Жоспар
- Адамның қажеттілігі мен мұқтаждығын және іс — әреет түрлері.
- Жеке адамның кісілік сипаттары мен психологиялық құрылымы.
- Жеке адам мотивтері
Пайдаланылған әдебиеттер.
- Адамның қажеттілігімен мұқтаждығын және іс- әрекет түрлері.
Адам қажеттіліктерінің бәріне жуығы еңбек арқылы қанағаттандырылады. Еңбек адам тіршілігінің бірінші қажеттілік. Сондықтан қоғамдағы тәлім — тәрбиенің өзекті мәселесі — адамды еңбек ету қажеттілігіні баулу. Жастарды еңбекке психологиялық тұрғыда даярлау — жалпы гуманистік тәрбиенің түпкі мақсаты. Еңбек адамның іс — әрекетінің негізгі түрі және барлық материалдық игіліктерді өніріудің қайнар көзі. Іс — әрекеттің екінші түрі – оқу. Оқу әрекеті арқылы адам қоғамдағы тарихи мағлұматтар мен білім қорын меңгеріп өзінің рухани дүниесін байытады, дүниетанымдық көзқарасын қалыптастырады. Ойын — адамның негізгі әрекетінің бірі. Ол бала мен жжасөспірімнің денесін тынықтырып, әралуан қимыл — қозғалыстарын жетілдіреді. Мектеп жасына дейінгі балалардың басты іс- әрекеті ойын. Ойыннның түрлерімен мазмұны баланың ақыл- ойын ықпал етіп, өзін қоршаған ортаның заттар мен құбылыстардың мән – жайын түсіндіреді. Бір сөзбен айтқанда , еңбек, оқу ойын адамның дамып жетілуіндегі және қажеттіліктерін өтеудегі негізгі іс — әрекет түрлері.
Балалар мен ересек адамдардың әр алуан іс – қимылы нәтижесінде олардың автоматталған әрекетті — дағдылары, іс — әрекет түрлерін орындауға бейімділігі мен ептілігі тіршілікке қажетті әдеттері қалыптасып, адамның автономиялық , физиологиялық және психикалық жағынан дамып жетілуіне әсер етеді. Оның рухани өмірінің мазмұнына байланысты.
Дағды мен ептілік. Дағды – адамның белгілі іс — әрекетті сан рет қайталап отыру нәтижесінде қалыптасып, автоматты түрде орындалатын ісі. Мысалы, балада оқу дағдысының қалыптасуы, қызметтердің міндетті ісін орындауды. Дағдының қалыптасуында мақсат қою негізгі рөл атқарады. Дағдының қалыптасуы қимыл – қозғалыстар мен әрекет жасауға орай бәрнеше сатылардан тұрады.
Адам әрекетіндегі ептілік (бейімділік) белгілі бір істі атқаруға бейім тұру, өзінің игерген білімін, дағдысын түрлері жағдайында қолдана білуі. Есптілікті жеке қарастырсақ, ол адамның дағдысын түрлі жжағдайда қолдана білуі. Ептілікті жеке қарастырсақ ол адамның дағдыдан өзгешелеу ұқыптылық қасиетін көрсетеді. Ептілікті тағы бір ерекшелігі дамның өз білімін қажет болған кез – келген жағдайында қолдана білу әрекетінен анық байқалады.
Әдет адамның іс- әрекетіндегі мінез – құлыққа байланысты тұрақты қасиеті. Психологиялық тұрғыдан алғанда әдет адамның белгілі іс — әрекет түрін бұрынғы өмір тәжірибесінде қалыптасқан дағдылары мен біліміне сүйене отырып жүзеге асырады. Адамның тарихи дамында ол көпшіліктің игілігіне , әдет — ғұрпын салт – дәстүрге айналып, халықтық салт алуы мүмкін. Әдет адамның қажеттілігін сипат алуы мүмкін. әдет адамның қажеттілігін өтекге сәйкес қайталанып отырып әрекет. Ол адамның кез – келген іс — әрекетінің түрінде кез – келген іс — әрекетнің түрінде кездеседі.
