АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Реферат. Зейін туралы жалпы ұғым

 

 

Жоспар

 

І Кіріспе

 

  1. Зейін туралы жалпы ұғым

 

ІІ Негізгі бөлім.

  1. Зейіннің физиологиялық негіздері.
  2. Зейіннің түрлері.
  3. Сыртқы және ішкі зейіндер.

 

ІІІ Қорытынды

  1. Зейіннің дамуы. Кейбір педагогикалық қорытындылар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Зейін туралы жалпы ұғым

         3ейін деп — адам санасының белгілі бір затқа бағыттала тұрақталуын көрсететін құбылысты айтады. Дәлірек айтқанда, зейін дегеніміз айналадағы объектілердің ішінен керектісін бөліп алып, соған психикалық әрекетімізді тұрақтата алу. Мысал келтірейік. Оқушы математикалық есептер шығарып отыр. Ол бұған соншама үңілген, мұнысы психикалық кейпінен жақсы көрінеді (бала көзін қадайды, шұқшия үңіледі, демін ішіне тартады т.б.). Оқушы есептің шығару жоспарын ойлайды, оның бірінен кейін екіншісін шығарады. Есеп шығарып болып, азғантай үзілістен кейін тарихты, одан соң географияны оқуға көшеді. Сабағын оқып болғаннан кейін, түрлі нәрселермен айналысады. Осы көріністердіц бәрінде де бала әрекеттің әрбір түріне өз зейінін ұйымдастырып, басқа объектілерден ойын бөліп отырады. Осындағы түрлі кезеңдерде бала психикасының белгілі бір объектіге бағыт алып және сонда азды-көпті тұрақ-ап отырғанын көруге болады.

         Адамға тән әрекеттің кез келген түрінде зейін орын алмаса, оның нәтижелі болуы қиын. Орыс педагогикасының атасы К. Д. Ушинский (1824—1870) зейіннің маңызын былайша көрсеткен еді: «Зейін адам санасынан қорытылып өтетін барлық ойды аңғартатын, адам жанының жалғыз ғана есігі болып табылады, демек, бұл есікке ілімнің бірде-бір сөзі соқпай өте алмайды, егер де ол соқпай өтсе, онда баланың санасында ештеңе де қалмайды».

         Зейінді психикалық процестердің тобына жатқызу дұрыс болмас еді. Өйткені, адам өз өмірінің әрбір моменттерінде бір нәрсені қабылданды, не есіне түсіреді, бірер нәрсені қиялдайды, бір нәрсе жөнінде ойлайды. Ал зейін болса, өз алдына бұлардай дербес кездеспейтін, қайта солармен бірлесіп келетін психикалык, әрекеттің айрықша бір жағы, сананың ерекше сипаты болып табылады. Психикалық құбылыстар зейінге түрліше әсер етеді. Сезім зейінді күшейте түсуге не оны бөліп жіберуге себепші болады. Мәселен, бір объект жағымды сезім туғызып зейінді күшейтеді де, ал көрші кластан естілген ән-күй сабақ тыңдап отырған баланың зейінін төмендетеді. Ерік, ой, қиял процестері де зейінге түрліше әсер етіп отырады.

         Зейіннің физиологиялық негіздерін И.П.Павлов ашқан нерв процестерінің өз ара индукция заңына байланысты түсінуге болады.

         И.П.Павлов, егер ми қабығының бір алабында қозу процесі пайда болса, осымен байланысты қалған алаптарында тежелу процестері пайда болатындығын айтқан. Мәселен, адам бар ойымен іске қызу берілсе, басқа нәрселер туралы жөнді ойлап алмайды. Осы кезде мидың бір алабында күшті қозу процесі болып жатады да, айналасындағы алаптарда тежелу болады (теріс индукция заңы).

