Мазмұны.
- 1.Жүсіпбек Аймауытұлының « Психология» оқулығының теориялық мәні.
1.1. Жүсіпбек Аймауытұлының өмірі мен қызметі.
1.2. « Психология» оқулығының 20-30жылдардағы мәні.
1.3. « Психология және өнер таңдау» еңбегінің жалпы мазмұны.
Қорытынды.
- 2. Жүсіпбек Аймауытұлының « Психология» оқулығының іс-тәжірибедегі мәні.
2.1. Адамның қылығын қалай зерттеудің анализі.
2.2. Қазіргі заман психологиясындағы зерттеу әдістері.
Қорытынды.
-3-
Қазахалхының рухани өміріне үлкен үлес қосқан Жүсіпбек Аймауытұлының алар орны айрықша. Ақиқатын айту керек, көрнекі қаламгердің өмірбаяны хақында қазірдің өзінде түрлі пікірлер бар. С.Мұқанов « XX ғасырдағы қазақ әдебиеті» еңбегінде (1932) 1893 жылы туды , Ә.Тәжібаев: Жүсіпбек-баянауылдық, 1896 жылы туған» десе, С.Сәдуақасовтың сұрақтарына қайтарған жауабында қаламгердің өзі сиыр жылының аяғында (1890)… тусам керек» дейді.
Жан-жақты өнер иесі, сегіз қырлы, бір сыр лы дарын, романшы, драмашы, ақын, аудармашы, зерттеуші Жүсіпбек Аймауытұлы 1889 жылы, қазіргі Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Қызылту атрабында туған. Ә кесі Аймауыт кедей болғанымен, арғы аталары Дәндебай, Қуандар-текті, дәулет, абырой біткен, ел арасындағы білікті кісілер. Жасге туған бауырлары Ахмет, Жақыпбектер секілді арабша хат тану, оқу үстіне, ағаш шеберлігі, темір ұсталығы өнерлерін қатар үйренеді. Он бес-он алты жасында өзі ұмтылып, үй ішінің рұқсатынсыз Павлодарға қашып барып, орысша-қазақша екі класты мектепке түседі, бір жағынан бала оқытып, қаражат таба жүріп, оқуын 1914 жылы бітір еді де, Семейдегі оқытушылар семинариясына оқуға түседі, оны 1918 жылы аяқтаған. Халық ағарту комиссариатының коллегия мүшесі болу, « Қазақ тілі» газетін редакциялау, «Ақ жол» газетінде істеу, Шымкенттегі педагогика техникумының директорлығы-мұның бәрі Жүсіпбек Айауытұлының жаңа өмірді орнықтыру жолындағы күрес жолын,Өмір белестерін көрсетеді.
-17-
Ж. Аймауытұлының «Психология» оқулығының іс-тәжірибедегі мәні.
Адамның қылығын қалай зерттеудің анализі.
2.1. Жанды зерттеудің әдістері.
Бір қарағанда біздің әрқайсысымызға оңай, тіпті таныс сияқты болып көрінетін жәйт күнбе-күнгі психикалық өмірімізге мұхият үңіліп қарасақ,өзіне тән заңдылықтары бар аса күрделі қасиет. Адамның психологиялық ерекшеліктерін білу үшін, осы ғылымның зерттеу әдісімен танысуымыз керек. Әр ғылымның өзіндік ерекшеліктеріне қарай дербес зерттеу әдісі бар. Осы әдістер арқылы сол ғылымның сан алуан заңдылықтарын зерттеуге мүмкіндік туады. Егер ғылымда өзіне тән әдіс,яғни зерттеу әддістері болмаса, ол нағыз ғылым болудан қалады. Басқа да ғылымдар тәрізді психология ғылымының да өзіне тән әдістері бар. Бұл әдістер осы ғылымның көп жылғы даму жолында түрлі тексерулерден өтіп, сұрыпталу арқылы қалыптасқан.
Сондықтан да бұл тарауда Жүсіпбек Аймауытұлының « Психология» кітабынан жарық көрген « Адамның қылығын бақылау деген» тақырыбы сөз болмақ.
Аймауытұлының адамның қылығын зерттеуде бақылау әдісін және сұрау-жауапты (анкета-әдісі) қалайша пайдаланатынын және оның кейбір кемшіліктерін, байқаған фактілер мен мәліметтерді қалай жазу керек екендігін жүйелі түрде көрсеткен.
Аймауытов басқа да ғұламалар айтқандай, қандай болмысты зерттеу болса да, ол болмысты бақылаудан тумақ деп атап өткен.
Ол, адамның қылығын бақылау деп-бақыланушының амалдарын жүйелеп, кемітпей қадағалап, назар салып, байқап отыру сонымен бірге ол амалдарға әсер берген сыртқы жағдайлардың өзгешелігін және бақыланушының қызмет ағымдарын зерттеу деп көрсеткен.
Ол алдымен бақылау жоспарды жасап алуды және нені бақыламақпыз, қай жағына көбірек назар салу керектігін жалпы қысқаша нобайын белгілеу кертектігін айтады.
