АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Реферат. Тыныс алу жолдары және оның сипаттары

ТОО    Интердент  медициналық  колледжі     

                  

 

 

                                                                                               

 

                      Реферат

 

Тақырыбы:     Тыныс алу жолдары

және оның сипаттары

 

 

Орындаған :                            Уристембекова Ж.П.

                                                   Жұмағұл А.Ә

Тексерген:                                Габитова Г.А

 

 

 

 

                           Алматы 2010

 

                                      Тыныс алу жүйесі

 

 

Кеуде тұсының ауыру сезімі өкпе қабынудың зақымдану кезінде құрғақ плеврит, ылғалды плевриттің бастапқы кезеңі, өкпе қабының бір біріне жабысқанында, плевра өспелерінде және кейбір плевра қабынуымен өтетін өкпе ауруларында  (өкпе инфаркті, өкпенің крупозды қабынуы, өкпенің қатерлі ісігі, өкпенің туберкулезы, және т.б) кездеседі.

Өкпе қабынан пайда болған ауру сезімі тыныс алу әрекетіне тікелей байланысты болғандықтан ол терең тыныс алғанда күшейе түседі.Ауру сезімі жөтелгенде, ауыратын жағына қарай науқас аударылғанда, денені қимылдатқанда, түшкүргенде күшейе түседі. Өкпе тінінде сезімтал нерв ұштары жоқ, ол тек өкпе қабында(плевра) ғана бар. Өкпе қабының жапырақшаларының бетіне қабыну кезінде пиврин талшықтары жабысып, бетінде кедір бұдырлар пайда болады.Осының нәтижесінде тыныс алғанда өкпе қабы жапырақшаларының үйкелісінен сезгіш нерв рецепторлары тітіркеніп, ауырсыну сезімін туғызады. Одан құтылу үшін науқас жөтелмеуге, тынысты терең алмауға тырысады.

Ылғалды плеврит кезінде ауыру сезімі тек бастапқы уақытта болады, тек плевра жапырақшалары арасына біртіндеп экссудат жиналып, олар бір бірінен алшақтаған соң ауыру сезімі жойылады да ентігу пайда болады. Плеврит сырқатынан соң ұйысу, яғни өкпе қабы жапырақшаларының бір біріне жабысып, тін құрылымының өзгеруі байқалса, аздаған ауыру сезімі сақталады. Ол әсіресе терең демалған уақытта плеврадағы сезгіш рецепторлардың тітіркенуі мен байланысты болады.

Қабыну үдерісі кеуде пердесіне жақын орналасқан өкпе қабына таралған кезде тітіркенудің ауырсыну жоғары қарай, иыққа, мойынға берілуі мүмкін. Кей-кезде ауырусезімі құрсаққа берілгендіктен аппендицит, холецистит ауруларымен шатастырып алуымыз да мүмкін. Пневмотаракс аяқ астынан пайда болған кеудеден күшті шаншумен қатар ентігу, көгеру, қан қысымының төмен түсіп кетуі анықталады.

Бұл белгілердің себептері  — ол плевра қуысына ауаның өте шапшаң кіруі нәтижесінде плевраның сезгіш рецепторларының тітіркенуінен болады. Сол сияқты өкпенің сығылуы және орталық ағзаларының ығысуының нәтижесіне де пайда болады.

Ауыру сезімі миозитте, қабырға аралық невралгияда, іріңді теміреткіде, қабырғаның жарылуы  мен оның сынуында, периоститте , остиомиелиттеде кездесуі мүмкін. Ауыру көкірек қуысына басқа ішкі ағзалардан берілуі мүмкін, мысалы: радикулитте, жедел холециститте ,көк бауыр инфарктісінде  , кеуде пердесінің жарасында т.б. Қабырға аралықта невралгия кезінде ауыру сезімі қабырға бойымен орналасып, қабырға аралық нерв бойымен сипағанда анықталады.

Іріңді теміреткі кезінде ауырсыну қабырға аралық невралгия сияқты сезілсе де, өте күшті ауырғаны көріп тексергенде қабырға бойымен теріде көпіршік сияқты бөртпелерді көруге болады.

Периостит, қабырғалардың жарылуы және сынықтары кезінде сипағанда патологиялық үдеріс болған жерде, ауырсыну мен сықырды байқауға болады. Жұлынның артқы талшықтарының қабынуында (радикулит) ауырсыну сезімі көкірек кеуде клеткасына беріледі.Бұл кезде осы талшықтардың омыртқа бағанасынан шығатын проекциясы бойынша оның орнын сипағанда ауырғаны байқалады.

