[:kz]
Ресейдің Ульяновск облысы Вешкайме ауылындағы балабақшаға белгісіз ер адам кіріп, оқ атқан. 5 және 6 жастағы бүлдіршіндер мен тәрбиеші мерт болды. Тағы бір тәрбиеші жарақат алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Ер адам өз-өзін атып тастаған. Оның мәйіті балалар болған бөлмеден табылған. Әзірге мұндай әрекетке не себепті барғаны белгісіз.
Күдікті балабақшаға балалар ұйықтап жатқан кезде кіріп, Иж-27 қаруынан оқ атқан. Қазір қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Балабақшада күзетші болмаған, тек дабыл батырмасы орнатылған екен. Тергеушілер оқ атқан азаматтың 26 жастағы Руслан Ахтямов екенін анықтады. Алайда қару 68 жастағы Александр Доронинге тиесілі. Қару иесі әлі табылған жоқ. Алдын ала мәлімет бойынша, ол да мерт болуы мүмкін.
[:]