Тақырыбы: Зиянды әдеттер.
Жоспар.
1.Ішімдіктің организмге әсері.
2.Жас адамға кеңес.
3.Темекі шегудің зиянды салдары.
4.Нашақорлық
Қорытынды.
- Тақырыбы: Ішімдіктің организмге әсері.
Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) алкоголизмге келесі анықтама беріп отыр:Алкогол деп—спирттік ішімдіктерді ішу нәтижесінде кез келген формада қоғамға немесе оның мүшелеріне тигізуді айтамыз.Ішімдік көптеген созылмалы аурулардың пайда болуының негізгі факторлары болып табылады.Австралия ғалымдарының зерттеуі бойынша,бауыр церрозы ауруының 50%—ы,туберкулезге шалдығудың 30% ішімдік ішумен байланысты.Гетеборг қаласының ғалымдары 45-55 жас аралығындағы 10 мың ерлерді зерттеп ,ішімдікпен әуестенушілер әуестенбеушілерге қарағанда 2-3 есе жиірек қайтыс болатынын анықтаған.Ресей ғалымдарының зерттеуі бойынша ішімдікпен әуестенушілердің әустенбеушілерге қарағанда 20-30%-ға көбірек гипертониялық ауруларға шалдығады.
Ішімді жүрек –қантамырлар,жүйке жүйесі,ас қорыту мүшелерінің созылмалы аурулардың және жарақаттанудың,иммундық жетіспеушіліктің,сүйек ұлпалары өзгеруінің және т.б.аурулардың пайда болу себебі болып табылады.Ішімдік ішетін адамдардың балаларында туа біткен кемістіктермен кемтарлық,дене және ақыл-ой дамуы байқалады.Ішімдік бақытсыз оқиғалармен зорлық-зомбылықты,қылмыспен өзіне-өзі қол жұмсаудың негізгі себептерінің бірі болып табылады.
Ішімдік қарын мен ішектен қанға тіке сіңіп,қантамырлардың ағысымен бүкіл организмге таралады.Ішімдіктің 90%-ы 1-1,5 сағатта қарында сіңіріледі,ал оның ең үлкен концентрациясы қанда байұалады және кейін ол ми,бауыр,жүрек жәнеорганизмнің басқада мүшелерінде жиналады.
Ішімдік –бұл орталық жүйке жүйесіне әсер ететін есірткілік у.Организмнің барлық қызметін реттейтін жүйке жүйесіне ішімдіктің әсері бірден байқалады.Адам қозғалысы ретсіз,жүрісі шайқалмалы,сенімсіз,сөздері байланыссыз,көз тоқтатып қарай алмайды.Ішіп алған адам айналадағыларға ұрыншақ,төбелес пен жанжалдарды шығарып,жаман сөздермен балағаттайды,бұзақылықтармен қылмыстар жасайды.
Ішімдік барлық өмірлік маңызы бар мүшелер мен жүйелерге зиянды әсерін тигізеді.Ішімдікті ұзақ пайдаланғанда бауыр ұлпаларының өзгеруі,асқазанның қабынуы,асқазан жарасына айналатын гастрит және басқа да аурулар пайда болады.
2.Тақырыбы: Жас адамға кеңес.
Жастар зиянды әдеттердің өсіп келе жатқан организмге мынадай зияндары бар екендігін білулері керек.Олар:
-Ішімдік -ересек адамдарға қарағанда өсіп келе жатқан жас организм үшін қауіпті.
-Әсіресе,ол болашақ аналар үшін қауіпті.
-Ішімдік пен спорт бір-біріне қарсы ұғымдар.
-Ішімдік-жұмыссыздықтың,өзін-өзі басқара
алмайтындардың,мәдениеті төмен адамдардың жолдасы.
-Ішімдік тіпті өте аз мөлшерде қабылдағанның өзінде де паталогиялық мастану жағдайына әкеледі.
Бұл кезде адам өз әрекеттерін бақылай алмайды және айнадағыларды себепсіз балағаттауы,ренжітуі,тіпті қылмыс жасауы мүмкін.
-Ішімдік-құқық тәртібін бұзуға және түрлі қылмыстарға апаратын тура жол.
-Ішімдік тәуелділікпен оған зиянды әуестенуді тудырады,ол кейін аса қауіпті ауру-алкоголизмге жалғасады.
Сондықтан да кез келген «ішейік»деген сөз қалай айтылсада,қайда айтылсада,бір рет,соңғы рет «жоқ»деп айта білу қажет.
3.Тақырыбы: Темекі шегудің зиянды салдары.
ДДСҰ мәліметтері бойынша,әлемде 1,7 млрд-тан астам адам шылым шегеді,олардың 47%-ы ерлер және 12%-ы әйелдер.Шылым шегу салдарынан жыл сайын әлемде 4 миллионға жуық адам қайтыс болады,яғни әрбір 9 секунд сайын 1 адамнан.Алматы қаласындағы Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемаларының Ұлттық Орталығының 1998 жылы өткізілген алғашқы зерттеулері бойынша,Қазақстан халқының үштен бірі шылым шегетіні анықталған.12-14 жас аралығындағы балаларда шылым шегу 10%,15-17 жас аралығындағы жеткіншектерде 21%,18-19 жастар арасындағыларда 32%,20-29 жастағыларда 39%,29-59 жастағы адамдарда 62%-ды құрайды.
Қазақстанда жыл сайын темекі шегу салдарынан пайда болған тыныс алу мүшелерінің және темекінің зиянды әсерлерінен пайда болған басқа да аурулардан 24 мың адам қайтыс болды.