Кеуде қуысының ауыруы жүрек қан тамырлар жүйесі науқастарында да байқалуы мүмкін.(стенокардия, қолқа анвризмасы, перикардиттер), мысалы: стенокардия ауруында ауыру сезімі төстің артында орналасуымен қатар ол сол иық пен жауырынға беріледі. Ал жедел холецистит кезінде, өт тас ауруы ұстамасында шаншу оң жауырын мен оң иықтың жоғарғы жағына берілетіні белгілі

Жөтел, жөтелу – тыныс  жолдарының  қабыну  нәтижесінде  потологиялық  секрет  және  осы  жолдарға  бөтен  заттар  түскенде, пайда  болатын  рефлекторлы  қорғаныс  актісі.Жөтел  тыныс  жолдарына  қабыну  секреті  өкпеден  түскенде  пайда  болады. 

Потологиялық  секрет  және  бөгде  заттар  бронхтың  ішкі  кірпікшелі  эпителийлері  арқылы  сыртқа  шығарылады.Бірақ  секрет  бронхтардың  сеімтал  рефлексогендік  аймақтарына  жеткенде,  нерв  ұштары  тітіркенеді де ,  жөтелу  рефлексін  тудырады.  Рефлесогенді  аймақтар  бронхтардың  дисталды  тармақталған  жеріне ,  көмекейде  орналасқан.

           Жөтел  өзінің  сипатына  қарай  құрғақ , яғни  қақырықсыз  және  қақырық  бөлетін  ылғалды  болуы  мүмкін,  кейде  ұстамалы  тұрақты  түрде  науқасты  мазалайды.Құрғақ  жөтел  ларингит,  трахеит,  пневмосклероз,  бронхы  демікпесі,  құрғақ  плеврит  бронхит  кезінде  де  болуы  мүмкін,  бұл  кезде  бронхтың  кілегейлі  қабаты  бөртіп  ісінеді,  бронхтың  қуысындағы  секрет,  қақырық  өте  қатты  жабысып  тұрып,  қиындықпен  бөлінеді.  Ылғалды  жөтел  көбіне  созылмалы  бронхитте,  өкпенің  қабынуында ,  өкпе  туберкулезінде ,  өкпе  абцессінде,  бронхоэктаздар  кезінде  жиі  кездеседі. 

          Ұзақтығына  байланысты  жөтел  үздіксіз,  кейде  дүркін  дүркін  болып  бөлінеді.  Үздіксіз  жөтел  көбінесе  бронхтардың,  көмекейдің  созылмалы  қабынуында,  өкпенің  қатерлі  ісігінде   және  ісіктердің  орталық  лимфа  түйіндерінің  метастаздарында,  өкпе  туберкулезінің  кейбір  клиникалық  түрінде аз  кездеседі

 

Қанды қақырық  жөтелгенде қанның қақырық аралас түкірікпен көп мөлшерде шығуын атаймыз. Өкпеден қан кетуді де осылай атайды. Қан тастау өкпе туберкулезінде ең жиі кездеседі, бұндай жағдай бронхоэктаз ауруында, өкпе абсцессі мен генгренасында, өкпенің қатерлі ісігінде де болуы мүмкін. Кей кезде өкпеде қан іркілгенде және өкпе инфарктісінде де қақырықпен қан түсетінін ұмытпау керек. Бұндай жағдай кейде жүрек сырқаттарымен де байланысты болады.

      Өкпеден қан кетуіне толық көз жеткізу үшін, қанның қақырыққа ауыз қуысынан, көмекейден, мұрыннан түсуі де мүмкін екенін есте ұстаған дұрыс. Ол үшін алдымен ауыз қуысын тыңғылықты қарап тексеру керек. Кейде өкпеден кеткен қанды асқазаннан ажырата білу қиынға түседі. Асқазаннан  аққан  қан  қоңыр  түсті,  тағам  қалдықтарын  араласып  түседі.Ол  қышқылдық  реакция  береді.

           Ентігу- тыныс  алу  жүйесі  науқастарының    негізгі  арыз  шағымдарының  бірі  болып  саналады.  Тыныс  алу  жүйесі  аурулары  әр  түрлі  жағдайларға  байланысты  өкпе  альвеолаларындағы  бұзылыстарына  байланысты  альвеола  мембранасы  арқылы  газ  алмасуы  өзгереді,  оның  альвиолалары  оттегімен  қанығуы  жетіспейді.  Ентігудің  үш  түрі  болады: инсператорлық,  эксператолық,  аралас.

