АЛТЫНОРДА
Шетел жаңалықтары

[:kz]«Ресейге енді қайтпаймын»: мәскеулік жігіт мобилизациядан қалай қашқанын айтып берді[:]

[:kz]

Мобилизациядан қашқан ресейлік азамат ВВС-ге Қазақстан шекарасын қалай кесіп өткенін айтып берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Андрей С. атты азамат қыркүйектің 21-нен 22-сіне қараған түні Ресей-Қазақстан шекарасынан қалай өткенін айтып берді.

«21 қыркүйекте таңғы сағат 9-да тұрып, президенттің үндеуін тыңдадым. Сағат 10.30-да апыл-ғұпыл керек-жарағымды жинау үшін екінші пәтерге бардым. 14.00-де Челябіге ұшып, сол жерден шекараға жеттім. Мобилизацияға жараймын ба, жоқ па білмеймін, бірақ өмірімді тәжірибеге айналдырғым келмейді», — дейді ресейлік.

Оның айтуынша, шекарада үлкен кезек қалыптасқан. Көбінесе ер адамдар шекарадан өтуге асық, кейбірі қыздармен және әйелдерімен өтіп кетіп жатқан көрінеді. Бірақ кезекте тұрғандардың 90 пайызы жас жігіттер.

    «Кезек күтіп бірнеше сағат тұрған кезде осы уақыт аралығында бірнеше бұйрық шығып кетуі мүмкін екенін түсіндік. Сөйтіп, чемодандарымызды алып, жаяу шекарадан өтуге кеттік. Ресей шекарасынан өтуге бір жарым сағат кетеді. Шекарашылар билетті қашан алғанын, қандай әскери мамандықта екенімізді, жұмылдыру туралы естідің бе деп сұрайды екен. Барлығын 7-10 минуттай ұстап, кейбір жігіттерді қосымша жауап алуға әкетеді, бірақ ешкімнен әскери билет сұрамайды», – дейді жас жігіт.

Андрей Ресейге оралғысы келмейтінін атап өтті.

    «Түнде чемоданыңды ұстап келе жатып, театр қойылымында жүргендей елестетесің өзіңді. Қазақ шекарашылары босқын болып қайда қашып жүрсіңдер деп күледі. Ресейге қайтпаймын. Наурыздың басында Қазақстанға алты айға кеттім, содан кейін Мәскеуге ата-анама бір айға барамын деп шешкем, аялдай алмадым – тағы да қашуға тура келді», — дейді ол.

Еске салайық, 21 қыркүйекте Ресей президенті Владимир Путин елде ішінара жұмылдыру туралы хабарлаған болатын. Осыдан кейін Ресей Федерациясынан басқа елдерге алдағы бірнеше күндік билеттердің барлығы дерлік бірнеше сағатта сатылып кетті. Бүкіл Ресейде мобилизацияға қарсы митингілер өтті.

Ал Ресей билігі 300 мың адамды әскери қызметке шақыруды көздеп отыр.

[:]