Шаңхай Ынтымақтастық Ұйымы
(ШЫҰ) — 1996 жылы «Шаңхай бестігі» деп атаумен құрылған халықаралық ұйым. Құрылтайшылар болып алдынан Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Ресей және Тәжікстан кірген.
2001 жылдың маусымның 1 Өзбекстан ұйымға кіргеннен бастап Шаңхай Ынтымақтастық Ұйымы (ШЫҰ) деген атпен тұрақты істейтін үкімет-аралық ұйым.
ШЫҰ және Қазақстан
ШЫҰ – қызметі басқа мемлекеттерге немесе халықаралық ұйымдарға қарсы бағытталған әскери блок болып табылмайды. Сонымен қатар, ШЫҰ өз мүшелерінің арасында әртүрлі салаларда кең ынтымақтастықтың дамуын қарастырады.
Қазақстанның ШЫҰ бойынша әріптес елдермен тең дәрежедегі диалогқа сындарлы және мақсатты қатысуы Қазақстанның өңірдегі ұстанымын күшейтеді, Ұйымның қағидаттарына толық сәйкес келетін мемлекеттер арасында өзара сенім мен түсіністіктің арта түсуіне көмектеседі. ШЫҰ-ның 2 жетекші ойыншысы – Ресей мен Қытайдың арасында орналасқан Қазақстан өңірлік ынтымақтастықтың жасампаз бастамалары мен жобаларын белсенді қолдайтын Ұйымның маңызды буыны болып табылады.
1996 жылы Шанхай үдерісі басталғалы бері Қазақстан – ШЫҰ аясында жан-жақты өзара іс-қимылдың белсенді қатысушысы болып табылады. Қазақстан Ұйымның аясында өтетін лаңкестікке қарсы әскери жаттығуларға, ғылыми конференциялар мен форумдарға тұрақты қатысып отырады, ШЫҰ құқықтық базасының нығаюына үлкен үлес қосып келеді. 2006 жылы Қазақстан Бейжіңдегі Хатшылықтың жанындағы және Ташкенттегі Өңірлік лаңкестікке қарсы құрылымның Атқарушы комитетіндегі өзінің тұрақты өкілдігінің аппаратын алғашқы құрғандардың бірі болды.
2007 жылдан бастап 2009 жылдың соңына дейін ШЫҰ бас хатшысы болып Болат Нұрғалиев (Қазақстанның өкілі), Аймақтық лаңкестікке қарсы Ташкенттегі құрылымның Атқарушы комитетінің директоры болып Мырзақан Субанов (Қырғызстан өкілі) тағайындалды. ШЫҰ-ның әрбір жұмыс органында Қазақстанның атынан 6 адам қызмет атқаруда.
2006 жылғы маусымның 15-інде Шанхайда өткен саммитте Қазақстан ШЫҰ Азия энергетикалық стратегиясын жасауға бастама көтерді. Бұл ШЫҰ-да сауда-экономикалық салада тәжірибелік ынтымақтастықтың басталуына түрткі болды. Сондай-ақ ҚР Президенті ШЫҰ аясында заңсыз көші-қонмен күрес жөнінде келісім жасасуды ұсынды.
Бүгінде ШЫҰ Орталық Азиядағы өңірлік ынтымақтастықтың барынша табысты модельдерінің бірі болып табылады. ҚР Президенті Н.Назарбаевтың айтуынша, « Қазақстанның ұсынысымен жүзеге асырылған Еуразия идеясының 3 киті – ЕурАзЭҚ, АӨІСШК және ШЫҰ».
Ұйымға мүше мемлекеттердің арасында қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету саласында өзара іс-қимылдың зор оң тәжірибесі жиналған, мүше мемлекеттердің арнайы қызметтері мен құқықтық органдары лаңкестік және экстремистік күштермен күресу үшін тиімді байланыстар орнатты.
2006 жылы Қазақстан Қытаймен бірлесіп, шекаралас аудандарда «Тянь-Шань – 2006» лаңкестікке қарсы жаттығуларын, сондай-ақ ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің қатысуымен «Шығыс-Лаңкестікке қарсы» жаттығуларын өткізді. 2007 жылы жазда Ресейде «Бейбітшілік миссиясы – 2007» ШЫҰ-ның кең ауқымды әскери жаттығулары өтті.
