Түркістаным тұраным
Жоспар:
- Түркістаным тұраным
- Қожа Ахмет Яссауидың Түркістанға байланысы
- Түркістан өңірінің тұлғалы перзенттері
- Қорытынды
Кіріспе
Түркістан Қазақстан Республикасындағы тарихи қала, Иассы – Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қалалық әкімдік аумағының орталығы. Сырдарияның оң жағалауында Қаратау жотасының етегінде орналасқан. Халқының саны 90,3 мың адам. Қаланың іргетасы б.з. 1 мыңжылдықтың орта шенінде қаланған. Археологтар Түркістан қаласының тарихы тереңде жатқанын дәлелдеп отыр. Түркістан қаласының айналасындағы аймақта тас дәуірі ескерткіштері – Шоқтас, Қосқорған бұл өңірде әуелгі адам кем дегенде 550 мың жыл бұрын мекен еткенін көрсетеді. Б.з.б. 2 мыңжылдықтан бастап Түркістан қаласы төңірегінде Қазақстанның басқа да өңірлеріндегідей андрон мәдениетін жасаушылар тұрған. Түркістанның ежелгі аты – Иасы. Түркістан Есім ханнан бастап Қазақ хандығының орталығы болды. Сол кезден Иасы қаласы Түркістан деп атала бастады. 18 ғасырда жоңғар шапқыншылығы қаланы құлдыратып жіберді. 1819 жылы Түркістан Қоқан хандығының қол астына қарады. Қалада мақта тазалау, жем, кірпіш заттары, темір-бетон бұйымдарын шығаратын, тұрмыс қажетін өтейтін комбинаттар, кәсіпорындар жұмыс істейді. С.Ерубаев мұражайы қызмет көрсетуде. 1991 жылы «Әзірет Сұлтан қорық мұражайы» ашылды. 1991 жылы Қожа Ахмет Иассауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің негізі қаланды. Юнеско шешіміміен Түркістан қаласының 1500 жылдық мерей тойы әлемдік деңгейде аталып өтілді.
Әлқисса, Түркістанның тарлан шайыры Мағжан ақын жырға қосқан, әлдебір тарихи жазбаларда, яки, сирек кездесетін қолжазбаларда Тұран деп аталған, ер түрік, әр түрік туған, тұрған, өскен, өнген қасиетті қара топырақ сандаған ғасырларды бастан өткеріп, артқа тастап, нешелеген сұрапыл замандарға куә болып, көненің көзіндей, шежіренің өзіндей кейіпте түтінін түтетіп, бір ұрпақтан екінші ұрпаққа сәлемхаттай жетіп отырған Түркістан топырағы… Қазақтың біртуар ұлдарының бірі, ірі қайраткер Мұстафа Шоқайұлы өзінің «Түркістан» деген мақаласында: «… Түркістан — түркілер елі деген сөз.
Сонау VI ғасырдың өзінде-ақ монғол дәуіріне дейінгі көшпелілер империясын, түркі жұрты қанатын жая қоныстанған кең байтақ аймақты сасонид әулеті кезіндегі (ІІІ-VІ ғ.ғ.) ирандықтар осылай деп атай бастаған екен» деп жазады ғой. Сол үлкен Түркістан аумағы… Ал, доктор Баймырза һайт болса былай деп жазған екен: «… Түркістан термині Иран тілдерінен енген «И» изафеті мен «стан» қосымшасы арқылы «Түркілер жұрты» (елі, өлкесі) мағынасын береді. Қазіргі кезде, әсіресе, 1945-50 жылдардан кейін, әлем түркілерінің бесігі ретінде танылған Түркістан атауын қолдану жөнінде бірнеше пікірлер бар.
Түркістан мен зәулім-зәулім кесенелері мен мұндалаған мына Иассы — Түркістан шәһарынмң әңгімесі де, тарихы да, шежіресі де ұштасып, ұстасып жатқаным ақиқат қой. Екеуін бірінен-бірін бөлуге болар ма! Сол үлкен Тұранның ордасы, кіндігі емес пе бұл Түркістан?! Ендеше, бүгінгі Түркістан қаласының тарихын тілге тиек етсек, жалпы түркі халқының рухани ордасы туралы сөз бастағанымыз деп ұғынар едік. Оның бергі жағында… Қай батыры да, қай биі де, қай сұлтаны мен ханы да қастер тұтқан, қадір тұтқан осы Иассы — Түркістанның асқақ бейнесі, биік келбеті салалы әңгіменің өзегі болуға жарамас па?
Бүкіл түркі тектес халықтардың рухани ордасы, кіндік ордасы болып саналған, саналып та келе жатқан, санала да беретін Иассы шәһары туралы аз жаздық па, жоқ әлде көп жаздық па?.. Кім білген!.. Жауап айту қиын. Өйткені, шындық аулына жүгіне отырып сөйлер болсақ, біз, бүгінгі ұрпақ бұл шәһар туралы, тіпті, аз біледі екенбіз. Қала тарихына қатысты ғылыми негіздемелер өте тапшы. Табан тіреп, сүйене сөйлер деректер тіпті, жоқ деуге болады. «Ер түріктің бесігі» деп, «Ежелгі қазақ хандығының астанасы» деп ауыз толтыра айтқанымызбен, дәйек етер дерегіміз тым сұйық. Көңіл сендіре алар, тап бастырмас жазбалар әлі де аршылып алына қоймапты. Сосын да күні бүгін бір-бірімізге қарап, «осы қаланың пайда болғанына қанша ғасыр екен?» — десіп, әркімдерден жауап күтіп, артынан бас шайқасып, бет-бетімізбен тарасып жатқанымыз рас қой…
Мысалы, «Мунтахаб ат-тауарих Муйни», «Тауарихи гузидаий нусрат нама», «Хатхнама», «Шайбанинама» (барлығы да ХІV-ХV ғасырларда шыққан) т.б.
Иассының тарихы — еліміздің тарихы, өткеніміздің айнасы, елдік бейнеміздің кәусар бұлағы. Керек десеңіз, осы қала арқылы біз кешегіміздің суретін, арғы дәуірдің мәдениетін көз алдымызға әкеле аламыз. Сол сурет, сол мәдениет сіз бен бізге ортақ. Бүкіл ислам әлеміне жақын. Бүкіл түркі жұртына етене.
