АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Реферат. Юстиниан заңдары

 

 

 

 

Мазмұны

 

 

 

І Кіріспе…………………………………………………………………………………………………………..3

 

ІІ Негізгі бөлім

 

2.1. Император Юстиниан билеген Византия империясы………………………..4

2.2. Юстинианның заңдары…………………………………………………………………………10

2.3. Юстинианның сыртқы саясаты. Батыстағы қанды шайқастар………….13

 

ІІІ Қорытынды……………………………………………………………………………………………17

У Сілтемелер……………………………………………………………………………………………….18

ІУ Пайдаланылған әдебиеттер тізімі……………………………………………………..19

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

       Зерттеудің өзектілігі: Батыс Рим империясы  V ғасырда басқыншы варвар тайпалардың тепкісінен тоз-тоз болып ыдырауға мәжбүр болғанда, Византия IV—V ғасырларда уақытша болса да халықтар қозғалысын тежей алды, құлдардың, колондардың, кедей шаруалардың көтерілістерін жаншып тастап отырды және варвар тайпаларының басқыншылықтарына тойтарыс бере білді. Мұның мәнісі Византияның экономикалық жағынан күшті,  әрі тұрақтылығында және ондағы үстем таптың саяси бірлігінің анағұрлым мықтылығында еді.

    Зерттеудің мақсаты: VI ғасырдың тарихшысы Прокопий Кесарийс-кий осынау патшаның жарқын да, бірақ қарама-қайшылыққа толы бейнесін кейінгі ұрпаққа қалдыра білген. Оның бір бойына   мейірімсіз тирандық пен айлакер саясатшылдық та, қажымас реформаторлық пен діншіл-ғалымдық қасиеттер де қатар сыйысқан. Асқан ақыл және қайрат иесі, заң ғылымын жете меңгерген Юстиниан мемлекеттік істерді жан қиярлықпен жүргізе білген. Оның тегі араласпаған ісі болмаған: ол заң-дық және әкімшілік реформалар жасаған, құрылыс пен дипломатиялық жұмыстарды қатар жургізе білген, неше түрлі соғыс жоспарларын жаса-ған  және сөйте тұра небір қиян-кескі діни айқастарға қатысып отырған.

    Зерттеудің міндеті: Атақ құмар, әрі айлакер залым, әрі мейірімсіз қатал Юстиниан, Прокопийдің айтуына қарағанда: «Жай әншейін жұмсақ үнмен ғана түк жазығы жоқ ондаған мың адамды қыруға бұйырғанда беті бүлк етпес еді». Юстиниан өз саясатында Рим империясының байырғы кұдіреттілігін қалпына келтіруді, императорлық өкімет пен үстемдік құрушы шіркеудің онсыз да шексіз билігін одан әрі нығайта түсу идеясын басшылыққа алды.

2.1. Император Юстиниан билеген Византия империясы.

