[:kz]
Украинаның Чернигов облысында Ресей әскерилерінің кейбірі өмірлерінде унитазды бірінші рет осы жерден көргендерін білдіріп алды деп хабарлады turkystan.kz.
Бұл туралы Obozrevatel.com порталы мәлімет берді.
«Ресей әскерилері тұрғындардан үйде қалай әжетханаға баруға болатынын сұрастырып, «ғажайып»-құрылғыны өздерімен бірге алып кетті», – делінген хабарламада.
Жергілікті әйелдердің бірі ресейлік әскерилердің үйдегі унитаздарды көргенде естерінен танып, олар үшін мұның таңғажайып жаңалық болғанын айтып берген. Олар Украин Қарулы күштерінің жауынгерлері келіп, Беларуське қарай қашқан кездерінде осы «ғажайыпты» бұзып алып, өздерімен бірге әкеткен.
«Оккупанттар унитаздарды сыпырып алып кетті. Олар үйге кірген кезде: «Мынау не?» деп сұрады. Біз «унитаз» дейміз. – «Ол немене?». Сосын қысық көздерге оның не екенін айттық. «Оны қайтесіңдер?» деп сұрайды тағы. Әжетімізді өтейтінімізді жеткіздік. «Бөлмеде ме? Әжетхана үйде тұра ма?»… Осылай ежіктеп сұрап алғасын, туалетті бұзып, унитазды өздерімен бірге алып кетті… Енді бөлмесіне апарып қойып, дәрет сындыратын шығар», – деді бір әжей.
Содан кейін олар әжетхана жұмыс істеуі үшін ең әуелі канализация керектігін ұқпай кетті.
«Ягодное селосындағылар олардың унитазды үстіне шығып көріп, артынан шешіп алып кеткендерін айтып жүр», – деді тағы бір әйел.
[:]