ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
ТҰРАР РЫСҚҰЛОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
«Экономиканы мемлекеттік реттеу»
кафедрасы
Реферат
Тақырыбы: Жастармен әлеуметтік жұмыс
Оқытушы:
Студент: Торсыкбаева С.Е.
Мамандығы: Әлеуметтік жұмыс
Тобы: 212
Алматы, 2007
Жоспар:
Кіріспе………………………………………………………………………………………………………..3
- Мемлекеттегі жастар саясаты – жастармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстардың негізі………………………………………………………………………….4
- Қазақстан республикасындағы жастар саясаты………………………………….7
Қорытынды………………………………………………………………………………………………13
Пайдаланылған әдебиеттер……………………………………………………………………….14
Кіріспе
ТМД елдерінің, соның ішінде Қазақстан жастары жоғарыдағы бөлімде аталып өткен жағдайларға байланысты, дамудың күрделі кезеңін елімен бірге бастан кешіріп отыр.
Бұл жағдайда жастарға олардың өмірлік бағытын жүзеге асыруда, әлеуметтік проблемаларын шешуде біріншіден, жастардың өздері белсенді әрекет етіп, ізденіп, өздері немесе жастар ұйымдары арқылы көмектесе алса, екіншіден өздерін көрсетуге жағдай туғызатын мемлекет, үшіншіден, өз институттары (қоғамдық өзін-өзі басқару, қайырымдылық және арнаулы қорлар, т.б.) арқылы азаматтық қоғам көмектесе алады
Осы үш «ағымның» өзара байланысып, тоғысуы жастар саясатын құрайды, ол – жастар сияқты халықтан шыққан ерекше топ ретінде мемлекеттік және қоғамның әлеуметтік саясатының құрамдас бөлігі.
- Мемлекеттегі жастар саясакты – жастармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстардың негізі
Әлеуметтік саясат дегеніміз – адамдардың қоғамдық әл-ауқатын, олардың материалдық, әлеуметтік және интеллектуалдық қажеттіліктерін қанағаттандыруды, адамның қадір-қасиетіне құрметті қалыптастыруды және қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылықты, әлеуметтік бейбіт өмірді белгілейтін саясат.
Жалпы әлеуметтік саясаттың және әлеуметтік мемлекеттің әлеуметтік саясатының ерекшеліктері олардың нарықтық қатынастарға өту кезеңінде деформациялануы болып табылады да, жастар саясатын қоғам мен мемлекеттің әлеуметтік саясаттың бөлігі ретінде қарастырғанда, өзгермелі қоғамның нақтылы тарихи жағдайларында жүзеге асыру мүмкіндіктерін ескеру керек.
Ғылыми әдебиеттерде және оқулықтарда жастар саясаты туралы бірнеше анықтамаларды кездестіруге болады. Олардың бірнешеуін қарастырып көрейік:
- «Мемлекеттік жастар саясаты – мемлекеттің жас азаматтарының әлеуметтік қалыптасуы мен дамуы үшін әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, ұйымдастырушылық жағдайлары мен кепілдіктерін құру және қоғам мүддесі үшін жастардың шығармашылық әлеуетін барынша толықтай жүзеге асыру әрекеті» [1];
- «Жастар саясаты – жастардың мүдделері мен қажеттіліктерін қолдауға, жастардың (балалардың, жасөспірімдердің, бозбалалар мен бойжеткендердің, 10-25 жас аралығындағы жас адамдардың) өмір сүруіне қалыпты жағдай туғызуына мемлекеттік-қоғамдық жағынан қатысуыды білдіретін әлеуметтік саясаттың саласы» [2];
- Жастар саясатына Қазақстандық өзіндік анықтама береді: «Мемелекеттік жастар саясаты – мемлекеттің жастар саясатына доктрина, концептуальдық бағыт беруіне және жас ұрпаққа әлеуметтік-құқықтық қорғанышты (кепілдікті) қамтамасыз ету, оның мүдделері, қабілеттері, физикалық мүмкіндіктеріне сәйкес және реформалаушы қоғамның мүдделері мен оның ілгерілеуін ескере отырып, жастардың еркін әлеуметтік дамуға, шығармашылық бастамашылыққа құқығын жүзеге асыру мақсатында, оны тұтастай әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастырушылық шаралардың жүйесі арқылы қамтамасыз ету қызметі» [3].
