Мазмұны
І Кіріспе…………………………………………………………………………………………………….3
ІІ Негізгі бөлім
2.1. Уот Тайлер басқарған шаруалар көтерілісінің басталуы…………………4
2.2. Көтерілістің басталуы………………………………………………………………………..7
2.3. ХУ ғасырдағы ағылшын деревнясының экономикалық дамуы……….9
ІІІ Қорытынды……………………………………………………………………………………….14
ІУ Пайдаланылған әдебиеттер тізімі………………………………………………….15
У Сілтемелер…………………………………………………………………………………………..16
Кіріспе
Көтерілістің ең басты көсемі, деревняның қолөнершісі, үй төбесін жабушы Уот Тайлер болды және әдетте көтерілістің бәрі де соның атымен аталғанды. Ол соғыс ісімен әбден жете таныс, шебер ұйымдастырушы және ке-терілісшілердің арасында үлкен беделді адам болды. Эссекс пен Кенттің үлкен екі отрядтарымен шаруалар Лондонға таяп келіп жетті. Олардың мақеаты II Ричардпен кездесіп одан шаруалардың хал-жайын жеңілдетуді өтіну болған еді. Шаруалардың басым көпшілігі «Қайырымды корольге» сеніп, өздерінің бастарына түскен бәле-жаланың бәрін де оның ақымақ советниктерінен көретін еді. Мэрдің берген жарлығына қарамастан қала кедейлері көтерілісшілердің алдындағы қақпаларды жаптыртпады. Лондонға кіргеннен кейін шаруалар халықтың ең жексұрын дұшпандары — корольдің советниктерінің үйлерін өртеп қиратты және түрмелерді талқандап, тұтқындарды босатып жіберді. Лондон шаруалардың билігіне алынып, іс жүзінде ко-роль олардың тұтқыны болып шықты. Шаруалар халықтың ете-мөте жек көретін вельмождарын, соның ішінде ағылшын шіркеуінің бастығы және сонымен қатар Англияның канцлері архиепископ Кентерберийский Садбериді «опасыздар» ретіңде елім жазасына тартты. Шаруалар корольмен алғаш рет Майл-Эндте кездесті. Олар корольге «Майл-Энд программасы» деп атақ алған талаптар қойды. Олар корольдің алдына крепостнойлықты және барщиналықты жойып, біркелкі төмендеу ақшалы рента (акрадан 4 пенс) орнатып Англияның барлық қалалары мен селолық жерлерінде сауда бостандығын беру және бүкіл кетерілісшілерге кешірім жариялау талаптарын қойды.
2.1. Уот Тайлер басқарған шаруалар көтерілісінің басталуы
XIV ғасырдың аяғына таман ағылшын шаруаларының хал-жайы тіпті өте-мөте мүшкіл болуға айналды. II Ричардтың тұсында (1377—1399) қайта басталған Жүз жылдық соғысқа байланысты елдің басына түскен жаңа алым-салықтар халықтың жаман ашу-ызаларын туғызды. 1377 жылы парламент біржолғы жаппай салықты енгізді және оны 1379 жылы жаңадан, ал 1380 жылы үш есе арттырып өндіріп жинап алды. Осы салық және оны төлетердегі жіберілген қиянаттар көтерілістің шығуына тікелей себеп болды.
Көтеріліс 1381 жылдың көктемінде, Англияның оңтүстік-шы-ғысындағы Эссекс графтығында бұрқ ете түсті. Шаруалар алым-салық жинаушыларды қуып шығып олардың кейбіреулерін өлтіріп те жіберді. Мейлінше ауыр салықтарға карсы наразылық ретінде басталған көтеріліс дереу айқын көрінген антифеодалдық сипатқа ие болды. Ол лезде-ақ Англияның графтықтарының көбірек бөлігін (40-тан 25 графтықты) камтыды.
