Жоспар
Кіріспе
Түркі халықтарының философиясына жалпы түсініктеме.
Негізгі бөлім;
Түркі философиясындағы ағартушы ғалымдар (Жүсіп Баласағұн, Ахмет Иассауи)
Түркі философиясындағы ойшыл ақындар (Махмұт Қашқари, Ахмет Игүнеки, Сүлеймен Бақырғани)
Қорытынды;
Түркі философиясының мәні;
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Түркі халықтарының философиясына жалпы түсініктеме.
Қараханидттер дәуіріндегі мәдени қоғамдық жағдайдың өзгеруі түркі халықтарының арасынан ағартушы ғалымдарды, ойшыл ақындарды шығарды. Жауһари, Фараби, ибн-Сина, Бирни секілді ойшыл ғұламалардың сан-саналы еңбектері Орта Азиялық Қайта өрлеу дәуірінің асыл маржандары болып саналатын Махмұт Қашқаридың “Түркі тілдерінің сөздігі”, Жүсіп Баласағұнның “Құтты білігі”, Ахмет Игүнекидің “Шындық” сыйы”, Ахмет Иассауидың “Диуани хикметі” сияқты жәдігерліктердің пайда болуына белгілі бір дәрежеде ықпал етті. Араб-парсылармен қатар түркі халықтарының өкілдері де Шығыс мәдениетінің өркендеуіне өз үлестерін қосты.
Өткен замандардың әйгілі мәдени ескерткіштері адамзаттың рухани дүниесінің түзілген мөлдір қабатына жатады. Қазіргі дәуірде адамзат қауымы жылдар бойы жинақтаған тәжірибені мүмкіндігінше толық игеруге ұмтылып, оны бөлшектеуге, қиратуға бағытталған күштерге қарсы күрес жүргізуде.кезінде біздің ата-бабаларымыз да біз секілді “Бақыт деген не?”, “Адамгершілік, адалдық, әділдік, даналық деген не?” деген мәңгілік сұрауларға жауап іздеген болатын. Солардың бірі “Құтты білік” поемасының авторы Жүсіп Баласағұн еді.
Жүсіп Баласағұн XI ғасырдың аса көрнекті ақыны, есімі бүкіл Шығыс елдеріне мәлім данышпан ойшыл, философ, энциклопедист ғалым, белгілі қоғам қайраткері. Ол – философия, табиғаттану, математика, астрономия, тарих, араб-парсы тіл білімі, т. б. Ғылым салаларын жетік меңгерген ғұлама ғалым. Оның есімін әлемге танытқан “Құтты білік” кітабы – сол замандағы ресми әдебиет тілі болып саналған араб тілінде емес, түрік халықтарының тілінде жазылған алғашқы энциклопедиялық еңбек.Содықтан да кез келген аймақ өз тарихына үңіліп, ондағы бірінші дәрежелі жұлдыздар тізіміне ентін, яғни ешқашан мәнін жоймайтын, жалпыға ортақ мәдени игіліктер тізіміне қосылатын дүниелерді қайта қарап, саралауға тиісті. Олай болса, “Мың бір түн”, “Жолбарыс терісін жамылған батыр” секілді әлемдік әдебиет үлгілерімен қатар “Құтты білік” де өз бойына мәдени эстетикалық байлық жинақтаған қазына деп айта аламыз. Сонымен бірге, Жүсіптің поемасы көне түркілердің тілдік сана сезімі өрлеуінің белгісі болған маңызы зор ескерткіш. Бұл жерде қазақтарды, қырғыздарды, ұйғырларды, түркімендерді, әзербайжандар мен түріктерді атауға болады. Мәдени, саяси және этикалық жіктердің тарихи өзгергіштігіне, тілдер тағдырына үндестік туыстыққа, миграцияларға байланысты ұсақ-түйек детальдарды қазбаламай, географиялық көзқарас тұрғысынан қарастырған кезде Жүсіптің қырғыз және қазақ халықтарына жақынырақ екені білінеді. Түрік жұртының ерлік, батырлық рухын көтеру тұрғысынан “Манас” пен “Құтты білік”арасында айқын ұқсастықтар бар.
