полюс.
Пайдалы полюс мәдениетінде жеке тұлғаның іс әрекетінен социоптикалық іс әрекет басым түседі. Пайдалығы бейімделген мәдениет бірқалыптылыққа ұмтылады. Бұл мәдениетте уақыт қысқартылады балалық шаққа деген, ал кәрілік құндылықпен қабілетті емес.
Мәдениеттің лайықтылыққа бейімделеген түрі. Бұл мәдениеттің құндылығында жеке тұлғадан бір істің орындалуында пайда алуға болады ма болмайды ма дегенге тәуелсіздігінде. Бұл мәдениетте балалар, қарттар және мүгедектер 45454545 . Олар қоғам мейірімінің қамқорлығында және дәл осы мәдениет тарихи – эволюция процесінде дағдарыс жағдайында бейтараптық шешім табуға дайын болады.
Барлық мәдениет айырмашылығының әр қайсысында шешімсіздік механизмі туындайды. (Ю.М.Латилан). Археологиялық және этнографиялық дәйектерге жүгіне отыру антропосациогенездің бастапқы этапында – ақ іс – әрекеттер жеке тұлғалық еместіктен тыс екендігін байқаймыз. Балаға сыртқы қоғамдық ойлану схемасын байланыстыру және әрекеті жеке тұлғаның екі жақты детерминация даму концепциясы болып келетіндігін байқаймыз. Жеке тұлғаның заңдылығын түсіну тек, өзгермейтін адамның өзгеріп жатқан қоғамдағы орны немесе керісінше болса ғана түсінуге болады.
Әлеуметтену ұғымы адамның әлеуметтік тәжірибені меңгеру нәтижесі, сонымен қатар қызметі болып табылады. Индивидтің әлеуметтенуінің негізгі қайнар көздеріне жанұя, мектеп, қоғамдық институттар мен ұйымдар, баспасоз, радио, теледидар, білім беру жүйесі жатады. Әлеуметтену үрдісі негізінен бір-бірімен қарым-қатынас арқылы іске асады.
Әлеуметтенудің жеке, бірақ өте қажетті қызметі — идентификация.1 Балалар өсу және дамумен қатар ата-аналарына, жора-жолдастарына, қоршаған ортадағы адамдарға тән әртүрлі ережелерді, қатынастарды және мінез-құлық түрлерін көптеп меңгереді. Сол адамдардан олардың көзқарасын және өмір тәжірибесін қабылдайды. Идентификация арқылы бала әлеуметтік және жыныстық мінез-құлықтың ор түрлерін бойына сіңіреді.
Ата-аналар алғашқы сәбилік кезеңдегі балалар үшін идентификация негізгі қайнар көзі болып табылады. Одан орі оларға жора-жолдастары, жоғары жастағы балалар және басқа үлкендер қосылады. Идентификацияның қайнар кәзі не бойындағы багалы қасиеттері мен жағымды мінез-құлық түрлері үлгі болатын басқа адамдар жатады.
Ерлер мен әйелдердің жеке тұлғасының қалыптасуында негізгі идентификациялық үрдістердің бірі жыныстық — ролдік жіктелу жатады. Жыныстық-рөлдік жіктелу дегеніміз бір жынысты адамдардың психологиясы мен мінез-құлқына тән ерекшеліктерді меңгеру үрдісі.
Жыныстық-рөлдік жіктелуде негізгі қызметті ата-аналар атқарады. Отбасында жыныстық-рөлдік мінез-құлық тәрбиесінде балалар үшін үлгі-өнегенің көзі — ата-аналар болып табылады.Балаларға ата-аналарынан олардың жыныстық-рөлдік ұстанымдары, соған сәикес талаптары мен мінез-құлық үлгілері беріледі. Отбасында, әсіресе, ананың рөлі орасан зор. Қыз балаларға оның үлгісі, ер балаларға әкенің жеке басының өнегесі ерекше әсер етеді. Әкелеріне негізінен ер балалардың жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру жүктеледі, олардан қыз балаларға қарағанда, ер балалар тәрбиесіне ерекше көңіл бөлу талап етіледі. Қыз балалар тәрбиесімен негізінен анасы айналысады.
Осындай әлеуметтену жағдайында мерзімді басылым, бұқаралық ақпарат құралдары ерекше рөл атқарады. Сонымен, қазіргі қоғамда жыныстық-рөлдік тұрақты көзқарастар мен мінез-құлық түрлерін балаларда қалыптастыру үшін құралдар жеткілікті, екі-үш жас шамасында балаларды белгілі бір жынысқа тән мінез-құлық белгілері мен түрлері, көзкарастары мен бағалар анық аңғарыла бастайды.
Кейбір жүргізілген эксперименттерде белгілі бір адамдар мен балаларды идентификациялауға мүмкіншілік жасайтын тетіктер мен шарттар ашып көрсетілді. Мәселен, идентификацияның нысаны көп жағдайда үлкендер болатындығы, оларға негізінен балалар көп еліктейтіндігі атап көрсетіледі.
Отбасында ана ықпалды болған жағдайда, қыз балалар негізінен әкесіне емес, анасындай болуға еліктейді; ал ер балаларда ерлердің мінез-құлқы мен қасиеттерін алуда қайшы келетін дамудың белгілі қиындықтары пайда болуы мүмкін. Ал әкенің беделі басым болса, керісінше, қыздар көп жағдайда өздерінің әкелеріне ұқсауға ұмтылады. Сонымен қатар бір уақытта қыз балалардың бойларында анасына тән көптеген мінез белгілері қалыптасады.