Фольклоршы ғалым, филология ғылымдарының докторы Рахманқұл Бердібаев өзінің «Көне астананы қастер тұтсақ…» деген мақаласында былай деп жазды:
«… Ең алдымен, қаланың «жасын» анықтауды әлі де болса нақтылай түскен абзал. Кейбір тарихшылардың пайымдауынша, қазіргі Түркістанның орнындағы ескі кенттер бұдан 2000 жыл, бәлкім, одан да көбірек бұрын пайда болған. Өзінің тарихи, географиялық орны жағынан алып қарағанда, Қазақстанның оңтүстігіндегі кәдімгі Отырар, Испиджаб, Тараз, Түркістан қалалары Орта Азияның Ташкент, Бұқар шаһарларымен тұрғылас мекендер екені кәміл. Қазақстан археологтарының арнаулы еңбектерінде де осыған қарайлас пікір айтылып келген. Әлбетте, қаланың жасын қолдан ұзартудың да, жасартудың да қажеті жоқ. Қалай болған күнде де мамандармен тағы да бір ақылдасып, пысықтап алу артық емес. Бір кезде Қазақстан қалаларының тым «кене» болуы бізді жарылқадық дейтін билеуші халық өкілдеріне ұнамайтын еді. Ендігі жерде ондай «нұсқаулардан» тәуелсіз зерттеу қорытындылары шығарылуы ләзім. Бұл үшін сан жылдарға созылатын қазба жұмыстарын жүргізу зәрулігі болмас деп ойлаймыз, бұрынғы зерттеулерге сүйеніп отырып-ақ белгілі бір байламға келуге мүмкіндік бар тәрізді…»*
Ғалымның айтқандарына қосылмасқа ылажымыз жоқ. Біз Иассы қаласының пайда болуы мен өмір суруі кезеңін неғұрлым тезірек айқыңдасақ, соғұрлым шындыққа да жылдамырақ жақындаймыз. Тіпті, керек десеңіз, беттері ашылмай жатқан сандаған тарихи кезеңдер мен оқиғаларды. асулар мен белестерді одан бетер тани түсуге, біле түсуге мүмкіндік аламыз. Міне, сондықтан да жанашыр ғалымымыз Р. Бердібаевтың:
«Түркістан — әйтеуір көне қаланың бірі емес, қазақ аталған жұрттың тарихындағы барлық елеулі оқиғалардың куәгері. Қазақ мемлекеттігін құрған, қалыптастырған хандардың, билердің, батырлардың бұл қасиетті шаһарда тұрмағаны немесе соғып өтпегені жоқ деуге болады. Демек, Түркістан тарихының әрбір беті қайта оқылуды керек етеді…» — деген пікірін қайталап айтқымыз келеді.
Жалпы Түркістан топырағы деген кең ұғымды біз көне қала — Түркістанға қайта-қайта теліп, сол негізден әңгіме өрбітуіміздің өз сыры бар. Түрік нәсілдес халықтардың ой тоқтатар ортақ үйі, ортақ қаласы, ортақ қасиетті Отаны — осы күнгі көне Түркістан болып саналады екен. Мұны айтып отырған біз емес. Әнебір жылдары, республикамызда тәуелсіздіктің жылымық желі ескен сәтте-ақ Түркия басшысы, бек иманды Тұрғыт Өзал қазақ топырағына табаны тиісімен-ақ әуелгі сөзі Түркістанға, Әзірет сұлтанға бағышталыпты. Соған барғанша, жетіп тәу еткенше асығыпты. Бұның сыры неде? Әрине, қасиетті Иассының — Түркістанның түркі әлеміне соншалық ыстық, соншалық қасиетті екендігі… Мұнан кейін де ат басын тіреген Иранның, Сауд Арабиясының, басқа да мұсылман елдерінің басшылары мен үлкенді-кішілі өкілдері бізге соққанда бұл көне қаланы айналып өткен емес. Ендеше, соңғы кездердегі журналист-тарихшы ағайыңдарымыз қайта-қайта айтып, жазып жүрген «Мұсылманшылықтың алтын діңгегі» деген сөзі де көңілге қонады-ақ. Ал бұл қаланы «екінші Мекке» деген біздің ұрпақ емес, ілгеріден келе жатқан сөз.
Қазақстанның халық жазушысы Шерхан Мұртаза өзінің Рәшит Ыбыраевпен бірлесіп жазған «Киелі Түркістан» деген мақаласында былай дейді:
«… Әр елдің, егер ол өз тарихын, өз ұлтын, өз мәдениетін, өз намысын бағалай білетін ел болса, сол елдің пір тұтатын, асыл кие тұтатын бір мекені болады. Мысалы, ол өзбектерде — Самарқанд, Бұхара, орыстарда — Суздаль, Владимир, Иранда — Машхат, Моңғолда, — Қарақорым, т.б.
Біз үшін, қазақтар үшін сондай рухани алып — Түркістан.
Әрине, әулие-әмбие тұтатын киелі мекен әр жерде бар.
Бірақ олардың биігін аласартпай, ешкімнің намысына тимей, бүкіл халық болып мойындайтын піріміз тағы да Түркістан…» деп жазады онда»
Сол Иассы — Түркістан шәһәрі туралы, оның арғы-бергі шежіресі жайлы неге арнаулы зерттеулер жазылмай келеді? Неге осы мәселеге тарихшы ғалымдарымыз тым тартыншақтап барады? Деректер аз ба? Мүмкін. Алайда, қу шөппен ауыз сүрте береміз бе?
Жазушы Сәуірбек Бақбергенов: «… Қазақ жеріндегі шаһарлардың ірге көтеру тарихы ықылым замандар тереңінде жатыр. Түркістан шаһары — солардың бірі…» деп келеді де, енді бір жерінде: «… қазақ жерін ІІІыңғысхан жаулап алған XII ғасырда, Отырар қырғыны кезінде Иассы (Жаса) немесе Түркістан қаласының аты аталмайды» деп жазады. Бірақ жазушы тағы бір жерінде: «… ол шақта бұл қала ірге көтергенімен, тым шағын болса керек» деп түйін жасаған.
Осы жерде айта кетер бір нәрсе — біз осы күнге дейін қазақ қалалары, қала берді Сыр бойындағы қалалар туралы тым аз айтып келе жатыр екенбіз. Отырар, Исфиджаб (қазіргі Сайрам), Сауран, Қарнақ, Өзгент, Сығанақ, Баршынкент, тағы басқа қалалар тарихы егжей-тегжейлі жазылды ма? Жауап айту қиын. Сол сияқты біз бүгін тілге тиек етіп отырған Иассы қаласы да атүсті айтылумен келеді.
Жарайды. Сонда қолға ұстап, тілге тиек етер қандай деректер бар?
Сыр бойындағы қалалар, әсіресе Түркістан туралы мәліметтер 1694 жылдары Түркістанда елші ретінде болған Сібір казактарының Мәскеудегі Сібір приказына берген жазбаларында кездесіп қалады. Мысалы, соның бір жерінде: «… А городы у нихь Тевкихана все сдиланы изь сырого кирпичу, только стины один. А подь владиніемь у него Тевкихана казачьихь городовь двадцать пять, а по послидняго города доизжать оть него Тевкихана вь три дня… и кругь городских стинь земленыхь валов и рвовь щить…» деген жолдар бар.
Деректерге сүйенсек, Қазақстанның оңтүстігінде тұратын халықтар баяғыдан-ақ кесек құюдың құпиясын жақсы меңгеріпті, олар жұмбаз балшықтан кесек жасап, төзімді, берік қорғандар, сәулеттік ғимараттар тұрғызған.
