ЖОСПАРЫ:
1.Жеке тұлға жөнінде түсінік.
2.Жеке тұлға және оның адам ұғымымен қатынасы.
3.Таптар, ұлттар қатынасы.
- 1. Жеке тұлға жөніндегі түсінік
1.Әлеуметтік қатынастар субъекті әрі әлеуметтік мәнді қасиеттердің иегері ретінде әрбір адам-жеке адам болып сипатталады.
«Жеке тұлға» түсінігімен қатар біздің қолданымымызда «тұлға», «дара тұлға» терминдері бірге жүр.Бұл түсініктердің әрқайсысы өз ерекшіліктерімен ажыратылады, бірақ бір-бірімен тығыз байланысты. Осылардың ішінде ең жалпыланған, көп қасиеттердің бірігуін — «адам» түсінігі қамтиды. Адам — өмір дамуының ең жоғарғы деңгейінің көрінісі, оғамдық еңбек барысының жемісі әрі табиғат пен әлеуметтік болмыс тұтастығын аңдататын тіршілік иесі. Алайда, адам әлеуметтік- тектік мәнге ие болғанмен, ол жалпы табиғат туындысы ретінде- дара адамдық сипаты жағынан жанды мақұлық дүниесіне бөлектенбейді.
Дара адам — «homo sapiens» тектілердің өкілі,адамдық даму нышандарының иесі-нақты адам
Даралық-нақты адамның табиғи және әлеуметтік қабылдаған қайталанбас қасиеттері мен ерекшеліктері
«Жеке тұлға» түсінігіне байланысты ең алдымен адамның қоғамдық мәнді сапалары еленеді.Адамның әлеуметтік мәні оның қоғаммен байланысында қалыптасады да көрініс береді.
Әрқандай қоғамға орай адамның қасиет, сапа өлшемері әрқилы келеді. Қоғам социологиясы нақты қоғамның психологиялық типін анықта отырады.
Жеке адам көп сатылы құрылымға ие.Осыдан жеке адам психологиялық құрылымының ең жоғарғы да жетекші деңгейі қажеттік-себеп аймағы-жеке адамның бағыт-бағдарынан, оның қоғамға басқа тұлғаларға, өзіне қатынасынан және қоғамдық әрі еңбектік мідеттерінен туындайды.Сонымен бірге,жеке адам үшін мәндк құбылыс тек оның ұстанған бағыттары ғана емес, оның өз қатынас мүмкініктерін іске асыру қабілеті де үлкен маңызға ие.Ал, бұл өз кезегінде адамның іс-әрекеттік икемділігіне,оның қабілеті, білімі және есептілігіне, көңіл-күй, еріктік және ақыл-ой сапаларымен байланысып жатады.
Адам өмірге дайын қабілет,мінез және қызығулары мен келмейді, бәрі-белгілі табиғи негізде адамның өмір барысында қалыптасады.Адам тәнінің негізі,яғни генотипі оның анатомиялық-физиялогиялық,психологиялық ерекшеліктерін, жүйе-жүйесінің қозғалысын белгілейді, биологиялық құрылым иесі-адам өткен әулеттердің білім, салт, заттай және рухани мәдениетті күйінде топталған өмір тәжіриебсін игерумен ғана жеке адамдар дәрежесіне көтеріледі.
Жеке адам дамуы өз мүмкіндіктерін үздіксіз кеңітіп қажеттіліктерін арттырып берумен байланысты. Осы даму деңгейі
Нақты адамға тән болған қарым-қатынастар аймағымен өлшенеді даму дәрежесі мардымсыз тұлғаның адамаралық қатынастары да өте жәй,күнделікті тіршілік күйбеңінен аспайды.Ал даму деңгейі жоғары болған адам өзінің рухани мәртебелігімен, қоғамдық мәнді құндылықтармен ерекшеленеді.
Әрбір дара адам өзінің қоғамдығы өмірлік әдептерін реттеумен күнделікті тіршілік проблемаларын шешіп береді.Бірдей қиыншылық, кедергілердің шешімін әр адам өз әдіс, тәсілдерімен табуы мүмкін. Осыдан, жеке адамды танып, білу үшін сол адамның алдында тұрған өмірлік міндеттерін, оларды іске асыру жолдары мен өмір барысында ұстанған прициптерін жете білу қажет.
Қоғамдық қатынастарға араласып және оларды басшылыққа ала отырып, адам сол қатынастардың ықпалында қалып қоймайды. Әрандай дара тұлға өз дербестігі мен ерекшелігіне ие.