       Халық бұқарасының бұларға деген сүйіспеншілігін туғызған ариандықтардың осынау бүлікшілдік рухы еді. Ариандықтар қозғалысының әлеуметтік және шірқеуге қарсылық мәнде болғандықтан, әлбетте, Никей жиналысы жақтастары тарапынан ариандықтарды қатты қуғынға ұшыратуға әкеліп отырғаны әбден заңды  еді. Бірақ бірте-бірте  ариандықтар ристократияға айнала бастады да, өзінің әлеуметтік бағытынан, әрі бүлікшілдік рухынан мүлде дерлік жұрдай болды. Ресми шіркеуге қарсы басқа да дінсіздер қозғалыстары болды. Олардың сыртқы көрінісі дінге қарсы күрес болып көрінгенімен, көбіне-көп мұның астарында халықтың әлеуметтік талап-тілегі жататын. Мысалы, V ғасырдың 30—40-жылдарында Сирия жерінде несториандықтар (дінсіздікті  насихаттаушы, яки  осы қозғалыстың бастаушысы Несторияның атымен аталған) дейтін дінсіздер ілімі пайда болды. Ариандықтар  тәрізді несториандықтар да құдайдың «үшке бөлінуі» жөніндегі догматты сыңға алды, және Христостың құдай   болып   тумағанын, нағыз  адам Ккейпінде болғанын дәлелдейтін пікірлер тудырды. Несториандықтар Христосты тек алла тағала уақытша, әрі айрықша сана берген, кәдімгі ет пен сүйектен жаралған адам ретінде ғана мойындады.   Несториандықтардың   негізгі   өзегі — діншілдер   еді және олардың жақтастары орталық үкімет пен үстемдік құрушы Шіркеуге қарсы сепаратистік көңілдегі Шығыс провинциялардағы (Сирия, Месопотамия, Египеттің бір бөлігі) көпестер қауымы болатын. Несториандықтардың осылайша оппозицияға   шығуы халық бұқарасы тарапынан  қолдау тапты. 431 жылы Эфесте (Кіші Азия) өткен дүние жүзілік діни жиналыста несториандықтар ілімі үстемдік құрушы шіркеу тарапынан айыпталды, бұлар діннен безгендер деп жарияланды және қатал қуғынға ұшыратылды. Монофизиттіктер деп аталған тағы бір дінсіздер қоғамы да қуғынға ұшырады. Бір қызығы бұлар ариандықтар мен несториандықтарға қарама-қайшы тек Христосты ғана құдай болып жаратылған   жан   деп  танитын   және   діншілдер   қауымынан ариандықтар мен несториандықтар тәрізді бұл дүниедегі барлық жан рақатынан, сән-салтанаттан бас тартуы талап ететін еді. /1/

    Монсфизиттер  ілімі   империяның   шығыс  провинцияларының— Сирияның, Палестипаның және Египет халқының қалың көпшілігін қамтыды. Бұл провинциялардағы көпестер, ірі  жер иеленушілер, жоғары діни басшылар үшің монофизиттік-несториандық тәрізді, олардың орталық өкімет пен константйнопольдік патриархатқа қарсы сепаратизм күресініңтууы болды. Халық бұқарасы болса, оларды монофизиттердің аскеттікті уағыздауы, жоғары діни басшылар арасындағы   пайдакүнемдік   пен азғындыққа қарсы күрес жариялауы еліктірген еді. 451 жылы Халкидонда өткен шіркеу жиналысында монофизиттер діннен  безгендер ретінде айыпталды. /1/

Халықтар   бұқарасының   көтерілістері   шайқалтқан және әлсіреткен Батыс Рим империясы  V ғасырда басқыншы варвар тайпалардың тепкісінен тоз-тоз болып ыдырауға мәжбүр болғанда, Византия IV—V ғасырларда уақытша болса да халықтар қозғалысын тежей алды, құлдардың, колондардың, кедей шаруалардың көтерілістерін жаншып тастап отырды және варвар тайпаларының басқыншылықтарына тойтарыс бере білді. Мұның мәнісі Византияның экономикалық жағынан күшті,  әрі тұрақтылығында және ондағы үстем таптың саяси бірлігінің анағұрлым мықтылығында еді. Император Юстиниан билеп-төстеген кезде (527—565) әлі де болса құл иеленушілікті сақтап келген Византия мемлекеті уақытша нығая түсті.

VI ғасырдың тарихшысы Прокопий Кесарийский осынау патшаның жарқын да, бірақ қарама-қайшылыққа толы бейнесін кейінгі ұрпаққа қалдыра білген. Оның бір бойына   мейірімсіз тирандық пен айлакер саясатшылдық та, қажымас реформаторлық пен діншіл-ғалымдық қасиеттер де қатар сыйысқан. Асқан ақыл және қайрат иесі, заң ғылымын жете меңгерген Юстиниан мемлекеттік істерді жан қиярлықпен жүргізе білген. Оның тегі араласпаған ісі болмаған: ол заңдық және әкімшілік реформалар жасаған, құрылыс пен дипломатиялық жұмыстарды қатар жургізе білген, неше түрлі соғыс жоспарларын жасаған  және сөйте тұра небір қиян-кескі діни айқастарға қатысып отырған. Атақ құмар, әрі айлакер залым, әрі мейірімсіз қатал Юстиниан, Прокопийдің айтуына қарағанда: «Жай әншейін жұмсақ үнмен ғана түк жазығы жоқ ондаған мың адамды қыруға бұйырғанда беті бүлк етпес еді». /2/

