АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Ресей Украинада тыныштық режимін жариялады [:]

[:kz]

 

Ресейдің Қорғаныс министрлігі Украинаның Мариуполь және Волноваха қалаларынан бейбіт тұрғындардың шығуы үшін тыныштық режимі жарияланғанын хабарлады, деп жазады РИА Новостиге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Басылымның мәліметінше, Украинада сағат 10-нан бастап (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 13:00) тыныштық режимі жарияланған. «Бүгін, 5 наурызда Мәскеу уақытымен сағат 10:00-де ресейлік тарап тыныштық режимін жариялайды және Мариуполь мен Волновахадан бейбіт тұрғындардың шығуы үшін гуманитарлық дәліздер ашылады», — деп хабарлады ведомстводан.

Ресей Қорғаныс министрлігінің ақпаратынша, гуманитарлық дәліздер мен шығу маршруттары украиналық билікпен келісілген. Еске сала кетсек, бұған дейін Біріккен ұлттар ұйымы Жоғарғы комиссар басқармасы әскери операция басталған уақыттан бері Украинадан 1,2 млн азамат кетіп қалғанын мәлімдеген еді.

Оның ішінде шамамен 650 мың азамат Польшаға барған. Венгрияда 145 мың, Молдавада 103 мың Украина азаматы бар. Ал Словакияға 90 мың адам, Румынияға шамамен 57 мың украиналық босқын барған. Чехия үкіметі Украинадан келген әрбір босқынға 220 доллардан төлемек.

Сондай-ақ, украиналықтарды үйіне кіргізген жергілікті тұрғындарға да ақша төленеді. Сонымен қатар, НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг алдағы уақытта Украинадағы жағдай шиеленісуі мүмкін деген мәлімдеме жасаған болатын. Столтенбергтің сөзінше, НАТО (Солтүстік Атлантикалық Келісім Ұйымы- ред ) басшылары Украинадағы қақтығыстың ушығуы жалғасады деп санайды. Бұл құрбандар санының өсуіне әкеледі.

 

kaz.nur.kz

 

[:]