Жергілікті жердің ауа райы, табиғат ерекшеліктері, ерекше ескеріліп, соған ылайықталып, берік болуы ойластырылып, бекіністер, ғимараттар, зәулім үйлер негізінен шыдамды да арзан, жергілікті шикізат — балшықтан жасалса керек. Шілде күндерінде жауынның, ылғалдың аз болуы, ал балшықтың ыстық кезде тез қатып қалатыны қала салу жұмысының мұндағы жағдайына бейімделе дамуына зор әсер етіп отырған. Бүгін зер сала қарасақ, Түркістан қаласының сыртқы көрінісі ерекше, бұл ғимарат та өзге қалалар секілді кесектен құйылған кірпішті қорғандармен қоршалғаны бірден көзге ұрады. Сондай әдемі де өрнекті қорғандардың орнын қазір де табуға болар еді. Бір таң қаларлығы мұндағы жергілікті халық қазіргі кезде де үй салу, дуал, қоршаулар жасауда, балшық илеп, одан кесек қүю әдісін шебер меңгеріп, соны қолданып келе жатыр. Тарихи деректерде көрсетілгеніндей, сырт бейнесі осындай қазақ хандығының иелігіндегі қалалар саны әрі кеткенде жиырма беспен шектеліп келгенімен, соңғы жылдары жарық көрген зерттеу еңбектерінде 1965 жылдары 30-дың үстіне шыққанын ескертеді.
Ежелгі Түркістан қаласы қазақ топырағындағы сол кездегі кең ауқымды саяси мәселелерді, дау-дамайларды шешу орталығы болғаны аян.
Қала түбіндегі Мәртөбеде (Сайрам жанындағы тау) үш жүздің өкілі ылғи да бас қосып, уәжге келіп отырған. Жер дауы да, жесір дауы да осы арада әңгімеге өзек болған.
Ескі қала — Түркістанның ел басын біріктіріп, бірлікке уағыздауда үлкен рольге ие болғанын дәлелдейтін деректер де кездесіп отырады. В.А.Моисеевтің кітабында былай деп жазылған:
«…Главный июрдъ этих хищников в то время был 8 нынешней Сыр-Дарьинской области, по среднему течению реки Сыр-Дарьи и в окрестностях города Түркестана, где жиль сам «казацкий» или киргизский ханъ Тявка»… деген жолдар Түркістан туралы көп жәйтті мағлұм етсе керек.
Демек, Иассы-Түркістан қаласының тарихы әріде жатқанға ұқсайды. Біз ішінара деректер мен мәліметтер келтіріп отырған кезең —1600 жылдар шамасы болса, бұл кезге дейін қала орнығып, өркендеп, жан-жақты дамып отырғаны аңғарылады. Иассы шәһәрі (ол XVI ғасырдан бастап Түркістан аталды) қатты кезеңде болмасын, гүлдеп, өркен жаюына негізгі себеп — ең алдымен мұндағы діни уағыздың зор болғанымен байланыстырылады. Атақты Әзірет сұлтан кесенесінің салынуы, оған Қожа Ахмет Иассауи секілді ғұлама адамның қабірі қойылуы үлкен мәнге ие. Бұл кесененің алғашқы кішкене үлгісі XII ғасырда-ақ тұрғызылған. «Түркістан — қазақ хандығының астанасы» деген мақалада былай деп жазылған:
«Өте ертеден келе жатқан бұл қаланың қазақ халқының рухани өміріңде алатын орны да ерекше. Мәселен, қазақтар арасында орыс мемлекеті тарапынан христиан дінін, жоңғарлар тарапынан ламаизмді енгізу әрекеті болғаны белгілі. Архив құжаттарында осындай айғақтар деректер кездеседі» дейді.
Тағы бір тарихи құжатта — 1755 жылғы Сыртқы істер коллегиясына берілген мәліметтерде мынадай жазбалар кездеседі:
«… толмачъ Арапов въ Оренбург возвратился и привезъ письмо оной орды оть Аблай Салтана, которымь онъ требуетъ отдачи людей его, которые командор еще Сибирской губернской концелярьи въ прошлых близъ Иртыша захвачены и крешены…»
Міне, ертедегі орыс мемлекетінің жүргізген отарлық саясатының кейбір көріністері осылайша байқалып отырған. Бұған қосар тағы бір дерек — 1691 жылы Қалданның елшілері, тархандар Аюке Кашка мен Очин Кашканың Иркутск воеводасы Л.К.Кислянскиймен болған әңгімесінде жоңғарлардың қазақтармен соғысу себептерін ламаизмды қазақтардың қабылдауымен байланыстыра сөз етеді.
«Сыртқы күштер қазақ елінің санасына енгізуге тырысқан екі діннің де тамыр жайып, өркендей алмауының бірден-бір себебі — рухани орталық Түркістанның бүкіл қазақ жұртына ықпалының зорлығына, одан елге жол тартқан Қожа Ахмет Иассауи — қасиетті Әзірет Сұлтан ілімінің асқақ биіктігіне байланысты болса керек. Исі түркі халықтарының екінші Меккесі атанған Түркістан аумалы-төкпелі заманда елге нық сенім беріп, діни және рухани беріктікті сақтап қалуға көмектескен рухани тазарту орталығы бола алды деп айтуға негіз жеткілікті. Оны қазақ жерінің әр түкпірінен мінәжат етіп келген халық, ауыр қасіреттен, қиындықтан қорғайтын пана деп білген. Белгілі бір діннің ықпалына тез берілмеуде сол ықпалға объектінің беріктігі үлкен рөл атқаратындығы мәлім. Халықта ондай адамды сипаттағанда «діні қатты екен» деп айтады емес пе» деп атап көрсетеді Д.Мұстапаева деген автор өзінің мақаласында.
Рас, Иассы шәһәрі үлкен діни орталық болып келе жатқаны көп дәлелдеуді қажет ете бермейді. Бір ғана Әзірет сұлтан ғимаратының өзі-ақ қаланың даңқын бүкіл әлемге жайды. Құл Қожа Ахмет Иассауидің бар ғұмыры осы қаламен байланысты. Ол тарихтан белгілі болып отырғанындай, сопылық ілімнің негізін қалаушы. Жырлары да осы бағытта туындаған. «Диуани хикметте» (Даналық кітабы) Мұхаммед пайғамбарымыздың ілімі барынша көрініс тапқан.
Бұл қала туралы тағы бір ғалымымыз Ә.Дербісәлиев былай деп жазады:
«…» Ал, Түркістан (Иасы) жайындағы алғашқы деректерді IX ғасырдың жазба мәдениет ескерткіштерінен кездестіруге болады. Ол әуелде Шауғар делінгенімен, кейінірек Иасы деп атала бастаған. XV ғасырдан бастап Түркістан атанған тереңге меңзейтін тарихы, өзіндік аса бай дәстүрлері бар Шауғар-Иасы-Түркістан орта ғасырларда Оңтүстік Қазақстан қалаларының ішінде Отырардан кейінгі екінші дәрежеге көтерілген аса маңызды ғылым мен мәдениет орталығы еді деп бөле-жара айтуға болады.