Еңбексүйгіштік, жақын адамдардың ісіне көмектесу, ұйықтау алдында серуендеп, жуынып – шайыну әдетті ұнамды әрі пайдалы түрлері. Ал ұстамсыздық біреудің сөзіне кесе — көлдеең кірісіп, оны бөлу — әдеттің ұнамсыз сипаттары. Жағымды әрекеттер адам мінезінің ұнамды жақтарын қалыптастыруға әсер етеді.
Ниет (мотив) — адамның белгілі қажеттіліктерді қанағаттандырудағы іс — әрекетіне байланысты психологиялық көңіл – күйі. Қажеттілік — адамның белсенді әрекетін тудыратын қозғаушы күш делінсе, ал ниет сол қажеттіліктің нақты көрінісі. Ниет адамды түрлі әрекеттерге ұмтылдырады. Олар мазмұнына, нақты мақсатына қарай айқын ниет және көмескі ниет болып бөлінеді. Ниеттердің бір – бірімен алмасу адамның қағамдық – тарих жағдайына байланысты. Адамдардың ниеті бірнеше сатыдан құралады. Олар: әуестену, ықлас – ынта. Мүдде адамның мақсатты тілекке жетудің жоғары сатысы. Адам өз мүддесіне жету үшін еңбектенеді, оқып білім алумен шұғылданады, спортпен айналысып, өнер үйренеді. Мұның бәрі мүдденің мазмұнын білдіріп, адамға ақыл кірудің белгісі болып саналады.
Қызығу — адамның танымдық қажеттіліктерін олардың мән – жайын айқын түрде түсіндірудегі жан дүниесінің сілкінісі. Қызығу барысында адам өзінің әр нәрсені танып білу қажеттілігін қанағаттандыру үшін әрқилы әрекеттерді белсенді түрде меңгеру керектігін түсінеді. Адамның танып білу әрекетінің қозғаушы күші ретінде қызығу мазмұнына, мақсатына, кендігі мен тұрақтылық қасиететріне орай топтастырылып қарастырылады.
Сенім – адамның белгілі бір түсініктеріне сәйкес қажеттіліктерін қанағаттандыру жүйесі. өз қажеттілігінің орындау жолында адам дүниетанымдық көзқарастарында табиғат пен қоғам заңдылықтары жөніндегі ұғымдарына өмір тәжірибесіне сүйене отырып іс — әрекет жасайды.
Ұмтылу — адамның іс — әрекетті атқаруға талаптанып, белсенділігін қуаттайтын ниет. Адам өз қажеттілігін өтеудің жағдайын нақты болжамдап, көз алдына елестете алмаса да, көзделген мақсатына жету үшін күш – қуатын жұмсап, талаптанады. Талаптанудың (ұмтылудың) нақты түрі арман. Бұл қалаған нәрсенің бейнесі қиял арқылы жасау әрекеті. Ұмтылуға құмарлықта жатады. Құмарлық – адамның өте зор күшін талап ететін қажеттілігін орындаудағы ниет, таным әрекетінде ол — ұнамды қасиет. Алайда оның пайдалы және пайдасыз ( жағымсыз) түрлері де бар. Білім алуда мамандықты игеруге деген құмарлық – пайдалы. Ал карта ойынында ақша тігін ойлау , ішімдікке салыну , қалдыруға құмарлық — ұмтылу әрекетіндегі жағымсыз қылықтар.
Адамның жеке бағыт бағдары, арманы құмарлығы, әр түрлі мұраттарға жету жолындағы әрекеті — оның даралық қасиеттеріне тән психологиялық ерекшеліктер. Ондай ерекшеліктер мән – мазмұны мен мақсат – мүддесіне қарай пайдалы және зиянды сипатта болулары мүмкін. Өйткені, адам – табиғатағы ең жоғары сатыдағы ақыл иесі ретінде жан дүниесінің құрылымы мен психикасы аса күрделі субъект.