Жеке адамның дербестігі оның ең жоғарғы психикалық сапасы- рухани дүниесімен ұштасады. Рухани дүние дегеніміз адам мәнінің ең биік көрініс, оның жалпы адамзаттық инабат парызды түсіне білуі, болмыстағы өз орнына сай қызмет ете алуы. Жеке адамның рухани жетілгендігі – бұл жоғары дәрежедегі саналық жетілу, ізгі мұраттарды басшылыққа алу, сонымен бірге, жаман ниеттер мен мезеттік шен-шекпеннен, жалған белсенділік пен өтірік-өсектен өзін аулақ ұстай алуы. Ал адамның мұндай қасиет, сапаларды өз бойына дарытуы көбіне қоғамдық салтқа тәуелді. Қоғамның даму дәрежесі неғұрлым төмен болса, ел ішінде баршаны бірдей теңестіру принципі өріс алады да, ондай қоғам мүшелері құлдық бағыну күйінен арыла алмайды. Дербестігінен айрылып, өз бетінше ой жүгіртпеген адам, өзінің тұлғалық даму ниетінен ажырап қалады.
Жеке адам сапалары сол адамның араласқан қатынастар өрісіне, әртүрлі әлеуметтік өмір аймағында қызмет ете алу қабілетіне байланысты келеді. Шығармашыл тұлға тікелей қоршаған әлеуметтік шеңберінде қалып қоймай өзін ауқымды қоғам аймағы негізінде қалыптастыруға ұмтылыс жасайды. Мұндай адам бойында өзі жасаған қауымның, тіпті бүкіл қоғамның болашақ өркениеті көрініп, ол өз дәуірінің сапалық деңгейінен көш ілгері жүреді. Жеке адамның өз дербестігіне ие болуы оның тұйық әлеуметтік топқа бағынышты еместігін көрсетумен бірге сол адамның жоғары деңгейде кәмелденгенінің дәлелі.
Дара тұлғаның жеке адам санатына көтерілуі үшін маңызды факторлар идентификация, яғни дара тұлға ның өзін басқа адаммен
теңестіре,қоғам талабына сай болу ниетімен қалыптасып бару процесі, персонализация-дара адамның өз басының басқа адамдар өмірінде қадірі барын түсіне білуі, сонымен бірге нақты әлеуметтік топта өзінің кісілік мүмкіндіктерін іске асыра алуы.
Басқа әлеумет мүшелерімен жеке адам өз «Мені» негізінде қатынас түзеі.Ғалымда «жеке адамдық рефлекция» деп аталған бұл «Мен» ұғымы өзі ішінде әр адамның өз жөніндегі танымын, өз мүмкініктерін және өз қадірін сезе білу сияқты сапаларын қамтиды.Жеке адамның өзіне-өзі берген бағытының астам не төмен болуынан сол аамның ішкі жан арпалыстары келіп шығады.
Адам өмірі нақты тарихи-әлеуметтік аймақта жүріп жатады.Дүниелік жағдаяттар өндіру ерекшелігі, тұтыну аймағы, әлеуметтік қатынастар адамның тұрмыс салтын анықтап, оның тұрақты қылық әрекеттерін белгілейді.
Әрқандай жеке адам өзінің өмірлік салтын, жеке құндылық бағыттарына орай тіршілік жағдайларын өзгертудің, қайта бағыт құрудың жалпыланған, тұрақты тәсілдер жүйесін түзіп барады.Осыдан адамның тұрмыс, тіршілік салты оның жалпы өмір сүру, қоғамдағы өз орынын иелеудің бағдарына айналады.леуметтік құнды салт- бағыттан адамның жоғары инабатты, жасампаздық өмірі, рухани-этикалық, рухани-эстетикалық дүниетанымы туындайды.Адам өмірі осыдан, бір мезеттік ықпалдар билігінде қалып қоймай, ішкі заңдылықты ниет –себептер жүйесін арқау етеді, өзінің әлеуметтік мәнді, мағыналы мұраттарын барластыра, саналы бағытта жасау мүмкіндігін алады.
Жеке адамдағы барша өмірлік күйзеліс-ауытқулар оның өзіндік «Менің» танымаудан, объективті мәнді жеке басының құнды тараптарын сезіне алмаудан келіп шығады.Жеке тұлға болмысының ең айқын көрсеткіші-оның өз психикалық жағдайын басқара алу және әрекет-қылықтарын қоғам қалыптастарған өлшемдерге икемдестіре білу дәрежесі.
Жеке тұлға тұрақты қасиеттер жиынтығымен дараланады, тұлғаның барша ерекшеліктері оның тума, нәсілдік және әлеуметтік-мәдени сапалардың бірлігінен қалыптасады.
2.Жеке тұлға және адам ұғымымен қатынасы.