Жастар саясатына берілген бұл анықтамалар оның жалпы жобасы мен мазмұны жағынан дұрыс түсінік бергенімен, өзіндік кемшіліктерге де ие. Оларда біріншіден, мемлекет, оның органдары мен әдістері жүзеге асыратын жастар саясаты туралы айтылған, бірақ әлеуметтік жастар саясатының қоғамдық, мемлекеттік емесұйымдар, қорлар және т.б. саяси партиялар әрекеттері арқылы жүзеге асатын «қоғамдық» кесінді есепке алынбаған. Екіншіден жастар саясаты туралы ұсынылған анықтамаларда жастардың өздерінің жастар ұйымдары, басқа да қоғамдық бірлестіктердің белсенділері арқылы, сондай-ақ жастар саясатын қалыптастыруда және жүзеге асыруда жеке бастамашылық көрсету арқылы қатысуы онша немесе мүлдем көрсетілмеген. Үшіншіден, оларда әлеуметтік саясат үшін өте маңызды болып табылатын өлшемдері негізінде — әлеуметтік қорғаудың қажетті дәрежесіне қарай жастар ортасының жіктелуі көрсетілмеген, яғни жастардың мемлекеттік және басқа да патерналистік көмекті қажет ететін бөлігінің барлығы көрсетілмеген.
Жоғарыда аталғандарды ескере отырып, әлеуметтік жастар саясатына мынадай анықтама беруге болады: «Әлеуметтік жастар саясаты – бұл әлеуметтік саясат, оны мемлекет және қоғамдық, соның ішінде жастардың, бірлестіктері мен ұйымдары жүзеге асырады, ол жастардың қоғамның және өздерінің мүдделеріне сай дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған, және осының бәрі жас адамдардың өз тағдырлары үшін, өз отбасының тағдыры үшін жеке жауапкершілік пен бастамашылыққа негізделе отырып, жастардың әлеуметтік жағынан әлсіз бөлігіне адресті, мақсатты түрде арнаулы шаралар қолдану арқылы, қорғау арқылы жүзеге асырылады».
Осыған орай, жастар саясатына деген қазіргі ғылыми көзқарас ең алдымен оны мемлекет пен қоғамның жалпы әлеуметтік саясатының бір бөлігі ретінде мойындауынан тұрады. Ол халықтың әр түрлі санаттарының, соның ішінде ерекше әлеуметтік-демографиялық топ ретіндегі жастардың адрестік және адекваттық сұраныстары кезінде тиімді болатыны сөзсіз. Сонымен қатар, жастар саясатының әлеуметтік саясаттағы балалар, мүгедектер, зейнеткерлер мен басқа да әлеуметтік жағынан қамқорлықты қажет ететін халықтың санатына деген қатысы жағынан айырмашылығы оның тек жәрдем беру механизмінен тұрмай, жас ұрпақтың еңбек және шығармашылық әлеуетіне сүйенетін белсенді жаңарған аспектіден тұруы, ол жастар саясатын қоғамның дамуының стратегиялық ресурстары қатарында қарастыруға мүмкіндік жасайды.
Жастар саясатының негізгі мақсаттарына мыналар жатады:
- Жастардың әлеуметтік, мәдени, рухани және дене дамуына жәрдемдесу;
- Жас азаматтарды жасына байланысты кемсітуге жол бермеу;
- Жастарды қоғамның әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени өміріне толықтай қатысуына жағдай жасау;
- Жас адамның өзінің өмірлік жолын таңдауға, жеке жетістіктерге жетуіне мүмкіндіктерін ашу;
- Жастардың жаңаруға деген әлеуетін қоғамның даму мүддесі мен жастардың өздерінің даму мүдделеріне сәйкес жүзеге асыру;
- Жастардың өз күштерімен проблемаларын шеше алмайтын санатына (панасыздар, жас нашақорлар және т.б.)мақсатты түрде әлеуметтік көмек көрсету.
- Қазақстан Республикасындағы жастар саясаты
Шет елдік жастар саясатының жасалуы мен қызмет ету тәжірибесіне талдау жасау нарықтық экономикадағы ашық қоғам жағдайында, сондай-ақ қолайлы және тиімді жаңа жағдайларда кеңестік уақытта жүргізілген жастармен жұмыс тәжірибесін ТМД елдерінде, соның ішінде Қазақстан Республикасында қолданылған және қолданылатын болады.