- Жеке адамның кісілік сипаттары мен психологиялық құрылымы.
Жеке адам санасы мен ақылы дараланады. Оның дыбысты анық тілі, еңбектену әрекеті қоғамдық жағдайда бір – бірімен қарым – қатыаста қарастырылады. Жеке адам – дүниетаным қабілеті бар, сыртқы ортаның неше түрлі әсерін бастан кешіріп, оларға төзімділік көрсететін , табиғатты өзгертуге ықпал ете алатын жан.
Жеке адамның психологиялық құрылым мен ерекшеліктері төрт түрлі жағынан қарастыралады, яғни, жеке адамның әлеуметтік өміріне қатысты ерекшеліктері, қызығу, ұмтылу, (ынтасы мен талаптануы, мұрат, дүниетанымдық көзқарас, сенім. Бұл жеке адамның адамгершілік қасиеттерін білдіретін сипаттар. Адамның білімдарлығы, дағдылары, бейімділігі. Мұндай сипаттар адамның даралық қасиетін , өзіндік даму деңгейін, тәлім – тәрбие негізінде қалыптасқан тәжірибесін көрсетеді. Жеке адамның дара психикалық процестерінің тиянақтылығы мен өзіндік ерекшеліктері. Ондай қасиетерге зейі мен ойлау , қабылдаумен ес, сезім күйлері мен ерік, адам психикасындағы басқа да құбылмалы өзгерістер жатады. Жеке адамның биологиялық тума қасиетері — нышан, жоғарғы жүйке қызметі. Бұлар адамның темпераменті мен ерекшеліктеріне, жыныстық белсене сәйкес көрініс береді. Мұндай жыныстық машықтану мен жаттығу арқылы қалыптасып, жетіледі.
Ұстаздар мен тәлігерлер, жетекшілер мен тәрбиешілер балалар мен жастарда топтастырылып көрсетілген төрт түрлі ерекшеліктерінен жеке танысып ондай қасиеттерді жетілдіре түсудің әдістерінің үнемі іздестіруі көздейді. Бұл ерекшеліктерін үнемі іздестіруді көздейді. Бұл ерекшеліктердің адамға тәуелсіз – ақ дамып отыратындығын да ескерген жөн. Мәселен, адаләрі шыншыл немесе өтірікші болу темпераменті кез – келген оқушыда кездесе береді. Оқушылардың іс — әрекетіндегі әрқилы кемшіліктер осы төрт түрлі психикалық қасиетердің біріне байланысты болуы ммүкін. Айталық, оқушының зейінсіздігі білім мен дағдысының болмауынан, белгілі істі орындалуда өз зейінін сол нәрсеге аудара алмауын, зейіннің аударуға қиналмауы жүйке қызметінің қозғалғыштық әсерінен тәуелсіздігі мен ұқыпсыздығы нан болуы ықтимал. Бұар баланың адамгершілік тәрбиесіне қатысты сапалық кемшіліктер. Бұлар басқа оқушының мінезі мен қабілетінің кемістіктерін көре білу үшін оның өзіндік ерекшеліктерін де аңғара білу керек.
Жеке адамның бағыт – бағдары және оның түрлері мен психологиялық ерекшеліктері.
Адамды танып білу үшін оның қоғам мүшесі ретінде қандай істерді тандыра алатындығымен танысу керек. Келешектегі мақсатына жету үшін ықыласты, ынталы болу, оған ұмтылу жеке адамның бағыт – бағдарын білдіреді. Адамның бағдары, ынта – жігері , мақсат – мүддесі гуманистік қоғам мүддесімен үндеседі. Адамның кісілік қасиетін түсінуде сол нені қалайды деген мәселені ғана қою жеткіліксіз. Өйткені адамның ниеттілігі мен ынтасы үнемі өзгеріп, дамып, күрделеніп отырады.