             Экспираторлық  ентігу— тыныс  алудың,  оның  ішінде  ауаны  шығаруы  кезінде  ауа  жолшыбай  кедергілер  арқылы  өткенде  пайда  болады.  Бұл  жағдай  бронх  қабатының  бұлшық  еттері  талшықтарының  жиырылуы  нөтижесінде  пайда  болатын  бронхиалды  демікпеде, бронхиолитте  жөне  өкпе  эмфиземасында  жиі  байқалады.

               Инспираторлық  ентігу- тыныс  жолдарында  бөгет  пайда  болса,  бұндай  жағдай  көбінесе  оларға  бөгде  зат  түскенде, қалқанша  безінің  ісігі  немесе  қолқа  аневризмасымен  қысылу  кезінде  де  байқаладв.

         Ентігудің  аралас  түрі-кезінде  ауа  жұту  да,  ауа  шығару  да  қиыншылықпен  өтеді.

Аяқ  астынан  пайда  болған,  айқын  білініп  тұрған  ентігу  тұншығу  деп  аталады. 

Бұл  жағдай  пневмоторакс,  өкпе  артериясының  эмболияысында,  өкпенің  ісінуіне  де  кездесуі  мүмкін.Ұстамалы  түрде  пайда  болған  тұншығуды  демікпе  немесе  астма  деп   аталады. 

 

   Аурудың  пайда  болуы  және  даму  тарихы.

 

   Сұрастыру  кезінде  аурудың  қашан,  қалай,  қандан  себептерден  пайда  болғанын  анықтау  өте қажет.Тағыда анықтайтын  сауалдар  олар  туберкулезбен,  гриппен  ауырған  науқастармен  байланысты,  қарым  қатынасы  бар  жоқтығы.Ауру  үрдісінің,  дене  қызуы  және  ауруханада  жатқанға  дейінгі  жасалған зертханалық  зерттеулердің  қышқаша  мәліметтері  сырқаттамасының  осы  тарауына кірісуі  тиіс.

Аурудың  өмір  тарихы. Сұрастыру  кезде  науқастың әлеуметтік  тұрмыс  және  жұмыстағы  жағдайларын  анықтау  керек.Ұнамсыз  тұрмыстық  жағдайлар  өкпе  ауруының  пайда  болуына  әкеліп  соғады. Науқастың мамандығына  байланысты  жұмыс  орнындағы  жайсыз  жағдайлар,  кәсіби  зиянды  себеп  шарттар  цемент  зауыттарындағы,  шахталардағы  жұмыс  кезінде  қауіпсіздік  ережелері  сақталмаса,  силикоз  ауруының шығуына, ал  көмір  шахталарында  антракоз  ауруына  себепкер  болады

 

Физикалық  зерттеу  әдістері  

 

Қарап  тексеру.Науқастың  жалпы  хал  жағдайына,  ақыл  есі  сақталғанын  және  аурудың  төсектегі  қалпы  оның  жағдайын  анықтау  керек.  Науқастың  терісінің  түсінің  көгеруі, бозаруы,  қызаруы  мүмкін.  Шырыш  қабықшаларының  және  терінің  көгеруі  көп  ауруларда  кездеседі.Өкпенің  крупозды  қабынуы  кезінде  беттің  көгеруімен  қатар  көздің  шырышты  қабатының  қызаруы  мен  сарғыштануы,  еріннің  кілегей  қабатында,  мұрында  ұшық  шығуы.         

 

             Кеудені  қарап  тексеру

 

Кеудені  қарап  тексеруді  белгілі  бір  ретпен  жүргізу  қажет.  Алдымен  кеуде  клеткасының  пішінін,  бұғана  үсті  және бұғана  асты  ойықтардың ,  жауырынның  орналасуын  бағалаймыз.  Содан  соң  барып тыныс  алу  түрін,  тереңдігін, жиілігін  және  ырғағын  сипаттаймыз.  Сондай  ақ  тыныс  алу  кезіндегі оң және  сол жақ жауындардың, кеуденің бұлшық еттерінің тыныс алу актісіне қатысуының зерттей қарау керек. Науқасты жарық бөлмеде беліне дейін шешіндіріп, көріп зерттеу міндетті түрде жүргізілуі тиіс.

Дене  бітімі  дұрыс  адамда  үш  конституциялық  түрде  бөлінуіне  байланысты,  кеуде  клеткасы  да  әр  түрлі  конституциялық  типтерге  сәйкес   әр  түрлі болады: олар: нормостеникалық,  астеникалық, гиперстеникалық.

 

Кеуде клеткасының қалыпты түрлері

 

             Нормостеникалық  кеуде. Ол  пішіні  жағынан  кесілген  конус  тәрізді,  оның  ңегізгіиық  белдеуінің  бұлшық  еттері  жақсы  дамыған.  Қабырғалары  бүйір бөліктеріне  қиғаш  бағытталған,  қабырға  аралықтары жәй  ғана  көрінеді,  дене болмысы  кеуде  бөлігі  мен  құрсақ  бөлігіне  тең  келеді.