ШЫҰ жылдан жылға ынтымақтастықтың жаңа салаларын қамтып келеді. 2006 жылы ШЫҰ-ға мүше мемлекеттерінің парламенттері, жоғарғы соттары басшыларының, білім министрлерінің алғашқы кездесуі өтті. Сыртқы экономикалық және сыртқы сауда қызметіне, көлік пен мәдениетке жауап беретін бас прокурорлардың, министрлердің кездесулері тұрақты ұйымдастырылып отырады. Отын-энергетика кешені саласында өзара іс-қимыл нығаюда. 2007 жылы энергетика министрлерінің алғашқы кездесуі өтті. Жоғарыда аталған барлық фактілер Шанхай ынтымақтастық ұйымы көп жақты өңірлік құрылымға бірте-бірте ауысып келе жатқандығын айғақтайды.
2007 жылғы тамыздың 16-сында Бішкекте өткен саммитте мемлекеттер басшылары ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің ұзақ мерзімге тату көршілігі, достығы және ынтымақтастығы жөніндегі шартқа қол қойды. Алты елдің көшбасшылары сондай-ақ Бішкек декларациясына қол қойып, ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің халықаралық ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі Іс-қимылдар жоспарын бекітті.
Мүшелік
Үндістанның, Пәкістанның, Иран мен Моңғолияның ШЫҰ жанында бақылаушылар мәртебесі бар. ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының тапсырмаларын жүзеге асыру мақсатында бақылаушы мемлекеттерді Ұйымның сауда-экономикалық саласындағы жұмысына барынша белсенді тарту жұмыстары жүргізілуде. Тараптар 2008 жылға арналған ШЫҰ жанындағы бақылаушы мемлекеттермен өзара іс-қимылды дамыту жөніндегі шаралардың тізімін мақұлдады.
Қазақстан ШЫҰ мүшесі болу бақылаушы, «диалог жөнінде әріптес» ретінде Хартияда көрсетілген осындай ынтымақтастықтың формасын пайдалануды қарастыратын, кезең-кезеңмен өтіп, содан кейін ғана ШЫҰ-ның толық қатысушы болуы тиістігін негізге алады.Мүшелелері Бақылаушы елдер
NATO
North Atlantic Treaty Organisation (NATO)’
Organisation du traité de l’Atlantique Nord (OTAN)’
Солтүстікатлантикалық келісім Ұйымы
Көк түспен НАТО елдері белгіленген
Штаб—пәтері: Брюссель, Белгия
Мүшелері: Үлгі:НАТО мүшелері
Ресми тілдері: Ағылшын, Франсуз тілдері
Бас хатшы: Яап де Хооп Схеффер
Құрылған күні: 4 көкек 1949 жыл
Ресми торбеті: http://www.nato.int/home-ru.htm
Солтүстікатлантикалық келісім Ұйымы, НА́ТО (ағыл. — North Atlantic Treaty Organization, NATO; фр. Organisation du traité de l’Atlantique Nord, OTAN) — әскери-саяси одақ.
1949 жылы 4 көкекте 12 мемлекет (АҚШ, Ұлыбритания, Франсия, Белгия, Нидерланды, Люксембург, Канада, Италия, Португалия, Норвегия, Дания, Исландия) қол қойған Солтүстікатлантикалық келісімшарты негізінде құрылған. Кейінірек НАТО-ға басқа да еуропалық мемлекеттер кіреді. 2007 жылы НАТО-ға 26 мемлекет мүше болды.
1954 жылы Кеңес Одағы мүше болып кіруге сұранады, НАТО оған бас тартады.
НАТО-ның негізгі мақсаты шартқа қатысушы мемлекеттердің саяси ынтымақтастық және ұжымдық қорғаныс негізінде тәуелсіздікті, егемендікті және демократиялық құрылымды сыртқы агрессиядан қорғау екендігі 1949 жылғы Вашингтон шартында жазылған, бұл ұстаным 1990 жылғы Лондон декларациясында қуатталған. Альянстың іргелі мақсаттарының қатарында соғыстың алдын алу мен тиімді қорғанысты қамтамасыз етуге жеткілікті әскери мүмкіндіктерді нығайту, шарт мүшелерінің қауіпсіздігіне ықпал ететін дағдарыстарды еңсеру, басқа елдермен саяси үнқатысуды жолға қою және еуропалық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық жолдарын іздестіру аталады.