Шаруалар монастырьлар мен феодалдық поместьелердің тасталқанын шығарып қиратып, малдарын айдап әкетті, дүние-мүліктерін талап алып, шаруалардың міндеткерліктерін белгілеп жазған документтерді өртеді. Көтерілісшілердің, әсіресе, шіркеу феодалдарына — епископтер мен аббаттарға, сондай-ақ корольдік соттар мен заңшыларға, клерктерге және мемлекеттік аппараттың басқа да уәкілдеріне деген өшпенділігі ерекше күшті болды; шаруалар оларды халықты езіп, қанауда феоалдарға ең басты дем берушілер деп санады. Шаруаларды әдетте көршілес қалалардың кедейлері әрдайым қолдап отырды. Лондонмен көршілес — Эссекс пен Кент графтықтарына көтеріліс аса ұйымдасқан түрде жүргізілді. Кенттің шаруалары, көтерілістен аз ғана бұрын шіркеу өкіметтерінің тұтқындаған Джон Боллды түрмеден босатып алды және оны өздерінің басшы көсемдерінің бірі етіп қойды. Көтерілістің ең басты көсемі, деревняның қолөнершісі, үй төбесін жабушы Уот Тайлер болды және әдетте көтерілістің бәрі де соның атымен аталғанды. Ол соғыс ісімен әбден жете таныс, шебер ұйымдастырушы және ке-терілісшілердің арасында үлкен беделді адам болды.
Эссекс пен Кенттің үлкен екі отрядтарымен шаруалар Лондонға таяп келіп жетті. Олардың мақеаты II Ричардпен кездесіп одан шаруалардың хал-жайын жеңілдетуді өтіну болған еді. Шаруалардың басым көпшілігі «Қайырымды корольге» сеніп, өздерінің бастарына түскен бәле-жаланың бәрін де оның ақымақ советниктерінен көретін еді. Мэрдің берген жарлығына қарамастан қала кедейлері көтерілісшілердің алдындағы қақпаларды жаптыртпады. Лондонға кіргеннен кейін шаруалар халықтың ең жексұрын дұшпандары — корольдің советниктерінің үйлерін өртеп қиратты және түрмелерді талқандап, тұтқындарды босатып жіберді. Лондон шаруалардың билігіне алынып, іс жүзінде ко-роль олардың тұтқыны болып шықты. Шаруалар халықтың ете-мөте жек көретін вельмождарын, соның ішінде ағылшын шіркеуінің бастығы және сонымен қатар Англияның канцлері архиепископ Кентерберийский Садбериді «опасыздар» ретіңде елім жазасына тартты. Шаруалар корольмен алғаш рет Майл-Эндте кездесті. Олар корольге «Майл-Энд программасы» деп атақ алған талаптар қойды. Олар корольдің алдына крепостнойлықты және барщиналықты жойып, біркелкі төмендеу ақшалы рента (акрадан 4 пенс) орнатып Англияның барлық қалалары мен селолық жерлерінде сауда бостандығын беру және бүкіл кетерілісшілерге кешірім жариялау талаптарын қойды. Программа шаруалардың ауқаттылау және самарқау пиғылдағы бөлігінің мүдделерін қорғайтындығын білдірді. Ол тұтас алғанда феодалдық құрылысқа қол сұққан жоқ, тек барщиналық пен крепостниктікті жоюды ғана көздеді. Бұл талаптармен корольдің, әрине, келісуіне тура келді және ол шаруаларға осыларды қуаттайтұғын грамоталар беруге жарлық етті. Корольдің берген сөзіне сенген шаруалардың бірсыпырасы Лондонды тастап үйді-үйлеріне тарап кетті. Бірақ көтерілісшілердің көпшілігі, әсіресе Кенттің кедейлері бұл жеңілдіктерге канағаттана қоймай, Уот Тайлер және Джон Боллмен бірге Лондонда қалып қойды. Олар корольмен тағы да кездесуді талап етті. Тап осы кезде Лондонның кедейлері өздерін жәбірлеп, қысымшылыққа салған билеуші топтарды жазалауға кірісті. Осыдан зәрелері ұшқан Лондонның байлары кетерілісшілерге қарсы күш жинай бастады. Король шаруалармен екінші рет Смитфилдте кездесуге мәжбүр болды. Смитфилд- программасы» ретінде белгілі талаптар, Майл-‘ Эндінікінен анағұрлым асып түсті. Енді шаруалар корольден «Барлық заңдарды» негізінде «жұмысшылар туралы зандарды» жоюды, епископтар мен монастырьлардың және священниктердің жерлерін кәмпескелеп, оларды шаруаларға бөліп беруді және сеньорлардың басып алған қауымдық пайдалана-тын жерлерді шаруаларға қайтаруды талап етті. Олар сеньорларға берілген ерекше жеңілдік біткеннің бәрін де жойып, сословиелерді теңестіру, сондай-ақ крепостнойлық правоны жою талаптарын ұсынды. Бұл программа феодалдық қанаушылық пен крепостнойлықтың және сословиелік құрылыстың негізгі түрлеріне қарсы бағытталған еді.