Юстиниан өз саясатында Рим империясының байырғы кұдіреттілігін қалпына келтіруді, императорлық өкімет пен үстемдік құрушы шіркеудің онсыз да шексіз билігін одан әрі нығайта түсу идеясын басшылыққа алды.  Пұтқа табынушылар  мен   дінсіздерді  Юстиианның аяусыз қудалауы — ел ішінде, әсіресе оның  шығыс  провинцияларында, наразылық тудырды, 529 жылы Палестинада самаритяндар бұрқ ете түсті. Көтерілісшілер парсылықтармен одақ құрды. /2/  

  Қисапсыз салықтар қанауына ұшыраған халық бұқарасының аразылығы және дінсіздерге, соның ішінде монофизиттерге арсы ұйымдастырылған қудалаушылық салдарынан 532 жылы Византиядағы халықтар қозғалысының ішіндегі ең қаһарлысы бұрқ ете түсті, бұл тарихта аты қалған әйгілі «Ника» көтерілісі еді. Бұл көтеріліс Константинопольдегі цирктік партиялар егендердің өз ара шайқасьшың шиеленісуіне де байланысты болды.    Византия тұрғындарының ең бір сүйіп көретін өнер орны ат ойнататын алаң мен цирктегі сан түрлі спорт ойындары еді. Сонымен бірге  цирк — Римдегі  тәрізді   Констан-тинопольде де әлеуметтік-саяси күрес орталығы, халықтың көп жиналатын орны болатын, халық бұқарасы осы арада түрлі ойындарды көруге келген императорлармен кездесе алатын және оларға өздерінің талап-тілектерін білдіре алатын.  Цирктік партиялар, спорттық қана емес, сонымен бірге саяси ұйымдар болатын, тек бір қызығы олар цирктегі ат жарыстарына  қатынасатын  арбакештердің үстіне  киген  киімдерінің түсіне сәйкес аталатын: айталық венеттер («көкшілдер»), праиндер  («жасылдар»),    лавкалар    («ақтар»),    және русийлер («қызылдар»). Өте-мөте венеттер («көкшілдер») мен прасиндер «жасылдар») партияларының айрықша маңызы болды. Цирктік партиялардың әлеуметтік құрамы мейлінше ала-құла болатын. Венеттер партиясының басында сенаторлық аристократия мен ірі жер иеленушілер тұрса, ал прасиндер партиясы —империяның шығыс провинцияларымен сауда жасайтын көпестердің және ірі қолөнер эргастерилер иелерінің мүддесін қорғайтын. Әйтсе де цирктік партиялар Византия қалаларындағы димдермен де байланысты еді, сондықтан   олардың  құрамына қалалардың орта және   кедей  топтарына   жататын димдердің  қатардағы қарапайым мүшелері де енетін.  Прасиндер мен венеттер өздерінің діни нанымы жөнінен де бір-бірінен өзгеше еді. Венеттер ортодоксальдық шіркеулік діни нанымы провославиені жақтайтын да, ал прасиндер діннен безген онофазиттерді қостайтын еді. Юотиниан венеттер партиясын сүйейтін және прасиндерді барынша қудалауға салатын, ал мұрын өзі олардың үкіметті өлердей жек көруіне әкеп соғып еді.  Көтеріліс 532 жылғы 11 январьда үкімет саясатына наразы опозициядағы партия  прасиндердің («жасылдардың»)Константинополь циркіндегі (ипподромындағы) қимылдарынан басталды. Бірақ көп ұзамай «жасылдарға» олардың қарсыластары венеттердің («көкшілдердің»)  бір бөлігі кеп қосылды; екі партияның да төмеягі сатыда тұрғандары салық қанауы мен чиновниктер тілемсектігіне қарсы күш біріктірді. Көтерілісшілер үкімет мекемелері мен ақсүйектердің үйлерін қирта және өртей бастады. Түс-тұстан көтерілісшілердің «Жең!» (грек тілінде «Ника») деген ұрандары естіліп жатты. Көтерілістің «Ника» аталуы да  осы себепті. Император және оның жақтастары Сарайда қоршауда қалды, үкіметке қауіп төнді. Юстиниан астанадан қашып кетуді ұйғарды. Бірақ осы тұста Юстинианның жұбайы, императрица Феодора үлкен өжеттілік пен табандылық танытты. Ол қашу деген ойдан қайтуды және дереу шабуылға шығуды талап етті. Тап осы кезде көтерілісшілер арасында алауыздықтуа бастап еді, «көкшілдер» партиясының бір топ аристократтары бұл іске халықтың қалың бұқарасы араласқанын көргеннен соң дереу райынан қайтты. Құрамында Юстинианның әскери қолбасшылары Велисарий  мен Мунд басқарған  варварлық тайпалар дружиналары бар үкімет әскерлері циркке жиналған халыққа тұтқиылдан шабуыл жасап, кескілескен ұрыс салды, осы тұста ғана 30 мыңнан астам адам қаза тапты, қан судай ақты. Көтеріліске қатынасқан сенаторлар жер аударылып, үй-мүліктері кәмпелескеленді, димдер болса өздерінің саяси маңызынан айырылды. «Ника» көтерілісінің тас-талқан   болып   күйреуі   Юстиниан саясатының реакциялық бағытқа шұғыл бет бұрыс жасауымен ерекшеленді. Алайда империядағы халықтар қозғалысы мұнымен   тыншыған   жоқ. Өте-мөте балқандық   провинциялары — Фракия мен Иллирияда, сонымең бірге осыған шектес — Реция, Паннони және Норика аймақтарында қимылдар жасаған скамарлар (оларға «қарақшылар» деген ұғымды беретін «скамарлар» деп ат қойған Рим  жазушылары  болатын) шабуылдары өжет те батыл   болған. Скамарлар   отрядтары   қашып-пысқан құлдар, колондар және кедей   шаруалардан  жасақталған еді. Олар ақсүйектердің поместьелеріне ғана емес, қалаларға да шабуыл жасайтын. Дені жалдамалы варвар тайпаларынан тұратын үкімет әскерлерінің солардың жағына шығып кетуі де жиі кездескен. /3/