НАТО құрылымы
НАТО-ның жоғарғы саяси органын Солтүстікатланталық Кеңес (НАТО Кеңесі) атқарады. Кеңес барлық мүше елдердің өкілдерінен (елші лауазымдары ретінде) құрылып, бас хатшының басқаруымен 2 жылда бір өз мәжілісін өткізеді. НАТО сыртқы істер министрлері және мемлекет пен үкімет басшылары деңгейінде де отырыстарын өткізіп тұрады, әйтсе де бұл отырыстары сыртқы істер министрлері отырысындағыдай ғана дәрежесі бар. Кеңес шешімдерді бірдауыстан қабылдайды. Сессиялар арасындағы уақытта Кеңес функцияларын блоктың барлық мүшелері елші ретінде жіберген өкілдерінен тұратыен НАТО Тұрақты кеңесі атқарады. Жоғарғы әскери-саяси органы қызметін 1966 жылдан бері жылына екі рет қорғаныс министрлер деңгейінде бас қосатын, бірақ тұрақты өкілдерінен тұратын Әскери жоспарлау Комитеті атқарады. Сессия-аралық уақытта бұл комитет қызметін барлық мүше елдер елші дәрежесіндегі өкілдерінен тұратын Тұрақты әскери жоспарлау комитеті атқарады. НАТО-ның жоғарғы әскери органы — Әскери комитет. Жылына кем дегенде екі дүркін жиналып тұратын бұл Комитет мүше елдер бас штаб басшылары мен қарулы күштері жоқ Исландияның азаматтық өкілінен тұрады. Әскери комитет өзіне бағынышты екі аймақты қамтиды: Еуропа мен Атлантика. Еуропадағы жоғарғы басшылықты жоғарғы қолбасшы (әрқашан – американдық генерал) басқарады. Оның қол астына үш ұрыс алаңы басшылығы кіреді: Солтүстікеуропалық, Орталықеуропалық және Оңтүстікеуропалық. Сессияаралық уақыттта бұл комитет қызметін Тұрақты әскери комитет атқарады.
НАТО негізгі органдарына әдетте жылына екі рет қорғаныс министрлері деңгейінде көбінше НАТО Кеңесі мәжілісі болар алдында жиналатын Ядролық жоспарлау тобы да кіреді, Исландияның өкілі болып бұл топта азаматтық байқаушы қатысады.
НАТО ресми тілдері ретінде ағылшын мен франсуз тілдері пайдаланылады.
Ұйымның штаб-пәтері Брюсселде (Белгия) орналасқан.
НАТО осы ұйымға кіруге ұмтылатын немесе осы ұйым саясатын қолдайтын бірқатар еуропалық мемлекеттермен “Бейбітшілік үшін ынтымақтастық ” деп аталатын келісімге қол қояды. Бұл бағдарлама мүшелері: Албания, Аустрия, Әзірбайжан, Әрменстан, Гүржістан, Ирландия, Қазақстан, Қырғызстан, Македония Республикасы,Өзбекстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Украина, Финландия, Хорватия, Швейцария, Швеция.
[өңдеу]
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД)
— ыдыраған КСРО орнына 1991 ж. желтоқсанда құрылған халықаралық ұйым.
1991 ж. желтоқсанның 8-інде Минскіде (Беловеж) Ресей, Беларус және Украина басшылары кездесіп, 1922 ж. КСРО құрылуы туралы Келісімі істен жойылғандығы және ТМД құрылғандығы туралы келісімге қол қойды.
1991 ж. желтоқсаннның 13-інде Орта Азия мен Қазақстан басшылары Ашғабатта кездесіп, «Беловеж келісімін» қолдайтындықтарын мәлімдеді.
1991 ж. желтоқсаннның 20-ында Әзірбайжан, Әрменстан, Беларус, Гүржістан, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан басшылары Алматыда 21 желтоқсанда ТМД-ны құру туралы Келісім хаттамасына қол қойды.
Қазақстанда осыдан кейін егемен мемлекеттік дамуының қарқынды процесі басталды.
Содружество Независимых Государств
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы
Ассоциированный член
Штаб-квартира Минск, Беларусь
Рабочий язык Орысша
Түрі Достастығы
Мүшелігі 11 члены
1 ассоциированный член
Басшылары
— Исполнительный секретарь Сергей Лебедев
Ұйымдастыруы 1991 Желтоқсанның 21
Жұрты
— 2007 сарап. 277,983,490
Ғаламтор торабы
http://cis.minsk.by
Біріккен Ұлттар Ұйымы
Map of UN member states
and their UN-recognized dependencies according to the UN
Headquarters International territory in Manhattan, New York City
Official languages Arabic, Chinese, English, French, Russian, Spanish
М?шелігі 192 member states
Басшылары
— Secretary-General Ban Ki-moon
Ұйымдастыруы
— United Nations Charter 26 June 1945
— Ratification of Charter 24 October 1945
Ғаламтор торабы
http://www.un.org/
Біріккен Ұлттар Ұйымы – екінші дүниежүзілік соғыстан кейін КСРО, АҚШ, Қытай және Ұлыбритания мемлекеттерінің белсенділік танытуымен құрылған халықаралық ұйым Бас кеңсесі орналасуы — Нью-Йорк, АҚШ. Ағымда БҰҰ құрамына 192 мемлекет кіреді. «Біріккен ұлттар» атауын АҚШ президенті Ф.Д.Рузвельт ұсынды. Декларациясы Сан-Францискода 1945ж. 24 қазанда қабылданды. Бұл БҰҰ-ң күні деп жарияланды. БҰҰ құрылымы:
Біріккен ұлттар ұйымының ең басты ірі негізгі құжаты оның Жарғысы болып табылады. Тарихи деректерді алға тартсақ, Ұйым Жарғысының жобасы КСРО, АҚШ, Қытай және Ұлыбритания мемлекеттері өкілдерінің қатысуымен жасалған. құжат бес тілде – орыс, ағылшын, қытай, француз және испан тілдерінде дайындалып, оған 1945 жылдың 26 маусымында Сан-Франциско конференциясында 51 мемлекет қол қойды. Ал Жарғы сол жылдың 24 қазанында аталмыш конференцияға қатысушы елдердің Жарғыны ратификациялауларына байланысты күшіне енгізілді. Содан бері 24 қазан халықаралық қоғамдастықта Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылған күні ретінде кеңінен аталып өтіп жүр.