Жалпы адамның азаматтық бағыт – бағдарының сапалары мынадай ерекшеліктерімен анықталады. Бағыт – бағдар деңгейі қоғамдық талаптарға орай адамның биік мұратымен ұштасады.
Кіндігі баланың ұйқысын қандыруы, тойып тамақ ішуі, әдемі киінуі оның бағытыынң өресіздігі , тарлығы . Бғыт — бағдар кеңдігі адамның әралуан қызығуы мен ынтасына оның әр тарапты дамуына байланысты. Мұндай қасиеттер баланы тоғышарлықпен сақтандырады. Бағыттың шашыраңқы болуы – ұнамсыз қасиет. Осы орайда , «Екі кеменің басын ұстаған суға кетеді» деген мақалдың ттәлімгерлік мәні ерекше. Оқушы үшін қызығу кендігі, яғни игеру – сапалы азамат болудың шарты. Қарқындылығы бұл баланың сезімі мен эмоциясының айқындығын білдіреді. Әрбір нәрсеге әуестенуден гөрі ерікті тілек — ынтаға ден қою, белсенді әрекет етіп, іске жігерімен кірісу адамның сенімін арттырады. Бағыт- бағдар тұрақтылығының ұзақ мерзімге созылуы. Жас жігіттер мен қыздар кейде бір нәрсені біліп, үйренуге қызу кіріседі де, аяқтамай тастап кетеді. Одан кейін зерігеді, ақырында сол үшін өкінеді. Бұл бағыттың тұрақсыздығы. Мысалы, жас, маман үздық оқып, белгілі математик не филолог маман болғысы келеді. Содан кейін халық құрметіне бөленген әйгілі азамат, бақытты отбасы, қоғам қайраткері болуды араман етеді. Бағыт тұрақтылығы азамды игі мақсатқа жеткізеді. Оқушының әрекетшілігі оның бағыт – бағдарындағы шешуші кезең. Жас қыз ұстаздық мамандықты несебепті тандады? Оған бұл мамандықтың иесі ұнады? Тыңдаушы мамандығы бойынша жемісті іс атқара ала ма? Мұның бәрі іс — әрекетке байланысты. Кәсіптік — техникалық училишеге түскен оқушы, менеджер болғысы келетін кәсіпкер, шаруашылық орындарында маман, кеңшарада малшы, сауыншы болып істеу — мұның бәрі іс — әрекет арқылы жүзеге асып адамды арманына жеткізбек.
- Жеке адам мотивтері
Адамды әрекетке келтіруші күш-қажетсіну. Болмысты бейнелеудің жоғары формаларына ие адамды әрекетке келтіруші нысандар — саналы түзілген бейне не елес, ой не түсінік, идея немесе ізгі мұрат күйінде өрнектелуі мүмкін.
Психологияда мотив түсінігіне келесідей анықтама берілсді: мотив — бұл адам санасында қаланып, оны бслгілі бір қажеттілікті қаңатағаттандыру үшін әрекетке итермелеуші себеп күш. Ал кең мәнінде мотив — шындыққа сай заіщылық ретінде ықпал жасап, объектив қажеттілік түрінде көрінетін болмыс. Ал мотиптік орекст қылық псн іс-әрекетті психикалық реттеудің ерекше түрі (Р. Г. Ағеева). Қорыта айтқанда, адамның әрқандай қылық — әрекеті оның мотивтік себеп күштеріне байланысты.