         Зейіннің физиологиялық негіздерін совет физиологы, академик А.А.Ухтомскийдің (1875—1942) доминанта теориясы бойынша да жақсы түсінуге болады. Сыртқы дүниенің көптеген тітіркендіргіштерінің ішінде біреуі миға көбірек әсер етеді де, мидың бір алабын қаттырақ, күштірек қоздырады, осындай алапты доминанта деп атаған. Мидың осы күшті қозғыш алабы қалған алаптардағы әлсіз қозу процестерін өзіне тартып алып отырады. Осыдан мидың күшті қозған алабы онан бетер күшейеді.       Мәселен, қызық кітапқа беріле оқығанда адамға кейбір бөгде тітіркендіргіштердің бөгет жасамайтыны, қайта олардың біздің ойымыздың күшеюіне жәрдемдесетіні байқалады. Сондықтан адам бар зейінін қойып кітап оқыған кезде қасындағы бөгде тітіркендіргіштерден (мысалы, сағат маятнигінің соғуы секілді) қашпауы керек. Бұл біздің басқа нәрсеге көңіл аудармай үңіліп отырған әрекетімізге мейлінше беріле түсуге

жәрдемдеседі.

         Өйткені, жоғарыда айтылғандай мидағы басыңқы қозу әлсіз тітіркендіргіштерден болған қозуларды өзіне тартып алып, солардың есебінен күшейіп отырады. А.А.Ухтомскийдің доминанта теориясының мәнін И.П. Павловтың «Қозудың оптимальдық алабы» дейтін теориясы онан сайын толықтыра түседі.

         И.П. Павловтың оптимальдық қозу алабы теориясы ырықты зейіннің табиғатын физиологиялық тұрғыдан өте жақсы түсіндіреді. Қозу процесі ешқашан да ми қабығына біркелкі тегіс тарамайды, өйткені онда әр уақытта қозу пайда болатындай жағымды «оптимальдық жағдай» жасалып отырады. Оптимальдық қозуы бар осы алап — ми қабығының творчестволық бөлімі, ырықты зейіннің физиологиялық негізі. Бұл жөнінде И.П.Павлов былай дейді: «Бас сүйегінің сыртынан біз іштегі миды байқай алатын болсақ, онда ми сыңарларының оптимальдық қозу пайда болатын жері жарқылдап көрінсе, біз ойлап отырған саналы адамның ми сыңарларында формасы және шамасы өне бойы өзгеретін тамаша тұрлаусыз жарқылдаған сәуле дағын көрер едік, бұлар ми сыңарларының барлық жерлерін алып жатқан азды-көпті қара көлеңкенің ішінде үздіксіз қозғалып жсүрген болар еді». Ұлы физиолог оптимальдық қозу үнемі қозғалыста болатындығын айта келіп, оның мида ауысып отыруының өзі зейін бағытының да өзгеріп отыруы деп түсіндірді. Мидағы тежелулердіц бірінен екінші сапқа түсуі, біреулерінің күшейіп, алдыңғы сапқа шығуы осы оптимальдық қозу алабының жұмысы болады. Оптимальдық қозуы бар алап (өзара индукция заңы) мидың басқа бөліктеріндегі тежелуді күшейтеді. Мұндай жағдайда адам зейіні бір жерге күшті шоғырланады да, ол қалған объектілерді байқамайтын болады. Оптимальдық қозу алабын екінші сигнал жүйесінен шыққан сигналдар қуаттап отыратындығын, сөздік сигналдар ми қабығындағы осындай алаптардың бір-біріне ауысуын тездетіп отыратындығын, сайып келгенде, психикалық әрекеттің талғамалы сипатта болатынын жақсы көрсетеді.