Жүсіп Баласағұн “Құтты білік” поемасында – мемлекеттік басқару әдістерін, адамгершілік принциптерін, қоғамдық-саяси мәні бар түрлі ережелер мен заңдарды, әдет-ғұрыптар, әлеуметтік-экономикалық, мәдени, т.б. мәселелерді өз дәуірінің талап-тілектері тұрғысынан жоғары дәрежеде көрсете білді. Тұтастай алғанда, Баласағұн жалпы философиялық мәселелерді алға тартып, өмірді эстетикалық тұрғыда көбірек зерттеген. Ғылымның
сан саласын меңгеруге, жалпы әлемдік көзқарастарды жан-жақты қамти білуге талпыну Жүсіп өмір сүрген мәдени ортаның болмысына тән болатын.
“Құтты білік” поемасының басты идеясы төрт принципке негізделген. Біріншісі – мемлекетті дұрыс басқару үшін қара қылды қақ жаратындай әділ заңның болуы, екіншісі – бақ-дәулет, яғни елге құт қоныс деген тілек, үшіншісі – ақыл-парасат, төртіншісі қанағат-ынсап мәселесі.
“Құтты біліктің” кіріспесінде тәңірдің құдіреттілігі суреттелген кезде оның бар болмысы – айды, күнді, жерді, көкті жаратқандығы тәптіштеледі. Тәңірдің сандық қатынастардан, кеңістік пен уақыттан тыс екендігі, көзден жырақ, бірақ көңілге жақындығы ескертіледі. Оның еш жерде тұрағы жоқ, ол мәңгі табиғаттың барлық құбылыстары, тау-тасы, орман-көлі – бәрі құдіретті жасампаздық әрекетінің ізі, суреті.
Жүсіп Баласағұнның “Құтты білік” дастанында шығыс әсерінен гөрі түркі халықтарының бай ауыз әдебиеті, фольклор жанрларының әсері басым сияқты. “Құтты білікте” салт жырларының дәстүрі басым. Бұл реттен Жүсіп исламнан бұрынғы әдет-ғұрыпты көбірек жырлаған. Сол себепті Жүсіп Баласағұнның шығармасында бір ғана шығыс әсері үстем деп айтуға болмаса керек. Түркі тілдес тайпалардың тілінде жазылған сан алуан тұрмыс салт жырлары сол кездің өзінде-ақ аз болмаған. Олар айтыс, терме, толғау түрінде айтылған. Жүсіптің сүйенген үлгісі халық аузындағы осындай дәстүрге байланысты болған. Жалғыз-ақ, терме сияқты жыр-өлеңдерде бұқара халықтың мұң-мұқтажы, ой-арманы жырланса, дастандарында көбіне хан-хақандар ордасының салты жырланған.
X-XI ғасырларда араб парсы тілдерінің үстем болып тұрған заманында Жүсіптің таза түркі тілінде осындай рухани дүниені өмірге алып келуі – үлкен тарихи жаңалық. Ол түркі тілінің болмысын, табиғатын, өршеңдігін паш етті. Мұнда түркі тайпаларының салт-дәстүрі, санасы бай халық ауыз әдебиеті, тұрмыс-салт жырлары үлкен көрініс тапқан. Жүсіп халық фольклорының мүмкіндіктерін жазба мәдениетімен өте шебер ұштастыра білген. Айталық, дастанның басты кейіпкерлерінің Күнтуды, Айтолды деп аталуының өзі көшпелілердің ислам дініне дейінгі ауыз әдебиеті туындыларында кездесетін сөздер. Себебі, ежелгі түркі тайпалары Күнге, Айға табынған. Сондай-ақ дастанда көшпелі түкілердің болмысына, тіршілігіне байланысты мақал-мәтелдер және бейнелі теңеулер жиі кездеседі. Мұнда қасқыр, жылан, сұңқар, ат, т.б. секілді жан-жануарларды, кең даланы ақын көп ауызға алады. Осыдан келіп біздер, түркі тектес халықтардың табиғатын, тағдырын, бұрынғы наным-сенімдерін Жүсіп шығармасы арқылы танып білуге мүмкіндік аламыз.