Аймауытов өз еңбегінде балалардың қалай ойлайтынын « балалардың ойыны» деген тақырыбында қарастырады. Мұнда ойын кезіндегі баланың шығармашылығы, еліктегіштігі қандай екендігін, қандай уақытта құштарланатынын қарап жоспар керектігін айтады. Осы жоспар арқылы бақылауға кірісу керек дейді.
Зерттеуші тәжірибелі бақылауды кәдімгі, табиғи. Жабайы деп бөледі. Ол тәжірибелі бақылауға былай анықтама береді. Яғни бақыланатын құбылыстың жағдайын жабайы түрге айналдырып, «жалпы күрделі құбылыстар шумағынан бөліп алып», білім мақсатымен бақыланатын құбылыстардың шарттарын өзгертіп бақылау. т.б. және тжерттеуші жәй бақылаумен тәжірибелі бақылауға мысал келтірген. Ол жәй бақылауға, кемпірқосақты бақылауды оның түстерінің қалай реттеліп қосылып тұрғанын, тағы сондай белгілерін қарастыруды жатқызады.
Ал тәжірибелі бақылауға келтірілген мысалы мынадай: Мұнда біздің байқайтынымыз жоғарыдан құлаған нәрсенің тез не баяу құлауына ауаның қарсы күші қандай әсер беретіндігі. Ол үшін іші қуыс жұмыр шымыр түтіктің ішіндегі ауаны ауа тартатын насоспен тартып шығарып тастаймыз. Сондай ауасын
-18-
шығарып тастаған ауасыз бос көлемдікте нәрсені құлату керек. Көрсек ауасыз бос көлемдікте барлық үлкен, кіші, ауыр, жеңіл нәрсенің құлау жылдамдығы бірдей болып шыққан.
Ал енді сол нәрселерді ауасы бар көлемдікте құлатқанда бірі жылдам, бірі баяу құлаған. Мұнда қарандысы кішкене ауыр нәрселер жылдам құлаған, ал көлемі үлкен жеңіл нәрселер баяулап жерге түскен.
Автор тағы бір мысал келтіріп өткен. Яғни адам ойының ұшқырлығы неден болатыны жайында. Оның ойынша адам ойының жылдамдығына немесе баяулығына дененің шаршағандығы әсер етеді, зерттеуші бақылаушыны алып қарастырған. Экспериментте бақылаушы шаршағандығын білдірмеуі де мүмкін екендігін айтады.
Сол үшін осы уақытта бақылаушыны мүмкін болғанша түрлі құбылыстардан босату керектігін, ондай құбылыстарды мүлде болдырпауын атап өткен.
Автор бізге нені білу керек?-деген сұрақ қойып, оны былай түсіндіріп кетеді. Яғни адамға ешқандайда сырттан құбылыстар әсер етпегенде дененің қажығандығы ойға қандай сүрең беретіндігін білу керек екендігін атып кеткен. Осындай халге келтіріп алған жан кейін, бір заттас есептер (мәселе) беріп бақылаушының ойын жұмысқа келтіреді. Мысалы: Бір цифрлы сандарды ойша қосқызған. Ойдың бұл жұмысын әдейі шаршатқалы берген дене жұмысынан бұрында, соң да болу керектігін айтады. Ол ойдың ұшқырлығын айрықша электр сағатымен өлшеген.
Сонымен тәжірибе арқылы осындай мәселені шешкен.
Автор тәжірибелі психологияның тағы бір артықшылығының барын, жәй бақылаудан оның дәлдігін, анықтығының артығырақтығын айтады. Неғұрлым бақылау көп бола берсе, соғұрлым оның дәлдігі де арта бермек. Бақылау саны аз болған сайын, түрлі көлденең әсерлерден құтылу мүмкіндігін емес, бақылау көп болса ондай көлденең әсерлер теңгеріледі. Мәселен, ойдың шабандауын тәжірибе еткенде, дененің шаршағандық салдарынан басқа тағы да бір көлденең әсерлер қабаттала беруі мүмкін. Бақылауды көбейтсек, төтеннен киліккен әсерлердің маңызы кеміп, азайып кетеді дейді.
Автор сұрау ( анкета) әдісіне де тоқталған. Бұл бақылауда деп,- жазады ол, өзге де жолдарды байқап көру керектігін айтқан. Яғни өз бақылауын місе тұтпай керекті маткриалды көп жинау үшін, бақылап берсеңіз екен деп өзгелерден де өтінуіне болады. Балалардың ойнағанын, оқығанын білуді қалап, мен оларды бақылап берсеңіз екен деп, тәрбиешілерден сұраймын. Оларға бақылаудың жұмыстарын жіберемін дейді.
Мұнда зерттеуші олардың бақылағанына да соқыр сене беруге болмайтынын және азды-көпті сын көзбен қарау қажеттігін ескертеді.
Яғни мен сұраған бақылаушыларым қаншалықты сенімді? Менің айтқандарымдай анықтай алды ма? Олардан жинаған мағлұматтарымнан біртектес бағалы дерек алуыма болады ма? Деген сұрақтарды қоя отырып, қайтсе де сұрау қажет деп айтып өткен.
Әдебиеттері.
- Құбағұл Жарықбаев. Жүсіпбек Аймауытұлының психологиялық көзқарастары. Алматы « Білім» 2000.