Әлеуметтенудің басқа да факторлары — еліктеу, сендіру, әлеуметтік фацилитация, басқаның айтқанына көнгіштік (конформизм).
Еліктеу — бұл басқа адамдардың тәжірибесін жеке тұлғаның саналы немесе санасыз қайта жаңғыртуы, оның ішінде мұның қозғалысы, қылығы, сырт пішіні және іс-әрекеті.
Еліктеу тетігі туа біткен болып табылады. Еліктеу қозғалысынын әртүрлі түрлерін жоғары сатыдағы жануарларда, алдымен адам тәріздес маймылдарда аңғаруға болады. Адамдарда бөбектік және мектепке дейін жас кезеңдерінде ерекше анық байқалады. Ересек адамдарда басқалармен салыстырғанда дамуда қосымша рөл атқарады.
Сендіруді үрдіс ретінде қарастыра отырып, оның нәтижесінде адамның қатынас жасайтын басқа жолдардың ішкі тәжірибесін, ойларын, сезімдерін, психикалық жағдайларын санасыз қайта жаңғырту іске асады. Сендіру тетігі арқылы басқа адамдардың көңіл-күйін білеміз, дұрыс түсінеміз.
Әлеуметтік фацилитация — бұл бір адамдардың мінез-құлқының басқа адамдардың іс-әрекетіне ынталандырушылық ықпалы, оның нәтижесінде іс-әрекет ерікті, белсенді және интенсивті іске асады (фацилитация — яеңілдету мағынасында қолданылады). Еліктеу және сендіру 4 ацилитациямен бірге жүреді, ол көптеген жағдайда таныс, жақын адамдардың төңірегінде көрінеді.
Таныс емес, шет адамдардың арасында қолайсыздық, берекеті кету сияқты балаларда қарама-қарсы құбылыс -әлеуметтік ингибиция аңғарылады (ингибиция — тежелу деген ағынаны білдіреді).
Әлеуметтік ингибиция жеке тұлғаға жаңа әлеуметтік тіәжірибені меңгеруін кедергі келтіреді және әлеуметтенуге қарсылық білдіреді.
Әлеуметтік психологияда басқанын айтқанына көнгіштік ионформизм) сияқты әлеуметтену тетігіне ерекше мән беріледі. Конформизм дегеніміз адам мінез-құлқының бір түрі. Ол саналы түрде қоршаған ортадағы адамдардың көзқарасымен алшақтық байқағанына қарамастан іштей слармен келісімге барады. Конформизм — басқаның айтқанына көнгіштік, қоршаған ортадағы адамдармен қарым-қатынастың өзіне артық қиындық туғызбау үшін басқаның айтқанына көну, келісімге келу.
Әлеуметтену мәселесі жөнінде көптеген ойтұжырымдарды екі қарама-қайшы бағыттағы көзқарастарға топтастыру мүмкін болады. Біріншісін Э. Дюркгейм және онын тізбасарлары жақтайды. «Әлеуметтсну» ұғымын енгізген де — Дюркгейм. Бұл көзқарасқа сәйкес атгылатын, не байқауға болатын. нәрселердің бәрінің шығу тегі жеке емес, қоғамдық сипат алады Бүл тұрғыдан әлеуметтенуді әдістемелік және өктемдік тәрбиеге теңестіреді: қандай ереже, ойды. жүріс-тұрысты білдіретін тәсілдің, қимыл-амалдардың қайсысы болсын топ жеке адамға үйретуші болады. Әлеуметтену сонымен мінег құлықтың дағдылы қалыптарына сендіру, үйрету аркылы өтеді, әр адам олар бойынша өзінің жеке жүріс-тұрысының үлгісін жасайды. Осылай әлеуметтенудің мақсаты болатын қоғамнын біртектілігіне жетуді қамтамасыз етуге талпыныс жасалынады. Әлеуметтену арқылы әр келесі ұрпақ бұрынгы түсініктер, әдеттер мен дағдыларды мұра етеді, сөйтіп қоғамнын жаңа жағдайларына бейімделеді. Г. Тард әлеуметтену үдерісі жеке адамдардың өзара әрекеттесуі арқылы жүзеге асатынын алғашқы болып көрсетті. Тард дара тұлғаның өзі өмір сүретін қоғамның әлеуметтік мөлшерлері мен құндылықтарын еліктеу жолымен игеретінін дәлелдеуге талапынады.
