Қазақстан Республикасындағы тұяқтылардың биологиялық маңызы
І. Омыртқалы жануарлардың ішіндегі ең жоғарғы даму сатысында тұрған жануарлар тобын сұтқоректілер деп атайды. Бұларға тән белгілер: нерв системасы жоғары дамыған, балаларын тірі туады, жылу реттеу қабілеті жоғары т.б. белгілер болады.
Жер шарында қазіргі кезде сүтқоректілердің 19-отрядқа тән төрт мыңға жуық түрі бар, соның ішінде Қазақстанда 178 түрі кездеседі. Осы 19-отрядтың біреуіне толық тоқталайық. Ол тұяқтылар отряды.
Негізінен тұяқтылар 2-ге бөлінеді: жұп тұяқтылар, тақ тұяқтылар деп. Бұл екеуін жеке-жеке қарастырайық.
- Жұп тұяқтылар отряды (ARTIOPACTYLA). Жұп тұяқтылар – жер бетінде өсімдік тектес заттармен қоректеніп, тез жүгіретін жануарлар тек бегемоттар ғана жартылай суда тіршілік етеді. Осыған байланысты олардың аяғы ұзын және ең соңғы саусағында тұяғы болады. Үшінші және төртінші саусақтары бірдей жетілген, осы екі саусақтың ортасынан аяқтарының түяғы теріге өтеді. Екінші және бесінші саусақтары өте нашар жетілген немесе болмайды. Бұғаналарыда жетілмеген. Бұл жұп тұяқтылардың өзі 2-отряд тармағына бөлінеді: І. Күйіс қайтармайтындар.
ІІ. күйіс қайтаратындар.
1 – отряд тармағы. Күйіс қайтармайтындар (NOURUMINANTIA).
Бұл отряд тармағына – бегемоттар және шошқалар жатады. Бұлардың екінші және бесінші саусақтары жақсырақ жетілген. Шошақ тістері үлкен болады. Азу тістерінің үсті бұдырлы, тамағын әбден шайнап жұтуға мүмкіндік береді. Қарлы қарапайым, сондықтан күйіс қайырмайды.
Біздің оңтүстік облыстарда жабайы шошқаның — қабан
(sus scrota) деген бір-ақ түрі тараған. Сол жабайы шошқадан осы кезде қолда өсірілетін үй шошқаларының көптеген түрлері шыққан. Бұлар қамысты, торғайлы жерлерді мекендейді. Қолдан сұрыптау үй шошқаларын жақсартудың нәтижесінде, жабайы тегіне қарағанда өсімтал түрлері шығарылған. Осыған байланысты олардың емшектерінің де саны көбейген.
Ал бегомот (Hippopotamus amphibians) – ірі жалаңаш терілі, жартылай суда тіршілік ететін жануар. Олар құрылыққа өте сирек шығады да өзендер мен көлдерде болады. Су өсімдіктерімен қоректенеді.
2-отряд тармағы. Күйіс қайтармаушылар (RUMINANTIA)
Бұл отряд тармағына қарынның құрылыс күрделі жануарлар жатады. Бұлардың қарыны шала шайналған жемінің ашуына және олардың күйіс қайырғанда қайтадан дұрыс ұсатылып, жұтылуына бейімделген. Бұған жұп тұяқтылардың басым көпшілігі жатады.
Бұлардың шошақ тістері мен ІІ және Ү саусақтары нашар жетілген немесе кейбір түрлерінде тіпті болмайды. Сымбатты, көпшілігінің мүйізі болатын жануарлар.
Жоғарыда айтылғандай күйіс қайтарушыларды күрделі жануарлар қатарына жатады. Негізінен күйіс қайтарушыларға: көн табандылар, Бұғылар, Қуыс мүйізділер, Жирафтар тұқымдастары жатқызылады. Бұл аталған тұқымдастарды жеке-жеке қарастырайық.
Көн табандылар – (Tylopoda) — тұқымдастарына түйелер, ламалар жатады. Бұлардың ІІ және Ү саусақтары болмайды, тұяғы өте нашар дамыған ІІ және ІҮ саусақтары келіп тірелетін, көпшілік сияқты конді жалпақ табанына денесінің салмағын санап қозғалады.