- Аймауытұлы Жүсіпбек. Психология. Алматы « Рауан» 1995.
- Рахымжан Сағымбекұлы. Жүсіпбек. ( Жүсіпбек Аймауытұлының өмірі мен қаламгерлік қызметі.) Алматы. « Санат» 1997.
- Құбағұл Жарықбаев. « Бес Арыс».
- Жарықбаев. Қ. Жалпы Психология. Алматы 2004.
- Қазақ Ұлттық Энциклопедиясы.
- Қ. Жарықбаев. «Қазақ психологиясының тарихы.»Алматы. Қазақстан. 1996.
-2-
1.1. Ж.Аймауытұлының өмірі мен қызметі
Демократиялық тағылымдарының бірі-халхымыздың тарихы мен тағдырына, әсіресе, мәдени-рухани әлеміне үлкен үлес қосқан тұлғалардың есімі мен еңбегінің қайта оралуы. Осы орайда, қазақ халхының рухани өміріне үлкен үлес қосқан Жүсіпбек Аймауытұлының алар орны айрықша.
Ақиқатын айту керек, көрнекі қаламгердің өмірбаяны хақында қазірдің өзінде түрлі пікірлер бар. С.Мұқанов « XX ғасырдағы қазақ әдебиеті» еңбегінде (1932) 1893 жылы туды , Ә.Тәжібаев: Жүсіпбек-баянауылдық, 1896 жылы туған» десе, С.Сәдуақасовтың сұрақтарына қайтарған жауабында қаламгердің өзі сиыр жылының аяғында (1890)… тусам керек» дейді.
Жан-жақты өнер иесі, сегіз қырлы, бір сыр лы дарын, романшы, драмашы, ақын, аудармашы, зерттеуші Жүсіпбек Аймауытұлы 1889 жылы, қазіргі Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Қызылту атрабында туған. Ә кесі Аймауыт кедей болғанымен, арғы аталары Дәндебай, Қуандар-текті, дәулет, абырой біткен, ел арасындағы білікті кісілер. Жас күннен Жүсіпбек бірге туған бауырлары Ахмет, Жақыпбектер секілді арабша хат тану, оқу үстіне, ағаш шеберлігі, темір ұсталығы өнерлерін қатар үйренеді. Он бес-он алты жасында өзі ұмтылып, үй ішінің рұқсатынсыз Павлодарға қашып барып, орысша-қазақша екі класты мектепке түседі, бір жағынан бала оқытып, қаражат таба жүріп, оқуын 1914 жылы бітір еді де, Семейдегі оқытушылар семинариясына оқуға түседі, оны 1918 жылы аяқтаған. Халық ағарту комиссариатының коллегия мүшесі болу, « Қазақ тілі» газетін редакциялау, «Ақ жол» газетінде істеу, Шымкенттегі педагогика техникумының директорлығы-мұның бәрі Жүсіпбек Айауытұлының жаңа өмірді орнықтыру жолындағы күрес жолын,Өмір белестерін көрсетеді.
-4-
1.2. «Психология» оқулығының 20-30 жылдардағы мәні.
Кітап 12 тараудан, 102 параграфтан тұрады. Мұндағы негізгі тараулар мен параграфтардан бізге сол кездегі бүкіл әлемдік психологияның, сондай-ақ орыс психологиясының белгілі өкілдерінің негізгі идеялары жаңадан түлегені белгілі. Мәселен, психология пәніне діннің әсері қандай, бұл жөнінде діни түсінікпен қатар, даналық және эксперименттік психология жанды қалайша түсіндіретініне тоқталып, бұларды қазақ оқырмандарының ұғым-түсініктері деңгейін ескере отырып баяндайды. Аймауытұлы «Психологиясының» 80-82 беттерінде баяндалатын «Адамның айуаннан өзгешелігі» деген параграфта да осы кітаптың негізгі бір түйінді мәселесі қозғалған. Автор Аристотель айтқандай, адамды жәндік деп атайды. Әрбір жәндікте деп жазды Аймауытұлы,-болатын сыртқы әсерге қозу, іске ұмтылу сипаттары адамда бар. Жәндіктікі тәрізді, адамның қылығы да көбінесе соқыр сезімді, әдетті қозғалыстардан тұрады. Оның да ең күшті соқыр сезімдері: тамақтану, балалау, бас қорғау. Адамда жәндіктер секілді қоғамдасып жасайтын жануар. Жәндік сөзін жиі қолдануына қарағанда, Аристотель Аймауытұлына ерекше әсер еткен секілді. Адамды сөйлейтін жануар деу Аристотель заманынан айтылып келе жатқан дәстүрлі түсінік. Ж. Аймауытұлы өз ойын былайша жалғастырады: «Адамның қылығы да еліктеу, қоғамға ыңғайласу арқылы көзге көрінеді. Адамның да айуанның да рух қызметтері сайып келгенде шартты рефлекске айналады. Ендеше, әр алуан сөйлеген сөздер адамның қылығын ашуға кілт тауып береді. Адамның жануардан мынадай ерекшеліктері бар, адам өзгеше саналы айуан, маймылдар орманда, ағаштың басында жүреді, қолдарымен бұтақтан-бұтаққа жабысып, секіріп, денесін едәуір тік ұстайды. Аймауытұлының осы тұжырымы Ф.Энгельстің «Маймылдан адамға айналудағы еңбектің ролі» атты кітапшасынан алғаны байқалып тұр. Бір кезде ертедегі маймылдар жерге түсуге тура келген деп жориық. Әрине, жерге түскен соң қозғалу керек. Денесін бұрын да тігірек ұстайтын маймыл қозғалатын болған соң қолымен ешнәрсе ұстамай, жердің әуесіне ыңғайланып жүретін болған. Заман өткен сайын денеде түрліше өзгерістер бола берген. Бірінші денені тік ұстап, табанын жалпағынан баспақ, ағашқа өрмелеуге қызмет ететін қолдың бірнеше бұлшық еттері қызметі азайған соң жоғала бермек. Осылайша Ж.