2.2. Көтерілістің басталуы
Корольдің шаруалармен келіссөздер жүргізіп жатқан кезінде Лондонньщ мэрі Уот Тайлерді опасыздыкпен өлтірді. Рыцарьлар мен қала байларының құрған қарулы отряд-тары корольге көмек көрсетуге келді. Король шаруаларға толып жатқан уәделерді беріп-беріп, оларды үйді-үйіне қайтып тарау-ға көндірді. Көсемінен айрылған шаруалар екінші рет алдануға ұшырады. Олардың ең соңғы отрядтары Лондонды тастап кетті. Корольдің жарлығы бойынша, сол кезде Лондонда жиналған рыцарьлық отрядтар шаруалар отрядтарының ізін суытпай қуып жетіп бытшытын шығара талқандады. Көтеріліс шыққан аудандардың бәрінде де корольдік соттар жұмыс істеп, көтеріліске қатысқандарды мейлінше қатаң жазалады. Көтерілістің басшылары соның ішінде Джон Боллға қатаң үкім шығарылып өлтірілді.Өзінің бұрынғы берген уәделерінен танып кеткен король, барлық жерлерге де хабарлап, шаруалар кетеріліске шейін сеньорлардың пайдасына атқарған міндеткерліктерін мүлтіксіз орындайтын болсын деген жарлық берді. 1381 жылғы көтерілісте, Жакериядағы сияқты (9-тарауды қараңыз) себептермен жеңіліске ұшырады. Көтерілістің стихиялылығы мен нашар жеткіліксіз ұйымдасқандығы және оған қатысқандардың басым көпшілігінің тек жергілікті тар ерісті мүдделерді ғана көздеушілігі елдің көптеген.аудандарындағы көтерілісшілердің Лондонға жасалған жорыққа қатыспаушылықта-рьіна әкеліп жеткізді. Ағылшын шаруа-ларына тән нәрсе —«қайырымды корольге» аңғырттықпен сенушілік сайып келгенде Уот Тайлердің түбіне жетті және феодалдардың көтерілісті басып тұншықтыруын жеңілдеіті. Көтерілістің жеңіліске ұшырауына Лондон қаласының жоғарғы тобының істеген опасыздарыда себепші болды. Осы жалпы себептерге, ағылшың шаруаларының арасында сол кезде-ақ орын тепкен недәуір жіктелушілік те қосылды. Біріншіден, ауқатты және орташа шаруалардың, екіншіден, кедейлердің көздеген мүдделері үйлесіп бір жерден шықпады. Сондықтан шаруалар Лондонда да бірлесіп әрекет жасай алмады. Қорыта айтқанда, олар көтерілістің алғашқы күндерінде қолдары жеткен жекісті пайдалана алмады және ең әуелгі үрейленушіліктен естерін жиып, соғыс күштерін құрған феодалдарға қарсві ұйымдасқан түрде табанды тойтарыс көрсете алмады. Дегенмен де 1381 жылғы көтеріліс Англияның келешектегі аграрлық дамуына елеулі ықпал және маңызы жасады.
Мейлінше қатаң жазалаушылыққа қарамастан, шаруалардың қобалжулары елдің әрбір беліктерінде XIV ғасырдың 90-жылдарына шейін созыла берді. Вилландар барщинаны өтеуден, көтеріңкі рентаны төлеуден, өздерін крепостноймыз деп санаудан табан тіресе бас тартты. Шаруалардың ашу-ызасының басылмаушылығы олардың арасында лоллардттардың еретикалық ілім ықпалының өсе беруіне де әсерін тигізді. Осы жағдайлардың қысымымен үстем тап пен феодалдық мемлекет біраз кеңшілікке — тым ауыр алым-салықтарды біршама жеңілдстіп қатаң «жұмысшылар туралы заңдарды» женілдетуге баруға мәжбүр болды. Көтерілістің ең бір ауыз толып айтарлықтан күрделі нәтнжесі — феодалдардың жаман зәрелерін ұшыра қорқы-тып, шаруалардың крепостнойлық тәуелділіктен құтылуларын тездетуінде болды. Мұны Англияның XIV ғасырдағы экономикалық дамуының барысы даярлаған еді. XIV ғасырдьің аяғында және XV ғасырдың басында вилландардың кепшілігі қара бастарының азаттығын төлеп алып, еріктілер қатарына қосылды.