Осы тектес көзқарастарда адамиың жасы мен ұрпақ араларындағы айырмашылықтары ескерілмейді, ал онысы жансақ пікірді тудырады: қоғам бірқалыпты, өзгермейтін, шексіз, бітпейтін ұрпақтан тұратындай көрсетіледі. Мұнда дара тұлғаның дербестігі және оның өзін қалыптастыруындағы белсенділігі жеткіті бағаланбайды. Қарама-қарсы көзқарасқа сәйкес әлеумет-тенген әлеуметтік жүйенін шешуші негіз болатынын мойындамайды. Бұл ойтұжырым элеуметтену үдерісін жеке дамуға бұрады. Оның негізін ескі ойлау дәстүрінен М. Монтень. Ж.Ж. Руссо көзқарастарынан іздеу керек. Олардың ойынша дара тұлғаның дамуы оның өз белсенділігіне тәуелді. Сонда әлеуметтіліктің басымдылығы жоққа шығарылады
XX ғ. социологиясында нығайтылатын түсініктер — ойтұжырымдар әлеуметтенудің көптеген ерекшеліктерін ескеруге бет бұрды. Кеңөрістеген әлеуметтену теориясын жасаған — Г. Парсонс. Оның тұжырымы бойынша дара адам өзге адамдармен қатынасу үдерісінде жалпы құндылықтардың маңыздысын өзіне сіңірді. Жалпыға мәнді мөлшерлік қалыптарға еру салдарынан олар тұлғаның қажеттілігіне, ішкі дүниеніц құрылымдық бөлшегіне айналды. Парсонс әлеуметтенудің бастапқы құралы деп отбасын айтады, ойткені мұнда тұлғаның іргелі дәлелдемелік (мотивациялық) ұстанымдары қаланады. Шындығында нәрестені алғашқы күндерінен бастап ең жақын қоршаған орта қалыптастырады. Бір жасынан асқанша ол дыбыстарды, адамардың түрлерін, аттарын ажыратуды үйренеді, содан кейін «Мен» деген ұғымды пайдалана бастайды. 2-3 жас аралығықда сәби басқа-тарды түсіне бастап өзінің әлеуметтік «Мен» екенін ұғатын болады.
Сәбидің алгашқы тәжірибесі әр түрлі тұлғалардың және оның ішінде өзініц де бейнесін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Осыдан бастап адам өмір бойы дара тұлға ретінде өзін басқа тұлғалармен салыстырып жүреді. Хайуанаттардыц нәрестелерді тәрбиелеудегі тарихи мысалдары адамның алғашкы даму кезеңінде еліктеудің басым болатынын дәлелдейді. Әлеуметтік жағынан оқшауланған тұлға жануарларға еліктейді; 2) қазіргі (мода) немесе үйреншікті (әдет) үлгіге еліктейді; өзіне еліктейді (дағды).
Яғыни табиғи қабілеттер өздігінен дамымайды Басқа Эгоның (меннің) шығуы өзінің салыстыруға жэне өзі жөнінде өзі сияқтьыардын арқасында өзгешеленген пенде ретінде түсінігі қалыптасады. Әлеуметтену, әлеуметтік адамға айнал) басқа даралықтармен әрекеттес) барысында ғана болуы мүмкін. Осы үдерісті түсіндіру көптеғен ойтұжырымдардын туындауына әкелді.
Бұл үдерісті алғашқы баяндап берген — У. Кули (1864 — 924) және Дж.Мид (! 863-1931). Кули . дәлелдеуі бойын кеке «Меннің» жасатты табиғатынының әлуеті бастапқы топтың ішіндегі тұлғаралық қатынаста ғана әлеуметтік сапаға ие болаы. Әр адам өзінін «Менін» өзімен түйісет басқа адамдардың әсерленуін түйсіну арқылы қалыптастырады. Яғни басқалар (ата-аналар, құрдастар, бөтендер) біз үшін әрдайым өзгеше айна тәріздес болады. Жай айнаға адам қарағанда өз сыртқы түрін: шашын, киімін бақылайды. Ал басқаларға «қаралудың» мәні өз жүріс-тұрысыңды реттеу, ішкі дүниеңді түзету үшін пайдалануда, әр адам өзінің қасиеттерін тану және қалыптастыру үшін басқалардын көзі, пікірі арқылы ғана өзіне баға береді. Сондықтан отбасында, ұжымда адамдар бір-бірін кемсітіп, кете бағалай алмаса, онда оның келеңсіз салдарына тап боламыз. Ал егер артық, асырып бағаласа, ол да бағалау өлшемін бұзып, қызметте де және құлықтығын қалыптастыруында да теріс әсері тиеді.
Бірақ әлеуметтік айнаның бір ерекшелігі ол тұрақты өзгеріп тұрады және таңдап алынғанды көрсетуі мүмкін. Адам есейіп, тәжірибе, білімді жинаған сайын, енді білгір адамдардың бағалауына сүйенс бастайды. Сонымен қатар ол әлеуметтік айна болатын бейнелерді де таңдауға бейім: өзіне ұнамсыз, не дұрыс емес деген пікірлерге құлақ аспайды. Осылай бұзылған әлеуметтік айна жасалынады. Э. Келвин және В. Холтсман өткізген тәжірибелік сынамасы көрсеткеидей, жеке адамның өзінің қабілеті туралы пікірі мен өзінің шын қабілетінің деңгейі аралығында едәуір айырмашылығы болады. Оның себебін: 1) тұлғалардың өзі жөнінде айналасындағы пікірлерінің жағымдысын ғана таңдап алуынан және 2) адамдардын көпшілік алдында басқаларды бағалауымен олар туралы шын ойларының араларындағы өзгешеліктердің болуынан табамыз. Дж.Мид жинақтап қорытылған басқа» атты ойту-қырымында басқа тұлғаларды жеке адамнын түйсіну үдерісі арқылы түсіндіріп берді Мидтін тұжырымдамасына сай «жннақтап қорытылған басқа» әлде бір әлеуметтік топтың жүріс-тұрысының жалны құндылықтары мен қалыптары болып табылады. Олар топ мүерінің даралық»Мен бейнесін'» қалыптастырады. Қатынас барысында жеке адам өзін (басқалардың орнына қойып сыртынан қарай алады. Ол өзінің іс -әрекеттерін және сыртқы пішініне оның ‘ жинақтаған басқасының бағалауы болып көрінстінге лайықты баға береді. «Жинақтап қорытылған басқаны» жете меңгеріп алу «ролді қабылдау» және «рөлді атқару» үдерісі арқылы өрбиді. «Рөлді қабылдау» басқа жағдайдагғы немесе басқа орындағы дара тұлғаның жүріс-тұрысын өзіне қабылдауға тырысу болып табылады. Мысалы, балдырғандардың «әке», «шеше» болып ойнауы. «Рөлді атқару» — бұл нағыз рөлдік жүріс-тұрыспен байланысты қимылдар.