Сонымен, адамның қалаған іә-әрекетінің негізінде оны осы іс-әрекетке ынталандырушы мотив жатыр. Бірақ адамда туындаушы және оны іс-әрекетке ойыстырушы қандай да бір мотив коздслгсн нақты орсксцісн шектслмейді, оныц нәтижесінс жетумен адам келесі әрекетке ұмтылады, іс-әрекет барысында мотив өзгеруі мүмкін және керісінше, бір тұрақты мотив аясында бірнеше әрекст бірін-бірі ауыстырып баруы да орынды. Мотив дамуы мен басталган іс-әрекет арасында қайшылық та туыңдайды. Кейде мотив іс-әрекет жобасынан бұрын қалыптасады, ал кейде кешсуілдейді, осыған байланысты әрекет нәтижесі де әртүрлі болады.
Жоғарыда аталғандардың қорытындысы: мотив құрамы іс-әрекеттің бір бөлігі емес, жеке адамның мотивтік-қажетсіну аймағы дем аталатын күрделі жүйенің ажыратылмас бірлігі. Мотивтік-қажетсіну аймағы жеке адамның емір бойы қалыптасып, дамып барушы барша түрткілерінің жиынтығын айдатады. Тұтастай бұл аймақ қозғалмалы, өмірлік жағдайларға байланысты түрленіп, дамуда болады. Солай да болса, кей мотивтер біршама тұрақты, басымдау келіп, адам омірінің бағыт-бағдар өзегіне айналады.
Мотивтердің қайдан жоне қалай пайда болатыны жөніңдегі мәселе психологиядағы басты проблсмалардан. Мысалы, А. Маслоу мотивтердің негізін бірінен бірі деңгейі бойынша жоғарылай түскен қажетсінулер тобы деп білсді, олар биологиялық қажетсіну, қорғаныс қажетсінуі, сыйластық, абырой қажеттігі мсн ец жоғары қажетсінулер: оз мүмкіндік-тсрін ашып, оларды жүзеге асыра. Бірақ А. Маслоу талдауындағы дара адам әлеуметтік қатынастар жүйссінсн тыс, коғаммсн байланмсы жоқ. Оқшауланған түлға. Қоғам, ғалым пікірінше дара адам дамушы мекен, қоршаған орга ғана.
Б. Ф. Ломов, басқа да орыс психологтарының пайымдаулары нақты, әрскетшең дара адамиың қоғамдық қатынастар жүйесінс косылып, сол жүйенің онын санасында негізделеді. Б. Ф. Ломон мотивтік-қажетсіну аймағы монін (кұрамы, құрылымы, қозғалысы) және сол аймақтың дамуын түсіну үшін жеке адамның басқа түлғалармен ара байланыс, қатынастарын қарастыруды қажет деп санайды. Адамның мотивтік аймағының басқа факторлардаи тоуслділігін зсрттеуде сол тоуелділіктің тікелей ғана смес, жанама байланысты болатынын, көп өлшемді жоне сипатты екенін бірде ұмытпау лазым. Дара адам өз даму барысында басқа қоғам мүшелерімен болған тікелей байланыс шеңберінсн шығу мүмкіндігіне ие, осыдан оның қажетсіну аймағы қоғам-дық өмірдің күшті ықпалымсн өрістсй бастайды (саяси пікір, саясат, этика жәнс т.б.). Адамның қажетсіну талаптары қоғамдық құрылымдардың әсерімен де дамиды. Мұндай құрылымдардың ең қарапайым түрі — нақты тұлға мүшесі болған адамдар қауымдастығы. Адам қажетсінуі коп жағдайда осы қауымның жстегінде болады. Ал нақты адам бір қауымдастық шеңберінде қалып қоймайды, өмір бойы қауымдасіықіар тобы сан қилы ауысып не озгерістсрғс келіи отырады. Осыдан адамның мотив-қажеттіктері оның ішкі жан-дүниелік әрекеттерінің нәтижесі ғана емес, ол әртүрлі
Пайдаланылған әдебиеттер
- Сәбет Бап – Баба «Жалпы психология» Алматы, 2003 ж.
- Алдамуратов Ә., Рақымбеков К. «жалпы психология» Алматы 2003 ж.
- Тәжібаев «Жалпы психология» Алматы 1993 ж.