Түркі халықтарының орта ғасыр кезінде біржола араб жазуына көшуі өмірге көптеген ғылыми дүниелерді алып келді. Сонымен қатар бұл кез шығыс әлемінде суфизм ағымының әсері күшейіп, бірте-бірте қанатын кең жайып, дами бастаған кезі еді. Бұл кезең Орта Азия мұсылмандары үшін де аса жауапты уақыт болатын. Осы шақта елдің бірлігін, халықтың татулығын, адамгершілік пен имандылықты, алла-тағалаға адалдықты көксеген, соны ту етіп, өз шығармаларына арқау еткен ақын-шайырлар тобы тарих сахнасына шықты. Олардың ішінде ерекше көзге түскендер – хорезмдік Ахмет Иүгінеки, Ахмет Иассауи, Сулеймен Бақырғани, т.б. көптеген сопылық әдебиет өкілдері болды. Бұлардың арасында асқан шеберлігімен, елге сыйлығымен, қайырымдылық пен мейірімділікті өмірге арқай етіп, бүкіл түркі жұртын татулыққа, тазалыққа үндеген, қасиетті әулиесі атанған Құл Қожа Ахмет Хазреті Сұлтан Иассауи еді. Ахмет Иассауи жөнінде ел арасында көптеген аңыз әдебиеттер тараған. Ешер де тарихи деректерге жүгінсек, ақын ежелгі қала Исфиджабта Ибрагим ибн Махмуд деген диханның әулетінде дүниеге келген. Әйтсе де, Ахметтің әкесі өте діндар, құдай жолын ұстаған атақты шайқылардың бірі болған.
Ахмет Иассауи – XII ғасырда көне түркі тілінде Диуани хикметі кітабы жазылған. Көптеген түркі халықтары “хикметті” аудармасыз-ақ қиналмай оқи алады. Ислам дінінен хабары бар жанға “Хикмет” өте жеңіл тіл.
Бұл өмірдің азабын көріген Қожа Ахмет аскетизмге бет алып, тағдырға сенуге уағыздайды, содан дүние қызығынан безіп, тәрки дүниеге салынады. О дүниенің мәңгілігін жырлайды. Өз танымы бойынша Иассауи сопы болды. Мұсылмандық ішінде ұстамдылық және аскетизмді уағыздап, сопылық ілімін ұстанды. Еңбекші бұқарадан шыққан ойшыл дүние қызығынан түңілуге бет алды.Байлықтың азғындығын, бай адамдар жұмаққа жетіп, құдай рақымын иелене алмайды деп түсінді. Мұндай ойлар тек қана оның емес, басқа да кедей отбасынан шыққан адамдарға тән еді.
Иассауидың басты көздеген мақсаты – құдаймен табысу, оның бейнесін көру. Құдайды танусопылар үшін бүкіл өмірінің мәні болып табылады. Иассауи іліміндегі адамгершілік ойлары дін арқылы түсіндіріледі.
Ахмет Иассауидің пайымдауынша, ол өзін-өзі тазартуға, кемшілігін жоюға, игілікті іс-істеуге шақырған адам адасуы,әділетсіздік және жамандық жасауы мүмкін емес.
Орта ғасырлық жұлдыздарымыздың бірі Махмұт Қашқари – XI ғасырда Қашқарда дүниеге келіп, Шу, Талас өңіріндегі Баласағұн қаласында өмір сүрген ғалым. Ол – ұлы әдебиетші, ауыз әдебиеті үлгілерін жинап, зерттеуші, ойшыл-философ, белгілі саяхатшы “Түркі тілдерінің жинағы” кітабын 1072 – 1074 жылдары жазған. өз заманындағы түркі, араб грамматикасын жасап жетік білген. Бүкіл түркі ру-тайпаларын аралап, олардың тіл ерекшеліктерін, сөздік қорын зерттеген. сөйтіп, түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасын жазып шыққан.