Көзі қарасты көпшілікке жақсы таныс, ұйымға мүше барлық мемлекеттер кіретін Бас Ассамблея Біріккен Ұлттар Ұйымының бас органы саналады. БҰҰ-ға мүше елдердің арқайсысы шешім қабылдау кезінде бір дауысқа иелік етеді. Жалпыға ортақ ерекше маңызды мәселелер, атап айтқанда, бейбітшілік пен қауіпсіздік, ұйымға жаңа мүшелер мен оның бюджетін қабылдау мәселелері БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің үштен екісі қатысып, дауыс беру қорытындысы бойынша шешіледі. Сондай-ақ Бас Ассамблея ұйымның бюджетін қарап, бекітеді. Ұйымны? әртүрлі органдарына мүшелер қауіпсіздік Кеңесінің ұсынуымен БҰҰ-ның Бас хатшысын сайлайды. Бүгінде қауіпсіздік Кеңесіне Ресей, АҚШ, Қытай, Ұлыбритания және Франция мемлекеттері тұрақты мүше. Осы тұста айта кетейік, біраз жылдардан бері қауіпсіздік Кеңесінің мүшелері қатарын көбейту жөнінде мәселе қозғалып жүр. Бірақ әзірше ол шешімін тапқан жоқ.
Бас Ассамблея – БҰҰ Жарғысы шегінде кез келген іс пен мәселені талқылау, мүше мемлекеттерге ұсыныс әзірлеу уәкілетін иеленеді, қауіпсіздік Кеңесінің жыл сайынғы ірі арнайы баяндамаларын талқылап, бүкіл ұйымның бюджетін қарап, бекітеді. қауіпсіздік және Экономикалық-әлеуметтік кеңестерге мүшелерді тағайындайды. қауіпсіздік Кеңесінің ұсынуымен Бас хатшыны 5 жылдық мерзімге тағайындайды және Халықаралық сот мүшелерін тағайындадйды. Бас Ассамблея отырысы жыл сайын қыркүйек пен желтоқсан айлары арасында өтеді.
Қауіпсіздік кеңесі – халықаралық бейбітшілік пек қауіпсіздік үшін күреседі. Оның шығарған барлық шешімдеріне БҰҰ мүшелері бағынуы тиіс. Бес тұрықты мүшелері (Ресей, АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Қытай) вето құқығына ие. Ал қалған 10 тұрақсыз мүшелерді БҰҰ уставының 23-бабына сәйкес сайланады.
- Хатшылық-бұл әлемнің барлық БҰҰ кеселерінде түрлі ресми жұмыстармен айналысатын халықаралық персонал. Негізгі кеңселері Нью-Йоркте, Женевада және Венада.Хатшылықты бас хатшы басқарады.
- Экономикалық және әлеуметтік кеңес – 5 аймақтың комиссиядан тұрады: Европалық экономикалық комиссия, Азия және Тынық мұхиты үшін Экономикалық және әлеуметтік комиссия, Батыс Азия үшін Экон. Және әлеум. Ком., Африка үшін, Латын Америкасы және Кариб бассейні үшін.
- Қамқорлық жөніндегі кеңес – негізгі міндеттеріне қамқорлыққа алынған территория тұрғындарының саяси, экон., әлеум. пргресіне, оның білім беру саласында ілгерілеуіне, оның өзін өзі басқаруға немесе тәуелсіздікке жету бағытында прогресситі дамуына жәрдемдесу жатады. 1994 ж. 1 қарашада уақытша жұмысын тоқтатты.
