АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Реферат. . Валюталық операция, валюталық жүйе және оның типтері

Валюталық операциялар

 

Валюталық операциялар ұғымы

 

Валюталық операциялардың анықтамасын беруден бұрын «валюта» терминінің мәніне тоқталайық .

 Қазақстан Республикасының «Валюталық реттеу туралы» заңына (24.12.1996ж.) сәйкес, «Валюта— мемлекеттердің заңды төлем құралы ретінде қабылданған ақша бірліктері немесе банкноттар, қазыналық билеттер мен тиындар, соның ішінде қымбат металлдардан жасалған тиындар(айналымнан алынған немесе алынатын, бірақайналымда жүрген ақша белгісімен айырбастауға жататынын қоса алғанда) түріндегі қолма-қол және аударым нысандарындағы құнның ресми стандарттары, сондай-ақ шоттардағы, соның ішіндехалықаралық ақша немесе есеп айырысу бірліктеріндегі қаражаттары».

Осы заңда «валюталық операцияларға» төменгідей түсінік берілген:

1.меншік құқығының және өзге де құқықтардың валюталық құндылықтарға ауысуына байланысты операциялар, соның ішінде төлем құралы ретінде шетел валютасын және шетел валютасындағы өзге де төлем құралдарын пайдалану мен байланысты мәмілелер;

 

  1. валюталық құндылықтарды кез келген тәсілмен Қазақстан Республикасына әкелу және жөнелту, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан әкету және жөнелту;

Мұндағы валюталық құндылықтарға мыналар жатады:

* шетел валютасы;

* номиналы шетел валютасында көрсетілген бағалы қағаздар және төлем құралдары;

* тазартылған құйма алтын;

* ұлттық валюта, резиденттер мен бейрезиденттер арасында олармен операциялар жасалған жағдайда құны ұлттық валютамен көрсетілген бағалы қағаздар және төлем құжаттары.

Мұндағы резиденттерге жататындар:

  • ҚР-ның тұрақты тұрғыны, соның ішінде уақытша шетелде немесе республикадан тысқары жерлерде мемлекеттік қызметте жүрген жеке тұлға;
  • ҚР-ның заңдылықтарына сәйкес құрылған барлық заңды тұлғалар,олардың республика ішіндегі немесе одан тысқары жерлерде орналасқан филиалдары мен өклеттігі;
  • ҚР-нан тысқары жерлерде орналасқан дипломатиялық, сауда және өзге де өклеттіліктер жатады.

Ал, бейрезиденттерге резиден құрылымында  көрсетілмеген ҚР-ң барлық заңды және жеке тұлғалары немесе одан тысқары жердегі олардың филиалдары мен өклеттіктері жатады.

Кейбір экономикалық әдебиеттер валюталық құндылықтар қатарына бағалы металлдар (алтын басқа да) мен табиғи асыл тастарды(алмаз, рубин, изумруд, сапфир, александрит және жемчуг) жатқызады.

Валюталық операциялар ағымдық операциялар және капитал қозғалысымен байланысты операцияларға бөлінеді.

 

  1. Ағымдық операцияға жататындар:

* тауарлар, жұмыстар және қызметтер үшін төлемнің не аванс төлемінің мерзімін 180 күннен аспайтын мерзімге ұзартуды көздейтін экспорт-импорт мәмілелері бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыруға арналған аударымдар;

* 180 күннен аспайтын мерзімге несиелер беру және алу;

* салымдар(дипозиттер), инвестициялар, заем және өзге операциялар бойынша дивиденттерді, сыйақыларды және өзге де табыстарды алу және аудару;

*гранттарды қоса алғанда, сауда сипатына жатпайтын аударымдар, мұрагерлік соманы, жалақыны, зейнетақыны, алименттерді және басқа соммаларды аудару;

*осы заңмен капитал қозғалысына байланысты операцияларға жатпайтын барлық өзге де валюталық операциялар;

 

  1. Капитал қозғалысына байланысты операцияларға жататындар:

* инвестицияларды жүзеге асыру;

* интеллектуалдық меншік объектілеріне ерекше құқықты толық беруді көздейтін мәмілелер бойынша есеп айырысуларды жүргізуге арналған аударымдар;