Дж. Мид сәбидің үлкендердің релдерін атқарутын үйрену үдерісін үш кезеңге бөлді: 1) Дайындық (1-3 жаста) бала үлкендердің жүріс-тұрысына түсініксіз еліктейді (қыз бала қуыршағын тәрбиелейді). 2) Ойындық (3-4 жаста) — сәби өзі бейһелейтін адамдардың жүріс-тұрысын түсіне бастайды, бірақ рөлді орындауы әлі берік емес. 3) Ақырғы (4-5 жаста) кезеңінде балдырғанның рөлдік жүріс-тұрысы жинақылық пен мақсаттылықты көрсетеді және басқа ойнаушылардың рөлдерін сезіну қабілеті байқалады.
Басқа рөлдерді, тағы басқалардың құндылықтары мен сезімдерін ұгыну арқылы тұлғада «жинақталып басқаның» кейпі қалыптасады. «Жинақталған басқаның» қабылданған рөлін қайталай пысықтап жүріп, жеке адам «Мен» тұжырымдамасын қалыптастырады.Басқа көзқарастарға бейімделу қабілетінің жеткіліксіз болуы, басқа адамдардың рөлдерін өзіне қабылдай алмауы дара тұлғанын дамуына теріс ықпал жасайды. Мысалы, қалыпты жүріс-тұрыстан ауытқыған топтардың мүшелері басқалардың рөлін қабылдауға олақ келеді, өзгенің көзімен өзін көре білмейді.
А. Халлер «Маңызды басқа» тұжырымдамасын жасады. «Манызды баска» тұлғаның осы жеке адам мақұлдауына жеткісі келеді, нұсқауларын қабылдайтын болады Осындай тұлғалы жеке адамдардың ұстанымдарына және отардың өзінің «Менінің» қалыптасуына ең үлкен әсері тиеді.»Маңызды басқа» есебінде ата-аналар, ұстаздар. мұғалімдер, тәлімгерлер, балалар ойнының кейбір қатысушылары мен әйгілі тұлғалар шығады.
Дара 4545454544 солардың рөлдерін қабылдауға, оларға еліктеуге ұмтылады, яғни маңызды «басқа» арқылы әлеуметтендіру үрдісін жүзеге асырады.
Э. Эриксон жеке «Меннің» дамуына мәнді, беделді «басқаның» аса маңызды екенін көрсетеді. Жастар табынатын әйгілі адамдар тұтас ұрпақтарға ықпал жасайтыны. ол — әлеуметтік ғажайып, шыңдық. Э. Берн «Адамдар ойнайтын ойындар. Ойын ойнайтын адамдар» атты әлеуметтік — психологиялык шығармасында адамдардың рөлдерді қалай түсінетінін, олармен өзін ұқсастыратынын және таңдаған рөлге байланысты қалай өз тағдырын бейімдейтінін, (Мен-ер, мен-пайғамбар), басқа біреуге бейімделетінін (амеба тәріздес тұлға) көрсетеді.
Т. Адорно мен К. Хорни қазіргі қоғамның әдеттегі тұлғасы невротиктерге жататынын көрсетеді. Адамның бүгінгі әлеуметтік рөлі оны бет бүркеніші — нықапты ауыстырып тұруға мәжбүр етеді. Үйден көшеге, қоғамдык көлікке, дүкенге, жұмысқа, тағы басқа жағдайларда қатыста болуы түрліше «ойнауды» үйретеді.
Әр нақты қоғам өзінің әлеуметтік — мәдени жайттарының бүкіл жиынтығымен жеке тұлғаның қалыптасуына ықпал жасайды. К. Маркстан Э. Фроммга дейін ғалымдар капиталистік нарық қатынастары жеке тұлғаның өзін-өзі жатсынуын заңды құбылыс ретінде көрсеткен. К. Поспишил «Адамдар арасындағы қатынастардың патологиясының себептелуі» еңбегінде американдық қоғамда жекеліктің бәсекелестік, ақшаға, табысқа табыну жағдайында өзіне ғана бағытталуы жалғыздыққа, өзімшілдікке және өзіне-өзі сүйсінуге душар ететінін көрсетеді. Жалаң байлықты көздеу адамды рухани аздырады. Сонымен жеке меншіктің шектен асыра дәріптелуі, үстемдігі канаушылыққа еркіндік беріп, дара тұлғаның ізгілікті қалыптасуына ешбір мүмкіндік қалдырмайды.
Кеңес Одағында социалистік тұлғанын жатсынуы кереғар себептен: қоғамдық меншіктің шамадан тыс мемлекеттендірілгенінен пайда болды. Бірақ жеке меншікке, нарық қатынастарына көзжұмбайлықпен көшу, оның теріс жақтарын қайталамай артықшылығын тиімді пайдалануды іске асыра алмағандықтан, әлеуметтік тұңілушілік бұрынғыдан да зор болады. Әлеуметтік бағытталған ізгілікті қоғамды қалыптастыру әлеуметтік – экономикалық және әлеуметтік саяси әділетті негіздерін берік орнықтыруды қажет етеді. Көпшілікті аяусыз қанауға және ұятсыз тонауға бағытталған қоғамда өзара құрметтеушілік сезімді, бір-біріне сеніммен қарайтын бауырмалдықты мейірбандық пен адамсүйгіштік сезімдерінің негіздерін отбасында, ұжымда, тұлғааралық қатынастарда жеткілікті дәрежеде қалыптастыру мүмкін емес. Онсыз мемлекеттің әлеуметтік бағытта қойған мақсаты тиімді іске асыра алмайтыны — анық мәселе.