Жазба әдебиетте Түркістанның аты әсіресе Орта Азия, Таяу және Орта Шығыс жұртын Әмір Темір Көреген (1335-1405) билеген кезде жиірек аталады. Оның өзіндік себептері де бар-тын. Осы бір дала қыраны атанған қаһарлы қолбасшы Тұран мен Иран жерінен жер қайысқан қалың қол жинап (олардың арасында қазақтың қаңлы, қыпшақ, қоңырат, найман тайпаларынан шыққандары да жеткілікті болған), қатаң тәртіп орнатып, кіндік қаласын Самарқан еткен Әмір-Темір, жоғарыда аталған елдерге жеңіс туын желбіреткеннен кейін, XIV ғасырдың соңғы ширегінде Алтын Ордаға, Ресейге қарай мойын бұрған кезде Дешті-Қыпшақ пен Сыр бойын мекендеген елдің көңілін аулау үшін оның қасиетті орталығы Түркістанга назар аудара бастайды. Әзірет Сұлтан қорығы сол кезде тұрғызылған болатын»
Бұл мәселені тап бүгін шешу қажет дегенге біз де бірден қосыла кетуден аулақпыз. Бірақ күндердің күнінде ортақ ойдың өзегі болып жатса, оған тек қолдау көрсетілуі керек.
Иә, Түркістан — қазақ топырағындағы көне қалалардың бірі. Бірақ, кейбір зерттеушілеріміз көрсетіп жүргеніндей, ол Отырардан да көне дей алмаспыз. Әйтсе де, бір нәрсенің басы ашық. Отырар тарихи жазбаларда бар да, өмірде жоқ. Қираған, орны ғана қалған. Ал, Түркістан болса… бәріміздің көз алдымызда. Әсіресе, әйгілі Қожа Ахмет Иассауи кесенесі баға жетпес қазына ғой. Енді сол тарихи қазынаны көзіміздің қарашығындай қорғап, алдағы ғасырларға жеткізуіміз керек емес пе.
Іргелі ел болғымыз келсе, осы жағын естен шығармасақ екен…
XI ғасырдың бас кезінде жарық дүниеге шыр етіп келген жас сәби — бүгіндері аты аңызға айналған әйгілі Қожа Ахмет Иассауи есімі (оның толық аты-жөні — Қожа Ахмет бин Ибраһим бин Махмүд бин Афтихар Иассауи) тек соңғы жылдар бедерінде ғана ерекше назарға алынып, мерзімдік баспасөз беттерінде жан-жақты атала бастады. Ал, оған дейін тек есімі ғана белгілі болған осынау ғұлама туралы енді егжей-тегжейлі зертеулер де жазылмақшы. Осылайша Иассауитану ғылымы да өзінен-өзі туындап келе жатыр?
Иассауи қай жерде туды? Қашан туды? Бұл сұраққа әр кезде әртүрлі жауап беріліп келеді. Ол қазіргі Сыр бойындағы Сайрам қаласында дүниеге келгені рас. Бұны талай тарихшыларымыз бен зерттеушілеріміз жазды да. Алайда… ислам дінінің ізімен сопылық философияның Орта Азияда негізін салған, оның мистикалық бағытын осы аймақта алғаш рет паш еткен ойшыл, ғалым, ақын, дана Қожа Ахмет бин Ибраһим бин Махмұд бин Афтихар Иассауидің өмірбаяны туралы тиісті мәліметтер әлі де толық емес. Оның туған жылы мен қайтыс болған уақыты туралы да белгілі ғалымдарымыз әртүрлі жорамал айтып жүр: 1103-1166 ж. (К.Ераслан, Ә.Нәжіп), 1080 ж. (3.Жандарбеков), 1103-1167 ж. (Н.Нұрмұхамедов), 1104-1167 (Ә.Қоңыратбаев), 1094-1167 ж. (X.Сүйіншәлиев), 1103 ж. туған (С.Санбаев), 1083 ж. (С.Ізтілеуұлы) т.б. Жазушы С.Бақбергеновтің жазбасында Қ.Иссауи 1093 жылы туған делінеді. Оған қоса: «… жер астында он жыл жатып, 73 жасында, шамасы 1167 жылдары дүние салды» деп тұжырым жасаған. Бірақ бұл да жорамал ғой. Ғалым-философтар А.Қасабеков пен Ж.Алтаев: «… Ұлы бабамыздың туған күні мен жылы белгісіз. Өлген жылы — 1166» деп жазады.
Ғұлама ғалым әрі ойшыл азамат туралы тынбай еңбектеніп келе жатқан ғалым, профессор Әбжан Құрышжанов өзінің мақаласында былай деп ой өрбітеді:
«… Қожа Ахмед Иассауидің арғы атасы Мұхаммед пайғамбардың немере інісі, шәкірті әрі күйеу баласы (Фатиманың күйеуі), белгілі төрт сахабаның бірі Әзіреті Әлінің баласы Мұхаммед Ханифаның бесінші ұрпағы Әбдірахым мен Әбдіжәлилге еріп келіп, Орта Азияны жаулап алуға қатысқан, содан соң осы күнгі Түркістан (ол кездегі Иассы) қаласының маңында қалып қойған Ысқақ баб болып есептеледі.
Осы ғалым тағы бір еңбегінде Иассауидің 1103 жылы дүниеге келіп, 1166 жылы Иассыда (Түркістанда) дүние салғанын жазады.
Осы жерде бізге мынадай ой келеді. Иассауи 63 жасқа келген соң, бұл дүниенің қызығын тәрк етіп, жер астына түсті дейміз. Жер астына түсуі, яғни, қылует етуі — оның бұл дүниемен қоштасуы ма екен? Ғұлама философ жер астында да пәленбай жыл (әзірге осылай дей тұралық) өмір сүргені қайда қалады сонда? Демек, жоғарыдағы мысалға алынған белгілі ғалымдарымыздың жазбаларына қалай қарауымыз керек?.. Біздіңше, күңгірт тұстар баршылық.
Бірқатар тарихи құжаттарға сүйене сөйлер болсақ, оның өмірбаяны мынадай. Ол әуелі сол кездегі ғылым мен ағартудың орталығы ретінде белгілі болған Отырар қаласында білім алады да, кейіннен Бұхардағы Юсуп Хамадани басқарған сопылар қауымына кіріп, дәруіштік мектептен өтеді. 1140 жылы Юсуп Хамадани өліп, кейіннен оның екі мүриті дүние салған соң қауымды Ахмет Иассауи басқарады. Бірақ көп ұзамай-ақ мәртебелі қызметін тастап, өзінің туған өлкесіне біржола қайтып оралады. Софизм идеяларын уағыздап, өзі де оны берік ұстана отырып, жоқшылықта өмір сүреді. Сондықтан да оны жергілікті халық Әзірет Сұлтан деп кетеді.
Ахмет Иассауидің дінді уағыздаушы және шайыр ретінде атағы кең жайылып, оның «Диуани Хикмет» («Даналық кітабы») атты көне түркі тіліндегі діни өлеңдер топтамасы болады. Ол дүниесі жергілікті халыққа түсініктілігі арқасында талай мәрте қайта көшіріліп, бірнеше рет басылғанын тарихи құжаттар айғақтап отыр.
Оның атының елге кең таралуына тікелей себепші болған бұл сияқты уағыздық өлеңдердің философиялық және діни-мистикалық мазмұны, ондағы жақсылыққа, әділеттілікке шақырған үні, халықтың қайырымдылық сезімін ояту, оны басқа діндегілермен жауласудан сақтандырумен қатар дін иелерінің ашкөздігін, зұлымдығын әшкерелеумен жалғасып жатқандығын қадап айтуымыз керек.