         Бір нәрсеге зейін аудару адамның сыртқы кейпінен де (дененің, бастың, көздің түрлі қозғалыстары, бет бұру, үңілу, құлақ тігу т. б.) жақсы көрінеді. Бірақ бір қарағанда зейін анық байқала да қоймайды. Өйткені, осы айтылғанға біршама ұқсас сыртқы көріністерді өмірде жиі кездестіруге болады. Сондықтан да кейбір мұғалімдер кластағы оқушылардың кескініне қарай бір дегеннен баланың сабақка каншалықты зейінді, не зейінсіз отырғанын ажырата алмайды. Бұл, әсіресе, тәжірибесі аз жас мұғалімдерде жиі кездеседі. Түрлі тәсілдер арқылы оқушы зейінінің қасиеттерін тәрбиелей отыру — мектептегі барша мұғалімнің ат салысатын негізгі педагогикалық істерінің бірі. Іске шын мәнісінде зейін қойып кіріскенде ғана әрекетті нәтижелі етіп орындауға болатындығы мұғалім үшін аксиомалық қағида болуы қажет.

Зейіннің түрлері

         Адамның зейінді ұйымдастырудағы белсенділігіне қарай зейін — ырықсыз, ырықты және үйреншікті болып үш түрге бөлінеді.

         Ырықсыз зейін.  Психологиялық әдебиеттерде ырықсыз зейінді атауға бірнеше синоним қолданылады.  Кейбір   зерттеулерде оны пассивті деп атаса, екіншісінде, эмоциялық дейді. Бұл екі атау да ырықсыз зейіннің ерекшелігін көрсетуге көмектеседі. Пассивті зейін жайы сөз болғанда, объектіге зейін аудару, зейінді ерік күшінің қажет емес екендігі   айтылады.   Ал ырықсыз зейінді  эмоциялық деп атағанда  зейіннің объектісі мен сол объектілерден туатын эмоция, мүдде, қажеттілік арасындағы байланыс атап көрсетіледі. Бұл жағдайда да зейінді шоғырландыруға бағытталған ерік жоқ. 

         Сонымен ырықсыз зейін дегеніміз-сананы объектіге, сол объектінің тітіргендіргіш ретіндегі ерекшелігі  шамасында  шоғырландыру. Тітіркенгіштің өзін зейін объектісіне айналдырып жіберетін кейбір қасиеттерін қарастырайық.

         Басқалардан күші басым тітіркендіргіш өзіне еріксіз зейін аударады. «Чапаев» фильміндегі мына бір көрініс әркімнің-ақ есінде болар. Чанаевшылар ақтарды хутордан қуып шыққані, жауынгерлер демалуда, айнала у-ду, ән кернеп тұр. Дәлізге Чапаевтің ординареці Петька шығады. Петьканың жауынгерлерден тынышталуды өтінгісі келеді. Айқайы көп шуылға көміліп, оған ешкім назар аудармайды. Ординарец бұл жайтты түсінді, револверін шығарды да аспанға атты. Бір сәтке бәрі тына қалды, осы тыныштықта Петька: «Тынышталыңдар азаматтар, Чапай ойланып отыр» деп үн тастайды. Атылған оқ үні басқа тітіркендіргіштерден басым болып шықты да ырықсыз зейін тудырды. Мұғалім сабақ үстінде дауыс және сөз екпінін өзгерте отырып, оушыларда ырықсыз зейін тудыра алады. Бір үнді мәнерсіз сөздің сырттай әсері болмайды, назар аудара алмады. Ал айшықты, әсерлі сөз зейінді өзіне еріксіз аударады.

         Кез келген тітіркендіргіш әсерлілігін арттыра отырып, зейін тартады.

Тітіркендіргіштің жаңалығы да ырықсыз зейін тудырады. Көшеге шыққан жаңа маркалы машина, қабырға газетінің жаңа нөмірі қашанда назар аударады. Зейіннің бұл қасиеттерін сабақта көрнекі құралдарды пайдаланғанда ескеру керек. Егер мұғалім оған түсіндіру кезінде қажетті көрнекі құралдарды бірден іліп қойса, онда ол оқушылар зейінін жауап беріп тұрған оқушыдан, жалпы кластық жұмыстан басқа жаққа аударып жібереді, ал түсіндіру сәтінде құрал жаңалығынан айрылады, сондықтан зейін тартарлық қосымша фактордан ажырайды. Міне, осы себептен де, мектепте жылдар бойы ауыстырылмайтын сурет галереясы болғаннан гөрі (ол бірте-бірте назар аудармайтын болады) ауық-ауық ауыстырып тұратын тақырыптық сурет көрмелерін өткізген жөн.