“Диуана лұғат ат-түрік” тек түрікше-арабшатүсіндірме сөздікемес, ол түркі тілдерін зерттеуде тендесі жоқ ғылыми еңбек болып саналады. Бұл түсіндірме сөздігінде автор халық ауыз әдебиеті үлгілерін, аңыз-ертегілер, мақал-мәтелдер, қанатты сөздер және халық фольклорын өте орынды пайдалана білген. Сондай-ақ алғашқы қауым адамдарының тұрмыс тіршілігін, болмысын, сана-сезімін бейнелейтін ауыз әдебиетінің тамаша үлгілері бізге Махмұт Қашқари еңбектері арқылы жетті. Түсіндірме сөздік XI ғасырда Қарахан дәуірінде дүниеге келген мұра.
Оның толық аты-жөні – Махмұт ибн ул-Хусаин ибн Мухамед әл-Қашқари. Ол жөнінде мұрағат қоймаларында мәліметтер өте аз. Әкесі – Барсағандық руынан шыққан адам. Кейін Қашқарға көшіп барғанына қарағанда Махмұтты сонда дүниеге келді деп шамалауға болады.
Махмұттың өзінің айтуынша, “Диуанды” жазудан бұрын ол түріктердің барлық елі мен даласын аралап шыққан. Махмұт Қашқари сөздігі барлық түркі тайпаларының сөздігін қамтыған сөздік болды. Егер Жүсіп Баласағұн “Құтты білік” еңбегінде ғылым байлығы мен күнәсіз өмір сүру негіздері жайлы ғылымды дамытқан болса, Ахмет Иассауи “Диуани хикмет” шығармасында қоғамға қажетті әлеуметтік тұрмыстық тәртіпті айқындап, тақуалық пен опасыздықтың мәнін ашты. Ал Махмұт Қашқари “Диуани лұғат ат-түрік” еңбегінде ата-бабаларының тегі туралы да көптеген тарихи мәліметтер келтіреді. Оның дәстүрін XII ғасырда ғұмыр кешкен Иассауи мен Бақырғани жалғастырады.
Махмұт Қашқари “Диуани лұғат ат-түрік” еңбегі үлкен энциклопедиялық шығарма және онда аса бағалы да құнды деректер берілген. Мұнда 29 тайпаның аты аталады. Махмұт Қашқаридың бұл еңбегінде түкі сөздерінің қоры өте көп.
Махмұт Қашқари адамдарды өнер-білімге, әдептілікке шақырып, адамгершілік, мораль, этика, ұйымшылдық мәселелерін сөз етеді. Оның түркі халықтарының бәйіттерінде табиғат сұлулығы, махаббат, көркемдік, үлкен парасаттылық, білім, батырлық суреттеледі.
Махмұт Қашқаридың қайсы бір бәйіттерін алмаңыз, үлкен философиялық-этикалық ой-тұжырым, парасат, табиғат көріністерін, білімділікті негізгі арқау етіп алған.
Махмұт Қашқаридың қалдырған бұл рухани мұраларының кейінгі ұрпақ үшінбаға жетпес асыл қазына екендігіне үлкен мән бере отырып, барлық түркі халықтарына ортақ энциклопедиялық тұғыда жазылған аса құнды мұралардың бірі деп танып білеміз.
Ахмет Иүгінеки – ғасырда өмір сүрген аса көрнекті ғұлама ақын, ойшыл-филосов. Кезінде ол бүкіл түркі еліне танымал үлкен ғалым адам болған. Ол өзінің негізгі шығармаларын түркі тілінде жазған. Ахмет Иүгінеки негізгі шығармасы “Ақиқат сыйы” деп аталады. Бұл дастан орта ғасырдағы түркі тайпаларына түсінікті тілде, яғни Қараханид түріктерінің тілінде жазылған екен.