Қазіргі қоғамда жастардың мінез — құлқы аномиялық тұрпаттағы адамға жақындығымен сипатталады. Өйткені кеңестік қоғамның басты кұндылықтарын ұдайы өндіретін әлеуметтік — экономикалық және әлеуметтік — саяси негіздемесі жойылып, тек қана жекеліктер деңгейінде ескі қоғамның тәрбиесінің сабақтастығы біршама сақталды. Ал адамдардың басым көпшілігі күрт өзгерістер кезінде бұрынғыны мойындамай, осы күннің талаптарына бейімделуге бағытталады. Жалпы белгілі шамада аномиялық жағдай мөлшерлерді өзгертуге талпынуды білдіреді. Өйткені ескі заңдар, ережелер өмір талабына сай келмесе, ол бұғауға айналып, дамуды тежей бастайды. Оны дер кезінде өзгерте, жетілдіре алмаған қоғамда осы себептен дағдарыс туындайды. Қоғам адамдардың еркіндігін шектемеген жагдайда мөлшерлердің қатып — семуіне жол берілмейді. Ал даму талаптарына ілесе алмайтын, дер кезінде өзгеріс жасамаған қоғамда күштеу арқылы өзгеріс жасалынып, қалыпты жағдай бұзылып, астан — кестен былықты бастан кешіреді. Жаңа мөлшерлер жасаланып қалыптасқанша, қоғамда «білгенінді істей бер» ережесі үстемдік жасайды. Бұл аралықта Қазақстан, Ресей, Украина, Қырғызстан т.б. ТМД елдерінде бір әлеуметтік белдеуде шіріген байлардың азғана тобы шоғырланса, екінші белдеуде жабайы нарық құрбандары көбейді. Олардың қатарында тақыр кедейлер, үйсіздер, қаңғыбастар, жезөкшелер, нашақорлар, маскүнемдер т.б. бірнеше есеге өсті. Түбегейлі өзгерістер тез жүрген кезеңде, қоғамда өзін-өзі өлтіру күрт көбейді Өйткені әлеуметтік топтарға кірістірілген жекеліктердін жүріс — тұрысын реттейтін әлеуметтік мөлшерлер жойылып, әлеуметтік ынтымақтастықты қамтамасыз ететін байланыстар жазылады. Адамдар «мөлшерлеу қуыстығына» тан болады, әлеуметтік кеңістікте бағытталушы құралдарынан айырылып, солқын ақ тәртіп жағдайында өмірдін мәні жоғалғандай түңілушілік күй кешеді. Оған шыдамаған адамның өлім құшағына ену мүмкіндігі күрт артады.
Д. Рисмен Г. Маркузенің еңбегіне суйеніп «бір өлшемді адам» тұжырымдамасын дамытты. «Бір өлшемді адамды» дүниеге әкелген — индустриалды қоғам. Ол «бұқаралық адам», «өздігінен ыңғайланған тұлға» т.с.с. тән қасиеттерді иеленеді: ақиқат шындыққа сын көзқарастың, өздігінің жоқтығы, керітартпалығы, ыңғайға көнгіштігі, айлакерлік әрекеттерге алданғыштығы, дүниені өңі айналған түрінде қабылдауы. Рисменнің пікірінше, адам насихаттың ықпалымен ақпараттық — әлеуметтік таптаурындарды сіңіріп, мәселелерді көрудің қарапайымдалған екі түсті: ақ, қара нобайларын қалыптастырады. Осындай ұғынуы жеңілдетілген түсініктерге «коммунистер», «ұлтшылдар». «лаңкесшілдер», «маскүнемдер», «жаңа қазақтар» т.с.с. таңба тағу жатады. Қазіргі қоғам оқиғалардың өрбуін арнайы баламалар мен қарама — қарсылықтар тұрғысынан қабылдайтын бір өлшемді адамдарды қалыптастырады. Мұндай тұлғалардың әлеуметтік түйсінуі оңайлатылған, ал ұғындырушы құралы – дөрекі.
Д.Рисмен американдық қоғамда жеке адамның «басқаға бағытталған» тұлғасының жаңа тұрпаты қалыптасатынын көрсетеді Оның «дәстүрге бағытталған» адамға қарағанда ұлттық нанымдары жоқ. Бұл — АҚШ жүздеген жылдардан кейін қалыптастырған көп ұлтты қоғамда, заңда көрсетілген ұлттық және нәсілдік теңдікті мемлекеттік саясатта іске асырудың жемісі. Бірақ дінаралық қайшылықтардың 2001 жылғы оқиғадан кейін бұл үдерістерге теріс ықпалы тиді. Сол сияқты кеместік халықты қалыптастыру үдерісі кезінде біржақты бұрмалау мен шынтуайтында ұлттардың тенсіздігі болуы себебінен туындаған ұлттық араздасулардың тағылымдарын ұмытпаған лазым.