         Әсер етуші тітіркендіргіштің басталуы мен аяқталуы ырықсыз зейін тудырады. Осыны ескеріп оқушыларға ескертпе жасай бергенше, кейде сабақты түсіндіруді тоқтатып, олардың зейінін аудару үшін шағын үзіліс жасау пайдалырақ. Ескертпе жасау зейінді тәртіп бұзған оқушыға бұрып жібереді және оқушыларды сабағынан алаңдатады. Кейде класта толық тыныштық орнауын күтпей-ақ әңгімелеуге кірісіп кеткен дұрыс. Әңгіме, сабаққа мойын ұсынбай отырған оқушылардың назарынп аударады.

         Тітіркендіргіштердің жоғарыда айтылған ерекшеліктері оны  аз уақытта зейін объектісіне айналдырады. Ырықсыз зейіннің бір нәрсеге ұзақ уақыт тоқталуы, сол нәрсеге қажеттілікке, оның эмоциялық мәніне және мүддеге байланысты, Тамаққа деген қажеттілік оны ешуақытта тамақ талғағыш болып көрмеген адам үшін зейін объектісі етеді. Тағам елесі және ол жанындағы әңгіме аш адамның кашанда ойында тұрады. Қажеттілікті өтеген зат ырықсыз зейін аударудан қалады.

         Таным процесіне эяоциялық жарқын реңк беретін заттар (қанық әр түрлі түстер, әуезді үн, хош иіс) зейіннің ырықсыз шоғырлануын туғызады, Ырықсыз зейіннің пайда болуы үшін интеллектуалды, эстетикалық және моральдық фактордың мәні бұдан да зор. Таңдандыратын, сүйсіндіретін, шаттандыратын объект назарды ұзақ ұстайды. Көркемөнер шығармалары сезімге күшті әсер етіп, ырықсыз зейін аудартады, сөйтіп пайда болған таным ынтасымен бірге ой қызметін құбылысты санаға терең сіңіруге бағыттайды.

         Ынта әдетте сезімдермен байланысты және заттарға деген ұзақ ырықсыз зейіннің аса маңызды, себептерінің бірі болып көрініс береді. Таным процесінде адамды қызықтыратын — мүлде белгісіз нәрсе емес және бар жайы түгел белгілі нәрсе де емсс. Таным ынтасын тудыратын — белгілі нәрсе бойындағы жаңалық. Оқушылардың ынтасын көтеру, сол арқылы олардың ырықсыз зейінін арттыру үшін сабақтың мақсатын айта келіп, оқушылардың нендей жаңалықпен танысатынын атап айту, ал қорытындысында олардың не үйренгенін атап өту пайдалы. Оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттыруға бағытталған методикалық тәсілдер әр түрлі. Мысалы, шет тілді игеруін орнықтыру үшін әр түрлі қызық ойындар ұйымдастыруға, көрнекі құралдар (әр сөзге сәйкес суреттер көрсету) қолдануға, шетел тілінде тақпақ оқытып, ән салғызуға болады.

         ЬІрықсыз зейінге ынтаның көмегі тиетін сабақты құрудығ жалпы психология принциптері мына төмендегілер болып табылады: материалдық мазмұндылығы, тартымды әңгімелеу, жұмыс түрлері мен әдістерінің сан алуандығы, мұғалімнің іске берілгендігі, сабақтың жандылығы   мен   эмоциялық   қанықтылығы.

         Ырықты зейін. Ырықты зейінді белсенді немесе ерікті деп те атайды. Терминдердің бәрі зейінді объектіге шоғырландыруда инициативаның субъект жағында екенін баса көрсетеді.