Аймауытұлы еңбектің арқасында біртіндеп маймылдардың адамға айнала бастағанын, осы арада қолдың қызметіне еңбек құралдарын жасаудың маңызына тоқталған Ф.Энгельс ойларына зер салып өтеді. Адамның арғы тегіне көз жіберсек,-деп жазды Аймауытұлы,-тік жүрудің арқасында біртіндеп, өте сезінгіш, құбылмалы күйге түскен. Осыдан барып жүйке саласының өте нәзіктігі, әсіресе қасты, қабақты ашып-жабатын, мұрынды тыржитатын, ауызды жоғары – төмен қозғайтын, тағы осы секілді беттің кейіпін өзгертетін уақ еттердің жетілуі пайда болған. Ж.Аймауытұлының осы пікірлерінің барлығы да ғылыми шындыққа сәйкес келетін тұжырымдар.Бет қимылы, қолдың қозғалысы, дауыстың сөзге айналуы, бұлардың бәрі қоғамдық сипат алуға зор ықпал еткен. Адамның айуаннан тағы бір басты ерекшелігі оның денесінде түгі, жүні жоқ, жалаңаш. Бұл жайт қозуды, әсер алуды күшейтеді.Неғұрлым тері жұқа, тәу етек, жалаңаш болса, соғұрлым сырттан әсер алуға қабілеттілік күшті болады. Алған әсерді миға көбірек жіберуге жағдай
-5-
жасайды. Автордың пікірінше, денеің жалаңаштығы ми көлемін ұлғайтуға да себеп болған.Адамның миы маймылдың миынан үш-төрт есе үлкен. Басқа жүйке салаларына қарағанда үлкен мидың салмағы адамда анағұрлым басым келеді. Әсіресе адам миының сұрғылт заттары өте күшті жетілген. Адам миы қабығындағы қозғаушы тетіктерде ерекше жетіле-ген. Осы тәрізді анатомиялық-физиологиялық ғылыми түсініктер қазақ оқырмандарына тұңғыш рет Ж.Аймауытұлының «Психологиясы» арқылы жеткені хақ.Психология кітабының келесі бір көңілге ұялайтын, қазіргі ғылыми тұжырымдарға өте-мөте жақын жері « Денедегі мүшелер, олардың қызметтері» туралы мәліметтер. Бұл жерде автор жоғары жүйке саласына арнайы талдау жасайды. Жүйке саласы дегеніміз ми, жұлын, сол екеуінен тарайтын бұтақтар. Бұлардың ішіндегі ең маңыздысы-үлкен ми. Мида үнемі қозу жүріп отырмаса, жан күйі де көрінбейді.Мидағы өзгерісте әр. кезде алуан-алуан сипатта жүріп отырады, осыған орай жанның ағысы да түрлі-түрлі болады. Ми кінараттанса, яғни зақымданса, жан шындықты дұрыс бейнелей алмайды.Барлық жан күйінің кілті де мидың қолында. Бұрынғы психологтардың жанның қожасы ми дегені дұрыс. Ми дегеніміз-күлліденедегі қызметтерді басқарып тұратын тетік. Жүйкеніңң бәрі мидан тарайды. Жүйке сырттан алған хабарды миға жеткізеді, мидың бұйрығын шетке таратады. Миды телефон станциясына ұқсатуға болады. Пәлен үйдің номерімен қос деп станцияға сылдыратса, ол дереу қосып жібереді. Бірақ мидың бұдан айырмашылығы бар. Станция тілеген жерімен өзі сөйлесе алады. Ми олай емес. Сырттан я шеттен хабар алмай, өз бетімен бұйрық бермейді. Миды ортақ үкіметпен салыстыруға болады. Пәлен жерде бір залым молда немесе ишан елге өтірік лақап таратып, мал жинап жатыр деп бір адам орда өкіметке хабар берсе, орда үкі мет ол адамды ұстап, сотқа тарт деп, дереу милицияға бұйрық етеді…
Аймауытұлының осынау түйіндері ми қызметін қарапайым қазаққа жеңіл тілмен түсіндірудің тамаша үлгісі. Автор жүйке саласы көзге көрінбейтін заттардан құралатынын оның «нейрон» деп аталатынын да дұрыс көрсеткен. Нейрондар,-дейді ол-біріне-бірі қайнасып, тұтасып кетпегенмен, арасы бірігіп тұрады. Сол біріккен нейрондар шілтер «клетка» туғызады. Бұл жерде клетка деген ұғымды шілтер деп автор төл тілімізге тұңғыш рет ұсынып отыр. Шілтердің дәні (ядро) болады; шілтерден бұтақтар тарап, кейбірі ұзарып кетеді. Сонымен, жүйке дәні бар, бұтағы бар шілтерден құралады деп айтсақ дұрыс болады. Кітапта шілтердің атқаратын функц иясы, оның құрылысы т.б. осы сек ілді мәселер баяндалады. Автордың түсінігінде ми сабағында жұланнан кейін ұзынша ми, онан кейін ортаңғы ми, мидың ішкі құрылысындағы көру түймесі, төрт төбешік; кішкене ми, үлкен ми жөніндегі мағлұматтары қазіргі жоғары жүйесі физиологиясының негізгі түсініктерімен сәйкес келіп отырады. Ол жұлынның ұзынша, ортаңғы, аралық мидың атқаратын қызметіне тоқтала келіп, адамның қарапайым психикалық тіршілігіне қатысып отыратын рефлек стердің сыр-сипаттарын да дұрыс көрсеткен. Жүйке саласының қызметіне тоқталғанда ондағы қозу, тежеу процестерінің атқаратын қызметтеріне тоқтаған.
