АЛТЫНОРДА
Қоғам

[:kz]Ресей азаматы шу шығарды (ВИДЕО)[:]

[:kz]

 

Желіде Грузия Республикасына келген Ресей азаматының жергілікті тұрғындармен сөзге келіп, шу шығарғаны туралы ақпарат тарап жатыр деп хабарлады turkystan.kz.

Оқиға Грузияның дүкендерінің бірінде болған. Онда әлденеге келіспей, аяқ астынан шу шығарған шетелдік келіншек айналасындағы адамдарға «көзінің астымен, көзілдірігінің үстімен» қарап, аузына келген сөздерін айтып, шовинистік пиғылын көрсеткен.

Бейнежазбада ол: «Мен – орыспын. Ресей жасасын!», – деп іші терісіне сыймай, айқайлаған.

Бұл оқиғаның әрі қарай қалай болғаны белгісіз. Бейнежазба авторы айқай-шуды толығымен түсірмеген.

Осыған қарап, Ресеймен көршілес мемлекеттердің орыс халқының өз елдерінен үдере көшіп жатқанына алаңдаушылық білдіріп отырғаны тегін емес.

[:]