Адам дүниеге келісімен, екінші бір адаммен қарым-қатынаста болуды қажетсінеді.Мәселен, нәрестенің анасымен «тілдесу» қажетін қанағаттандырмау-біртіндеп оның қасаң сезімді, мейірімсіз болып өсуіне, кішкентайынан айналасына деген сезімінің азаюына әкеліп соқтыратыны белгілі.Өзгелермен қарым-қатынас жасау-бұл тіршілікке аса маңызды ақпарат «хабар» алмасу деген сөз.Адам қарым-қатынас арқылы айналасындағы дүние жайлы мәлімет алады, еңбекпен тұрмыс дағдыларына машықтанады, адамзат жасап шығарған түрлі құндылықтарды меңгереді.
Қарым-қатынас ұғымымен тікелей байланысты «топ, ұжым» деген ұғымдардың сыр-сипатымен қысқа болса да байланысты. Жеке адам жалғыз жүріп көздеген мақсат-мұратына жете алмайды, сондықтан ол ылғи да басқалармен бірлесіп тіршілік етуі тиіс.Мұндайда жеке адамға «топ» қауымның тигізетін ықпалы зор және топпен бірге өмір сүретіні белгілі.Ал, топтың түрлері сан алуан.Жеке топ, реалды топ «нақты», қауымдық топ, шағын топ, формалы топ, бейресми топ «формасыз», референттік топтардың мәні ерекше. Сондай-ақ әлеуметтік психология ғылымдағы негізгі ұғымдардың бірі-қарым-қатынас.Қарым-қатынассыз жеке адамды түсіну, оның дамып жетілуін талдау мүмкін емес.Қарым-қатынас түрлері ен формалары бойынша әр алуан.Тура, жанама, тікелей, біреу арқылы т.б қатынас.
Тікелей қатынас соның негізінде тікелей емес қарым-қатынас пайда болады.
Тікелей емес қарым-қатынас жазбаша түрдегі немесе техникалық құралды пайдалану негізіндегі толық емес психологиялық контакт.
Адамзат тәжірибесін игеруде, жазудың, кітаптың, басқа әртурлі техникалық құралдың пайда болуы тікелей емес қарым-қатынас жасаудың жүйесін күрделендіреді.
Қатынас әрі қарай жеке тұлғалық және көпшілік қарым-қатынас болып бөлінедіЖеке тұлғалық қатынас топтарда, жұптарда, жеке дара ерекшеліктерін білу, қайғы-қуанышқа ортақтасу, түсіну, бірігіп әс-әрекет ету негіздерінде қалыптасатын түрі.
Көпшіліктік қатынас-көпше түрдегі таныс емес адамдардың және көпшіліктік мәлімет құралдары арқылы қарым-қатынас жасау.Осындай қатынастың түріне өнер, эстетикалық қарым-қатынастарды жатқызады.
Қарым-қатынаста адамдар өзін көрсетеді, өзі үшін және басқалар үшін психологиялық қасиеттерін аша түседі, сонымен бірге қасиеттері қарым-қатынаста қалыптасады да.Адамдармен қарым-қатынас адамның адамзаттық тәжірибені игеру, жеке адам және дара адам түрінде қалыптасуы іске асырылады.Яғни, жеке тұлғалық қарым-қатынас адамның психологиялық дамуының маңызды факторы.Жалпы алғанда жеке тұлғаның адам ұғымымен қарым-қатынасын былай анықтауға болады.Адамның бүкіл өмірі барысында психикалық процестері мен мінез-құлқы қалыптасатын жан-жақты шындық.Қарым-қатынастың маңызды 5-функциясын бөліп қарауға болады.Қарым-қатынас адамдардың ұжымдық іс-әрекетінде байланыстырғыш роль атқарады.
3.Таптар, ұлттар қатынасы.
Таптар, ұлттар қатынасы-ұлтаралық, тапаралық қатынастар бола алады.
Ұлтаралық қатынас-ол әр ұлттың өзара байланысы, діні , сөйлесуі яғни өзара әрекеттері.Олардың қатынасы тек өз ұлттары арасында ғана болады.
Тапаралық қатынас-бір елде бірнеше ұлт болып,бір-бірімен қоян-қолтық араласуы, тапқа бөлінуі.Ол дегеніміз әркімнің ахуалы, өмірі, тұрмысы әртурлі жағдайда болады.
Пайдаланылған әдебиеттер
1.Аймауытов Ж. Жан жүйкесі және өнер таңдау.-Мәскеу 1926.
2.Алдамұратов Ә.Жалпы психология.1996ж-Алматы.
3.Алдамұратов Ә.Қызықты психология.1992ж-Алматы.
4.Брунер Д.Психология познания.1977.
5.Сәбет Бап-Баба.Жалпы психология.2005ж.Алматы.
6.Қожахметова М.Адам-құпия.1997ж.Алматы.