АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Реферат. Жеке тұлғаға және оның эстетикалық талғамының қалыптасуына қолөнердің әсері

Жеке тұлғаға және оның эстетикалық талғамының

қалыптасуына қолөнердің әсері.

 

   Әрине «өсер елдің бірлік екен, қай кезде де қалауы» демекші бұл шара ең алдымен мемлекет тарапынан ұйымдастырылып, мектеп қабырғасынан  үйретілген жөн деп ойлаймын. XXI ғасыр — жастар ғасыры емес пе?  Оқушыларға технология пәнінен көненің көзі саналатын қолөнер түрлерімен таныстырып, жасалу жолдарын меңгертсек,  ескі дүниемен қазіргі  жаңа әдісті пайдаланып, керемет қолөнер туындыларын ойлап шығаратындықтарына кім шүбә келтіре алады? Мысалы, еңбек пәніне 51 сағат бөлінсе,оқушылардың жас шамасына қарай қолөнер бөлімін де ұтымды пайдалана білуге болады. Егер кітаби жоспарды құру менің үлесіме тисе, бұл сағаттарды мен мына түрде жүзеге асырар едім, мәселен, 7-сыныптың сабақ жоспарын төмендегідей ұйымдастырған тиімді деген сенімдемін:                 Сұраныс бар жерде, қолөнердің өріс алып, өркен жаятыны сөзсіз. Еліміз тәуелсіздік алғалы қолөнер біршама еленіп, өз беделіне ие бола бастады. Қазақ өзінің ұлан байтақ жеріндегі ежелден қалыптасқан көне мәдениеттің тікелей мұрагері және сол дәстүрді дамытушы, байытушы, жаңғыртушы. Қорыта айтқанда нағыз әсем өнер ғана адам жанына рухани азық болады, адамның эстетикалық сезімін оятып, ізгілік, парасаттылық қасиеттерін қалыптастырады.

       Адам сезімін тәрбиелеу проблемасы  бірқатар факторлармен шешіледі, өның ішінде өнер басты рөл атқарады. Өнер арқылы адам өзінің шын мәніндегі өз ішкі көңіл – күйін білдіреді. Олай болса осы ғылыми зерттеудің негізгі мақсаты – ол адам баласының барлық әрекетіндегі сергек сезімталдықты қалыптастыру.

              Ғылыми ой тікелей санамен байланысты болса, ал өнер санамен тек сезім арқылы байланысады. Оймен елестетіп, образбен көрсетуге сүйенеді. Өнер атаулы жас ұрпақтың сұлулықты қабылдауын, әсемдікке деген көзқарасын, әдемілікке деген талғамын қалыптастырып, осы тұрғыда мол тәжірибе жинақтауға жағдай жасайды. Тұлғаның творчестволық қабілетін дамыта отырып, оның даралық қасиетінің көзін ашып, жан – жақты, барынша дамуына бағытталады.

              Әр халықтың эстетикалық дүниетанымы, көркемдік мәдениеті, өзіне тән өнер туындыларымен ерекшеленетіні өмір шындығы. Ұрпақ тәрбиесінде, туған халқымыздың ұлттық өнерін, оның нәзік те көркем сырын тұлғаның дамуында әсемдікті түсіне білуге баулу құралы екені сөзсіз. Сондықтан қалыптасушы тұлғаның өнерге деген қызығушылығын қалыптастыруда бейнелеу өнерінің сан – алуан түрлері жайында қарапайым түсініктер беру көзделеді.

              Адамның рухани дамуы белгілі дәрежеде сұлулқты қажетсінудің пайда болуымен байланысты. Ал, рухани қажетсіну практикалық іске тікелей белсенді араласу нәтижесінде туады. Сондықтан жаңа қоғамның  азаматын  тәрбиелеуде практикалық іске қатысудың өзі адамның дұрыс шын мәндегі әдемілікке, әсемдікке деген көзқарасын қалыптастырады. Бұл жерде, себеп пен салдардың өзара ықпал етуі пайда болып, өнерді қабылдауда творчестволық  процесс белгілі дәрежеде практикалық әрекеттен туып, ал практикалық әрекет өнерді творчестволықпен қабылдап, оның сұлулыққа деген қатынасының өзгеруін туғызады/1.3 – 5/.

              Бүгінгі күннің көкейтесті мәселелерінің бірі ретінде адамды өнердегі ұлттық айшықты, ерекшелікті сезіне білуге баулып, оның шебердің қолынан шыққан ағаштан, темірден, матадан, теріден, жүннен сондай — ақ сүйектен жасалған бұйымдар арқылы халық тұрмысын білуін, ақылмен ойластырған еңбек нәтижесін көріп, қоршаған ортаға үңіле қарауын, ой қиялын дамытып, бейнелеу өнеріне деген қызығушылығын, көркемдік талғамын қалыптастыру міндеті қойылып отыр. Демек, тұлғаның көркемдік талғамын ұлттық қолөнер  негізінде қалыптастыру мәселесі арнайы зерттеуді талап ететіні ақиқат. Сол себептен де қазақ халқының тәлім – тәрбие, мәдениетінің бастауы болатын – халықымыздың қолданбалы өнерді күнделікті тұрмыста  пайдалануын өзек етіп, басшылыққа ала отырып  «Жеке тұлғаның эстетикалық талғамын ұлттық қолөнер негізінде қалыптастыру» деген мәселені арнайы зерттеуді ұйғардық.

              Жеке тұлға ұғымы тереңнен тамыр алады. Бұл сөзді айғақтаушы біздің заманымыздан неше мың жыл бұрын өмір сүрген грек ойшылдары Платон, Аристотель сынды ғалымдардың тұлға мәселесін өз еңбектерінің негізгі мәселесі етуі. Бертін келе бұл мәселені американдық психолог Э.Торндайк та зерттеген. Сол сияқты Э. Роттердамский,

 Я. А. Коменский, К. А. Гельвецкий, Д. Дидро, К. Д. Ушинский,   

А.С. Макаренко, Л.И. Божовичтар еді. Ал еліміздегі тұлға мәселесі жайын сөз еткенде ең алдымен зерттеушілер арасынан қомақты жұмыс атқарып жатқан  жетекшілік етуші Ж. И. Намазбаева және оның шәкірттері, яғни Л. О. Сәрсенбаева, Р. Ш. Сабірова, Л. В. Пилипчук, С. Ж. Өмірбекова, Г. Т. Бекмұратова және тағы басқалардың  ғылыми зерттеу еңбектері бүгінгі таңда  белсенді түрде дамуда.                          

              Қазақ қолөнерінің «алтын кезеңі» болып есептелген XVII-XVIII ғасырлар  өзге ұлт ғалымдарын да елең еткізбей қоймады. Орыстың атақты тарихшысы Я. К. Палтароцкая Алтай, Тарбағатай елді мекендерінде болып, аталмыш өнер саласына байланысты эерттеулер жазып, соның ішінде бас киімнің түрі сәукелеге арнайы тоқталады. Мұндай ғажап дүниені бұрын – соңды кездестірмегендігін айтып, аса жоғары бағалайды. Сондай – ақ Г. Н. Потанин, В. В. Стасов, Э. Масанов, Р. Ходжаев, И. Захарова еңбектері де зор үлес қосты.                 

                 Бертін келе  қолөнердің өте жақсы зерттеліп, дамуына байланысты бірнеше оқулықтар басылып шықты. Солардың ішінде көлемді әрі көркем жазылған А. Тәжімұратовтың «Қолөнер шеберлігі – жалпы халықтық қазына» атты өнертану – этнографиялық сипаттағы алғашқы кітаптардың бірі ретінде қазақ халқының сәндік – қолданбалы өнеріне терең ғылыми талдаулар жасалады. Бұл кітаптың көрнекіліктері жақсы безендірілген және ұлттық ою — өрнек жайлы көптеген мәліметтер алуға болады.  Сол секілді 

Х. Арғынбаевтың  «Қазақ халқының қолөнері», М.Мұқановтың «Қазақтың үй тұрмысына арналған қолөнері», Ө.Жәнібекковтың «Жаңғырық» атты еңбектерін атап өту орынды. 

              Қолөнер тарихы туралы тағы бір топ ғалымдардың қалдырған  еңбектері баға жетпес дерек болып табылады. Олар: А. Янушкевич,

 И. Ф. Русанов, Н. М. Ядринцев, П. И. Лерх, Д. Львович, А. И. Якоби,

Г. Н. Потанин

              Жеке тұлғаның жалпы дамуына, ұлттық тәрбиесіне, көркемдік талғамына үлкен мүмкіндік беретін халықтық қолданбалы өнердің табиғатын, оның адам, қоғам өміріндегі атқаратын қызыметінің мәнін зерттеген орыс ғалымдары: И. Я. Богусловская, В.Б. Воронов, С. М. Темерин тағы басқалар өз еңбектерінде бұл өнердің өміршеңдігін, қайталанбас көркемдік құндылығын айқындай отырып, оның тәлім – тәрбиелік маңызына да баса назар аударды.

              Жалпы рухани – эстетикалық тәрбие мәселесін ұлттық үрдісте қарастырып қолданбалы өнер бейнелеу мәдениеттерін соңғы жылдары зерделеп елеулі үлес қосқан ғалымдар: Б. Әлмұхамбетов, Ж. Балкенов, О. Сатқанов, Е. Асылханов, Қ. Болатпаев.                                   

 

              Дәстүрлі өнер табиғаты, өзіне тән даму жолдары, адам өміріндегі атқаратын қызметі жағынан бейнелеу өнері басқа түрлерінен ерекшеленеді. Сондықтан, дамушы тұлғаның жасына, танымдық мүмкіндіктеріне сәйкес, әрі қолданбалы өнер туындыларын қабылдаудың, оның мәнерлілік құралдарын меңгертудің өзгеше оқу – тәрбие жүйесі жасалғанда ғана көркемдік талғамының қалыптасуы нәтижелі  болады.

        ұлтық қолданбалы өнер арқылы жеке адамның көркемдік білім мен эстетикалық тәрбие берудің ғылыми – педагогикалық, әдістемелік негізін анықтау;

              — көркемдік талғам табиғатын, оны қалыптастырудың эстетикалық тәрбие мен көркемдік білім жүйесіндегі мәнін анықтау;

              — ұлттық өнер арқылы көркемдік талғам қалыптастырудың мүмкіндіктерін анықтау.

        жеке тұлғаның қоршаған өмір шындығына эстетикалық қатынасын қалыптастырудағы бейнелеу және ұлттық қолданбалы өнердің, шығармашылық іс — әрекеттің маңызы туралы философиялық, эстетикалық, ілім негіздері; педагогиканың, психологияның және эстетикалық тәрбие теориясының қоғамдық мұраттарға байланысты даму заңдылықтары; жас ұрпаққа имандылық – эстетикалық тәрбие беру ісін жандандыруға бағытталған мемлекеттік ресми құжаттар, педагогикалық нұсқаулар, тұжырымдар мазмұны.

             қазақ дәстүрлі қолданбалы өнер арқылы қоршаған орта мен өнердегі сұлулық жарасымдылығы туралы алғашқы сезімдік, танымдық түсініктерін көркемдік талғам деңгейінде қалыптастыру.

 

 

 

Жеке тұлға туралы түсінік.

