АЛТЫНОРДА
Шетел жаңалықтары

[:kz]Ресей Қорғаныс министрлігі Киевке шабуылдауды тоқтататынын мәлімдеді[:]

[:kz]

Ресей армиясы Киев пен Чернигов бағытындағы соғыс қимылдарын түбегейлі тоқтатты. Бұл жайлы РФ Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасаған turkystan.kz хабарлады, — деп жазады Alashainasy.kz тілшісі.

Түркияда басталған Украина мен Ресей арасындағы келіссөздің нәтижелі болуы үшін Ресей әскері қос бағыт бойынша соғыс қимылдарын тоқтатқан көрінеді.

 

«Украинаның бейтараптық және ядролық қарусыз мәртебесі туралы шартты дайындау, сондай-ақ бүгінгі кездесу барысында Украинаға қауіпсіздік кепілдіктерін беру туралы келіссөздер талқыланған қағидаттарды ескере отырып, өзара сенімді арттыру және одан әрі келіссөздер жүргізу үшін қажетті жағдайлар жасау және қол қоюға келісу үшін Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігі Киев және Чернигов бағытындағы әскери белсенділікті түбегейлі, бірнеше есе қысқарту туралы шешім қабылдады», – деп түсіндірген РФ Қорғаныс министрінің орынбасары Александр Фомин.

 

Сондай-ақ, Украинаның Бас штабы да біраз уақыт бұрын ресей әскерінің Киев облысындағы шабуылы саябырсығанын мәлімдеген еді.

 

Анкара қаласында болған екі елдің арасындағы келіссөз 4 сағатқа жалғасты. Нәтижесі кейінірек белгілі болмақ.

 

Айта кетейік, Украина мен Ресей делегациялары бұған дейін 4 рет кездескен. Бұл – бесіншісі. Оған дейінгі кездесулердің бірде-бірінде Ресей соғыс қимылдарын тоқтатпаған. Керісінше, үдеткен кездері болды.

 

 

 

[:]