И.С. Кон мен М Кон пайымдауларына сай қазіргі адам рөлдің кез келгенін қабылдамайды. Ол көптеген әлеуметтік кейіптерді өзгертуге қабілетті сахнагерге айналады және көп рөлдерді ойнап, олардың бірде-біреуіне байыппен қарамайды. Өз рөліне көндіккен адам бақытсыз, ол невротикке айналады, өйткені көптеген әр түрлі қоршған қауымдасулардың талаптарына лайықты бола алмайды. З.Фрейд даралық жанжалды — адамның ішкі мұқтаждықтарының және оларды тиімді түрде жүзеге асыру мүмкіндіктерінің күресі деп қараған.
А. Маслоу қажеттіктердің төрт деңгейлі, бағынысты — сатылы ұғыныстарын тұжырымдайды. Бірінші деңгейде адамның өмірін қуаттаушы, сақтаушы мұқтаждықтар қанағаттандырылады. Олар тыныстану, ішу, тамақтану, киіну, жылыға, тұрғын үйге т.с.с. қажеттіктері. Екінші деңгейде қабылдануы — топта танылу және баға алуға ұмтылу керектігі пайда болады. Үлкен табысқа ие бо-лушы адамдар осы төртінші деңгейге жететіндерін Д. Карнеги, А. Эйнштейн т.б. дәлелдеп берген. Бұның бәрі табиғи дәлелдерден әлеуметтіктің басымдығын білдіреді. Әр деңгейдегі мұқтаждықтар орындалса, олардың өзектілігі жоғалып, адам белсенділігіне бағыттауынан айырылады. Бұл келесі деңгейге өтуді дәлелдейді. Осы арқылы дара адамның жүріс — тұрысын біршама түсінуге болады.
Тұлғаның қажеттікті дәлелді тұжырымдалары кісінің мұқтаждықтары мен оның дәлелдеріне тәуелділікте болуы мен әлеуметтік ортаның бөлшектерін тартымдылығы таңдап алынатын, ал қажеттіктерді қанағаттандыратын құралдарды әлеуметтік ұстанымдар арқылы түсіндіреді. Яғни, бұл ой тұжырым жеке тұлғаны социологиялық тұрғыдан басқалармен күрделі өзара әрекетке талғап баратын оқталған бөлшек тәріздес қарайды. Адамдар неге рөлдерді шығарады және неліктен әр түрлі адамдардың әлеуметтік ойындары тұрпаттас келеді деген сұрақтарға жоғарыда баяндалған тұжырымдамалар жауабын береді.
Жаңа ізгілікті тұрпаттағы жеке тұлғаның өзін — өзі жүзеге асыру барысында кездесетін қазіргі өтпелі қоғамның терең қайшылықтары оның жағымды қасиеттерін қалыптастыруда өте алмайтын кедергілер жасайды. Жабайы нарықпен ілесіп келген тұрпайы құбылыстарды басқарудағы келеңсіздіктердің зиянды ықпалын күшейтті. Санасы қалыптасып үлгірмеген жас буынның бала кезден көргені – батыстың рухани аздырушы киносы, естігені – тән құмарлығын қандырушы мағынасыз діндері. Енді қазақ мультфильмдері аздығынан қазақ бүлдіргендері орыс тілін бұрындығыдан да көп естуге мәжбүр болды. Ал ұлттық нақыштарынсызды сіңдіретін, адамгершілікті, отансүйгіштікті, мейірімділікті баулитын өз өнерімізді өркендету жеткілікті қолдау таппай отыр. Сондықтан қазақ қауымының бұған дейін қордаланып келген ұлттық қайшылықтарын заман талабына сай дендеп шығатын тұлғаны қалыптастыру мүмкіндіктері шектеулі.
Ал құқықтық әлеуметтену жалпы әлеуметтенудің кере маңызды бөлігі болады. Ол тұлғаның жалпы әлеуметтену ісілің табиғи бөлігі ретінде жеке саяси және құқықтық сананың құқықтық мәдениеттің қалыптасуы мен дамуының жалпы заңдылықтарының ерекше көрінісі. Құқықтық әлеуметтену ісінде адам азамат ретінде өзінің әлеуметтік рөлін, қоғамның тік құрылымдағы орнын жете түсінуді, тап өкілінің. Пара ұйым мүшесінің санасезімінің дағдылануын, тұлғалық азмұнымен толықтырылған әлеумспік-құқыктық қатынастарға екі түрдее қосылуын білдіреді. Бұл адамның бүкіл саналы өмірі үздіксіз өтеді.
Демократиялық тәртіп жағдайындағы жеке адамның әлеуметтенуінің негізгі мазмұнды мәні мен ерекшелігі мен саяси және құқықтық мөлшерлерге, құндылықтарға, саяси құқтық мәдениет пен тұтас тәжірибеге, саналы әлеуметтік іс-әрекетке қатыстыруында болып табылады. Сонда меттену әмбебапты тәсіл ретінде әлеумеітік ортаны және сонымен бір мезгілде дара тұлғаның қалыптасуын етеді. Оның әлеуметтік өнім болғандығы мәдениеттің басқа түрлерінің дамытылғанына, топтардың, жіктердің, еңбек ұжымдарының тұтас қоғамның саяси және өнегелі жетілуінің дәрежесіне тәуелді етеді. Дара тұлғаның ішкі құндылықты мөлшерлік жүйесі жеке тәжірибе ме ұжымдық ұмтылыстардың жемісі.