 

              Адам жалпы тектік ұғым ретінде нақты индивиттерден тұрады. Адам жер бетіндегі тірі организмдердің дамуының ең жоғарғы түрі, еңбек процесінің субъекті, ой санасы және сөйлеу тілі бар биопсихоәлеуметтік жан ретінде жалпылыма анықталса, индивид қоғамның мүшесі – жеке адамды білдіреді. Бұл сөз латын тілінен алынған және оның қазақша баламасы – «жекелік». Ұғым ретінде бұл сөз адамзат тұқымының еш қасиеттері ескірмеген бір өкілін білдіреді. Бұл орайда әрбір адам индивид болып табылады. Одан басқа тағы да «личность» деген ұғым бар. Қазақ тіліне орыс тілінен енген бұл термин көп уақыт бойы сол күйінде алынып келген. Ал соңғы кезде оны «тұлға» деп атайтын болдық/2.21-22/. Әр адамның өз алдына жеке өмірі болғандықтан, тұлға ұғымына  жеке сөзі үнемі қосылып отырады. Осының салдарынан  ғылымда «Жеке тұлға» деген сөз пайда болды. Жеке тұлға бұл интегративті жүйе, әлдебір ыдырамайтын тұтастық. Алайда, жеке тұлғаны зерттеумен айналысатын ғалымдар бұл тұтастықтың «өзегі» бар деп мойындайды, олар оны «Мен – жүйе» немесе жай ғана «Мен» деп белгілейді. Жоғарыда келтірілген жеке тұлға туралы түсінік жалпылама ұғым болып табылады.Жеке тұлғаның ең маңызды белгілері – оның саналылығы, жауапкершілігі, бостандығы, қадір – қасиеті, даралығы. Жеке түлғаның маңыздылығы оның қасиеттері мен іс — әрекеттерінде қоғамдық прогрестің тенденцияларының, әлеуметтік белгілер мен қасиеттердің айқын және спецификалық көрініс табуы арқылы, оның іс — әрекетіндегі шығармашылық қасиетінің деңгейі арқылы анықталады. Бұл орайда «адам», «жеке тұлға» деген ұғымдардың қатары «даралық» деген ұғыммен толықтырылуы қажет/3. 40-50/.

              Жалпы «тұлға» деген пікір мұнымен ғана шектеліп қоймайды, ол әр ғылым саласында, әр ғалымның түрлі көз қарасымен қалыптасып, сол ғылымның тілінде сөйлейді. Ғылым салаларының ең маңыздылары болып саналатындарының ішінде диссертация тақырыбына сай өнермен тығыз байланысты философия, педогогика, психология және өнердегі тұлғаны қарастырамыз.

              Философия ғылымында «Тұлға – қоғам мүшесі ретіндегі әлеуметтік даралық сапасындағы адам, қоғамдық қатынастардың жиынтығы айқындап тұратын биопсихоәлеуметтік мәнділік, әлеуметтік өмірде болып жатқанның барлығын жинақтап, өз бойына сіңіріп алып жүрген» деген анықтама беріледі. Тұлға мәселесін философтар былай да қарастырады: «Тұлға іс — әрекеттің, қарым – қатынастың, сана мен өзіндік сананың, дүниеге деген көзқарастық субьекті. Адам өзін — өзі басқара білу өзінің әуесқойлығы мен құштарлығын жеңе білу қабілеттеріне ие болғанда ғана тұлға дәрежесіне көтеріле алады. Тұлға – адамның қоғамдық қатынастары мен қызметінің жеке адам бойында шоғырлануының көрінісі, құқығы мен міндеттерінің, эстетикалық және басқа әлеуметтік нормалардың шоғырланған бірлігі. Тұлға  әрдайым әлеуметтік тұрғыда жетілген адам болып табылады. Адамды тұлға жасайтын ең алдымен оның әлеуметтік психологиялық ерекшеліктері/4. 21 – 22/. Бұл жайында педагог ғалымдар өз салаларында арнайы зерттеулер  жүргізіп, педагогика ғылымында тұлғаны былай қарастырады: егер адам сана және өзіндік санаға ие болып, өз бетінше жаңғыртушы іс — әрекет орындауға қабілеті болса онда ол адам тұлға деп аталады. Адам тұлға болып тумайды, ол қасиеттік дәреже даму барысында қалыптасады. «Адам» ұғымынан өзгеше «тұлға» түсінігі – адамның қоғамдық қатынастар, басқа адамдармен араласу ықпалында қалыптасқан әлеуметтік сапа қасиеттерін білдіреді. Тұлға ретінде әрбір адам әлеуметтік жүйеде мақсат бағдарлы және ойластырылған тәрбие барысында қалыптасады. Әрбір тұлға, бір жағынан, қоғамдық тәжірибені игеру деңгейімен, екінші жағынан, материалдық және рухани құндылықтар қорына қосқан қоғамдық үлесімен танылады. Тұлға болып жетілу үшін адам өзіне табиғаттан берілген және өмір мен тәрбие желісінде қалыптасқан ішкі қасиеттерін нақты практикалық қызметте аша білу шарт  деп түсіндіреді педагогика ғалымдары/5. 23 – 28/.

              Психологияда «жеке тұлға» деген ұғымның әртүрлі түсіндірмелері бар, бірақ олардың көбісі мына түсінікке келіп тіреледі: жеке тұлға дегеніміз әлеуметтік қатынастар мен саналы іс — әрекеттің субъектісі ретіндегі индивид.  Бұл ғылым саласындағы жеке тұлғаның ең басты белгісі – оның әлеуметтік мәнінің болуы және  әлеуметтік функцияларды атқаруы. Жеке тұлға,

сондай – ақ, психологиялық дамудың белгілі бір деңгейіне ие (темперамент, мінез – құлық, қабілеттілік, ақыл – ой дамуының деңгейі, қажеттіліктер, мақсат – мүдделер)/3. 40 – 50/. Бүгінгі таңда тұлға – психологиядағы ең өзекті мәселелерінің бірі болып саналады. Өйткені қоғамымыздың қарқынды әлеуметтік дамуы белсенді, жасампаз тұлғаны қалыптастыруға жоғарғы талап қояды. Ал қоғамның қазіргі жағдайында, елдің саяси, мәдени, әлеуметтік – экономикалық жақтарын жаңарту кезінде – жас ұрпақтың болашақта ізгі ниетті азамат болып дамуына олардың тұлғасының дұрыс қалыптасу үрдісі үлкен ықпалын тигізетіні сөзсіз. Сондықтан да тұлғаның теориялық зерттеулеріне, жалпы ұғымына сарапталған талдауларға зер салайық.

              Психологтар арасында тұлғаға байланысты бірыңғай қөзқарастардың болмағандығынан 300-ден астам анықтамалар жүзеге асуда. Тұлғаның анықтамасы сияқты оның құрылымында бітұтас көзқарастар жоқ. Жеке тұлғаның тұтас психологиялық құрылымы белгілі бір өмірлік стиль мен мінез – құлық арқылы анықталады. Жеке адамды психологиялық тұрғыда мына қасиеттер толығырақ сипаттайды: 1) идеялық; 2)мақсаттылық; 3)моральдық жағынан тәрбиелік; 4) жеке тұлғаның жан дүниесінің байлығы; 5)байсалдылығы; 6)белсенділік; 7)қайталанбайтын даралығы. Сонымен осы айтылғандардың бәрін жинап психологиядағы тұлға дегенге мынадай анықтама беруге болады: жеке тұлға дегеніміз – қоғамның мүшесі ретіндегі адам/6. 95 – 99/.                                                                                                                             

              Тұлға мәселесіне байланысты ұлы психологтардың ойларын қарастырсақ Л. С. Выготскийдің пікірі бойынша, адамның тұлғасы өзінің енген қарым – қатынастардың кешенді әсерінің нәтижесінде дамиды. Тұлға – бұл қоғамдық – тарихи дамудың өнімі. Ол тұлғаның қалыптасуы адамның мінездемесі үшін маңызды орын алады, яғни оның мінез – құлық пен іс — әрекетінің жоғарғы саналы формаларын қамтамасыз етіп, оның ақиқатқа байланысты барлық қарым – қатынастарының бірлігін құрайды дейді/7. 140/.

              Ал, А. Н. Леонтьевтің пікірі бойынша, тұлға – бұл адам өмірінің қоғамда туылуының ерекше түрінің психологиялық тұрғыда құрылуы. Тұлғаның жүйелі қасиет ретінде пайда болуы – индивид басқа индивиттермен біріккен іс — әрекетінде, ақиқатты өзгеріп соның арқасында өзінде өзгертіп, тұлға дәрежесіне жетеді деп тұжырымдайды/8. 487 — 29/.

              Қазақстанда психология ғылымы саласынан тұлға мәселесі Ж. И. Намазбаеваның жетекшілігімен және оның шәкірттерінің, яғни Л. О. Сәрсенбаева, Р. Ш. Сабірова, Л. В. Пилипчук, С. Ж. Өмірбекова, Г. Т. Бекмұратова және т. б. ғылыми зерттеу еңбектерінде белсенді түрде дамуда/6. 95 – 99/.

               Сондай – ақ өнердегі тұлғаның өзіне ғана тән мәні, объектісі бар болмысты бейнелеудің, танудың мағыналы құралы. Өнер  ішіндегі бейнелеу өнерінде тұлға динамикалық түсінік болып табылады. Ол өмір ағынында даму деп аталатын өзгеріске ұшырайды. Адамның жеке қасиеттері өмір жолында дамып, қалыптасатын болғандықтан, жеке тұлғаның «дамуы» мен «қалыптасуы» ұғымдарының мәнін ашу педагогика үшін маңызды мәселе болып табылады.

              Даму табиғатқа, қоғамға және әрбір жеке тұлғаға тән жалпы қасиет болып табылады. Даму дегеніміз – төменнен жоғарыға, қарапайымнан күрделіге қарай қозғалыс: сатылай эволюциялық ауысу немесе революциялық секіріс түрінде жүзеге асатын жоғары сапалы күйге қарай спиральды өрлеу процесі. Даму кезінде барлық философиялық заңдар жүзеге асады: өзгеру, сананың сапаға ауысуы, бір сапаның басқа бір сапаға ауысуы. Бұл қозғалыс, өзгеріс жеке тұлғаның дамуының қозғалыс күші болып келетін қарама – қайшылықтар күресі арқылы жүзеге асады.

              Жеке тұлғаның дамуы дегеніміз, ең алдымен, оның қасиеттері мен сапасындағы сандық өзгерістер процесі. Тұлға көптеген әлеуметтік тұрмыстық және моральдық біліктерге, еңбек дағдылары мен әдеттерге ие болады. Алайда, адамның жеке тұлға ретінде дамудағы ең бастысы – оның бойында болып жатқан сапалық өзгерістер (танымдық, сезім, моральдық – жігерлік т. б.). Мінез – құлықтың реактивті формалары белсенді түрде қалыптасып келе жатқан іс — әрекеттілікке айналады, дербестік пен өз мінез – құлқын билей алу қабілеттілігі артады. Осы және басқа да өзгерістер адамның жеке тұлға ретінде даму процесін сипаттайды.

              Педагогика мен психологияда жеке тұлғаның «қалыптасуы» термині жиі қолданылады. Бұл жеке тұлғаның дамуының нәтижесі дегенді және оның пайда болып, тұтастыққа, бір қалыпты қасиеттерге және сапаларға ие болғанын білдіреді. Қалыптастыру дегеніміз – бір нәрсеге пішіні мен тұрақтылық беру; толықтық пен нақты түр беру. Бұл тұрғыдан алып қарағанда қалыптастыруды әр қилы жолмен пайдалануға болады. Мысалы, тұлғаның өнер арқылы эстетикалық талғамын қалыптастыру секілді өзекті мәселе. Бірақ ең алдымен бұл мәселені қарастырмас бұрын өнер жайлы мәліметтер беріп өткен абзал.

 

 

Қазақ халқының ұлттық қолөнері және эстетикалық талғам.