* мүлікті құқыққа және өзге де жылжымайтын мүлік құқығына төлеуге аударымдар;

* тауарлар, жұмыстар және қызметтер үшін төлемнің  не аванс төлемінің мерзімін 180 күннен асатын мерзімге ұзартуды көздейтін экспорт- импорт мәмілелері бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыруға арналған аударымдар;

* 180 күннен асатын мерзімге несие беру және алу;

* өздері тіркелген мемлекеттердің заңдары бойынша банк операцияларын жүзеге асыруға құқығы бар шетел банклерінде және өзгеде қаржылық ұйымдарда салымдарды(депозиттерді) жүзеге асыру;

* зейнетақы активтерін жинақтауға байланысты мәмілелер бойынша халық аралық аударымдар;

* жинақтау сиппатындағы сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша халықаралық аударымдар.

Валюталық операцияларды біздіңелімізде шетел валютасымен банктік операциялар жүргізуге ҚР Ұлттық банкнен алынған лицензиясы бар  өкілетті банктер ғана орындай алады. Сонымен  қатар, ҚР Ұлттық банк валюталық  реттеуді және валюталық бақлауды жүргізеді.

 

 

 

  1. Клиенттердің шоттарын ашу және жүргізу

Бұл операция мынадай түрлерден тұрады:

— аңды және жеке тұлғаларға (резиденттер мен бейрезиденттерге) валюталық шот ашу;

— шоттардағы қалдық ойынша пайыз төлеу;

— овердрафт (банктің жетекшілерінің шешімімен ерекше кликнттерге) несиелерін беру;

— операция жасалуына қарай шоттың көшірмелерін беру;

— кез келген уақыт аралығына шот  архивін рәсімдеу;

— клиенттердің тапсырмалары бойынша операцияларды орындау (клиенттер есебінен шетел валютасын сатып алу және сату);

— экспорттық-импорттық операцияларға бақылау жасау.

 

  1. Сауда емес операциялар

Сауда емес операцияларға клиенттерге тауарлар және қызметтер экспортты мен импортты және капитал қозғалысы бойынша қызмет көрсетулер үшін есеп айрысуларға байланыссыз операциялар жатады.

Өкілетті банктер сауда емес сипатта мынадай операцияларды жасауы мүмкін:

  • қолма-қол шетел валютасын және шетел валютасындағы төлем құжаттарын сатып алужәнесату;
  • шетел валютасын және шетел валютасындағы төлем құжаттарын инкассациялау;
  • шетел банктерінің жол чектерін сатып алу(төлеу);
  • ақшалай аккредитивтерді төлеу;

 

  1. Шетел банктерімен корреспонденттік қатынас орнату

Халықаралық есеп айрысуларды жүзеге асыру үшін банктер шетел банктерінде өздерінің корреспонденттік шоттарын ашады. Ондай шоттар екі түрлі болып келеді:

  • НАСТРО шоты (біздің шотымыз сізде)- банк корроспондентте коммерциялық банктің атына ашылған ағымдық шот;
  • ЛОРО шоты (сіздің шотыңыз бізде)- коммерциялық банкте банк-корреспонденттің атына ашылған ағымдық шот;
  •  
  1. Конверсиондық операциялар

Конверсиондық операциялар- сол елдің қолма-қол және қолма-қолсыз ұлттық валюталарына қолма-қол және қолма-қолсыз шетел валюталарын сатып алу және сату мәмілелері.

 

Конверсиондық операцияларға мынадай валюталық мәмілелер жатады:

 

СПОТ мәмілесі— бір валютаға қарсы екінші валютаны  сатып алу және сатуға байланысты мәміле жасалған күнненкейінгі екінші банктік жұмыс күніндегі валюталау күні жүргізілген операциялар.

ФОРВАРТ (мерзімді, аутрайт) мәмілесі— бір валютаға қарсы екінші валютаны сатып алу және сатуға байланысты мәміле жасалған күннен кейінгі екі банктік жұмыс күндігі валюталау күні жұргізілген операциялар.

СВОП мәмілесі— бір валютаға қарсы екінші валютаны сатып алу және сатуға сәйкес, яғни екі қарама-қарсы операциядан тұратын банктік мәміле.