- Халықаралық сот – мемлекеттер арасында даулы мәселелрді шешетін, сондай-ақ, БҰҰ органдарының, оның мамандандырылған мекемелерінің құқық мәселері бойынша ұсыныстың ұйғарым шығаратын ең басты ұйым саналады. 15 тәуелсіз соттардан тұрады. Олар басқа жұмыстармен айналысуға құқытарынан айрылған және дипломатиялық артықшылықтар мен иммунитеттерге ие. Сотқа тек мемлекеттер қатыса алады, ал жеке және физикалық тұлғалар қатыса алмайды.
- 16 арнаулы мекеме: Әлемдік банк, МАГАТЭ, ЮНЕСКО, Халықаралық денсаулық сақтау ұйымы, БҰҰ-ң балалар фонды,БҰҰ-ң өнеркәсіпті дамыту жөніндегі мекесі,т.б., және арнаулы комиссиялар: Халықар.аралық комиссиясы, Халықар. Сауда құқығы жөніндегі комиссиясы. Ресми тілдері: Ағылшын, араб, испан, француз, Қытай, орыс. БҰҰ-ң бас құжаты болып Устав табылады. Онда мүше-мемлекеттердің барлық міндеттері мен ұйымның қағидалары баяндалған.
Қазақстан және Біріккен Ұлттар Ұйымы
Тәуелсіз Қазақстан тарихында 1992 жылдың 2 наурызы қазақстанның Біріккен ұлттар ұйымына мүшелікке қабылдануымен ерекшеленеді. Еліміз БҰҰ Бас Ассамблеясының 46-сессиясында ұйымның жаңа мүшесі ретінде ғана емес, қазіргі заманның ең өзекті халықаралық проблемалары бойынша белсенді позиция санатын мемлекет ретінде мүше болды.
БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-сессиясында Мемлекет басшысы Қазақстанның халықаралық саясаты туралы айта келіп, екі маңызды ұсынысты алға тартты. Оның біріншісі – барлық үкіметтердің ізгі ниет білдіру тәртібімен “бір+бір” формуласы бойынша БҰҰ-ның бітімгершілік күш-жігерінің қорын құруды бастау. Бұл формула әрбір мемлекет оған өзінің қорғаныс бюджетінен бір пайыз бөліп, жыл сайын оны бір пайызға ұлғайтып отыруды көздейді. Осылай еткенде он жылдан соң бітімгершілік сомасы он есеге өседі. Екінші ұсынысы – Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес (АҚСШК) шағыру. Мемлекет басшысының бұл бастамасы көпшілік елдер тарапынан, сондай-ақ БҰҰ-дан қолдау тауып, Қазақстанның сыртқы саясатын айқындауда айтарлықтай рөл атқарды.
ЕҚЫҰ
Дниежүзi алдында Қазақстанның абыройы тағы бiр биiкке көтерiлiп, төрткүл дүниеге өзiнiң еңселi ел екендiгiн көрсетiп, 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төраға болып, төрде отыратындығы мәлiм болды.
ЕҚЫҰ жалпы Еуропадағы ғана емес, бүкiл әлемдегi ықпалды да, беделдi ұйымдардың қатарына жатады. Аталмыш халықаралық ұйымның басты мақсаты — Еуропадағы түрлi жанжалдарды болдырмауға, сонымен қатар аймақтардағы дағдарысты жағдайлар мен оның салдарын реттеуге бағытталған. Сонымен қатар, демократиялық мақсат-мұраттарды бұлжытпай орындауды қатаң бақылау арқылы өзiне мүше болып саналатын елдерде экономикалық тұрақтылықты дамытуды қамтамасыз етедi. ЕҚЫҰ тек Еуропа аймағымен ғана шектелмейдi. Халықаралық деңгейдегi осындай мақсатты iстерге араласуға құқы бар.