Кеңестік дәуірдегі кеңістікте егенді мемлекеттерде мемлекеттік жастар саясатынының қалыптасуы, жасалуы процесі жүріп жатыр, онда осы мемлекеттегі жастардың ерекше жағдайы, олардың әлеуметтік проблемалары көрсетілген.
КСРО тарамас бұрын жастардың әлеуметтік проблемаларының өткірлігі жалпы одақтық және республикалық деңгейде заңдылықтар мен нормативтік актілерді қабылдауды мәжбүр еткен болатын. Мысалы, КСРО мемлекеттік еңбек комитетінің «Реттемелі нарықтық экономикаға өту кезіндегі халықты әлеуметтік қорғау концепциясының негізгі ережелері» (1990 жыл тамыз) жобасында әлеуметтік жағынан қамқорлықты қажет ететін топтардың мүгедектер, зейнеткерлер, көп балалы аналармен студенттер де енгізілген. 1990 жылы «КСРО мемлекеттік жастар саясатының жалпы бастамасы туралы» Заң қабылданды. Онда арнайы «Жастарды құқықтық және әлеуметік қорғау» бөлімі қарастырылған. Бұл Заңның сол уақытқа сай көкейкесті болғанына қарамастан, онда сол кезеңге сай келмейтін ескірген біршама айқындамалар сақталған екен: жастарға қатысты патернализм, жастар ортасындағы әр түрлі әлеуметтіктоптарды біркелкілеу, мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асырудағы шектен тыс орталықтандыру.1991 жылы Қазақ КСРО Жоғарғы Кеңесі сол уақытқа ілгерінде «Мемлекеттің жастар саясаты туралы» Заң қабылданды. Бұл заңның республиканың нарықтық қатынасқа түсуін ескере отырып, кәсіорындардың дамуын ынталандыратын, жастар үшін қосымша жұмыс орнын қамтамасыз ететін, «оқушылар», «студенттер», «жастар» деген мәртебелері бар кәсіпорындарда жас жұмысшыларға еңбек жағдайын жақсарту бойынша шараларды жүзеге асыратын, жұмыс берушілерге салық төлемін төлеуде жеңілдік беру сияқты баптары болды.
Бұл Заңда бала туғаннан кейін жас отбасыларына берілетін ұзақ уақыттық пайызсыз несиелер беру де қарастырылған.
Заңда сондай-ақ, жастар және балалар ұйымдары мемлекеттің қолдауында болады да, олардың әлеуметтік маңызды жобалары, бағдарламалары мемлекеттік және жергілікті бюджеттен қаржыландырылуы керек деген ереже де қарастырылған.
Патерналистік негізде жасалған бұл Заң жаңа әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайларында (КСРО таратылуы Қазақстан Республикасы егемендігін жариялау, нарықтық қатынастардың дамуы) толықтай жұмыс істеуден қалды. Заңның барлық экономикалық баптары 1994-1996 жылдар аралығында тоқтатылды.
Жұмыссыздық, жастар арасындағы қылмыстың өсуі, жастар ортасындағы салт-дәстүрлер мен рухани құндылықтардың құлдырауы, жас ұрпақтың білім алу деңгейінің төмендеуі сияқты жастар проблемасының өршуі саяси, әлеуметтік-экономикалық және әлеуметтік-мәдени реалияларға сәйкес келетін жастар саясатын дайындауды қажет етті. Мұндай тапсырма Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 1996 жылғы 9 қазандағы «Мемлекеттік жастар саясатын жетілдіру шаралары туралы» Жарлығында берілген болатын. Онда біркелкі мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру мақсаттары, оның құқықтық жағынан қамтамасыз етілуі, жастардың шығармашылығы мен әлеуметтік жағынан маңызды бастамашылықтарын қолдау, жастардың жұмысқа орналасуы және бос уақытты өткізу проблемаларын шешу анықталған. Президенттің Жарлығы бойынша жастар саясатының мақсатын, міндеттерін, қызмет ету механизмдерін анықтайтын негізгі құжат «Қазақстан Республикасындағы жастар саясаты туралы» Заң болуы керек, онда Қазақстан Республикасы Конституциясында көрсетілген бағдардағы тұжырымдамалық реформа қалдықтарынан мемлекеттік басқару мен халыөтың пассивтілігі, соның ішінде өзінің әлеуметтік жағдайын қорғаудағы жастардың пассивтілігінен тұратын абсолютизмге өтуі ескеріледі.