Ж. Аймауытұлы осы параграфта психологияның адамның сыртқы мінез құлықтары туралы ғылым екенін тағы да айта келіп, әр түрлі қимыл қозғалыстарға терең талдау жасайды, олардың кейбір күрделі түрлеріне нақты мысал келтіреді, адам өміріндегі алатын орнын көрсетеді. Мәселен ол бастың
-6-
ілгері қозғалысы, одан соң кейін шалқая бұрылуы, ежанына қисаюы, омыртқаның тік қалпы, не алға бүгілуі, омыртқаның айналуы,не екі жағына қисаюы тағы осы секілді анатомиялық-физиологиялық қызметтерге терең талдау жасаған. Автор жүйкенің негізгі кіндігі, арнаулы орталығы болатынын түсінікті тілмен жеткізген. Оның бұл айтып отырғаны қазіргі ғылым тілінде орталық жүйке-жүйесінің құрылымы екені түсінікті. Ж. Аймауытұлының ми құрылымына орай айтқан пікірлері қазіргі психология мен физиологияда, кейіннен Бернштейін мен Анохин еңбектерінде тереңдетіле өрістегені белгілі.
Осы тарауда ми мен жұлынның атқаратын басқарушылық роліне ерекше мән беріледі. Мұнда автор тағы да рефлекс тақырыбына тоқталады. Автордың сол кездегі түсінігі бойынша «рефлекс» деген ұғымды «қозғалыс »деп аударған. «Рефлекс» сөзін тұңғыш рет француз ғалымы Рене Декарт (1596-1650) қолданған, ол төл тілімізде «бейнелеу» деген ұғымды білдіреді. Қозғалыс психологияда жиі қолданылатын ұғым, оның орысша баламсы-«движение». Біз осы жерде автор қолданған терминдік атаулардың шұбалаңқылығын атап өтуіміз керек. Ал жан туралы айтқандары ешқандай дау тудырмайды. Осы мәселеде де ол қазақ өмірінен мысалдар келтіріп, психологияны ұлт ерекшелігіне орайлас жағынан жақсы аңғартады. Мәселен ол рефлекс қозғалысын түсіндіру үшін мыныдай мысал келтіреді. Біреу жүгіріп келіп, атыңды ұры алып бара жатыр десе, жүрегіміздің соғуы шамалы тоқтап қалады да, сонан кейін қатты соғады. Құлаққа естілген дауыс толқыны дереу миға хабар беріп, содан кейін адымдап, тез жүре бастаймыз. Бұл келтірілген мысал өте дұрыс, яғни Декарт заманнан келе жатқан рефлекстік доғалық принціпінің жақсы мысалы.
Ж. Аймауытұлы рефлексті доға принціпі бойынша, яғни Р. Декарттың, кеіннен И.П.Павловтың пікірлеріне орай түсіндіреді.Сонымен автор рефлекстің қандай түрі болмасын, көзді ашып-жұмғанша тез болады деп түсіндіреді. Мысалы, жүгіріп келе жатып жығылсақ, денеміз жерге қатты соғылып, жараланып, мертігіп қалмас үшін екі қолымыз жығылатын жаққа бұрын барып тиеді. Көзімізге бір қиыршық барып түссе, соны кетіргенше арпалысып, қабағымыз еріксіз жыпылықтап, жиырылып, көзімізден жас аға бастайды. Бұл жерде автор адамның дене қозғалыстарының, яғни көздің, дененің түрлі қозғалысқа түсетінін дұрыс көрсетіп отыр. Бұл рефлекстер сыртқы әсердің нәтижесінен туындап отырады дейді ғылыми тұжырым.