Оның құрамына Еуропа елдерiнен басқа КСРО-дан бөлiнiп шығып, өзiнiң тәуелсiздiгiн алған Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркiменстан, Тәжiкстан сияқты елдер де енген. Солардың қатарында Қазақстан өз тәуелсiздiгiн алған алғашқы күндерде нақтырақ айтсақ, 1992 жылдың қаңтар айынан бастап ұйымға мүшелiкке өттi. Осы жылдан бастап халықаралық беделдi ұйым арқылы Қазақстан әлемдiк аренада өзiнiң беделiмен таныла бастады. Саясаттағы тұрақтылық, экономикадағы жетiстiк қазақ елiне деген сенiмдiлiктi оятты. ЕҚЫҰ-ның құрамына азиялық елдер ғана емес АҚШ-та, Канада да оның мүшесi болып табылады. Бұлардан басқа Азия мен Африка елдерi арасында Жапония, Корея республикасы, Ауғанстан, Египет, Израиль, Алжир және тағы басқа белгiлi мемлекеттер ЕҚЫҰ-ның мүшесi болмаса да, оның ынтымақтастық жөнiндегi әрiптестерi болып табылады. әлемде ЕҚЫҰ-ның 3500-ден астам қызметкерлерi бар көрiнедi. Соның iшiнде 2800-i ЕҚЫҰ-ның жергiлiктi жерлердегi 19 түрлi миссиялары мен шараларында қызмет жасайды. Ал, Орталық Азиядағы миссиялары Астана, Ашхабат, Бiшкек, Душанбе қалаларында орналасқан. Мұндағы қызметкерлер ЕҚЫҰ-ның қауiпсiздiк, экономикалық, экологиялық проблемалар және сайлау науқандары мен адам құқының сақталуын қамтамасыз ететiн өкiлдер болып табылады. Ал ұйымның штаб-пәтерi Австрияның астанасы Вена қаласында орын тепкен. Мұнда ЕҚЫҰ-ның тұрақты жұмыс iстейтiн хатшылығы орналасқан. Дәл осы жерде 500-ден астам адам қызмет етедi. ЕҚЫҰ-ның 2007 жылғы бюджетi 168,2 миллион евроны құрап отыр.
Негiзi халықаралық ұйым атынан көрсетiлген осынау сенiмнiң астарына тереңiрек үңiлер болсақ, бұл Қазақстанның ТМД және Орталық Азия мемлекеттерi арасынан суырылып алға шыққан елiмiзге деген үлкен сенiм бередi.
Еуропа Одағы
Македония Республикасы • Малта • Молдова • Монако • Недерландия • Норвегия • Польша • Портуғалия • Ресей • Румыния • Сан-Марино • Сербия • Словакия • Словения • Түркия • Украина • Финландия • Франция • Хыруатстан • Чехия • Швейцария • Швеция
Организация экономического сотрудничества и развития / Organisation de coopération et de développement économiques
Алмания • Америка Құрама Штаттары • Аустралия • Аустрия • Белгия • Грекия • Дания • Жаңа Зеландия • Жапония • Ирландия • Исландия • Испания • Италия • Канада • Құрама Патшалық • Лүксембор • Мажарстан • Мексика • Недерландия • Норуегия • Оңтүстік Корея • Польша • Портуғалия • Слоуакия • Түркия • Финландия • Франция • Чехия • Швеция • Швейцария
Солтүстік Атлантика келісімі ұйымы (NATO)
Албания · Алмания · Америка Құрама Штаттары · Белгия · Бұлғарстан · Грекия · Дания · Естония · Исландия · Испания · Италия · Канада · Құрама Патшалық · Латвия · Литуания · Люксембург · Мажарстан · Недерландия · Норвегия · Польша · Портуғалия · Румыния · Словакия · Словения · Түркия · Хыруатстан · Франция · Чехия ·
Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ)
Гаити • Албания • Ангола • Антигуа мен Барбуда • Аргентина • Аустралия • Баңладеш • Барбадос • Бахрейн • Белиз • Бенин • Біріккен Араб Әмірліктері • Боливия • Ботсуана • Бразилия • Бруней • Буркина-Фасо • Бурунди • Венесуела • Виетнам • Габон • Гайана • Гамбия • Гана • Гуинея-Биссау • Гуинея • Гренада • Гүржістан • Гуатемала • Джибути • Доминика • Доминикан Республикасы • Екуадор • Әрменстан • Еуропа Одағы1 • Жаңа Зеландия • Жапония • Жамайка • Замбия • Зимбабуе •Исландия • Исраел • Швейцария • Камбоджия • Камерун • Қатар • Канада • Кения • Колумбия • Конго Демократиялық Республикасы • Конго Республикасы • Коста-Рика • Кот-д-Ивуар • Куба • Кувейт • Құрама Штаттар • Қырғызстан • Қытай • Лесото • Лихтенштейн • Мағрибия • Мадагаскар • Макао • Македония • Малайзия • Малауи • Мали • Малдивтер • Маурики • Мауритания • Мексика • Мианма • Мозамбик • Молдова • Моңғолия • Мысыр • Нигерия • Намибия • Непал • Нигер • Никарагуа • Норвегия • Оман • Гондурас • Оңтүстік Африка • Оңтүстік Корея • Орталық Африка Республикасы • Панама • Папуа Жаңа Гвинея • Парагуай • Пәкістан • Перу • Пилипинес • Руанда • Салуадор • Сауд Арабиясы • Сент Винсент және Гренадиндер • Сент Киттс және Невис • Сент Лусия • Сенегал • Сиерра-Леоне • Сингапур • Суазиланд • Сүлеймен Аралдары • Суринам • Таиланд • Тайуан • Танзания • Ташад • Того • Тринидад пен Тобаго • Тунисия • Түркия • Уганда • Үндінезия • Үндістан • Уругуай • Иордан • Фиджи • Хорватия • Чили • Шәңғаң • Шри-Ланка •
1 Еуропа Одағының барлық жиырма жеті мүше елі БСҰ-ға өз алдына мүше болып енген:
Алмания • Аустрия • Белгия • Бұлғарстан • Грекия • Дания • Естония • Ирландия • Испания • Италия • Швеция •
Қыбыр • Құрама Патшалық • Латвия • Литуания • Лүксембор • Мажарстан • Малта • Недерланд •Польша • Португалия • Румыния • Словакия • Словения • Финландия • Франция • Чехия
Парижде тарихтағы ең алғашқы “Еуропа Одағы — Орта Азия » форумы болып өтті. Оған Еуроодаққа мүше барлық ел мен Орта Азияның 5 мемлекеті қатысып, Ресей, Қытай, Жапония және тағы басқа елдердің делегациялары бақылаушы ретінде келді.