Негізінен дүние жүзінде түрлері көп. Атап айтар болсақ Орта Азияның даласында жабайы түйенің бір түрі – қос өркешті (cameius bac-trianus) түйе сақталған. Ал екінші түрі бір өркешті түйенің – нардың (c. dromedarius) тек қана қалған үйретілмеген бір түрі белгілі, ал жабайы түрі белгісіз. Түйлерде май қоры өркешіне жиналады. Мұндай май өз тарапынан артық су қоры болып, ол қанға барады. Сондықтан өркешінде майы көп түйелер шөлге шыдамды келеді. Бұл аталған түйелердің түрлері Қазақстанның Оңтүситік, яғни Қызылорда облысындағы Арал ауданың «Сексеуіл», «Сабақ», «Таным», «Қарақұм» да көптеп кездеседі.
Бұл тұқымдасына – (cervidae) – дене құрылысы сұлу, тұяқты, терінінің кутис бөлімінен өсетін, бұтақты сүйекті, жыл сайын ауысып түсіп тұратын мүйізі бар жануарлар жатады. Негізінен бұғылардың түрі көптеп, соның 7 түрі біздің отанымызда кездеседі. Соның 1-2-ін атап кетсек Ақ марал, Марал, бұлан, елік т.б. Бұғылардың бір айырмашылығы табын құрамайды, қыста жапырақты ағаштардың бұтағымен қоректенеді. Бізде бұландарды қолға үйрету тәжірибесі іске асуда.
Елік (cupreous cupreous) — мүйізі азғана бұтақталған, бұғының ең ұсақ түрі болып есептеледі. Бұғылардың барлығыда өнеркәсіптік маңызы зор.
Қуыс мүйізділер тұқымдасы (cavicornia). Бұлардың маңдай сүйегі өсіндісінің сыртын қартап тұратын қуыс мүйізі болады. Мүйізі эпидермистің малыпикий қабатынан пайда болған, ол бұтақтанбайды және жасына қарай ауысып отырады. Бұлда д/ж барлық жерлерінде кездеседі десек болады. Көп ел көптеген түрлерін қолда өсіріп, олардан үй жануарларының көптеген жаңа түрлерін мыналар. Ақ бөрендер солтүстігінде, Қарақұйрықтар оңтүстік Қазақстан т.б. жерлерде кездеседі.
Жирафтар тұқымдасы (Giraffdae) – жирафтарға негізінен толық тоқталмастан бұрын. Біздің елімізде жирафтардың кездеспейтін не жоқ деп те айтамыз. Тек қана бұл Алматының зоопарктерінде өсіріліп қаралуда. Ал негізінен жирафтар тек қана Африкаға тән жануар. Бұлардың алдыңғы аяғы мен мойыны өте ұзын, басында терімен қапталған қысқа мүйізі болады. Екі түрі белгілі.
І-ші окапи (okpia jihhsfoni) – орталық Африканың ормандарында тіршілік етеді. Бұл аздап та болса мойыны мен аяғы қысқарақ жануарлар.
ІІ-ші – жираф (giraffe cameleopardalis) – Шығыс және Орталық Африканың саванналарында кездеседі. Мойыны мен алдыңғы аяғы өте ұзын болады. Екеуі де ағаштардың, бұталардың жапырақтарымен, кейде шөппен қоректенеді.
Тақ тұяқтылар отряды – (perissodactyla). Бұлар – 3-ші саусағы жақсы жетілген, ірі тұяқтылар. Басқа – саусақтары нашар жетілген немесе редукцияланған. Бүйір саусақтарың редукцияға ұшырауы түрлі топтарында түрліше болады. Жалпы тез қозғалуы бейімделуіне байланысты бұғанасы болмайды. Ертеде тақ тұяқтылар өте көп болғанымен, қазір олардың бірінен-бірін айқын ажыратуға болатын үш бұтағы ғана: тапирлар (tapiriclae), мүйіз тұмсықтар (Rhinoceroticlae) және жылқылар (Equidae) жатады және де 16 түрі болады. Бұлар шөппен қоректенеді. Тақ тұяқтылар Африкада, Азияның оңтүстік жартысында, Орталық Америкада, Оңтүстік Американың солтүстік жартысында таралған. Ал біздің елде жылқы тұқымдасының жылқы туысына тән түрі – құлан қазіргі кезде Арал теңізіндегі Барсакелмес арамында бар. Ал Іле өзенінің жағалауында, Бетпақдалада, жерсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
ІІ. Қазақстанда бір заманда мамонттар тіршілік етеді деседі, оның қалың жүнді мүйіз тұмсықтардың (Rhinoceros tichorinys) қазба қалдықтары табылған. Бірақ Мүйіз тұмсықтар 3-ші дәуір кезінде көп болған.