Адамның, адамзаттың өмір сүретін ортасы мен оның көрсететін белсенділігі белгілі бір қоғамда болатындықтан, өз тарихы және қисыны бар әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік-саяси, әлеүметтік-құқықтық, экономикалық қызмет атқаратын жүйенін ықпалы құқықтық әлеуметтенуді қатал нақтылық, бағыттылық және анықтылықпен ерекшелендіріледі. Әрбір мемлекет ұлттық қауымдасудың тұрпатын, қоғам ісіне араласу ережелері мен әдістерін, оилік қағынастардын құрылымын және беделін, мемлекеттік құрылыстын түрін белгілейді. Қоғамда тарихи дәстүрлер және саяси тәртіп жүйесі, әлеуметтік-демографиялық, экономикалық құрылымдары, зандар әрекет жасайды, олардың көмегімен қоғамдык қатынастар ұйымдастырылады және тұлғаның әлеуметтік, әрі құқықтық мәртебесі анықталады. Қоғамдық мекемелер мен мемлекет арасындағы өзара қарым-қатынастың қалпы мен тарихи әлеумегтену үдерісіне шарттасатын қуатты қозғаушы күшін құрайды.
Осы құбылыстар туралы әлеуметтік түсініктердің өзі қоғамда мойындалған құқықтың ауқымына тәуелді әр түрлі қалыптасады. Құқығы шектеулі қоғамда даралық түсініктер де шектеулі қалыптасады Адамның идеологнялық ұнатуларының үдемелі қарқынлылығы мен сипаты оның өмір сүретін тарихи жағдайларына екпінділікті мүлідем өзгертулер кезенінде немесе бұрын қалыптасқан орнықты әлеуметтік-мәдени көзқарастар жүйесін де өтіп жатқанына тікелей тәуелді. Басқарушы мен басқарылатындардын арасындағы қатынастарды, мемлекет жәнс адамдарға қаишалықты жақын тұрғанына, қамқорлығының дәрежесіне, жеке мүдделр ортасына, әсіресе әлеуметтік қорғалу аясына енуіне байланысты түрленіп тұрады. Әрине, бұнын бәрі тұлғаның саяси-құқықтық әлеуметтенуіне тікелей әсері тиіп, оның әлеуметтік өміріндегі барлық іс-әрекеттерінде, жүріс-тұрысында көрініс табады. Сондықтан құқықтық әлеуметтен дерексіз қарулы мүмкін емес, оның қоғмдық қатынастардын қозғаушы себебі болатын бөлшектерінің нақты жиынтығын алып зерттейді.
Сяси-құқықтық әлеумет ендірудің тиімділігі, деңгейі қоғамдық мәнді жайттардын жиынтығымен өлшенеді, айқындалады.Қоғамның өзі қалыптастыру ортасы болғандықтан, оның негізгі тіршілік ететін жағдайларын анықтау қажет. Әлеуметтену, әсіресе құқықтық әлеуметтену, даудың бастауларының түйіні болып келеді. Дау-дамайды, пікірлердің туындауын топтық жіктелу түсініктерінен іздеу керек. Даудың себептеріне топтардың көтігі-әлеуметтік, саяси, жасының, отбасының, мәдени мүдделері, қазыналары мен мөлшерлері қарама-қарсы тұру түсінігі мүмкіндік береді. Дара тұлға өмірінде кең ауқымды жағдаяттарға үйлесімді үндестіктен толық үйлеспеушілікке дейін қарсы келеді. Демек, құқықтық әлеуметтену осындан сан алуан тәжірибеден сұрып-талып алынған, бір-бірін үйлесімд: толықтырушы және байытушы әлеуметтік құндылықтардың жиынтығы деп түсіндіруге болады. Ол түрлі ұғымдар, тұғырлар мен құндылықтар арасындағы күрес, қақтығыстың нәтижесін суреттейді, бірақ сонымен бірге оларға тән көпшілік қолдайтын ортақ өзегі бар.
Сөйтіп, құқықтық әлеуметтену үдерісінде тұлға өзінің әлеулметтік тобының ерекше мөлшерлері және құндылықтарымен қатар, оған қайшы келетін жалпы қоғамдық құндылықтарды қабылдауы тиіс. Жеке адамның құқыктық әлеуметтену ағымында ескі, жат мөлшерлерге қарсыдық көрсетуге. оларды жоюға немесе жаңартуға қолайды жағдайлар пайда болады. Дара тұлға қайшылықты мөлшерлерді және құндылықтарды осындай қысым мен зорлап міндеттеледің аясында жүріп қалытастырады. Онын бәрін жеке адам өз бойына сіңіреді, дарытады. Бұл ұрпақтан-ұрпаққа өтетін жүріс-тұрыстың орнықты пікірлері мен қалытарын жай ғана қайталау емес. Сабақтастықтың болуы ұйғарылады.