“Париж форумның” барысында терроризм мен есірткі саудасына қарсы күрес, энергетика қауіпсіздігі, экономикалық ынтымақтастың мәселелері талқыланды.
“Шекараны білмейтін репортерлер” ұйымы Еуроодақтың өкілдерін Орта Азиядағы сөз бостандығының басып-жаншылуына назар аударуға шақырды.
Еуроодаққа Германия тұрақалық еткен 2007 жылдың маусымында қабылданған Еуроодақтың Орта Азиядағы стратегиясында Еуропалық блоктың энергетикалық қауіпсіздігі ең өзекті мәселе болып көрсетілді.
Мұнай мен басқа да қуат көздеріні? табиғи ресурстары мол Орта Азияның Түркіменстан, Өзбекстан және Қазақстанның өз шикізаттарын ең жоғарғы бағасын бергендерге сатуға мүдделі болатыны анық.
Ал Еуропа Одағы Орта Азия аймағымен қарым-қатынасын, ынтымақтастығын кеңейте алады және кеңейтуге міндетті.
ЕуразЭҚ
Ағымдағы айдың басында Мәскеуде ЕуразЭҚ-тың 23-ші рет өтетін мемлекетаралық кеңесінің отырысы болады, бұл маңызды жиынға қазақ елі тарапынан үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтің қатысатыны белгілі. ЕуразЭҚ 2000-шы жылы Астанада Қазақстан, Беларусь, Ресей Федерациясы, Қырғызстан және Тәжікстан басшыларының келісімімен, ортақ ұйғарымымен құрылған болатын. Армения, Молдавия және Украина мемлекеттері бұл ұйымға толық емес, тек бақылаушы болып кірді. ЕуразЭҚ-тың концепциясында ұйымның мақсаты ретінде, құрылтайшы мемлекеттер арасындағы сауда-экономикалық қатынасты одан әрі кеңейту, сонымен қатар 1995-ші жылы негізі қаланған Кеден одағымен біртұтас экономикалық кеңістіктің жұмыстарын тиімді түрде жалғастыру, экономикалық ынтымақтастықты дамыту, кеден одағы арқылы ортақ рынок қалыптастыру, тауарлардың, капиталдың, қаржының, еңбек күшінің еркін қозғалуына мүмкіндік жасау, сонымен бірге ұйымға мүше мемлекеттердің басқа үшінші мемлекеттермен қарым-қатынасында ортақ тауар саясатын жүргізу, ортақ валюта енгізу, Дүниежүзілік сауда ұйымына кірудің мемлекеттер арасында уақыт мөлшерін анықтау, Еуразиялық транспорт одағын дамыту, ортақ агрорынок кешенін дамыту, миграциялық саясатты жүйелі түрде жүзеге асыру, есірткіге қарсы күресті үдете түсу секілді келелі мәселелер.