 

 

 

 

 

 

 

2.2. Юстинианның заңдары

    Империяны нығайтуда Юстиниан кезінде Рим заңдарының бір тұтас бірігуінің (кодификация   жасалынуының) зор маңызы болды. Қоғамдық қарым-қатынастардағы өзгерістер, өнім өндірудің құл иелену-шілік дәуірдегі әдістерінің іріп-шіруі және VI ғасырда империяда феодалдық құрылыстың пайда бола бастауы — ежелгі праволық нормалардың қайта қаралуын қажет етті. Аса кернекті юристерден құралған комиссия қысқа мерзім ішінде (528—534 жылдар аралығында) Римнің заң ғылымдары жиынтығының (юриспруденциясының) аса бай мұрасын қайта қарау жөнінде ұшан-теңіз жұмыстар істеді және «Азаматтық праволар жинағын» жасап шығарды. Ол алғашында үш бөлімнен тұратын: 1 Юстинианның «Кодексі—Рим императорларының (Адрианнан бастап Юстинианға дейін) түрлі азаматтық істер жөнінде қабылдаған аса маңызды заңдарының 12 кітаптық жинағы. 2. «Дигестер» немесе «Пандекттер»— Римнің атақты юристердің ең бір құнды пікірлері топтастырылған 50 кітаптық жинақ.   3. «Институциялар» — бүкіл Римдік азаматтық праволар жөніндегі  осынау заңдар  жиынтығына  кіріспе  сөз тәрізді  қысқа  ғана  жетекші құрал іспесті. /4/

