[:kz]
РФ сыртқы істер министрінің орынбасары Александр Грушко Ресей мен НАТО азаматтық болсын, әскери бағытта болсын ынтымақтастықты толық тоқтатты деп мәлімдеді. Ол бұған НАТО-ны кінәлады.
»Бүгінгі Ресейдің альянспен қарым-қатынасы қырғи-қабақ жылдарында НАТО-ның әдейі құрылған кезеңін еске салады. НАТО-ның өзі Ресеймен оңтайлы қарым-қатынастан бас тартты», –деп атап өтті Ресей СІМ өкілі.
Грушко сонымен бірге НАТО-ның былтырғы шығыны триллион доллардан асқанын, бұл ресейлік қорғаныстан 22 есеге көп екенін жеткізді.
«НАТО-мен қарулы қақтығысқа келетін болсақ, барлық дұрыс ойлайтын адамдар бұған жол берілмейді деп үміттенеді. Бұл барлық адамзат үшін үлкен апат болушы еді. Мұны Вашингтон да, Брюссель де жақсы түсініп отыр», – деді Александр Грушко.
«Біз соғысуды қаламаймыз, бірақ тоқтатуды қалаймыз. Біз Ресейді оқшаулағымыз келмейді, керісінше өзара қарым-қатынаста жаңа жүйе қалыптастырғымыз келеді», – деп атап өткен НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг сәуір айының басында АҚШ Конгресінде сөйлеген сөзінде.
Abai.kz
[:]