ЕуразЭҚ-тың тағыда бір атап өтетін рөлі, бұл мүше мемлекеттердің Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруге дайындықтың алғышарты болуы. ДСҰ-ға мүшелікке кіру үшін, біз секілді жас мемлекеттерге үлкен дайындық керек, ал ЕуразЭҚ-ты ДСҰ-ға кіруге дайындықтың бір іспеттесі ретінде қарауға болады. ЕуразЭҚ-тың ақпарларына қарайтын болсақ 2000-2004-ші жылдары ұйымға мүше мемлекеттердің арасындағы тауар айналымы 88% құрап, ал осы жылдары бұл ұйымға мүше емес, ТМД-ның басқа мемлекеттерінде 11%-ға ғана өскен екен. ЕуразЭҚ бас хатшысының айтуынша 2007-ші жылы ұйымға мүше мемлекеттер арасындағы тауар айналымы 104 млрд. АҚШ долларын құраса, 2008-ші жылы ол 135 млрд. АҚШ долларын құраған. Алайда бірсыпыра ресейлік сарапшылар бұл нақты өсім емес, бұл ЕуразЭҚ-қа мүше кейбір мемлекеттердің сыртқа шығаратын шикізат өнімдеріне деген бағаның өсуінен болып отыр дейді. Үстіміздегі жылдың басында ЕуразЭҚ-тың қаржы-экономикалық саясаты жөніндегі кеңесі осы ұйымның аясында дағдарысқа қарсы қор құруды ұйғарды, бұл қордың жалпы бюджеті 10 млрд. АҚШ долларын құрайды. Ресей Федерациясы қорға 7,5 млрд. АҚШ долларын, Қазақстан Республикасы 1 млрд. АҚШ долларын, ал Қырғызстан, Тәжікстан, Армения мемлекеттері 1 млн. доллардан құйып отыр. Ресей Федерациясы Қаржы министрі Алексей Кудриннің айтуынша Беларусь мемлекеті қазіргі уақытта аталған қорға қанша қаржы құю керек екендігін анықтап жатыр дейді. Бұл қаржыны қайда бағыттау, қалай жұмсау бойынша ЕуразЭҚ кеңесі шешім қабылдайды. қазіргі кезде ЕуразЭҚ шеңберінде ортақ валюта енгізу мәселесі де жиі айтылып жүр.
ЕуразЭҚ-тың ішіндегі тағы бір түйткілді проблема бұл Орталық Азия мемлекеттері арасындағы су ресурстарын тиімді пайдалану мәселесі. Бұл үлкен проблема бойынша ұйым аясында арнайы комиссия құрылған болатын.
ЕуразЭҚ қазіргі таңда Қазақстан, Беларусия және Ресей мемлекеттерінің арасында кеден одағын қалыптастыру және оны жүзеге асыру бойынша белсенді жұмыс атқарып жатыр. Бұл тараптан алғанда ұйым ішінде Кеден одағы комиссиясы құрылды, комиссияның қабылдаған шешімдерін барлық мүше мемлекеттер орындауға міндетті, сонымен қатар алдағы 2010-шы жылдық 1-ші қаңтарынан бастап Кеден одағының нақты істері жүзеге аса бастайды, ол дегеніміз мүше мемлекеттер арасында кеден бекеттерінің алынып тасталынуы, кеден саласына байланысты барлық жұмыстың бір ортақ жүйеге келтірілуі. Жақында кеден одағына қырғыз елі де мүше болып кіргілері келетіндерін айтып қалды. Осы кездің өзінде кеден тарифтерін қалыптастыру, келісу бойынша жұмыстың 95%-ы аяқталып қалған. Алдағы күндері Мәскеуде өтетін ЕуразЭҚ мемлекеттері үкімет басшыларының бас қосуында ұйымдастыру және ЕуразЭҚ-тың дағдарысқа қарсы қорын әкімшілендіру туралы түйткілді мәселелер толық шешіледі деп күтілуде.
Қаржы секторынан экономиканың нақты секторына ұласқан дағдарыс салдары ЕуразЭҚ-қа мүше қай мемлекетке болмасын зардабын ауыр тигізді. Дағдарыс мәдени, саяси, экономикалық модельдері ұқсас Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Украина, Өзбекстан елдерінің бір-бірінсіз алысқа бармайтынын анықтап берді. Бұл дағдарыс осы елдер арасындағы, оның ішінде ЕуразЭҚ-қа мүше мемлекеттер арасындағы экономика, қаржы, кеден саласындағы қарым қатынасты одан әрі білдіру бойынша мүмкіндіктерді ашып, ынтымақтастықты кеңейтуге мүмкіндік беріп отыр.
Қысқаша айтқанда ЕуразЭҚ кейбір жетіспейтін тұстарына қарамай, өзінің өміршеңдігін байқатты, сонымен бірге бұл ұйымның болашағы бар және керек екенін барлық мүше елдер анық түсінген секілді. Дағдарыстан аз шығынмен шығудың бір жолы – көршілерімізбен ынтымақтасып, дағдарыс салдарымен бірігіп күресу, бұл тараптан алғанда ЕуразЭҚ барлығымызға қажет, әрі тең алаң.