Тағы бір ойға жетелейтін мәселе бар. Біз көп уақытқа дейін Ахметті мистик ақын болды деп, үнемі назардан тыс қалдырып отырдық. Ал, шын мәнінде сол мистика деген сөздің өзі де бір ғылым саласы емес пе. Мистика ежелгі грек тілінде «сыры мол әдет-ғұрыптар» немесе «құпия нәрсе» деген мағына береді екен. Ең бастысы, мистика қағидаларының тұжырымдары барлық дінге ортақ болып кіріге алады. Осы тұрғыдан алғанда, Иассауидің ұстанған бағытын бұрыс деуге бола қоймас. Мәселен, кейбір деректерде философ Платон, ақындар Теннисон мен Тагор, тағы да бірқатар белгілі кісілер мистикалық ғылымның жолында болғанын көзіқарақты оқырман білуі тиіс.
ә) Қылует тарихы немесе Иассауидің екінші өмірі
Әйгілі ғұламаның ғұмыры шартты түрде бөліп қарасақ, екі сатыдан тұрады. Жер бетіндегі өмірі және жер астындағы, яғни, қылуеттегі өмірі… Міне, осы бағытта әркім өз болжауын әртүрлі айтады. Оның 63 жыл өмір сүріп, «пайғамбар жасына» жеткен соң, жер астына түскенін тарихи құжаттар айғақтайды. Бұл айдай анық нәрсе. Ойшыл ақын өзінің «Хикметінде»:
Жер үстінде өлмес бұрын тірі өлдім,
Алпью үште «сүндет» деді, — естіп, білдім.
Жер астында жанымды салып құлдық қылдым,
Есітіп, ұғып, жерге кірді құл Қожа Ахмед»
(27 хикмет)
деп келеді де, енді бірде:
Алпыс түнде, алпыс күнде бір-ақ жол тағам (татып),
Таң атқанша намаз оқып, тек табынып,
Алпыс үште ғұмырымның ақыры тамам болды,
Мұстафаға құрмет тұтып, кірдім мен — ә!
(6 хикмет)»
деп жазбаушы ма еді.
Сөйтіп, ірі дін өкілі, сопылық ілімнің қазақ топырағында негізін қалаушы ойшыл 63 жасында жер астына түсті. Қылует қылды. Қылует дегеніміз — жер астындағы үй, жеке жай. Бұл біздің тұжырымымыз. Ал, А.Абуов деген автор өзінің «Қожа Ахмет Иассауи дүниетанымын зерттеудің тарихи-философиялық аспектісі» деген мақаласында: «… Хилует деп софылардың, дәруіштердің жеке қалып бас қосатын, кейде 40 күн оразаларын тұтатын жерін атаған» деп жазыпты*. Қылует (хилует) туралы бұдан басқа да әртүрлі пікірлер бар.
Иассауидің жер астында қанша жыл өмір сүргені туралы пікірлер де күні бүгінге дейін әртүрлі. М.Ф.Көпірілі 120 жас жасады деген тұжырым айтады. Бұл ойды академик В.А.Гордиевский, қазақ жазушысы Ж.Аймауытовтар да қостайды. Ол туралы жазбасында қазақ ғалымы Зікірия Жандарбек те Қожа Ахмет 120 жыл жасады деп тұжырым білдіреді.
Ақынның өзіне жүгінер болсақ, келесі бір хикметі былай дейді:
Жарандардан жақсылық, құдайы рақым ала алмадым,
Жүз жиырма беске кірдім — біле алмадым,
Хақ тағала дегенім қыла алмадым,
Естіп, ұғып, жерге кірді Құл Қожа Ахмед
(27-хикмет).
Енді бұған не дейсіз? Жүз жиырма бес жыл жасауы да мүмкін ғой…
Осы жерде еске сала кетер бір жәйт — ол 63 жасында Аллаға құлшылық етіп, жер астына түскен Қылует жолы қайда? Оның орны сақталған ба? Міне, осыны да ойластыру керек-ақ. Сондай жер асты үйлері (хилвет) бұл жерде баршылық. Соның бірін — кесененің жоғарғы жағында орналасқан жер асты үйін біз де өз көзімізбен көрдік. Әрине, қазірде ішін түгел шөп-шалам басқан, тап қазіргі қалпында оған түсу, ішін аралау еш мүмкін емес. Оны аршу, ішкі жағдайымен танысу әбден қажет-ақ. Бір қуанарлығы — бүгінгі ұрпақтары өз парызын өтеп, сондай жер асты үйіне — қылуеттің үстіне үй тұрғызып, сырт бейнесін қалыпқа келтірген. Бұған да шүкіршілік.
Бірқатар деректерде Қожа Ахмет Иассауи жер астына түскенімен өзінің ұстаздық, тәрбиешілік жұмыстарын жүргізе берген делінеді. Ол қылуетте жатып-ақ өз шәкірттерін тәрбиелеген. Оларға дәріс берген. Сонымен бірге өзінің де «Хикметтерін» жазуды жалғастырған.
Әйгілі ғұлама жер астында тағы да қанша жыл өмір сүрді, бұл жағы әзірге даулылау мәселе. Ал айтылып жүргендердің бәрі де жорамал. Бірақ, бір нәрсенің басы ашық. Құл Қожа Ахметтің бұл әрекеті сол кезеңде жалпақ әлемге кең жайылып, оның пайғамбардың «өкілі» екендігін паш ете түскен. А.Мец былай деп жазды: «Құл Қожа Ахмет Иассауи Мұхаммедті жаратылыстан тыс адам ретінде көрсетіп, оны құдай қатарына қосты». Иә ол осы ісімен-ақ бүкіл мұсылман әлеміндегі өз орнын айқындады. Пайғамбарымыз Мұхаммедті құрметтеудің теңдессіз үлгісін, ешкім жасамаған нұсқасын жүзеге асырды. Міне, бұл тұрғыда ойлансақ, Қожа Ахметтің қылуетінің мәні одан бетер асқақтай түспек.
Түркістан өңірі деп отырғанымыз арғысы қарт Қаратау — бергісі ата Сыр аралығы екені көзіқарақты оқырманға өзінен өзі түсінікті болса керек. Осы топырақтың арғы-бергісін ақтара бастасақ-ақ, неше ықылым замандардан бері ұмытылмай, өшпей келе жатқан нешелеген ойшылдар мен шайырлардың есімін кездестіреріміз кәдік. Қасиетті жердің талантты ұлдары туралы талай талай әдебиетші ғалымдар, тарихшылар, журналистер қалам тербеген. Бірақ барлығы егжей-тегжейлі айтылды, жазылды десек, жаңсақтық болар еді.
Енді осы маңда туып-өскен, бүкіл шығармаларын осында жазып, жалпы жұртқа, жалпақ әлемге тұнық ойлары мен тасқынды жырларын жария еткен ғылым, әдебиет, өнер саңлақтарына рет-ретімен тоқталып өтелік.