-7-
Жан жүйесінің жалпы ағынымен таныс болу әр. адамның өз жан құбылыстарымен танысып, зерттеуге пайдасы бар. Өйткені жан жүйесінің мақсаты; жалпы адамның жан құбылыстарын, олардың қатынастарын, себебін тексеру. Бірақ жалпы адамдарға тиісті жанның қасиеттерінен басқа, әр. адамға хас, өзгеше сипттар да бар. Адам өзін және өзгелерді ұғыну үшін ғылымнан жол басшылық керек. Ондай жол басшы болуға жарайтын ғылым, жан жүйесінің жеке адамдар өзгешелігін зерттейтін бөлімі. Рас бұл бөлім әлі жас., жек адамда болатын алуан-алуан мінез қасиеттерін түгел тексеріп, жан заңдарын түгел ашты деуге болмайды. Бұл бөлімнің болашағы алдында. Бірақ жаста болса адамның өзгеше сипаттарын тексеруге бұл бөлімнен азды-көпті көмек табылады.
Әр адамда болатын өзгеше қасиеттерді жіктеудің ең жабайы, қолайлы жолы сыртқы әсерлерге әрбір адам жанының қалай тебіренуін, қалай жаңғыру
бақылау. Айналадағы дүниеге адамның жаңыруын немесе серпілуін жан ағыны дейміз. Осы серпілудің айырмасы
Әр адамның өзгеше қасиеттерін көрсетеді. Адамдардың сыртқы әсерге серпілу мінездерін байқағанда екі түрлі неізді айырма барлығы анықталған: тез серпілу, созалаң серпілу. Серпілудің осындай айырмасына қарап, әр. адамның мінезін айырамыз. Алдымен бұл адамның сыртқы дүниеге, сыртқы затқа қалай қарайтындығын көрсетеді. Тез серпілетін адамдардың қарасында өзіндік мінез болады. Олар қандай іс болса да белсеніп, құлшынып кіріседі. Бар мақсаты оның өзі істегені. Айналадағы нәрселердің өзіне қатынасы қандай болса, маңызы сондай көрінеді. Бұлар нәрсе болсын, көбінесе өз көзімен қарап, өз сүйемімен өлшейді. « Ашуын қолына ұстап отырады» деп, кейбір ашуланшақтарды айтады ғой жұрт. Сол сықылды кейіптес адамдар өзінің « мендігін қолына ұстап отырады. «Мен» бұрын жүреді «мен» қашанда болса әзір тұрады. Сондықтан бұл кейіпкерлер тез серпіледі, тез қайталайды. Өзін ұстау оларға қиын. Бұлар өзімдік кейіпкерлер.
Енді біреулер сырттан алған әсерге жуық маңда селт етіп серпіле қоймайды. Бұлар өзгелік кеіпкер. Өзімдік кейіпкерлердің ынтасы, ілтипаты, көбінесе қозғалысқа, қимылға ауады. Өзгелік кейіпкерлердің ілтипаты терең ойландырарлық әсерге түйіледі. Соңғылар, егер ілтипатын өзіне аударды бар ғой, мәселені өзі сезгенімен, өз қарасымен шешпейді. Сырттан бір түрткі жолыққанға шейін қозғалысын тоқтата тұруға да шамасы келеді. Қайталаудың осындай айырмасы келешектегі мінездің ұрығы іспетті. Адамда жас басынан-ақ байқалады. Жас баланың қозғалысында есйгенде болатын мінезінің өзгешелігі көрініп тұрады. Америка ғалымы Болдуин балаларда болатын екі кейіпкерді алады. Бірін қозғалғыш, ұшқалақ, енді бірін ұстамды байсалды деп атайды. Ұшқалақ бала сырттан алған ыңғайына тез құбылады. Оны сыртқы ықпал билейді. Бір нәрсенің пысы жеңді-ақ, ол дереу, қолма-қол сол бағытта істей бастайды.
Ол ойланбай, тез істеуге икем тұрады. Оның іліктестік ( ассосация) қызметі өте тірі болады. Ойдың әрбір жылт еткен ұшқыны, егер ол қимыл тілейтін болса, дереу сыртқа шығады, не іске айналады.
Ортаның беретін әсерлері бұрынғы әдеттенген қызметі арқылы тез сіңдіріп алады. Саналы көзқарастан да оның әдеті басым болып отырады. Ұшқалақ баланың ілтипаты орнықсыз, сондықтан әрқашан тың әсерге мұқтаж болады. Ілтипаттың орнықсыздығынан не туады? Одан туатын салдар мынау; ойдың
-8-
талдау (анализ) қызметіне қабілетсіз болады, тез жалпылауға икем тұрады. Нәрсенің айырмасын байқауға, жаттауға шамалы келеді.
Байсалды бала көп жерде ұшқалақ баланың мінезіне мінезі қарсы. Ұшқалақ бала қозғалысты, іске ұмтылуды, белсеніп кірісуді тілесе, байсалды бала жадағайлықты, керенаулықты, баяулықты, іссіздікті, дененің қозғалмауын, алған әсерін ішінде сақтаудың, іске өрең асыруды қалайды. Бұл кейіптес балалар жаңа қимылға қиналып үйренеді. Көргенін тез қағып ала алмайды. Терең қадағалайды. Жуырда икемге көнбейді. Бұндай кеіпкерде үйірлік сезімі кем болады яғни бойкүйезденіп, именіп, тайсалып, бұйығы тұрады. Мұндай қорғаншықтығы, әсіресе бөгде нәрсеге жолыққанда анық байқалады. Байсалды балада өзгені бағындыру, қожалық ету ыңғайы артық байқалмайды. Бұл мінез ұшқалақ балада адырайып көрініп тұрады. Байсалды баланың ілтипаты орнықты жаңа әсерлерге
ілтипаты тез көше бермейді, нәрсенің тәптіштерін ұғуға талпынса, малтығып, ауырлап қалады, өйткені бұл кейіпкер өте бақылампаз, байыпты келеді. Оған ақылдың талдау жолы орайлы. Оның толғамы сенімдірек. « Әділдік», « міндет» деген жақсы сипатта олардан табылады.