Темекі өнімін Қазақстанда сегіз халықаралық темекі компаниялары шығарады және жыл сайын 9 мың тонна темекі өндіреді.Біздің республикамыздағы темекі компанияларының шамамен алғандағы табысының мөлшері 500 млн.доллр.
Темекінің адмға зияны туралы алғашқы деректер 1960-1961 жылдары шылым шегудің адам организміне әсерін ғылыми зерттеу нәтижелері басылымдарда шыға бастағаннан кейін ғана белгілі болды.Ғылымдар темекі түтінінде жүзден астам улы заттардың бар екендігін анықтаған.
Қазақстан 1998 жылдан бастап ²Темекіні таста да,оны жең²атты Дүниежүзілік акцияға қатысып келеді.Жыл сайын ондаған мың адамдар осы акцияға қатысып,жақсы нәтижелерге қатысып,жақсы нәтижелерге жетуге тырысуда.Жастардың бұл акцияға белсенді
қатысулары олардың темекі шегумен көрсетуге деген үлкен талпынысының бар екендігін көрсетеді.
Тақырыбы: Нашақорлық.
Есірткі заттарына өсімдіктерден алынатын (гашиш,марихуана,анаша және басқалар)және химиялық алынатын (морфий,героин және т.б.)жатады.Есірткі заттары негізінен Ауғаныстан мен Тәжігкстанан әкелінеді,ал олар Қазақстанды есірткі заттарын басқа елдерге өткізуші тәрізді пайдаланады.Қазақстанның Шу өңірінің үлкен аумағында құрамында есірткі заты бар өсімдік-сора өседі,оларды заңсыз жолмен көп мөлшерде жинап жасырын есіркі саудасымен айналысатындарға жеткізеді.Олар жастар мен жасөспірімдердің өмірін улайды.Есірткіге әуестену ең қауіпті және өлімге әкелетін қазіргі заманның ең қауіпті ауруы болып саналады.
Нашақорлық өз организмін бұзады,адамгершілік және психикалық тұрғыда азғындайды.Олар әлеуметтік тұрғыдағы мүгедектерге айналады,негізінен олар 30 жасқа жетпей артық мөлшерде қабылданған есіркіден немесе бақытсыз кездейсоқ жағдайдан,не өз-өзіне қол жұмсакдан өледі.Есіркіні қысқа мерзімде қолданудың өзінен-ақ тәуелділік пайда болалы,онан әрі мөлшерін көбейте отырып жүиелі түрде пайдалану керектігі туындайды.Мұндай қажеттілік есірткіні қабылдағаннан кейінгі пайда болатын ләззат күйінің пайда болуымен түсіндіріледі.
Бұл жағдай көңіл күйдің көтеріңкі,бей-жайлық,керемет жағдайдың елестеуі және т.б.ерекшеліктермен сипатталады.Есірткінің қауіптілігі мен зияндығы осыған байланысты,оны қолдана бастағаннан-ақ психикалық онда абстинетті синдром деп аталатын күй басталады.Бұл адамды қинайтын көптеген аурулар тудыра жүретін азапты жәбірлеу жағдайы.
Науқастардың өздерінің айтуы бойынша,бұл кезде естен ауысуғажақын күй пайда болады.Бұл аурудан құтылу үшін адам арнайы және ұзақ емделуі қажет одан кейін өз денсаулығын,одан кейін өз денсаулығын жедел қалпына келтіруге тырысуы қажет.
Әрбір нашақор бір жылда кемінде 10-нан астам адамды нашақорлыққа тартады,осылайша олар есірткі тұтынушылар қатарына көбейеді.
Нашақорлардың өмірі қысқа болады,шамамен есірткіні пайдалана бастағаннан кейін 3-5 жыл,сирек кезде 10 жылға ғана созылады.Есірткі заттарына әуестеніп алу тез болады,оны 2-3 рет қабылдау жеткілікті.Сондықтанда ешқашан,ешқандай жағдайда есірткі және есеңгіретуші заттарды қабылдамауы есте сақтау қажет.
Қорытынды: Ішімдік көптеген созылмалы аурулардың пайда болуының негізгі факторлары болып табылады.Австралия ғалымдарының зерттеуі бойынша бауыр церрозы ауруының 50%-ы туберкулездің 30%-ыішімдік ішумен байланысты.
Ішімділік тәуелдідікпен оған зиянды әуестенуді тудырады,ол кейін аса қауіпті ауру алкоголизмге жалғасады.
Қазақстанда жыл сайын темекі шегу салдарынан пайда болған тыныс алу мүшелерінің және темекінің зиянды әсерлерінен пайда болған басқа да аурулардан 24 мың адам қайтыс болды.
Біздің республикамызда темекі компанияларының шамамен алғандағы табысының мөлшері 500 млн.доллр.
Есірткіге әуестену ең қауіпті және өлімге әкелетін қазіргі заманның ең қауіпті ауруы болып саналадыНашақор өз организмін бұзады,адамгершілік және психикалық тұрғыда азғындайды.Бұл адамды қинайтын көптеген аурулар тудыра жүретін азапты жәбірлеу жағдайы.Біресе қатты мұңға батып қорқынышты елестер көз алдыма келеді.
Сондықтан да нашақорлардың өмірі өте қысқа болдады.Адамдар өмір бойы зиянды әдеттермен қатар пайдалы әдеттер де қалыптасады.Осы пайдалы әдеттер белгілі бір адамдық құндылықтарға қатысты оң әсерін тигізеді.Бұл санадан тыс,эмоциялық деңгейде іске асады.
Кейбіреулері осындай әдеттермен әуестенетін ата-аналарға,құрдастарына еліктейді.Жеткіншек үшін маңызды адамдар тобы немесе белгілі бір топтарға беделділерге бағынудан болады.