АЛТЫНОРДА
Жаңалықтар

Ресей Қазақстанның батыс өңіріне соғыс ашуы мүмкін — БАЛГЕР

[:kz]

 

Мәскеуде тұратын қазақстандық балгер Кажетта (Екатерина) Ахметжанова болашаққа деген болжамын жасады. Ол алда Қазақстанды не күтіп тұрғанын айтты.

 

Nege.kz басылымына берген сұхбатында балгер Қазақстан басшылары қазір дұрыс шешім қабылдау керектігіне сендірген.

«Қазір басшылар Ресеймен саясат мәселесінде дұрыс шешім қабылдамаса, Украинадағы соғыстың екінші толқыны Қазақстанда болуы ықтимал.

Ресей ол кезде Қазақстанның солтүстік және батыс өңірдегі қалаларды аламыз деп соғыс ашуы мүмкін. Сондықтан да қазіргі билік соғыс өртін тұтатып жіберуі мүмкін түрлі арандатуларға жол бермеуі керек.

Тағы бір айта кетерлігі, Қасым-Жомарт Тоқаев тағы бір мерзімге президент болып сайланады және Қазақстан үшін жайлы басшы болады» деді көріпкел.

[:]