Ал енді жылқылар тұқымдасына келер болсақ (Equidae). Бұлардың 3-ші саусағынан басқа, екінші, төртінші саусағы терінің астында жататын кішкене шаша немесе шабақ сүйекке айналған. Жылқылардың ұзын құйрығы және өскелең түгі болады. Жылқылардың құйрығы түбінен ұшына дейін ұзын қылдармен жабылып тұрады. Олардың түстері көпшілігінде біркелкі болады.
Атақты саяхатшы Н.Т. Пржевальский ашқан жабайы жылқылардың бір ғана түрі, осы Заманда Орталық Азияның батыс бөлігінің таулы далаларын мекендейді. Оларды осы ашқан оқымыстылардың атымен «Пржевальский жылқысы» деп атайды.
Табиғатта жойылып кеткенмен, хайуанаттар бағында сақталып келе жатқан жылқы тұқымдастарыдың бірі – Тұзат.
Бұл жабайы жылқы Қытайдағы Жоңғария шөлді аймағында 1878 жылдары сирек те болса, кездесетін, бұрын бай қалмағандықтан, ал дала жылқысы – Тұзат деп аталған. Дала тағысы – тұзаттар шөл және шөлейт далаларда суатты маңайлап, 5-20-дан топтасып жүрген. Тұзаттардың дене тұрқы 220-280 см, шоқтығынан биіктігі 120-146 см, салмағы 300 килограммға дейін жетеді. Қазіргі кезде дүние жүзіндегі 83 хайуанаттар бағында 500-ге тарта тұзат өсірілуде.
Халық арасында «… сүті – шекер, еті – бал» атанған жылқы ірі қара денеміз. Жылқының арғы тегі арқылы анықталғанымен, халқымызға қазіргі кезде 200-ден астам қол тұқымдары белгілі. Біз «жылқы атасы – Қамбар ата» екенін ұмытпағанымыз жөн.
Қазіргі таңда Шығыс Қазақстанның таулы өңірінде, сондай-ақ Батыс және Қазақстанда жылқы өсірілуде және де қазақ, «Дон», «Қостанай», «Орыс жемісті», «Орлов жемісті», «Ауыржүк» және «Күшім» қол тұқымды жылқы өсірілуде.
Қостанай қолтұқымды жылқысы Г.Г. Хатенновтың жетекшілігімен 1951 жылы дербес қолтұқым ретінде бекітілді. Бұл – мініске арналған қолтұқым. Ал 1961жылдың қарсаңында шығарылған күшім қотұқымды Жылқысы мініс және жегін көлігі болып саналады.
Қазақстанда қолтұқымдық және әр түрлі мақсатқа пайдалану үшін арнаулы жылқы өсіретін шаруашылық – 8 жылқы заводы бар. Жылқы заводында асыл тұқымды жылқылар көбейіп, жақсартылумен қатар жаңа қолтұқымдар шығарылады.
а) Тақ тұқымдылардың таралуы және сан мөлшері Алдыңғы, Орта және Орталық Азияның шөл-шөлейтті аймақтарында таралған. Өткен ғасырда Түркменстан, Өзбекстан және Қазақстан жерін көптеп мекендеген. Қазіргі Түркменстан, Қазақстанда сақталған. ХІХ ғасырға дейін Қазақстанның шөл шөлейтті және аздап далалық аймақтарда, батыста Каспий теңізінен шығысқа Іле ойпатына дейін кең таралған. ХІХ ғасырдың басында жыртқыштық жолмен аулау және сусыз шөлдерге ығыстыру салдарынан. Оның таралу аймағы қысқарып, саны азайып, ақырында жойылып кеткен. Соңғы рет оны 1930-1937 жылдары Іле ойпатындағы Хантау тауынан кездестірген деген дерек бар. Республикамызда жойылып кеткен құландарды жерсіндіру жұмысы жоғырыда айтылғандай негізі 1953 жылы басталды. Сол жылы Арал теңізіндегі Барсакелмес аралына Түркменстаннан әкеліп 8 құлан жіберілді.