* Аутрайтпен жасалатын мәміле— белгілі бір күнге валютамен жабдықтау шартын білдіреді.

* Опционмен жасалатын мәміле— валютамен жабдықтаудың күні белгіленбеген шартын сипаттайды.

 

  1. Халықаралық есеп айырысу бойынша операциялар

Сыртқы саудада есеп айырысудың мынадай формалары  қолданылады: құжатталған аккредитив, құжатталған инкассо, банктік аударым.

Аккредитив-сатып алушы тапсырмасы бойынша сатып алушының (аккредитив алушының) банксінің жабдықтаушының банкісіне аккредитивте көрсетілген құжаттарды жабдықтаушы бергеннен соң және аккредитивтің басқа да шарттарын орындаған жағдайда төлемді төлеуге берген шартты ақшалай міндеттемесі.

Құжатталған аккредитив— аккредитивте көрсетілген құжаттарға қарсы экспорттың (бенефициарға) пайдасына өзінің бұйырушы-клиентінің (импортердің) өтініші бойынша жасайтын аккредитив ашушы банктің (эмитент-банктің) міндеттемесін білдіреді.

Инкассо банк клиентінің тапсырмасы бойынша төлемдерден  төлемді немесе төлемге беретін келісімді алуға міндеттеме алатын банктік операцияның түрі.

Құжатталған инкассо— эмитент банктің, сенімін білдірушінің берген құжаттарын төлеушіге (импортерға) төлеу үшін ұсынуға немесе ақшасын алып беруге өзіне алған міндеттемесі

Банктік аударым— банктік аударым жасаушының жасаған тапсырмасы негізінде барлық есеп айырысудаға валюталық түсімдердің өклетті банктердің шотына есепке алынуын білдіреді.

 

  1. 6. Валюталық қаражаттарды тарту және орналастыру операциялары.

Мұндай операцияларға мыналар жатады:

1.депозиттерді тарту:

* жеке тұлғалардан;

* заңды тұлғалардан соның ішінде банкаралық депозиттер;

2.несие беру:

* жеке тұлғаларға;

* заңды тұлғаларға;

3.банкаралық нарықта несиелерді орналастыру.

 

 

Валюталық операциялардың жіктелуі

 

 

Инкассо

 

 

Банктік аударым

 

Аккредитив

 

Клиенттердің валюталық шоттарын жүргізу

 

Халықаралық есеп айырысу байланыстары

 

Шетелдік банктермен коррспонденттік қатынастар

 

Конверциондық операциялар

 

Валюталық операциялар

 

Валюталық қаражаттарды орналастыру және таратумен байланысты операциялар

 

Банктің валюталық позициясы

 

Валюталық арбитраж

 

Сауда емес валюталар

 

Своп

 

 

Форварт

 

 

Жол чектерін

сатып алу(төлеу)

 

 

 

Қолма-қол шетел валютасын сатып алу(төлеу)

             

Спот

 

 

Ақшалай аккредитивті төлеу

Пластикалық карталарды шығару және қызмет көрсету

Шетел валютасын инкассациялау

 

 

 

 

                  Валюталық жүйе типтері және оның элементтері

 

Валюталық жүйе дегеніміз- Ұлттық заңдық құжаттармен немесе мемлекет аралық келісімдермен бекітілген валюталық қатынастарды ұйымдастыру және реттеу формасы. Ал ол өз алдына ұлттық, әлемдік, халықаралық (аймақтық) валюталық жүйелерге бөлінеді.

Тарихи деректер бойынша халықаралық хұқтарды есепке ала отырып, ұлттық заңдармен бекітілген ұлттық валюталық жүйелер бірінші болған. Ұлттық валюталық жүйе елдің ақша жүйесінің құрамдас болып табылады, алайда ол салыстырмалы түрде дербес және ұлттық шектен шығады. Оның ерекшеліктері мемлекеттің экономикалық дамуы дәрежесі мен сыртқы экономикалық байланыстары арқылы анықталады. Ұлттық валюталық жүйе әлемдік валюталық жүйемен тығыз байланысқан.

