АЛТЫНОРДА
Әлеумет

[:kz]Ресейлік блогерлер өзін тегін жеткізген такси жүргізушісіне су жаңа көлік сыйлады (видео)[:]

[:kz]

 

 

Ресейлік блогерлер Хусейн Гасанов пен Арутюн Назарян Мәскеуде қырғыз таксисіне көлік сыйлады. Кейдейсоқ олжаға кенелген такси жүргізушісі көзіне жас алды.

Олар видеоны Instagram парақшасында жариялады.

 

Әлеуметтік эксперимент жасаған блогерлер такси жүргізушілерінен көмек сұрап, оларды белгілі бір жерге тегін апара ма, соны тексерді.

«Бізді тегін алып кетуге келіскен адамға жаңа көлік беріледі», — деді блогер Хусейн Гасанов алдын ала.

Бірнеше таксист оларды тегін жеткізуден бас тартты. Тек бір ғана такси жүргізушісі тоқтап, блогерлердің өтінішін орындауға келісті.

Жол-жөнекей блогерлер мен такси жүргізушісі сөйлесіп, таныса бастайды. Ол Қырғызстаннан келгенін, көлік жалдап ақша табатынын, Мәскеуде ұзақ жұмыс істегенін және 40 мың рубльге жуық табыс табатынын айтты.

Қырғызстан азаматының айтуынша, оның отбасы, екі баласы бар. Қызының туғаннан бір құлағы естімегендіктен, оған ота жасалу керек екен.

“Жақсылық міндетті түрде өзіңе қайтады. Бұған дейін бас тартқан таксистер қандай табыстан қағылғанын білмейді”, – деді блогер Хусейн Гасанов.

Блогерлер автосалонға келіп, жүргізушіге Kia Rio көлігін сатып алды. Көлік иесі сыйлық алғанына қуанып, көз жасын тыя алмады. Ол мұндай олжаға кенелетінін сезбегінін айтты. 

Желі қолданушылары ризашылығын білдіріп жатыр. 

“Не деген мәрт жігіттер”, “Жарайсыңдар, өздеріңе жақсылықпен қайтсын”, “Алдын ала жасалған дүние емес пе?”, “Такси жүргізушісіне ризамын“, “Бұл кісіден де мұқтаж адамдар бар ғой”, “Құдай берем десе, бір-ақ күнде екен ғой”, “Не деген қуаныш? Не деген жомарттық, өзім алғандай қуандым”, – деп жазды олар. 

[:]