Одан кейінгі жылдары бұл жабайы жылқының саны өсіп, оны республикамыздың басқа аудандарына қайта жерсіндіру мүмкіндігі туды. Соған байланысты, 1982 жылдан бастап, оны Қапшағай мемлекеттік қорық – аңшылық шаруашылығына жерсіндіру жұмысы қолға алынса, 1986 жылы Бетпақдаланың оңтүстік шығысында Аңдысай шығын қорығына жіберу одағыдай болды. Бұл аталған аудандарда құлан жақсы өніп-өсіп, саны 400ге жетіп отыр. Ал 1991 жылдан Құланды Маңғыстау облысына жіберу қолға алынды. Жалпы Қазақстандағы құлан саны 500-ден асып, келешекте оны өзінің көне дәуірде өмір сүрген барлық аймақтарына жіберу қолға алынып отыр.
Ақ бөкендер
Кең байтақ Қазақ жерінде санау адам баласы пайда болатын ертедегі тас дәуірінен бері тіршілік етіп келе жатқан ғажайып хайуанаттар өкілі – ақбөкен болып табылады. Оны халық көбіне «киік» деп аталады.
Сарыарқа өңірінде басын төмен сала, алғашқы кезде сағатына 70-80 шақырым жылдамдықпен, ырғи түскен. Бұл аша тұяқтыны көргенде, оның құстай самғаған жүйріктігіне мейірің қанып сүйсінесің. Бұл ауа райы қатаңдау болып келетін шөлді аймақта тіршілік ететін жануарлардың сол ортаға тамаша бейімделген арқасында бұл ақ біздің дәуірімізге дейін жеткен болуы керек. Ақ бөкенді дәрі ретінде өкпе қабынуы, жүрек ауруы, құяқ сияқты ауруларға ем есебінде қолданылған. Мал етін ауырлар тиетін науқастарға киік етін жылы, өтпелі киік еті тез сіңетін жеңіл тамақ. Ақбөкеннің тұяғын күйдіріп, одан алынған күлді денедегі жара – теміреткіге жақса ол тез жазылатын болады. Ал бұл жануардың қаны шөлі қанбайтын «сусамыр» ауыруына шалдыққандарға пайдалы. Қазақша киікті «киелі, қисиетті аң» деуі осыдан.
Сондықтан да ХҮІІ-ХІХ ғасырларда ақшаға құныққандар бұл иесі жоқ тегін байлықты дәрілік шикізат есебінде, мүйізі ұзын аяусыз елдерге шығаралып отырған. Мәселен, 1840-1850 жылдары Қазақ елінен Бухар, Хива хындығына 750 мың киік мүйізі өткізілген. Ол кезде бір аңның мүйізі бір жүйрік аттың немесе түйенің бағасымен теңестірілген.
Сондықтан да, дала сәні – ақбөкен қорының соңғы жылдары азаюының басты себептерінің бірі – бүкіл жыл бойы аң қоныстарында заңсыз броконьерлік жолмен аулаудың жаппай етек алуы. Әсіресе бұл жағдай Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл т.б. облыстарда күз бен қыз айларында жиі байқалады.
Қазақстан Еліне мақтанышы ақбөкеннің қазіргі жайы осындай. Егерде оны қорғау мен пайдаланудың жедел шараларын қолданбасақ, бұл «киелі» аңның да таяу жылдарда саны тіпті азайып, жойылып кету қаупі төніп тұр.
Алдымен, ақбөкенді қорғауға республикамыздың бүкіл жұртшылық қатысу қажет. Ең бастысы – қазақ халқында буаз киікті атпау, жалпы жаралы аңдарды емдеу, аң аулау мерзімін қатаң сақтау сияқты жазылмаса да тарихи дауымызда қанымызға сінген заң бар. Одан кейін Қазақстанда ақбөкен санын көбейтіп, оны көп жылдар бойы халық шаруашылығына пайдалану үшін экологиялық жағдайға байланысты ақбөкенді қорғау мен сақтандырудың ғылыми негізін жасауымыз керек деп ойлаймын.