Ахмет Иүгінеки Сыр бойындағы Түркістан қаласының Жүйнек елді мекенінде дүниеге келіпті. Оның ақындық өмірі мен ғалымдық қызметтері жайында толық мәліметтер жоқтың қасы.
“Ақиқат сыйы” дастанының негізгі мазмұны моральдық, этикалық мәселелерге арналған. Шығармада адам мәселесі негізгі орында тұрады. Ахмет Иүгінекидің пайымдауынша, дүниедегі ең қымбат нәрсе, ол – адам өмірі болмақ. Сол үшін адам мәнді өмір сүру керек. Ол білімді, жомарт, кішіпейіл болуы ләзім. Біздер қашан да білімді кісілерді қадір тұтуымыз қажет дейді.
Ахмет Иүгінеки өзінің шығармасында, негізінен, ең басты нәрсе деп оқу мен білім мәселесіне үлкен көңіл қояды. Ұлы ғұлама дүниенің, әлемнің сырын, құпиясын ашатын кілт – көкірегі ояу, көзі ашық, оқыған білімді адамдардың қолында деген тамаша пікірлерді айтқан. Сондай-ақ Ахмет Иүгінекидің адамгершілік, әдептілік ілімдері де үлкен мән берерлік нәрсе. Ол адамдарды мағыналы, мазмұнды әділ сөйлей білуге, өсек айтпауға, сыр сақтай білуге, әдептіліктің басы – тілге сақ болу керектігін баса үйретіп, керемет ақыл өсиеттер айтады.
Ахмет Иүгінеки “Ақиқат сыйында” түркілік ғұламаларға тән нақыл сөздер, мақал-мәтелдер, теңеулер, қанатты сөздер өте көп кездеседі.
“Ақиқат сыйы” – Ж.Баласағұнның “Құтты білік” дастаны секілді ертедегі түркі тілінде жазылған, көркемдігі
жоғары, әдеби, тарихи, философиялық-этикалық ойларға толы аса құнды шығармалардың бірі. Ахмет Иүгінекидің өмірі, айтылған ойлары әлі де көп тарихи-философиялық зерттеулерді қажет етеді.
Сүлеймен Бақырғани Қожа Ахмет Иассауидің ізбасары, шәкірті, сопылық ілімнің одын әрі дамытушы XII ғасырдың орта кезінде ғұмыр кешті. Сыр бойын мекендеген түркі тайпаларының тілінде қара сөзбен жазылған “Хакім ата”, “Ақыр заман” атты кітабтардың авторы Сүлеймен Бақырғанит Түркістан жерінде өте танымал адамдардың бірі болған. Оның бір ерекшелігі өз дәуірінде жазба әдебиет саласында көрінген, өз хикаяларын прозамен жазып көрсете білген үлкен дарын иелерінің бірі еді.
Сүлеймен Бақырғанидың өмірі мен қызметі жайлы бізде толық құнды дерек жоқ. Көп құнды шығармалары біздерге белгісіз. Сүлеймен Бақырғанидың “Хакім атасы” Ахмет Иассауидың “Диуани хикметі” сияқты халыққа өте түсінікті, ұғымды тілмен жазылған. Бұл кітап XII ғасырдағы оғыз-қыпшақ тайпаларының жазба әдебиеті үлгісін көрсететін аса құнды шығармалардың қатарына жатады. Кітапта дін, суфизм идеялары өте басым.
Қорыта айтсақ түркі халықтарының философиясы X – XI ғасырларды қамтыған, өзінің атақты ақын ойшылдарымен танымды. Ол біздің заманымызға мазмұнды еңбектер және өте терең ойлар философиялық қалдырған заман болып табылады.
Қолданылған әдебиеттер;
“Философия және мәдениеттану”
Ж. Алтаев, Т. Ғабитов, А. Қасабек, Қ. Мұхамбеталиев.