 

              Сонау ықылым заманда, адам пенде болып жаратылған кезде осы жер бетінде нендей дүние бар еді? Қара жер, көк аспан, түйдек – түйдек тастар, сахара, шөл далалар емес пе? Пендені екі қолды етіп ерекше жаратқандықтан,осы табиғи денелерді игеріп,өз қажеттеріне жарату адамның қолында еді. Сонау миллиондаған жылдар бұрын олар осы мүмкіндікті пайдаланып , сұлулыққа сұқтана, жаңа нәрселер ойлап шығаруға тырысады.  Біртіндеп тастан, ағаштан, саз балшықтан, теріден, кейіннен темірден күнделікті тұрмысқа қажетті құрал – жабдықтарын жасап шығарған. Оған дәлел Қазақстан жерінде бұрын – соңды жүргізілген археологиялық зерттеулердің нәтижесінде анықталған ежелгі мәдениеттің үлгілері. Уақыт көшімен алға бір қадам баса отырып, ұсақ заттан ірі заттарға дейін ойлап шығаруға адамдардың мүмкіндіктері де, әрі логикалары да жеткілікті еді. Бірте – бірте адамдар арасынан ата-бабалардан қалған қолөнерге мұрагерлік жасап, мал өнімдерін өңдеп, ағаштан түйін түйіп, металдан алуан түрлі бұйымдар даярлайтын, әр түрлі құрал – жабдықтар жасауға ептілері іріктеле бастады. Жалпақ тілде оларды шеберлер деуге болады. Халқымыздың терең ойды аядай қалыпқа сыйғызған  «он саусағынан өнер тамған шебер» деген бейнелі сөзді жиі қолданылды. Міне, ойлап қарасақ бұл даналықтың басты айшығы ретінде  шебер сөзімен өнер деген ұғым да айтылады. Сонда бұл екі атау сөздің бір- біріне қатысы қандай? Жалпы  «өнер» сөзі нені білдіреді, «өнер»  дегеніміз не? Өнерді пір тұтқан ата- бабамыз  «Өнер- таусылмас азық, жұтамас байлық»,-деген жолдар арқылы өнердің тіршіліктің тұтқасы екенін кейінгі ұрпаққа сездіруді мақсат еткен. Өнер адамзат өмір қамының ең ертедегі формаларының бірі болып табылады. Оның шығу этнонимі де өз алдына бөлек тарих,сол себепті де бұл сөзді өмірде қолданбас бұрын әр азамат оның әуелгі жайын білуі абзал. Өнер тарихына үңілген, еліміздің аты әйгілі профессоры Б.Ғ.Нұржанов өнер терминін екі мағынада, яғни кең және тар мағыналарда қолданады. Кең мағынада өнер адамның барша шығармашылық жасампаз әрекетін білдіреді және бұл мағынада өндірісте, тіпті «дін» де өнер формалары болып табылады. Әсіресе осы мағынасында ол ежелгі грек тілінде көбірек қолданылады: орыстың «искусство» деген терминінен аударғанда ‘poesis’ сөзі ежелгі гректерде «білім», «туынды», «сана» ұғымдарын да білдіреді. Адам әрекетімен байланысты және осы әрекеттің өнімі болып табылатын барлық нәрселер ‘poiesisia’ – адамзат саласына жатқызылады және ол адамзат жаратпаған табиғи салаға – “Physis’y” қарсы қойылады. Өзінің тар мағынасында өнер әр түрлі формадағы көркем шығармашылық нәтижелері, үрдістері болып табылады. Дәл осы мағынасы қазіргі кезеңде негізгі болып саналады/4. 302 – 323/. Өнер адам баласын сан түрлі біліммен қаруландырады, жанын нәзік сезімге бөлейді. Өнер сүйген қауым адам баласына тән ізгі қасиетті,шынайы достық пен махаббатты, әсем мінез–құлықты қастерлейді. Адамның асыл, нәзік қасиеттерінің бірі эстетикалық сезімді оятып, өсіретін, эстетикалық талғам мен көзқарасты қалыптастырып, кісінің эстетикалық мәдениетін дамытатын, жетілдіретін факторлардың ішінде ең үлкен орын алатын, шешуші рөл атқаратын өнер екендігінде дау жоқ. Байқағанымыздай, өнердің эстетикалық тәрбиеде атқаратын қызметі баға жетпес. «Эстетика» — гректің «эстетиз» деген сөзінен алынған, «сезімдік», «сезіммен қабылдайтын дарындылық» деген ұғымды білдіреді. Тұңғыш рет «эстетика» ғылыми термин ретінде 1750 жылы неміс философы Баумгартеннің кітабында қолданылды, бірақта ғылым ретінде ол өте ерте дәуірде, құлдық қоғамда Египет, Вавилон, Индия және Қытай елдерінде пайда болды.

              Эстетика жайлы неміс, ағылшын, француз, орыс тілінде жазылған қыруар еңбектер бар. Соның өзінде эстетика ғылымының ерекшелігі туралы айтыс осы күнге дейін толастаған жоқ: «әсемдік» дегеніміз не? Өйткені оны заттық тұрғыдан сезінбейсің.

              Әсемдік – бұл адамның қажеттілігі, көзқарасы, мақсатымен сәйкес келетін жоғары дәрежедегі терең сезім. Ерте дәуірдегі суреттерге зер салсақ біз еңбек процесін көреміз: әркім өзінің айналысқан ісіне орай сурет салған, — аң аулау, жермен айналысу т. с. С. Соған орай «өмір деген тамаша» афоризмімен келіспеуге болмайды. Бірақта «әсемдік» жайындағы түсінікте субъективтік те кездеседі. Себебі «әсемдік» жайындағы ұғымды анықтауды көптеген маңызды әлеуметтік – психологиялық факторлардың ықпалы болған: дәуір, ұлттық және расалық, діни және таптық қатынас, сән, сонымен бірге тұлғаның жеке – дара психологиялық ерекшелігі. Дегенмен де әсемдік жайында жалпы адамзаттық өлшем бар: ол табиғат турасындағы суреттер, классикалық музыка және т. б.

              Әсемдікті тану (эстетика) – табиғатта, қоғамда, адамның іс — әрекетінің қай түрінде болмасын, оның қарым – қатынасында, әсіресе, өнерде заттардың және құбылыстардың мәні мен даму заңдылықтары жөніндегі философиялық ғылым боп табылады.

              Ежелгі тас дәуірінен бастап XIX ға дейінгі Қазақстанда маңызды орын алған адамның материалдық және рухани мәдениеттің негізгі екі кезеңдері туралы ғылыми таңдамалар П. Аюпов пен М. Қадырбаевтың «Ежелгі Қазыналары» атты кітабында орын алған. Бұл кітап 1979 ж Алматыдағы «Жалын» баспасында шығарылған.

               Осы сөздің түйіні ретінде «өнер мен эстетика егіз» деген тіркесті негізге алуға болады.  Себебі, олар адам санасы мен жан жүйесіне ерекше әсер ететін таптырмас құрал. Шынай өнердің адам атаулының мінез-құлқына игі әсер ететінін ұлы ойшылдардың көбі-ақ айтқан. Француз ағартушысы, философ,жазушы Дени Дидроның пікірінше, «өнер- өмір мен табиғатқа еліктеушілік» болып табылады. Ал, қазақтың шалқар шабытты және зор бақытты жазушысы Мұхтар Әуезов өнер туралы былай дейді: « Өнер атаулының барлығы қай елде, қай түрде туса сол ортаның шартынан, өз топырағының қалпынан туады. Өнердің ғылымнан айырмашылығы осы. Ғылым анайы топырақты білмейді, еркін, отансыз, анасыз зат. Бұған қарағанда өнер қаны, жаны бар денелі зат сияқты. Бұл анасының ұрпағы болып қана туады. Солай болып туса ғана өсіп — өніп дәурен сүреді. Елінің тонын киіп, елінің өз ішінен шықпаса, өнер ерте күннен  өрістен айырылып, тығырыққа қамалып, өлімге қарай бас иді деу керек». Неткен ғажап пікір десеңші? Бұл өсиеттер біз үшін баға жетпес эстетикалық құндылық болып табылады.  Рас, өнер осылай тамырын тереңнен алып, кең құлаш жая, осы күнге дейін дамымаса  сылдыр сөз, білімді практика жүзінде іске асырмаса, өмірде не мән, не сән болар еді?

              Өнер өзінің нақты түрлерінде өмір сүреді: әдебиет, театр, кескіндеу, мүсін, би, графика, саз, бейнелеу, қолөнер. Аталмыш өнер түрінің ішінде ең көне, өзге ұлттарға, сонымен қатар қазақ еліне тегіс тараған қолданбалы өнер болып табылады. Қай халықта және қашан да болса мұқтаждықты жою,баршылықты молайта түсу, халықтың тұрмысын жақсарту, қолөнер бұйымдарын тиімді, қолайлы, сәнді етіп пайдалану әр халықтың бәріне бірдей ортақ мүдде, ортақ арман еді. Соның нәтижесінде біздің ата-бабаларымыз кейінгі ұрпақ үшін көптеген қолөнер мұраларын қалдырды. Олар біздің өміріміздің зейнетті болуы үшін күрескенде, неше түрлі азапты от пен судың тар жол, тайғақ кешулерінен өтті. Сөйте жүріп өз елінің тарихында мәңгілік өнер өрнектерінің мұрасын қалдырды. Сол мұралардың бірегейі, халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық мұрасының рухани да материалдық қазынасының қомақты бөлігіне айналды. Бұл миллиондаған жыл бұрын қалыптасқан өнер екендігін жоғарыда айтып кеттік. Оны  айғақтайтын көне көшпенділердің жасаған әшекей бұйымдары, үй тұрмысына қажетті заттары. Формасы жағынан реалды, мазмұны жағынан мифтік тұрғыдағы бейнелеу өнері мен қолөнердің түйіндесуін қамтамазыз етті және қазақ халқының қолданбалы өнерінің ең алғашқы тарихи бастамасы болды/10. 66 – 72/. Еліміздің қолданбалы өнері олардың көшпелі және жартылай көшпелі тұрмыс жағдайы негізінде мал шаруашылығы өнімдерін өңдеумен байланысты болды. Мысалы, әйелдер қой жүнінен жіп иіріп, ол жіптен өрмек тоқып,шекпен, шалбар сияқты сырт киімдер, қапшық, қоржын, аяққап, киіз үйдің түрлі бауларын дайындаған. Қой жүнінен киіз үйге жабатын түрлі- түрлі киіз басып, оны оюлап жақсы текемет  басып,сонымен қатар  шиден бас киім секілді заттарды да  ойлап тауып отырған. Соның дәлелі ретінде ата- бабамыздың  аяулы алақанынан туған  мына бір қолөнер түрлерінің басты-бастысына тоқтала кетуге жөн көрдім:————————№ 

               Көптеген шетел ғалымдары қазақ ұлтының тарихын, тұрмыс – тіршілігін,киім үлгілерін әсіресе археологиялық  бұйымдарын зерттеуге көңіл бөлген және қолөнер тарихы туралы аса құнды деректер жазып қалдырды. Мәселен, А. Янушкевич, И. Ф. Русанов, Н. М. Ядринцев, П. И. Лерх, Д. Львович, Э. Ю. Петри, М. И. Манаев, А. И. Якоби, Г. Н. Потанин сынды ғалымдар.  Әсіресе  XVII – XIX  ғасырдағы қазақ қолөнерінің  гүлденіп, мазмұны байып, шарықтау шегіне жеткен шағы еді. Бұл жайында академик Ә. Марғұланның : «Қазақтар тек қолөнер әлемінде ғана өмір сүреті», — деген сөзі осының айғағы іспетті. Осы ғасырларда жұртшылықтың керек – жарақ мүлкі, үй жабдықтары, киім – кешек, әшекейлері ел байлығына айналды. «Алтын кемел белге сән, асыл жиһаз елге сән» деген халық нақылы осы кезеңнің көрінісің суреті тәріздес. Сірә, бұл кезде асыл тастарды қолдана бастаса керек.

 

Жеке тұлғаның эстетикалық талғамын ұлттық қолөнер негізінде  қалыптастыру.