Әлемдік валюталық жүйе дегеніміз- мемлекет аралық келісімдермен бекітілген халықаралық валюталық қатынастарды ұйымдастырудың формасы. Ол XIX ғасырдың орта шеңінде қалыптасқан.

Ұлттық валюталық жүйенің негізі болып- ұлттық валюта- сол елдің заңды түрде бекітілген ақша бірлігі. Халықаралық экономикалық қатынастарда қолданылатын ақшалар валютаға айналады. Халықаралық төлемдерде әдетте шетел валютасы- басқа елдердің ақша бірлігі қолданылады. Осы атпен  девиз шетел валютасындағы кез келген төлем құралы. Шетел валютасы валюта нарығында сату- сатып алу объектісі бола алады, халықаралық есеп айырысуда пайдалынады, банктік шоттарда сақталынады, алайда ол басқа елдің заңды төлем құралы бола алмайды (тек күшті инфляциялық кезеңдерді санамағанда). Күшті инфляция кезеңіндегі дағдарыстық жағдайда елдің елдің ұлттық валютасын тұрақтырақ шетел валютасын ығыстырады, қазіргі кезде АҚШ доллары, яғни бүгінгі тілмен айтқанда экономиканың долларизациясы жүреді. «Валюта» категориясы ұлттық және әлемдік шаруашылықтың байланысы мен қарым-қатынасын қамтамасыз етеді.

Әлемдік валюталық жүйе ақшаның әлемдік  ақша қызметіне негізделеді. Әлемдік ақша деп халықаралық қатынастарға (экономикалық, саяси, мәдениеттік) қызмет ететін ақшаны айтады. Осы ғасырдың әлемдік валюталық жүйесі бір немесе бірнеше валюталық жүйесіне негізделген. Олар резервтік  немесе шешуші валюталар деп аталады.

Соңғы Ямайкалық валюталық жүйенің шеңінде резервтік валюта қатарына АҚШ доллары, неміс маркасы (1999 жылы еурамен ауыстырылған) және жапон йенасы жатқызылады. Валюталардың резервтік қатарға шығарылуы сол елдің белсенді саясаты, оның ішінде валюталық және несиелік саясатта сияқты субъективті факторларға тәуелді.

Валюталық жүйенің келесі бір элементі валюталардың конвертациялық дәрежесін көрсетеді.Тәжербиеде мынадай  валюта конвертациясының түрлері ажыратылады:

  • Еркін конвертацияланатын валюталар, яғни ешбір шектеусіз кез- келген шетелдік валютаға айырбасталына алады.

 

  • Конвертацияланбайтын (бітеу) валюталы мемлекеттер, бұл елдерде резиденттер мен резидент еместерге бірдей валюта айырбастауына жол берілмейді. Валюталық жүйенің элементтіне паритет- заңды түрде бекітілген екі валютаның өзара қатынасына да жатады.

 

Валюталық курс валюталық жүйенің негізгі реттеушісі.

 

Валюталық курс- бір елдің ақша бірлігінің шетелдік ақша бірлігімен немесе халықаралық валюталық бірлікпен белгіленген бағасы.

Валюталық курстың құндық негізі валютаның сатып алу қабілеті болып табылады. Бұл экономикалық категория тауар өндірісімен және тауар өндірушілермен  дүниежүзілік нарықтағы өндірістік қатынастарды білдіреді. Құн тауар өндірісінің  экономикалық шарттарының жалпылама мазмұны болғандықтан, әртүрлі елдердің ұлттық ақша бірліктің салыстырылуы өндіріс және айырбас процесі қосылуынан тұратын құндық қатынасқа негізделген.

Валюталық курсқа әсер ететін факторлар: кез келген баға сияқты валюталық курс  та құнның негізінен валютаның сұранысы мен ұсынысына байланысты ауытқып отырады. Сұраныстың және ұсыныстың ара-қатынасы әртүрлі факторларға  тәуелді:

 

  • инфляция қарқыны

 

  • төлем балансының жағдайы

 

 

Төлем балансы- елдің дүниежүзілік байланысының құндық көрінісі.Активті төлем балансы ұлттық валюта курсының өсуіне мүмкіндік береді, өйткені ұлттық валютаға шетелдік борышкерлер жағынан сұраныс көбиеді. Пассивті  төлем балансы ұлттық валюта курсының төмендеуін туғызады. Себебі борышкерлер өздерінің сыртқы міндеттемелерін өтеу үшін ұлттық валютаны шетелдік валютаға сатады (импорт көп болады).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Валюталық жүйе және оның типтері

 

Валюталық жүйенің эвалюциясы.