б) Биологиясы. Барса келмес арасында сазды шөлді қоныстарды мекендей. Ондағы құмды төбелер арасына қыстың ызғарлы суық күндері енеді. Қайта жерсіндірілген аудандарда олар шөл-шөлейтті жерлерді, тау жоталарының етектелген қоныстанады. Жаңа мекендерде тұратын тіршілік етіп, онша алыстап қоныс аудармайды. 30-100 шақырым айналасында жайылып жүреді тек Аңдысай шығын қорығында кейбір құландар 400 км кетіп қалғаны байқалған. Негізгі азықтары — өсімдіктердің алуан түрлері; әсіресе, жусан, дәнді дақылдары, бұйырған, баялыш, сораң, сексеуіл, жыңғыл сияқты шөптер құланның азық құрамында көбірек ұшырасады. Қыста тебіндеп, қар астынан азықтарын алып жейді. Жыныстық жағынан құландар. 2-3 жасында жетіледі. Кейде маусым – шілдеде түсіп, 11,0-11,5 айдай буаз болып, мамыр – маусым айларында. Құлындайды да Әдетте бір құлын, өте сирек екі құлын туады. Құландар Алматы және Қарағанды хайуанаттар паркінде ұстанады. Онда жақсы өніп өсіп келеді.
в) Халық шаруашылығы.
Жабайы шошқа тұяқтардың ішінде кәсіптік және Әуесқойлық әр доңыз 50 кг ет, 10кг май, 250 дм2 –тері және 0,5 кг қол береді. Қазіргі уақытта Қазақстанда жылына бар болғаны 250-300 –дей ғана шошқа ауланады. Қазақстан жерінде шошқаларды аулау мерзімі 10 қазаннан 1 қаңтарға дейін белгіленген. Соңғы жылдардағы зертелер республикмызда жылына 2,5ның-дай жабайы шошқаны туруға болатындығын көрсетіп отыр. Қазақсатнда Н.С. Бутарминің жетекшілігімен 1959 жылы қазақтың будан шошқасы шығарылып, етті әрі майлы қол тұқым ретінде бекітілді. Осы жылдары ақсайлық қара ала шошқада Қазақстанда аудандастырылатын қолтұқым ретінде қабылданады. Ақсайлық қара ала шошқа қол тұқымдары өте өсімтал және етті, әрі майлы қалтұқым болып саналады.
Украинаның үлкен ақ шошқалар бұрынғы КСРО-дағы кеңінен тараған шошқа қолтұқымы. Қазақсатнда өсіріледі. Қостанай облысында өсірілетін ақ шошқаның әр жыл жиі жылына 20 торайдан беріп, әрбір торайдың салмағы 16,2 килограмға дейін жетуде.
Марал және бұғы шаруашылығы. Ауыл шаруашылығының бағалы дәрі жасауға мүйізі үшін өсірілетін бір саналы — мал шаруашылығы маралдың сүйектенбеген жас мүйізінен пашы алынып, одан пантокрин деген дәрі жасалады. Мүйіз маралдың аталығында ғана болады, ал жыл сайын қыс ортасында түсіп, орнына жас мүйіз өседі. Шығыс Қазақстан обылысында бірнеше үлкен марал өсірілетін шаруашылық бар, онда 500-дей теңбір бұғыда өсіріледі.
Бұрынғы КСРО-ның Қиыр Солтүстігінде мекендейтін халықтар етін, терісін, сүтін және көлік ретінде күшін пайдалану үшін бұғыда өсіреді. Бұл солтүстік бұғылардың аталығында да, аналығында мүйіз болады. Солтүстік батыс жабайы ата тектері сияқты орманды тундрада мекендеп, бұғымүкпен, бұта жапырақтармен қоректенеді.
Қазір халық шаруашылығында жылқының да маңызы өте зор. Жылқылар ауыл шаруашылығының жұмысына пайдаланады және еті, сүті жақсы тамақ болады. Сүттен қымыз, теріден түрлі бұйымдар жасалынады.
Жылқының да 100-ден асыл тұқымдары бар. Жылқының тұқымы тигізетін пайдасына сәйкес жеңіл жегістің, салт мінетін және ауыр жүк тартатын деп 3-топқа бөлінеді.