 

              Қазақ қолөнерінің «алтын кезеңі» өзге ұлт ғалымдарын да елең еткізбей қоймады. Орыстың атақты тарихшысы Я. К. Палтароцкая Алтай, Тарбағатай елді мекендерінде болып, аталмыш өнер саласына байланысты эерттеулер жазып, соның ішінде бас киімнің түрі сәукелеге арнайы тоқталады. Мұндай ғажап дүниені бұрын – соңды кездестірмегендігін айтып, аса жоғары бағалайды. Сондай – ақ Г. Н. Потанин, В. В. Стасов, Э. Масанов, Р. Ходжаев, И. Захарова еңбактері де зор үлес қосты. Тарих парағы әр салаға әсерін тигізбей өтуі, әрине мүмкін емес – ті. Бір кездерде жалпы жұртшылық шұғылданатын қолөнер, 1917 жылы төңкеріс қарсаңында дереу тежеді. Тіпті жаңа жағдайға байланысты тұрмыстағы сұранысын жойды деуге болады. Сол кезде әлсіреп кеткен бұл өнер түрі, әлі де әлсіз, өз мәнінен төмендеген. Оған себеп болып отырғаны тұтыныс бұйымдарынаң шеттен әкелінуі, техникалық құралдардың көмегімен жасалуы болып отыр. Бұның өзі еліміздің елеулі проблемасы деп айтуға тұрарлық. Қазір «қазақ қолөнер бұйымдары қолданыстан тыс» қалды деген сөздер де  жиі айтылып жүр. Көкірегі ояу, көзі ашық ағайларымыз бұл зор проблеманың шешімін іздеп,өз ұсыныстарын білдіріп жүр. Солардың бірі ғылыми ізденуші Ісләмов Оралбек өзінің «Қазақ қолөнері қалай зерттелуде?» деген мақаласында қазақ қолөнерін қайта жаңғырту үшін мынадай жұмыстар ұйымдастырылған жөн деді.

  1. Қазақ қолөнерінің XIX ғ соңындағы үлгілерін басшылыққа алып, XX ғасырдағы дәстүрлі сабақтастығын көрсету. Яғни ұлттық қолөнер мәдениетінің XIX ғасырдағы тарихи деректеріне сүйене отырып, оны этнографиялық деректерін  анықтау. Сол деректер арқылы қолөнердің  XX ғасырдағы жалғастығын көрсету.
  2. Осы айтылған сабақтастықты көрсете отырып қол кәсібінің дәстүрлі технологиясын тәжірибелік жұмыс барысында анықтау.
  3. Қолөнер өнімдерінің қазақ мәдениеті тарихындағы орнын көрсету. XX ғасырдағы деректермен толықтыру, халық санасымен, тарихымен тығыз байланыстылығын нақтылау.
  4. Қахақ қолөнер тарихын саралай отырып оның ұлт мәдениетіндегі орнын анықтау, соның ішінде қолөнер бұйымдарының даму дәстүрн тың деректерін көрсету.
  5. Қолөнердің мал шаруашылығы өнімдеріне икемделген саласының өткені мен бүгінін салыстыра отырып, көне техналогиясын айқындау.
  6. Аймақтық салыстырмалы материалдарды қолданып, қазақтың жүн өнімдерін ұқсату мен пайдаланудағы ұқсастықтары мен ерекшеліктерін сипаттау.
  7. Әсіресе «жүн кәсібі» саласының қоршаған ортамен, ұлттық салт – дәстүрмен бірлікте дамитындығын дәлелдеу басты назарда болуы қажет. Осы ұсынылған іс- шараларды одан әрі дамытып, аталмыш мәселені шешудің оңтайлы жолы қандай? Қолөнер мәселесін ұлт болып шешу мүмкін бе? Әрине «өсер елдің бірлік екен, қай кезде де қалауы» демекші бұл шара ең алдымен мемлекет тарапынан ұйымдастырылып, мектеп қабырғасынан үйретілген жөн деп ойлаймын. XXI ғасыр — жастар ғасыры емес пе?  Оқушыларға технология пәнінен көненің көзі саналатын қолөнер түрлерімен таныстырып, жасалу жолдарын меңгертсек,  ескі дүниемен қазіргі  жаңа әдісті пайдаланып, керемет қолөнер туындыларын ойлап шығаратындықтарына кім шүбә келтіре алады? Мысалы, еңбек пәніне 51 сағат бөлінсе,оқушылардың жас шамасына қарай қолөнер бөлімін де ұтымды пайдалана білуге болады. Егер кітаби жоспарды құру менің үлесіме тисе, бұл сағаттарды мен мына түрде жүзеге асырар едім, мәселен, 7-сыныптың сабақ жоспарын төмендегідей ұйымдастырған тиімді деген сенімдемін:                 Сұраныс бар жерде, қолөнердің өріс алып, өркен жаятыны сөзсіз. Еліміз тәуелсіздік алғалы қолөнер біршама еленіп, өз беделіне ие бола бастады. Қазақ өзінің ұлан байтақ жеріндегі ежелден қалыптасқан көне мәдениеттің тікелей мұрагері және сол дәстүрді дамытушы, байытушы, жаңғыртушы. Қорыта айтқанда нағыз әсем өнер ғана адам жанына рухани азық болады, адамның эстетикалық сезімін оятып, ізгілік, парасаттылық қасиеттерін қалыптастырады.

 

 

              «Өсер халықтың қанаты — оның өнері» — дейді халық даналығында. Халқымыздың болашағын ойлайтын, туған елдің өркениетті мәдениетін дамытуға үлес қосатын азамат тәрбиелеуде сан алуан өнер түрлерінің тәлім – тәрбиелік ықпалы зор. Жас жеткіншектердің рухани дамуына зор әсер ететін өнердің барлық тәрбиелік мүмкіндіктерін жүйелі пайдалана отырып, оларға өнер туындылары арқылы туған халқының эстетикалық дүниетанымын, жарасымды дәстүрін меңгерту – маңызды мәселе.

              «Өнер ағып жатқан бұлақ» демекші өнер сан — салалы болып келеді. Жоғарыда айтылып өткендей өнердің қомақты бөлігінің  бірі – қолөнер. Қолөнер деп – халық тұрмысында жиі пайдаланатын өру, тігу, тоқу, мүсіндеу, құрастыру, бейнелеу сияқты шығармашылық өнер жиынтығын айтады. Халық қолөнеріне әдет – ғұрып жабдықтарымен қатар аң аулауға, мал өсіруге және егіншілікке қажетті құрал – жабдықтар да кіреді. Киіз үйдің сүйегі, ағаш – кереует, кілем, сырмақ, алаша, түрлі бау – басқұрлар тоқып, арқан, жіп есіп, илеулі теріден, таспа тіліп, ыдыс – аяқ, бесік және т. б. көптеген заттарды халық шеберлері, өнерпаздар өз қолдарымен жасап, түр нақыштармен әшекейлейтін болды.(2)

              Қазақ қолөнері жайлы арнайы басылған бірнеше оқулықтар бар. Солардың ішінде көлемді әрі көркем жазылған,  А. Тәжімұратовтың «Қолөнер шеберлігі – жалпы халықтық қазына» атты өнертану – этнографиялық сипаттағы алғашқы кітаптардың бірі ретінде қазақ халқының сәндік – қолданбалы өнеріне терең ғылыми талдаулар жасалады. Бұл кітаптың көрнекіліктері жақсы безендірілген және ұлттық ою — өрнек жайлы көптеген мәліметтер алуға болады.

              Қазақ қолөнерінің де басқа ұлттардың аталмыш өнері сияқты өзіне тән өсу жолы, даму тарихы бар. Ол тарих сонау көне заманнан басталады. Алғашқы адамдар қаймағы бұзылмаған таза табиғатты көргенмен, оған басқа қайрат қыла алмаса, бертін келе бейнелеу өнері дүниеге келді. Қай өнерді алып қарамайық, олардың алғашқы бастаулары бұлдыр замандарда, адамзат алғаш қалыптасатын кезеңдерде жатыр. әлі күнге ескере бермейтін бірақ толассыз өнер деп бағалауға болар құбылыстардың да арғы тарихы бар. Қазақ халқының қолөнерінде көне заман тарихымен бірге дамып, бірге қайнасып келе жтқан бай қазына.(3)                                                                                                        

              .

              Халық қолөнеріндегі мүліктердің бір тобы – үй іші мүліктері болса, екінші тобы – қайыс өру, қару – жарақ, көшу – қону, жол – жорық жабдықтары еді. Шеберлер тас қашау, сүйек ою, ағаш ою, мүйіз балқыту, металды өңдеу сияқты ауыр кәсіппен де шұғылданады. Қолөнер бұйымдарын жасау үшін шеберлер материалды табиғаттан алды. Қазақ халқы мал шаруашылығымен айналысып оның өнімдерін өңдеді. Мәселен: жүннен бау – шу, арқан – жіп, киім – кешек, аяққап, киіз үйдің киізін, түрлі  бауларын, төсеніштері сияқты ең қажетті мүліктер дайындаған. Теріден саба, торсық сияқты ыдыстар, ең алдымен аяқ киім, белбеу істелінді. Малдың тек жүнін емес,  сонымен қатар терісін, мүйізін, сүйегін де  іске жаратып отырған.(3)  

              Қазақ халқының өте дарынды, шебер халық екеін олардың қойдың жүнін қажеттеріне қолдана білуінен –ақ көруге болады . Жүннен жасалған бұйымдардың ішіндегі ең көп тарағаны кйіз. Киіз басу сонау Геродот заманынан белгілі. Ноин – улин мен Пазырык қорғандарынан қазылып алынған заттардың ішінде киізден басылған бұйымдар табылған. Киіз басу өндірісі өзінің өсу шегіне орта ғасырдан бұрын жеткен. Киіз – қойдың күзем жүнінен басылған, үй тұрмысында пайдаланылатын бұйым. Көшпелі халық өмірінде киіздің алатын орны ерекше. Киізден сырт киім, байпақ тіккен, оны тек үйді жабу үшін ғана пайдаланып қоймай, киіз үйдің ішкі жасау жиһаздарын, өзге де тұрмыс тіршілікке қажет заттарды тігуге де қолданған. Халық шеберлері қазіргі кездің өзінде, киізден қоржындар мен дорбалар жасайды. Киіз басу үшін ең алдымен жүнді өңдейді. Жүнді жақсылап майы мен шайырынан, шаң – тозаңнан тазартып жуып өңдегеннен кейін барып киіз басылады. Киіз басудың өзіндік технологиясы бар. Бұл жайлы Ә. Тәжімұратовтың «Шебердің қолы ортақ» кітабынан толық мағлұмат алуға болады.(4)  

              Енді біз сол қазақ халқының киізден жасалатын дәстүрлі сәндік – қолданбалы өнерінің бірі – текемет пен сырмаққтоқтала кетейік. Текемет дегеніміз негізінен киізге ою — өрнек түсіріп басылған киіз. Ол басу киіз басумен бірдей. Айырмашылық сол, текемет бетіне әр түсті өрнектер басылады. Осыған орай текемет басудың біраз өзіндік ерекшеліктері бар. Текемет киіз үйге жабылатын кесек киізден жұқа, сырмақтық киізден қалың. Ол киізге қарағанда таза, әрі жұмсақ. Сондықтан оған тек қана қозы жүнін немесе ең таңдаулы ұяң жүнді ғана пайдаланады.

              Текеметке түр салып басудың екі түрлі әдісі бар. Оның біріншісі, түрлі – түсті жүннен бөлек басылған жұқа киізден қиылып алынады. Үлгі бойынша өрнектеліп, қайшамен қйып алынған оюды шабақталған жүннің үстіне салып, ыстық су шашып киізше басады. Әдетте бұл әдіспен басылған текеметің өрнегі теп – тегіс болып әдемі түседі.               

              Сырмақәр түрлі киізден ойылып жасалатын төсеніш киіздің бір түрі. Сырмақ жасаудың атадан балаға таралып, дәстүр болып келе жатқан өзіндік тәсілі бар. Сырмақ даярлауда алдын ала өлшеніп, нақты белгіленген үлгілері болады. Ою — өрнек халықтық дәстүрге сай, қатаң тәртіппнен орналастырылады. Сырмаққа қажетті ақ киіз бір бөлек, қара қиіз бір бөлек басылып, екеуін беттестіріп, үстіне ою үлгілерін салып бормен сызып, бор орнына бұрындары тұз, көмір, сабын қосып қайнатып, бір тектес зат дайындап, екі киізді бірдей үлгімен ойып алатын болған. Сонан соң ойылған оюдың ағын қараға, қарасын аққа апарып қиюластырып тігеді. Құрастырылған оюды сол қалпымен тұтас үлкен киізге жапсырады. Оюлардың құрастырылар жерінің үстін бастыра жиек басады. Жиектік жіптің бояуы ашық түсті болады. Текеметтей емес, сырмақ мықты келеді. Кейбір сырмақтарды жарты ғасырда артық төсеуге жарайды. Жоғарыда айтылғандай оюларды құрастырып, үстінен басып тігу бітке соң сырмақты тұтастай сырып тігеді. Сырмақ сонда шымыр болады. Оның төзімділігі осында болса керек. Қазақ сырмақты негізінен төрт түрге бөледі: біріншісі көш сырмақ – ең үлкені, жалпы көлемі 3 – 5 метрдей. Екіншісі төсеніш сырмақ  жалпы көлемі 3 – 3,5 метрдей. Үшіншісі – төр сырмақ, көлемі 2 – 5 метр. Бұл жиекті, оюлы сырмақ. Мұны сыйлы қонақ  келгенде төрдегі қонақ көрпенің астына салады. Төртіншісі – төсек сырмақ, көлемі 2 – 2,5 метр, жер төсектің орнына  немесе төсектің алдына төсейді.