 

Валюталық жүйенің даму  заңдылықтары ұдайы өндірістік критеримен анықталады, ұлттық және әлемдік шаруашылықтардың дамуының негізгі этаптарын сипаттайды. Бұл критерийдің көрінісі әлемдік валюталық жүйе принциптерінің әлемдік шаруашылық құрылымындағы өзгерістерге периодты түрде сай келмейтіндігінде және оның негізгі орталықтары арасындағы күштің таралуында байқалады. Осыған байланысты периодты түрде әлемдік валюталық жүйенің дағдарысы болып отырады. Бұл, яғни әлемдік валюталық жүйе дағдарысы- валюталық қарама- қайшылықтардың жарылысы, әлемдік валюталық механизмнің ұйымдастырылуының құрылымдық принциптерінің өзгерген өндіріс жағдайларына, әлемдік саудаға және әлемдегі күштердің ара-қатынасына сәйкес келмеуінен оның функциясының күрт бұзылуы. Бұл түсінік әлемдегі ең алғаш валюталық жүйенің- алтын монометализмінің- дағдарысқа ұшырауынан кейін қалыптасқан. Периодты дағдарыстар тарихта ұзақ-ұзақ уақытқа созылған: алтынмонеталық стандарт дағдарысы- 10 жылдай уақытқа созылған (1913-1922жж.), Генуэздік валюталық жүйенің дағдарысы-  8 жылға (1929-1936жж.), Бреттонвудстік- 10жылға (1967-1976жж.).

Әлемдік валюталық жүйенің дағдарысы кезінде оның құрылымдық принсиптерінің іс-әрекеті бұзылады, және валюталық қарама- қайшылықтар күрт туындайды. Әлемдік валюталық жүйенің дағдарысы ескі жүйенің сынуымен және оны жаңа салыстырмалы валюталық тұрақтылықты қамтамасыз ететіні мен алмастыруымен сипатталады. Жаңа әлемдік валюталық жүйені құру мынадай негізгі үш этаптан тұрады:

 

  • Алғышартардың туындауы, құрылуы, жаңа жүйе принсиптерінанықтау осымен қатар ескі жүйемен байланысы сақталады;

 

  • Құрылымдық бірегейліктің қалыптасуы, құралудың аяқталуы, жаңа жүйенің принциптерінің біртіндеп іске қосыла бастауы;

 

 

  • Аяқталған тұтастық пен элементтердің арасындағы органикалық байланысы базасында жаңа толық шеңді қызмет ететін жаңа валюталық жүйенің қалыптасуы.

 

Осының артынан жекеленген мемлекеттердің валюталық- экономикалық жағдайы жақсара басталатын, ал әлемдік валюталық жүйе экономика талаптары мен қажеттіліктеріне белгілі шектерде сәйкес келетін және алдыңғы державалар мүддесіне салыстырмалы тиімдікпен қызмет ететін кезеңдер басталады. Осылай Париждік, Генуэздік және Бреттонвудстік валюталық жүелердің алғашқы кездерінде болған.

 

 

 

Әлемдік валюталық жүйенің эволюциясы ұлттық және әлемдік экономиакның дамуы мен оның қажеттіліктерімен, әлемдегі күштердің қалыптасуымен анықталады.

 

Алтынмонеталықтан (Париждік валюталық жүйеден) алтындевиздік стандартқа (Генуэздік валюталық жүйеге) көшу.

Алғашқы әлемдік валюталық жүйе стихиялық түрде XIX ғ. өндірістік ревалюциядан  кейін алтын монометализмі базасында алтынмонеталық стандарт формасында қалыптасқан. Заңды түрде ол 1867 жылы Париждік конференцияда мемлекет аралық келісіммен бекітіліп,алтынды әлемдік ақшаның жалғыз формасы етті. Алтын ақшаның барлық  функцияларын атқарған кезеңдерде, ақша және валюталық саясаттар- ұлттық және әлемдігі- тең болатын.