ЖАМАЛ АД-ДИН САИД ТҮРКІСТАНИ
Араб әдебиетінің арғы-бергісін зерттеген үлкен ғалым Карл Брокельман өзінің жазбаларында осы Жамал ад-Дин Саидты математикадан жоғары хабары болған кісі деп атап өтеді. Расында да, артында қалған мұраларына қарағанда Жамал ад-Дин Саид ірі оқымысты, сауаты зор адам екені айғақ. Оның ныспысына «Түркстани» деген атаудың жалғануы туркістандық деуге толық негіз қалайды. Әзірге деректерден білетініміз — ғалымның туған, өлген жылы белгісіз.
Ол ең әуелі білімді өз қаласынан алып, сосын Самарқанд, Бұхара жаққа сапар шексе керек.
«Тіпті таяу және Орта Шығыс елдеріндегі Бағдад пен Дамаскіге барып білімін толықтыруы да мүмкін» деп түйеді ғалым Ә.Дербісәлиев өз кітабында, математика саласында еңбек етуді өзіне бақыт санаған ойшыл 1312 жылы «Китаб әл-әлайиа» («Жоғары математика кітабы») атты трактат жазып қалдырады. Арифметиканың мәселелерін сөз еткен, медреселерде кең пайдаланылған бұл еңбекке Әбул-Хасан Әли бин Мухаммед бин Әли бин Кейхусрау әл-Баһмани атты ортағасырлық ғалым Жамал жазған теорияларды түсініп, пайдалануды оңайлату ойымен оған «Шарх китаб әл-әлайиа» («Жоғары математика кітабына түсініктеме») атты түсіндірме түзіпті. Сол еңбегі Санкт-Петербургтегі Шығыстану институтының қолжазба қорында, шығыстанушы Виктор Розеннің (1849—1908) коллекциясында тұр екен.
Бұл тарауда есімдері аталынатын ғұлама ойшылдарымыз туралы деректер Ә.Дәрбісәлиевтың «Қазақ даласының жұлдыздары» (А., 1995 ж.) кітабынан алынды.
Шарх Китаб Әл-Алайиа. Талиф Әбул-Хасан Әли бин Мухаммад бин Кейхусрау әл-Баһма. (Ресей Ғылым академиясы Шығыстану институтының колжазба қоры).
Зерттеушілерге сүйенсек, ол XIII ғасырдың соңғы жағы мен XIV ғасырдың алғашқы жартысында өмір сүрген деген жорамал бар: «…Соған қарағанда монғол шапқыншылығынан кейін де Түркістан қайта көтеріліп, өнер мен ғылым ордасына айналған. Егер ол қиратылып, орнында тек күл қалса, моңғол зобалаңынан кейін 100 жыл еткен соң Жамал секілді ғалым шығар ма еді?» (Ә.Дербісәлиев). Қаланың қайта жандануына тоғыз жол торабында жатқаны да елеулі роль атқарғаны рас. Осы жәйттің өзі де қазақ сахарасында қала мәдениеті моңғол дүрбелеңінен кейін де тоқырауға ұшырамағанын куәландырады. Оған дәлел — Түркістанда да ежелгі Отырардағы секілді ақша соғу дәстүрі жалғасып отырған. Қазақ хандарының атынан соғылған мұндай теңгелердің бетінен қазақ руларының таңбаларын да кездестіруге болатын еді. Міне, осының бәрі халқымыздың рухани мәдениетінің жоғалып кетпеуіне негіз қалады. Осының сылтауымен болса да қалаларымызға түрлі әміршілер, не болмаса өздерінің керуендерімен бірге Таяу және орта шығыс елдерінен саяхатшылар мен саудагерлер, тарихшылар мен шежірешілер жиі-жиі ат басын тіреді. Сондай оқымыстылар, әрине, өздерінің көңілге түйгендері мен ойларын қағазға түсіріп, қалдырып отырды. Енді сондай асыл мұраларды ана тілімізде сөйлету біраз сырдың бетін ашар еді.
ШЕЙХ АХМЕТ ТҮРКІСТАНИ
Өз кезінің ерен жүйрік ақыны болған Нур ад-Дин Абд ар-Рахман бин Ахмед Джами (1414—1492) Иран жерінде туғанымен өмірінің көпшілік бөлігін қазіргі Ауғанстандағы Герат қаласында өткізген, парсы әдебиетін паш еткен ортағасырлық 12 ақынның бірі. Осы ғұламаны атақты Әлішер Науаидың (1441—1501) езі үстаз ретінде құрметтепті. Адамзаттың рухани ордасы есептелген Гератта ол үлкен беделге ие болып, ерекше сый-құрметке бөленгені байқалады. Түркістандық Шейх-Ахмет осы кемеңгер ойшыл, парасатты ақынның «Шауаһид ан-Нубуууа ли-Тақуйат йақын аһл әл-футууа» — «Зиялы кісілердің (діни) сенімін (нанымын) нығайтудағы (Мұхаммед) пайғамбардың елшілік миссиясының куәлігі» атты шығармасын 1508 жылы кез майын тауысып Самарқандта қайта кешіріпті.
«Осы ретте айта кетер бір жәйт — Әмір Темір құрған үлкен империяның кіндік қаласы болған Самарқан тек әкімшілік қана емес, сонымен қатар рухани орталық та қызметін атқарды. Ол кезде қазіргі Иран мен Ауғанстан, Өзбекстан мен Қазақстан секілді мемлекеттер арасында шекара жоқ еді. Сол себепті де білім іздеген көзі ашық, көкірегі ояулар мен сауда-саттықпен айналысып бағын бақалшылықтан іздегеңдер де Самарқанға сапар шегетін. Міне, сөйтіп, олар Орта Азия елдерінің базарлы Бағдадына айналған осы қалада Хияли Бухари, Саккаки, Сайф Бухари, Маулана Каусари, Маулана Бадахши, Маулана Мир Карши, Маулана Улаи Шаши, Маулана Сафаи, Мухаммад Тархан, Қажы Мухаммад Парса, Саид Кураза секілді ақындар мен ғалымдар, қарасөз зергерлері мен ойшылдар, каллиграфтар мен нақышкерлер, яғни кітап түптеп, оған өрнек салумен атағы шыққандар да өмір сүрді». (Ә.Дербісәлиевтің жазбасынан).
Атақты ғұламалар Ұлықбек пен Науаи күн кешкен кезеңде Самарқандта Әбд ар-Рахман Хорезми секілді тамаша хаттар та өмір сүрген екен. Жазу арқылы сурет салудың әдемі үлгілерін жасаған, осы өнерге өз балалары Әбд ар-Рахим мен Әбд әл-Каримді де ерінбей-жалықпай баулиды. Сөйтіп, үлкен еңбекпен құрған оның мектебінің аты тез тарайды. Бірте-бірте Әбд ар-Рахман Хорезмидің мектебінен — каллиграфтар орталығынан дәріс алу үшін сапар шегушілер көбейді. Сығанақ, Жент пен Баршынкент, Түркістан мен Отырар іспетті шаһарлар мен кенттерден шәкірттер көп ағылыпты. Бұлардың арасында ескі қала — Түркістаннан шыққандар да аз емес еді. Солардың бірі және бірегейі — біз атын атап отырған шейх Ахмет бин Пір Ахмет Түркістани еді. Оның әкесінің ныспысы Пір Ахмет. «Түркістани» деген сөз әдеттегідей оның түркістандық екенін білдіреді.