         Ырықты зейін дегеніміз — әрекет әсерінен туған объектіге саналы түрде көңіл аудару.

         Зейіннің бұл түрінде эмоциялық жағынан жағымды нәрпмо ғана емес, кабіне атқарылуы қажет нәрсеге көңіл аударылады. Сондықтан ырықты зейіннің психологиялық мазмұны әрекетім, мақсатын белгілеуге және ерік күшіне байланысты.

         Адам еңбек әрекетіне енгенде өзінің жұмысқа деген қатынасының қандай екеніне қарамай, алдына жүзеге асырылуы тиісті мақсат қояды. Шофер машина жүргізіп келе жатқанда, бухгалтер көп цифрларды есептегенде, ғалым зерттеу жұмысын ойластырғанда, егер жақсы нәтижеге жеткісі келсе, ешқайсысының да зейінсіздікке салынуына болмайды.

         Объектіге ықтиярлы көңіл аудару ерік күшін қажет етеді, ол зейінге сүйеніш болады. Ерікті жұмылдыру алға қойған мақсатты шешуге қажетті ышқыныс ретінде көңіл күйін әбігерлендіреді, ол объектіден зейінді тайдырмауға, алаң болмауға, әрекет үстінде қателеспеуге көмектеседі.

         Мектепте оқу ырықты зейінді калыптастыруы керек. Бұл үшін бастауыш кластарда оқушылардың әліне сай, тартымды оқу ұйымдастырылады, алға тез жүзеге асатын мақсат қойылады. Табыс рақатын бастан кешіру баланың әрекеттің келесі міндетіне жұмылу ынтасын нығайтады. Оқушының тым жас болуына қарай сабақ үстіндегі әрекет түрі тез ауысып отыруы керек. Әрекеттің жаңа түрі тынығу ғана емес, өзі арқылы ықтиярлы көңіл аударуға көмектесетін ырықты зейінді ояту факторы.

         Ырықты зейін жеке бастың қасиеті болғандықтан, сол кісіге тәуелсіз қалыптаса алмайды. Сондықтан педагог зейінді ұйымдастыру барысында зейіннің ықтиярлы шоғырлануын жеңілдететін шарттарды ескеруі тиіс.

         Егер танымға практикалық әрекет қосылса, онда ақыл-ой қызметінде зейінді шоғырландыру жеңілденеді. Мысалы, ғылыми кітапты оқығанда конспектілей отырса, зейінді кітап мазмұнында ұстау оңайланады. Сондықтан жоғары класс оқушыларының лекциялар мен сабақтарда тыңдағанын қысқаша жазып отырғаны дұрыс. Картадан шекараны көрсеткенде сызық бойы» мен көрсеткішті жүргізу, кітап оқығанда кейбір қағидалардың шын сызып қою сияқты қарапайым әрекеттің өзі зейін объектісін тұрақты ерекшелендіруге жәрдем етеді.

         Ұйымдастырылған практикалық әрекет болмаған кезде зейінді ықтиярлы шоғырландырудың қиындайтындығы айқын байқалады, бұған ауызша санау немесе әңгімені ұзақ селқос тыңдау процесі мысал.

         Зейінді ырықты ұстауға көмектесетін жағдайға жұмыс орны жағдайының ерекшелігі де жатады. Жұмыс істейтін жерде кісіні алаң ететін бөтен тітіркендіргіштер болмауы керек. Мысалы, сабақ үстіндегі артық сөз белсенді жұмыс істеп отырған оқушылардың көңілін бөледі.

         Зейінді дұрыс ұйымдастыруға жәрдемдесетін маңызды шарттың бірі — адамның психикалық күйі. Шаршап-шалдығып отырған адамның бір нәрсеге зейін қоюы қиын. Көптеген байқаулар мен зерттеулер жұмыс күні аяғында жұмыста қате көбейетінін, шаршағандық әсерінен зейінді бір жерге шоғырландыру қиылдайтындығын дәлелдеуде. Бөтен себептерден (бөтен ойлар, аурулы күй т.б.) туған эмоциялық қозулар ырықты зейінді әлсіретеді.