 

Париждік валюталық жүйе келесі құрылымдық принциптерге негізделген болатын:

 

  1. Оның негізі болып алтанмонеталық стандарт саналған.

 

  1. Әр валютаның алтындық үлесі болатын.

 

 

 

  1. Тек алтын нүктелерінің шеңінде ауытқитын, нарықтық сұраныс пен ұсынысқа негізделген валюталардың еркін өзгермелі курс режимі қалаптасады.

 

Алтын стандарты белгілі дәрежеде өндірістің, сыртқы экономиклық байланыстардың, ақша айналымының, төлем балансының, халықаралық төлемдердің стихиялық реттеушісі ролін атқарған.Алтынмонеталық стандарт валюталық курс пен төлем балансын нарықтық реттеу механизмі істеген кезеңде, бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін салыстырмалы түрде тиімді болған. Төлем балансының тапшылығы бар елдер дефляциялық саясат жүргізулеріне, алтынды шетелге құюда ақша массасын шектеп отыруына тура келген. Алайда, Ұлыбритания төлем балансының тұрақты тапшылығына (1890-1913жж.) қарамастан капиталдаң нетто-ағымын басынан кешірмеген. Бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін тек АҚШ доллары мен  австралиялық талер ғана деваливацияға ұшыраған, ал фунт стерлинг пен француз франкінің алтындық құрамы 1815-1914 жылдары өзгеріссіз қалған.

Біртіндеп алтын стандарты (алтынмонеталық формада) өз күшін жоғалтады, себебі, өскен шаруашылық байланыстарының масштабына және реттелмелі нарықтық экономикаға сай келмеген. Бірінші дүниежүзілік соғыс әлемдік валюта  жүйесінің дағдарысы белгісімен сабақтасты. Алтынмонеталық стандарт ақша және валюта жүйесі ретінде функциясын толық тоқтатады.

 

Екінші әлемдік валюталық жүйе 1922 жылы Генуэздік халықаралық экономикалық конференцияда заңды түрде рәсімделіп, мемлекетаралық келісіммен бекітілген еді.

 

Генуэздік валюталық жүйе    келесі принциптері негізінде қызмет еткен:

 

  1. Оның негізі болып алтын мен девиз- шетел валюталары саналған.Сол кезеңде алтын –девиздікстандарт 30 мемлекетте қабылдаған еді.

 

  1. Алтын паритеттері сақталған еді.Алтын валюталардың конверсиясы ендігі жерде тек тура жолмен емес (АҚШ, Ұлыбритания, Франция), сонымен қатар, жанама түрде, шетел валюталары (Германия және 30 жуық елдер) арқылы да жүргізіле бастады.

 

 

  1. Валюта курсының еркін ауытқитын режимі қалпына келтірілген еді.

 

 

  1. Валюталық реттеу белсенді валюталық саясат түрінде,халықаралық конференцияда, сухбаттарда жүргізіле бастады.

 

 

1922-1928 жылдары біршама валюталық тұрақтылық байқалған еді, бірақ оның тұрақсыздығы мыналарда еді:

  • Алтынмонеталық стандарт орнына ақша және валюта жүйелерінде алтын монометализмінің қиындылары орын алған еді ;
  • Валюталардың тұрақтану процесі бірнеше жылға созылып, валюталық соғыстарды тұдырады;
  • Валюталық тұрақтандыру әдістері оның әлсіздігін байқата бастады. Көп елдерде девальвация жүргізілген еді, Германия, Австрия, Польша және Венгрия елдерінде ол нуллификациялық сипатта еді.
  • Валюталық тұрақтандыру шетелдік несиелер арқылы жүргізілген еді. АҚШ, Ұлыбритания, Франция біршама елдердің ауыр валюталық- экономикалық жағдайларын пайдаланып өте тиімсіз және ауыр шартты мемлекетаралық  зайымдар береді.

Әлемдік валюталық жүйе 1937 жылы тағыда экономикалық дағдарыспен шалдыққан еді. Көптеген елдерде валюталардың құнсыздану толқыны жүріп өтті. Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында бірде-бір  тұрақты валюта қалмаған еді. Фашистік елдер валюта-қаржылық механизмдерді барынша пайдаланып, соғысқа белсенді түрде дайындалып жатты, әсіресе, АҚШ пен Ұлыбритания. Елдер екінші дүниежүзілік соғысқа тұрақсыз валютамен кірді.