2.3. ХУ ғасырдағы ағылшын деревнясының экономикалық дамуы
Уот Тайлер бастаған көтеріліс шаруашылықтың барщиналық системасының түп тамырына ен акырғы рет балта шапты. Ол сень-ориалдық реакцияның оқиғаларын тамамдап, ағылшын деревнясының дамуындағы ең прогресшіл жолының жеңісін белгілеп берді. Бұл жол ұсақ товарлы шаруалар шаруашылығының нығайып, барщиналық крепостннктік манордын ыдырауына қарай жетектеді.
Уот Тайлердің көтерілісінен соң ағылшын деревнясының экономикасын қайта құрушылық феодалдық қарым-қатынастардың жойылуына әкеліп жеткізе алмады. XV ғасырдың өн бойына Англияда феодалдық жер меншігінің монополиясы сақталып қала берді, шаруалардың негізгі көпшілігінің меншікті жері болмады, феодалдық рента төледі жэне сословнелік жағынан толық праволылыққа жете алмады. Бірақ та ағылшын феодалйзмі XV ғасырдың басынан дамудың жаца фазасына кірісті. Ауыл шаруашылық өндірісінің орталығы помещиктік жеке меншікті шаруашылықтан (доменнен) ұсақ товарлы шаруалар шаруашылығына түпкілікті ауысып орналасты. Феодалдың жеке меншікті шаруашылығы (домені) XIV ғасырда басталған ауыр дағдарысты әлі де басынан көшіріп, XV ғасырда толылық дерлік жойылуға жақындаған кезде, шаруалардың жер иеленушілігі нығая түсіп, оның товарлылығы да арта берді және ол енді ауыл шаруашылық өнімдерін рыноққа ен негізгі шығарып жеткізуші бола бастады. Феодалдардың жеке меншікті шаруашылықты (доменді) сақтап қала алған жерлерінде, олар бұған барщиналық-крепостниктік ұйымдарды жойып, батрақтардың жалдама-лы снбектерін қанап пайдалану арқылы ғана жетті. Алайда XV ғасырда помещиктік шаруашылыққа тән негізгі бағыт — феодалдың жеке меншікті шаруашылықты (доменді) жойып, оны шаруалардың иемденіп ұстауына арендаға беруі болды.
Бастапқы кездерде шаруалар шаруашылықтары феодалдың қысқартылған жеке меншікті шаруашылық (домендік) өндірісінің есесін толтыра алмады. Осыған байланысты ағылшын деревнясында және тегі бүкіл елде, XIV ғасырдың аяғынан бастап экономикалық құлдыраудың элементтері: өңделетін жер көлемінің жалпы кемітілуі, жыртатын жердің есебінен жайылымдардың өсушілігі, деревняның жалпы товар өнімінің, атап айтқан-да, жүнді шетке шығарудың төмендеп кетушілігі әжептәуір-ақ білініп қалды. Шаруалардың жер иеленушілігінің жалпы өсушілігіне байланысты XV ғасырда, бұрын рыноктан азық-түлікті сатып алып отыруға мәжбүр болған селоның, сондай-ақ қаланың да басы артық халқы біршама кемуге айналды. Осының себебінен ауыл шаруашылық өнімдерінің бағалары төмендеді, ал жалдамалы жұмысшылардың жалақылары біршама жоғары түрінде қала берді.