              Теріден жасалатын бұйымдар. Қазақ халқы теріден үй тұрмыс – тіршілігіне, шаруашылық қажетіне жарайтын ерлердің сыртқы киім – кешегі, ер- тұрман, қамыт – сайман, айал — әбзелдерін, азық түлік салатын қаптарды, сұйық сусын сақтайтын ыдыстарды жасаған. Әсіресе көнек, торсықтар өзіне лайық үлгілермен безендірілген. Теріге басылатын күрделі оюлар өсімдік тектес алуан түрлі де, не ыдыстың түріне қарай тұйықталған шағын да болып келеді. Көннен көнек жасау, жабдық жасау, даярлауда үлкен табысқа жетіп, көркемөнерге бірсыпыра үлес қосқан Талдықорған обылысының шеберлерін айырықша атауға болады. Ертедегі халық дәстүрінің кейбір бөлшегі бүгінде басқа мазұмында жүзеге асып отыр.

              Ою — өрнек халқымыздың айшықты өнерінің бірі. Бірақ ою — өрнек жеке дара өмір сүрмейді, ол тек бұйымдармен бірге, оның эстетикалық – көркемдік деңгейін сапалы дәрежеге көтеретін әшекейлік бейне құралы. Сондықтан, ою — өрнектің өзіне тән атқаратын қызметін ескермей, сәндік қолданбалы бұйымдардың жасалу принциптерінен бөліп қарастыру, бұл өнер туындыларын бағалай білуден алшақтатады, әрі көркемдік талғамының қалыптасуына кереғар әсер етеді.  

              Ғасырлар бойы әр түрлі қолөнер түрлері қалыптасады. XIX ғасырда және XX ғасырдың бас кезінде қазақ халқының қолөнері ішінде киіз үйдің сүйегін, ағаш төсек жасау, ағаш өрнектеу, кесте тігу, өрнек тоқу, киіз басу кең орын алды. Бұл кезде жас қыздарға арнап сәукеле, шашбау, білезік, сырға жасап, оларды түрлі түсті өрнектермен әшекейлеу өнері де өрістей түсті. «Қарыс қазы балықта, қалың қазына халықта» деген мақал осы өнер молшылығынан туған десе де болады. Қазақ халқы үшін арулар әр кез ардақты болғандықтан, оларға арнап көптеген әшекейлі бұйымдар ойлап тауып отырған.

 

 

Қазақстан бейнелеу өнерінің білім беру жүйесіндегі жағдайы

 

             «Эстетика» — гректің «эстетиз» деген сөзінен алынған, «сезімдік», «сезіммен қабылдайтын дарындалық» деген ұғымды білдіреді. Тұңғыш рет «эстетика» ғылыми термин ретінде 1750 жылы неміс философы Баумгартеннің кітабында қолданылды, бірақта ғылым ретінде ол өте ерте дәуірде, құлдық қоғамда Египет, Вавилон, Индия және Қытай елдерінде пайда болды.

              Эстетика жайлы неміс, ағылшын, француз, орыс тілінде жазылған қыруар еңбектер бар. Соның өзінде эстетика ғылымының ерекшелігі туралы айтыс осы күнге дейін толастаған жоқ: «әсемдік» дегеніміз не? Өйткені оны заттық тұрғыдан сезінбейсің.

              Әсемдік – бұл адамның қажеттілігі, көзқарасы, мақсатымен сәйкес келетін жоғары дәрежедегі терең сезім. Ерте дәуірдегі суреттерге зер салсақ біз еңбек процесін көреміз: әркім өзінің айналысқан ісіне орай сурет салған, — аң аулау, жермен айналысу т. с. С. Соған орай «өмір деген тамаша» афоризмімен келіспеуге болмайды. Бірақта «әсемдік» жайындағы түсінікте субъективтік те кездеседі. Себбі «әсемдік» жайындағы ұғымды анықтауды көптеген маңызды әлеуметтік – психологиялық факторлардың ықпалы болған: дәуір, ұлттық және расалық, діни және таптық қатынас, сән, сонымен бірге тұлғаның жеке – дара психологиялық ерекшелігі. Дегенмен де әсемдік жайында жалпы адамзаттық өлшем бар: ол табиғат турасындағы суреттер, классикалық музыка және т. б.

              Әсемдікті тану (ээстетика) – табиғатта, қоғамда, адамның іс — әрекетінің қай түрінде болмасын, оның қарым – қатынасында, әсіресе, өнерде заттардың және құбылыстардың мәні мен даму заңдылықтары жөніндегі философиялық ғылым боп табылады.

 Ежелгі тас дәуірінен бастап XIX ға дейінгі Қазақстанда маңызды орын алған адамның материалдық және рухани мәдениеттің негізгі екзеңдері туралы ғылыми таңдамалар П. Аюпов пен М. Қадырбаевтың «Ежелгі Қазыналары» атты кітабында орын алған. Бұл кітап 1979 ж Алматыдағы «Жалын» баспасында шығарылған.

              Қазақстан өнерінің тууы, жетілуі туралы, халықтың этникалық мәдениетінің қалыптасуы мен дамуы туралы Б. Казыханованың ғылыми еңбектерінен білуге болады. Оның «Өнер бастаулары – бұлақтары» атты ғылыми еңбегінің орны ерекше. Бұл еңбекте қазіргі өнердің жағдайы жан – жақты ашып көрсетуімен қатар халық өнерінің орны мен ролі анықталады.

              — өз егемендігіміз өзімізге тиіп, ілгері ел, тәуелсіз мемлекетке айналған кезде қазақ халқы мәдениетінің шынайы рухани қазыналарын ашып көрсетуге негіз қаланды. Сондағы ғасырлар бұрын қазақ жерінде түркі тектес халықтардың орта мәдениетінің ошағы болған қалалары, ата – бабамыз жасаған әдебиеті мен мәдениеті, философиялық, психологиялық, педагогикалық тұрғыдан ой мен жазба мұраларымыз болғаны дәлелденді. Білім, ғылым, мәдениет саласындағы осы «ақтаңдықтардың» бетін ашып, көне мәдениетімізге тереңірек үңілу, өткен уақыттың рухани мұрасын саролау, талдау, он бүгінгі ұрпақтың рухани жемісіне, қажеттілігіне айналдыру мәселесі қазіргі уақыттың талабы.

              Біздің халқымыз — әсемшіл халық, рухани мәдениет жасауды басты міндеттердің бірі деп санайтын халық. Сол үшін де жаңа өмірдің жарқын сипатын, сұлу сымбатын, жаңа қоғамның моральдық қасиетін уағыздауымыз керек.

              Қазақ халқының революциядан бұрынғы тарихында эстетика ғылымы болды деп айтпасақ та, халықтың әсемдік жайлы түсініктері мол болды. «Әлеуметтік шаруашылық тіршілігіне сай қазақ руларының әр кезде өзіндік мәдениеті болған. Бұл заңды да. өйткені тарихта ешқандай мәдениеті болмайтын, түрлі өнер, мәдени, әдеби шығармажасамайтын адам – қоғамы, ру – тайпалары мен халық болған емес. Тарих, археология ғылымдарының бүгінгі табыстары ертедегі қазақ рулары мекендеген жерлерде әр түрлі қалалар, кенттер жәнебасқа да мәдениет ошақтары болғандығын дәлелдеп отыр». Қазақтар ағаштан түйін түйіп, ер шауып, уық кесіп, шаңырақ жасады. Киіз басып, алуан өрнекті кілемдер, алашалар тоқыған. Бармағынан бал тамған шеберлер ернеуі жұқа шара, алтын білезік, сақина, балдақ, алқа, шолпы соқты. Дүкен ұстаған ұсталар алтын кездіктерді мүйіздеп, ел қорғаны – батырларға сауыт – сайман, оқ өтпейтін дулығы, шашақты найза, алмас қылыш, ауыр батпан, шоқпар жасаған. Халық арасында кең тараған зергерлік, сәулеттік өнері қазақ халқының көркемдік талғамының жоғары болғанын, өмірдің асқақ мұраттарына сәйкес әсемдік әлеміне үнемі ұмтылып отырғанын дәлелдейді. «сонау ерте кездердегі көркем сөз тіркестері, мақалды, мәтелді сөз өрнегі, ру таңбалары, жазу – сызулар, сөздіктерде ұшырасатын өлеңдер, аңыздар халқымыздың бейнелі ойға, шешендік өнерге көне заманда – ақ шебер болғанын көрсетеді». Осы тұрғыдан қарасақ, қазақ халқының өнерге бай, ой — өрісі кең, суреткерлік қабілеті мол, эстетикалық сезімінің жетілгенін аңғара аламыз.

              Ерте кезден – ақ бізде өнердің үш түрі: поэзия, музыка. қолөнері кеңінен өріс алды. Ғасырлар бойы әсемдікті өнер арқылы бейнелеп, шынайы асылдарын елге тарата білген халық жырдағы әуезділік пен үнділікті, музыкадағы нәзіктік пен ойлылықты, қол өнердегі жарастық пен көрнекілікті негізгі сипат деп бағалаған.

              Қазақ халқының көне заманнан бергі өнер тану жолын, эстетикалық ойларын, табиғат пен қоғамдық құбылысқа қатысын, әсемдік жайлы көзқарасын қалай білуге болады десек, ең алдымен, өнердің көне соқпақ іздерін тау үңгіріндегі суреттер мен өрнектер, тастағы таңба жазулар, жерден қазылып табылған көне бұйымдарды ауызға аламыз. Қазақстан жері тарихи ескерткіштерге өте бай. Мұнда материалдық мәдениеттің көне белгілері, архитектуралық ескерткіштер, тастан қашалған мүсіндер, құлпы тастар айырықша көп.

              Ерте ғасырда сақтармен бірге үйсіндер, қаңлы тайпалары қатар өмір сүрді. Олар Хорезм, Сырдария өңірін жайлады. Бұл тайпалардың мәдениетінде темірден, ағаштан жасалған түрлі бұйымдар болды. Қарапайым тоқу станогын жасап шығарып, үйге тұтынатын кілем, алаша, киіз жасай бастады. Мыстан, қоладан, алтыннан жасалған бұйымдардың беттеріне аңдардың суреттерін салумен бірге, өсімдікке ұқсас оюлар жасады. 1939 жылы Қарғалы өзенінің бойынан қос өркешті түйенің және таутекенің мүсіндері табылды. Осы бұйымдардың алтыннан жасалған бөліктерінде аңның, құстың, адамның бейнелері, өсімдік суреттері кездеседі. Сол оюлардың кейбір түрлерінің кейінгі уақыттағы қазақ халқының ою — өрнектеріне көп ұқсастығы бар. Соған орай осы орнаменттердің табиғатқа еліктеуден туған өнер екендігі аңғарылды. Бұл – көне заманның жемісі. Көбінесе, оларда тылсым табиғат күштері, жыртқыш аңның іздері мен мүйіздері бейнеленген. Осындағы ою — өрнектің үлгілері эстетикалық ұғым туғызады. Жарасымды дөңгелек оюлар мен ширатылған сызықтар өзара сәнді жалғасып, қызылды – жасылды бояумен астасып көмкеріліп тұрады. Жанды бейнені суреттемесе де ашық, сұлу көркімен сәнді құбылыс береді. Әрбір өрнектің түрлі пішіні сан алуан бояуы бар. Егерде терең үңіліп, ою — өрнектің көне тарихына қарасақ, халықтың қарапайым өнерінің де эстетикалық терең сыры бар екенін байқаймыз.