         Ырықты зейінге сөз арқылы өзіне-өзін алға қойған әрекет мақсаты ерекше зейінде болатын жайттар жайлы ескертіп отырудың себебі тиеді. Әр түрлі ыңғайлы және ыңғайсыз жағдайда жұмыс істей білу әдеттері де ырықты зейіннің пайда болуына және оны сүйемелдеуге көмектеседі.

         Мұғалім оқудың еңбек екенін және білім беру процесін тек ырықсыз зейінге құруға болмайтынын ескеруі керек. Балалардың өз зейінін ұйымдастыра білуі оқу үстінде дамуы тиіс.

         Күрделі есептер шығару, орфографиялық ережелерді сақтай отырып жазу, жаңа терминдер, тақпақ жаттау, шетел сөздерін есте тұту, міне осымдай және басқа тапсырмалардын бәрі ырықты зейінсіз іске аспайды. «Оқуды балалар үшін қызықты етіп өткізу қажет, сонымеи қатар жаттығудан бала бойында аз болса да дамып нығаятын енжар зейінді оятып және белсенді зейінді жаттыктыра отырып, арылы-берілі тым ауытқымай, балалардан олар үшін тартымсыз тапсырмаларды да дәл орындауды талап ету керек» деп жазды К.Д. Ушинский.

         Үйреншікті зейін. Зейіннің үшінші түрі — үйреншікті зейін. Зейіннің бұл түрі ырықты зейіннен кейін пайда болады.

         Ацрықша сипаттарына қарай зейінді екі түрге  бөлуге болады. Олар: еріксіз және ерікті (немесе ырықты) зейін. Еріксіз зейін — адам әдейілеп алдына мақсат қойып, жігерін жұмсамаса да, дүниедегі заттардың әсері арқылы өздігінен пайда болған зейін. Мысалы, лекцияда отырғанда бір адам жүгіріп келіп, есікті ашып қалса, біз барлығымыз да оған жалт қараймыз немесе даладан біреудің қатты даусы шықса, барлығымыз соған еріксіз жалт қараймыз. Еріксіз зейін көбінесе адамның қызығуымен  байланысты,   оның  рухани мақсаттарымен байланысты. Егер театрда көрген ойынымыз, я болмаса естіп отырған лекциямыз өте қызық болса, біз әдейілеп  күш  жұмсамай-ақ,  оларды  көріп, тамашалаймыз.

         Ал  ерікті  зейін  адамның ерік-жігеріи  жұмсап, алдыңғы саналы түрде мақсат қоюды керек етеді. Адамда ерікті зейін пайда болу үшін ол әдейілеп зейінін басқа заттарға, болмыстарға, құбылыстарға бөліп отыруы    керек.

         Оқу-тәрбие процесінде ерікті зейін өте үлкен орын алады. Адамда ерікті зейін болмаса, жақсылап еңбек өнімін де арттыра алмай, оқуды да жақсылап ұға  алмайды.

         Бұл  зейіннің осы екі түрі біріне-бір ауысып, көшіп отыруы мүмкін. Ерікті зейін еріксізге, еріксіз зейін ерікті зейінге ауысады.

         Зейіннің физиологиялық негіздері жөнінде бірнеше теориялар бар: ол теориялар түрлі-түрлі болғанмен негізінде бір-біріне өте ұқсас. Мысалы, Англия физиологы Шеррингтонның теориясы бойынша, адамға әсер етуші    көп қоздырғыштардың арасында күрес болады. Егер бір-біріне ұқсас қоздырғыштар болса, олар  бір-бірін толықтырып, я болмаса бір-біріне жол беріп отырады.  Егер  әсер ететін  қоздырғыштар қарама-қарсы болса, олардың арасында күрес пайда болып әлсіздері жеңіліп,  күштілері  жеңеді.  Күшті қоздырғыштарға сезгіш жолдар арқылы қимыл таратушы психологияларға барған соң, оларға тиісті жауап қайтарылады. Міне, осы қайтарылатын жауаптар — зейін.