Міне осының бәрі шаруалар шаруашылығы товарлылығының және жалпы алғанда ішкі рыноктың еркендеп дамуына біршама бөгет жасады. Алайда көрсетілген оқиғалар, XV ғасырдағы Англияның экономикалық және әлеуметтік қарым-қатынастарының жалпы кері кетушілігінің белгісі ретінде қаралауға тиісті емес. Олар өзінше бір өсудің дерті тәрізді, феодалдық катынастардың дамуында құруға айналған еокілік пен тууға айналған жаңалықтың арасындағы күресті бейнеледі. Бұл оқиғаларды барщиналық-крепостниктік манордың дағдарысы тудырды. Олар ағылшын деревняеындағы ауыл шаруашылық өндірісінің неғұрлым күшеюге бет алған, неғұрлым прогресшіл формаларымен ұсақ товарлы шаруалар шаруашылығымен, сондай-ақ жаңа жағдайларға бейімделе- білген жаңа типті помещиктік шаруа-
шылықпен бірге өмір сүрді. Сол замандар үшін шаруашылық-
тың нақ осы прогресшіл типтері, езінің негізінде әлі де феодалдық бола тұрса да, деревняда капиталистік қарым-қатынастардың пайда болулары үшін база болып табылды. XV ғасырдағы ағылшын деревнясының өміріндегі еқ маңызды өзгерістердіқ бірі, вилландардың негізгі көпшілігінің қара бастарының азаттыққа ие болулары еді. Маркстің көрсетуіне қарағанда, XV ғасырдағы Англияның селолық халқынық орасан көпшіліп «меншігі феодалдық бүркеніштіқ қандайын бүркемеленсе де өз бетінше дербес шаруашылық жүргізетін еркін шаруалар болды» заң жағынан алып қарағанда шаруалар негізгі екі категорияға бөлінді. Біріншісі қара бастарының азаттығына ие болған шаруалар — бұрынғы вилландардың ұрпақтары. Бұлар «копигольдер» (көшірмесі бойынша ұстаушылар) деп аталынды, өйткені үлеске ие болғандары жөнінде олардың қолдарында манориальдық соттың протоколдарынан үзінді көшірмесі немесе «көшірмесі» болуға тиіс болды. Олардың өздері қара бастарының азаттығын алғанымен де, жер ұстаушылық жағдайларында бұрынғы еріксіздіктің кейбір жұрнақтары сақталып қалынды. Өздерінің қолдарындағы үлестері үшін олар лордқа төмендеу түрде белгіленген ақшалы рента телеп, кейбір басқа да міндет-керліктерді атқаруға тиісті болды. Копигольдерлердің шыққан тегінің ерікті емес екендігінің ең бір негізгі сарқыншағы олардың үлеске ие болу праволарын корольдік соттардың қорғамауларында болды. XV ғасырда копигольдерлер ағылшын шаруаларының көпшілігі болды.
Жерді ерікті түрде ұстаушылардың «фригольдерлердің» жағдайы әжептәуір қолайлы болды. Олар іс жүзінде жерге жеке меншік иелері болып саналды. Бірақ та ол үшін жердің ең түп-кілікті иесі ретінде феодалға тек шамалы ғана, екінің бірінде номиналды ақшалы рента телеп қана отырды. Фригольдтік жолмен жер иеленушілікті корольдік соттар өз қамқоршылығына алып отырды. Жерді ерікті түрде ұстаушылар парламенттің сайлауына қатысуға праволы болды да, ал копигольдердің мұндай правосы болмады. XV ғасырда копигольдер-лердің де және фригольдерлердің де арасында әжептәуір жіктелушілік байкалып отырды. Осы екі категорияның да байып алған шаруалары жалдамалы еңбекті кеңінен пайдаланып, кедейленген шаруалардың жерлерін жинап сатып алды және ездерінің үлестеріне қосымшалап помещиктік жердің үлкен учаскелерін де арендаға алып отырды. Сонымен қатар ауыл шаруашылық жұмысшыларының қатарын толықтырып отырған жері аз шаруалар тобының қатары да іркіле түсті. XV ғасырда жаңаның ескімен күресі феодалдар табының өз ішінде де жүріп жатты. Олардың арасында ертеден бері келе жатқан- айырмашылықтар бұл кезеңде көбірек тереңдей түсті. XIII және XIV ғасырларда барщиналық пен кре-постниктікке жанталаса жабысқан титулды ақсүйектер басқарған ең ірі жер иелері енді өздерінің жеке мен-шікті шаруашылықтарын (домендік) ықшамдап, қысқартуға мәжбүр болды. Әздерінің жер ұстаушыларынан алатын белгілі төмендеу ренталары, олардың күнделікті үйреніп қалған сән-салтанатты тұрмысына қажет қаржыны қамтамасыз ете алмады. Бұрынғы ақсүйектердің әулеттерінен құралған феодалдардың бұл белігі «ескі