Бірақ бірте-бірте, кезеңінен-кезеңге көзге көрінбейтін өзгерістерді, «түзетулерді» үнемі әлеуметтік болмыстың ағымының бағыты өзі жасайды. Соған байланысты жеке адамдардың ұнатулары. бейімділіктері, көзқарастары өзгеріске ұшырайды. Бұрынғы дәстүрлер, қалыптар, таптаурындар, ұстанымдар, бейімділіктер мен 5464 біршама сақталып, жаңа жағдайларға байланысты белгілі бағытта жаңаруға ұшырайды. Жаңа әлеуметтік — экономикалық, саяси — құқықтық әлеуметтік – мәдени құбылыстардын оңды ықпалымен қатар барлық қарама – қарсылықтарыда ажырағыссыз, қабыстырылып тұлғанын өн бойына енгізіледі. Бұл біздін өтпелі, жана экономикалық — саяси құрылымға көшуге байланысты қалыптасқан тарихи жағдайда айқын көрінеді. Нарықтық қатынастардың дамуы, осымен тығыз байланысты құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамды құруды мұрат тұту жана талаптар мен құндылықтарды игеруге жол ашты, жаңа әлеуметтік мәртебелер мен рөлдерді орындауға мүмкіндік берді, сонымен қатар жаңа қайшылықтар, ауытқулар, әлеуметтік дерттер мен күйзелістерді әкелді. Бірақ мүлдем өзгеру мүмін емес және жасы ұлғайған сайын оны жасау қиынға түседі. Өйткені тұлға әлеуметтік ортанын әсеріне қарайды, бұрын қабылданған әлеуметтік қасиеттерге сүйеніп, жаңаны іріктеп алады. Сөйтіп, түбегейлі, өзгеру адамдардың басым көпшілігіне тән емес. Сондықтан жеке адамның қасиеттері, даралығы (табиғаты), жасы, ал онын негізгісі — оның әлеуметтік -мәдени даму жағдайлары әлеуметтенуден ең маңызды факторы болады, қоғамның мәдени қазыналарын игеріп алу мүмкіндігін анықтайды.
Құқықтық әлеуметтендіру білім алу мен тәжірибе беру арқылы өтеді. Үйрету арқылы әлеуметтену бәрінен бұрын әлеуметтік рөлдердің, саяси және құқықтық жүйенің белгілі көлемдегі аса керекті ережелеріне сыйластықты, кұрмет сезімін білдіріп дағдыландыратын мөлшерлерді тану мен игеруге негізделеді. Бұл үдеріске саяси және құқықтық мөлшерлерді, қоғамдық және саяси институттарды, олардың міндетті қызмет атқару тетігін білу кіреді. Осындай білім байлығы оқиғалар өрбуін, барысын түсінуге және өзінін азаматтық парызын орындауға мүмкіндік береді. Бұл жағдайда дара тұлғаның алған білімі бастапқы жорамалдардың өзгеше жиынтығы есебінде ұсынылады. Бірақ бұл үдеріс объективті сипатта болуы мүмкін емес. Өйткені тұлғаның түйсіну, бейтарап болмайды. Пән туралы кез келген ұғымдар, әр түрлі түсініктер қабылдаушы адамның тәжірибелік құндылықтар, жүйесімен ара — қатынаста болуымен анықталады. Жеке адамның өзі оларды тұтастыққа біріктірілген түрде меңгеруге және оқып білуге әрекет жасайды және өзінің бағалау жүйесіне сүйенеді. Тәжірибе беру арқылы әлеуметтендіру тұлғаның әлеуметтік саяси және құқықтық жүріс — тұрысының және іс-әрекетінің жемісі ретінде көрінеді. Адам атқаратын міндетті қызметтері арқылы қоғамның ұйымдастырылуының әр алуан қағидаларын және саяси басқару тәртібін жете ұғына бастайды. Тәжірибеде ол игерген мөлшерлер мен құндылықтардың дұрыстығын сынай алады. Жеке тәжірибеде көргені мен жазылған мөлшерлердің араларындағы алшақтықтың тереңдігі оның алғашқы ұстанымдарына қай бағытта ықпал ететінін көрсетеді: олар әлсіреп, мүлдем өзгереді, не күшейеді. Білім алу және тәжірибені иеленумен қатар, бейнелі түрдегі әлеуметтену арнасы сана мен жүріс — тұрыстың қалыптасуына маңызды ықпал жасайды, яғни жеке адамның тікелей тәжірибесі мен оқудан басқа жолы болатын құқықтық әлеуметтенудің түрі. Бұл жағдайда тұлғаның түсініктері өзі кіретін партия тобының, таптың, тағы басқа қауымдасулардың мүшелерінің пікірлері, бағалаулары, сыртқы ықпалға берген жауаптары арқылы қалыптасады. Солай қалыптасқан ұғымдарға — «ел», «отан», «ұлт», «отбасы’ т.с.с. бейнелі сөздерге саяси, құқықтық, әлеуметтік мағына беріледі. Ол әр қауымдасу тұрғысынан өзіндік мәнге ие болады және оны дәл осы деңгелде зерттеу керек.
Түлға өзінің басқа пікірлермен арақатынасының мағына жүйесін белгілеп, өзінің саяси және кұқықтық ойлауындағы әр түрлі түсініктері мен ұғымдарды ассоциативті (ойда байланыстыру арқылы) біріктіріп тұрады. Дерексіз ойлаудың құдіреті сол, кей кезде тұлға нақты тәжірибемен байланыстырмай, сезу арқылы әлеуметтік — құқықтық ғажайыптардың кез келгенін түйсінуге қабілетті. Себебі, барлық ұғымдардың мағынасын бұрын танылған басқа саяси және құқықтық шындықтың құбылыстарымен жанама түрде ойша байланыстырады. Бірақ ешқандай түсінік, тіпті өте дерексізі де, айнадағыларға жайдан- жай тәуелді болып табылады.Даралық әлеуметтік және басқа да түсініктердің бәрі де, әрбір жеке адамның өзінің даму сатысына лайықты, тәжірибесінің және саяси,әрі құжаттық ойлау заңдарының сай әрдайым өзгертілген және таңдалып алынған күйде қалыптасқан.