              Қазақ халқының қай өнердегі болсын ізгі соқпақтығын көру қиын емес. Тас қашап, ағаш жону, темір қақтап, өрнек салу, тас қалап, үй соғу ертеден етене өнерге айналады. Халық сол тастан аңдарадың, адамдардың мүсінін жасады, киіз үйдің басқұр – бауларын ою — өрнектермен безендірді.

              Қазақстанның қай жерінде болса да күмбезді үйлер, әсем құлпытастар, сұлу мүсін бейнелер жиі кездесіп отырады. Бұлар халқымыздың кейінгі буынға қалдырған асыл да асқақ ескерткіші іспетті.

              Қазақ тілінде өнер сөзінің мағынасы кең, ол әдеби тілде көп қолданылады. Қазақтар өнердің қоғамдағы орнын, күнделікті тұрмысқа қажеттігін, адам өміріне ықпалын жақсы білген. Және өнерді бірінен – бірін бөліп ажыратпаған. атқа шабу, кілем тоқу, күміс қақтау, ер шабу, ән салу, күй шерту, ою ою, жыр жырлау және т. б. өнер деп санаған. «Жігіт сегіз қырлы, бір сырлы болу керек» деген сөздің мағынасы өнердің көп қырлы екендігін байқатады. Оның үстіне халық өнерлі адамдарды – ұста, шебер, ақын, жырау, салт серілерді қатты құрметтеген/ 11. 44 – 47/.

              XI ғасырда өмір сүрген Шығыстың ғұлама ойшылы Қайқаус «Қабуснама» атты үгіт насихат кітабында өнердің абзалдығы, қадір – құрметі және өнегелі болуы туралы былай дейді: «… өнерсіз жан — өнегесіз, оның ешкімге де паидасы тимейді. Ондайлар бұтасы бар да, көлеңкесі жоқ тікенді шоңайнаға ұқсайды. Өзін де өзгеге де пайдасыз болады.

              Егер адам текті асылзада әулетінен болса да, өнері болмаса, халықтың ізет – құрметінен марқұм қалады. Нәсіл гаухарынан да, өнер өрнегінен де құр алақан жанның тағдыры одан да жаман болады»/12. 20/

              Бізге аттары мәлім, батыстың  аса көрнекті  ойшылдары мен жазушылары Гегель, Бальзакпен Маркс «өнер өмірді шындық арқылы бейнелеп, сезімдік тұрғыда тану» деген қағиданы мұра ретінде бізге қалдырған. Марксизм бойынша, эстетикалық таным әлемі практикалық игеру үрдісінде, оның материалдық, өндірістік іс — әрекеттерде пайда болды. Ол басқа да таным көздері тәрізді қоғамдық қатынастардың өзегі деген көзқарасты ұсынады.

              «Өнер шығармаларында –дейді академик М. Қаратаев, — еңбек адамдарының типтік ерекшеліктерін қамтитын, олардың ой – арманы мен твочестволық еңбегінің әсемдігін барынша молынан ашып көрсететін образдар мен характерлер жасап шығару – мақтан етерлік даңқты да игілікті іс. Дәл осындай шығармалардың бір жағынан, зор танымдық маңызды болады, екінші жағынан, ол адамдарға орасан үлкен эмоциялық әсер етеді, адамдар олардан көркемдік ләззат алады, ондай шығармалар өмірді эстетикалық тұрғыдан түсінудің шауман шаттығына бөлейді».(Қаратаев М. Әдебиет және эстетика. Алматы, 1970. 349 – 38)

              Олай болса, әсемдікті түсінуге негізгі бағыт беретін, қоғамдық өмірді шындық тұрғыдын суреттейтін адам адам өмірінің айнасы – көркемөнер. Көркемөнер өткен қоғамдық формациядағы халықтың тұрмысын, саяси хал жағдайын, іс — әрекетін, мінез – құлқын тереңірек, көркем түрде білуге жол ашады. Осы тұрғыда өз ойын жалғастыра келе М. Қаратаев былай дейді: «Адам өнердің объектісі, зерттейтін заты, мақсаты. Ал шығарманың күші адамның бейнесі,оның ішкі – сыртқы дүниесі қаншалықты айқын да нанымды көрсетілгендігімен, оның мінезі, оның қоғамдағы орны мен ролі, басқа адамдармен қарым  — қатынасы қаншалықты шынайы да терең бейнеленгендігімен өлшенеді»(Қаратаев)

              Қай халқты алсақта, бізге мәлім болғандай өз өмірін, күнделікті тұрмыс тіршілігін сәндендіруге айырықша көңіл бөліп отырған. өздері тұтынатын бұйымдары мен күнделікті тұрмысқа қажетті құрал – саймандарын әшекейлеп ұстауға тырысқан. Бұл жағдай адамдардың сезімін баулап, көзге ілінген заттардың оғашынан жирендіріп, сұлуы сүйсіндіретін, адам жанын рахатқа бөлейтін дәрежеге көтерілген.

              Қай халықтың болса да өнер – мұрасы сол халықтың қоғамдық тарихымен, күнкөріс кәсібімен тығыз ьайланысты болған. Осыған орай қазақ халқының өнері мен мәдениеті де басқа халықтардай өзінің тұрмыс – тіршілік, өмір сүру ерекшеліктеріне, тарихи кезеңдерге сай туып, дамып отырған. Демек, халықтың өзіндік ерекшеліктерін бейнелейтін өнер ғана жастарға ұлкен эстетикалық тәрбие берудің құралы бола алады.

              Қазіргі кездегі қазақтың қолөнеріне, тұрмыс – салт көріністеріне ерекше зер салып, байқасақ сол өмір қажеттілігінен туындағанын растайтыны анық – ақ. Оны, К. Мұқановта айғақтайды. «Ғылым мен білім әлі өркен жая қоймаған қазақ жерінде сонау VIII – XIX  ғасырларда – ақ қол өнері ұлттық дәстүр ала бастағаны халқымыздың өнер тарихынан аян. Ашық түсті айшықты текеметтер, қара ала сырмақтар, қызыл — жасыл түскиіздер, алқызыл гүлдері құлпырған түкті кілемдер, қошқармүйіз, самаурынша, құстаңдай, жапырақша өрнекті терме алашалар мен тоқылған сандыққап, аяққап, кесеқап немесе шекпен, шапан сияқты киім кешектер о баста, сөз жоқ, тұрмыстық қажеттіліктен туған. Айталық, жүннен иірілген жіп – жылу ұстағыштығымен, күннің көзін өткізбеитіндігімен, бояу алғыштығымен жоғары бағаланған…»(жүннен жасалған бұйымдар //құрастырған Қ. Мұқанов. – алматы: қайнар, 1990. 144 – 120)

              Қолөнер дүние жүзінің барлық халықтарына тән халық қазынасы, ғасырлар мұрасы. Осыған орай әр елдің, әр халықтың тарихи дамуына, тұрмысына, табиғат ерекшелігі мен эстетикалық талғамына байланысты қолөнері өзіндік ерекшелігімен халық өмірінде өшпес із қалдырып отырған.

              Сондықтан қолөнер – халық өмірімен, тұрмысымен бірге жетіліп, біте қайнасқан өміршең өнер. Қас шеберлердің қолынан шыққан қолөнер туындыларын халықтың өмірінен, тұрмысынан бөліп қарау мүмкін емес. Өйткені, бұл заттар ел тұрмысына сән беріп, адамдарға рухани ләззат әкелген. Аты шыққан қолөнер шеберлері өз өнерлерін ұрпақтан – ұрпаққа мирас етіп қалдырып отырған. өнердің осындай халықтық сипатын Абай Құнанбайұлы өте үлкен құндылық ретінде бағалаған.

              Академик М. Қаратаев «Әсемдікке үйрететін ұстаз» атты кітабында түс киіз, оюлы текемет, кілем, сүйекті өрнек, кесте өрім, міне осы өнердің бәрін халық жасағандығын, халықтың әсемдікті сую сезімі, талғамы осы өнерде бейнеленгендігін айта келіп: «Өнердің халықтың арғы негізінен қол үзбеу керек, себебі өнердің шын мәнісіндегі халықтығы ғана жақсы талғамның, өміршеңдіктің, өшпес әсемдіктің кепілі болып табылады», — дейді.(Әбіліова З, Әсемдік сенің серігің. – Алматы:Жалын, 1977. 108 – 28)

              Шоқан Уалиханұлы халық творчествосын, мәдениетін, салт – дәстүрін, киім үлгілерін, тұрмыстық құралдарын зертеп, өнердің міндеті халық өмірін реалистік тұрғыда көрсету деп білді. Сондықтан біздің суретшілеріміз де, архитекторларымыз да халықтың қолөнерін өз еңбектерінің басты арқауы етіп алды. Оны қазіргі кезді көп қабатты үйлер мен ғимараттардың қабырғаларында салынған әшекейлері, ыдыстар мен тұтыну бұйымдарында безендірілген өю өрнектері растайды. Сол секілді киіз басу мен кілем тоқу жөнінде ғасырлар бойы келе жатқан халық дәстүрін бейнелейтін айшықтар да басым келеді. Қорытындысында қазіргі кездегі қазақтың бейнелеу, мүсін, кескіндеме өнерлері жастарға эстетикалық тәрбие берудің бірден – бір таптырмас құралына айналып отыр.

              «Әр халықтың мәдениетіне терең үңілу арқылы ғана сол халықтың таным деңгейінің тереңдігін тануға болады – дейді Тұрсынбек Кәкішұлы. Қазақ халқы ертеден қалыптасқан көне мәдениеттің мұрагері, — дей келе ол, сол дәстүрді дамытушы, жаоғастырушы. Осыған орай халқымыздың этномәдени болмысы материалдық мәдениетімен де анықталады» — деген пікірін айтады. Олай болса, қазақ халқы қолөнерді қолдддағы бар материалға сүйеніп жасады. Ал, материал халықтың шаруашылығына, кәсібіне байланысты өндірілді. Қазақ халқы көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан ел болғандықтвн, киім – кешек, үй бұйымдарын, ер – тұрман әбзелдерін жасау үшін тері, былғары өндіретін болған. Ағаш, асыл тастар табиғаттан алынып өңделеді. Осы айтылған материалдардың негізінде үй жихаздарын, ыдыс – аяқтарын, құрал саймандарын, ер – тұрмандарын өрнектеп, нақыштап, түрлі түске енгізіп, безендіріп, әшекейлеп отырған.

              Көне заманнан келе жатқан қазақ қолөнері өз халқының дәстүрлі көркемдік мұрасын сақтап қалып, әр дәуірде өзінің өшпес ізін қалдырып, әлеуметтік – көркмдік жағынан дәуір тынысын қалт жібермей өз әсерін де тигізіп отырған. Тұрмысқа қажетті қолөнер бұйымдары көшіп – қонуға ыңғайлы, қолданыс орнына сәйкес сыртқы формасын тауып, әр шебердің талғамына, ой өрісіне тән ою — өрнекпен нақышталып отырған. Алдымен бұйымның мықтылығы, өнімділігі қарастырылған десек те, олардың бояуы, әсемдігі жағынан табиғи үндестік байқалады. Халық шеберлері сонымен бірге материалдың табиғи қасиетіне де зер салып, оны өңдеуде техникалық тәсілінің барынша тиімді және күделікті тұрмысқа ең қолайлы жақтарын қарастырып әсемдік, әлемдік дүниесіне де көңіл ауцдарып отырған.(Әбенбаев168 – 169)

              «Ел іші — өнер кеніші» — демекші, өнер ісін көркейтетін көптеген шеберлер тобы: алтын, күміс соғушы (зергер), қолашы (қола қуюшы), темір (ұста), қарнаушы, бәдізші (мүсінші), сәулетшілер болған. Бұл шеберлер, әсіресе металл балқытумен, мүсін жасаумен, үй салумен көбірек айналысты. Осы кездегі өнердің өркендегі дамуымен байланысты әсемдікке бой ұру белең алып, сұлулыққа деген талғам артып, өнер түрлері көбейгені байқалады.(әбілова 27 28)

              Қазақстан аумағында әр кезеңде жасалған қолөнер бұйымдарының бүгінде мынадай дәстүрлі түрлері бар:

  1. Ағаштан бұйымдар жасау.
  2. Жүннен бұйымдар жасау.
  3. Арқан – жіп есу.
  4. Киіз басу.
  5. Киізден бұйымдар жасау.
  6. Кілем тоқу.
  7. Теріден бұйымдар жасау.
  8. Сүйектен, тұяқтан және мүйізден бұйымдар жасау.
  9. Металдан бұйымдар жасау.
  10. Зергерлік
  11. Тастан, қыштан бұйымдар жасау.
  12. Ши тоқу.
  13. Ер – тұрман жасау.
  14. Кесте тігу.
  15. Киім тігу.
  16. Аяқ киім тігу.
  17. Сабын жасау.
  18. Бояу жасау.            