Әлішер Науаидің тұстасы Әбд ар-Рахман Джамидің (Әбдірахман Жәми) өмірбаяны жайлы деректер тым тапшы. Шейх Ахмет Түркістанда туып, алғашқы білімді осындағы медреселердің бірінде алып, содан кейін Самарқанға, одан әрі атағы жер жарған Гератқа дейін барғанын тарихи деректер дәлелдейді. Ол Джамидің (Жәмидің) өлеңдерін емес, қарасөзбен жазылған шығармасын хаттағаны байқалады. Бұдан шығатын қорытынды — ол жазуының әдемілігіне жұрт тамсанған хаттар (калиграф) болғанға ұқсайды.
Джами Гератта жүргенде Маулана Қожа Ала ад-Дин Самарқанди секілді білімді кісіден дәріс алыпты. Кейінірек Орта Азияға сапар шегіп, Самарқанда Қази задейн Румидің (1360—1437) сабағына қатысып, өз білімін терендеткен, сосын Меккеге барып, қажы да атанса керек. Арада біраз жыл өткен соң өз қаласы — Гератқа келіп, Әлішер Науаидің өтініші бойынша 1480 жылы Мұхаммед пайғамбардың өмірі мен қызметін сөз еткен жоғарыда аталған шығарманы хаттауға кірісіпті.
«Шейх Ахмет осы дүниені Джами қайтыс болған соң-ақ (1492) көшіре бастаған. Өйткені «Кіріспе», 7 тарау және «Қорытындыдан» тұратын агиографиялық еңбекті ол 1508 жылы хаттап шығыпты. Өзгеріске ұшырамай, сол күйінше жеткен бұл туынды қазір Ташкенттің қолжазба институтының қорында тұр. Кейбір жұқаналары Түркия, Иран, Египет, Германия, Ресей кітапханаларында да бар». (Ә.Дербісәлиевтің жазбасынан).
Сөйтіп, Шейх Ахмет Түркістани белгілі ғұлама Джами еңбегін тұпнұсқа бойынша хатқа түсірген алғашқы каллиграфтың бірі ретінде тарихта аты аталмақшы.
МҰХАММЕД БАҚИ ҚАРНАҚИ (ТҮРКІСТАНИ)
Мұхаммед өз есімінің қасына қосақтап айтқан Қарнақ қаласы жайлы не айтуға болацы? Қарнақ — орта ғасырдағы қала. Оның аты ең алдымен XI ғасырда Махмұт Қашғари еңбегінде аталады. Қала шамамен X ғасырдың соңыңда Қарнақ деген атты иеленген тәрізді. Орта ғасырда өмір сүрген жиһангер әл-Мақдиси Оңтүстік Қазақстан қалаларының тізбесін құрастырғанда қала осындай атаумен еніпті. Түркістандағы Қожа Ахмет Иассауи ғимаратында сақталған алып қазан осы қалада құйылды деген тарихи жорамал бар. «…Соңғы кезге дейін Түркістан қаласының солтүстігінде 25 шақырым жердегі Атабай селосы Қарнақ аталып келді» делінген Қазақ энциклопециясында. Қарнақ — Түркістан түбіндегі кішігірім қала болғанымен, тарихи маңызы бар.
Көне қалада туған ғалымның аты Мұхаммед Бақи. Әкесінің ныспысы Әбу Йузбаки Баркай. Баркай — Қарнақи деген сөз. Демек, бұл оның қарнақтық екенін дәлелдейді. Ол әуелі Қарнақта, сосын Түркістанда білім алады, оцан кейін тағы да білім қуып Бұхара мен Самарқанға да барса керек. 1358 жылы Джалил бин Мұхаммад ар-Ридауи атты оқымысты жазған «Хашийа ала-л-мақала ас-санийа фи-л-қадайа аш-Шамсийа мин Шарх ар-Рази» деп аталатын шығарманы ерінбей, жалықпай отырып, түгел көшіріп шығады. Бұл дүние кейде «Рисала аш-Шамсийа фи қауағид әл-мантиқийа» деп те аталып жүр. Авторы Наджм ад-дин Әли бин Омар әл-Казуини әл-Катиби (? — 1294). Ол бұны Хулагу ханның (1256—1265) уәзірі Шамс ад-Дин Мұхаммед ибн Баһа ад-Дин әл-Джуайнидің (? — 1282) өтінішімен жазып шыққанын айтады. Сосын да оның кейде қысқартылып «Шамсииа» деп аталуы заңдылық.
ХАФИЗ БАҚИ ТҮРКІСТАНИ
Түркістанның тағы бір перзенті — XVII ғасырда өмір сүрген Хафиз Бақи ас-Саид Бақи Түркістани. IX ғасырдың аяғы мен X ғасырдың алғашқы жартысында өмір сүрген атақты араб тарихшысы Әбу Жағфар Мухаммад бин Жа-рир ат-Табаридің (923 ж. қ. б.) «Тарих ар-расул-уа-л-му-лук» («Пайғамбарлар мен патшалар тарихы») атты еңбегін оқып шығып, ұнатқан ол кестелеп көшірді.
Белгілі білімдар Хафиз Бақи да білімді әуелі туған қаласынан алып, содан кейін Ташкент пен Бұхараға, Самарқанға сапар шексе керек. Оның араб, парсы мәдениеті мен әдебиеті, тарихы мен шежіресінен дәріс, тағылым алғаны өз нәтижесін бермей қоймады. Айталық, жоғарыда аталған еңбекті көшіріп шығу оңай жұмыс емес. Әйтсе де, бір көңіл аударар мәселе — аталған шығарманың қай жылы, қай жерде қайта жазғаны белгісіздеу. Әйткенмен, қолжазбадан байқалғанындай, бұл еңбек XVII ғасырдың бірінші жартысында көшірілген.
ДАУД ТҮРКІСТАНИ
«Ресей Ғылым академиясы Шығыстану институтының қолжазба қорында В. И. Беляевтің «Бұхара коллекциясы» деп аталатын жазба мұра бар. Сондағы қолжазбалардың бірінде XI ғасырда өмір сүрген арабтың атақты филологы Әбд әл-Қаһир әл-Джурджанидің (1078 ж. қ. б.) «әл-Әуамил әл-майа» (Жүз меңгеру) деген еңбегіне түсіндірме жазған Дауд бин Әбд әл-Бақи бин Иса бин Жанбаба ат-Түрікстани атты зиялының аты аталады» дейді ғалым Ә. Дербісалиев.
Оның еңбегі «Джамиғ әл-қауағид» фи шарх ала «Ауамил әл-майа» ли-л Джуджани» («Әл-Друджанидің «Әуамил әл-майасына» («Жүз медеулік шылау арқылы меңгеру») түсіндірме жасаудағы «Қағидалар жинағы») деген атпен белгілі.