Республикадағы жастар саясатын заң жүзінде жасалуының қадамына «Қазақстан Республикасындағы жастар саясатының Тұжырымдамасы» жатады, бұл жоба 1998 жылы ақпанда өткен студенттер мен республиканың жастар ұйымдарының өкілдерінің 1-ші съезі қорытындысы негізінде құрылған «Қазақстанның болашағы үшін» деп аталатын жастар қозғалысының ұсынысымен жасалған болатын.
«Тұжырымдама» Жалпыға арналған адам құқығының Декларациясы мен Қазақстан Республикасының Конституциясы, БҰҰ Бас Ассамблеясының «2000 жылға дейінгі жастарды дамыту бойынша әрекет етудің Бүкілодақтық бағдарламасы» атты 50/81 Қарары, Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму Стратегиясының идеялары мен қағидаларының негіздеріне сүйенеді.
Республикада жастар саясатының Тұжырымдамасын қалыптастыруға деген қажеттілік біріншіден, Қазақстан тәуелсіздік алып, реформалау, ашық, нарықтық, әлеуметтік бағдарлы экономикалы демократиялық қоғам құру жолына түсуі; екіншіден, жастар саясаты жеткілікті түрде қоғамдық қатынастарға түспеуі; үшіншіден, жастар проблемасын шешуді қамтамасыз етуде әрекеттегі заңдылықтардың тиімсіздігі себепкер болды.
Тұжырымдамаға сәйкес Қазақстан Республикасындағы жастар саясаты келесі қағидалар негізінде құрылуы керек:
- Парасаттылық, абырой, өз Отанына деген құрмет, патриотизм, мамандану, өзінің адамдарға және мемлекетке қажеттілігіне деген сенімділік, өзі үшін және туыстары үшін жауапкершілікті сезіну сияқты жастардың жеке қасиеттерді беделді қылатын, қоғамда қолайлы орта туғызу;
- Жастардың өкілдерін жалпы жастарға қатысты мемлекеттік маңызды шешімдерге келу және қабылдау процесіне тікелей қатысуға тарту;
- Жеке тұлғаның негізгі құқықтары мен бостандығын, жастардың өздеріне тән мүдделерін есепке алу;
- Жастар мен балалардың ұйымдарының әрекетіне мемлекет тарапынан барынша қолдау жасау.
Тұжырымдамаға сай жастар саясатының басым бағыттары мынадай болуы керек:
- Балалар мен жастарға құқықтық білім мен патриоттық тәрбие беру;
- Жастар ұйымдарының әрекеттерінің белсенділігі мен кеңеюіне атсалысу;
- Жастар кәсіпкерлігі мен өздерін жұмыспен қамту ісін қолдау және дамыту;
- Отбасы, балалар мен жастар мүддесіне сай әлеуметтік саясатты жүзеге асыру механизмін жетілдіру;
- Жас ұрпақты әлемдік және ұлттық мәдениеттің классикалық құндылықтарына құрметпен қарауға тарту;
- Спорттың көпшілікке арналған түрлерін дамыту және салауатты өмір салтына насихаттау.
Қағидаларды, мақсаттарын, бағыттары мен артықшылығын жариялау – сөз жоқ жастар саясатының құрамдас бөлігі, бірақ оны жүзеге асыру механизмін реттеу одан да маңыздырақ мәселе. КСРО тарағанға шейінгі жастар саясатын жүзеге асыру механизмі үлкен өзгерістерге ұшырады. 90-шы жылдың басына дейін жастардың өмірін реттеуге бағытталған мемлекеттік қызметті комсомол атқарды. Оның құрамында жастардың 90 пайызы мүшелікте тұрғандықтан, бұл құрылым жастарға жалпылама әсер етті. Комсомолдар атқарған шаралардың мазмұны мен идеологиялық «бояуларына» қарамастан мыналарды атап кеткен дұрыс: олардың ұйымдастырушылық негізі (орталықтандырылған басқару, барлық мекемелерде, кәсіпорындарда, оқу орындарында алғашқы ұйымдардың болуы) жастар саясатының көптеген мәселелерін шешуге мүмкіндік жасады. КСРО тарағаннан кейін идеологиялық және басқару қызметтерін атқарған, барлық жастар институттары (әсіресе қоғамдық жастар ұйымы нысанындағылары) бұзылды. Мемлекеттік органның қызметі ретінде жастар саясатын басқару қызметін атқарған комсомолдың жұмысы дер кезінде ешбір өкіметтің орындаушы органына берілмегендіктен, ең бірінші, жастармен әлеуметтік жұмыс құрылған материалдық базаларға (клубтар, пионерлер үйі, пионер лагерьлері, жас техниктердің, натуралистердің станциялары, балалар мен жасөспірімдердің спорт мектептері) елеулі зиян келтірілді. Осы материалдық базаларды сату, тонау және тасып әкетудің салдары әлі бірнеше жылдар бойы сақталатыны сөзсіз.