Салт мінетін Түркменияда ақалтеке, ал Қазақстанда Қостанай жылқылары бар. Салт мінетін жылқылардың ішінде Дон жылқысы таңдаулы болып есептелінеді. Бұл аттық тұқымы өте жақсы үйірмен далада жайылып жүре алады және әскери істе де жүк тасығанда да, басқа ауыл шаруашылығында шыдамды.
Жылқының жеңіл жегістік тұқымдары да көп, мысалы, Орлов жылқысы, ал Қазақстанда орыс шошқа және қазақ жылқылары жегістік жұмысты жақсы атқарады. Ауыр жүк тартатын жылқы тұқымы Россияда Владимир облысының колхоздарында шығарылған, владимрлік ауыр жүн тартатын жылқы. Бұл жылқының күтімі болады. Сондай мысалы, владимирлік ауыр жүк тартатын жылқы тұқымы 22,9 дейін жүк алып жүре алады
Демек тұяқтылардың адам шаруашылығ мақсатында олардың сан мөлшерін, популя циясын, азық қорын ғылыми тұрғыдан зерттеп болашаққа көз жіберу зоология санасындағы мамандардың алдында тұрған үлкен міндет.
Дәмді етберетін ақ бөкек, таутеке, бұлан елік, марал және жануарлар кәсіптік мақсатта ауланып, тиісті қажеттерге жаратылады. Сол сияқты кәсіптік маңызы бар – кеміршіктер, қояндар, жыртқыштар, су жануарларынан кит тәрізділер мен итбалықтар жатады.
Тиімді аңшылық шаруашылығы тек кәсіптік маңызы бар аңдарды аулаумен шектелмейді. Оларды көбейту мақсатында биотехнологиялық шаралар жүргізіледі: азықтық және пайдасы тиетін өсімдіктерді отырғызу, қосымша азықтандыру, су тасығанда немесе басқа да дүние табиғаттың апатынан сақтау, құтқару, жерсіндіру және қайта жерсіндіру, тұз жануарлардың ауруларымен және паразиттер мен күресу.
Республикамызда қоршаған ортаны қорғау министрлігіне жүктелген. Ол өзінің өкметтілігіне қарай республика тирриториясында да аң аулаудың әдісін, мерзімін және аулайтын аң түрін белгілейді, жалпы Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 3-тамызда күніне енген «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» заңының дұрыс орындалуын қадағалайды.
Сүтқоректілер немесе аңдар класының өкімдері адамдар өміріне өте маңызды. Тұяқтыларды өсіру мал шаруашылығының негізін қалайды, жыртқыштар мен кеміргіштер аңшаруашылығында пайдаланады.
Фаунаны қорғау және оны байыту.
Совет Одағында жабайы аңдар ды аулау халық шаруашылығының маңызды саласы болып саналады. Сондықтан келешекте оларды көбейту және қорғау жөнінде арнаулы ғылыми – зертеу институтышұғылданады. Кәсіптік тұрғыдан маңызы бар облыстарда 13 бөлім бар. Ғылыми зерттеу жұмысына 10-мыңдай аңшылар қатысады. Қазіргі кезде жабайы аңдарды жерсіндіруде Советтер Одағында үлкен жұмыс жүргізіліп отыр. Өйткені 1921 жылмен 1960 жылдың аралығында біздің еліміздің фаунасы 36 түрге жататын 250 мыңдай сапалы өнімді жануарлар теңбіл бұғылар, маралдар, ақбөкендер, кетпер, ор қояндар, андатралар, риіндер, паншаттар, құндыздар,жанаттар, түрлер, сондықтан т.б. жүрсіндірінді.
Жоспар
І. Кіріспе. Тұяқтылар отрядына сипаттама
ІІ. Негізгі бөлім:
а) Қазақстандағы тұяқтылар өкілдері және таралуы. Жылқы
тұқымдасы мен Ақ бөкен
б) Биологиясы
в) Халық шаруашылығындағы маңызы
ІІІ. Қорытынды : Фаунаны қорғау және оны байыту.
Пайдаланған әдебиеттер:
- С.Махмутов «Зоология» А-2006 ж.
- Д.Ж. Демеуов «Қазақсқтан фаунасы» А-19995 ж.
- Наумов С.М. «Омыртқалар зоологиясы А-1970 ж.
- Бекенов, Есжанов. «Қазақсатн сүтқоректілер»
- «Биология салауттың негізі» журнал 2005 ж.