         Шеррингтонның теориясы бойынша, зейінді белсенді, ерікті әрекет деп түсінуге болмайды. Өйткені ол зейінді әсер етуші күшті қоздырғыштарға ғана қайтарылатын жауап ретінде түсіндіреді. Академик И.П.Павлов зейіннің физиологиялық негіздерін мида пайда болатын индукция заңдарымен байланыстырады. Бұл заң бойынша мидың бір саласында пайда болған қозу мидың басқа салаларының әрекетіне бөгет жасауы, я болмаса пайда болған тежеулер мидың басқа салаларын қоздыруы мүмкін. Мысалы, егер мидың бір саласында күшті қозу пайда  болса, ол мидың басқа салаларына әрекет етіп, оларға бөгет жасап, қозуды тудырмайды, я болмаса қозу мидың бірнеше салаларында бірдей пайда болса, қозулардың ең күштісі басқаларын меңгеріп отыруы мүмкін.  Павловтың пікірінше, зейін кезінде мида өктем қозу пайда болу мүмкін.

         Бұл теория бойынша, мида бірнеше қоздырғыштар пайда болып, бұл қоздырғыштардың қайсысы күшті болса, әлсіз   қоздырғыштарды өзіне    тартып, оларға  үстемдік жасап, өзі ғана әрекет етіп отырады. Ми сол күштің қозу әсерінде болады. Мұндай құбылысты субдоминант деп атайды.

         Сыртқы және ішкі зейіндер. Зейін объектілерінің сыртқы дүниеде немесе олардың жеке адамның   түйсігі, ойы,  көңіл күйі болуына қарай оны сыртқа бағытталған немесе парцептивті зейін және ішкі зейін деп бөледі. Перцептивті және ішкі зейінді айыра білу зейінді меңгеру үшін маңызды және жеке адамның кейбір ерекшеліктерін түсінуге көмектеседі. Сыртқа бағытталған зейін адамның дене әрекетін реттейді. Дүниені  зерттей қарау перцептивті зейіннің дамуынсыз қалыптаспайды.

         Ішкі зейін кісінің өз іс-әрекетін, ішкі дүниесін, өзін-өзі білуін санаға сіңірумен байланысты. Бұл өзінің психикалық сана елегінен өткізбейтін жануарлар дүниесінде, бәлкім, болмас та. Сыртқы және ішкі зейін бірін бірі тежейді, бір мезгілде сыртқы әрі ішкі құбылыстарға назар аудару өте қиыи. Мысалы, адам ойға шомғанда көзін жұмады, немесе еш нәрсеге зер салып қарамай көз алдындағылар бұлдырап көрінеді. Ішкі зейіннің объектілері, сезім, еске түсіру ой болып табылады. Ішкі зейінді сыртқы қимылдар (еріннің жыбырлауы, жеке сөздерді айтып қалу, дене қимылы, байқамай сурет салу т.б.) қосарлана қостайды. Ішкі зейінсіз болашақ әрекетті және оның нәтижесін модельдеу мүмкін емес, ол сана мен өзінді-өзін түсінудің қажетті шарты. Ойлай білу, ойлай әрекет ету ішкі зейіннің жетілуімен байланысты.

         Ішкі зейін қалыптаспай кісінің адамгершілік, ақыл, эстетикалық дамуы мүмкін емес. Жеке адамның қалыптасуы өсуі үшін, өткен күнге баға беру, өзінің әр жағдайда істеген қылығына зейін қоя ойлану әдеті өте маңызды.

         Коллективтік, топтық, жеке бастық зейіндер. Педагог ұйымдастырған оқу ісінің түрлеріне қарай коллективтік, топтық және жеке бастық зейінді бөліп шығаруға болады.