Даудтың араб тілі грамматикасының мәселелеріне арналған күрделі еңбекке түсіңдірме жасауы оның араб тілінен дәріс берген ұстаз немесе тілші ғалым болғандығын дәлелдей түспек. Біз ғалым Ә.Дербісалиевтің «ол Түркістан қаласыңдағы медреселердің біріңде ұстаздық еткен ғұла-малардың бірі ме екен?» деген жорамалын тағы да қайта-лап айтқымыз келді. Ол ойдың бір ұшығында шындық жатқан сияқты.
БАҚИ МҰХАММЕД ТҮРКІСТАНИ
Түркістанда XVIII ғасырда ғұмыр кешкен білімдар ғұламаның бірі — Бақи Мұхаммед бин Садық суфи Түркістани. Оның бітірген шаруасы — «Тоты наме» секілді айтулы шығарманы көшіру.
Бақи Мұхаммед Түркістанидің әкесі сауатты да парасатты, кісі болғанын суфи (сопы) деген сөз шегелей түсетіндей. Ол араб, парсы тілдерін біліп, Құранды оқып, оған тафсир де (түсіндірме) жасағаны даусыз. Сөйтіп, ұлы Бақи Мұхаммедке де осындай ізгілік дәнін сіңірсе керек. Зийа ад-Дин Нахшабидің (1350 — ж. қ. б.) ол хатқа түсірген «Тоты намесі» қазіргі дейін Ташкенттің Қолжазба институтының қорында сақтаулы.
Өзбекстанның оңтүстігіндегі Нахшаб (қазіргі Қаршы) қаласында туған Зийа-ад-Дин кейінірек Үндістанға қоныс аударып, қалған өмірін соңда өткізіпті. «…Үнді елі мен жөрін, әдебиеті мөн мәдөниетін сүйіп, оның қайнарынан мол сусындаған ол түркістандық бір бекзаданың Нушаба атты ханшаға дегөн сүйісгшншілігін паш өтөтін «Гүлриз («Гүлшашу»), сондай-ақ «Ләззат аннися» («Әйел ләззаты») іспетті моральдық-атикалық тағы да басқа шығармалар туындатқан. Санскрит тіліндегі «Шукасаптати» атты шығарма желісіне құрылған «Тоты намені» ол 1330 жылы аяқтапты» (Ә.Дербісалиев).
Бұл күндері әлем әдебиетінің алтын қазынасына айналып отырған бұл аталмыш туынды осы кезге дейін 85 рет көшіріліп, таратылыпты. Еңбектің көшірмелерінің бірқатары бұрынғы Кеңес Одағының кітапханаларынан да кездеседі. Біз «Орта Азияда сақталғаны біздіңше Бақи Мұхаммед нұсқасы» деген ғалым Ә. Дербісалиевтің түйіндеуімен қосылғымыз келеді.
МОЛЛА ШАҺ ХАКИМ ТҮРКІСТАНИ
1880 жылы Нур ад-Дин Әбд ар-Рахман Джамидің 73 жасында жазған «Баһар Бустанын» («Көктемгі бақ») ерінбей-жалықпай әспеттеп көшіріп шыққан, сосын XVII ғасырда ғұмыр кешкен Амин-ад-Дин хан бин Саид Әбу-л-Макарим Әмирхан әл -Хусайни әл-Харауи атты ғалымның «Дар байан данастин қиймет джауаһир» («Асыл тастардың бағасын білу (тану) жайлы») деген еңбегінің «Мағлұмат әл-афақ» («Мағлұматтар көкжиегі») атты меруерт, жақұт, лағыл, маржан іспетті асыл тастардың ерекшелігі мен сапасы туралы баяңдайтын тарауын хатқа түсірген әйгілі Молла шаһ Хаким туралы не айтуға болады? «Молла» деген сөзге қарағанда ол араб, парсьі тідцөрін жақсы білген. Шариғат заңы бойынша модца құран оқып, оған тафсир жасауы керек қой.
Мұны зерттеушілер туындыда молла шаһ Хаким ибн молла Мансур Түркістани көшірген деген жазуды таппаса да, көшірілу тәсілі мен түрлі ерекшеліктері және де басқа деректерге сүйеніп бұл дүниені Молла шаһ хаттаған деген қорытыңдыға келіпті. Осы ойды ғалым Ә. Дербісәлиев те қуаттайды. Қоқан қағазына араптың настағалиқ атты жазу ернегімен керкем етіп көшірілгені осы еңбек туралы да алдағы уақыттарда талай-талай зерттеушілеріміз сөз қозғайтыны сөзсіз.
Міне, сөйтіп, ежелгі Түркістан маңайыңда осындай-осындай белгілі ойшылдар, білімді азаматтар өмір кешіпті.
Әрине, біз білмейтін, әлі есімдері елеусіз жатқандары қаншама. Осы ретте соңдай даланың ойшылдарын тынбай іздеп, жеке-жеке тоқталып, еңбектерін елге мәшһүр етуде елеулі еңбек сіңіріп келе жатқан ғалым ағамыз Әбсаттар Дербісәлиевтің еңбегі елеп айтуға тұрарлық.
Қазақ даласы талай-талай ғұламаларды дүниеге әкелген. Олар керегендікті, данышпандықты кең даладан үйренген. Сол даланың ұлағатты ұлдарының есімін жаңғыртып, келер ұрпаққа жеткізу — уақыт аманаты. Біз де сол ниеттің үстіндеміз.
Қорытынды
Мағжан айтқан дүниені тітіреткен Түрік қағанатынан қалған кайран көз — Түркістан. Тәуелсіздік туын желбіретушілер іле-шала Түркістанды өмірде түлету жолдарын қарастырды. Бабалардан қалған жәдігер шаһарда университет ашылды. Кенестік кер заманда ой түгілі түске кірмейтін хал. Хатшының тоқпағымен әр ауданға бөліп берілген алпыс үй әзір бітер емес. Күннен күнге экономика құлдырап барады. Университеттің де шаруасы шалқығалы, маңдайы шылқығалы түрғаны шамалы. Түбі кімнен шықса да сол түста бір игі идея туды. «Мына күйінде университеттің ашылуынан жабылуы жылдам болуы мүмкін.
Әрине, қазақ түркологиясының басында тұрған профессор Бейсембай Кенжебаевтың бауырында ескен мен түрік халықтары жайынан біраз нәрсе білуші едім. Дегеңде, бізге орыс сексен жыл «бөжек» қылып көрсетуден бір таңбаған «пантюркизм», «панисламизм« құлакқа әбден сіңіп, көңілге біржолата орнығып қалған ба, әйтеуір бізге Түркия Республикасы камқор болады дегенге көңіл бөлді. Біреуді қызмет, мансап мерейін үстем етеді. Біз білетін Намық Кемал Зейбек атқарған қызметтер — халыққа көрсеткен қызметімен ардақты. Қазір Намық Кемал Зейбек министр емес. Министр емеспін деп жүрген ол жоқ. Қайда жүрсе де министрше жүреді, министрше кабылдап, қаумалай қоршап, мұң-мұқтажын, талап-тілегін жаңбырша жаудырып жатқаны. Намық Кемал Зейбектің қайраткерлігі міне осы жерден басталады. Ол баз-біреулер секідді уақытша атқарар қызметімен қайраткер емес.