Ересектерде болатын бұл екі кейіпкердің парқын Астауалд жақсы суреттейді. Ол оқымыстыларды ( ғалымдарда) негізде екі кейіпте бөледі;
Үлгішіл (классик), романшыл (романтик) деп. Үлгішілдер ақыл қызметіне шабан, романшылдар шапшаң. Бұл парық екі кейіпкердің әдісіне де, ғылым еңбегінің нәтижесіне де реңк береді. Романшылдың көп нәрсеге ынталы болуына тез серпілгіштігі себеп болады. Романшылдық басы әрқашан неше түрлі оймен, планмен толылы. Келесі ойларына жол беруге асығып, Романшылдар басына келген планды іске тез асыруды қалайды. Ой қызметіне шалымдылығы жұмысты тез бітіруге қолқабыс етеді. Романшылдар мәселені шешті-ақ, дереу орындауға тырысады. Бұл кейіпкердің жұмысы өнімді, берекелі. Бір жұмыстың артынан үзілместен іле екінші жұмыс даяр тұрады. Қаламшылдық қызмет оған оңай ұстанады. Ондай « жүрдім- бардым» жұмыстың, әрине, кемшілік жағына болуы мүмкін. Романшылдардың жазған еңбектері кейде бітпей қалатыны, кейде қатесі, ұшқырлығы болатыны содан.
Романшылдар жылдам, қозғалғыш қайнаған қаны, қызу жігерімен шәкірттерді еліктіріп, мектепке жан кіргізеді. Өз тұсында замандастарына жұғымды, сүйкімді, беделді де болады.
Үлгішілдер бұлай емес, олар өте ақырын, баяу қимылдайды. Басына бір ой келсе, оны әбден салмақтамай, күдіктісін анықтамай өзгелерге айтуға батылы бармайды. Ол бар ынтасын, бар жұмысын бір ойдың төңірегіне түйілдіреді. Ол ойын әбден шынықтырып, кемеліне келтіргенше, тоздырғандша сақтай алмайлды. Сондықтан көлем жағынан қарағанда, оның жұмысы көбінесе, елеусіз болып, көзге тусе бермейді. Бірақ бұл оңтай жұмысты түбірлеп зерттеугет жақсы, олардың қызметі көбінесе жақсы болады. Қаламшылық өнері, сөз түзету қызметі олардың қолына оңайлықпен түспейді.
Олар мәселені ұсақ ойлайды планын, мазмұндау түрін қайта-қайта өзгертеді. Сондықтан үлгішілердің еңбегі бас аяғы түгел, кемелденіп шығады. Кейде барлық мұратты пікірлерді бір мәселенің төңірегіне жинап, біріктіріп, өзгелерді таңқалдырғандай еңбек істейді. Үлгішілердің мінезі салмақты, именшек, бұйығы келеді. Олар өзі үшін істегенді сүйеді, жариялауды жаратпайды, құпияны,
-9-
оңашаны ұнатады. Сондықтан олардың бағасы өз заианында байқалмай, көбінесе, келешек ұрпақ қана олардың қадірін біледі. Еңбегіне баға береді. Үлгішілдер мен романшылдардың жұмыс парқын көрсету үшін Оствальд табиғат ғалымдарының өмірлерін суреттеген.
Тургеневтің «Гамлеті», Болдуиннің байсалды Оствальдтың үлгішіл кейіпкері « Донкихот»- Оствальдтің романшыл, Болдуиннің ұшқалақ кейіпкеріне келеді.
Сонымен адамдарды мінезіне қарай жіктеудің негізгі бір белгісі-олардың сыртқы дүникге тез, яки созалаң қайталаумен қатар, ол қайталаудың күші де еске алынады. Осы айтылған екі сыпаттарды қосқанда бар адамда негізгі төр. түрлі мінезді туғызады.
- Қайталауы тез-күшті холерик. 2) Қайталауы тез-күшсіз сангвиник. 3) Қайталауы созалаң-күшсіз флегматик. 4)Қайталауы созалаң-күшті мелагхолик.
Бұл төрт түрлі негізгі мінезді Лазурский былай деп түсіндіреді. Сангвиник-еті тірі, қозғалғыш, тұрлаусыз, әсерленгіш, тез қызынып, тез суынғыш, жеңіл ойлы, бір беткей ұзақ қызметке шыдамсыз. Меланхолик-табанды, алған әсері көпке шейін басылмайды. Ол сангвиник тәрізді емес, оңашаны сүйеді, көпшілікті қаламайды: Ол қиялдауға икем тұрады. Бірақ сангвиник сықылды іске жігерсіз, қабілетсіз келеді. Меланхоликтер көп сезеді, көп қиялданады, аз істейді немесе өзін сыртқа шығара алмайды. Олардың ақылынан да, қайратынан да сезімі басым болады.
