АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Ресейліктер Арысқа келіп көмек беруге әзір[:]

[:kz]

Ресей Федерациясының қорғаныс министрі Сергей ШОЙГУ Қазақстанның қорғаныс министрі Нұрлан ЕРМЕКБАЕВПЕН телефон арқылы сөйлесіп, Арыстағы жағдайға көңіл білдірді. Бұл туралы «Жас АЛАШ» redstar.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Армия генералы Сергей Шойгу Нұрлан Ермекбаевқа жарылыс болып №44856 әскери бөлімнен шыққан өртті басып, залалсыздандыру жұмыстарына көмектесуді ұсынды.

Естеріңізге салай кетейік, жарылыс 24 маусым күні таңертең болып еді. Бір әскери және Арыс қаласының тұрғыны қайтыс болды. 45 мыңға жуық халқы бар қала қазір әскерилер мен полицияның бақылауында.

 

Жас Алаш 

Фото: kp.kg

 

[:]