 Ағаштан жасалған бұйым түрлеріне:

  1. Киіз үй сүйегі.
  2. Киіз үй жихаздары.
  3. Ыдыс – аяқтар.
  4. Сазгерлік аспаптар.
  5. Мал шаруашылығында қолданылатын құрал – жабдықтар.
  6. Егіншілікте қолданылатын құрал – жабдықтар.
  7. Аң аулауда қолданылатын құрал – жабдықтар.
  8. Тұрмыста қолданылатын құрал – жабдықтар.
  9. Ойын жабдықтары.
  10. Бесік (Қоспақов З. Сыр тартсақ тарихынан әншіліктің. – а:ғылым, 1996. 168 – 4)                                                                                                                                                                                                                                                                   

              Шикі зат сапасы – төзімді де әдемі бұйым кепілі екендігі бәрімізге мәлім. Осы орайда, қазақ қолөнерінде пайдаланылған негізгі шикізаттың бірі және ең бастысы – жүн болды. Сондықтан әрі әсем, әрі сапалы да мықты бұйым шығу үшін алғашқы шикізат ретінде жүннің сапасы ерекше орын алады. Өйткені жүннің тұрмыстық қажеттілікпен бірге адам денсаулығына да пайдалы әсері бар.

              Жүннен жасалатын бұйымдарға: арқандар, жіптер, киіз үй жабдықтары, киім – кешектер, мал әбзелдері, төсеніштер, шаруашылық бұйымдарын жатқызады.(Қоспақов 13)

              Күні бүгінге дейін өз маңызын жоғалтпай келген сондай дәстүрлі қолөнер үлгілерінің бірі – киіз басу.

              «Киіз басу өнері адамзат өмірінде сонау көне заманнан бері белгілі. Археологиялық қазба жұмыстары кезінде Алтай жерінде Пазырық қорғанынан табылған киізден жасалған бұйымдар осының айқын дәлелі.

              …Киіз үйдің сыртқы формасы сол қола дәуірдегі тас үйлерден алынып, жылдан жылға практикалық жағынан күрделеніп байытыла келе біздің уақытқа дейін жеткен.

              …Оюланып киіз басу өнерімен басқа халықтардың да айналысқаны белгілі. Бірақ туысқан халықтарда жекелеп кездесетін киізді оюлау әдісінің тәсілдері Қазақстан аумағының барлық аудандарында кездеседі. Сондықтан да оюлап киіз басу өнері қазақ халқының еншісіне тиген қолөнері деп атауға әбден хақымыз бар.

              …Халық өмірімен бірге жасасып, біте қайнаған қазақтың киіз басу өнері әлі өз маңызын жойған жоқ. әдемі ойылған өрнекті текемет пен армақтар ауыл және қала уйлерінің интерьеріне ерекше сән беріп, жандандырып, үй тұрмысында төзімділігімен және көркемдігімен жоғары бағалануда» (жүннен жасалатын бұйымдар.17 – 18)

              Ою күнделікті тұрмыста үй жиһаздарын – текемет, сырмақ, көрпеше, сандық, кебеже, жүкаяқ беттерін, сондай – ақ киім – кешектерді, қабырғаларды т. б. заттарды безендіруде қолданылады. Онда өрнек элементтерінің ырғағы қайталанып, симметриялы орналасады.

              Киіз басу ісімен қазақ халқы өте ертеден таныс. Ғасырлар бойы көшпелі өмірге ыңғайлы тұрмыстық бұйымдардың бірқатарын киізден жасап келгендіктен киіз басу тнхнологиясын әбден меңгерген. Қазіргі заманғы киіз басу процестері де соған ұқсас, тек бұрын қолмен атқарылған жұмыстар бүгінгі күні механикаландырылған.

 

 

               1.3 ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТАЛҒАМЫН ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ҚОЛӨНЕР АРҚЫЛЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ.

 

              Өнердің барлық түрі өзіне тән бейнелі тілі, тәсілдерімен әсемдік әлемін ашып көрсете отырып, адам сезіміне әсер ететіні мәлім.

              Қолданбалы өнерге тән ерекшеліктер – айналадағы ортамен өнермен, еңбекпен тығыз болуы. Қолданбалы өнердің әлеуметтік – тәрбиелік рөлі тек оның туындыларының өзіндік көркемдік, эстетикалық құндылығымен ғана бағаланбайды, сонымен қатар адамдардың өз заманына сай талғамын білдіруден, өткендігі мәдениетпен, ұлттық дәстүрлермен сабақтастығынан көрінеді.

              Қазақ халқы сонау ерте заманнан – ақ күнделікті еңбек қызметінде өзінің қолданбалы өнерін дамытып отырды. Көркемдік талғам мен талапқа сәйкес олардың, отбасының, жеке бастың, тұрмыстық және рухани қажеттерін қанағаттандыру, айырбас сауда жасау үшін ең қажетті заттарды дайындады. Жүн, тері, сүйек пен мүйіз, яғни мал шаруашылығы өнімдері, ағаш, металл, қолданбалы өнер туындыларын жасайтын материалдар қызметін атқарды. Міне осының бәрін жасайтын көріп, көңіліне тоқып өскен бала бірте – бірте бұл өнердің қыр – сырын меңгеріп, өз бетімен өмір жолын бастағанға шейін айтарлықтай тәжірибе жинақтайды.(Ұзақбаева С. А. Тамыры терең тәрбие. – Алматы: Білім 1995 ж. 123 – 227 бб)

              Жас ұрпақтың рухани – эстетикалық дамуын қамтамазыз ету, негізінен, көркемөнер түрлері арқылы (әдебиет, музыка, бейнелеу, қолөнер және т. б.) білім мен тәрбие беру жүйесінде жүзеге асырылады. Қандай болсын өнер түрі қоршаған шындық болмысының құбылыстарын бейнелейтін, өзіне тән көркемдік құралдары арқылы баланың санасына әсер ете отырып, оның сұлулық туралы алғашқы түсінігін, қоршаған өмір шындығына эмоциялық қатынастарының қалыптасуын сапалы дәрежеге жеткізетін танымдық мүмкіндіктерін кеңейтеді.

              Жеке тұлғаның эстетикалық, рухани дамуына, дүниетанымдық көзқарасының жарасымды қалыптасуына көркем өнердің зор ықпалы туралы теориялық мағлұматтар, сонау ерте дәуір ойшылдарының (Аристотель, Платон) философиялық, эстетикалық ой – пікірінен, қайта өрлеу дәуіріндегі — өнерді, нақтылы шындықты түсінуге, тануға жетелейтін ғылым дәрежесіне көтерген (Леонардо, Альберто, Дюрер, т. б.) өнер алыптарының трактаттарынан, өнердің әлеуметтік қызметін айқындай отырып, оның саяси – адамгершілік сипатын ашып көрсеткен француз ағартушыларының (Вольтер, Дидро, Руссо) эстетикалық еңбектерінен және бұдан кейінгілердің (Кант, Гегель) философиялық, эстетикалық тұжырымдарынан бастау алады.

              Бұл саладағы ой – пікірлердің әрі қарай дамуына Н. А. Добралюбов, В. Г. Белинский, Н. Г. Чернышевский, К. Д. Ушинский сияқты орыс демократ жазушаларының қосқан үлесі мол болды. Әсіресе В. Г. Белинскийдің жеке тұлғаның сезімталдығын, қиял өрісін дамытудағы өнер туындыларының белсенді әсері мен ықпалы туралы тұжырымдады және оның өнерге тәрбиелеудің ерте жастан басталуын қажет деп санауы – жалпы эстетикалық тәрбие  теориясы үшін бағалы пікір.

              А. В. Луначарский сөзімен айтқанда, өнерайналасындағыларға сезімдік жағынан әсер етеді. «Ол өткенді, болашақты түсінуге, сүюге, оны тез сезінуге мәжбүр етеді, сондықтан, егер біз бұл үшін өзімізге лайықты болып табылатын элементтерді көне өнерден таңдап ала отырып, оны пайдалана алсақ, онда біздің идеяларымыз, принциптеріміз, көзқарасымыз көрініс табатын және орасан зор тәрбиелік маңызы бар өз өнерімізді дамытуды қалауға тиіспіз» — деп атап көрсеткен. (Луначарский А. В. О народном образовании – М.: АПН ССФСР, 1958. 559 бб)

              Қазақтың көркем – эстетикалық дәстүрлер үлгісін жас ұрпақ тәрбиесінде тиімді педагогикалық құрал ретінде пайдалану мәселелерін Е. Асылханов, Қ. Әмірғазин, Б. Әлмұхамбетов, М. Болатпаев, Ж. Балкенов, Б. Б. Байжігітов, Қ. Болатпаев, Е. Ералин, Е. Сағындықов, О. Сатқанов, С. А. Ұзақбаева сияқты педагог ғалымдардың арнайы, зерттеу жұмыстарында қарастырылады.

              Жас жеткіншектерде өнер арқылы көркемдік білім, эстетикалық тәрбие беру жүйесінің халық педогогикасының үлгілерімен ұштастығы, сабақтастығы туралы ғылыми зерттеу жұмыстарының тұжырымдық негіздерін С. А. Ұзақбаеваның «Тамыры терең тәрбие», «Өміршең өнер өрісі», «Балаларға эстетикалық тәрбие берудегі халық дәстүрлері» атты еңбектерінен көруге болады. Халық мұрасын пайдалануда балаларға сәндік қолданбалы өнер арқылы эстетикалық тәрбие бер мәселесі жан жақты қарастырылған.

              Ұзақпаева өзінің «Тамыры терең тәрбие» атты кітабында балалар мен жастарға эстетикалық тәрбие берудің мүмкіндіктерін қарастыра келіп, халықтық педагогиканың тамаша идеялары мен дәстүрін сақтап, ұрпақтан – ұрпаққа жеткізуде халықтың ауызекі шығармашылығы мен қолданбалы өнері айырықша рөл атқарады деді. Ол «қолөнер арқылы тұлғаның адамгершілік қасиеттерін /қайырымдылық, мейірімділік, инабаттылық, бауырмалдық, туыстық, достық, жолдастық сезім, туған жерге, елге сүйіспеншілігін, ұлттық намыс, ата – баба дәуіріне сыйласты көзқарас, ұлттық өнерді құрметеу, сақтау т.б./, психалогиялық – эмоциялық қасиеттерін /болмыстығы, қуанышы, сүйіспеншілік сезімінен қабылдау, байыптау, елестеу, еске сақтау, ойлау т. б./ өнердегі / табиғаттағы әдемілікті, сұлулықты талғаммен, жылы сезіммен қабылдау, ләззат алу, әсерлену, эстетикалық тұрғада баға беру т. б./, қалыптастырады. Олардың маңыздылығы бүгінгі күнде тіпті артып отыр» — деп тұжырымдайды.