     Астеникалық  кеуде. Бұл  кеуде  клеткасының  алды  артқы  өлшемінен  кем  болады,  екі  бүйір  өлшемінен  кем  болады,  сондықтан  да клеткасы жалпақ, сопақша,  жіңішке  болып  орналасады. Иық  белдеуінің  бұлшық  еттері  нашар  дамыған,  кеуде  клеткасы  терең  тынысты  шығарған  кезіндегідей  адамның  иықтары  төмен  түсіп  тұрады.

     Гиперстеникалық  кеуде. Бұл кеуде  цилиндр  пішінді,  алды арты  өлшемі  бүйір  өлшеміне  жақын  орналасады,  бұғана  үстілік  ойығы  тегіс,  төстің  денесі  мен  тұтқасының  түзілген  бұрышы  айқын  көрінеді.

 

                                            Пальпация.

 

         Пальпация әдісі төмендегі ауруларда:  миозитте қабырға аралық невралгияда, қабырғалар сынған кезде кеуде сарайында ауру сезімнің пайда болуы себебін анықтауға жәрдемдеседі. Сол сияқты өкпе эмфиземасы мен қабырға шеміршектерінің қатаю кезеңінде оның серпімділігін кей кезде құрғақ  плевритте қолмен сезілетін үйкеліс шуылының және дыбыс дірілінің клеткасына таралалуын болжау үшін қолданылатын аса маңызды тәсіл.

         Пальпацияны екі алақанмен, не болмаса саусақтар мен алақан беттерін кеуде клеткасының сол және оң бөліктеріне симметриялық аймақтарына қойып жасайды. Бұл кезде бармақтардың алақан бетін қабырға доғалары бойымен қатты  жанастырып басып, саусақ ұштары олардың семсер тәрізді өсіндісіне тіреледі. Қабырға арлық нервтің қабынуында да ауру сезімі білінеді. Сау  адамның кеуде клеткасымен қабырға аралықтарын қысқанда, ол иілімді болады.Бұл   жағдайда  кеуде  клеткасын  алды  арты  немесе  көлденен  басып  қысқанда  оның  серпімділігінің  азаюы  нәтижесінде  қарсылық,  кедергілік  сезіледі.

                                              

 

                            Перкуссия

 

                 Перкуссия  жасаған кезде  тік  тұруы  немесе  отыруы  тиіс.  Тік  тұрған  кезде  қолдарын  денеден  төмен  жерге  қарай  салбыратып ұстайды,  отырған  кезде  қолын  тізеге  қояды.Әлсіз  науқастарды  перкуссия  жасағанда  аздап  болса  да  қолмен  демеп  тұруы  керек.Перкуссия  жасағанда  науқастың  тыныс  алуы  еркін  болуы  тиіс. Өкпеге  салыстырмалы  топаграфиялық  перкуссия  жасалынады.Салыстырмалы  перкуссия  әдісі  өкпе  қабы  қуыстарының  потологиясын  анықтауға  мүмкіншілік  береді.  Топографиялық  перкуссия  әдісімен  өкпенің  шекарасын, әсіресе  оның төменгі  жиегінің  тыныс  алуға  байланысына  сәйкес  қимыл  қабілетін  анықтайды.

 

 

 

 

 

    Аускультация

        

       Тыныс  алу  жүйесін тыңдап,  яғни  аускультация  жасап  алған  мәліметтеріміз  негізгі  және  қосымша  тыныс  дыбыстары  болып  екіге бөлінеді.  Негізгі  тыныс  дыбыстарына  визикулярлы ,  бронхиалды  және  аралас  тыныс  түрлері  жатады.Ал  қосымша  дыбыстарға  сырылдар,  сықырлар,  қкпе  қабы  үйкеліс  шуылдары  жатады.Өкпе  аускультациясын  с Аяқ  астынан  пайда  болған,  айқын  білініп  тұрған  ентігу  тұншығу  деп  аталады.  Бұл  жағдай  пневмоторакс,  өкпе  артериясының  эмболияысында,  өкпенің  ісінуіне  де  кездесуі  мүмкін.Ұстамалы  түрде  пайда  болған  тұншығуды  демікпе  немесе  астма  деп   аталады. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жоспар:

 

 

 

     Тыныс алу жүйесі

  1. Аурудың  пайда  болуы  және  даму  тарихы

   2.Физикалық  зерттеу  әдістері     

   3.Кеудені  қарап  тексеру   

  1. Пальпация.                                   
  2. Перкуссия

   6.Аускультация