         Оқытудың әр түрлі жағдайында зейінді ұйымдастыру жөніндегі іс-әрекетті талдау — мұғалімге класта зейіннің үнемі бір түрінен екінші түрін ұйымдастыруға көшуіне тура келетінін көрсетті.

         Коллективтік зейін дегеніміз — барлық оқушылардың зейінін бір нәрсеге жұмылдыру. Мұндай нәрсе көбіне мұғалімнің әңгімесі мен оқушылардың жауабы болады. Іс жүзінде бүкіл класс зейінін ұзақ мерзім тұтас ұстау қиын, бірақ коллективтік зейін үшін бірен-саран оқушының алаң болуы қауіпті емес. 

         Бір мақсатқа ұмтылған коллектив өз арасындағы ішінара зейіні тәрбиеленбегендердің де керекті іске ықыласын аударуға жәрдемдеседі.

         Топтық зейін дегеніміз — коллективте жұмыс істеген жағдайда зейінді бір нәрсеге топқа бөлініп шоғырландыру. Топтық зейінді лабораториялық жұмыс өткізгенде, өзара тексеріс кезінде ұйымдастыруға тура келеді. Бұл оқушылар үшін де мұғалім үшін де зейінді ұйымдастырудың ең күрделі түрі. Өйткені жұмыс үстніде топтар бірін-бірі алаң етеді. Зейінді ұйымдастыру, үшін тапсырманы кезеңдерге бөліп орындауды мұқият жоспарлау, кей кезеңдерде коллективтік зейінге ауысып отыру қажет.

         Жеке бастық зейін дегеніміз — өз тапсырмаңа зейін аудару. Бұл кісі өз бетімен кітап оқығанда, есеп шығарғанда, бақылау жұмысын орындағанда пайда болады. Мұғалім үшін индивидуальдық зейіннен коллективтік зейінге көшуді ұйымдастыру қиынға соғады, өйткені оқушылар тапсырманы бәрі бір мезгілде орыңдай алмайды және олардың көпшілігінің коллективтік жұмыс басталғанда зейіні бірден аумайды. Мұндай жағдайда тапсырманы бұрын орындағандарға қосымша жұмыс беру қажет.

         Зейіннің дамуы. Кейбір педагогикалық қорытындылар.

         Оқу-тәрбие процесінде балалардың өздерінің басынан өткізетін тәжірибесі арқылы еріксіз зейін ерікті зейінге айналады. Ерікті зейіннің пайда болуы балалардың саналылығымен байланысты. Балалардың ерікті зейіні дамуында мектеп жасына дейінгі уақытта олардың әрекеттеріне үлкендердің тигізетін тәрбиесі зор.

         Жас балалардың зейіні көбінесе бір заттан екінші затқа тез ауысып отырады. Олар өздігінен бір затқа зейінін бұрып, көңіліп бөліп отыра алмайды. Сол себептен тәрбие, оқыту жұмысында балаларды түрлі ойынға қатыстырып, олардың арасында саналы тәртіп құрып, оларды байқаушылыққа үйретіп мектеп жасындағы балалардың зейінін барлық оқу-тәрбие жұмысы арқылы дамытып отыруы қажет. Олардың зейін дәлдігінің өсіп отыруына түрлі шаралар қолданған жөн. Балалардың зейіні көбінесе қызығумен байланысты болғандықтан, оқу процесін қызықты, көрнекті етіп жүргізу керек.

 

 

 

 

 

 

Әдебиеттер тізімі:

 

  1. Ф.Н.Гоноболин. психология “Мектеп”, Алматы – 1976 ж.
  2. В.В.Богословский.

А.Г.Ковалев.

А.А.Степанов.

С.Н. Шабалин. Жалпы психология “Мектеп” Алматы  1980 ж.

  1. Қ.Жарықбаев. Психология “Мектеп” баспасы, 1970 ж.
  2. Төлеген Тәжібаев. Жалпы психология. Алматы, “Қазақ университеті” 1993 ж.