 

              Жас ұрпаққа көркемөнердің қыры мен сырын, бейнелілік тілін меңгерту және олардың өнер саласындағы шығармашылық іс — әрекеттерін дамыту арқылы халқымыздың көркемдік мәдени бай мұрасын игерту, туған халқының өнеріндегі парасатты дәстүріне деген эстетикалық көзқарасын  қалыптастыру, қазіргі кездегі балабақшадан бастап орта мектеп, білім беру жүйесінің барлық саласындағы имандылық – эстетикалық тәрбиенің негізгі де басты міндеттерінің бірі болып табылады.

              Адамдардың сыртқы тұла болмысынан, олардың өзара қатынасынан, тілінен, жасаған өнер туындылары мен тұрмыстық бұйымдарынан, киім үлгілерінен әр халықтың өзіндік ұлттық ерекшеліктері, дүниетанымын, эстетикалық талғам сапасын, көркемдік мәдени даму жолдарын, салт – дәстүр үлгілерін, жас ұрпақ тәрбиелеу ісіндегі халықтық тәжірибеде белгілерін көрсетуге болады.

              Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрлары сан – алуан. Әр өнер жанрларының адам, сезіміне, санасына, ой — өрісіне ықпал жасайтын өзінік бейнелік тілі, жасалу құралдары бар. Жеке тұлғаның жалпы дамуына, көркемдік талғамының қалыптасуына үлкен мүмкіндік беретін бейнелеу өнерінің бір түрі – қолөнері.

             Жан – жақты өнер иесі, сегіз қырлы бір сырлы жазушы Ж. Аймаутов педагогика ғылымында тыңнан жол салған тұңғыш «Психология»/1926/ «Жан жүйесі және өнер таңдау» /1926/ атты еңбектердің авторы болды. Ол адам баласының мәдениет тарихынан өнердің көрнекті орын алып келгенін, өнерсіз қоғамның дамуы, рухани байлықтың молаюы мүмкін емес екендігіне тоқталып, ұлт мектептерінде әуелі кескін өнері мен әуез өнерін яғни, сурет салу, ән – күй өнерін үйретуге негіз салу керектігін, әрбір баланың өнерге деген ынтасын қозғап, өнерпаздық қабілетін тәрбиелеудің қажеттігін баса айтады. (Аймауытов Ж. Шығармалары. – Алматы. Жазушы. , 1989 – 269. 15 бб)

             Балалар мен жастарды қолөнердің белгілі бір саласына үйрету туралы идеялар қазақ халқының ауызекі шығармаларында ерекше орын алған. Мысалы, «Ақылды қыз», «Жігіт пен өнерлі қыз» ертегілерінде тегін, кесте өнерін жетік меңгерген қыздар, олардың ісмерлігі, жасаған заттары жайлы әңгімеленеді. Қыздардың қолынан шыққан заттар өзінің нәөіктілігі, көркем өнерлілігі, бояуының жарасымды үйлесімділігімен көзге түседі, халық арасында өте жоғары бағаланаты да сондықтан.

              мысалы, «Ермек» деген ертегіде Ермек деген кісінің өз қызын білгілі шеберге тігін ісіне үйренуге бергені туралы айтылса, оның жіп мата сатып алып, өрнек, кесте, киім тігіп үйренгені, еңбектің нәтижесінде үлкен шеберлікке жеткені, тіпті оның шеберлігіне тең келетін адамның болмағаны туралы айтылады.

              Ал «ақылды етікші» ертегісінде етікшінің тіккен етігінің әдемілігі, өзінің ақылдылығы, еңбекқорлығы суреттелсе, «Өнеге» ертегісінде ханның әдемі әшекейлі кілемдер тоқи білу оның тіпті өлімнен аман қалуына себепші болды.

              Қазақ халықтық халық педагогикасында білімді, қолөнер саласын жетік меңгерген, эстетикалық талғамы жоғары, «өнеріне қарай — өрнегі» байқалып тұратын шеберадамды «бармағынан бал тамған» деп жоғары бағалаған. Оларды халық өздерінің ұл мен қыздарына үлгі — өнеге етіп отырған. Мұндай жетістікке адам тек қолөнер кәсібінің құпиясын, қыр – сырын меңгергенде ғана жететінін де санаға сіңіріп отырған.(Ұзақпаева )

              «Қазіргі заманымыз — өнердің өзегі. Осыған орай адам өнердіәдеміліктің заңы бойынша жасайды», — деген Маркс қағидасынан туатын басты міндет – адамды жан – жақты, жарасымды етіп жетілдіру жаңа адамның, ертеңгі жаңа қоғамның ізгілікті мұратын орнықтыру болып табылады.

              Қоғамдағы халықтық мәдениет саласындағы қажеттіктері артқан сайын, өнердің адам баласына тәрбиелік қызметі артып отырады. Ондағы өнердің басты мақсаты — әдемілікті адам өміріне баянды ету.

              «Өнерді үйрен, үйрен де жирен», — деп Абай айтқандай, «Қашаннан қалыптасқан халық ұғымы бойынша өнер ақылдың, дарынның белгісі болып табылған».

              «Өнер – бәлім бар жұрттар

              Тастан сарай салғызады.

              Айшылық алыс жерлерден,

              Көзіңді ашып – жұмғанша,

              Жылдам хабар алғызады.

              Жаңа өспірім остарым,

              Қатарың кетті – ау алысқа – ай,

              Ұмтылыңыз қалыспай!

              Біз надан боп өсірдік

              Иектегі сақалды,

              «Өнер – жігіт көркі» деп

              Ескермедік мақалды…

              Біз болмасақ, сіз барсыз,

              Үміт еткен достарым;

              Сіздерге бердім батамды!»… — деген ұлы ұстаз Ыбырай Алтынсариннің өсиет өлеңдері мен

               «Мақсатым – тіл ұстартып, өнер шашпақ;

              Наданның көзін қойып, көңіл ашпақ.

              Үлгі алсын деймін ойлы жас жігіттер,

              Думан – сауық ойда жоқ әуел бастан – ақ»,- деген ұлы ағартушы Абайдың жыр жолдары өнердің құдіретін бізге өнеге өнердің құдіретін бізге өнеге ретінде ұстанып, өз отандастарын, соның ішінде жастарды тәрбиелеуді мақсат тұтқандарын ерекше бағалаймыз. Олардың бұл өсиеттері бізге бүгінде баға детпес рухани эстетикалық құндвлық болып табылады.

              Жалпы халықтық көркемөнер саласындағы парасатты мәдени дәстүрлері қоғамның және жеке тұлғаның рухани эстетикалық дамуына сонымен бірге, қазіргі заманғы кәсіби өнер саласында тиімді пайдалану мәселелері бұрынғы одақ көлемінде жүктелген көптеген арнайы ғылыми зерттеулердің мазмұнына арқау болып келеді /А. Асанов, К. Н. Долгов,           Б. Р.Казыханова, т.б)

              Өнердің барлық түрі өзіне тән бейнелі тілі, тәсілдерімен әсемдік әлемін ашып көрсете отырып, адам сезіміне әсер ететіні мәлім. Қолданбалы өнерге тән ерекшеліктер – айналадағы ортамен, өмірмен, еңбекпен тығыз болуы. Қолданбалы өнердің әлеуметтік — тәрбиелік рөлі тек оның туындыларының өзіндік көркемдік, эстетикалық құндылығымен ғана бағаланбайды, сонымен қатар адамдардың өз заманына сай талғамын білдіруінен өткендігі мәдениетпен, ұлттық дәстүрмен сабақтастығынан көрінеді» — деп өнердің мәні мен маңызына тоқталады. (Ұзақбаева С. А. Тамыры терең тәрбие. Алматы:Білім – 1995, 227 – 123)

 

 

                                 ҚОРЫТЫНДЫ

                          ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

 

              Қазіргі кезде жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру ісіндегі оқулықтар сын тұрғысынан талданып, бұл мәселені педагогикалық, психологиялық үрдісін халқымыздың ұлттық табиғатына, тәлім тәрбиелік дәстүріне, өнері мен мәдени мұрасына негіздеу жұмыстары қолға алынды.

              Мысалы: «қазақ мактептері мен мектеп жасына дейінгі балалар мекемелерінде имандылық эстетикалық тәрбие берудің кешенді бағдарламасы» /1990/ сияқты қолданбалы өнер сабақтарында балаларға ұлттық өнер туындыларының мазмұны арқыла халық мәдениетінің бай мұрасын игеруді көздеген құжаттар дүниеге келді және бұлар басшылыққа алынып отыр. (қазақ мектептері мен мектепке дейінгі балалар мекемелерінде имандылық эстетикалық тәрбие берудің кешенді бағдарламасы. – Алматы. – 1990 – 52 – 52б)

              М. Мұқановтың психологиялық зерттеулерінде «Эстетикалық талғамды тәрбиелеу баланың ең кіші жасынан басталуы қажет, қазіргі тәжірибеге қарағанда көркемөнерге талғампаздықты тәрбиелеу неғұрлым баланың баланың кіші жасынан басталса, соғұрлым оның сезімталдығы жоғары дәрежеде қалыптасатын болады. Себебі, нәрсенің әдемілігі, соның ішінде көркемөнер істерінің әсемдігі баланың табиғатына жақын келеді. Мұны И. И. Павлов сөзімен айтқанда, көркемөнер ісінің қорытындылары, мысалы: музыка, картина т. б. баланың бірінші сигналы системасына әсер етіп, оның өмірінде ұмытылмайтын әсер қалдырады. Соның нәтижесінде бала жас кезінен – ақ әсерленгіш, әр нәрсені есіне сақтағыш келеді» — деп тұжырым жасаған. (Мұқанов М. М Педагогикалық психология очеріктері. Алматы. 1962. 221 – 54б)

              Ежелгі дәуірден – ақ адам баласы үшін ғылым мен өнердің қажеттілігі тең дәрежедебірін – бірі толықтырып отырған. Ғылым дүниені тануға, білуге қызымет етсе, өнер айналаны ортамен үйлесімді өмір сүрудің тамаша қасиеттеріне баулаған. Адам айналаны, бүкіл дүнйені, оның әсемдігін тану арқылы, өзін тауып, өз рухани дүниесін көркейткен. Сол себепті өнрде адам бойында қайырымдылық, адалдық, отан сүйгіштік сияқтысан алуан асылқасиеттер сезімін қалыптастырып тәрбиелемек. Сөйтіп, өнерадамның жанын, оның рухани байлығын арттырып, ойын тазартып, мақсатына жетелейді, яғни ббиік тұлғаны қалыптастырады.

              Көркемөнер мен шығармашылыққа анағұрлым жақынырақ келетіні – педагогика, психология, тарих, әлеуметтану, этнография және т. б. ғылымдар. / Дюрер А. Дневники, письма, трактаты т 1. Москва: Искуство 1657, 86 – 89/

              А. Н. Лук өз еңбегінде адамның шығармашылық дамыту мен қалыптастыру, ең алдымен ол шығармашылық ойлауға байланысты дейді. /Лук А. Н. Психология творчества. Москва: Наука, 1928. 284 – 23 б/.  Ол  шығармашылық қабілеттердің белгілері ретінде:

              Нерв жүйесін (ақпаратты) код арқылы жіберу;

              Тасымалдай білу;

              Ақылдың икемділігі, ойдың тереңдігі;

              Іс — әрекетті бағалауды айтады.

Сондай – ақ, ғылым шығармашылық іс — әрекетті қалыптастыру, дамыту үшін қажетті ахуалдың болуы керектігін және қорқыныш жалқайлық. өзін өзі бағалау сияқты психологиялық кедергілерден тұратын қарама – қайшылықтармен күресу қажет екенін айтады.

               Өнердің адамға әсер ету күші, көбіне, адамның оны қаншалықты терең сезініп, түсіне алатындығына байланысты. Мұндай қабілетті қалыптастыру — өнердің тәрбиелік мүмкіндіктерін толықтай пайдаланудың міндетті шарты. А. К. Василевский: «Өнерге деген қажеттілік адамның ішкі рухани мұқтаждықтарының бір бөлігі ғана, бұл бүгінгіге байланыста және және ол адамға тікелей әсер етеді» — деп жазды.