534 пен 565 жылдар арасында Юстинианның өзі шығарған заңдары кейін осы  «Азаматтық праволар жиынтығының» төртінші өлімі  ретінде құралды да, ол «Новеллалар» деп («Жаңа ар» деген мағынаны береді) аталды. «Новеллаларда» заңдық ойлар классикалық  Рим  праволарының  шеңберіндегідей қысымның аздау болған  сол кезеңнің қажетін ескеріп
алғаны байқалады. УI ғасыр заңдарында, сол кезеңдегі бүкіл қоғамдық өмірде-тәрізді ежелгі құл иеленушілік дүние мен жаңадан туындап келе
жатқан феодалдық құрылыс арасындағы тартыс айқын аңғарады. VI ғасырда Византияда құл иеленушілік құрылыс әлі жойылып бітпегендіктен, «Азаматтық праволар жинағына» есік правоның арқау болуы орынды еді. Юстиниан заңдарының консерватизмдігіне басты себеп те осы еді. Алайда сонымен бірге бұған коғамдық өмірдегі  түбегейлі  өзгерістер де өз әсерін тигізбей қалған жоқ. Юстиниан заңдарының әлеуметтік саяси   идеяларының   негізгі  арқауы — патшаның — «құдайдың жердегі өкілінің»— үстемдігіне шек қойылмау идеясы және мемлекет пен христиан шіркеуінің одағын сақтау, олардың артық-
шылығын қорғау, дінге еріктіліктен бас тарту және пұтқа табынушылар мен діннен безгендерді дудалау идеялары болатын.
Юстиниан заңының (әсіресе «Кодекс» пен «Новеллаларда») әлеуметтік-экономикалық қарым-қатынастар саласында жаңадан енгізген өзгерістері заң күшіне енді: латифундиялық (ірі иелері) шаруашылықтардың күйзеліске ұшырауына байланысты құлдарға пекулия беру ісіне кеңшілік туды, құлдардың басына еркіндік алуы жеңілдеді. Құлдардың заң бойынша қожасының келісімінсіз-ақ бас бостандығын алу жағдайлары көбейді. Юстиниан заңында колонат тәрізді институттардың заңға айналуының зор мәнісі болды.            /4/

ІУ-УІ ғасырларда Византиядз қолөнері   мен саудасы біршама өркендеген қалалардың  болуы, заттай,   ақшалай және сауда-саттық келісімдерінің мейлінше көп болуы жеке меншіктік оны қорғауды және қатал шектеуді талап етті. Міне, осындайда VI ғасырдың юристеріне қажетті заңдық нормаларды іздеп табуда Римдік праволар қайнар көзге айналды. Міне право, Ф. Энгельстің пікіріне қарағанда: біз білетін праволар ішіндегі,   негізін жеке   меншіктіктен   алатын праволардың  жетілген   түрі. Сондықтан   да Юстиниан   заңында  сауда және алып-сатарлық операңияларды тәртіптеу, қарыз алғаны үшін төлем проценті, аренда т. б. мәселелерді ретке келтіру мәселелеріне көрнекті орын берілуі табиғи нәрсе. Алайда жеке меншіктің-праволық қарым-қатынастар саласы-елеулі өзгерістер енгізілді. Ең алдымен  жеке меншіктің -бұрынғы құнын жоғалтқан ескі факторлары істен шығарылып, бүкіл азаматтық правоның заңды түсінігі енгізілді. Өсиет қалдырылмаған жағдайда мұрагерлік етудің жаңа тәртібі енгізілді.   Бұл ретте еркек және әйел жақтарынан ең жақын туыстардың праволары теңестірілді, әкенің семьядағы үстемдігі едәуір дәрежеде тежелді, мал-мүлікке иелік етуде балалардый правосы артты, әйелдердің жағдайы жақсартылды, енді олардың мал-мүлікке ортақтығы заң жүзінде қорғалатын болды. Юстиниан заңдарында осынау прогрестік мәні бар жаңалықтар мен құл иеленушілік қоғамға тән көптеген салт-саналараралас-құралас астасып жататын.