Холерик-тез қызады, іске икемді тұрады. Ісінде жігерлі.Ашуы қолында болады. Философ Кант ол кейіпкерлерді: « Құрмет сүйгіш, өзінің « менмендігін» алға қойғыш, төңірегін көтермеші нөкерлер мен толықтырғыш, жүйелі ой қызметіне қабілетсіз» деп суреттейді.
Флегматик-аса баяу қызады. Ондай адамды еліктіру, қыздыру өте қиын. Күллі жан ағымдарының бәрі де шабан. Шабандық оның айырықша белгісі. Іске қабілеті шамалы. Ондай адам бір қозғалып, іске кірісіп кетсе, сол бетінде бір талайға шейін табанды қызмет етеді. Оныңкі өздігінен тауып, алғандықтан емес, түскен бір жолында жұмыс ете беруден туған қызмет. Жүріп келе жатқан жолын бастап, тыңнан жол тауып Алуға ондай адам топас болады.
Адамдардың мінезіндегі бір айырмасы: өзіне-өзі сенуі әр түрлі болады. Кейде бұл сипат анық байқалады. Өзіне өте сенгіштік немесе сенімсіздік салған жерден көзге түседі. Мұндай парық мінезге де өзгешелік береді. Бұл сипатпен жанның басқа қабілеттерінің байланысы жоқ. Біздің таныстарымыздың арасында қолынан келсе де кез-келген жұмысты ұстай алатын, жолыққан мәселені, анығында, білмесе де тексеруге кірісетін немесе өзі ешнәрсеге жетік болмаса да, өзгелерге ақыл айтатындар бар. Ондайлар өзіне-өзі сондай сенеді. Сондай білген кісі болып сөйлейді. Еріксіз өзгелерді де ұйытып, миландырып жібереді.
-16-
ҚОРЫТЫНДЫ.
Жүсіпбек Аймауытұлының мол шығармашылық мұраларының ішінде ағартушылық қырымен « Психология» ( Қызылорда-Ташкент, 1926), « Жан жүйесі мен өнер таңдау» ( Мәскеу, 1926), бала мінезінің алуан қырлары, тәрбие жұмыстары мен оның шарттары т. т. тақырыптар кең орын алған.
Жүсіпбек аймауытұлының іргелі де көлемді еңбектерінің бірі « Психология» . Бала оқытушыларға арналған бұл еңбек туралы автор « Беташарда»: «… психология пәні 2*2=4 Сықылды бекілген пән емес, аумалы-төкпелі дерексіз пән.
-Аталмыш пән арқылы адам мен оның жаратылысын, жан қуаттарындағы, зат пен құбылыстардағы өзгеріс-бейнеліліктер, зейін санадағы, ой мен сөздегі, қиял мен мінездегі т.т. әр. түрлі процестер іс әрекет үстінде беріледі.
-Ұлттық топырақта психология секілді арнайы пән, немесе кітап, оқулық, көмекші құрал т. т. болмауынан автор көп кедергі, қйындықтарға тап болғанын білеміз.
-Ең негізгісі, психология пәні әлеуметтік-қоғамдық өмірде, жекелеген ұжым-отбасыларына т. т. тағы қажетті әрі ел өмірінен, тәжірибесінен алынғандықтан кәделі, керекті кітап болып шыққан.
Жүсіпбек Аймауытұлы өзінің « Жан жүйесі және өнер таңдау» атты еңбегінде сөз еткен жайтты өзі жүргізген тәжірибелерге, сондай-ақ шетел, әсіресе америка психологтарының жүргізген зерттеулеріне сүйене отыра баяндаған.
Бұл бөлімде Ж. Аймауытұлы әр. адам белгілі бір кәсіптің түрін таңдап алатынын, мұнда ол өзінің тумысынан берілетін ерекшеліктерін, іс-әрекеттің қай түріне бейім екенін аңғара алу керектігін айтқан. Ол мұндағы негізгі мәселені-мамандықтың әлеуметке, қоғамға қалайша пайда келтіретіндігін көрсетті.
Жүсіпбек Аймауытұлы психология саласында тәжірибе жасап, табиғи эксперимент жасаудан біраз хабары бар алғашқы қазақ болған. Мәселе,ол 1909 жылы медресе шәкірттерінің арасында анкета таратып, зерттеу жүргізгенде шәкірттердің біраз бөлігі өздері таңдаған кәсіпке немқұрайлы қарайтынын байқатқан. « Жан жүйесі және өнер таңдау» дейтін кітапты жазу идеясы авторда сол кезде осындай тәжірибе жүргізудің нәтижесінде пайда болған.
Ол осы кітапқа материал жинау барысында, педагогикалық психология ғылымының жеке адам үшінде, тұтас қоғам үшін де тигізетін пайдасын ол терең түсінген. Және қазақ жастарына тәлім берерлік, әлемдік, ғылыми тәжірибелік деректерді мол жинауға тырысқан.