Басқару құрылымын құру, ТМД елдеріндегі жастардың әлеуметтік саясатының жалпы инфрақұрылымы — әрбір Ынтымақтастық елдерінде, ұлттық ерекшеліктерін ескере отырып, әр түрлі жеделдікте өтетіндіктен, ол бірқалыпты процесс емес.
Қазақстан комсомолының таралуынан кейін Қазақстан Республикасында жастар саясатын басқару мен жүзеге асырудың инфрақұрылымын қалыптастыру процесі комсомол қызметін шектелген түрде атқарған Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы жастар ісі бойынша Комитетпен байланысты болды. Облыстарда бұрынғы комсомол құрылымдары мен дене шынықтыру және спорт істері бойынша комитеттердің негізінде облыстық әкімшілік жанынан жастар істері, спорт және туризм істері бойынша Комитеттер құрылды. Жастар проблемасының көптеген мәселелерін шешу Білім беру Басқармасында (департаменттерінде), халықты еңбек және әлеуметтік жағынан қорғау Басқармаларында, Ішкі істер Басқармаларында және т.б. шоғырландырылды.
Қазіргі уақытта республикадағы жастар саясатын жүргізу және жүзеге асырудың реттеуші орталығы мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім Министрлігінде, ал жергілікті жерлерде соған сәйкес облыстық басқармаларда орналасқан.
Қазақстандағы жастар саясатын жүзеге асырудың маңызды ерекшелігіне оны жастар ұйымдарының тарапынан орындауға ынталануы. Оларды біріктіретін орталыққа «Қазақстанның болашағы үшін» деп аталатын жастар қозғалысы жатады. Бұл қозғалыс республикада бар жастар ұйымдарының әрекеттерін реттеп, реформаларды жүзеге асыруда белсенділік танытуға, жастардың құқықтарын қорғауға, мүдделерін білдіруге, жастардың проблемаларын шешуге бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды, тұжырымдамаларды, заңдардың жобаларын жасауға, жастар проблематикасы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге, жас ұрпақ өкілдерінің азаматтық жауапкершіліктерін белсендіру шараларын ұйымдастыруға бағытталған.
«Қазақстанның болашағы үшін» деп аталатын жастар қозғалысына Қазақстан жастарының Форумы, жастар ұйымдарының Ұлттық кеңесі, Қазақстан жастарының Одағы, «Яппи» қоғамдық жобалар Орталығы және т.б. біріктірілген. Қазіргі уақытта республикада 150-ден астамжастар мен балалар ұйымдары қызмет етеді. Олардың ішінде республикалық мәртебе алған 6 қоғамдық жастар құрылым бар: «Қазақстан жастарын қолдау Ассоциациясы», «Жастардың «Азан» альянсы», «Қазақстанның жастар Форумы», «Республикалық «Атамекен» балалар мен жастар бірлестігі» және т.б.
Республикада баяу болса да, қазіргі жастардың әлеуметтік-экономикалық проблемаларын шешетін жастардың әлеуметтік қызметтерінің «ескілерін» қайта қалпына келтіру және жаңасын құру процесі жүріп жатыр. 1993 жылдан бастап: жастардың еңбек биржасы, кәмелетке жетпегендер үшін баспаналар, медико-психологиялық және юристік кеңес беру орталықтары мен пункттері, сенім телефондары, еңбек және әлеуметтік бейімделу орталықтары, мүгедек балалар үшін медико-психологиялық бейімделу орталықтары және т.б. құрылды.
2000 жылы Халықаралық «Бөбек» балалар қайырымдылық қорының бастамасымен Қазақстан Республикасының «Отбасылық типтегі балалар ауылы мен Жастар үйлері туралы» Заңы қабылданғаннан кейін республикада бес осындай «ауылдар және он бір Жастар үйі құрылды. Сондай-ақ, 523 барлық типтегі интернаттар жұмыс істеп, әлеуметтік жұмыста жаңа тәжірибелер жинақталды, оларда 67 мың жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар тәрбиеленеді, және 40 балалар үйі (11,5 мың бала) жұмысжасап келеді.