дворяндар» деген атаққа ие болды. Құрый бітуге бет алған «ескі дворяндар», алайда, әлде де болса әлеуметтік және саяси жақтарынан жеткілікті күшті болды және өздерінің позицияларын бергілері келмеді. Өздерінің тіршілігін қолайсыз жасалған бұл жағдайдан шығудың лажын олар саяси және соғыс авантюраларының жүретін жолдарынан іздестірді. «Ескі дворяндардьщ» уәкілдері XIV ғасырдың аяғынан бастап, осіресе XV ғасырда өздерінің күннен күнге құлдырап бара жатқан табыстарын ецбекші бұқаралардың қан-сөлін сығып алып жатқан мемлекеттік алым-салықтардан үлес алу себебінен толықтырып отыруға ұмтылды. Мемлекеттік қазынаны талан-таражға салу мақсатымен өкімет билігіне және сарай ықпальша таласқан күрес XV ғасырдағы Англияның әр түрлі феодалдық топтарының жүргізген саясаттарын белгілеп беріп отырды. Ескі ақсүйектердің табар табыстарының екінші бір қайнар көзі Жүз жылдық соғыста Францияны тонау болды және олар тіпті керек десе тура үлкен жолдар бойындағы өрескел тонаушылықтардан да жирене қоймады. Сонымен бірге ағылшын феодалдарының арасынан елдің экономикасындағы жаңа прогресшіл күбылыстардың элементтерімен байланысуға айналған екінші бір тобы өсіп, нығая түсті. Бұл «жаңа дворяндар» деп аталынды. Олар XV ғасырда бір жағынан ескі ұсақ және орташа вотчиналық жер иеленушілердің XIII—XV ғасырлардағы рыцарьларының уәкілдерінен, бір жағынан жерді пайдалануға ақшаны көбірек жұмсап байыған шаруалар мен қала халыктарынан, яғни осы арқылы дворян атағын алғандардан құралды. «Жаңа дворяндар» жаңа эконо-микалық жағдайларға ебін тауып бейімделе білді. Олардың уәкілдері де екінің бірінде кейде оларды жалдамалы еңбектің көмегімен жүргізе де берді. Олар «ескі дворяндардың» және кедейліенген шаруалардың жерлерін жинап сатып ала отырып, өздерінің иеліктерін келемділеу етіп жинақтап, оларын тым жоғарылау рентамен қысқа мерзімді арендаға беріп отырды.
Қорытынды
Қорыта айтқанада Уот Тайлердің көтерілісінен соң ағылшын деревнясының экономикасын қайта құрушылық феодалдық қарым-қатынастардың жойылуына әкеліп жеткізе алмады. XV ғасырдың өн бойына Англияда феодалдық жер меншігінің монополиясы сақталып қала берді, шаруалардың негізгі көпшілігінің меншікті жері болмады, феодалдық рента төледі және сословнелік жағынан толық праволылыққа жете алмады. Бірақ та ағылшын феодалйзмі XV ғасырдың басынан дамудың жаца фазасына кірісті. Ауыл шаруашылық өндірісінің орталығы помещиктік жеке меншікті шаруашылықтан (доменнен) ұсақ товарлы шаруалар шаруашылығына түпкілікті ауысып орналасты. Феодалдың жеке меншікті шаруашылығы (домені) XIV ғасырда басталған ауыр дағдарысты әлі де басынан көшіріп, XV ғасырда толылық дерлік жойылуға жақындаған кезде, шаруалардың жер иеленушілігі нығая түсіп, оның товарлылығы да арта берді және ол енді ауыл шаруашылық өнімдерін рыноққа ен негізгі шығарып жеткізуші бола бастады. Феодалдардың жеке меншікті шаруашылықты (доменді) сақтап қала алған жерлерінде, олар бұған барщиналық-крепостниктік ұйымдарды жойып, батрақтардың жалдамалы снбектерін қанап пайдалану арқылы ғана жетті. Алайда XV ғасырда помещиктік шаруашылыққа тән негізгі бағыт — феодалдың жеке меншікті шаруашылықты (доменді) жойып, оны шаруалардың иемденіп ұстауына арендаға беруі болды. Бастапқы кездерде шаруалар шаруашылықтары феодалдың қысқартылған жеке меншікті шаруашылық (домендік) өндірісінің есесін толтыра алмады.
Сілтемелер
- Мұхтарова А.Қ. «Шетелдердің мемлекет және құқық тарихы» Алматы 2005 жыл.
- Г.Н.Көкебаева. Ж.Н. Салпынов «Қазіргі заман тарихы» Алматы 2004 жыл.
- Ізтлеуов Қ. «Жаңа заман тарихы» Алматы 1995 жыл.
- «Қазіргі заман тарихы» Алматы 1992 жыл.
- «Қазіргі заман тарихы» Алматы 2003 жыл.
- «Жаңа тарих 1871 -1917 жж» Алматы – 1991 жыл.
- «Орта ғасырлар тарихы» Алматы 1979 жыл.
- М.А. Барг «Проблемы социаольной историй» Москва 1987 год.
Пайдаланылған әдебиттер тізімі