 

Генуэздік валюталық жүйеден бреттонвудстікке көшу.

 

Екінші дүниежүзілік соғыс кезеңінде валюталық шектеулерді соғысушы елдермен қатар қатыспайтын елдерде енгізген. Валюталардың қатаң ресми курстары соғыс жылдары өзгермеген еді, алайда тауар бағалары өсіп, инфляция салдарынан ақшаның сатып алу мүмкіндігі төмендей берген-ді. Валюталық курс экономикадағы белсенді ролін жоғалтқан болатын. Бұл құбылыс тек валюталық шектеулермен ғана емес, сонымен қатар сыртқы сауданы несиелеу мен  қаржыландыру ерекшеліктерімен сиппатталады.

Біріншіден, бірінші дүниежүзілік соғыс нәтижесінде көрінген одақаралық қарыздардың сабағын алған АҚШ енді ондай несиелерді беруді тоқтатып, оның орнына соғыс құралдарымен  жабдықтауды ленд-лизинг арқылы, яғни жалға беру  арқылы жүзеге асыруды жөн көрді.

 

Екіншіден, құралдардың импортын өтеу көзі ұзақ мерзімді болған.

 

Үшіншіден, төлем валютасы ретінде, әдетте, қарыздар елдің валютасы қолданылатын, ал ол валюталардың алтын мен шетел валютасына конверциялауға хұқы жоқ еді.

 

Төртіншіден, соғыс жағдайында, әдеттегідей, алтынның әлемдік ақша ретіндегі маңызы артады. Соғыс- стратегиялық және тапшылық тауарларын тек осы валюталық металға ғана алуға болатын еді. Сол себепті халықаралық төлемдер жартылай алтынмен жүргізілген еді. Ұлыбритания ленд-лизді ендіргенге дейін 1943 жылы АҚШ-тан келген біршама тауарларды алтынға алған еді, соның салдарынан алтынның біраз қоры АҚШ қазынашылағына көшті.

Екінші дүниежүзілік  соғыс Генуэздік жүйенің дағдарысын асқындырды. Жаңа валюталық жүйенің алғышарттары    соғыс жылдарының өзінде құралып жатқан еді, себебі елдер бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі валюталық жарылысты ұмытпаған еді. 1941 жылдан бері жұмыс атқарған англо-американдық эксперттер  басында-ақ алтын стандартқа қайту идеясын жауыптастаған еді. Олар жаңа, экономикалық өсуді қамтамасыз ете алатын және экономикалық дағдарыстардың әулеметтік-экономикалық салдарының кері әсерлерін шектейтін әлемдік валюталық жүйенің принциптерін құруға ұмтылған еді. АҚШ- тың әлемдік валюталық жүйеде доллар гегемониясын  орындау ұмтылыстары Г.Д. Уайттың (АҚШ қаржы министірлігінің валюталық зерттеулер бөлімінің басшысы) жоспарында өз орнын табады.

 

 

Қолданылған әдебиеттер.

 

  1. С.Мақыш. «Коммерциялық банк операциялары» 223-226 бет

 

  1. А. Илияс, С. Мақыш. «Банк ісі» 218-221 бет

 

  1. Қ.Р « Валюталық реттеу туралы заңы. 24.12.1996.» 54-17

 

  1. А.Д. Голубович « Халықаралық валюта саудасы» Москва 1993ж.

 

  1. Журнал «Қазақстан банктері» ғ5,2000ж.

 

  1. Д.Ю. Пискулов «Теория и практика валютного дилинга». Москва 1998ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Білім және ғылым министрлігі

Алматы экономика және статистика академиясы

«Қаржы» кафедрасы

 

 

 

 

 

 

 

 

          Реферат

 

Тақырыбы: Валюталық операция, валюталық жүйе және оның типтері.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                          Тексерген: Мырзаханова.Д.Ж

                                                                 Орындаған: Маметгулиева С. 04302топ   

 

 

 

 

 

                                               Алматы 2006