[:kz]
«Ресей Қазақстанның солтүстігіндегі үш облысты өзіне қосып алғысы келеді. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мұны жақсы түсінгендіктен, Кремль басшылығынан барынша алшақ болуға тырысады». Бұл пікірді Украинадағы Стратегиялық зерттеулер және қауіпсіздік институтының директоры Павел Лисянский «24 арнаға» берген сұхбатында айтты, деп жазады «Адырна» ұлттық порталы.
Ол Ресей Федерациясының Украинаға жаппай басып кіруінен кейін Тоқаев агрессор елге саяси және экономикалық тәуелділіктен арылу туралы шешім қабылдағанын атап өтті.
«Ресей Қазақстанның солтүстігіндегі үш облыстың оған қарағанын армандайды. Қазақтар бұл туралы біледі, Тоқаев та бұдан хабардар, сондықтан ол осындай саясат жүргізіп отыр», – деп атап өтті сарапшы.
Сарапшының айтуынша, КСРО ыдырағаннан кейін де Кремль Қазақстандағы сепаратизмнің кез келген әрекетін қолдайды, қазақ пен орыс халқының арасында көше қақтығыстары орын алған. Лисянский олардың да Азия мемлекеті аумағында Қазақстанның құрамында «Орал халық республикасы» мен Ресей автономиясын құруға тырысқанын еске салды.
«Адырна» ұлттық порталы
[:]