Жеке меншіктік правоны негіздеуі және қорғауы Юстинианның «Азаматтық праволар жиынтығының» өміршең болуынаигі әсер етті, ол бүкіл орта ғасыр бойы өз мәнін жойған жоқ және кейін, тіпті буржуазиялық қоғам кезінде де пайдаға асты. /5/

 

 

 

 

 

 

2.3. Юстинианның сыртқы саясаты. Батыстағы қанды шайқастар

Юстинианның Батыс женінде ұсынған сыртқы      саясаттағы  негізгі идеясы Рим империясын қайтадан қалпына келтіру идеясы еді. Осынау шайқастар      орасан   күрделі   ойын   жүзеге   асыру   үшін Юстинианға   күлі көкке   ұшқан Батыс   Рим империясының орнында пайда болған варвар тайпалары мемлекеттерін өзіне бағындыруы қажет болатын. Византия әскерлерінің соққысына төтеп бере алмай 534 жылы ең бірінші болып Солтүстік Африкадағы Вандалдар мемлекеті тізе бүкті. Вандал  ақсүйектерінің өз ара қырқысуы, жергілікті берберилік тайпалардың вандалдардың үстемдігіне наразы болуы, византиялықтарға вандалдықтардан қысьш көрген римдік құл иеленушілер мен ортодоксалдық діндарлардың — ариандықтардың көмектесуі,— міне, осының бәрі Юстинианның қолбасшысы Велисарийдің жеңісін қамтамасыз етті. Бірақ Византиялықтардың салтанат құруына әлі ертерек еді. Құл иеленушілік қарым-қатынастарды және римдік салық системасын қалпына келтіру—жеңілген провинциялар тұрғындарының жаңа басқыншыларға қарсы бас көтеруін тудырды. Жер үшін кескілескен күрес басталды. Византия армиясының солдаттары жаулап алған елде біржола тұрақтап қалуға ұмтылған еді, бірақ үкімет оларды жер учаскелерімен қамтамасыз етпеді. 536 жылы солдаттар көтеріліс шығарды, оларды жергілікті бер-берилік тайпалар және қашқын құлдар мен колондар жақтап шықты. Көтеріліске Византия армиясының солдаты Стотза қолбасшылық етті. Уақытша басып тасталған бұл көтеріліс 545 — 546 жылдарьі жана күшпен қайта бұрқ ете түсті, византиялық әскерлер көтерілісшілер армиясын орасан зор қиындықпен әрең жеңді. Көтеріліс көсемі Стотза қанды шайқас кезінде ерлікпен қаза тапты. Тек VI ғасырдың 40-жылдарының аяқ шенінде ғана солтүстік Африка Византия империясыңың өкіметіне бағынуға мәжбүр болды. Екінші бір ірі варвар тайпллары мемлекет Италиядағы остготтар королъдігін басып алу империя үшін орасан зор шығынға түсгі. 535 жылдың жазында азын-аулақ әскерімен Сици-
лияға тұтқиылдан тиіскен Велисарий аралды дереу басып алды
да, Оңтүстік Италияға қарай өтті, сөйтіп елдің ішіне қарайоп-
оңай кеулеп кіре  бастады. Италиядағы  жақтастарының құл
иеленуші ақсүйектер мен ортодоксалдық діндарлардың (готтар
да ариандықтарға жататын) көмегіне сүйене отырып, Велиса-
рий 536 жылы Рим империясының көне астанасы Римді жаулап
алды. /6/