Жастармен әлеуметтік жұмыс жүргізудің инфрақұрылымына оқу орындары, балалар мен жасөспірімдердің спорт мектептері және т.б. осы сияқты «дәстүрлі» мекемелерді енгізуге болады. 2001 жылы республикада 8300 мектеп, 282 кәсіптік-техникалық училище, 293 колледж, 185 жоғарғы оқу орындары қызмет етті.
Қазақстан Республикасында жастар саясатының қалыптасу процесі, оның қазіргі кезеңі, оның концептуальдық негіздерінің белсенді түрде жасалуы мен оның инфрақұрылымының баяу қалыптасуына байланысты. Бұл кезеңде ол жастар саясаты аумағында жасалған тұжырымдамалар мен арнаулы бағдарламалардың әлеуметтік тиімділігіне баға өлшемдерін жасауды қажет ететіндіктен, ресми түрде мәлімдеуге, формализмге жол бермеу керек. Жастар бағдарламасын жасаудың және жүзеге асырудың халықаралық тәжірибесі олардың тиімділігі мыналарға байланысты дейді:
- Жастардың бірінші кезектегі қажеттіліктеріне диагностика мен экспертиза жасау;
- Жастар проблемасын шешуге бағытталған бағдарламаларының пәрменділігі, бағдарламалардың мақсаттары мен мен міндеттерінің осы проблемаларға барабарлығы, осы бағдарламалар жүзеге асыратын әлеуметтік сұраныстың адрестілігі;
- Бағдарламалар қойған мақсаттарға жетуге арналған, ұсынылған және шынайы құралдар мен технологиялар;
- Бағдарламалардың тиімділігі мен жүзеге асуы туралы қорытынды жасаған эксперттердің біліктілігі.
Жастар саясатының, жастар бағдарламаларының тиімділігі қорыта келгенде, оның белгілі бір объектіге, жастардың кейбір санаттарына және мүмкін болса толық есепке, жағдайларға, проблемаларға, олардың өмірлерінде жүзеге асатын жағдайларына бағыттылығына байланысты.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылы 28 тамызда №73 Жарлығымен бекітілген мемлекеттік жастар саясатының Тұжырымдамасы республикадағы жас ұрпақтың азаматтық қалыптасуы мен әлеуметтік өзін-өзі жетілдіру үшін құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық алғышартын құру және бекітуді мақсат етеді, ол өз кезегінде жастар проблемасын шешу жолдарын нақты көрсетіп, жастарды қазақстандық қоғамның реформалау процесіне толықтай араласуының нысандары мен әдістерін анықтайтын мемлекеттік жастар саясатын құрудың тікелей негізі болады.
Осы тұжырымдама негізінде Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заң жобасы жасалды, онда оның қалыптасуы мен жүзеге асыруының құқықтық негіздері анықталған. Осы жобаға сәйкес, мемлекеттік жастар саясатының негізгі мақсаттарына мыналар жатады:
- Жастардың рухани, мәдени, білім алу, кәсіптік жағынан қалыптасуы мен физикалық дамуы үшін, олардың жалпы қоғамға пайдалы шығармашылық әлеуетін ашуға әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, ұйымдастырушылық жағдайлар мен кепілдіктер жасау;
- Олардың құқықтары мен заңды мүдделері қорғау;
- Жастарға көмек пен әлеуметтік қызмет көрсету;
- Жастардың әлеуметтік жағынан маңызды бастамаларын жүзеге асыру.
Қорытынды
Кез келген тарихи кезеңдерде жастарға қоғамдағы әлеуметтік жағдайдың объективтілігінің маргиналдығына, шекаралығына байланысты оңай тимейді. Жастардың әрбір ұрпағы күрделі жағдайда болады: БҰҰ Бас Ассамблеясының 1985 жылды Халықаралық жастар жылы деп белгілеуі тегін емес, ал оның мақсаты жастардың проблемалары мен жағдайына әлемдік қоғамдастықтың назарын аудару.
Пайдаланылған әдебиеттер:
- Жастармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстар. Оқу құралы. А.Н. Агафонов, Қ.Н. Меңлібаев. Астана, 2005.
- Государственная молодежная политика Республики Казахстан. – Астана, 2001.
- Царева Т.А. Правовая социализация молодежи в рамках молодежной политики Республики Казахстан. Саясат. – 2000. № 2-3.
- Холостова Е.И. «Социальная политика». Москва, 2001.