Бірақ Солтүстік Африкадағы тәрізді Италияны жаулап алу да-уақытша дүние болып шықты. Юстинианның реставраторлық (қалпына келтірушілік) саясаты, басқыншылардың жүгенсіздігі және солдаттардың елді тонауы бұл кезде де халықтың жаппай қозғалысын тудырды және оны остготтік король Тотила (541—552) басқарды. Талантты қолбасшы, қас батыр Тотила бір жағынан көреген саясатшы да болып шықты. Остгот ақсүйектерінің өкілі ретінде ол құлдарға бас бостандығын беруді бүтіндей жақтамайтын. Алайда, халықтың қалың бұқарасының көмегінсіз күшті жауды жеңе алмасына көзі жеткен Тотила өз армиясына қашқын құлдар мен колондарды қабылдап, оларға бостандық жариялады. Сонымен бірге ол остготтық және итальяндық шаруалардың жерді иелену еріктілігін жақтады және Римнің ірі жер иеленушілерінің жерін кәмпескеледі. Оның осындай саясаты Юстиниан үкіметінің реставраторлық саясатынан жапа шеккен Италия жұртшылығының барлық топтары тарапынан қолдау тапты. Тотила византиялық әскерлерді күл талқанын шығарып жеңді және 546 жылы Римді қайтарып алды. Көп ұзамай ол византиялықтардан Италия жерінің басым көпшілігін босатты және Сицилияны, Сардинияны және Корсиканы басып алды. Тотиланың жеңістері, оған қарсы орасан үлкен армия дайындап жатқан Юстинианды ғана емес, Тотиланың остгот ақсүйектері арасындағы бақ таластарын да қауіптендіре бастады. Көп-теген ақсүйек остготтықтар Тотиланы халық бұқарасына тым көп жеңілдіктер жасады деп санап одан аулақтана бастады. Оның үстіне өзінің әлеуметтік-экономикалық саясатын жүргізу ісінде Тотиланың өзі де тиянақтылық танытпады, көбіне-көп орта жолда тоқырап қалатынды шығарды, остготтық және римдік, итальяндық ақсүйектердің жетегінде кетті, сөйтіп халықтың қалың бұқарасын өзінен бездіріп алды. Елдегі таптық күштердің осылайша қайта қалыптасуы Тотиланың жеңілісіне және Италиядағы остгот корольдігінің тып-типыл болып күйреуіне әкёліп соқтырды. 552 жылы Италияға Велисарийдің орнын басқан әтек Нарсес бастаған орасан үлкен армия келді. Нарсес әрі шөбер қолбасшы, әрі айлакер саясатшы болатын. Сол жылдың  июнь аиында, Тагина дейтін жерде Тотила мен Нарсес әскерлері  арасында қанды шайқас болды. Тотила армиясьщың асқан ерлігіне және қолбасшының жеке батырлығына қарамастан, остготтықтар толық жеңілді және Тотиланың өзі өлтірілді. Бірақ Тотила өлгеннен кейін де, остготтықтар жауға табан тірескен қарсылық жасады және тек 555 жылы ғана византиялықтар Италияны түгел жаулап ала алды. /7/

Солтүстік Африкадағы секілді Юстиниан Италияда да құл
иеленушілік қарым-қатынасты сақтауға және мемлекет басқа-
рудың Римдік жүйесін қалпына келтіруге тырысты. 554 жылы
Юстиниан жаңадан басып алынған провинцияларды қайта құру
жөніндегі қаулыларының жиынтығын — «Прагматикалық санкцияны» бастырып шығарды. «Прагматикалық санкция»—«Жаңа тәртіп» орнатуды белгіледі және Рим аристократтары өлердей жек көретін Тотила реформалары атаулыны түгел жоюды көздеді. Римнің құл иеленуші ақсүйектерінен бұрын кәмпескеленіп алынған жерлер енді қайтарылып берілді. Тотила тұсында бас бостандығын алған колондар мен құлдар да енді иелеріне қайтып баратын болды.

Италияны жаулап алумен бірге Юстиниан Вестгот корольдігіндегі алауыздықты пайдаланып, Испаниядағы вестготтықтарға да қарсы соғыс жариялады; Испанияға — Византия флоты мен жер қайыстырған үлкен армия жіберді және олар Пиреней түбегінің оңтүстік-шығыс бетіндегі бірнеше тірек пункттерін басып алды. /7/

Сөйтіп, Юстинианның Батыстан басып алған байлығы ұшан-теңіз еді де, оның Рим империясын қайта қалпына келтіру жөніндегі арманының жүзеге асуы, бір қарағанда, жақындап та қалған секілді болатын. Византия мемлекетіне Далмация, Италия, Солтүстік Африка, Испанияның оңтүстік-шығысы, Сицилия, Сардиния, Корсика және Балеар аралдары қайтадан қосылғанды. Алайда, византиялықтар үстемдігі жеңілген жұрт тарапынан наразылық тудырды да, Юстинианның билеп-төстеушілігі аса берік бола алмады. Оның үстіне Батыстағы басқыншылық саясат көп күш-жігерді кажет етті де, Юстинианның империяның шығыс және солтүстік шекараларындағы сыртқы саясатын сәтсіздікке ұшыратты. /8/

 

 

Қорытынды

   Қорыта айтқнада VI ғасырда империяда феодалдық құрылыстың пайда бола бастауы — ежелгі праволық нормалардың қайта қаралуын қажет етті. Аса кернекті юристерден құралған комиссия қысқа мерзім ішінде (528—534 жылдар аралығында) Римнің заң ғылымдары жиынтығының (юриспруденциясының) аса бай мұрасын қайта қарау жөнінде ұшан-теңіз жұмыстар істеді және «Азаматтық праволар жинағын» жасап шығарды. Ол алғашында үш бөлімнен тұратын: 1 Юстинианның «Кодексі—Рим императорларының (Адрианнан бастап Юстинианға дейін) түрлі азаматтық істер жөнінде қабылдаған аса маңызды заңдарының 12 кітаптық жинағы. 2. «Дигестер» немесе «Пандекттер»— Римнің атақты юристердің ең бір құнды пікірлері топтастырылған 50 кітаптық жинақ.   3. «Институциялар» — бүкіл Римдік азаматтық праволар жөніндегі  осынау заңдар  жиынтығына  кіріспе  сөз тәрізді  қысқа  ғана  жетекші құрал іспесті. 534 пен 565 жылдар арасында Юстинианның өзі шығарған заңдары кейін осы  «Азаматтық праволар жиынтығының» төртінші өлімі  ретінде құралды да, ол «Новеллалар» деп («Жаңа ар» деген мағынаны береді) аталды. «Новеллаларда» заңдық ойлар классикалық  Рим  праволарының  шеңберіндегідей қысымның аздау болған  сол кезеңнің қажетін ескеріп алғаны байқалады. УI ғасыр заңдарында, сол кезеңдегі бүкіл қоғамдық өмірде-тәрізді ежелгі құл иеленушілік дүние мен жаңадан туындап келе жатқан феодалдық құрылыс арасындағы тартыс айқын аңғарады. VI ғасырда Византияда құл иеленушілік құрылыс әлі жойылып бітпегендіктен, «Азаматтық праволар жинағына» есік правоның арқау болуы орынды еді. Юстиниан заңдарының консерватизмдігіне басты себеп те осы еді.

Сілтемелер

  1. Г.Н.Көкебаева. Ж.Н. Салпынов «Қазіргі заман тарихы» Алматы 2004 жыл. 55-59 беттер
  2. Ізтлеуов Қ. «Жаңа заман тарихы» Алматы 1995 жыл. 19-32 беттер
  3. «Қазіргі заман тарихы» Алматы 1992 жыл. 56-63 беттер
  4. «Қазіргі заман тарихы» Алматы 2003 жыл. 45-52 беттер
  5. «Жаңа тарих 1871 -1917 жж» Алматы – 1991 жыл. 69-75 беттер
  6. «Орта ғасырлар тарихы» Алматы 1979 жыл. 86-96 беттер
  7. М.А. Барг «Проблемы социаольной историй» Москва 1987 год.

     132-141 беттер

  1. Мұхтарова А.Қ. «Шетелдердің мемлекет және құқық тарихы» Алматы 2005 жыл. 363-375 беттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

  1. Г.Н.Көкебаева. Ж.Н. Салпынов «Қазіргі заман тарихы» Алматы 2004 жыл.
  2. Ізтлеуов Қ. «Жаңа заман тарихы» Алматы 1995 жыл.
  3. «Қазіргі заман тарихы» Алматы 1992 жыл.
  4. «Қазіргі заман тарихы» Алматы 2003 жыл.
  5. «Жаңа тарих 1871 -1917 жж» Алматы – 1991 жыл.
  6. «Орта ғасырлар тарихы» Алматы 1979 жыл.
  7. М.А. Барг «Проблемы социаольной историй» Москва 1987 год.
  8. Мұхтарова А.Қ. «Шетелдердің мемлекет және құқық тарихы» Алматы 2005 жыл.